Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сот актілерін орындау сатысы. 8 страница




Дәлелдемелердің қатыстылығы тәртібінің мәні іске қатысты болатын дәлелдемелерді сот қатыстыруы және зерттеуі тиіс.

Іске қатысты дәлелдемелерді сотпен қатыстыру құқығы ҚР АІЖК-і 69 бабының 2бөлігінде белгіленген. Дәлелдемелер мәні оның іске қатыстылығымен анықталады. Іске қатысты дәлелдемелердің жиынтығы материалдың және процессуалдың құқықтар нормаларымен анықталады. Дәлелдемелердің іске қатыстылығын судья өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.

2. Дәлелдемелерге жол беру бұл нақты азаматтық істер талқылау процесінде (куәнің айғақтары, заттай дәлелдемелер және т.б.) дәлелдеу құралдарын қолдануда заңмен белгіленген шектеулер. Бұл заң бойынша белгілі бір тәсілдермен (мысалы, жазбаша дәлелдемелермен) расталатын істің мәнжайын басқа дәлелдеу тәсілдерінің қандайымен болса да растауға болмайды.

Заң бойынша белгілі (тараптар және үшінші тұлғалардың түсініктемелері, куәлар айғақтары, жазбаша және заттай дәлелдемелер, сарапшының қорытындысы, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары және өзге де құжаттар) бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мәнжайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес (ҚР АІЖКі 68бабының 2бөлігі).

Кейбір жағдайларда азаматтық процесте өзге де мәнжайлар заңның тікелей белгілеуі бойынша әртүрлі дәлелдемелермен дәлелденуге тиіс емес. Мысалы, меншік құқығы куәлар айғақтарымен дәлелденбейді, себебі олар тек меншік туралы сәйкесті құжат (сатып алу сату шарты) ұсынуы бойынша; неке қатынасын куәлар айғақтарымен дәлелдеуге болмайды, себебі ол тек некеге тұру туралы куәлікпен рұқсат етіледі.

Нақты деректер (деректер жэне деректер туралы мәліметттер) заң талаптарын бцза отырып:

- іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру;

- оларды ығыстыру арқылы;

- істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық процестің өзге де ережелерін бұзатын болса, онда мұндай дәлелдемелерге жол беруге болмайды.

Оны жеке қарастыратын болсақ:

күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секілді өзге де заңсыз ісәрекеттерді қолдану;

оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жақылуын пайдалану;

осы азаматтық іс бойыншаіс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның іс жүргізу ісәрекетін жүргізу;

қарсылық білдіруге жататын адамның іс жүргізу ісәрекетіне қатысу;

іс жүргізу ісәрекетінің тәртібін айтарлықтай бұзу;

белгісіз көзден немесе сот отырысында аньщтала алмайтын көзден;

дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдана отырып алынған болса, олар нақты деректердің растылығына өсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса, оларды сот дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол бермейді(ҚРАІЖК-і б9 бабының 1 бөлігі).

Іс бойынша іс жүргізу кезінде нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкіндігін сот:

- өз бастамашылығы бойынша;

- іске қатысушы (тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор) тұлғалардың өтініші бойынша белгілейді.

Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңдың күші жоқ деп танылады және сот шешімінің негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мәнжайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды (ҚР АІЖКі 69бабының 3бөлігі).

Дәлелдемелердің жарамдылығы оларды алған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес белгіленеді (ҚР АІЖКі 4бабының 3бөлігі).

3. Дәлелдемелердің растығы соттың тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыңқа сәйкес келетіні.

Дәлелдемелердің қатыстылығы және оған жол беру тәртібіне сәйкес дәлелдемелердің растығы анықталады. Дәлелдемелердің растығы сотта іс жүргізу кезінде белгіленеді.

Біріншіден, рас дәлелдемелер сапалы ақпарат деректерінен алынуы қажет.

Екіншіден, дәлелдемелердің растығы бірнеше дәлелдемелерді бір-бірімен салыстыру арқылы анықталады.

Үшіншіден, іс бойынша барлық дәлелдемелерді бағалау арқылы дәлелдемелердің растығын анықтауға болады.

Азаматтық процесте дәлелдемелердің растығын анықтауда іс бойынша тараптар және (немесе) өкілдер белсенді қатысуы керек.

4. Дәлелдемелердің азаматтық істі шешу үшін жеткіліктігі. Егер дәлелдемелердің қатыстылығы, оған жол беру, оның растығы азаматтық процестің кез келген сатысында бағаланатын болса, онда дәлелдемелердің азаматтық істі шешу үшін жеткіліктігі негізгі істі шешу кезінде анықталады. Әрбір азаматтық іс бойынша дәлелдемелердің жеткіліктігі жеке сотпен бағаланады. Әртүрлі жағдайларға лайықты болатын дәлелдемелердің жеткіліктігі жөнінде біржақты кеңес бере алмаймыз. Дәлелдемелердің жеткіліктігі болғанда сот істі шешуге дайын деп айтуға бола ма. Мұндағы дәлелдемелердің жеткіліктігі бұл санды емес, сапакөрсеткіші. Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мәнжайларды дәлелдеуі тиіс (ҚР АІЖКнің 65бабы).

Дәлелдемелердің жеткіліктігі бұл істі шешуге қажетті барлық дәлелдемелер жиынтығының сапасы.

Азаматтық іс жүргізу дәлелдеуінің сатылары

Азаматтық істі әзірлеу кезінде дәлелдеу

Сотта дәлелдемелерді зерттеу

Іс бойынша шешім қабылдау үшін тұжырым жасау, бітімгершілік келісімін жасау, талаптан бас тарту, талапты тану.

Соттың дәлелдемелер азаматтық іс бойынша тараптардың талаптар мен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән жайлардың баржоғын анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мәнжайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мәнжайлардың бар не жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мәнжайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

Нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, жазбаша және заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталатын деректер.

Соттық дэлелдемелерді уш негіздер бойынша жіктеуге болады:

1істің мәнжайлары бойынша дәлелдемелердің байланыс сипаты;

2қалыптастыру негізі бойынша;

3дәлелдемелерді қалыптастыру процесі.

Енді өрқайсысын жеке қарастырайық.

І.Істің мәнжайлары бойынша дәлелдемелердің байланыс сипаты бойынша:

тікелей;

жанама болады.

Тікелей дэлелдеме сәйкесті деректерді растайтын мәнжайлар анықтаумен тікелей байланысты дәлелдеме (мысалы, некеге тұру туралы куәлік).

Жанама дәлелдеме жеке алынған, бірнеше болжам тұжырымдарға, ізденістегі деректер бойынша бірнеше болжамдарға негіз болатын дәлелдеме. Мән-жайды белгілеу үшін тек бір жанама дәлелдеме жетпейді.

Тікелей және жанама дәле лдемелердің растығын сот анықтауы қажет.

2.Қалыптастыру негізі бойынша:

заттай дәлелдемелерге бөлініп қарастырылады. Жеке дәлелдемелер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері, куәнің айғақтары, сарапшының қорытындысы, яғни жеке тұлғаның өзімен берілетін, айтылатын немесе ұсынылатын деректер.

Заттай дәлелдемелер жазбаша және заттай дәлелдемелер жиынтығы, ярни бұл іс бойынша маңызы бар әртүрлі құжаттар мен заттар.

С.В.Курылев дәлелдемелердің тағы бір түрін белгілеп отыр аралас дәлелдеме, яғни бүған сарапшының қорытындысын жатқызады.

З.Дәлелдемелер қалыптастыру процесі бойынша:

- бастапқы;

- туынды (өндірістік) дәлелдемелер болып бөлінеді. Бастпапцы дәлелдемелер өз көзімен көрген куәнің

айғақтарындағы мәліметтер, шарттық түпнұсқасы, жарамсыз (сапасыз) тауар және т.б.

Туынды (өндірісгпік) дәлелдемелер басқа дәлелдеменің мазмұнын қайта өндірістік дәлелдемелер. Бұл "Екінші қолдан" деп аталатын дәлелдемелер. Мысалы, болған оқиғаны өз көзімен көрген адамның айтқан сөзінен естіп айтатын куәнің айғақтары, шарттық көшірмесі, жарамсыз (сапасыз) тауардың бейнесуреті және т.б.

Бастапқы дәлелдемелер туынды (өндірістік) дәлелдемелерге қарағанда шындыңқа жақын болады.

Мысалы, автокөлік адамды қағып кеткенді өз көзімен көрген куәнің айғақтары тікелей, жеке және бастапқы дәлелдемелер болып танылады.

Мысалы, үйге меншік құқығын тану туралы іс бойынша қарызға ақша беру туралы қолхат жанама, заттай (жазбаша) және туынды (өндірістік) дәлелдемелер болып танылады.

Ешқандай дәлелдемелердің сот үшін алдын ала күші болмайды.

Мұнда тағы қажетті дәлелдемелер туралы айту дұрыс болады. Әрбір категория істер бойынша белгілі дәлелдемелер ұсынусыз істі мәні бойынша шешу үшін цажетті дәлелдемелер бекітуі тиіс. Егер талап қоюшы талап арызына мұндай дәлелдемені көздеп сотқа ұсынбаса, онда кейіннен бәрібір ол ұсынуы тиіс. Аналогия бойынша жауапкерде белгілі дәлелдемелер ұсынуы қажет. Егер тараптар істі шешуге қажетті дәлелдемелерді ұсынбайтын болса, онда сот өз бастамасы бойынша оларға ол туралы ұсыныс жасайды. Мысалы, қажетті дәлелдемелерге:

Неке бұзу істер бойынша некеге тұру куәлікті (заттай дәлелдемені) ұсыну;

Жұмыс орнына қайта түрғызу дауы бойынша сол жұмыс орнына қабылдау және жұмыстан піығару туралы әкімшілігінің (бастықтын) бұйрығын ұсыну.

Қажетті дәлелдемелердің басқа дәлелдемерден ешқандай артықшылығы жоқ. Қажетті дәлелдемелер ұсынбауы сотта іс қараудың ұзақтьнына және дауды дұрыс шешпеуге әкеп соғады.

8 Тақырып. Азаматтық іс жүргізудегі талап теориясы

ҚР Конституциясы 13бабының 2бөлігі бойынша әркімнің өз құқықтары мен бостандьщтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы (ҚР АІЖКі 8бабының 1бөлігі).

Талап құқық туралы дау шешу үшін бұзылған немесе даулы субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап қою арқылы тұлғ анық сотқа жүгінуі.

Талап субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені сот арқылы қорғау тәсілі.

Талап азаматтық іс қозғау тәсілі.

Талап элементтері бұл талаптық құрамды бөліктері. Оларға (элементтеріне):

мазмұны;

нысанасы;

негіздемесі жатқызылады.

Талаптық мазмұны талап қоюшымен көрсетілген сот арқылы қорғану түрі, яғни сотқа жүгіну арқылы талап қоюшының өзінің бұзылған немесе даулы құқығын қорғау үшін сұрайтын соттың қызметі.

Талаптық мазмұны талап қоюшының сотқа қойылатын талабын бейнелейді және талап арыздың сұрау бөлігінде көзделеді.

Талаптық нысанасы бұл талап қоюшының соттан шешуді сұрайтын материалдыңқұқықтық дау. Талаптық нысанасына:

>Талап қоюшы мен жауапкер араларында материалдық-құқықтық қатынастық бар немесе жоқтығы туралы дау (мысалы, некені заңсыз деп тану);

>Талап қоюшымен материалдыққұқықтық қатынасынан туындайтын жауапкердің міндеттері туралы дау (мысалы: мүлік иесі өз мүлкін қайтаруын талап ету, несие беруші қарызды қайтаруын);

>Тараптар араларындағы құқұқ қатынасты өзгерту немесе тоқтату туралы дау (мысалы: туылған сәбидің әкесін анықтау, талап қоюшы мен жауапкер арасындағы некені бұзу).

Талаптық негіздемесі талап қоюшының сотқа өз үндеуін негіздейтін мәнжайлар.

Талап талаптары субъективтік азаматтық құқықтарынан пайда болады. Мысалы: меншік иесі өзініңжоғалран мүлкіне иеленуді қалпына келтіру туралы өзінің меншік құқығы бар екеніне сілтеме жасауы; өнертапқыш өзінің ойлап тапқан өнертабысын талап етуде — өзінің интеллектуалды меншігіне сілтеме жасауы.

Талаптар мына негіздер бойынша жіктеледі:

Материалдық-құқықтық белгілер; процессуалдық-құқықтық белгілер.

Талаптардың процесуалдық-құқыцтық белгісі бойынша жіктелуі талаптық мазмұны бойынша қалыптасқанын білдіреді, яғни талап қоюшы талабының сот арқылы қорғану түрі бойынша. Талаптардың түрлерге бөлінуінің процессуалдыңқұқықтық жіктелу негізі арқылы талаптардың мазмұны танылады.

Сондыңтан осындай жіктелу негізі бойынша талаптарды үш түрге бөлуге болады:

1ұйғару туралы талаптар;

2мойындау туралы талаптар;

3өзгертетін (құқық қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға арналған) талаптар.

Ұйғару туралы талаптар немесе атқару талаптары дегеніміз бұл жауапкердің белгілі әрекеттер жасау немесе жасамауын соттан талап қоюшының сұрайтын талабы. Талап қоюшының соттан жауапкердің өз міндеттерін орындатуды сұрауы ұйғару талабы деп аталады (мысалы: талап қоюшы соттан жауапкерден қарызды төлеуі, пәтерді босатуы, келтірілген зардапты өтеуі). Осындай сотқа қойылған талаптар бойынша сот шешімдері негізінде атқару парақтары беріледі, сондыңтан олар тағы атқару талаптары деп аталады.

Мойындау туралы талаптар бойынша талап қоюшы соттан белгілі құқық қатынасының бар немесе жоқтығын бекітуін сұрайды (мысалы, талап қоюшы белгілі бір әдебиет шығармашылығына өзінің авторлық құқығын бекітуін сұрауы).

Өзгертетін талаптар материалдыңқұқықтық қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталран. Әдетте азаматтық айналымның қатысушылары (жеке және заңды тұлғалар) соттың қатысуынсыз өз еркілерімен араларындағы құқық қатынастарын өзгертеді немесе тоқтатады, бірақ кейбір жағдайларда белгілі құқық қатынастары тек соттың бақылауымен ғана өзгертіледі немесе тоқтатылады. Мысалы, неке бұзу туралы (егер ортақ кәмелетке толмаран бала немесе ортақ мүлікті бөлу жөнінде дау болса) талап бойынша.

Материалдық-құқықтық белгісі бойынша талаптардың жіктелуі келесі түрлерге бөлінеді: отбасылық, алименттік, тұрғын үй, жер құқықтық қатынастарынан пайда болатын және т.б.

Материалдық магынада талап қою щцыгы дегеніміз сотқа үндеу арқылы субъективтік азаматтық құқықты мәжбүрлеп жүзеге асыру құқығы, яғни сот арқылы субъективтік құқығын қорғауға құқьіқ. Азаматтық процесте сот талап қоюшының талап қоюға (материалдың мағынада) құқығы бар не жоқтығын анықтайды.

Процессуалдыц маеынада талап қою щцыгы дегеніміз дауды қарап, шешу үшін сотқа талап қою құқығы, яғни сот істі мәні бойынша шешу үшін сотқа тікелей талап арыз, арыз және шағым беру. Бұл нақты азаматтыққұқықтық дау бойынша сот төрелігіне жүгіну құқығы.

Талап қою құқығы ҚР Конституциясымен (13баптық 2бөлігі, 75бабы) бекітілген сот арқылы қорғану құқығының бір нысаны. Сотқа жүгіну арқылы құқықтарды қорғау құқығы азаматтық процеске қатысатын азаматтарға және ұйымдарға (ҚР АІЖКнің 5бабы), сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға (ҚР АІЖКнің 45тарауы) тиесілі.

Талап қою құқығы белгілі шарттармен байланысты. Талап қою құқығы заңмен белгіленген шарттармен анықталады. Талап қою құқығының шарттарына нақты заңды деректер жатқызылады, олардың бар не жоқтығы негізінде заң азаматтық іс бойынша талап қою субъективтік құқығының пайда болуын байланыстырады.

Талап қою құқығының шарттары нақты азаматтық іс бойынша тұлғ анық талап қою субъективтік құқығының пайда болуын заң бойынша оның бар не жоқтығымен байланыстыратын мәнжайлар.

Бұл шарттар өзара:

- жалпы;

- арнаулы;

- жаратымды;

- жаратымсыз деп бөлініп қарастырылады. Талап қою құқығының жалпы шарттары:

>Талап қоюшы мен жауапкердің азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі, яғни азаматтық процесте тарап болу қабілеттігі (ҚР АІЖКтің 45бабы);

>Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы (ҚР АІЖКтің 24бабы);

өз құзыреті шегінде сол мәселе туралы азаматтық іс бойынша қабылданған сот шешімінің жоқтығы;

тараптардың өзара дауды аралық соттың қарауына беру туралы келісімнің жоқтығы (ҚР АІЖКтің 25бабы).

Жоғарыда аталғанның алғашқы екеуі жаратымды, ал қалғаны жаратымсыз сипатта болады.

Талап қою құуығының арнаулы шарттары дегеніміз бұл кейбір субъектілер немесе категория істері үшін жалпы шарттармен қатар, заңмен белгіленген шарттар. Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар өзара дауларын сотқа дейін талап (претензия) қою арқылы реттеуге тиіс (ҚР "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" (17.01.2002 ж. қабылданған) заңның 232235баптары).

Талап қою құқығының шарттарының болмауы сотпен келесі өрекеттер жасауына әкеледі:

- талап арызды қайтару (ҚР АІЖКтің 154бабы);

- талап арызды қабылдаудан бас тарту (ҚР АІЖК-тің 153 бабы);

- іс бойынша іс жүргізуді қысқарту (ҚР АІЖК-тің 247 бабы);

- арызды қараусыз қалдыру (ҚР АІЖКтің 249бабы).

 

Талап арыз субъективтік құқық туралы дауды шешу үшін заңмен белгіленген сотқа жүгіну нысаны.

Әр адам өзінің субъективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін сот арқылы қорғау үшін сотқа талап арыз ұсынуы қажет.

Талап арыз мазмұны:

- кіріспе;

- сипаттау;

- дәлелдеу;

- сұрау бөліктерінен тұрады.

Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі (ҚР АІЖКі 150бабының 1бөлігі).

Талап арыздың кіріспе бөлігінде:

- талап арыз берілетін соттың атауы;

- талап қоюшының атауы, оның тұрғылықты жері немесе егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жерімен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы;

- жауапкердің атауы, оның тұрғылықты жері, немесе егер жауапкер ұйым болса, егер талап қоюшыға белгілі болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері көрсетілуге тиіс.

Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істер бойынша арызда жауапкердің мәліметтері көрсетілетін орнына органның (лауазымды тұлғаның) атауы, оның тұрғылықты жері және шағымдануға жататын әрекеттері немесе қабылданған шешімдері. Ерекше іс жүргізу істер бойынша арыздың кіріспе бөлігінде арыз беруші туралы мәліметтер.

Сонымен қатар талап арыздың кіріспе бөлігінде талап қоюдың нысанасын, егер талап мүліктік сипатта болса, онда бағасы белгіленуі тиіс.

Талап арыздың (арыздың) сипаттау бөлігінде:

- талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қауіпінің мәні;

- талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар және бұл мәнжайларды растайтын дәлелдемелер.

Талап арыздың дәлелдеу белігі кейде оның сипаттау бөлігімен ұйқасады. Осы бөлікте талап қоюшы (арыз беруші) өзінің талаптарын қанағаттандыру үшін заң нормаларына сілтеме жасайды. Егер прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш жасайтын болса, онда:

- талап арызда азаматтық өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің себептерін негіздеу болуға тиіс;

- арызға, өрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін жағдайларды қоспағанда, азаматтық сотқа талап қоюмен жүгінуге келісімін растайтын құжат қоса тіркелуге тиіс. Егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы керсетілуге тиіс.

Талап арыздың сұрау бәлігінде мүдделі тұлғ анық бұзылған құқықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға қамтамасыз етуі мүмкін талаптары көзделеді.

Егер заңмен белгіленсе немесе тараптардың шартында көзделсе, жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс. Талап арыздың соңында қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс, оларға:

- жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі;

- мемлекеттік баж төлеуді растайтын құжат (квитанция), ал егер төленбесе онда төлеуден босату негіздерін көрсету қажет;

- егер іс бойынша өкіл қатысатын болса, онда өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 1687; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.