Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сот актілерін орындау сатысы. 17 страница




- материалдың құқық нормаларының қолданылуымен түсіндірілуінің дұрыстығын;

істі қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексереді.

Апелляциялық сатыдагы сот құрамы. кем дегенде 3 (цш) судъядан тұрады, біреу төрагалық етуші болады.

Апелляциялық сатыдағы судья апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірілген тұлғ анық өтініші бойынша бірінші сатыда қабылданған, ҚР АІЖКтің 237бабында аталған істер бойынша шешімдерден басқа, шешімнің орындалуын тоқтата тұрады (ҚР АІЖКтің 343бабы).

Істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде сот бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін толық көлемінде тексереді (ҚР АІЖК 345 бабының 1 бөлігі).

Апелляциялық сатыдағы сот мәлімделген талап қою шегінде жаңа фактілерді анықтап, тараптық дәлелді себептер бойынша бірінші сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкіндігі болмаған жаңа дәлелдемелерді зерттей алады (ҚР АІЖК-і 335 бабының 3 бөлігі және 345 бабының 2 бөлігі).

Апелляциялық сатыдағы сот шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыруы (ҚР АІЖК-нің 336 бабы), қайтаруы (ҚР АІЖК-нің 337 бабы) мүмкін.

Апелляциялық шағым берген тұлға апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін одан бас тартуға, ал наразылық келтірген прокурор немесе жоғары тұрған прокурор наразылықты кері қайтарып алуға құқылы. Одан кейін шешімге басқа адамдар шағым жасамаса немесе жоғары тұрған прокурор наразылық келтірмесе, сот шағымнан бас тартуды және наразылықты қайтарып алуды қабылдау туралы апелляциялық іс жүргізуді қысқартатын қаулы шығарады.

Іс апелляциялық сатыда ол бірінші сатыдагы соттан келіп тускен күннен бастап 1 (бір) айлық мерзімнен кешіктірілмей қаралуга тиіс (ҚР АІЖ-тің 349бабы).

Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу ҚР АІЖК-тің 41 тарауында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырылады. Апелляциялық сатыдағы соттың отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор міндетті түрде қатысады.

Апелляциялық сатыдағы сотта істі талқылау бөлімдері:

сот отырысын ашу. Төрағалық етуші сот отырысын ашып, қандай іс, кімнің шағымы немесе наразылығы бойынша және қай соттың шешімі қаралып отырғанын, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы соттың құрамын және егер істің қаралуына қатысып отырса, прокурорды, сарапшыларды, мамандарды; аудармашыларды хабарлайды.

Іске қатысушылардың келуін тексеру. Төрағалық етуші іске қатысушы адамдардыңқайсысы келгенін анықтайды, келген адамдардың кімдер екенін айқындайды, өкілдердің өкілеттігін тексереді.

Іске қатысушы адамдарга олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін тусіндіреді.

Іске цатысушы адамдардың сот отырысына келмеуінің салдары. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланбаған іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады. Содан кейін іске қатысушыларға соттың қайта өткізілетін отырысында істің қаралу уақыты мен орны жайында тиісінше хабарлайды. Бұл жағдайда істі талқылау басынан бастап жүргізіледі.

Соттың іске цатысушы тұлгалар арыздарын шешуі. Іске қатысушы тұлғалардың апелляциялық сатыдағы істі қарауға байланысты барлық мәселелер бойынша арыздармен өтініштерін сот іске қатысушы басқа тұлғалардың пікірін тықдағаннан кейін шешеді. Мәлімделген өтінімдерді шешу ҚР АІЖКтің 186бабының ережелері бойынша жүргізіледі, бұл орайда апелляциялық сатыдағы соттың өтінімдері бірінші сатыдағы сот қанағаттандырмағандығын негізге алып, оны қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жок.

Істі мэні бойынша қарау. Істі мәні бойынша қарау судьяның шағым жасалған шешімнің мәнжайы, апелляциялық шағымның, наразылықтық дәлелдері және ісматериалдары туралы баяндамасымен басталады. Соттың отырысына келген іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің түсініктемелерін тықдайды. Апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірген тұлға және оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Егер екі тарап та шешімге шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді. Тараптардың түсініктемелерінен кейін сот істе бар және тараптар жаңадан табыс еткен, дәлелді себептермен олар бірінші сатыдағы соттың қарауына табыс ете алмаған дәлелдемелерді тексереді. Сотқа қосымша дәлелдемелер табыс еткен тұлғалар олардың қандай жолмен алынғанын және қосымша дәлелдемелер табыс ету қажеттігі қандай мәнжайларға байланысты туындағанын көрсетуге міндетті. Апелляциялық сатыдағы сот іске қатысушы, сот отырысына келмеген адамдардың түсініктемелерін, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сот отырысына шақырылмаған куәлардың айғақтарын жария етуге құқылы. Егер бұл түсініктемелер мен айғақтарға тараптар дау шығарса, аталған адамдар апелляциялық сатыдағы сотқа шақырылуы мүмкін.

Сот жарыссөздері жэне прокурордың қорытындысы. Іс мәні бойынша қаралып біткен соң төрағалық етуші тараптар мен өкілдерден олардың жасайтын өтінімдері мен толықтырулары туралы сұрайды. Сот бұл өтінімдерді шешіп, содан соң жарыссөздеріне көшеді. Сот жарыссөздері ҚР АІЖК-тің 211 бабында көзделген ережелер бойынша өткізіледі, бұл орайда апелляциялық шағым немесе наразылық берген адам бірінші болып сөйлейді. Шешімге екі тарап та шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді. Сот жарыссөздерінен кейін прокурор іс бойынша қорытынды береді. Содан соң сот соттың актісін қабылдауға арналған кеңесу бөлмесіне кетеді.

Апелляциялъщ цаулы шыгару жэне оны жариялау. Апелляциялық саты істі қарау нөтижелері бойынша сот актісін қаулы түрінде шығарады (ҚР АІЖК-тің 359 бабы). Апелляциялық қаулы кеңесу бөлмесінде шығарылып, оған судьялардың барлық құрамы қол қояды және судьялар кеңесу бөлмесінен қайтып келген соң, отырыс залында жарияланады. Апелляциялық сатыдағы сот істі қарағаннан кейін оны бірінші сатыдағы сотқа қайтарады (ҚР АІЖКтің 369бабы).

Апелляциялық сатыдағы сот келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

1) шешімді езгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырмай тастау туралы;

2) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерту туралы;

3) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығару туралы (ҚР АІЖКтің 362бабы);

4) ҚР АІЖКтің 364бабында көзделген материалдың немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда шешімнің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберу туралы (ҚР АІЖКтің 365 және 366баптары);

5) ҚР АІЖК-тің 247 және 249 баптарында көзделген негіздер бойынша шешімнің толық немесе оның бөлігіндегі күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді қысқарту немесе арызды қарамай тастау туралы (ҚР АІЖК-тің 367 бабы).

Апелляциялық сатыдагы соттың қаулылары қабылданган күннен бастап заңды кцшіне енеді (ҚР АІЖК-тің 368 бабы).

 

 

 

15 Тақырып. Істі қайта қараудың қадағалау тәртібі Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау

Қадағалау өндірісі азаматтық іс жүргізудің дербес сатысы. Сотта қадағалау тәртібімен заңды күшіне енген сот актілері қайта қаралуға жатады.

Қадағалау тәртібімен ҚР АІЖК-нің 387 бабында көзделген себептер мен негіздер болған жағдайда ғана, ҚР АІЖК-тің 385 бабының екінші бөлігінде аталған прокурорлар және ҚР АІЖК-тің 386бабында аталған соттар тиісті соттан тексеру үшін азаматтық істі талап етуі мүмкін. Соттың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына және сот бұйрықтарына тараптар және апелляциялық шағымдар беруге құқығы бар басқа да іске қатысушылар қ адагалау шагымдары, өтінімдері, сол сияқты ҚР Бас Прокуроры, оның орынбасарлары және облыстардың прокурорлары мен оған теңестірілген прокурорлар өз құзыреті шегіндегі бастамасы істерді талап етуге (қадагалау наразылыгы) себеп болып табылады.

Материалдың нормалардың не іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады.

Соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын, егер ҚРның Конституциялық Кеңесі оларды шығаруда негізге алынған акт конституциялық емес деп таныған жағдайда олар қадағалау төртібімен қайта қаралуы мүмкін (ҚР АІЖКі 387бабының 4бөлігі).

Қадағалау тәртібімен уайта қаралатын сот актілері: 1) бірінші сатыдағы соттың шешімдері;

2) апелляциялық және қадағалау сатысындағы соттардың қаулылары;

3) бірінші сатыдағы соттың істің одан әрі жылжуына кедергі келтіретін ұйғарымдары;

4) істе тараптар болып табылмайтын адамдардың мүдделерін қозғайтын сот актілері сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.

Қадағалау тәртібімен қайта қарауға жатпайтын сот актілері:

- апелляциялық және қадағалау сатысындағы соттардың қаулыларын қоспағанда, бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енген сот бұйрықтары, ұйғарымдары;

- заңды күшіне енген, талап сомасы бес мық айлық есептік көрсеткіштен кем болған жағдайда жеке тұлғалардың және талап сомасы жиырма мық айлық есептік көрсеткіштен кем болған жағдайда заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты шешімдер, ұйғарымдар (қаулылар) ҚР Жоғарғы Сотының қадағалау алқасында қайта қарауға жатпайды (ҚР АІЖК-сі 384 бабының 2 және 3 бөлігі).

ҚР Жоғарғы Соты қадағалау алқасының қаулылары қабылданған қаулының адамдардың өміріне, денсаулығына не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігіне орны толмас ауыр салдарларға әкеп ссщтыруы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты ерекше жағдайларда қайта қаралуы мүмкін.

Қадағалау тәртібімен заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарайтын соттар ҚР АІЖКнің 386бабында көрсетілген. Онда:

1) Облыстық және оган теңестірілген соттың қадаеалау алқасы мына соттардың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарайды:

аудандық және оларға теңестірілген соттардың шешімдерін, қаулыларын, ұйғарымдарын;

облыстық және оларға теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының апелляциялық қаулыларын қадағалау шағымдары, прокурордың қадағалау наразылықтары бойынша.

2) Қазақстан Республикасы. Жогареы Сотының қадагалау алқасы мына соттардың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарайды:

- бірінші сатыдағы соттардың шешімдерін, қаулыларын, ұйғарымдарын;

- облыстық және оларға теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының апелляциялық қаулыларын;

- облыстық және оларға теңестірілген соттың қадағалау алқасының қаулыларын;

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының істерді апелляциялық тәртібімен қарау кезінде шығарған қаулыларын қадағалау шағымдары, ҚР Бас прокурордың қадағалау наразылықтары бойынша.

3) Қазақстан Республикасының Жогаргы Сотының жалпы отырысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау алқасының ҚР АІЖКтің 384бабының 2 бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қаулыларын ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымы немесе ҚР Бас прокурордың наразылығы бойынша қайта қарайды.

Соттың шешімі, ұйғарымы, қаулысы заңды кцшіне енген щннен бастап 1 (бір) жыл ішінде қадагалау шагымын, наразылыгын беруге болады. Соттың заңды күшіне енген шешімі, ұйғарымы, қаулысы адам мен азаматтық ҚРның Конституциясында баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін болса және осы сот актілерін ҚР Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп таныса әр кезде (мерзіммен шектелмейді) қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін (ҚР АІЖКтің 388бабы).

Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы, облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы заңды күшіне енген шешімді, қаулыны, ұйғарымды қайта қарау туралы ұсынымды қарау үшін іспен,. шағыммен және оған қоса тіркелген материалдармен бірге тиісті қадағалау сатысына жібереді.

Қадағалау сатысындағы сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің шағымы (наразылығы) бойынша қайта қаралып отырғанын, сот құрамына кімдердің кіретінін және сот отырысы залында іске қатысушы адамдардан кім келіп отырғанын жариялауымен ашылады. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, шағым (наразылық) берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар бойынша шағым, наразылық дәлелдері шегінде бірінші, апелляциялық сатыдағы соттар шығарған сот қаулыларының зандылығы мен негізділігін тексереді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Бас Прокуроры істі сұратып алумен бір мезгілде қадағалау төртібімен тексеру үшін сот актісінің орындалуын үш айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы (ҚР АІЖКтің 396бабы).

Істі қарау кезінде қадагалау сатысының сотына прокурордың қатысуы міндетті (ҚР АІЖК-і 398 бабының 1бөлігі).

Шағым (наразылық) беруші адам, өз пікірі бойынша, шағым жасалып отырған шешімнің заңсыз, негізсіз болып табылатынына себептер мен дәлелдерді айтып береді. Содан кейін төрағалық етуші сот белгілеген тәртіппен іске қатысушы басқа адамдарға сөз береді. Сотқа қатысушы адамдар сөз сөйлегеннен кейін прокурор іс бойынша қорытынды жасайды.

Қадағалау тәртібі бойынша қадағалау шағымды неме се наразылықты қарайтын сот алқасы кеңесу бөлмесінде келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды (наразылықты) қанағаттандырмай тастайды;

- ҚР АІЖКнің 387бабында көзделген негіздердің болмауына байланысты істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы;

- бішнші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және істі бірінші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді;

- бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және талап арызды қарамай тастайды не іс бойынша іс жүргізуді қысқартады;

- іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;

- бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы соттың шешімін өзгертеді немесе оның күшін жояды, материалдың құқық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады (ҚР АІЖК-і 398 бабының 3 бөлігі).

Қадағалау төртібімен сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының күші жойылғаннан кейін іс жалпы төртіппен қаралуға тиіс. Алдындағы апелляциялық төртіппен немесе қадағалау тәртібімен күші жойылуына байланысты шығарылған соттың қайталама шешіміне, ұйғарымына, қаулысына шағым, наразылық, бірінші сот актісінің күшін жойған себептерге қарамастан, жалпы негіздерде мәлімделуі (енгізілуі) мүмкін (ҚР АІЖКтің 403бабы).

Қадағалау сатысындағы сот қаулы шығарады және ол шыгарган күннен бастап заңды кцшіне енеді.

Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы ҚР АІЖКтің 360бабында апелляциялық сатыдағы актілер үшін бел. гіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысына іс бойынша шешім қабылдаған барлық судьялар қол қояды (ҚР АІЖКі 399бабының 1бөлігі).

Занды күшіне енген сот актілерін

жаңадан анықталған мәнжайлар бойынша қайта

қарау жөнінде іс жүргізу

ҚР АІЖКтің 404409баптары заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мәнжайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу тәртібін реттейді.

Азаматтық іс жүргізу құқығы істі сотта қадағалау тәртібімен қатар заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын қайта қараудың екінші нысаны болып табылатын жаңадан анықталған мәнжайлар бойынша істерді қайта қарау ерекше тәртібін көздейді. Осы екі нысанның өзара айырмашылығын процессуалистер ең бастысы істерді қайта қараудың негіздері мен әдістері бойынша жүргізеді1.

Сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын жаңадан анықталған мәнжайлар бойынша қайта қарау азаматтық процестің дербес сатысы.

ҚР АІЖКсі бойынша заңды күшіне енген шешіыдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мәнжайлар бойынша қайта қарау негіздері болып мыналартабылады:

1) арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі бола алмаған іс үшін елеулі мәнжайлар;

2) заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз шешім шығаруға әкеп соңқан, куәнің көрінеу жалған жауаптары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;

3) заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың, не олардың өкілдерінің қылмысты әрекеттері немесе судьялардың сол істі қарау кезінде жасаған қылмысты әрекеттері;

4) белгілі бір шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығаруға негіз болған сот шешімінің, үкімінің немесе қаулысының не өзге де орган қаулысының күшін жою;

5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің соттың сот актісін шығаруы кезінде қолданған заңын немесе өзге нормативтікқұқықтық актісін конституциялық емес деп тануы (ҚР АІЖКтің 404бабы).

Сондыңтан мұнда жаңа емес, ал жаңадан анықталған мәнжайлар туралы айтылады, ярни сотта іс қарау кезінде болған іс үшін елеулі мәнжайлар туралы, бірақ арыз берушіге және сотқа белгілі болмаған және белгілі бола алмаған.

Жаңадан анықталған мәнжайлар — бұл сотта істі қарау кезінде болған және оны шешу үшін елеулі маңызы бар, арыз беруші не сотқа белгілі болмаған және белгілі бола алмаған,сондай-ақ осы іске қатысушы адамдардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына, өзгеруіне немесе қысқартылуына әсер ететін заңды фактілер.

Мысалы, заңды мүрагерлік тәртіп бойынша сот мүлікті бөлген соң қайтыс болған адамның өсиеті анықталуы.

Егер де жаңадан анықталған мәнжайлар сотқа шешім шығару кезінде белгілі болған да, онда ол сол іс бойынша соттың қорытынды шешіміне әсерін тигізуші еді.

Егер де соттың шығарған шешімінің негізділігіне әсер тигізетін жаңа дәлелдемелер анықталса, онда ол істі қадагалау тәртібі бойынша қайта қарауға негіз болып табылады.

Сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын жаңадан анықталған мәнжайлар бойынша қайта қарауға негіз болған мәнжайлар дәлелдену қажет, себебі осы 264сот актілерін қайта қарау туралы арызды шешетін сот қайта қарау үшін негіз баржоғын анықтауы тиіс.

Сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын жаңадан анықталған мәнжайлар бойынша қайта қараудың және қадағалау тәртібі бойынша қайта қараудың бірбірінен мынандай айырмашылығы бар:

- қайта қарау негіздері бойынша (ҚР АІЖК-нің 387 және 404 баптары);

- қайта қарау объектісі бойынша;

- істі қайта қарау туралы сұрақты тудыруға құқығы бар тұлғалар бойынша;

- істі қайта қарайтын сот өкілеттігі бойынша;

істі қайта қараудың процессуалдың төртібі бойынша1. Сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын жаңадан анықталған мәнжайлар бойынша осы сот актілерін шығарған сот қайта қарайды, ал қадағалау тәртібі бойынша шығарған сот актісін қайта қарауды өр кезде жоғары тұрған сот жүзеге асырады.

Жаңадан анықталған мәнжайлар бойынша қайта қарау пәні ретінде, әдетте, бірінші сатыдағы сот шешімі, істі қысқарту туралы (яғни іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы немесе арызды қараусыз қалдыру туралы) ұйғарым, сондай-ақ қайта қарау сатыдағы соттың қаулылары табылады. Сонымен соттың бұйрығы мен жеке ұйғарымы жаңадан анықталған мәнжайлар бойынша қайта қарау пәніне жатпайды, себебі мұндай сот актілерін ҚР АІЖКнің 44тарауында заң шығарушы көздемеген.

Істі жаңадан аньщталған мәнжайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу төртібі ҚР АІЖКтің 406409баптарында көзделген ережелермен реттеледі.

Жаңадан анықталған мәнжайлар бойынша істі қайта қарау жөнінде іс жүргізуді қозғау құқығы іске қатысқан (тараптар, үшінші тұлғалар және т.б.) адамдарға, сондай-ақ прокурорға берілген.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 1612; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.