Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сот актілерін орындау сатысы. 12 страница




Сот қосымша және қайталама сараптамаларын тагайындау туралы ұйғарым шығарады.

Қосымша сараптама жүргізу сол сарапшының өзіне немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкін. Қосымша сараптама жүргізу тапсырылған кезде сарапшыға алдыңғы сараптамалардың қорытындылары табыс етілуге тиіс. Қайталама сараптама тағайындау туралы ұйғарымда алдыңғы сараптам анық нөтижелеріне келіспеудің дәлелдері келтірілуге тиіс. Қайталама сараптама жүргізу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшылар қайталама сараптама жүргізілген кезде қатысып, комиссияға түсініктемелер бере алады, алайда олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды. Қайталама сараптама жүргізу тапсырылған кезде сарапшыларға алдыңғы сараптамалардың қорытындылары табыс етілуге тиіс.

Сот қосымша және қайталама сараптама тағайындаған жағдайда іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамашылығымен іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұра алады (ҚР АІЖКі 243бабының 5бөлігі). Бұл жағдайда сотқа сарапшылардың қорытындылары ұсынылған соң іс бойынша іс жүргізу қайта басталады және іс қарау басқа сот отырысында жалғастырылады. ҚР АІЖКі 207баптықтәртібібойыншаістіңмәнжайларын анықтауға жәрдем көрсету мақсатында сот консультациялар (түсіндірмелер) алу үшін маманды қатыстыруы мүмкін. Іс жүргізу әрекеттеріне қатыстыру үшін ғылымитехникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету мақсатында сот маманды тартуға құқылы. Қолданыстағы азаматтық іс жүргізу кодексі маманның консультациясы (түсіндірмесі) азаматтық іс бойынша

186дәлелдеме болып танылмайды (ҚР АІЖКнің 64бабы). Маман болып тағайындалған адам консультацияларды және өзі орындаған өрекеттер бойынша түсініктемелерді ауызша немесе жазбаша түрлерде беруі мүмкін. Маманның ауызша консультациясы мен түсіндірмесі сот отырысының хаттамасына енгізіледі, ал жазбаша түрде берілген маманның консультациясы (түсіндірмесі) сот отырысында жария етіледі. Консультацияны түсіндіру және толықтыру мақсатында маманға сұрақтар қойылуы мүмкін. Арызы бойынша маманды тартқан адам және оның өкілі бірінші болып, ал содан соң іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер сұрақтар қояды. Сот шақырған маманға бірінші болып талап қоюшы және оның өкілі сұрақ қояды. Сот маманға кез келген сәтте сұрақ қоюға құқылы.

Сотта іс қарау және дәлелдемелер (жазбаша, заттай, куәлардың айғақтарын, сарапшының қорытындысын) зерттеу барысында іске қатысушы адамдар дәлелдеменің жалғандығын мәлімдеуі мүмкін (ҚР АІЖКнің 208бабы). Бұл жағдайда осы дәлелдемені ұсынған адам соттан оны дәлелдемелер қатарынан алып тастап, істі өзге делелдемелердің негізінде шешуді өтіне алады. Мұндай өтініш сот отырысьгада, іс бойынша қатысушы адамдардың айтылған пікірлері ескеріліп, қарап шешіледі. Осы өтінішті қарап, ол бойынша двлелдемені істе бар басқа дәлелдемелермен салыстырьш сот сөйкесті (адамның өтінішін қанағаттандыру немесе оны қанағаттандырудан бас тарту туралы) ұйғарым қабылдайды.

Дәлелдеменің жалғандығы туралы мәлімдеуді тексеру үшін сот сараптама тағайындай алады, сондай-ақ тараптарға өзге дәлелдемелер беруді ұсына алады. Егер ұсынылған дәлелдемесі жалған деп танылған адамның ісврекетінде қылмыс белгілері болса, судья материалдарды бұл жөнінде прокурорға хабарлай отырып, қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін тиісті анықтау немесе алдын ала тергеу органына жібереді. Егер дәлелдеменің жалғандығы аньщталса, онда ол дәлелдемелер қатарынан алынып тасталуы тиіс. ҚР АІЖКі 57ба

бының негізінде сот іске қатысуға жіберген мемлекеттік органдардың және жергілікті өзінөзі басқару органдарының қорытындысын тықдайды.

ҚР АІЖКнің 64бабына сәйкес мемлекеттік органдардың және жергілікті өзінөзі басқару органдарының қорытындылары дәлелдемелер болып табылады.

Істі мәні бойынша шешу бойынша мемлекеттік органдардың және жергілікті өзінөзі басқару органдарының қорытындыларында көзделген істің нақты деректері және ойпікірлері сот отырысында жария етіледі. Одан кейін сот, іске қатысушы адамдар мен өкілдер қорытындыларды түсіндіру және толықтыру мақсатында осы органдардың уөкілетті өкілдеріне сұрақтар қоя алады.

Істі мәні бойынша қарауды аяқтау алдында (барлық дәлелдемелер қаралғаннан кейін) судья іске қатысушы адамдар мен өкілдерден олардың іс материалдарын әлденелермен толықтыруға ниеттерінің баржоғын анықтайды. Мұндай мәлімдеулер болмаған жағдайда төрағалық етуші істі зерттеу аяқталды деп жариялап, сот соттағы жарыссөздерге көшеді (ҚР АІЖКнің 210 бабы).

3. Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы.

Сот жарыссөздері сотта іс қараудың жеке бөлігі ретінде танылады. Сот жарыссөздері өту барысында іске қатысушы адамдар және өкілдер істің мәнжайлары мен дәлелдемелерін зерттеудің қорытындысы жасалады. Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен тұрады. Істің қандай мәнжайлары анықталды және қандай дәлелдемелер негізінде, қандай делелдемелер рас болып табылады, қандай мәнжайлар дәлелдемелермен белгіленеді, даулы материалдың құқықтық мазмұны қаншалықты және істі қалай шешу қажет жайында іске қатысушы адамдар өздерінің ойпікірлерін айтады.

Сот жарыссөздерінде сөз айту тәртібі іс жүргізу заңымен реттеледі (ҚР АІЖКі 211бабының 2,3бөліктері). Осымен:

- алдымен талап қоюшы және оның өкілі, ал содан соң жауапкер мен оның өкілі сөз сөйлейді;

- даудың нысанасы бойынша дербес талаптар қойған үшіншіі тұлга мен оның өкілі тараптар мен олардың өкілдерінен кейін сез сейлейді;

- даудыц нысанасы бойынша өз бетінше талаптар қоймаган ушінші тұлга мен оның өкілі талап қоюшыдан немесе үшінші тұлға іске өзі қатысатын жақтағы жауапкерден кейін сөз сөйлейді;

- прокурор, мемлекеттік органдардың жэне жергілікті өзінөзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін ҚР АІЖКі 8бабының 1 және 2бөліктері, 55 және 56 баптары негіздерінде сотқа жүгінген азаматтар сот жарыссөздерінде соңынан сөз сөйлейді.

ҚР АІЖКнің 212бабына сәйкес сот жарыссөздеріне қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олар сөздерінде айтылғандарға байланысты екінші рет сөз сөйлей алады, бірақ соңғы реплика (айтушының, қарсыластық сөздеріне жауап беру, қарсылық білдіру, ескертпе) құқығын үнемі жауапкер мен оның өкілі иеленеді.

Іс бойынша тараптар болып табылмайтын және ҚР АІЖКі 55бабының 2бөлігінде көзделген тәртіппен процеске қатысушы прокурор сот жарыссөздерінен кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді.

Егер олар бұл мәнжайлар мен дәлелдемелерді істің мәні бойынша қарау аяқталмай түрып өз мәлімдемелерінде көрсетпесе, сот жарыссөздеріне қатысушылар өз сөздерінде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқығы жоқ (ҚР АІЖКі 214бабының 1бөлігі).

Егер сот сот жарыссөздері кезінде немесе одан кейін іс үшін маңызы бар жаңа мәнжайларды анықтау немесе жаңа дәлелдемелерді зерттеу қажет деп тапса, ол істі мәні бойынша қарауды қайта жалгастыру туралы ұйғарым шығарады (ҚР АІЖКі 214бабының 2бөлігі). Бұл жағдайда істің мәнжайларын зерттеу және дәлелдемелерді тексеру жалпы тәртіп бойынша жүргізіледі. Істі мәні бойынша қайта қарауды аяқтаған соң сот іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сот жарыссөздерін және өзіне заңмен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша прокурордың қорытындысын тағы да тыңдайды.

Істі мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін сот жарыссөзі жалпы тәртіппен жүргізіледі (ҚР АІЖКі 214бабының 2бөлігі).

4. Шешім шығару және жар иялау.

Сот отырысында азаматтық іс қараудың қорытынды бөлімі ретінде шешім шыеару және оны жариялау болып табылады. Осы соттаіс қарау бөлімінде бірінші инстанция сотында барлық ісөрекеттердің қорытындысы жасалады, сот отырысы залында барлық қатысушыларға жариялауға тиіс сот актісі жасалады.

Сот жарыссөздерінен кейін сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, төрағалық етуші бұл туралы сот отырысы залында отырғандарға хабарлайды (ҚР АІЖКнің 215бабы). Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берілмейді (ҚР АІЖКі 217бабының 2бөлігі). Жұмыс уақытының аяқталуына қарай, сондай-ақ жұмыс күні ішінде судья кеңесу бөлмесінен шығып демалу үшін үзіліс жариялауға құқылы. Кеңесу бөлімінде міндетті түрце шешілуге жататын сұрақтар ҚР АІЖКнің 219бабында көзделген.

Сот кеңесу бөлімінде іс бойынша соңғы қорытындысын белгілеу үшін:

- іс үшін маңызы бар қандай мәнжайлардың анықталғанын және қандай мәнжайлардың анықталмағанын; тараптар мен үшінші тұлғалар сілтеме жасаған мәнжайлар орын алды ма; қандай дәлелдемелер бұл мәнжайларды растайтынын не растамайтындығын айқындайды;

- сот дәлелдемелерге баға береді (дәлелдемелердің қатыстылығы, растығы, жол берілуі, жеткілігі айқындалады);

тараптардың құқықтық қатынастарын және осы іс бойынша қолдануға жататын материалдың және процессуалдық құқық нормаларын белгілейді;

іс қалай шешілуі тиіс екенін белгілейді (қойылған талап қанағаттандыруға жата ма немесе қанағаттандыруға жатпай ма және қай бөлігінде);

іс бойынша сот шығындарын бөлу мәселесін шешу;

сот шешімін дереу орындауға негіз бар ма, сондай-ақ сот шешімін орындауды кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту үшін айқындайды.

Егер сот кеңесу бөлімінде іс үшін мәні бар жаңа фактілер және мәнжайлар аньщтау немесе қосымша дәлелдемелер зерттеу қажет болса ол істі мәні бойынша қарауды қайта бастау туралы ұйғарым шығарады. Сот қайта сотта іс қараудың екінші бөліміне оралады. ҚР АІЖКі 219бабының 3бөлігіне сәйкес сот істі мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін сот жарыссөздерін, ал АІЖКнің 213бабында көзделген жағдайда прокурордың қорытынцысын да қайта тықдайды. Осыдан кейін сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, төрағалық етуші бұл туралы сот отырысы залында отырғандарға хабарлайды. Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берілмейді. Сот шешімді сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негіздейді. Сот шешімге қол қойылғаннан кейін сот отырысы залына қайтып келіп, сот шешімін жариялайды. Мұнан соң сот іске қатысушы адамдарға шешімге шағымданудың тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді. Сонымен қатар төрағалық етуші іске қатысушы адамдарға және өкілдерге олардың сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге құқықтарын түсіндіреді.

Шешім шығарылған кезде судья іске қатысушы адамдарға және өкілдерге шешіммен қашан танысуға және оның көшірмесін алуға болатынын жариялауға міндетті (ҚР АІЖКі 216бабының 2бөлігі). Жоғарыда аталған іс жүргізу өрекеттері аяқталғаннан кейін төрағалық етуші сот отырысын жабық деп жариялайды (ҚР АІЖКі 216 бабының 3бөлігі).

Барлық жағдайда сотта іс қарау сот шешімін шығарумен аяқталмайды, осылайша істі қарауды кейінге қалдыру, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуді қысқарту немесе арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарымдарын шығара алады.

Істі қарауды кейінге қалдыру іс қарауды және мәні бойынша оны жаңа сот отырысында шешуді сотпен тағайындаған белгілі уақыт пен орында бастап өткізу.

Іс талқылау кедергілерін жою қажеттілігімен байланысты іс қарау кейінге қалдырылады. Сондыңтан кейінге қалдыру дегеніміз өр түрлі себептерге байланысты осы сот отырысында істі қарауға мүмкіндіксіздіктің іс жүргізу салдары. ҚР АІЖКі істі қарауды кейінге қалдырудың негіздерінің нақты тізімін белгілемейді. Сонда да ҚР АІЖКі 189бабының 1бөлігі бойынша істі қарауды кейінге қалдырудың келесі негіздерін атауға болады:

- егер істі қарауды кейінге қалдыру ҚР АІЖКде көзделсе;

- егер істі осы сот отырысында қарау мүмкін емес деп тапса.

Істі қарауды кейінге қалдыру мүмкін ҚР АІЖКнің нормаларымен көзделген келесі жағдайларда:

- істі қарау барысында оған қатысушы азаматтар жаппай тәртіп бұзған кезде (ҚР АІЖКі 179бабының 6бөлігі);

- іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда, оларға хабарланғаны жөнінде мәліметтер жоқ болса (ҚР АІЖКі 187бабының 2бөлігі);

- егер іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланса, олардың келмеу себептері дәлелді деп танылған жағдайда (ҚР АІЖКі 187бабының 3бөлігі);

- істің мәнжайлары бойынша сот отырысына қатысуын міндетті деп танылған тараптар келмесе (ҚР АІЖКі 187бабының 5бөлігі);

- сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланған іске қатысушы адам өкілінің дәлелді себептермен келмеуі (ҚР АІЖКі 187бабының 6бөлігі);

- сот отырысына куә, сарапшы немесе маман келмеген жағдайда, егер істі олар жоқта қарау мүмкін болмаса (ҚР АІЖКі 188бабының 1бөлігі);

- сот отырысына аудармашы келмеген жағдайда, егер аудармашыны ауыстыру мүмкіндігі болмаса (ҚР АІЖКі 188бабының 2бөлігі);

- үш ай аралығында татуласу үшін ерлізайыптарға мерзім белгілеу неке бұзуына ерлізайыптылардың біреуінің келісімі жоқтығы (Неке және отбасы туралы заңның 19бабының 2бөлігі).

Әдетте, егер іске қатысушы мөлімдеген қарсылық білдіруі қанағаттандырылса немесе судья өздігінен бас тартса, істі қарау кейінге қалдырылады. Бұл жағдайда жаңа сот отырысы басқа судья іс материалдарымен танысып алу мүмкіндігін ескере отырып белгіленеді.

Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына, сот приставына қарсылық білдірілсе (өздігінен бас тартса) істі қарауды кейінге қалцыру мүмкін, егер сот отырысында аталған тұлғаларды шамалы үзіліс ішінде басқасымен ауыстыра алмаса. Істі осы сот отырысында қарау мүмкін емес деп тапқан жағдайда, әр түрлі мәнжайлар істі қарауды кейінге қалцыру негіздері ретінде танылуы мүмкін. Осы мәнжайлар қатарына мыналарды жатқызуға болады:

- процеске қатысушылардың біреуінің келмеуі;

- қарсы талап қою;

- қосымша дәлелдемелер ұсыну немесе талап ету;

- іске қатыстыруға басқа адамдарды тарту қажеттігі;

- өзге де өлдеңандай іс жүргізу өрекеттерін жасау қажеттігі салдарынан істі осы сот отырысында қарау мүмкін емес болса.

Сонымен, ғылыми және оқу әдебиеттер бетінде жазылғандай істі қарауды кейінге қалдыру негізі болып қандай да бір іс жүргізу әрекетін жасау танылады.

Істі қарауды кейінге қалдыру кезінде азаматтық істің жүруі тоқтатылмайды, сондыңтан істі қарауды кейінге қалдыру іс жүргізу мерзімдерінің ағымы тоқталмайды.

Істі сотта қарауға сапасыз әзірлеу салдарынан кейде істі қарауды кейінге қалдырады.

Істі қарауды кейінге қалдыру жөнінде төрағалық етуші ұйғарым шығарады. Мұнда:

- кейінге қалдыру себептері;

- қандай ісәрекеттер және кіммен жасалуы тиіс (мысалы, қандай дәлелдемелерді, кім және қандай мерзімде ұсынуы тиіс);

- жаңа сот отырысын өткізу уақыты мен орны көрсетіледі.

Іс кейінге қалдырылған кезде істің жаңа сот отырысында шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін уақыт ескеріле отырып, жаңа сот отырысының күні белгіленеді, бұл женінде келген адамдарға қол қойдырылып хабарланады. Келмеген және процеске қатысуға жаңадан тартылған адамдарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы (хабар) жіберіледі (ҚР АІЖКі 189бабының 2бөлігі).

Істі қарауды кейінге қалдыруды сот отырысында жарияланатын үзіліс түрлерінен ажырата білу қажет. Істі қарауды кейінге қалдырудан үзілістің айырмашылығы, ол істі мәні бойынша қарап шешу үзілген жерінен бастап жалғасады.

Егер сот отырысына тараптар қатысып отырса, істі қарау кейінге қалдырылған кезде сот келген куәлардан жауап алуға құқылы (ҚР АІЖКнің 190 бабы). Бірақ сот отырысына тараптар қатысып отырса, сот келген куәлардан жауап алуға міндетті емес. Бұл куәларды жаңа сот отырысына екінші рет шақыруға қажет болған жағдайларда ғана жол беріледі, мысалы, қосымша айғақтар алу, дәлелдемелер арасындағы қайшылықты анықтау. Жауап берген куәларды екінші рет жауап алу үшін шақыру туралы сот ұйғарым шығарады.

, Белгілі істі қарауды кейінге қалдырған уақыт аралығында сот басқа азаматтық істер қарап шешуі мүмкін.

4сұрақ. Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру

Іс бойынша іс жүргізуді тоцтата тұру бұл заңмен белгіленген мәнжайлар бойынша белгісіз мерзімге сотпен іс жүргізу әрекеттерін уақытша тоқтату.

Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың заң 2 (екі) топ негіздемелерін белгілейді:

міндетті (ҚР АІЖКнің 242бабы);

факультативті (ҚР АІЖКнің 243бабы). Сонымен ҚР АІЖКнің 242бабы міндетті түрде іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың келесі мәнжайларын көздейді. Осымен:

егер даулы құқық қатынасы құқық мирасқорлығына жол беретін болса, істе тарап болып табылатын азамат қайтыс болғанда немесе заңды тұлға қайта құрылғанда, таратылғанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоцтата тұрады, ал шығып қалған адамның құқықтық мирасқоры анықталғанда іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;

- тарап әрекет қабілеттілігінен айрылғанда сот іс бойынша іс жі/ргізуді тоқтата тұрады, ал әрекетке қабілетсізадамға өкіл тағайындалған іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;

- жауапкер ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа әскерлері мен әскери құрамаларында болған немесе ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік ісқимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа ескерлері және әскери құрамаларында жүрген талап қоюшылардың өтініші болғанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоцтата тұрады, ал тарап Қрсы Қарулы Күштердің құрамында болуын тоқтатқанда іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;

- азаматтық, қылмыстық немесе өкімшілік сот ісін жүргізуде тәртіппен қаралып жатқан басқа істің шешілуіне дейін бұл істі қараудың мүмкіндігі болмағанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоцтата тұрады, ал сот шешімі, үкімі, ұйғарымы немесе қаулысы заңды күшіне енгенде іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;

- егер ол осы іс бойынша қолданылуға тиісті заң немесе басқа нормативтікқұқықтық акті адамның және азаматтық Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтындығын байқаған және осы актінің Конституцияға сай еместігін тану туралы ҚР Конституциялық Кеңесіне өтініш жасаған, сондай-ақ Конституциялық Кеңес басқа соттың бастамасымен осы іс бойынша қолданылуға тиісті нормативтік-құқықтық актінің конституциялылығын тексеріп жатқандығы белгілі болғанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады, ал ҚРсы Конституциялық Кеңесінің шешімі күшіне енгенде іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;

- құқықтық көмек көрсету жөніндегі тапсырмамен шет мемлекеттің сотына өтініш жасағанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоцтата тұрады, ал сот құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындағанда іс бойынша іс жүргізу қайта басталады.

ҚР АІЖКнің 243бабы іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе сот бастамашылығымен іс жүргізуді тоқтата тұрудың (факультативті) негіздерін көздейді. Осымен:

- тарап ҚРның Қарулы Күштерінде, басқа әскерлерінде және әскери құрамаларында шақыру бойынша әскери қызметте болған немесе ол басқа да мемлекеттік міндетті орындауға тартылғанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоцтата тұрады, ал тарап ҚРсы Қарулы Күштердің құрамында болуын тоқтатқанда немесе ол мемлекеттік міндетті орындауды аяқтағанда іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;

- тарап істі қарау мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда болғанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоцтата тұрады, ал қызметтік іссапардан оралғанда іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;

тарап емдеу мекемесінде болғанда немесе оныңь сотқа келуіне кедергі жасайтын сырқаты болғанда және ол медициналық мекеменің құжатымен расталғанда сот іс бойынша іс жүргізуді пъоцтата тұрады, ал емдеу мекемесінен шыққанда немесе сырқатынан айыққанда іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;

- жауапкер ҚР АІЖКтің 135бабында көзделген жағдайларда іздеуде болғанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоцтата тұрады, ал жауапкер іздестіріліп болғанда іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;

- сот сараптама тағайындағанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоцтата тұрады, ал сарапшының қорытындысын сотқа табыс етілгенде іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;

- қаралып жатқан іс бойынша құқықтық көмек көрсету жөнінде сотқа тапсырылған өтініш болса сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады, ал сот құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындағанда іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;

- қорғаншылық және қамқоршылық орган бала асырап алу ісі жөнінде асырап алушылардың түрмыс жағдайын зерттеуді белгілегенде сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады, ал осы қорғаншылық және қамқоршылық органның қорытындысын сотқа табыс етілгенде іс бойынша іс жүргізу қайта басталады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 1194; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.055 сек.