Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жеке презентация 5 страница




Г) көшіру шараларын даярлау;

Д) бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен объектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу.

2.ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын жоспарлануы және өткізу.

АҚ алдында тұрған міндеттерді табысты орындауда ҚР қарулы күштерімен тығыз байланыстың үлкен маңызы бар. Республика басқару органдарына әзәрленетін өзара іс-қимыл жоспарларының мазмұнына ҚР Қарулы Күштерімен тығы байланыс бойынша негізгі мәселелер енгізілген.

· Даярлық дабылдары бойынша АҚ және ТЖ органдары гарнизондарының хабарлау және осы органдардан олар орындаған шаралар туралы кері ақпарат алу тәртібі;

· Комендатттық қызметті ұйымдастыру және әскерлердің жұмылдыру ресурсының қозғалысы мен халықты көшірудің негізгі бағыттарындағы қозғалысты реттеу;

· Гарнизон әскерлерін, жергілікті қорғаныс объектілерін, көшірілген халықты қауіпсіз аймаққа орналастыру аудандарын анықтау;

· Зақымдау ошақтарында зілзала, ірі авария мен апат болған кезінде барлау ұйымдастыру мен құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін әскери басшылық ұшақтар, тікұшақтар, әскери бөлімдердің барлау құрылымдарын және техниканы бөлуі мүмкін;

· радиациялық және химиялық қадағалау мен лабораториялық бақылаудың бірыңғай жүйесін белгілеу;

· көлік, медицина, инженерлік, материалдық-техникалық құралдармен өзара көмек көрсету жөніндегі шаралар;

· санитарлық-эпидемиялық ахуал туралы ақпарат;

· халықты көшіруде басқару үшін байланыс және хабарлау құралдарын бірлесіп пайдалану.

Әскери басқару органдарының бүкіл басшы құрамының тиісті мемлекеттік және шаруашылық органдарымен, АҚ және ТЖ органдарымен және қызметтерімен келісімді жұмысы арқылы ғана қысқа мерзімде АҚ жүйесінің бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ұйымшылдықпен көшуі, өзіне жүктелген міндетті орындаушы үшін тұрақты даярлығына қол жеткізуге болады.

Халықты қорғаудың негізгі әдістері

Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынанжәне төтенше жағдайлар кезінде қорғауды ұйымдастыру мен іске асыруда халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтенше жағдайларда құрбандыққа ұшырауын болдырмауға немесе азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше.

Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:

♦ қорғаныс ғимараттарына жасыру;

♦ халықты таратып қоныстандыру және көшіру;

♦ жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану;

♦ дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;

♦ азық-түлік, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымдануда қорғау;

♦ радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;

♦ өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

♦ зақымдау айиақтарындағы ұйымдарға жұмыс пен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;

♦ адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу.

Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

Бұл әдіс ахуалдың ықтимал сипаты мен халықтың әртүрлі апаттарын қорғау талаптарына жауап беретін қорғаныс ғимараттарына жүйесін қолдануды қарастырады.

Адамдарды радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз еткенде ғана сенімді бола алады.

Таратып қоныстандыру және АҚ топтарына жататын қалалардың халқын, яғни жау шабуылы құралдары әсерінің қаупі нақты төнеген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізіледі. Бұл әдісте ықтимал зақымдану ошақтарынан адамдарды уақытында алып кету және оларға жеке қорғаныс құралдарын кигізіп радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жолымен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады.

Көшіру шаралары халықты төтенше жағдайлар, осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы салдарынан қорғаудың негізгі әдісі болып табылады.

Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді ҚР үкіметі қабылдайды және орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар іске асырады.

Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу қауіпі кезінде халықтың бір бөлігін дер кезінде көшіру (ішінара көшіру) жүргізілуі мүмкін. Болжанбайтын жағдайларда адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнген кезде шұғыл көшіру жүргізілуі мүмкін. Халықты ішінара көшіру туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. Көшіру шараларын жоспарлау мен өткізу Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы бекіткен «Көшіру шараларын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес жүргізіледі.

Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалын әлсірете алады. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғауға арналған. Медициналық қорғаныс құралдары қазіргі қарудың зақымдағыш факторларының ықпалын ескертуге немесе әлсірету арналған. Оларға радиациядан қорғайтын препараттар, антидодтар және АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы өзге бактериядан қорғау құралдары мен жеке химиядан қорғау пакеті жатады.

Халықты қорғау республика Азаматтық қорғанысының басты міндеттері болып табылады, өйткені адамдар- ең жоғары құндылық және олардың қауіпсіздігін қамсыздандыру - бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларды ескерту мен іс - әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесі барлық шараларының басты мақсаты.

Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары

Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар панаханадағы адамдар жоғары температурамен өрт жағдайындағы азық-түліктің жануына, құлаған ғимараттың бөлшектерінің зақымдануынан қорғана алады.

Өндіріс күштерін осы заманға зақымдау құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі авариялардан қорғау-маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Өткен уақыттағыдай, қазірде осы міндетті шешу жолдарының бірі елді-мекендерге адамдарды паналатуға арналған қорғаныс ғимарттарының әр түрлі үлгілерні жасау болып табылады.

Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.

Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойына бейбіт уақытта жылдам салынуға және қауіп төнген кезде тұрғызылуға тиіс.

Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болу қажет.

Қорғаныc ғимараттары желдеткіш қондырғылармен қамтамасыз етуі бойынша олар қолда бар материалдар және ------------ тұрған ауаның тұрақты көлеміне орай (желдетусіз) даярланатын, өндірістік қисында даярланған желдеткіш қондырғылары болып бөлінед

Панаханалар жан - жақты қымталған құрылғылардың және желдеткіш құралдарының болуымен сипатталады. Олардың көмегімен адамдар тіпті қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіреберісі мен шығаберісі болуға тиіс, ал ол құлаған жағдайда авариялық шығаберіс болуға тиіс.

Панаханалар су баспайтын учаскелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісімен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5 м кем болмауға тиіс.

Панахананың қорғау сенімділігіне қоршау құрылғыларының өте беріктігі, сондай-ақ қоршаған ортаның үстіңгі беті радиоактивті улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен ластанған немесе жаппай өрт қаулаған жағдайда панахананың қауіпсіз тірішілігін қамтамсыз ететін санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасау есебімен қол жеткізіледі.

Жылдам тұрғызылатын панаханалар (ЖТП) дер кезінде салынғанпанаханалардың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қаупі кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады, олар қысқа мерзімді (бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы құрылғысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) -50-200 адам.

ЖТП дер кезінде салынған панахана сияқты жасырынатындарға арналған бөлмеден сүзгілік желдету қондырғылары, санитарлық тораптар үшін арнайы орындардан тұруға, авариялық су қоры болуы, кіреберістермен авариялық шығаберістерімен қамсыздандырылуға тиіс. Сыйымдылығы шағын панаханада санитарлық торап пен қалдықтарға арналған ыдыс тамбурда, ал су құйылған ыдыстар жасырынатындар бөлмесінде орналасуға тиіс.

ЖТП ішкі қондырғыларына ауа беру құралдары ауаның УЗ мен БҚ-дан тазалауға арналған ыдыстар, ауа жинағыш және сорғыш саңлауларды қорғауға қорғау құралдары, жарық приборлары, сондай-ақ нарлар мен орындықтар кіреді.

ЖТП желдеткіші екі режим бойынша: таза желдеткіш және сүзгіш-желдеткіш режимімен қамсыздандырылады. Ауа беру үшін әртүрлі желдеткіштер пайдаланылады.

Нарлар мен орындықтар ағаш тақтайлардан жасалынады, жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шаммен шырақдандар пайдаланылады. Авариялық жарық ретінде май шамды да жағуға рұқсат етіледі.

Жасырынғандарды сумен жабдықтау панаханаға әкелінген ыдыстарды сақталынатын ауыз суы қоры есебінен жүргізіледі.

Қазіргі қалаларда панахана ретінде ыңғайластыруға болатын сан алуан жер асты ғимараттары бар: метро, көлік немесе жүргіншілер өткенділері, жерасты көлікжайы, кафе, кино. Өнеркәсіп объектілерінде адамдар өндірістік корпустары арасындағы жалғағыш тоннель.

Тау-кен өнеркәсібі дамыған аудандарда адамдарды қорғау үшін тау ұңғымалары пайдаланылады, мұндай жерасты тұрақтары адамдарды радиоактивті сәулелену мен ядролық жарылыстан кейін түскен жауын-шашыннан сенімді қорғай алады.

Адамдарды жасыру үшін улы газ бөлінбейтін, ауа температурасының ылғалдылығы онда адамдардың ұзақ болу үшін жергілікті шекте ұсталатын, ал ыңғайластырылған ғимараттарға топырақ суы баспайтын ұңғымалар жарамды. Адамдарға жасырынуға арналған ұңғымаларды қымта үшін ағаштар қойылады, брезенттен немесе тығыз материалдан жасалынған перде ілінеді, сумен жабдықтаудың, канализация және жарықтың қарапайым жүйелері жасалынады. Санитарлық тораптар желдетілетін ұңғымаларда орнатылуы мүмкін. Жарық үшін электровоздардың көшпелі аккумуляторлы батареяларды пайдаланылады. Ұңғымаларда адамдарды орналастыру, олардың отыру мен жату үшін орындықтар мен нарлар орнатылады

Радиациядан қорғайтын орын (РҚО)

РҚО ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай – ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп – қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады. Бейбіт уақытта, паналайтын адамдардың қорғалуын қамтамасыз ететін, қымталмаған қорғаныс ғимараттары радиациядан қорғайтын ғимараттар деп аталады. Олар адамдарды радиоактивті зақымдалу жағдайында сәуле тиюден, алғандарын, тері мен киімді радиоактивті заттардың түсуінен қорғайды.РҚО-ға бірқатар талаптар қойылады.Оның қоршайтын құрылғылары радиоактивті сәулеленуді әлсіреп қажеттігін қамсыздандыруға тиіс. Панахана жасырынатын адам көп келеиін жерге жақын орналасуға тиіс, еденнің деңгейі топырақ суының ең жоғары деңгейінің кемінде 0,2м биік болуға тиіс. РҚО бөлмесінің биіктігі еден белгісінің бастап жабынан төменге дейін 1,9м кем болмауға тиіс. Жертөлені және басқада тереңдетілген жайларды панахана ретінде ыңғайластыру кезінде олардың биіктігі төмендеу болуы мүмкін (1,7м). РҚО ретінде ыңғайластырылған бөлменің қорғаныс қабілетін арттыру бөлменің сыртқы қабырғасының сыртына еден деңгейінен 1,7м биіктікке тас пен кірпіштен қосымша қалқа немесе топырақ салынған қаптар қою арқылы қамтамасыз етіледі. Кіріберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі. Кіреберістер жасырынатындардың негізгі тобының қозғалысын ескере отырып панахананың қарсы жағына орнатылады.

РҚО-ның сыртқы қабырғасына қатты қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабына есік қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.

Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелері жатады.

Панахананы электрмен жабдықтау қаланың(обьектінің) сыртқы желісінен және қажетті жағдайда қорғалған көзден жүргізіледі. Сыртқы желілерден электр беру тоқтаған жағдайда панаханада көшпелі шам, батарея велогенератор мен басқа көздерден авариялық жарық қарастырлады.

Әрбір панаханада қалалық және жергілікті радиохабар желісіне қосылған кәсіпорынды басқару нүктесі мен дауыс қатайтқышы бар телефон байланысы болуға тиіс. Резервтік байланыс құрал ретінде обьекті (аудан) АҚ желісінде істейтін радиостанция қызмет ете алады.

Бір жасырынуші үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м² және үшярусты нар кезінде 0,4м² болуға тиіс.

Панаханаларда өз бетімен ағатын немесе панахана ішіне -----қыш орнату арқылы айдау жолымен сыртқы канализация желісіне ағын суды айдайтын санитарлық тораптар орнатылады. Канализация жоқ кезінде дәретті жинау үшін -----клозет немесе резервуар – шұңқыр орнатылады. Ал сыйымдылығы 20 және одан да аз адам сиятын орындарды дәретті қабылдау үшін тығыз жабылатын ыдыс қойылады.

Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылады.

Ластанған киімді сақтауға арналған бөлме кіреберістердің бәріне ыңғайластырылады және бөлмеден жанбайтын қоршаулармен ажыратылады. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі жасырынатын орынды лас киім үшін кіреберіске киім ілгіш қоюға болады.

Жасырынатын орынды жылыту ғимараттың ортақ жылыту жүйесіне қосылады және ажыратқыш қондырғылармен жабдықталады. Жылытылмайтын бөлмелерге уақытша жылыту қондырғысын қою қарастырылады.

РҚО – қарапайым желдеткіш немесе механикалык желдеткіш қарастырылады. Қарапайым желдеткіш ауа ұстағыш және сорғыш шахталар арқылы жүмыс істейді, келетін ауаны беруге арналған саңылау бөлменің төменгі жағына, ал сорғыш саңылау жоғары жағына орналасады. Механикалық жұмыс істейтін желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш қондырғысы жерден кемінде 2м биіктікте орнатылып, радиоактивтік шаңнан қорғайтын қалпақшамен жабдықталады.

Жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шам мен шырақдандар пайдаланылады. Авариялық жарық ретінде май шамды да жағуға рұқсат етіледі.

Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3л есеппен жасалады. РҚО – ны ауыз су қорымен жабдықтау ортақ су құбырынан жүргізіледі.

Барлық панаханалар кіреберіспен сыртқы есіктегі көрнекі жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қозғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі.

Барлық тізбеленген шаралар ғимарат жасырыну режиміне көшірілген кезде жүргізілуге тиіс.

РҚО құрлысы өте қысқа мерзімде, 12 сағатқа жетпей аяқталуға тиіс.

Қарапайым үлгідегі панаханалар (ҚП)

Панахана мен РҚО жетпеген, сондай-ақ уақыт ең қаражат болмаған жағдайда еңбекке жарамды бүкіл халық қарапайым панахана – қуыстарды (ашық және жабық) салады.

Қарапайым панахана жағдайда панахана мен РҚО сияқты халықты қорғаныс ғимараттар мен қамсыздандыру аралық кезең блоып табылады.

Олар халықты ядролық жарылыстың соққы толқынынан жарық сәулесінен және өткіш радиациядан шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 есеге азаяды.

Егер қуысты жапса, онда жарық сәулесінен толық қорғануға болады соққы толқынынан қорғану 2,5-3 есеге, өткіш радиациядан қорғану 200-300 есеге артады қуыстарды жабу сонымен қатар киімге радиоактивті заттардың жұғуынан, сондай –ақ қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан қорғайды.

Қуыс ашық немесе жабық болуы мүмкін. Ашық қуыс радиоактивті сәуле мөлшерін 2-3 есеге, жабық – 40 – 50 есеге азайтады. Бастапқыда қуыс ашық болып салынады. Әдетте оның тереңдігі 180 – 200 см, жоғарыдағы ені 110 – 120 см және төмендегі ені – 80 см болады

Қуыстың ұзындығы жасырынатындардың санымен анықталады және бір адамға 50 – 60 есеппен жасалады. Қуыстардың қалыпты сыйымдылығы 10 – 15 адам, ал үлкен қуыстыкі 50 адам.

Кіреберістер түйіспелі учаскеге үшбұрышты болып жасалады, бұл жағдайда сыйымдылығы 20 адам қуыста бір кіреберіс, ал одан артық болған жағдайда екі кіреберіс жасалады. Әлсіз топырақта қуыс қабырғалары киіммен, қалың тақтаймен, темірбетон құрылғысымен және басқа материалдармен ыңғайтылады. Қабырғалардың бірінің бойымен отыру үшін орындық, ал қабырғаларға, азық – түлікпен ауыз суы құйылған ыдысты сақтау үшін қуыс жасайды. Қуыс еденнің астына одан шығар жерде орналасқан су жинағыш құдығы бар дренажды арық орнатылады.

Қуысты жабынды бөренеден темірбетон плитасынан немесе тіреуден істелінеді, үстіне балшық қабатын немесе өзге су жібермермейтін материал төсеп, топырақ себеді (0,6 – 0,7) және дерн жабады.

Кіреберістер сыртынан есік қалқанымен жабатын люк немесе есігі бар төмендетілген баспалдақты саты түрінде жасалынады.

Қуысқа тақтайдан істелінген желдеткіш қорап орнатылады.

Қуыстың ағаш бөлшектер, сыртқа шығыптұрған ұштарын оттан сақтайтын кранмен жабады.

Ашық қуыстарды салу жау шабуылы қаупі туындаған сәттен бастап қысқа мерзімді аяқталуға тиіс. Бұдан кейін қуыстар жабылады. Бұдан кейін қуыстың қорғаныс қабілеті РҚО деңгейіне жеткізілуге тиіс.

 

Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі

Қорғаныс ғимараттарын толтыруға, онда адамдарды орналастыруға және өзін-өзі ұстау тәртібін қамсыздандыруға басшылықты панаханаға қызмет көрсететін топтың, жеке құрамы осы қорғаныс ғимаратының камендатыны болып табылатын командир жүргізеді.

Қорғаныс ғимаратына келген адамдарда жеке қорғаныс құралдары (газқағар, респиратор, мақта-мата тыңғышы), екі тәулікке жететін азық-түлік қоры, тазалық бұйымдары, ең қажетті жеке заттар мен құжатар болуға тиіс Панахананы толтыру ұйымдасқан түрде жедел жүргізіледі.

Панаханаға бірінші кезекте балалар мен қарттар жіберіледі, балалар мен ата-аналар жеке бөлмеде немесе олар үшін арнайы бөлінген жерге орналасады.

Паналаушылар комендант пен қызмет көрсету тобының жеке құрамының өкімін мүлтіксіз орындауға, ғиматтағы тәртіпті сақтауға тиіс

Қорғаныс ғимаратындағы демалыс әрбір адамның жатып тыныстауы үшін кезекпен ұйымдастырылады.

Қажесіз ғимарат ішінде жүруге, шулауға, темекі тартуға рұқсатсыз керосин шамын, май шамды, электр жарығын инженерлік агрегаттар мен тораптарды қосу мен ажыратуға, панахана аспаптарын, мүлігімен жабдықтарын рұқсатсыз белгіленген жерге тамақ қалдықтарын тастауға, коменданттың рұқсатынсыз азық-түлікпен ауыз суына тиым салынады. Бірінші кезекте балалар мен қарттар демалады. Онда дауыстап оқу, радио хабарларын тыңдау ұйымдастырылады.

РҚО-да жоғарыда келтірілген келтірілген келіп-кету тәртібінен басқа кейбір қосымша тәртіптер сақталуға тиіс.

Панахана еденін ара-тұра сумен шайып, ал 2-3 тәуліктен соң РҚО-ның барлық жерімен ондағы заттарды ылғи шүберекпен сүрту қажет. Азық – түлік пен суды ластағыш затты түспеу үшін жақсы жабылған ыдыста сақтайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 121; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.071 сек.