Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сот актілерін орындау сатысы. 4 страница




Іс бойынша үшінші тұлғаларды қатыстыру мәселесі, соттың сәйкесті ұйғарым шығаруымен белгіленеді.

Осы үшінші тұлғ анық талап қоюшыдан бір ғана айырмашылығы бар бұл процеске кіру кезеңі.

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар сипаттамасы:

процеске талап қою арқылы қатысады, талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарады;

үшінші тұлғалардың талап қою пәні талап қоюшының талап қою пәнімен толық көлемде немесе жарым жартылай толық сөйкес келуі керек, сондыңтан талап қоюшының талабын қанағаттандырса әлбетте, үшінші тұлғ анық талап арызын қабылдаудан бас тартады (толық немесе жарымжартылай). Іске қатыса алмаған дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар жеке талап қоюға хақы бар.

іске қатысу ықыласы көбінесе үшінші тұлғалардың өздерінен болады.

2) Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар бұл бірінші сатыдағы қаралатын іс бойынша қабылданатын шешім тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін болғанда, талап қоюшы не жауапкер жағында іске қатысатын тұлғалар (ҚР АІЖКнің 53бабы).

Олардың сипаттамасы:

егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе алады;

- олар сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінімімен немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін;

- дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды мойындау не бітімгершілік келісімін жасау, қарсы талап қою, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндетін мойнына алады (ҚР АІЖКнің 47бабы).

Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар іске келесі жағдайларда кірісе алады:

- өз бастамасы бойынша;

- тараптардың өтініші бойынша;

- іске қатысушы басқа тұлғалардың (прокурордың, мемлекеттік және өзінөзі басқару органдардың) өтініші бойынша;

- соттың бастамасы бойынша.

Бұлар іске соттың бірінші сатысындағы шешімі қабылданғанға дейін кірісе алады және ол соттың ұйғарымымен белгіленеді.

Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысуы жөнінде мысал келтірейк. Мысалы: Қыста жолдың тайғақтығынан екі автокөлік жүргізуші, біреуі қала автопаркінің автобус жүргізушісі, ал екіншісі жеке меншік автокөлік жүргізушісі аварияға ұшырайды. Егер автопарк автобусының жүргізушісі кінәлі болса, онда жеке меншік автокөлік жүргізуші сотқа талап арыз беру арқылы (талап қоюшы ретінде) келтірілген материалдың зиянды автобус жүргізушіден емес, ол жұмыс істеп жүрген автопарк әкімшілігінен (жауапкер ретінде) өндіріп алады. Сонда кейіннен материалдың зиян өтеу үшін төленген ақша сомасын автопарк әкімшілігі өз қызметкерінің жалақысынан үстап қалып отырады, яғни сонымен даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлға болып автобус жүргізушісі танылады.

Азаматтық іс жургізуге (процеске) прокурордың қатысуы

 

Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Қазақстан Республикасының прокуратура туралы" Заңына сәйкес прокуратура органдарының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі кезкелген заң бұзушылықты дер кезінде анықтап, оны жоюға шара қолдану болып табылады. Кез келген құқықтық мемлекеттегі тәрізді Қазақстан Республикасында да сот және прокуратура органдарының алдына қойылған мақсат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Халықтық соттарға деген биік сенімін жоғалтпау үшін істерді қараған кезде, қара қылды қақ жаратындай әділдік болуы шарт. Ал, прокуратура болса ҚР "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заңына сәйкес сот процесі барысында мемлекет мүддесін білдіріп, ақиқатты анықтауға ат салысатын мемлекеттік орган.

Прокуратур анық қызметкері прокурор, іске қатысушы тұлғалар құрамына енгізілген (ҚР АІЖКнің, 5тарауы, 44бабы).

Прокурор процеске өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша (ҚР АІЖКнің 55бабы) іс жүргізудің кез келген сатысында және кез келген іс бойынша қатыса алады.

Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы келесі жағдайларда міндетті:

- мұның өзі заңмен көзделгенде;

- осы іске қатысу қажеттілігін сот танығанда (ҚР АІЖКі 52бабының 2 бөлігі).

Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге міндетті қатысуыҚРАІЖКнің287,299,3174,350,398баптарында көзделген.

Прокурор іс бойынша бірінші сатыдағы соттың, апелляциялық, қадағалау және жаңадан анықталған мәнжайлар бойынша істерді қайта қарау сатыларындағы соттардың бастамасы бойынша қатыса алады.

Прокурордың процеске кіру тәртібі және оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінің көлемі процестің қай сатысында кіргеніне және іске қатысу нысанына байланысты.

ҚР прокуратурасы туралы заңы және ҚР АІЖКі азаматтық процеске прокурордың қатысуының екі нысанын белгілейді:

1 сотқа арыз, талап арыз беру арқылы процеске қатысуы;

2 іс бойынша қортынды беру үшін процеске қатысуы. 1) Прокурордың сотқа талап қою арқылы қатысуы.

ҚР АІЖКнің 55бабы 3бөлігіне сәйкес прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандьщтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдың және мемлекеттік мүдделерді қорғау гуралы сотқа талап қоюға құқылы. Прокурордың талап қоюдағы міндеттерінің негізгі мақсаты заң бұзушылықты жоюға сот тәртібімен уақтылы және тиімді шара қолдану, құқық бұзушылықтық алдын алу, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдың және мемлекеттік мүдделерді қорғау.

Прокурордың талаптары заң бұзушылыққа қарсы күрестің тиімді де маңызды құралдарының бірі.

Егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, онда мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор азаматтық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы талап қоя алады. Ал әрекеті қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады.

Прокурордың талабы тексеруден өткен, дәлелденген материалдарға негізделуі қажет. Сонда ғана талаптың негізі болып табылатын айғақтардың мөлшерін анықтау, талап ету, сонымен қатар, жауапкерге (жауапкерлерге) прокурордың талабын дәлелдейтін және олардың талапқа қарсы қарсылығын теріске шығаратын қажетті айғақтың материалдарды талдау төңірегінде талап етудің жүйелі жұмысы қалыптасады. Осы саладағы прокурордың жұмысы тек талаптың негізіндегі фактілер құрамын дұрыс анықтаса ғана нәтижелі болмақ. Прокурор талапты дайындау барысында ол бағалауға жататын болса, талап қоюдың бағасын міндетті түрде белгілейді (ҚР АІЖКі 150бабының 2бөлігі, 6тармағы). Талаптың бағасы ҚР АІЖКнің 102бабына сәйкес белгіленеді.

Қандай сотқа арыздануды шешу үшін прокурор ҚР АІЖКтің 27, 28, 31, 32, 35баптарын басшылыққа алуы қажет.

ҚР АІЖКнің 150бабы 2бөлігіне сәйкес прокурор талап арызда азаматтық істердің қаралуы тиісті соттың атауын, талап қоюшы прокурордың атыжөнін, мүддесі қорғалатын адамның атыжөнін көрсетеді.

Прокурор талап арызда жауапкерге қоятын талаптарын дәлелдейтін жағдайларды, сонымен қатар талаптың негізі болып табылатын айғақтарды толық келтіреді. Бұл талап арыздың ең маңызды бөлігі болып табылады, себебі, заңды және дәлелді түрде сауатты баяндалған себептер мен айғақтар таластың дұрыс және жанжақты шешілуіне көп көмегін тигізеді. Арызда прокурор қандай жағдайлардың лауазымды тұлғалар мен азаматтардың түсініктемелері арқылы, жазбаша және заттай айғақтар арқылы, маманның қорытындысы арқылы дәлелденетінін толық көрсетеді.

Бұлардан басқа, ҚР АІЖКнің 150бабы 4бөлігіне сәйкес прокурор мемлекеттік немесе қоғамдың мүдделер үшін беретін арызды мемлекеттік немесе қоғамдың мүдденің неден тұратынын, қандай құқықтың бұзылғанын дәлелді түрде негіздеп, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтікқұқықтық актілерге сілтеме жасауы тиіс. Ал азаматтардың мүдделерін қорғау үшін берілген талап арызда азаматтың өздігінен талап қою мүмкіндігі жоқтығын негізгі түрде дәлелдеп көрсетеді, арызға, әрекет қабілеті жоқ адамның мүдделерін қорғау үшін арыз берілетін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюға келісім бергенін растайтын құжат қоса тіркелуі тиіс. ҚР АІЖКнің 151бабына сәйкес прокурор арызға жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесін қоса тіркейді.

Талап арызға прокурор қол қойып, өзінің кластық шенін, арыздың сотқа жіберілген уақытын көрсетеді.

2) Іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.

Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдың немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатыса алады.Жауапкер мен оның өкілі соңғы сөздерін айтып болғаннан кейін іс бойынша тарап болып табылмайтын және ҚР АІЖКі 55бабының 2бөлігінде көзделген тәртіппен процеске қатысушы прокурор жалпы істің мәні бойынша қ орытынды береді.

Сотта азаматтық істерді қайта қарау сатысы бойынша прокурор 2 (екі) нысанда қатысуы мүмкін:

1 Осы саты бойынша өндірісті (апелляциялық не қадагалау наразылықтарын келтіру арқылы) қозгау. Заңсыз және дәлелсіз шешімдер мен ұйғарымдарға наразылық жасау прокурордың лауазымдың міндетіне жатады, осының негізінде азаматтық сот істерін жүргізу саласында мемлекет атынан заңдардың тура және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалау жүзеге асады. Сонымен, заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне, ұйғарымдарына прокурор апелляциялық наразылық келтіреді, ал заңды күшіне енген сот актілеріне қадағалау тәртібі бойынша наразылық келтіреді. Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәлмедәл және бір үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады (ҚР АІЖКі 55бабының 1бөлігі).

2 Іс бойынша қатысатын не қатыспайтын тараптардың немесе басқа да тұлгалардың құқықтары мен міндеттері жөнінде қабылданган сот шешімі бойынша шагымды қарайтпын іске қатысу. Азаматтық істерді қайта қарау сатыдағы сотта прокурор процеске қатысу нысанына қарамастан іс бойынша қорытынды береді.

Сот қаулыларын орындау сатысында прокурор сот шешімдерінің уақтылы және заңды орындалуына қадағалауды жүзеге асырады. Бұл сатыда прокурор екі нысанда қатысады:

- сотта арыз, талап арыз беруші болған себептен өтініш жасау, атқару және өзге де әрекеттер жасауға қатысу арқылы;

- сот орындаушының әрекетіне наразылық келтіру арқылы.

Басқа тұлғалардың құқықтарын, қоғамдың және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару

органдарының іс жүргізуге (процеске) қатысуы

ҚР АІЖКсі бойынша мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жекелеген азаматтар сотқа өздерінің емес басқа тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін қатысады. Аталған органдар мен тұлғалардың процеске қатысу мақсаты мыналарда:

- басқа тұлғалардың (азаматтар мен ұйымдардың) субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін;

- қоғамдың немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін.

Сотта аталған тұлғалар азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғау үшін соңғылардың рұқсатын алуы тиіс. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қойылуы мүмкін (ҚР АІЖКнің 56бабы, 1бөлігі).

ҚР АІЖКі басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың екі нысанын белгілейді:

1) сотқа талап қою арқылы жүгіну;

2) іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысу. Аталған екі нысанға ортақ белгі ол іс бойынша субъективтік (материалдыңқұқықтық) мүдденің жоқтығы. Бұл екі нысан бойынша іс аяқталуына мүдделері сәйкесті органдарға заңмен жүктелінген міндеттерден туындайды (мысалы, ҚР АІЖКнің 96бабы бойынша сарапшы немесе ҚР неке және отбасы туралы заңы бойынша қорғаншы мен қамқоршы қызметкері). Осы екі нысан бойынша іске тек мемлекеттік органдар мен жергілікті өзінөзі басқару органдары қатыса алады, ал қалған азаматтар және ұйымдар басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қою арқылы қатысады.

Мұндай құқық мүддесі қорғауға жататын тұлғ анық сотқа жүгінуге құқығы болғанда және талап қою тәртібін сақтағанда ғана жүзеге асырылады (ҚР АІЖКнің 3, 8, 14тараулары). Аталған тұлғалар мен органдар прокурормен салыстырғанда кез келген азаматтық іс қозғауға құқығы жоқ, тек заңмен көзделінген істерді қозғауға құқылы. Сондыңтан ҚР АІЖКнің 154бабы, 1бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органға, жергілікті өзінөзі басқару органға және өзге де тұлғаларға сот талап арызды қайтарып жібереді, егер олардың арыз беруге өкілеттігі болмаса.

Бөгде мүдделерді қорғау үшін талап қойған адамдар, бітімгершілік келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және барлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Аталған органдар мен адамдардың талап қоюдан бас тартуы мүдделеріне сай іс қозғалған адамды істі мәні бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды. Егер мүдделеріне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса, үшінші тұлғалардың құқықтарына қысым жасалмаса, сот талап қоюды (арызды) қараусыз қалдырады.

ҚР АІЖКмен көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзінөзі басқару органдары өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру (1) және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, қоғамдың және мемлекеттік мүдделерді қорғау (2) мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін мынандай шарттар белгіленеді:

1) бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін;

2) өз бастамашылығы бойынша;

3) іске қатысушы тұлғалардың (тараптардың, үшінші тұлғалардың, прокурордың) бастамашылығы бойынша;

4) сондай-ақ соттың бастамашылығы бойынша процеске қатыса алады.

Судья істі сотта қарауға өзірлеу жүргізгенде іс бойынша қорытынды беру үшін процеске мемлекеттік органдар мен жергілікті өзінөзі басқару органдар қатысу мәселесін шешеді (ҚР АІЖКнің 170бабы 7) тармақшасы).

Әдетте, іс материалдарымен алдын ала танысып және зерттеу жүргізген соң мемлекеттік органдар мен жергілікті өзінөзі басқару органдары сотқа жазбаша нысанда өз қорытындыларын ұсынады (ҚР АІЖКнің 209бабы). Кейбір жағдайларда қорытынды органдардың өз бастамасы бойынша және сотта іс қозғалғанға дейін құрылып дайын болуы мүмкін (мысалы, балаларды тәрбиелеумен байланысты даулар бойынша қорғаншы мен қамқоршы органдардың қорытындысы).

Іс бойынша барлық дәлелдемелер зерттелген соң және іске қатысушылардың түсініктемелерін тықдағаннан кейін сот отырысында мемлекеттік органдардың және жергілікті өзінөзі басқару органдардың қорытындысын олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жария етіледі. Сот іске қатысушы адамдар мен өкілдер қорытындыларды түсіндіру және толықтыру мақсатында осы органдардың уәкілетті өкілдеріне сұрақтар қоя алады.

Іс бойынша мемлекеттік органдар мен жергілікті өзінөзі басқару органдардың қорытындылары маңызды (ҚР АІЖКі 64бабының 2бөлігі), бірақ ол сот үшін міндетті болып табылмайды (ҚР АІЖКі 96бабының 7бөлігі).

Мемлекеттік органдарының және жергілікті өзінөзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген азаматтар сот жарыссөздерінде соңынан сөз сөйлейді (ҚР АІЖКі 211бабының 3бөлігі).

Азаматтық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен жергілікті өзінөзі басқару органдары: білім департаменті; денсаулық сақтау департаменті; еңбек және әлеуметтік сақтандыру басқармасы; тұрғын үйкоммуналдың органы (жеке меншік пәтер иелерінің кооперативі); қаржы органы; қорғаншылық және қамқоршыльқ органы және т.б.

 

4 тақырып. Сотта өкілдік ету

Жалпы процессуалдың заңға сәйкес азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы және азаматтық іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды (ҚР АІЖКі 58бабының 1бөлігі).

Өкілдік басқа адамның (өкілдік берушінің) атымен бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Өкілеттік өкілдің әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін. Мысалы, бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир, т.б. Өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады. Әрекет қабілеттілігі жоқ адамдардың атынан мәмілелерді олардың заңды өкілдері мен қорғаншылары жасайды (атаанасы, асырап алушылар).

Сотта өкілдік етудегеніміз басқа тұлғ анық мүддесіне және оның атынан бір тұлғамен процессуалдың ісәрекеттер жасау.

Сотта өкілдік ету басқа тұлғ анық мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдың әрекеттер жасайтын бір тұлға (сот өкіл етуші), оның себебіне өкілдік берушінің сәйкесті құқықтар мен міндеттер туындайды.

Сотта аталған процессуалдың ісәрекеттер жасайтын тұлғаны сотта өкіл етуші депатайды. Соттабасқатұлғ анық мүддесіне және оның атынан өкілдік етуге өкілдің

құқығын куәландыратын құжаттар ұсынуы негіз болып табылады.

Сотта өкіл етуші өкілдік берушінің мүддесіне және оның атынан өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдың әрекеттер жасайтын әрекет қабілеттігі бар тұлға. Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.

Сотта өкілдік ету процессуалдың заңмен барлық азаматтық істер бойынша соттарда және азаматтық процестің барлық сатыларында болады.

Сотта өкілдік туындау негіздеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

- шартты;

- заңды;

- жарғысы бойынша;

- қоғамдың;

- ресми.

Шартты өкілдік ету еңбек шартына немесе тапсырма шартына негізделген өкілдік ету. Мұнда өкілдік беруші (тарап, үшінші тұлға) басқа тұлғаға (өкіл етушіге) сотта оның ісін жүргізуін тапсырады. Азаматтық процесс бойынша тарап немесе үшінші тұлға ретінде қатысатын азаматтық іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды (ҚР АІЖКі 58бабының 1бөлігі). Сонымен қатар істің мәнжайлары бойынша қажет болса, сот тараптардың сот отырысына қатысуын міндетті деп тани алады (ҚР АІЖКі 187бабының 5бөлігі).

Өкіл етуші ретінде іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады (ҚР АІЖКі 59бабының 7тармағы).

Заңды өкілдік ету заңның тікелей көрсетілуіне негізделген өкілдік ету. ҚР АІЖКнің 63бабы бойынша сотта заңды өкілдік ету:

әрекетке қабілетсіз (14 жасқа дейінгі, есі дұрыс емес), әрекет қабілетіне толық ие емес (1418 жаста) немесе әрекетке қабілеті шектеулі (маскүнемдіктен, нашақорлықтан) азаматтардың жеке және мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін атааналармен, асырап алушылармен, қамқоршылар немесе қорғаншылар




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 1864; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.