Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сот актілерін орындау сатысы. 13 страница




Жоғарыда атап өткен соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру және қайтабастаумәнжайлары бойынша сот ұйғарым шығарады. Іске қатысушы адамдар мен өкілдер соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымына жеке шагым беруі немесе прокурор жеке наразылық келтірілуі мүмкін.

Істі тоқтата тұруды туғызған мәнжайлар жойылғаннан кейін іске қатысушы адамдардың арызы бойынша немесе соттың бастамашылығымен іс жүргізу қайта басталады. Іс жүргізу қайта басталған кезде сот іске қатысушы адамдарға азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы ережелері бойынша хабарлайды (ҚР АІЖКнің 246бабы).

Бірінші инстанция сотында азаматтық іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы мүмкін. Заң бұл жағдайда азаматтық іс бойынша іс жүргізуді ұйғарым шығарумен аяқтауды көздейді. ҚР АІЖКсі іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтаудың 2 (екі) нысанын белгілейді:

1) іс бойынша іс жүргізуді қысқарту (ҚР АІЖК-нің 20тарауы);

2) арызды қараусыз қалдыру (ҚР АІЖКнің 21тарауы). Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту және арызды қараусыз қалдыру институттар нормалары талап қою бойынша, ерекше талап қоюмен және ерекше өндірістер бойынша азаматтық істерге қолданылады.

Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту бұл заңмен көзделген негіздемелер бойынша іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтаудың бір нысаны және осы іс бойынша екінші рет сотқа жүгіну мүмкіндігін жоққа шығарады. ҚР АІЖК 247бабы іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың толық негіздемелерін көздейді, оларды цш топқа бөліп қарастыруға болады (З.Х.Баймолдина):

1азаматтық процестің құқыққа қайшы қозғалғанына, тұлғ анық талап қоюға құқығы жоқтығына сілтеме жасайтын мәнжайлар. Судья істі қозғау мәселесін шешу кезінде қателік жасап арызды (талап арызды) қабылдады, енді осы қателікті заңсыз қозғалған процесті қысқарту жолымен түзетуге жатады.

2өз еркілерін білдіру негізінде тараптар өзара құқық туралы дауды ерікті шешуге сілтеме жасайтын мәнжайлар.

3сот еркіне, тараптар еркіне байланысты емес, бірақ іс жүргізу кезінде басталған және оны қысқартуды белгілейтін мәнжайлар.

Іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың бірінші топ негіздемелеріне ҚР АШК 247бабының 1 және 2бөліктерінде көзделген мәнжайлар жатады:

• іс азаматтық сот ісін жүргізу төртібімен қарауға жатпауы (ҚР АІЖКі 247бабының 1бөлігі);

• сол тараптардың арасындағы сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі немес талап қоюшының өз талабынан бас тартуына немесе тараптардың бітімгершілік келісімін орныңтыруына байланысты іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы соттың ұйғарымы болса.

Осы мәнжайлар ҚР АІЖКі 153бабының 1 және 2бөлігінде және талап қою құқығының алғы шарты болып танылады.

Іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың екінші топ негіздемелеріне ҚР АІЖК-і бабының 3 және 4 бөліктерінде көзделген мәнжайлар жатады:

• талап қоюшы өз талабынан бас тартса және бас тартуды сот қабылдаса (ҚР АІЖК-і 247бабының 3бөлігі);

• тараптар бітімгершілік келісімін жасаса және оны сот бекітсе (ҚР АІЖК-і 247бабының 4бөлігі).

Іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың үшіншіі топ негіздемелеріне ҚР АІЖК-і 247бабының 5 және 6бөліктерінде көзделген мәнжайлар жатады:

• іс бойынша тараптардың бірі болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін даулы құқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жол бермесе (ҚР АІЖК-і бабының 5бөлігі);

• іс бойынша тарап ретінде әрекет жасайтын ұйым
қызметі тоқтатылуына және құқық мирасқорлары бол
мауына байланысты таратылса (ҚР АІЖКі 247бабының
6бөлігі).

Іс бойынша іс жүргізу сот ұйғарымымен қысқартылады. Іс бойынша іс жүргізу қысқартылған жағдайда сол тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге заң бойынша жол берілмейді.

Соттың іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарымына іске қатысушы адамдар жеке шагым беруге, ал прокурор жеке наразылық келтіруге құқылы.

Арызды қараусыз қалдыру бұл заңмен көзделген негіздемелер бойынша іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтаудың бір нысаны ж"өне осы іс бойынша екінші рет сотқа жүгіну мүмкіндігін жоққа шығармайды.

ҚР АІЖК 249 бабы іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың толық негіздемелерін көздейді, оларды ү ш топқа бөліп қарастыруға болады (З.Х.Баймолдина):

1 заңмен бекітілген талап қою құқығын жүзеге асыру тәртібін талап қоюшымен бұзуына сілтеме жасайтын мәнжайлар. Азаматтық іс қозғау кезінде соттан кеткен қателікті арызды қараусыз қалдыру нысаны ретінде заңсыз басталған процесті аяқтау жолымен түзеледі.

2 істің жүруіне әсер ететін және істі мәні бойынша шешуге тараптық немесе талап қоюшының (тараптар) кінәсі бойынша кедергі жасау мүмкін мәнжайлар. Бұл мәнжайлар іс қозғалған соң пайда болады.

3заңның тікелей көзделуімен осы процесте арызды қарау мүмкін еместікті куәландыратын мәнжайлар.

Арызды қараусыз қалдырудың бірінші топ негіздемелеріне ҚР АІЖКі 249бабының 14бөліктерінде көзделген мәнжайлар жатады. Оларға:

• талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін садтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жоғалмауы (ҚР АІЖК-і 249 бабының 1 бөлігі);

• арызды әрекетке қабілетсіз адам беруі (ҚР АІЖК 249 бабының 2 бөлігі);

• арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болуы (ҚР АІЖКі 249 бабының 3 бөлігі);

• осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бүрын қозғалған іс бар болуы жатады (ҚР АІЖКі 249 бабының 4 бөлігі).

Осы мәнжайлар ҚР АІЖКі 154бабының 1, 35 бөліктерінде көзделген және талап қою құқығын жүзеге асыру шарттары ретінде аталады.

Арызды қараусыз қалдырудың екінші топ негіздемелеріне ҚР АІЖК-і 249бабының 59беліктерінде көзделген мәнжайлар жатады. Оларға:

• тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың шешіміне беру туралы келісім жасалса және жауапкерден істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірілуі (ҚР АІЖКі 249 бабының 5бөлігі);

• өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген тараптар екінші шақыру бойынша сотқа келмеуі (ҚР АІЖК-і 249 бабының 6 бөлігі);

• өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе, ал жауап кер істі мәні бойынша қарауды талап етпеуі (ҚР АІЖК-і 249 бабының 7 бөлігі);

• өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамауы (ҚР АІЖК-і 249 бабының 8 бөлігі);

• талап арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпеуі жатады (ҚР АІЖКі 249бабының 9белігі).

Талап қоюшының не жауапкердің өтінімімен сот арызды қараусыз қалдыру жөніндегі өз ұйғарымының күшін жояды, егер тараптар өздерінің сот отырысында болмауының дәлелді себептерін растайтын дәлелдемелер ұсынса. Соттың осындай өтінімді қанағаттандырудан бас тартқан ұйғарымына жеке шағым берілуі мүмкін (ҚР АІЖК-і 250 бабының 4 және 5 бөліктері).

Арызды қараусыз қалдырудың үшіншіі топ негіздемелеріне ҚР АІЖК-і 249 бабының 10 бөлігінде және 290 бабында көзделген мәнжайлар жатады:

• егер құжатты иеленушіден көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі бағалы қағаздар бойынша құқықты қалпына келтіру туралы іс бойынша құжатқа өз құқығы жөнінде етініш түскенде. Өтініш жергілікті ақпарат құралдарықца (газет, теледидар) сотта осы істі қозғау туралы жарияланымнан бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілуі тиіс (ҚР АІЖК-і 249 бабының 10 бөлігі).

• егер істі ерекше іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде соттың қарауына жататын құқық туралы дау туындаса, сот істі талап қою тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады. Іс талап қою тәртібімен оның қозғалу орны бойынша қаралады. Арыз беруші мен басқа да мүдделі адамдарға талап қою талаптарды сот белгілеген мерзімде орындау қажет екендігі түсіндіріледі. Сот ұйғарымы белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда арыз қаралмай қалдырылады, ал мүдделі адамдарға олардың жалпы негіздерде талап қою құқығы түсіндіріледі (ҚР АІЖК-і 290 бабының 2 және 3 бөліктері).

ҚР АІЖКтің 249бабының 1), 5), 8), 9) тармақшаларында көзделген мәнжайлар болған жағдайда оны сотта қарауға әзірлеу кезінде іс бойынша іс жүргізудің тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы не арыздың қараусыз қалдырылуы мүмкін. Сондықтан сотта іс қарау кезінде және сотта істі қарауга эзірлеу кезінде арызды қараусыз қалдырылуы мүмкін.

ҚР АІЖК-і 250 бабының 3 бөлігіне сәйкес арызды қараусыз қалдыруға негіз болған мәнжайлар жойылғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп бойынша сотқа тағы да арыз беруге құқылы.

Осымен арызды қараусыз қалдыру іс бойынша іс жүргізуді қысқартуынан айырмашылығы негіздері мен құқықтық салдарында.

Іс бойынша іс жүргізу арызды қараусыз қалдырган жагдайда соттың цйгарытытен аяқталады. Бұл ұйғарымда сот ҚР АІЖКі 249бабында аталған істі қарауға кедергі келтіретін мәнжайларды қалай жоюды көрсетеді.

Талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе арыздың қараусыз қалдыра отырып, сот ұйғарымда мемлекеттік бажды қайтаруды және талапты қамтамасыз ету жөнінде қолданылған шаралардың тоқтатылатындығын көрсетеді (ҚР АІЖКі 250бабының 1бөлігі).

Іске қатысушы, сот отырысына келмеген тараптар мен басқа адамдарға іс бойынша арыздың қараусыз қалдырылуы туралы сот ұйғарымының көшірмесі ұйғарым шығарылғаннан бастап 5 (бес) күннен кешіктірілмей жіберіледі (ҚР АІЖКнің 254бабы).

Соттың арызды қараусыз қалдыру жөніндегі ұйғарымына жеке шагым берілуі немесе жеке наразылық келтірілуі мүмкін (ҚР АІЖКі 250бабының 2бөлігі, 344бабының 1бөлігі).

6сұрақ. Сот отырысының хаттамасы

Бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалатын әрбір жеке іс жүргізу әрекеті туралы хаттама жасалады (ҚР АІЖКнің 255бабы).

Осыған байланысты, соттар істі сот талқылауына дайындау бойынша судьяның іс жүргізу әрекеттерінің хаттамасын жасауға міндетті (мәлімделген тараптардың мәні бойынша талап қоюшыдан жауап алу; жауапкер тарапынан болуы мүмкін қарсылықтарды айқындау; қосымша дәл елдемел ер беру турал ы ұсыныстар және т. б.).

Сот отырысының немесе отырыстан тыс жасалған жеке іс жүргізу өрекетінің хаттамасы істі қараудың немесе жеке іс жүргізу әрекетін жасаудың барлық елеулі сәттерін көрсетуге тиіс (ҚР АІЖКі 256бабының 1бөлігі).

Сот отырысының хаттамасы сотта істі қарау кезінде жасалатын іс жүргізу әрекеттері көрінетін негізгі процессуалдың құжаттардың біреуі. Істе сот отырысының хаттамасы болмағанда бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға шағым, наразылық дәлелдеріне қарамастан жойылуға тиіс (ҚР АІЖКі 366 бабының 1 бөлігі 6тарауы).

ҚР АІЖКі 256бабының 2бөлігіне сөйкес сот отырысының хаттамасында:

1) сот отырысының жылы, айы, күні және орны;

2) сот отырысы басталған және аяқталған уақыт (ҚР АІЖК-і 180бабы, 216 бабының 3 бөлігі);

3) істі қарайтын соттың атауы, сот отырысы судьясының, хатшысының және сот приставының тегі мен аты-жөні (ҚР АІЖК-і 184 бабының 1 бөлігі);

істің атауы (ҚР АІЖКнің 180бабы);

іске қатысушы адамдардың, өкілдердің, куәлардың, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың келгені туралы мәліметтер (ҚР АІЖКнің 181, 187188 баптары);

іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, сондай-ақ аудармашыға, сарапшылар мен мамандарға олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінің түсіндірілгені туралы мәліметтер (ҚР АІЖКнің 182, 185, 191 баптары);

төрағалық етушінің өкімдері және сот отырысы залында соттың шығарған ұйғарымы (ҚР АІЖК-нің 193, 198, 204, 214баптары және т.б.);

іске қатысушы адамдардың және өкілдердің арыздары, өтінімдері және түсініктемелері (ҚР АІЖК-тің 186 бабы);

куәлардың айғақтары, сарапшылардың өз қорытындыларын ауызша түсіндірулері, мамандардың түсіндірмелері (ҚР АІЖКнің 190, 194, 196, 197, 199, 206, 207 баптары);

құжаттардың жария етілуі туралы мәліметтер, заттай дәлелдемелерді қараудың, дыбысжазбаларды тыңдаудың, бейнежазбаларды, киноматериалдарды көрудің деректері (ҚР АІЖКнің 19, 198, 200, 201205баптары);

ҚР АІЖК-тің 57 бабы негізінде іске қатысушы мемлекеттік органдар мен жергілікті өзінөзі басқару органдарының қорытындылары туралы мәліметтер (ҚР АІЖК-тің 209 бабы);

сот отырысы залында болған сұрақтар мен жауаптардың мазмұны (ҚР АІЖКнің 15, 47баптары);

сот жарыссөздерінің мазмұны (ҚР АІЖКтің 211 бабы);

шешім мен ұйғарымдардың мазмұны жария етілгені және түсіндірілгені, оларға шағым беру тәртібі мен мерзімі түсіндірілгені туралы мәліметтер (ҚР АІЖК-нің 216, 232 баптары);

іске қатысушы адамдарға хаттамамен танысу және оған ескертулер беру құқықтарының түсіндірілгені туралы мәліметтер (ҚР АІЖКтің 258, 259баптары);

14) хаттаманың жасалған күні көрсетіледі.

Хаттаманы сот отырысының хатшысы жасайды. Сот отырысының хатшысы осы сотта азаматтық іс қаралатын тілде хаттаманы жүргізеді. Сөздер мен сөйлемдерді қысқартуға жол берілмейді. Тараптардың, үшінші тұлғалардың, сондай-ақ іске қатысушы басқа да адамдардың өз түсініктемелерін, куәнің өзінің айғақтары, сарапшылардың және мамандардың өздерінің түсіндірулері хаттамаға енгізіледі.

Сот отырысының хаттамасына сотта іс қарау басталған кезден шешім немесе қорытынды ұйғарым шығарылғанға дейін іс жүргізу өрекеттері жасалған дәйектілікте жазбалар жасалады. Әрбір сот отырысы бойынша немесе жеке іс жүргізу әрекеті бойынша жеке хаттама жасалады (ҚР АІЖКі 257бабы 1 және 2баптары).

Хаттама заңмен көзделген әдістер арқылы сот хатшысьшен дайындалуы мүмкін, яғни қолмен жазылуы, машинкага немесе компьютерде басу әдісімен дайындалуы мүмкін. Хаттам анық толық жасалуын қамтамасыз ету үшін дыбысжазба құралдары және (немесе) стенографиялау пайдаланылуы мүмкін. Стенограмм анық және (немесе) дыбысжазб анық мазмұны сот отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс. Стенограмма сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі, ал оның дыбысжазбасы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін істе сақталады. Хаттамада осы құралдардың қолданылғаны туралы жазба жасалады (ҚР АІЖКі 257бабының 3бөлігі).

Хаттама жасауда жаңа техника құралдарын қолдану мемлекет тарапынан соттарды материалдыңтехникалық қамтамасыз етумен байланысты.

Іске қатысушы адамдар мен өкілдер хаттаманың қ андай да бір бөлігін жария ету туралы, өздері іс цшін елеулі деп есептейтін мэнжайлар жөніндегі мөліметтерді хаттамаға енгізу туралы өтінім жасауға құқылы.

Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін 3 (үш) күннен кешіктірілмей, ал жеке іс жүргізу өрекеті туралы хаттама ол жасалганнан кейінгі келесі күннен кешіктірілмей цайындалып, оған қол қойылуға тиіс. Күрделі істер бойын ша сот отырысының хаттамасын дайындау және оған қол қою бұдан да ұзақ мерзімде, бірақ сот отырысы аяқталғаннан кейін 10 (он) куннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы мүмкін (ҚР АІЖКі 257бабының 5бөлігі).

Хаттамаға төрағалық етуші және хатшы қол қояды. Барлық өзгерістер, түзетулер, толықтырулар хаттамада айтылуға және төрағалық етуші мен хатщы қол қоюымен куәландырылуға тиіс (ҚР АІЖК-і 257 бабының 6 бөлігі). Сот отырысында іс қарау кезінде жасалған барлық іс жүргізу әрекеттерінің толықтығы мен дұрыстығы үшін төрағалық етуші жауапты болады.

ҚР АІЖКнің 258 және 259баптары сот отырысының хаттамасына ескертпелер беру және оларды қарау төртібін реттейді.

Тараптар, үшінші тұлғалар және басқа да іске қатысушы адамдар хаттамамен танысуға және оған қол қойылған кезден бастап 5 (бес) күн ішінде хаттамада жіберілген қателіктер мен кемістіктерді көрсете отырып, оған жазбаша түрде ескертпелер беруге құқылы. Хаттамаға жасалған ескертпелер олардың берілген күнінен бастап 5 (бес) күн ішінде қаралуға тиіс. Егер бұл мерзім дәлелді себептермен өткізіліп алынса, сот заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес қалпынакелтіреалады(ҚРАІЖКі128бабының2бөлігі). Хаттамаға жасалған ескертпелерді оған қол қойған төрағалық етуші қарайды, ол ескертпелермен келіскен жағдайда олардың дұрыстығын куәландырады. Төрағалық етуші берілген ескертпелермен келіспеген жағдайда хаттамаға ескертпелер берген адамға хабарлана отырып, олар сот отырысында қаралады. Ескертпелерді қарау нөтижесінде төрағалық етуші олардың дұрыстығын куәландыру туралы не олардың толық немесе ішінара қабылданбауы туралы ұйғарым шығарады. Ескертпелер барльгқ жағдайда іске қоса тіркеледі. Ескертпелерді қарау нөтижесі бойынша қабылданған ұйғарымға апелляциялық немесе қадағалау тәртібі бойынша шағым беруге болады.

Іс бойынша төрағалық етуші әлдебір объективті себептермен хаттамаға жасалған ескертпелерді қарай алмаған жағдайда, олар істің материалдарына қоса тіркеледі (ҚР АІЖКі 259бабының 4бөлігі). 206

 

11 Тақырып. Бірінші сатыдағы соттың қаулылары

 

19тақырып. Бірінші сатыдағы сот актілері (ұғымы мен түрлері)

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 21 бабының 1 бөлігіне сәйкес азаматтық істер бойынша сот шешім, қаулы, ұйғарым және бұйрық ретінде сот актілерін шығарады.

Бірінші сатыдағы сот актілері жазба нысанында жасалынып, сот билігін жүзеге асыратын актілер1.

Сот актісі бұл құқықтық қолдану актісі. Мұнда құқық туралы дау немесе өзге даулы мәселені шешу үшін іс жүргізуде сотпен материалдың және процессуалдың құқық нормаларын қолданғанның аяқталғаны және қорытындысы көрінеді.

Сот актілеріне тән белгілер:

- құқьгқ нормалары негізінде және оларға сәйкес қолданумен жасалады;

- нақты бір жағдайда қолданылады;

- ресми акт болып танылатын құжат.

Сот актілердің басқа құқықтық қолдану актілерінен ерекшелігі сот қызметімен, сот төрелігін жүзеге асырумен сипатталады. Яғни сот актісі:

сот органының ерікті (жігерлі) актісі;

- тараптардың және үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған;

- істі дұрыс шешуді және оны шығару талаптарын сақталуын кепілдік ететін белгіленген процессуалдың тәртіпте шығарылады;

- белгіленген дәйектілікте қабылданады (өз құрылымы бар);

- ҚРсы аумағында тұратын немесе орналасқан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болады.

ҚР АІЖКі бойынша іс жүргізу құжаттары ретінде бірінші сатыдағы сот қабылдайтын актілердің төрт түрі бар:

1) сот қаулысы;

2) сот шешімі;

3) сот ұйғарымы;

4) сот бұйрығы.

Сот қаулысы бұл іс жүргізу кезінде азаматтық істі қарап және шешкен соң сот шыгаратын акт. Азаматтық процесте бірінші сатыдағы сот қаулысы сотпен (жекедара, алқа құрамда) жасалатын іс жүргізу әрекеттерін ресімдейтін және тікелей заң зардаптарын туғызатын сот актісі. Бірінші сатыдағы соттың барлық іс жүргізу қызметінің нысаны бойынша ҚР АІЖК кейбір нормаларында "қаулы" үғымы қолданады. Мысалы, Г.В. Воронков "азаматтық процесте сот актілері" үғымын қолдануды ұсынады1. ҚР АІЖКі.

Сот шешімі істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы (ҚР АІЖК 2176. 16.). Соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан тек Конституциямен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады. Әр азаматтық істі мәні бойынша қарағаннан кейін сот шешім шығарумен аяқтайды. Сонымен сот жарыссөздерінен кейін немесе прокурор іс бойынша қорытынды бергеннен кейін сот шешім шығарады. Шешім шығарған кезде сот дәлелдемелерге баға береді, іс үшін маңызы бар қандай мәнжайлардың аньщталғанын және қандай мәнжайлардың анықталмағанын, тараптардың құқықтық қатынастарының қандай екенін, осы іс бойынша қандай заң қолданылуға тиісті екенін және қойылған талаптық қанағаттандырылуға жататынын жатпайтынын айқындайды (ҚР АІЖКі 219 бабының 1 бөлігі).

Әрбір сот шешімі Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Сот шешімі мынандай 4 (төрт) бөліктерден тұрады:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 2090; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.057 сек.