Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Касса» шотына№1 журнал-ордері 5 страница




Амортизацияны есептеу үшін бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі қолданылады. Сонымен біге амортизациялық аударымдар сомасы салық заңымен белгіленген амортизация нормасымен анықталады.

Техникалық жағдайын сақтау мақсатымен негізгі құралдарды жөндеу мен пайдалануға кететін шығындар деп айтылады.

Тауарлы-материалдық бөлшектердің өзіндік құнын бағалау орташа есептелген құн әдісі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын аудит стандартқа сәйкес жургізіледі.

Қаржылық есеп беруде тауарлы-материалдық бөлшектер нақты құн бойынша көрсетіледі.

-Табыс салығы бойынша қаржылық есеп беуде көрсетілген салық көлемі салық мақсатымен мәлімделген табыс салығына сәйкес келеді.

- Есептің бастапқы құжаттарында бар ақпараттарды талдап қорытындылау, жіктеу және жинақтау үшін бухгалтерлік есептің келесі регистрлерін қолданады: 14 журнал-ордер, оладың ведомостлары, сондай-ақ бас кітап және жасалған кестелер.

Есеп регистрларының қолданалынатын пакеті ҚР Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаментінің 24.11.97. N72 бұйрығымен бекітілген. Бухгалтерлік есеп регистрлері ҚР бухгалтерлік е,сеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының, бухгалтерлік есеп стандартының, Бас жоспар шотының қаулысымен бекіткен, қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсыну үшін Концептуалдық негізбен сәйкес жасалған.

Кәсіпорын бухгалтерлік баланстан, қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруден және кақшалы қаржылардың қозғалысы туралы есеп беруден тұратын қаржылық есеп беруді жасайды.

Бухгалерлік баланс кәсіпорынның активтерін, меншікті капиталын, міндеттемелерін көрсетеді.

Есеп регистрларындағы шаруашылық операцияларда көрсететін дәстүрлі бухгалтерін қызмет көпшілік қолданушылардың сұрақтарына жауап бере алмайды. Мәліметтерді талдау қажет, кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау дәл осыған арналған.

Шаруашылық қызметті талдауға жабдықтауды өнімді шығару мен өткізуді талдау кіреді. Өндірістік қаржылық қызметтің әдеттегі бағыты, алға қойған мақсатқа жету үшін жағдай жасайды. Бухгалтерлік есеп стандарты ұсынатын шаруашылық операциялардың әдістері мен бағалауларын таңдауды анықтайтын негізгі құжат болып кәсіпорынның, есептік саясаты табылады. Оны бухгалтеріне есеп стандарты шеңберінде құра отырып, “Есеп саясаты және оның ашылып көрсетілуі” бірінші номерді алады.

Субьектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін нормативті реттеу жүйесінде маңызды орынды бухгалтеін есепшоттары алады. Шот – бұл бухгалтерін есепте ақпаратта сақтаудың негізгі бірлігі.

Субьектілердің қаржы есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының қаулысы бекіткен субьектілердің қаржы-шаруашылық қызметібухгалтерін есебінің бас шоттар тізбегінің негізіне қаржылық есеп берудің элементтері бойынша субьектілердің қызметі туралы ақпараттарды құру идеологиясы (1-8бөлімшелер) жатыр. Бас шоттар тізбегі бухгалтерлік есеп стандартының талаптарымен сәйкес екінші, үшінші тәртіптердің шотында ақпараттарды жүйелеуге мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік есеп стандарттары бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі нормативті құжаттар бола тұрып, активтерді меншікті капиталды, міндеттемелерді бағалаудың әдістерін анықтайды және оларды таңдауды ұйғарады.

ҚР-да бухгалтерлік есеп жүйесін нормативті реттеудің үш деңгейі негізінде кәсіпорын өз бейнесінің мақсатын алға қоя отырып, өз есеп саясатын салалық құрамын, иөлшерін, т.б. құрайды.

Кәсіпорынның есеп саясаты, оны қаржылық және басқару құжаты болып табылады. Басқару есебінің міндетіне кәсіпорында қабылданған шешімдер сәйкестілігін қамтамасыз етуге көмектесетін, оларды тәжірибеде жүзеге асырумен, ішкі бақылау жүйесін жасау міндеттері кіреді. Қаржы есебі есеп ақпаратын дайындау процесі болып саналады, оның пайдаланушылары болып кез-келген заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде кәсіпорынның сырқы әріптестері (инвесторлар, кредиторлар) болуы мүмкін.

Әлемдік тәжірибе соның ішінде,нарықтық экономикасы дамыған елдерде, бухгалтерлік есеп және аудиттің бес моделі басым болады:

1) Британ-Американдық моделі;

2) Континенталдық;

3) Оңтүстік-Американдық;

4) Испандық;

5) Интернациональдық;

Бірінші моделдің мәні мынада: қаржылық есеп берудің барлық экономикалық ақпараты инвесторлар үін дайындалады, өйткені негізгі инвестициялар заңды немесе жеке тұлғалармен дайындалады.Ол Ұлыбритания, Голландия және АҚШ-та жасалады.

Континенталды моделде Еуропаның көптеген елдері және Жапония ұстанады, мұнда бизнес банктермен тығыз байланысты болады, компанияның қаржылық мәселелерін қанағаттандыратын негізінен солар болып табылады.Бухгалтерлік есеп заң жүзінде белгіленеді және консервтивтігімен ерекшеленеді.

Оңтүстік-Американың моделді Оңтүстік Америка елдері қолданады: Аргентина, Боливия, Бразилия және т. б. Бұл моделдің негізгі ерекшелігі есеп мәліметтерін үздіксіз түзету болып табылады.Интернационалдық модель-бұл есеп стандарттар мен есеп берудің халықаралық жүйесіне бейімделген. 2002 жылғы 24 маусымдағы № 329 Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заң күші бар Жарлығы негізінде ҚР-да барлық шаруашылық өтуші субьектілер Британ-Американдық моделге ауыстырылды. Халықаралық бухгалтерлерінен есеп стандарттарын ескеріп бұл моделге өту бухгалтерінен есепті ұйымдастыру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді атап айтар болсақ, Қазақстанның бухгалтерлік есеп сиандартының енгізу, бас шоттар тізбегін енгізу.

Қаржылық есеп беру өткен жылдың қаржы нәтижелерін көрсетеді, шешім қабылдау үшін алынған ақпараттарды жинақтайды. Қаржылық есеп беру нарықтық экономика жағдайында шаруашылық етуші субьектісінің қызметі туралы қаржылық ақпаратын жалғыз көзіне айналды. Қаржылық есеп беру бухгалтерлік, статискалық және оперативтік мәліметтердің негізінде кәсіпорында байланыстыратын ақпараттық жүйе болып табылады.

Жете зерттеу жеткен табыстардың есептерін, сондай-ақ кәсіпорынның жұмысындағы кемшіліктерді көрсетеді. Соңғы жылдары елімізде бухгалтерлік есепті және қаржылық есеп беруді ұйымдастыру жөнінде көптеген жұмыс жүргізілді. Оны жүргізу 2002 жылғы 24 маусымдағы № 329 Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заң күші бар Жарлығы негіз болды.

Бұл құжаттарға сәйкес бухгалтерлік есеп жөніндегі ҚР-ң ұлттық комиссиямен 2006 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда халықаралық есеп стандарты күшіне енді, шаруашылық қызметінің, шоттар тізбегінің өзгерістері жөніндегі нұсқаулар жасалды.

Қорытынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері.

1. Аудиттің ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар.

2. Қаржылық есептіліктің бөлшектеу кезеңдері.

1. Сатып алу кезеңінің аудиті.

 

Аудит экономика мәліметі жүйесіне негізделген. Ол сонымен қатар басқарушылық шешімге негіз болады. Әз кезегінде, мәлімет ағымын тиімді үйымдастыру үшін белгілі принциптерді анықтау кажет. Ол принциптер: мәлімет қажеттілігін анықтау, оны тиімді түрде қажетіне сай етіп дайындау; өндіріс барысын нақты; дұрыс көрсету; бөліну, тұтыну жэне сату барысының мәліметін анықтау; еңбек, қаржы, материалдар ресурсының есебі; әр түрлі есептеуші құрылымдардан анықталатын мөліметтердің бірдей болуы; оперативтік мөлімет ЭВМ қолдануда жан-жақты талдау жасауға ыңғайланған; мәліметті жоспар жасауға және басқару барысында қолдану принципі.

Қазіргі кездегі кәсіпорын мөліметіне, мазмұнына төмендегідей түсініктеме беруге болады. Экономикалық мәлімет мазмұны жағынан өте күрделі, құрамы жан-жақты болып келеді. Ал келешекте оның мазмүны және құрамы одан әрі күрделі бола бермекші. Сонымен қатар қазіргі өндіріс технологиясының ерекшелікгеріне сәйкес олардың мазмұнын басқару шешімен қабылдау үшін жеткіліксіз болуда. Ал мәлімет ағымы күннен күнге көбеюде. Сондықтан да оған ғылыми таддау жолын қарастыру өте қажет. Ондағы мақсат оның ағымын жүйеге келтіру, керексіз мәлімет ағымына тежеу жасау.

Аудит мәліметінің көзі, олар бухгалтерлік, аналитикалық жөне есептен тыс мәліметгер. Бухгалтерлік есеп мәліметінің көзіне жататындар: бухгалтерлік есеп жөне ақпаратгары; статистика және статистика ақпараттары; талғамалы есеп кәрсеткіштері. Бухгалтерлік есеп және оның ақпараты аудит мәліметінің көзі ретінде ең негізгі болып саналады. Себебі, ондағы мәліметтер әрқашанда дұрыс, есеп құжаттары арқылы анықталған мәліметтер. Оның көрсеткіштері кәсіпорының бизнес-жоспарының орындалуын жүйелі түрде бақылау, талдау арқылы қорытындыланған нәтижесін көрсетеді. Онда кэсіпо-рынның негізгі құралының, өндіріс қорының, дайын онімнің қозғалысы түгелдей нақты есеп арқылы топталынған, бір жүйеге келтірілген. Ол үшін бухгалтерлік есептің ғылыми әдістері қолданылған. Мысалы, үздіксіз түгелдей бақылау арқылы шаруашылық әрекеттерін құжатқа тіркеу арқылы бухгалтерлік есептер жүйесіне тіркеп, топтау әдістері қолданылған.

Статистикалық есеп және оның ақпараттары аудит мәліметі ретінде қоғамды экономикалық көп санды қүбылыстар арасындағы заңдылықтарды жүйеге келтіретін есеп түлғасы. Оның ерекшелігі шаруашьшық барысындағы фактілерді, іс-әрекеттерді тек санымен ғана көрсетіп қоймай оның мазмұнын толық қамтиды. Соңдықтан да, ол құнды мөлімет. Себебі, статистика есебінің мәліметі арқылы экономикалық талдау жасалынады да оның қорытындысы аудит қызметінде өте құнды материал.

Оперативтік есеп және оның ақпараты, өзінің негізгі міндетіне сәйкес кәсіпорьш шаруашылшының әр кезендегі барысын қамтитын болғандықтан және де басшылық барысында тікелей қолданылатын болғандықтан оның аудит мөліметі ретінде алатын орны ерекше болады. Әсіресе, ішкі аудит қызметінде оның рөлі өте күшті. Өйткені, ішкі аудиттің жүмысшылары да, кәсіпорын басшысы да оперативтік есеп мәліметіне сүйене отырып жедел дұрыс шешім қабылдайды. Қажет болған жағдайда жедел түрде фактілерге талдау жасап тиімді шешім қабылдайды, аудит қызметінің даму жолында талғамалы есеп көрсеткіштері өте қажет мәлімет болып отыр. Себебі, аудит өте тығыз уақытта өткізіледі, оған көптеген себептер бар. Сондықтан бухгалтерлік, статистикалық, оперативтік есеп көрсеткіштерінің ішінен тек қажеті болған мәліметті талғамалы әдіспен қолдану, аудит қызметінде тиімді мөлімет көзі болып отыр. Тағы оның ерекшелігі мәлімет ретінде алғашқы есеп құжаттан алынады.

Есептен басқа аудит мәліметі көзіне жататындар: ішкі және сыртқы тексеру материалы, ішкі және сыртқы аудит материалы; салық инспекциясының материалы; басылымға шыққан материалдар; ұжым жиналысының материалдары; қаржы, банк мекемелерінің анықтамалары, жеке іздестіру материалдары; сыбайлас кәсіпорындардың пікіріне, көзқарасына анықтамалар. Кәсіпорын шаруашылығына аудит тексеруін жүргізу үшін нормативтік құжаттар колданылады. Оның ішіңце кәсіпкерлік (бизнес) жоспары ерекше орын алады, себебі барлық өндірістік шаруашылық, даму жолының жоспары кәсіпкерлік — жоспарымен тығыз байланысты. Одан басқа, аудит процесінде көптеген нормативтік қүжаттар тексеруге негіз болады. Мысалы, жан-жақты жоспар көрсеткіштері, ереже-нұсқау құжаттары, мүлікті бағалау төртібін анықтайтын қүжаттар, мемлекеттік, шет елдің мемлекеттік құжаттары қодданылады. Сонымен қатар аудит тексеруі барысында аудитор әр түрлі мөліметтерді пайдаланады, оларды өз кезегінде тікелей және қосалқы мәлімет көзі деп бөлінеді.

Тікелей мәлімет көзі - фактілерге тікелей кепілдік анықтама беретін құжаттар, бухгалтерлік есеп кестелері, түгелдеу (опись) қүжаттары, түгелдеу барысының қорытындысын анықтау актісі. Яғни, нақты материалдық құжаттар тікелей мәлімет көзі болып саналады. Қосалқы мәлімет көзі — олар материалдық емес, бірақ сол кәсіпорын шаруашьшығының кәсіпкерлік жұмысына қатысты мөліметтер. Мысалы, шаруашылық субъектісінің басқа сыбайлас кәсіпорындармен қарым-қатынасын сипаттайтын мәліметтер.

Бухгалтерлік есеп құжаттары өзінің дәлел көзі мағынасында төрт топқа бөлінеді; алғашқы қүжаттар -топтаушы, өзінше ерікті және қосымша құжаттар болып бөлінеді. Алғашқы есеп құжаттары деп - шаруашылық әрекетінің нақты орындалғанын немесе орындалуына негіз болатын жазбаша анықтама, онда фактінің саны және сапасы, құрамы туралы өлшемдер көрсетіледі.

Топтаушы құжаттар — олар шаруашылық барысындағы өзара ішкі мағынасы бірдей өлшемдермен топталғандарын жинақтап, бір жүйеге келтірілген құжаттар. Теорияда оларды екінші сатыдағы құжаттар дейді. Оған фактілер, шаруашылық іс-әрекеттері алғашқы құжаттар арқылы тіркеледі.

Өзінше ерікті құжаттар - ол құжаттарға мүліктік жауапкершіліктегі жұмысшылардың, немесе басқалай қызметкерлердің өз еркімен жасайтын құжаттары. Олар мағынасы, мазмұны, зандылығы жағынан белгіленген талапқа сай, шаруашылық барысын бақылау жасап отыруға арналған құжаттар.

Қосымша құжаттар - ол құжаттар кәсіпорын шаруашылығына бақылау жасаушы жеке қызметкерлердің пікір, ойын көрсететін, негізінде экономикалық фактілерді, құбылыстарды анықтайтын, аудиттік тексеруде көптеген мәлімет көзі болатын құжаттар.

Алғашқы есеп құжаттары арқылы нақты материалдар ресурсының жетпегендігін, ақша қаржысын пайдалануда жіберілген қылмыскерлік, өндіріс процесіндегі кемшіліктер анықталса, топтаушы құжаттар арқылы - бухгалтерлік есеп кестесіндегі көрсеткіштерінің дұрыстығы анықталады. Ерікті құжаттар мен қосымша құжаттар арқылы нақты фактілер дәлелденбейді, бірақ олардың мәліметі арқылы аудитордың тексеру бағытын, қызметкерлердің жауапкершілігін анықтау негізделеді.

Аудитор өзінің жұмысында осы құжаттар арқылы, фактілерді дәлелдеу мақсатымен жұмыс қағазын жүргізеді. Себебі, тексеру барысындағы фактілер тек құжаттар арқылы анықталады.

Аудит барысындағы жиналған құжаттарда жүйелеу, мазмұн - мағынасына сәйкес топтау, ол аудитор мамандығының деңгейіне байланысты аудитордың жұмыс қағазында тіркеледі. Аудитор тексеру актісін жасау үшін сол жұмыс қағазындағы мәліметтерді талдау арқылы өз ойын, қорытындыларын дәлелдейді.

Қорыта келгенде, аудитор өр түрлі құжатгар арқылы жан-жақты материалдар дайындап шаруашылық субъектісінің табыстылық, қаржылық есептерін тексеріп, таза пайда сомасының дұрыс анықталғандығын дәлелдеп аудиторлық қорытынды дайындайды. Онымен қоса жұмыс қағазындағы жиналған фактілерге сүйене отырып кәсіпорын шаруашылығының тиімді даму жолына байланысты өзінің пікірін айтады.

 

Аудиттің негізгі мақсаты шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебін тексеру болғандықтан, оның мәлімет негізі -бухгалтерлік есеп және топталған мазмұндағы қорытынды есебі болады. Осы орайда мәлімет көзі ретінде есеп кестелері ерекше орын алады, себебі қандай есеп болсада есеп көрсеткіштері есеп жасау үшін есеп кестелері арқылы бір жүйеге келтіріледі. Өз кезегінде есеп көрсеткіштері сол есеп кестелерінің топталған екі жақты жазу әдісін қолданып негізделген мәліметтер арқылы жасалынады.

Аудит тұрғысынан мәлімет көзінің ең негізгісі - ол қаржы есебі. Қаржы есебі арқылы шаруашылық субъектісінің барлық жағынан жетістіктері, қаржылық жағдайы, табыстылығы толығымен көрсетіледі.

Қазіргі кезде біздін елімізде қабылданган "Бухгалтерлік есеп стандарты" заңына сөйкес кәсіпорындар үш түрлі қаржылық есебін тапсырады:

1) бухгалтерлік баланс;

2) қаржы - шаруашылық нәтижесінің есебі;

3) ақша қаражатының есебі.

Қандай құрылымдық түрде болса да, шаруашылық саласына қарамастан, әр түрлі меншіктегі шаруашылық субъектілері қазіргі мемлекетіміздің заңды талабына сәйкес, кәсіпорындар және жалпы кәсіпкерлікпен айналысатын мекемелер жылдық бухгалтерлік есебін (отчетын) жасайды. Оның негізгісі жылдық бухгалтерлік баланс (форма № 1), қаржы — шаруашылық нәтижесінің есебі (отчеты) (форма № 2).

Бухгалтерлік баланс өте күрделі бухгалтерлік есеп әдісі. Ол кәсіпорын мүлкін арнайы экономикалық топтау арқылы, оның қаржыландыру көзімен жүйелеуге келтіріп, оларды экономикалық топтаумен немесе, кәсіпорын нақты қаржыландыру көзімен байланыстырып көрсетеді. Қазіргі кездегі бухгалтерлік баланстың ерекшелігі, инвестиция жолымен келген мүлікті және қаржыны да осы баланста көрсетеді.

Бухгалтерлік баланс көрсеткішіне сәйкес, кәсіпорынның шаруашьшық құрылымын, өндірістік деңгейін, қаржылық көлемін, негізгі құнмен қуаттылығын, шаруашылық тиімділігін, табыстылық деңгейін тағы басқа жан-жақты мәліметтерді анықтауға болады. Қазіргі кезде бухгалтерлік баланс "Бухгалтерлік есеп стандарты" талабына сәйкес жасалынады. Онда бухгалтерлік баланс қаржы есебі тұрғысынан қаралынып, оның мақсаты, міндеті, жалпы кәсіпкерлік шаруашылық алатын орны анықталған.

Стандартта бухгалтерлік баланстың мақсаты, ол — біріншіден, қаржы есебі оның мазмұны қаржылық мәліметін толық көрсету және онда болған өзгерістерді анықтау. Екіншіден, пайдаланушыларды кажет мәліметпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, қаржы есебінің негізгі принциптері көрсетілген.

Біздің елімізде қазіргі баланс, халықаралық үлгідегіде сәйкес формада іске асырылуда. Ондагы мақсат баланс мәліметі өте түжырымды, көлемі жағынан тиянақты, мазмұны жағынан түсінікті болуы қажет. Оның негізгі принципі баланс-нетго немесе өлшемі тазаланған, баланс баптарының көрсеткіштері қайталанбайды деген сөз. Мысалы, баланстың активіндегі негізгі құрал бабының қасында, оның тозу сомасы көрсетіледі. Ал, қорытынды сомасы саналған кезде негізгі құрал тозу табысы (сомасы) шығарылып тасталады. Ондағы мақсат негізгі құрал бабындағы көрсетілген негізгі құралдың қолдық бағасын анықтау. Сол сияқты өндіріс қорының өзіндік құнын анықтауда материалдық емес активтің, тауардың өзіндік құнын анықтауда баланс баптарының нақты құнын шығару үшін екінші сатыдағы толықтыру баптары қолданылады.

Балансты тексеру, оның бухгалтерлік есеп көрсеткіштерімен анықталады. "Бас кітап" көрсеткіші баланс көрсеткішіне дәлел болуы қажет. Ал одан әрі нақты тексеру қажет болған жағдайда бухгалтерлік есептің аналитикалық керсеткіштерімен дәлелденуі қажет.

Қаржы — шаруашылық нәтижесінің есебін жасаудың алдында кәсіпорын табысына түсініктеме беру қажет. Бесінші бухгалтерлік есеп стандарты шаруашьшық субъекгісінің табыс соммасын анықтауға арналған. Бүл заңның ерекшелігі сол, ол шаруашьшық субъекгісінің өнім, тауар сатудан, қызмет керсетуден алған төлемі кәсіпорын табысы деп анықталған. Сонымен қатар табысқа басқа шаруашылық субъектілерінің несие түрінде пайдалануы әсерінен алынған "процент", акцияға жұмсалған қаржыдан дивиденд, құнды қағаз операциясынан түскен табыстар жатады.

Стандарт талабына сәйкес "қаржы-шаруашылық нәтижесінің есебін " жасаған кезде шаруашьшық субъектісі өзінің түсініктеме хатывда анықтама беруге тиісті: 1) кәсіпорын табысын анықтауға арналган есеп саясатында көрсетілген ереже нүсқауға түсініктеме беруге; нақты табыстар түріне түсініктеме беруге міндетгі; тауар сату табысына; қызмет көрсету табысына; "процент" нөсие беру операциясынан; роялти - компьютер программасын, патенит, сауда маркасын пайдаланғаны үшін төлем, дивиденд табысына "акцияға" жүмсалған ақша қаржысынан түскен табысқа;

3) бухгалтерлік есеп стандарты бойынша қаржы-шаруашылық нәтижесінің есебінің үлгісі төмендегідей болып бекітілген.

Қаржы-шаруашылық нәтижесінің есебі.

1. Дайын өнімді сатудан түскен табыс (+)

2. Дайын өнімнің өндірістік өзіндік қүны (-)

3. Дайын өнімнің жиынтық табысы (%) (1-2)

4. Кәсіпорын шығыны: жалпы және әкімшілік шығыны (-)

4а. Тауарды сату шығыны (-)

5. "Процент" төлеу шығыны (-)

6. Негізгі кәсіпкершілік табысы (зияны) (3-4, 4а-5)

7. Қосалқы кәсіпкершілік табысы (зияны) (+,-)

8. Салық төленгенге дейінгі табыс (6+7-8)

9.Табыс салығы (%) (%)

10. Салық төленгеннен кейінгі табыс (8-9)

11. Кездейсок. апаттан түскен табыс (зиян) (+,-)

12. Таза табыс (зиян)?

Ақша қаржысының есебі

Бухгалтерлік есеп стандартының талабына сәйкес шаруашылық субъектісінің қаржылық есебінің құрамына төртінші стандартқа сөйкес жасалатын ақша қаржысының есебі кіреді. Бүл есепке көсіпорын ақша қаржысының кіріс - шығыс операциялары үш топқа бөлініп көрсетіледі: операциялық, инвестициялық және қаржы кәсіпкерлігі.

Төртінші, бухгалтерлік есеп стандарты бойынша ақша қаржысының есебіне анықтама мақсатымен қамтитын әрекеттеріне түсініктеме берілген. Осы стандартқа байланысты ақша қаржысы есебінің негізгі мақсаты, ол әрбір заңды түлғаның қаржылық жағдайын анықтау, ақша қаржысының кіріс — шығыс әрекеттеріне толық мәлімет беру, оны өз кезегінде іс-өрекеттік инвестициялық және қаржы кәсіпкерлік тобына бөліп көрсету.

Төртінші стандарт бойынша берілген анықтамалар:

1. Ақша қаржысы кассадағы, банктегі есептегі нақты ақша;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 829; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.052 сек.