Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сот актілерін орындау сатысы. 14 страница




кіріспе бөлігі;

сипаттау бөлігі;

дәлелдеу бөлігі;

қарар бөлігі.

Кіріспе бөлігінде шешім шығарылатын уақыт пен орын; шешім шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; сот приставы; тараптар; іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап көрсетіледі.

Сипаттау бөлігі талап қоюшының талаптарын, жауапкердің қарсылығын және іске қатысушы басқа адамдардың түсініктемелерін қамтуға тиіс.

Дәлелдеу бөлігінде істің сот анықтаған мәнжайлары, құқықтар мен міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері; сот қабылдамай тастаған белгілі бір дәлелдемелердің негіздері және сот басшылыққа алған заңдар көрсетіледі. Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда дәлелдеу бөлігінде талап қоюдың танылғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі мүмкін.

Қарар бөлігі талап қоюды қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдан толық немесе оның бір бөлігінен бас тарту туралы сот қорытындысын, сот шығындарының бөлінуін, шешімге шағым беру мерзімдері мен төртібін көрсетуді, сондай-ақ өзге де қорытындыларды қамтуға тиіс. Сот шешімінің қарар бөлігінде сот шешімді орындаудың белгілі бір төртібі мен мерзімін белгілеген немесе шешімді дереу орындауға жіберген немесе оның орындалуын қамтамасыз етуге шаралар қолданғаны туралы көрсетіледі.

Судья заң талаптарын сақтай отырып шешімді жазбаша түрде толтырады. Одан кейін сот шешімді жариялайды. Жарияланған шешімге судья қол қойып, ол іске қоса тіркелуге тиіс. Іс жөнінде шешім жарияланғаннан кейін шешім шығарған соттың оны жоюға немесе өзгертуге құқығы жоқ. Шешімге түзету судьяның қол қоюының алдында айтылуға тиіс.

Сот істі мәні бойынша шешкен кезде:

қысқаша (қысқартылған) шешім;

дәлелді шешім шығарады. Олардың бірбірінен айырмашылығы:

қысқаша (қысқартылған) шешімнің сипаттама бөлігі жоқ (ҚР АІЖКі 220бабының 1бөлігі);

айрықша күрделі істер бойынша дэлелді шешім жасау 5 (бес) куннен аспайтын мерзімге дейін қалдырылуы мүмкін, ал қ ысцаша (қысцартылган) шешімді сот істі қарау аяқталган отырыстық өзінде жариялауға тиіс (ҚР АІЖК-нің 229 бабы).

Сот өз бастамашылығымен немесе іске қатысушы адамдардың өтініші (арызы) бойынша:

шешімде жіберілген қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзете алады. Түзетулер енгізу туралы мәселе сот отырысында шешіледі. Ол жөнінде іске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда, олардың келмеуі түзетулер енгізу туралы мәселені қарауға кедергі болмайды. Сот шешіміне түзетулер енгізу туралы сот ұйғарым шығарады (ҚР АІЖКтің 230бабы).

қосымша шешім шығара алады:

егер іске қатысушы адамдар дәлелдемелер ұсынған және түсініктемелер берген қандай да бір талап бойынша шешім шығарылмаса;

егер сот құқық туралы мәселені шеше отырып, алып берілген сом анық, берілуге тиісті мүліктің мөлшерін немесе жауапкер жасауға тиісті ерекеттерді көрсетпесе;

- егер сот шығындары туралы мәселені сот шешпесе;

егер сот шешімінің орындалуын қайта бүрып атқару туралы мәселені сот шешпесе.

Қосымша шешім шығару туралы мәселс шешім орынцалатын (жалпы тәртіп бойынша екі ай) лтерзімнің шегінде қойылуы мүмкін. Іске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты және орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі қосымша шешім шығару ту210

ралы мәселені қарауға кедергі болмайды. Қосымша шешімге шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін. Судья қосымша шешім шығарудан бас тартқан жағдайда, ол туралы ұйғарым шығарады. Бұл соттың ұйғарымына жеке шағым берілуі немесе жеке наразылық келтірілуі мүмкін. Сот шешімі:

заңды болуға тиіс, яғни іс бойынша қолдануға жататын материалдың құқық нормаларына сәйкес және іс жүргізу құқығының нормаларын сақтай отырып шығарылуы қажет (ҚР АІЖК-тің 6, 218 баптары);

негізді болуға тиіс, яғни сот отырысында жанжақты және толық зерттелген дәлелдемелерге, істі мәні бойынша шешу үшін барлық мәнжайларға негізделген шешім.

Сот шешімінің заңды күшіне енуі.

Сот шешімі күшіне енгенге дейін ешкім де істі соттан сұрап ала алмайды. Шешім заңды күшіне енгеннен кейін істі заңмен қарсылық білдіруге уөкілетті адам ғана қадағалау тәртібімен сұратып ала алады. Сот түпкілікті түрде шешім шығарған кезден бастап 15 (он бес) күн өткеннен кейін заңды күшіне енеді, егер оған апелляциялық тәртіпте шағым немесе наразылық берілмесе (ҚР АІЖКі 235бабының 1бөлігі, 334бабының 3бөлігі).

Апелляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, егер шешімнің күші жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді (ҚР АІЖК-і 235 бабының 3 бөлігі, 368 бабы).

Сот қабылдаған шешім тек мемлекеттік өкімет органдары, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін ғана емес, соттың өзі үшін де міндетті түрде орындалуы тиіс. Сот шешімінің тек оның тиісті сот сатыларында заңмен шектелген қатақ тәртіпте қайта қарау тәртібімен күші жойылуы және өзгертілуі мүмкін.

Сот шешімін қасақана орындамағаны немесе оны орындауға кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.

Сот шешімі заңды күшіне енген соң, оған белгілі қасиеттер тән болады:

- ерекшелік, яғни сотқа қайта сол талап арызбен (арызбен) жүгіне алмауы;

- міндеттілігі, яғни барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзінөзі басқару органдары, қоғамдьщ бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті (ҚР АІЖКтің 21бабы);

- преюдициалдыц, яғни соттың азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мәнжайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді (ҚР АІЖКі 71бабының 2бөлігі);

- атқарулық, яғни сот шешімі ҚРның бүкіл аумағында оны орындауға міндетті тұлға (борышкер) мүлтіксіз орындауға тиіс.

Сот шешімінің заңды күшінінің субъективті және объективті шектері болады (О.В. Арсентьев).

Субъективті шектеулер сот шешімінің күші іске қатысушы адамдар санымен шектелуді түсіндіреді.

Объективті шектеулер іс қарауда сотпен анықталған церектерге және құқықтық қатынастарға сот шешімінің күші жүретінін түсіндіреді.

3. Сот ұйғарымы істі мәні бойынша шешілмейтін бірінші сатыдағы сот актісі (ҚР АІЖКі 251бабының 1бөлігі).

Сот ұйғарымын мазмұны, субъектісі, нысаны, шығару тәртібі және шағымдану әдісі бойынша жіктеуге болады.

Мазмцны бойынша сот ұйғарымдары:

- Әзірлеумен байланысты ұйғарым бұл азаматтық істі қозғау туралы, істі сотта қарауға әзірлеу туралы (сараптама тағайындау, мүдделі тұлғаларды іске қатыстыру және т.б. туралы), істі сотта іс қарауға тағайындау ұйғарым.

- Қорытынды ұйғарым мүдделі тұлғалардың өз еркілері бойынша істі қысқарту жөнінде (талап қоюдан бас тарту және бітімгершілік келісімін жасау туралы) ұйғарым.

Сот шешімін жцзеге асыруы бойынша ұйғарым — бұл сот шешімінің қателіктерін түзетуге және оны жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасауға бағытталған ұйғарым.

Жеке ұйғарым сот отырысында іс қарау кезінде ұйымдар, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе өзге де адамдар заңдылықты бұзған жағдайда сотпен қабылданатын ұйғарым. Мұндай ұйғарымда сотта іс қарау кезінде жасалған қателіктер және құқық бұзушылық анықтағаны, оларды жоюға шаралар қолдануға ұсыныстар көзделеді. Жеке ұйғарымның көшірмесін алган кі/ннен бастап қабылдаған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті. Лауазымды тұлға жеке ұйғарымды қараусыз қалдырғанда, көрсетілген заң бұзушылықтарды жоюға шаралар қолданбағанда, сондай-ақ қабылданған шаралар туралы заңда көзделген мерзімде хабарламау заңға сөйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Мүдделеріне қатысы бар жеке ұйғарымға адамдар ҚР АІЖК-і 344 бабының 4 бөлігінде көзделген тәртіппен шағым бере алады.

Субъектісі бойынша ұйғарымдар белгілі бір тұлғаға арналған, мысалы, заң бұзушылықты жою туралы, еріксіз келтіру туралы, айьш салу және т.б.

Нысаны бойынша ұйғарымдар дербес іс жүргізу құ жаты немесе сот отырысының хаттамасына енгізілуі түрінде шығарылады.

Шыгару тәртібі бойынша ұйғарымдар судьямен жекедара немесе алқалы құрамда шығарылады, ол туралы сот отырысының хаттамасына белгілейді.

Шағымдану өдісі бойынша:

апелляциялық тәртібі бойынша шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін ұйғарымдар;

қадағалау тәртібі бойынша шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін ұйғарымдар.

3. Сот бұйрығы дегеніміз бұл өндіріп алушының ақшалай сомаларды әндіріп алу немесе жылжымайтын мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тықдау үшін шақырмайақ және сотта іс қарамайақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады (ҚР АІЖКі 139бабының 1 және 3бөліктері; ҚР "Атқарушылық іс жүргізу" заңының 5бабының 1бөлігінің 11) тармақшасы). Біз бұл сот актісі түрін жеке және толығымен мазмұнын "Бұйрық арқылы іс жүргізу" тақырыбында көрсеткенбіз.

 

 

12 Тақырып. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару Бұйрық арқылы іс жүргізу

 

ҚР АІЖК-і 260 бабының 1 бөлігіне сәйкес: "Отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер талап қоюшы бүған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін".

Сондыңтан сырттай іс жүргізуге тән белгілерді атауға болады:

Біріншіден, "сырттай іс жүргізу" үғымы бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуге жатқызылған, яғни ол сотта іс қараудың бір бөлігі болып танылады (ҚР АІЖКнің 24тарауы). Ал апелляциялық және қадағалау инстацияларында істі сырттай іс жүргізу тәртібімен сот қарамайды.

Екіншіден, сырттай іс жүргізу тәртібімен тек талап қою істері қаралады, себебі, ҚР АІЖКі "талап қоюшы", "жауапкер", "талап" үғымдары ерекше талап қоюмен іс жүргізу (ҚР АІЖКтің 3бөлімшесі) және ерекше іс жүргізу (ҚР АІЖКтің 4бөлімшесі) тәртібі бойынша көзделмеген. Осымен заң бірінші сатыдағы сотта талап қоюмен іс жүргізу бойынша істі сот жалпы немесе сырттай төртібімен қарауын бекітеді.

Үшіншіден, сырттай іс жүргізу төртібі бойынша іс қарау үшін мынадай 5 (бес) негіздеме қажет:

1. жауапкер келмеген жағдайда;

2. жауапкер тиісті түрде сот отырысының өтетін орнымен уақыты туралы хабарланса;

3. іс бойынша талап қоюшы қарсы болмау;

4. жауапкер өзінің келмей қалуының себептерін хабарламаған болса;

5. жауапкер істі өзі жоқта қарауды сұрамаған болса. Жоғарыда аталған негіздемелердің барлығы талап қоюмен істі қарауда орын алғанда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарайды.

Іс ҚР АІЖКтің 260бап 1) тармағында көрсетілген негіздемелер жиынтығы болған жағдайда ғана:

- жауапкер істің қаралу орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабардар етілсе;

- жауапкер сот мәжілісіне дәлелді себептермен келмей қалса немесе келмей қалуының дәлелді себептері туралы хабарламаса;

- жауапкердің істі өзі жоқта қарау туралы өтініші болмаса;

- талап қоюшының істі жауапкер жоқта қарауға келісімі болса;

- талап қоюшының істі жауапкер жоқта қарауға келісіміне қарамастан, жауапкер сот мәжілісіне дәлелді себепсіз екінші рет келмей қалса, сырттай іс жүргізу тәртібі бойынша қаралуы мүмкін.

Осы жоғарыда көрсетілген негіздердің кез келген біреуінің болмауы, істі сырттай іс жүргізу төртібінде қараудың мүмкіндігін жояды.

Талап қоюшының істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қаруға келісімі жазба ретінде арызда немесе ауызша айтып сот хаттамасында қол қоюымен бекітіліп көрсетілуі мүмкін. Осымен қатар талап қоюшы өз талаптарын қанағаттандыру жөнінде талап арызда жазбаша былай деп белгілеуі мүмкін: "Жауапкер келмеген жағдайда сырттай шешім шығаруды сұраймын" (ҚР АІЖКі 150бабының 3бөлігі).

Егер сот отырысына келген талап қоюшы жауапкер жоқта істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот істің қаралуын кейінге қалдырады және жауапкерге жаңа сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Тиісті түрде хабарланған жауапкер тағы да келмей қалған жағдайда сот істі сырттай іс жүргізу төртібімен қарайды (ҚР АІЖК-і 260 бабының 3 бөлігі). Бұл жағдайда сырттай іс жүргізу тәртібі бойынша істі қарауына сот талап қоюшыдан келісім сұрамайды.

Егер іске бірнеше жауапкер қатысқан кезде сот отырысына барлық жауапкерлер келмей қалған жағдайда іс сырттай іс жүргізу төртібімен қаралуы мүмкін (ҚР АІЖКі 260бабының 2бөлігі).

Сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарағанда осы іс бойынша талап қоюшы және басқа да іске қатысушы адамдармен ұсынылған дәлелдемелер негізінде зерттеу мен бағалауды жүзеге асырады. Талап қоюшы істің нысанасын немесе талаптық негіздемесін өзгерткен жағдайда сот істі соттың сол отырысында сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы емес (ҚР АІЖК-і 260 бабының 5 бөлігі), себебі жауапкерге жіберілген сот шақыру қағазымен талап арыздың көшірмесінде бұл өзгерістер көрсетілмеген, яғни ол өзгерістер туралы жауапкер білмейді. Егер де талап қоюшы сырттай іс жүргізу тәртібі бойынша іс қарауда талаптық элементтерінің біреуін (негіздемесін немесе нысанасын) өзгертуге ықыласын білдіретін болса, онда сот істі қарауды кейінге қалдыруға тиіс. Талаптық кез келген өзгерістерін сот істі соттың сол отырысында сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы, егер ол өзгерістер туралы жауапкер тиісті түрде хабарланған болса және оған қарсылық немесе түсініктемелер беруге құқығы берілсе. Мұнда азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады (ҚР АІЖК-тің 15 бабы).

Осымен сырттай іс жүргізу бұл тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмеген жағдайда, талап қоюшының келісімі бойынша талап қою істерін бірінші сатыдағы сотта іс қарау.

Сот істі сырттай іс жүргізу төртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады (ҚР АІЖКі 260бабының 4бөлігі). Бұл ұйғарым апелляциялық төртіп бойынша шағымдануға немесе наразылық келтіруге жатпайды. Егер жауапкер іс бойынша іс жүргізуді қасақана созып отыр деп таныса сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы (ҚР АІЖК-і 187 бабының 4 бөлігі).

Сырттай іс жүргізу тәртібі мен істі қараудың мақсаттары:

- жауапкерді тәртіпке салу;

- өзінің мінезқұлқы үшін жауапкершілікті нығайту;

- жауапкер тарапынан қиянат жасаудың алдын алу;

- азаматтық істі тез қарап шешу.

Сот сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар берген дәлелдемелерді зерттейді олардың дәлелдерін ескереді және сырттай шешім деп аталатын шешім шығарады (ҚР АІЖКтің 261бабы).

Сот сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар берген дәлелдемелерді зерттейді, олардың дәлелдерін ескереді және сырттай шешім деп аталатын шешім шығарады (ҚР АІЖКтің 261бабы).

ҚР АІЖКнің 262бабы сырттай шешімнің мазмұнын реттейді. Сырттай шешімнің мазмұны ҚР АІЖКі 221бабының ережелерінде белгіленеді. Сырттай шешім кәдімгі сот шешімі сияқты кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады. Осылай сырттай шешімнің:

- кіріспе бөлігінде сырттай шешім шығарылған уақыт пен орын; сырттай шешім шығарған соттың атауы; судьяның, сот отырысының хатшысы және тараптар тегі, аты-жөні; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап көрсетіледі;

- сипаттау бөлігінде сырттай іс жүргізу негіздері көрсетіледі;

- сырттай дәлелді шешім шығаруды кейінге қалдыруға жол берілмейді, яғни сырттай шешім істі қарау аяқталған соң бірден дәлелді нысанда шығарылады (ҚР АІЖК-і 262 бабының 2 бөлігі);

қарар бөлігінде жауапкердің бұл шешімнің күшін жою туралы өтініш беруінің мерзімі мен тәртібі көрсетілуге тиіс (ҚР АІЖК-і 262 бабының 3 бөлігі).

Сырттай шешімнің көшірмесі жауапкерге оның шығарылған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей, оның тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп жіберіледі. Сырттай шешімнің көшірмесі сот отырысына қатыспаған талап қоюшыға да ол шығарылған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей, оның тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп жіберіледі (ҚР АІЖКнің 263бабы).

Сырттай шешім ҚР АІЖКі 235бабының ережелері бойынша заңды күшіне енеді, егер оған шағым, наразылық жасалмаса, апелляциялық шағымдану 15 (он бес) күн мерзімі өткен соң. ҚР АІЖК-тің 237 және 238 баптары негіздеріне сәйкес сырттай шешім дереу орындалуға жіберілуі мүмкін.

Егер соттың сырттай шешіміне апелляциялық шағым немесе наразылық берілсе, бірақ оның күші жойылмаса, онда апелляциялық қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді (ҚР АІЖК 368бабы).

ҚР АІЖКі сырттай шешімге шағым жасаудың екі әдісін белгілейді.

Бірінші эдісі, тек жауапкер ғана қолдана алады. Жауапкер сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Сырттай шешім шығарған сотқа жауапкер шешімнің көшірмесін алған кезден бастаіі 5 (бес) күн ішінде арыз беруге тиіс (ҚР АІЖКі 264бабының 1бөлігі).

Екінші шагымдану әдісін талап қоюшы мен жауапкер тең қолдана алады. ҚР АІЖКі 264бабының 2бөлігіне сәйкес сырттай шешімге апелляциялық тәртіппен тарап (талап қоюшы немесе жауапкер) шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.

Апелляциялық шағым немесе наразылық берудің 15 (он бес) күн мерзімі сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз беру 5 (бес) күн мерзімі өткен соң есептеледі. Егер арыз берілген жағдайда бірінші сатыдағы сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған кезден бастап 15 (он бес) күн есептеледі. Сондыңтан бұл нормаға сәйкес жауапкер осы екі шагым жасау әдістерін қолдана алады: біріншіден сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз беру арқылы, екіншіден апелляциялық шағым беру арқылы.

Сот сырттай шешім шығарып, одан кейін жауапкердің сырттай шешімді бұзу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда, жауапкер соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға құқылы. Іске қатысушылар сырттай шешімді бұзу туралы ұйғарымға шағьшдануға құқылы емес, себебі ол істің әрі қарай жылжуына кедергі жасамауды және мұндай ұйғарымға шағымдану құқығы заңда көрсетілмеген (ҚР АІЖКтің 264, 268 және 344баптары).

ҚР АІЖКтің 265бабына сәйкес сырттай шешімніц кцшін жою туралы арызда:

сырттай шешім шығарған соттың атауы;

арыз берген жауапкердің атауы;

1) жауапкердің сот отырысына дәлелді себептермен келмей қалуын куәландыратын мәнжайлар туралы мәліметтер және бұл мәнжайларды растайтын дәлелдемелер, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер етуі мүмкін дәлелдемелер;

арыз беруші жауапкердің өтініші;

2) арызға қоса тіркелетін материалдардың тізбесі болуға тиіс.

Арызга жауапкер немесе өкілеттігі болган жагдайда оның өкілі цол цояды. Іске қатысушы адамдардың саны бойынша жауапкер сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың көшірмесін сотқа ұсынады.

Сырттай шешімнің кцшін жою туралы арызга мемлекеттік баж төленбейді (ҚР АІЖКі 265бабының 3бөлігі).

В.И.Решетняк және И.И.Черных айтуы бойынша бұл нормада қарамақайшылық бар: бір жағынан заң шығарушы жауапкерді жағымсыз жағдайға соңтырады, екінші жағынан сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз берумен байланысты шығыннан босатады. Олардың ойпікірлері бойынша талап арызды қарау кезде сот және талап қоюшы үшін материалдың шығындар туындайды, сондыңтан жауапкер сырттай шешімнің күшін жою арызын беруде мемлекеттік баж төлеуі тиіс. Осындай арызды қабылдағаннан кейін сот іске қатысушы адамдарға сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың қаралатын уақыты мен орнын хабарлайды, оларға арыздың және оған қоса тіркелетін материалдардың көшірмесін жібереді (ҚР АІЖКтің 266бабы).

Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды сот оның сотқа келіп түскен кезінен бастап 10 (он) күн ішінде сот отырысында қарайды. Сот отырысы өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарланған іске қатысушы адамдардың келмей қалуы арыздың қаралуына кедергі болмайды. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарау жөнінде соттың өкілеттігі ҚР АІЖКтің 268бабында көзделген. Сот сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарап болған соң келесі ұйғарымдардың біреуін қабылдайды:

1) сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы;

2) сырттай шешімнің күшін жою және істі мәні бойынша соттың сол құрамында немесе өзге құрамында қайта қарау туралы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 3658; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.058 сек.