КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Касса» шотына№1 журнал-ордері 4 страница
Аудитордың қызметкерлік деңгейі жоғары болуы қажет. Аудит қызметінің күрделігіне сәйкес аудитор мамандары өз дайындығымен, жұмыс мамандығымен, үлкен тәжірибесімен олардың алдына қойылатын талапқа сай болуы қажет. Аудитор өз қызметінің барысында аудит стандарттарының талабына сәйкес өте мұқият ынталылықпен жұмыс жасауға міндетті. Озінің жоспарына сәйкес мәлімет жинауда, оны жүйге келтіруде, ақпарат жасауда, аудиторлық қорытынды жасауда ерекше талапкерлік көрсетуге міндетті. Яғни, аудитор тексеру барысында ішкі тексерудің, бухгалтерлік есептің, басқа түрлі іс-әрекеттердің құжаттарын тексере білуі қажет. Осындай тексерулер жүргізу үшін аудитор жан-жақты білімді болуы қажет. Мысалы, бухгалтерлік есепті, экономикалық талдауды, мәліметті заң ғылымын, қаржы саласының ғылыми-практикалық ағымын, салық есебін тағы сол сияқты басқа да толып жатқан білім саласынан біліктілігі жоғары болуы қажет. Жұмыс стандарты. Жұмыс стаңдарты дегеніміз ол - аудит қызметін жүргізу үшін дайындалған ереже-нұсқаулар жинағы. Оған жататындар: аудит қызметін жүргізу жоспары, ағымдағы бақылау әдісі мен бағдарламасы, мәліметтер жинау жүйесі, ішкі бақылау жұмысьша баға беру. Аудиттің негізгі мақсаты - оның жаппай тексеру жүргізу арқылы негізгі міндетін орындау, аудиторлық қорытынды жасау болса жұмыс стандарты сол аудит процесінің барлық ағымына қажет әдіс жолын анықтайтын аудит құралы. Совдықтан да жұмыс аудиттің құрамы, кандай түрлі аудит жүргізілсе де соның мазмұнын, басқару барысын анықтайды. Жалпы аудит қызметінің нәтижесі жұмыс стандартын тиімді қолданған жағдайда жоғары нәтижелі болады. Оның қауіпсіздігі, сенімділігі, мәлімет қолданушылар (пайдаланушылар) үшін құндылығы артады. Аудит қызметінде ерекше орын алатын стандарттың ең соңғы сатысы ол - қорытынды жасау, немесе ақпарат стандарты. Шаруашылық субъектілерінің, белгілі бір уақыт кезеңіндегі өндірістік немесе коммерциялық әйтәуір кәсіпкерлік шаруашылығының нәтиже көрсеткіштері өткен уақытқа сәйкес (айлық, тоқсандық, жылдық) қорытынды жасалынып бір жүйеге келтіріледі. Бұл процесс өте күрделі. Мысалы, өндірістік кәсіпорынды алатын болсақ оның кәсіпкершілік қорытындысында қанша өнім шығарғаны, қанша өнім сатқаны, қанша табыс тапқаны, қанша өндірістік шығын болғаны, қанша коммерциялық шығын болғаны тағы сол сияқты. болып жатқан шаруашылық нәтижесінің көрсеткіштері бір жүйеге келтіріліп ақпаратқа тіркеледі. Коммерциялық кәсіпорынды алатын болсақ оның сол шаруашылық саласының ерекшелігіне сәйкес ақпарат мазмұны құралады. Шаруашылық саласының ерекшелігін айтқандағы мақсат, аудит қызметінің қорытынды сатысы, аудиттің жұмыс стандарты да сол тапсырма берушілердің кәсіпкерлік ерекшеліктеріне байланысты, мазмұны сол кәсіпорын шаруашылық көрсеткіштеріне сәйкес болатындығын анықтау. Ақпарат стандарты мазмұны жағынан аудит қызметінің қорытындысын жасауға арналған ереже-нұсқау. Онда ақпараттың мазмұны, мәліметтерді жүйелеу тәртібі, аудит материалдарын тапсыру тәртібі, аудиторлық қорытындының мазмұны анықталған. Шаруашылық субъектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес аудитор ақпараты бірнеше түрде төменде келтірілген түрде жасалынады: тұжырымдау - аудит қорытындысын жасау үшін аудит қызметінің материалдарының ақпараты, қаржы ақпараты; аудитор қорытындысын жасау үшін кәсіпорын шаруашылық көрсеткіштерінің ақпараты; кәсіпорын басшысына хат; көсіпорын басшысына жазбаша түрде берілетін ескертулер, кемшіліктер туралы мәлімет. Ақпарат стандартының негізгі мақсаты бухгалтерлік есепте, есеп кестелерінде, бухгалтерлік ақпараттарда жіберілген кемшіліктерге, қателерге, болған заң бүзушылыққа, ішкі бақылауда жіберілген кемшіліктерге, қателерге түсініктеме беру. Негізінде осы көрсетілген кемшілік, қате түрлері кәсіпорын шаруашылығына үлкен нұқсан келтіреді. Кейбір жағдайларда олардың табыстылығына, сыбайлас кәсіпорындармен қатынасы зиян келтіреді. Аудитордың міндеті - нақты жіберілген қателерді, қылмыскершілікті анықтап, соны түзету жолдарын жүйелі түрде түсіндіру, өз ойын тұжырымдап нақты қорытынды беру. Аудит стандартының мәліметі анық, түсінікті, сенімді, дербес тәуелсіз, әділ мазмұнды тапсырушылар өз жұмысында басшылыққа пайдалануға жарайтын мағыналы болуы қажет. Қазіргі кезде дүние жүзінде экономикалык интеграция қалыптаса бастаған кезде халықаралық шеру бірлестігі құрылуына байланысты, нарықты қатынас заңдылықтарының барлық елдерде тұрақтылана бастауына байланысты, экономика мәліметін жүйелендіру, бугалтерлік есеп жүргізу, аудит қызметі де дүние жүзілік даму талабына сәйкес өзгеріске кездесетіні сөзсіз. Себебі, дүниежүзілік шаруашылық, кәсіпкерлік өзара тығыз байланыста дамитын болганнан кейін олардың арасындағы есеп аудит жұмысы да барлық елде бірдей жүргізілуі объективті жағдай. Сондықтан да Қазақстан Республикасында барлық елдерде қолданылатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес Республикалық есеп стандарты заң ретінде қабылданды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында аудит стандарты дайындалуда. Дүниежүзілік аудит қызметінің даму барысында қазіргі кезде аудиттің халықаралық 29 нормативі, оған қосалқы 4 жұмыс нормативті шығарылған.
Халықаралық аудит нормативтері және қосалқы жұмыстар
Халықаралық аудит нормативтерін және оған қосалқы жұмыс нормативтерін дайындауды және басылымға шығуын Халықаралық аудит қызметінің комитетімен, Халықаралық бухгалтер федерациясы анықтайды. Олар ереже-нұсқау ретінде қолданылмайды, тек қана барлық елде аудит жұмысы бір бағытта жүргізілуіне бағыт береді. Олардың мазмұны қалыптасқан ағым және жұмыс бағытын көрсетеді. Осы орайда олар дүние жүзінде бірдей қолданылып қалыптасып отыр. Сонда да болса олар барлық едде бірдей түрде, үлгіде, қолданылады деп атауға болмайды. Себебі, әр елдің экономикалық деңгейі, даму бағыты әртүрлі. Оған қоса аудит жұмысына әр елдің саясаты, шаруашылық ерекшелігі, халқының менталитеті өзінің талабын қояды. Халықаралық қалыптасқан тәртіп бойынша аудит нормативтері төрт топқа бөлінеді: бірінші топта — бірден, толығымен қабылданатын аудит нормативтері; екіншісінде -қабылданатын нормативтер, бірақ аздаған өзгерістер жасаумен; үшінші топта — толық қарастыруға жататын, қабылдау үшін арнайы талдау жасау арқылы жүйеге келтіріп қабылдауға дайындаудан кейін қабылданатын нормативтер; төртінші топта -әр елдің экономикасының ерекшелігіне сәйкес қабылдауға болмайтын нормативтер. Аудит нормативтері мағынасы жағынан аудит қызметін жүргізуге арналған, соның бағытын бір жүйеге келтіретін аудит қорытындысын жасауға негіз болатын құрылым. Олар арнайы әрбір тексеру объектісіне қажетті ереже емес, тек қана аудит жүмысының бағытын көрсетеді. Сондықтан әр елде аудит қызметінің дамуына сәйкес өз елінің экономикасына және басқа ерекшеліктеріне сәйкес өз елінің аудит нормативтерін дайындап басылымға шығаруға тиісті. Әрине, олар халықаралық аудит нормативтерінің үлгісіне барынша жақын болуы қажет. Сондықтан олар келесі принциптерді сақтауы қажет. 1) тәуелсіз дербестік - әрбір аудит стандарты аудит қызметі 2) объективтілік - нормативтік құжаттарға сүйене отырып, 3) толықтылық - аудит қызметі өзінің негізгі мақсатын 4) дәлелділік-аудит қызметі барысында анықталған Аудит қызметінде, барлық елдерде міндетті түрде қолданылатын элементтер бар: қарастыру, бақылау, талдау-іздестіру, анықталған фактілерді дәлелдеу. Сонда да әр елдерде жүргізілетін аудит қызметінде сол елдің шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты өздеріне тиімді әр түрлі әдістер қолданылуы мүмкін. Барлық елдерде аудит қызметінің қажетті деп танылған талаптары, ол - сол елдің заңына және нормативтік құжаттарына, ереже-нұсқауында анықталған тәртіпке сай бухгалтерлік есептің және әдісінің мүлікті бағалау жолының, есеп айырысу тәртібінің, ақпарат жасалуының орындалуы. Аудит қызметінің даму жолында құқылық міндеттілік жағынан аудит стандарты үлкен рөл атқарады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында аудиторлар палатасының арнайы комиссиясы халықаралық бекітілген нормативтер мен стандарттар үлгісіне сүйене отарып, нарықты қатынас экономикасының заңдылығына үйлестіре отырып Қазақстан Республикасының ұлттық аудит стандартын дайындады. 1995 жылы 20-21 шілде айында өткен кезектен тыс Республикамыздың аудитор Палатасының конференциясында ұсынылған 28 ұлттық стандарттың 32-сі қабылданды. Жан-жақты талдаудан кейін келесі аудит стандарты қабылданды: 1. Қаржы ақпаратының аудиті, оның мақсаты мен 2. Аудит жүргізу талабы (хат-міндеттеме). 3. Аудит қызметін сапасын бақылау. 4. Құжаттау. 5. Аудиттің қаржы ақпаратын тексергені туралы анықтамасы. 6. Қаржы ақпаратының аудиттік тексеру жасағандағы 5. Ақпарат-жоспар. 6. Тапсырушының кәсіпкерлігін білу. 9. Ішкі бақылау және күдіктілікті бағалау. 11.Бірінші аудиторлық тексеру. Тексеру алдындағы қалдық. 12.Кәсіпорын басшысына берілетін мәлімет. Қабылданған "Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" заң және осы жоғарыда келтірілген ұлттық аудит стандарттары еліміздегі аудит қызметінің дамуына, бір жүйеде жүргізілуіне әсерін тигізетін сөзсіз. Аудит этикасы Аудит қызметінің негізгі мақсаты – ол те жоғарғы деңгейдегі мамандар арқылы аудит қызметін көрсеті. Ондай қызмет атқару үшін тек қана білгір маман болып қана қоймай өте мәдениетті, тәрбиелі, әдепті, адал адам болуы қажет. Этикадеген сөзі, оның мағынасы – нағыз тиянақты, әдепті, текті кісі деген түсінік береді. өз кезегінде адам әдепті болуы үшін тек түсінігінде, білгірлігінде ғана емес оның жан дүниесі, мәдениеттілігі, адалдығы таза адам деген сияқты түсінікке тұратындай адам болуы крек. Этикада мамандардың әлеуметтік көзқарасыда ерекше орын алады. Ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ этиканың теориясы бар. Онда әртүрлі мамандардың этикалық бейнесі бар. Сондықтан да этика кодексі арнайы категория ретінде тарап кеткен. Ол кодексте әртүрлі мамандар үшін әдет-ғұрып, тәртіптілік, ізеттілік көрсету жолының құрамы анықталған. Арнайы мамандар тілімен айтқанда жалпы этика екі трүге бөлінеді. Ол – жалпы жан дүние этикасы және мамандық этикасы. Қандай мамандық болса да олардың этикасы мамандық негізінде қалыптасқан қызмет саласының ерекшелігне негізделген әдептілік,ізеттілік, философиялық тұрғыдан анықталған. Аудитор өз жұмыында объективтілік көрсету үшін ол жұмыс барысында барлық фактілерге әділ көзбен қаап өз ойын объективтілікпен тұжырымдауы қажет. Мамандар этикалық кодексінде аудитордың дербес, туелсіздік көрсету жолына көп көңіл бөлінген. Ондағы негізгі мәселе тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін, алдымен объективтілікті және күдіктілікті жібермей жұмыс істеу. Біріншіден, тапсырушымен қарым-қатынаста тіуелді болу жағдайына немесе аудит принциптерін бұзу жағдайына жол бермеу керек. Әрине, аудит қызметнің барысында аудитор тапсырушымен үздіксіз байланыста боады, ал жеке аудиторла болса гонорар алу үшін тәуелсіздік жағдайда болады деуге де болады. Сонда да болса аудитор өзінің тәуелсіздігін, тапсырушыларын сақсатуға тиісті. Екіншіден, аудитор өзінің дербес, тәуесіздігін қамтамасыз ету үшін тапсырушылармен туыстық, семьялық, таныстық қатынасының жоқ екеніне күмәнсіз болуы керек. Себебі, тапсырушы мен аудитор фирмасының немесе жеке аудитордың жоғарыда айтылғандай байланысы болса онда аудит қызметінің тәуелсіздігіне күмән туғызады. Үшіншіден, аудит этикасының кодексіне ерекше айтылған ой ол – аудитор өзінің дербестік этикасын сақтау үшін тапсырушы кәсіпорынмен материалдық, қаржылық байланыста болмауы керек. Ол кәсіпорынмен инвестициялық немесе акционерлік қарым-қатынаста болса оны үзуге міндетті. Сол сияқты аудитордың әйелі немесе балаларының инвестицияға, акцияға, құнды қағаздарға қатысы болмауы керек. Төртіншіден, аудитор сыйлық алудан, қонаққа барудан немесе несиеге ақша алудан тікелей бас тартуы қажет. Аудит этикасының кодексінде тағы ерекше айтылған жағдай ол – соттасу немесе сол тергеуінен алуақ болуы керек. Аудитор этикасын дайындауды, үлкен жұмысты Халықаралық бухгалтерлер Федерациясы жүргізіп отыр.Этика кодекснің анықталған тәртібі мыналар: - адалдық, объективтілік, аудитор сырттан жасалған қысымға ерік бермей, өзінің тәуелсіздігін сақтауы қажет; - конфиденциалдық. Аудитор құпиялықты сақтауға міндетті, тапсырушының рұқсатынсыз ешқандай мәліметті жария етуге немесе басқа біреуге беруге құқысы жоқ; - білім, тәрбиелік, қызметкерлік. Аудитор тапсырушыдан жұмыс алу үшін өз біліміне сенімді болуы қажет; - аудитордың тексеру жұмысы техникалық және мамандығы жағыан бухгалтерлік есептің ереже-нұсқауына, стандарт талабына сәйкес болуы қажет. Сонымен қатар аудитор тапсырушы талабын бұлжытпай орындауға міндетті. Қорыта келгенде, дүниежүзілік әртүрлі аудит этикасын қарастырғанда, оған үлкен мағына берілетіні қатал талап қойылатыны айқындалады. Олар өз кезегінде әділетті экспорт деңгейінде жұмыс істейді, оған үлкен сенім артылады, ол өз кезегінде соны ақтауға міндетті. Талап қоятын ереже Аудитордың алдына қойылатын осы топтағы талап-міндеттер: - біліктілік комиссиясына емтихан тапсыру арқылы өзінің білімін, мамандығын жетілдіру; - шаруашылық субъектілерінің экономикалық жағдайын, жалпы дамуына көмек көрсетіп, олардың қоғамға қажетті өнімді көбейтуіне іскерлікпен көмектесу; - тапсырушылармен жұмыс барысында сыпайы және әділетті қарым-қатынаста болу; - ұжымдағы қызметкерлерімен сенімді, сыйлы қатынаста болу; - өз мамандығының беделін жоғары ұстау және қоғам алдында өзінің беделн көтеру; - келісім-шартта кәсіпорын басшыларының тізімін көрсету қажет, аудит қызметі барысында уақытылы хабарласып, мәлімет беріп отыру; - аудит тапсырушыға үлкен зиян келтіретін фактілерді хабарлап отыру; - аудитті тексеру барысында анықталған шаруашылық, зұлымдық қылмыстар туралы заң, тергеу мекемелеріне хабарлауды – тапсыруды ұсыну; - аудиторлық тексеру барысында кәсіпорын шаруашылығында нақты қылмыстық фактілер анықталса аудит қызметін жүргзуден бас тартуы қажет; - аудит қызметін төлем ақысына, орындалатын жұмыс көлеміне сәйкес анықтау. Аудитор этикасы дегеніміз – аудит қызметінің сапалы жүргізілуіне тікелей әсерін тигізеді. Сондықтан, сол аудит этикасына, тәртібіне бір жүйелі бақылау жасап отыру үшін Қазақстан Республикасының, аудитор Палатасының жанынан тәртіптілік-бақылау комиссиясын ұйымдастыруға дұрыс бола еді ол тапсырушының шағым-арыз, аудиторлармен келіспеушілік болған жағдаларын талдап, қажет болған жағдайда аудиторларды жазалап, айыптап отырады. Бухгалтерлік стандарттар бойынша комитет эзірлеген «Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынудың негіздерінде» «елеулілік» ұғымына былайша анықтама берілген: «Егер ақпаратка рұксатнама беріліп, тиісті жеріне жөнелтілгенде пайдаланушының каржылық есеп беруінің негізінде қабылдайтын экономикалық шешіміне әсерін тигізетін болса немесе акпараттың бұрмаланып көрсетілуі пайдаланушының экономикалык шешіміне зиянын тигізіп жатса, онда мұндай ақпарат елеулі деп саналады. Елеулілік баптардың немесе қателіктердің шамасына байланысты болады әрі соған орай белгілі бір жағдайларда олардың рұқсатнамасына (пропуск) немесе бұрмалануына катысты уәж-пікір қабылданады. Яғни, елеулілік көбінесе есеп берудін табалдырығын немесе межесін (нүктесін) көрсетеді және кандай да бір пайдасын тигізетін акпаратқа ие болатын сипаттамасы жоқ». Елеулі белгілерді бағалау кәсіби пікірдің мазмұнын білдіреді. Тексерудің жоспарын жасау барысында аудитор сандық катынастағы елеулі бұрмалауларды анықтау максатында елеуліліктің қолайлы деңгейін белгілейді. Жоспарлау кезеңінде аудитор қаржылык есептемелерде елеулі бұрмаланған ақпараттарды тудыратын сәттерді де қарастырады. Нақты есеп шоттардың сальдосымен және операциялардың кластарымен байланысты елеуліліктің аудиторлық бағалауы, мысалы, қандай баптарды зерттеу кажет, іріктемелерді пайдалану керек пе, әлде талдамалы процедураларды пайдаланған дұрыс па, міне осындай мэселелерге катысты аудитордң бір шешімге келуіне септігін тигізеді. Бұл колайлы деңгейге дейін аудиторлык тәуекелдікті кемітетін аудиторлык процедураларды таңдап алуына мүмкіндік береді. Елеулілік пен аудиторлык тәуекелдіктін арасында кері байланыс болады, яғни елеуліліктің денгейі неғұрлым жоғары болған сайын аудиторлық тәуекелдіктің деңгейі соғұрлым тө.мен немесе осыған керісінше болады. Елеулілік пен аудиторлык тәуекелдіктің арасындагы кері байланысы аудитор аудиторлык процедураның сипатын, орындалу мерзімін жэне көлемін анық-тау барысында назарға алады (ХАС 320 «Аудиттегі елеулілік»). 14. Лекция тақырыбы: Аудиттің стандарттары мен аудиторлардың мамандық этикасы және қателер мен алаяқтық, олардың елеулілігін бағалау Аудиторлық қорытынды құрылымы мен түрлері. Шаруашылық етудің қазіргі кездегі жағдайында ҚР-да әлемдік тәжірибеге бағытталған аудит құру процесі жүруде. Бұл жаңа экономикалық жүйенің құрылуымен байланысты, оның негізін нарықтық қатынастар мен әлемдік экономикалық кеңістік құрайды. Осы жағдайларда болып жатқан радикалды өзгерістер аудиттің сапалы өзгеуін талап етеді. Шаруашылық етуші субъектілерде бухгалтерлік есеп «Аудит» «Бухгалтерлік есеп туралы», «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР-ның заңдарына сәйкес бухгалтерлік есепке алу стандарттарында, субьектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерін есебіні бас шоттар тізбегінде бекітілген ортақ принциптер мен ережелер, сондай-ақ ҚР бухгалтерінің есепке алу жөніндегі шығарған нұсқаулары, ерешеліктері негізінен құралады. Бухгалтерлік есеп туралы ҚР Президентінің Жарлығымен, Бухгалтерлік есеп стандартымен (БЕС), Бас жоспар шоттарымен және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулармен, БЕС методологиялық нұсқауымен сәйкес кәсіпорынның қаржы қызметін және бухгалтерлік есеп жүйесін реттейтін құжат болып табылаттын есеп саясаты жасалған.
Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 809; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |