Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Касса» шотына№1 журнал-ордері 8 страница




- табиғи кему нормасының негізінде кем шыққан және
жоғалған материалдардың құнының дұрыс шығысқа шығарылғандығына;

- материалдық ресурстардың нақты өзіндік құнының,
олардың есептік бағасы бойынша шығысқа шығарылған құнынан ауытқудың негізділігіне.

Жоғарыда баяндалған материалды шығындарымен қатар өзіндік құнның едәуір бөлігін, кейбір материалдық өндіріс салаларында барлық өндіріс шығындарының 1/3 жуығын еңбек ақы төлеу шығындары алады. Сондықтан өзіндік қүнға шығынның бұл түрінің дұрыс жатқызылуына аудитордың баса назар аударуы қажет. Өнімнің өзіндік құнына енбек ақы төлеу шығындарын, материалдар шығындары сияқты, яғни пайда бөлу орны бойынша көрсетілетінін ескеруі қажет.

«Еңбек ақы төлеу» бабына шаруашылықтың негізгі өндіріс жұмыскерлеріне есептелген еңбек ақы, өндірістік нәтижелері үшін жұмысшы, қызметкерлерге сыйақы, ынталандыру және есесі қайтарылып, орны толтырылатын төлемдерін қоса, шығындары сондай-ақ ұйымның штатында тұрмайтын негізгі өндірісте жұмыс істейтін жұмыскерлерге есептелген еңбек ақы төлеу шығындары көрсетіледі.

Аудитор еңбек ақы төлеу шығындарын зерттей отырып, анықталған тиісті құжаттары бойынша мерзімді еңбек ақыға, кесімді нарыққа, тарифтік қойылымға, лауазымдық мөлшерлі ақыға қарай есептелініп, нақты орындалған жұмыс үшін төленген еңбек ақы субъектіде қабылданған еңбек ақы төлеу нысанына және жүйесіне сәйкес тольгқ сомада, ал есесі қай-тарылып, орнын толтыру төлемдері заң актілерінде қаралған тәртіптегі нормада өзіндік құнға ендірілетінін назарынан тыс қалдырмауы қажет.

Аудитор еңбек ақы төлеу шығындарын тексерген кезде, оның құрамына, сонымен қатар натуралды төлем ретінде берілген өнімдердің құндарының жұмыскердің кейбір категорияларына тегін берілетін заттардың (арнайы киімдер, әскери киімдер) құны, еңбекті реттеуге байланысты төлемдер (аудандық коэффициенттер, сондай-ақ шөлді, сусыз және биік таулы жерлердегі табиғат, ауа райы жағдайы ауыр аудандарда үздіксіз жұмыс стажы үшін коэффициент бойынша қосымша ақы және жалақы төлемдері) енетінін естен шығармауы қажет.

Аудитордың еңбек туралы заң актілерінде қаралған өндірісте және басқадай жұмыс істемеген (шықпаған) уақытына төленуге тиісті төлемдерді мүқият зерттеп тексеруі қажет. Бұл шығындардың елеулі үлесін жасөспірімдер үшін женілдетілген сағаттарға, аналардың балаларын тамақтандыруға байланысты жұмысындағы үзіліске, мемлекеттік міндетті орындаған уақыты үшін ж.т.б. төлемдер, сіңірген еңбек стажы үшін төленген сыйақы, кезекті және қосымша демалыстардың төлемдері құрайды.

Тексерген кезде есепті жылдың өндіріс шығындарына, жұмыскерлердің демалысын төлеу шығындарының (олардан аударымдарды қоса) ендірілуінің негізділігіне назар аударылуы қажет. Жұмыскерлердің кезекті демалысқа жылдық кесте бойынша бірқалыпты шыққан кезінде демалысты төлеуге жұмсалған нақты шығыны өнімнің өзіндік құнына, оның пайда болуына қарай шығарылады. Егер кезекті демалыс жыл бойы өндірістің маусымдық сипатына байланысты бірқалыпты берілмесе немесе бір мезгілде жұмыскерлердің көпшілігі шыққан жағдайда жоспардағы еңбек ақы төлеу сомасына есептелетін пайызына қарай, шаруашылыққа демалыс ақы төлеуге резерв жасау тиімді. Шаруашылықтың таңдаған демалыс ақы төлеу тәртіптері есеп саясатында көрсетіліп, өзгертілмеуге тиісті.

Егер шаруашылық алда тұрған кезекті және қосымша демалысқа, сіңірген енбек стажына, сыйақы төлеу шығындарына резерв жасаса, онда 685 «Жұмыскерлердің демалыстары бойынша есептелген борыштар» шоты бойынша операцияларының негізділігі анықталады.

Демалысты төлеуге есептелген шығындар есепті айдың еңбек ақы төлеу қорына есепті айдағы демалыс күніне тиісті сомада ғана ендірілетінін естен шығармаған абзал. Егер демалыс кезеңінің бөлігі келесі (есептіден) айға өтсе, жұмыскерге осы күндері үшін төленген сома, берілген аванс ретінде (681 шотының дебетінде) өндіріс шығындарына тек қана келесі айда шығысқа шығарылады.

Өнімнің өзіндік құнына жататын еңбек шығындарын тексерген кезде аудитор өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына енбейтін жұмыскерлерге төленген ақшалай және натуралды түрдегі төлемдердің тізіміне ерекше назар аударуы қажет. Мысалы, өнімнің өзіндік құнына, өнімдер (жұмыс, қызмет) жұмыскерлерге босатылған немесе қосалқы шаруашылықтың сол ұйымның қоғамдық тамақтандыру орындарына босатқан, сондай-ақ емделуге және демалуға, саяхаттау жолдамаларының бағасының айырмасы енбейді.

Өзіндік құнға бөлінбеген табысты және басқа да мақсатты түсімдердің есебінен, шаруашылықтың жұмыскерлерінің, акционерлерінің тұтынуына бағытталған мынадай төлемдер енбейді; акциялар, облигациялар және шаруашылықтың мүлкіне жұмыскерлерінің басқа да үлестері бойынша дивидендтер, пайыздар жөне басқа да табыстар; материалдық көмек өндіріс көрсеткіштеріне байланысты емес сыйақы (кіршіксіз көп жылдық қызметі және еңбегі, мерейлі күндерге байланысты және басқа да осындай жағдайлар үшін), жұмыскерлерге ұжымдық шарт бойынша қосымша берілген демалыстарын төлеу; бағаның өсуіне, зейнет ақыға үстеме, есесі қайтарылатын көлемнен жоғары жүргізілетін асханада тамақтың құнының кымбаттауына байланысты, есесі қайтарылатын төлемдер, көпшілік пайдаланылатын көлік пен жұмысқа қатынауды төлеу және басқа да тікелей еңбек ақы төлеумен байланысты емес төлемдер.

Аудитор есептелген еңбек ақы қоры мен тығыз байланысты әлеуметтік салыққа аудару операцияларына баса назар аударып, олардың негізділігіне көз жеткізуге тиісті. Салық кодексінде қаралған салық алынатын базаның дұрыс анықталғандығын, қаржыландыру көздеріне қарамастан тиісті салықтарды ұстанғанға дейін есептелгендігін, занды тұлғалардың әлеуметтік салық есептейтін төлем түрлерінің дұрыс белгіленгендігін анықтауға тиісті. Сондай-ақ, салық алынатын базасы анықталған әлеуметтік салық есептеуге тиісті заңды және жеке тұлғалардың шеңберінің анықталып, олардың тұрған жергілікті орындары бойынша салықты төлеуі жүзеге асырылғандығына көз жеткізу қажет.

Өнімнің өзіндік құнына тарату жолымен ендірілетін өндірістік кешенді шығындар жиынтығы «Үстеме шығындар» бабы. Аудитор бұл бапта жинақталған шығындарды мұқият зерттеп, олардың әрбір нақты өнімнің түрлерінің өзіндік құнына таратылу әдістерінің негізділігін анықтауға міндетті.

Бұл мәселелердің шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың баға саясатында негізді шешім қабылдау үшін маңызы өте зор.

Жалпы шығындар жинағында өндіріс шығындары және өнімді сату шығындары елеулі үлес салмағы бар. Өзіндік құнның деңгейі және оның динамикасы өткен немесе есеп жылдарында негізгі және айналым құралдарының қаншалықты тиімді пайдалануын еңбектің тиімділігі мен ұйымдастырылуын, үнемдеу режимінің сақталуын көрсетеді. Құнның құрамының басым бөлігін құрайтын, сонымен қатар өндіріске шығындардың мөлшерін сипаттайтын өзіндік құн бұйымның бағасын жобалау және белгілеу үшін бастапқы негіз болып табылады.Өзіндік құн негізгі экономикалық көрсеткіштер – кіріс пен рентабельділік пен органикалық байланыстар. Себебі өзіндік құнды төмендету кірістің өсуіне әсер етеді. Және ол ұжым үшін маңызды экономикалық ынталандыру болып табылад ы.

Өнім өндіруге кеткен шығындар есебінің дұрыстығын тексергенде аудитор таңдап алынған өндіріс шығындары есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері өзгермегенін және оның кәсіпорынның салалық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне сәйкестігін тексереді. Аудитор қолданылатын өндіріс шығындары есебінің әдістерін мәнін және маңызын жете білуі қажет.

15. Лекция тақырыбы: Аудиттің қорытынды кезеңі және аудиттің басқа да түрлері және ілеспе қызметтері

Кәсіпорынның кредиторлық және дебиторлық қарыздарын аудиторлық тексеру дебиторлық қарыздардың құрылуынан басталады. Ол үшін дебиторлық қарыздар бөлімінің синтетикалық шоттары бойынша есебінің дұрыс жүргізілуін тексереді.

Өнімді (жұмыс,қызмет) сатудан түскен кіріс қосымша құн салығын,акциздерді және тағы сол сияқты салықтар мен төлемдерді, сонымен қатар қайтарылған тауарлар құны сатудан шегерулер, бағадан шегерулер алынып тастап көрсетіледі.

Негізгі қызметтен кірістер тауарлық материалдық босалқыларды сатудан, қызмет көрсетуден сонымен қатар негізгі қызмет түріне байланысты сый ақы, процент, дивидент, ренталық төлемдер түріндегі кірістерден алынуы мүмкін. Онын шамасы №11 ж. ордер мәліметтері негізінде 70-ші негізгі қызмет бөлімшесінің 701-709 шоттарының кредиті бойынша анықталады. Кәсіпорындар қазіргі кезде өнімді сатудан түскен түсімді есептеу әдісі бойынша анықтайтын болғандықтан сату мерзімі деп өнімді жөнелту, жұмыс қызметті беру және банкке төлем құжаттарын бару уақыты саналады. Өнімді сату қаржы айналымының сонғы сатысы болып табылады. Онын шамасынан кәсіпорыннын қаржы-шаруашылық қызметі айналымдық және рентабельдік көрсеткіштерге байланысты. Сондықтан сату процесі өнімді өткізу мен және сату мен байланысты кәсіпорын басшыларынын басты назарында болады. Оны жоспарлау кәсіпорынды тапсырыстармен қамтамасыз етуден басталады. Сонын негізінде наменклатура бойынша жоспарлар жасалынады. Тапсырыстар өнімге тапсырыс берушілер мен және материал мен жабдықтаушылар мен келісіледі. Сатып алушылардын ассортименті, жөнелту мерзімі, өнімнің саны, сапасы,бағасы,есеп айрысу формасы көрсетілген келісім шартта жасалынады.

Өнімді жөнелту және сату дұрыстығын тексеруге аудитор мыналарды анықтау қажет:

- Дайын өніммен жабдықтауға келісім шарт жасалғаны және олардын толтырылуынын дұрыстығы.

- Өнімді жөнелту құжаттарынын толтырылуынын дұрыстығы.

- Жөнелтілген өнімге баға қойылу дұрыстығы.

- Жабдықтауға жасалынған келісім шартқа сәйкес өнімді жабдықтаушыдын жеткізу бойынша шығындар төлемін ескере отырып босату бағасынын қойылуынын дұрыстығы.

- Жөнелтілген өнім үшін банкке төлем талап тапсырмаларын берудін уақытында орындалуы.

- Өнімді босату бойынша құжаттардын толтырылу дұрыстығы, егер өнім тікелей жабдықтаушынын қоймасынан босатылатын болса.

- Дайын өнімнін қоймалық есебінің ұйымдастырылу дұрыстығы.

- Өнімді (жұмыс, қызмет) жөнелту және сату аналитикалық және синтетикалықесебін жүргізудін дұрыстығы.

- Өнімді жөнелту және сату бойынша бухгалтерлік жазулардын дұрыстығы.

- 70-ші негізгі қызметтен түскен кіріс бөлімшесінін шоттары бойынша жазулардын Бас кітап жазуларына және қаржы шаруашылық қызметінін нәтижелері туралы есеп беру формасына сәйкестігі.

Шаруашылық субъектінің қарызын аудиторлық тексерудің негізгі міндеті еңбек ақы есебін жүргізу тәртібін, оның бухгалтерлік есеп жағдайын және жалақы бойынша есептесулердің дұрыстығын тексеру болып табылады.

Еңбек ақы-бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттеледі. Еңбек ақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.

Еңбек ақының номиналды және шынайы түрлері болады. Номиналды еңбек ақы дегеніміз жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды еңбек ақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл-ауқаты жайлы айту мүмкін емес.

Шынайы еңбек ақы - алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.

Еңбек ақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да еңбек ақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуын аудиторлық тексеру еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

Қызметкерлермен есеп айырысу есебін аудиторлық тексерудің негізгі міндеттері:

1.Еңбектің саны мен сапасын, шығарылым нормасының орындалуын, жұмыс уақыты мен жалақы қорын пайдаланылуын тексеру;

2.Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақытылы есептеуді тексеру;

3.Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалуды тексеру;

4.Белгіленген мерзімдегі қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды жүргізуді тексеру;

5.Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізуді тексеру;

6.Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алуды тексеру;

7.Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасауды тексеру.

Шаруашылық қызметінің процесінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару нәтижесінде қызметкерлердің саны өзгереді, жұмысы бойынша ауысулар жүргізіледі. Сондықтан оны аудиторлық тексеру маңызды орын алады. Жалпы кәсіпорын бойынша, оның құрылымдық бөлімшелері бойынша қызметкерлердің саны туралы және осы санның өзгерісінің себептері туралы; жынысы, жасы, санаты, лауазымы, мамандығы, жұмыс стажы, білімі және басқа белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді. Адам құрамын есепке алу үшін № Т-2 нысанындағы жеке карточка, ал ғылыми қызметкерлер үшін № Т-4 нысанындағы ғылыми қызметкерді есепке алу карточкасы қолданылады. Жұмысқа келген адамдар соңғы жұмыс орны туралы жазулар жазылған еңбек кітапшасын кадрлар бөліміне көрсетуі тиісті.

Аудитор қызметкерлер еңбек ақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру қаражаттары есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыны алуды тексереді.

Негізгі және қосымша еңбек ақылар еңбек ақы қорын құрады. Еңбек ақы қорының құрамына еңбек ақының барлық түрлері сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.

Кәсіпорынның жоспарымен белгіленген, еңбек ақы төлеу шығыстарының сомасы еңбек ақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал есепті кезеңде қызметкерлерге нақты төленуге тиіс еңбек ақының сомасы кәсіпорындағы еңбек ақының есептік қоры деп аталады.

Есептеу тәртібінің жаңдайы дебиторлық қарыздардың болуымен сипатталады, кәсіпорынның қаржы жағдайы тұрақтылығына елеулі ықпал жасайды.

Дебиторлық қарыздар - бұл сатып алушылардың, тапсырыс берушілерден еншілес серіктестіктердің және басқа да дебиторлардың төлеуге тиісті борыштары. Әрине кәсіпорын уақытында ақы төлеуге қабілеттілерге қызмет көрсетуге мүдделі. Ақтауға болатын және ақтауға болмайтын қарыздар бар. Ақтауға болатын берешекке мерзімі жетпеген немесе 1 айдан аспаған қарыздар жатады. Ақтауға болмайтын қарыздарға мерзімі асып кеткен қарыздарды жатқызамыз.

Дебиторлық қарыздар шаруашылық жүргізуші субъект активінің маңызды бөлігі болып табылады. Дебиторлық қарыздардың актвінің үш елеулі сипаттамалары бар:

- ақша қаржысының тікелей немесе жанама өсуін құруға әсерін қамтамасыз ететін немесе табысты іске асырады;

- активтер - субъект басқаратын ресурстар, әрі табысқа немесе жиынтық қызметтерге құқықтар заңды болуы тиіс немесе оны алудың заңды дәлелі болуы қажет;

- болашақта алынатын, бірақ қазіргі уақытта ксіпорын бақылауында болатын табыстар активтерге жатады.

Аудитте талдау тәсілдерін пайдалану

1. Тест жүргізгенде қолданылатын аналитикалық әдістер. Аудиттің іс құжаттарында және қаржылық есепте талдауды пайдалану.

2. Коэффициенттерді талдау және шешім қабылдау.

Кәсіпорын шаруашылығын басқаруда ғылыми негізделген шешім болуы қажет. Ол үшін кәсіпорын басшысы білімді, мамандығы жоғары, шаруашылықты және даму келешегін жақсы білетін адам болуы керек. Басқару — ол шешім қабылдау. Ол үшін басқарушы бар білімін, талапкерлігін басқарушылық шешім қолдануға жұмсауы қажет. Яғни тиімді, тиянақты басқару жүргізу үшін арнайы дайындық жасау керек. Барлық өзіне мәлім мәліметтерге экономикалық талдау, сараптау жасап, бір жүйеге келтірілген материалдарға сүйене отырьш басқарушылық шешім қабылдауы керек.

Шаруашылық субъектілерді басқару барысын үш этапқа бөлуге болады: экономикалық мәліметті жинап, топтап бір жүйеге келтіріп талдау және сараптау жасап пайдалануға дайындау; аудит — басқарушылық шешім қабылдау. Осы көрсетілген басқару құрылымын іске асыру үшін мәлімет жинау барысы бухгалтерлік есеп, статистика, жоспарлау арқылы орыңдалады. Сонымен мәлімет жүйесі құрылады, оны төмендеп, сызба арқылы жүйелеуге болады.

Шаруашылық субъектісі мен басқару жүйесінің арасындағы байланыс

сызба

 
 

 


 

Басқарушылықтағы шаруашылық субъектісі мен басқару жүйесінің арасын мәлімет жүйесі құрайды. Басқаруға қажет мәлімет жүйесінде жан-жақты қарастырылып пайдалануға дайындалады. Ол үшін бухгалтерлік есеп мәліметі аудит жасау үшін оны алдымен тексеру қажет, одан кейін топтап, бір жүйеге келтіргеннен кейін оны тіркеу қажет. Яғни, мәліметті шаруашылық операцияларының мазмұнына сәйкес оған мағына беріп оның шаруашылықтағы қажетгілігін, кәсіпорынды басқару үшін нақты қажеттігін анықтау керек. Басқару процесінде, мәліметті тиімді пайдаланып, оптималды шешім қабылдау үшін мәліметгі санау өлшемі мен сапалық өлшемі арасыңдағы байланыстың негізін анықтау қажет. Аудит барысында осы мәлімет құндылығы анықталып, басшылық процесіңде қолдануға дайындалады. Тағы осы мәліметтер негізінде кәсіпорын шаруашылығының дамуына болжам жасалады.

Нарықты экономика жағдайында болжам, бағдарлама жасау өте қажет. Кәсіпорынның даму бағдарламасы болмаса оның өндіріс, сату процесі дағдарысқа ұшырап нарықты қатынас принциптерін сақтай алмай қалады. Сондықтан да шаруашылық субъектілері өздеріне бизнес-жоспар жасайды, онсыз шаруашылықты жүргізуге болмайды. Кәсіпорын үшін бизнес-жоспар ол бағдарлама, күнделікті шаруашылықты қалай жүргізу керек екенін, даму жолын, табыстылық деңгейін, өндіріс шығынын күнделікті қадағалап отыруға негіз болатын қүжат.

Өндірістік кәсіпорындардың бизнес-жоспары бірнеше бөлімнен түрады: жоспар кіріспесі, өңдіріс мақсаты - өндірілетін өнім тізбегі, сату жоспары. Негізгі көрсеткіштерге сүйене отырып бәсекелестікті болжау; маркетинг стратегиясы; өндіріс жоспары (өндіріс қуаттылығы, шикізат ресурсы); коммерциялық күдік (қамсыздандыру); қаржы жоспары (өнім сату, шығын және табыс есебі, табыстылықтын аналитикалық есебі). Бизнес- жоспардың, осы жоғарыда көрсетілген әр бөлімі аудит арқылы анықталады. Соған сәйкес аудитгің басқалай басқару функциялары іске асады. Мысалы:

- өндірісті ұйымдастыру, оның әр түрлі варианттары
қарастырылып, өте тиімді, басқару құрылымы қаланады.

- бақылау, басқарушылық шешімнің орындалуын тексеретін
мәліметтер жиналады.

Қорыта келгенде, шаруашылықтағы субъектілерді басқаруда аудиттің атқаратын ролі өте жоғары. Олай дейтініміз, басқарушылыққа қолданылатын мәліметті аудит арқылы бір жүйеге келтіріп, талдап, анықтап, тексеру жасап дайындалған материал аудиттің барлық басқарушылық функциясында қолданылады.

Аудит өзінше жеке ғылым саласы. Басқа ғылым саласы сияқты аудит те объективтік себептермен өз бетінше дами бастаған жаңа ғылым саласы. Оған себеп болған кәсіпорын шаруашылығындағы тексеру процесінің қоғамдық деңгейге көтерілуіне байланысты, әр елдің экономикасының тиянақты дамуын қамтамасыз ету үшін қаржылық жағдайын тексеріп отыруға қойылатын талап қатайған сайын аудит ғылыми сала ретінде жедел даму жолына түсті.

Аудит экономикалық ғылым саласындағы топқа қосылады, оған қоса нарықтық қатынас экономикасында, оның заңдылықтарын іс жүзінде қолдану процесінде ерекше әсерін тигізетін нақты функцияларды орьшдайтын ғылым. Аудит фундаменталдық емес, іс-әрекетке қолданылатын ғылым саласы. Ол жалпы ғылым тану теориясына сүйене отырып жұмыс бабында адамдарға экономикалық білім жолын анықтайтын, шаруашылықтың білімділііін бағалап, оның келешегіне болжау жасауға негіз беретін ғылым саласы. Аудит жеке ғылым саласы ретінде өзіне жақын ғылым түрлерінің әдістерін қолдана отырып, шаруашылық субъектілерінің жұмысын зерттеп, оны әділ бағалап тапсырушыларға өзіне тиімді шешім қабылдауды анықтап береді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 696; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.