Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сот актілерін орындау сатысы. 6 страница




Соттың өткізіліп алынған іс жүргізу мерзімін ұзартудан және қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарымына жеке шагым (тараптармен, үшінші тұлғалармен) берілуі және наразылық (прокурормен) келтірілуі мүмкін (ҚР АІЖКі 128бабының 5бөлігі).

Іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы:

- жылдармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы жылының тиісті айында және күнінде;

- айлармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы айының тиісті айы мен күнінде;

- егер айлармен есептелетін мерзімнің соңы тиісті күні жоқ айға сөйкес келсе, мерзім осы айдың соңғы күнінде;

- күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күні;

- егер іс жүргізу ерекеті тікелей сотта немесе басқа ұйымда жасалуы тиіс болса, белгіленген ереже бойынша бұл ұйымдарда жұмыс аяқталатын немесе тиісті операциялар тоқтатылатын сағатта мерзім бітеді.

Мерзімнің соңгы куні демалыс күніне тап келген жагдайда мерзімнің аяцталатын кі/ні одан кейінгі жцмыс күні болып есептеледі.

Жасалуына мерзім белгіленген іс жүргізу әрекеті мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сагат қалғанға дейін орындалуы мүмкін. Егер шағым, құжаттар не ақша сомалары мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сагат қалганға дейін почтаға, телеграфқа тапсырылса немесе байланыстық өзге де құралдары бойынша берілсе, мерзім өтіп кеткен болып есептелмейді (ҚР АІЖКнің 125бабы).

Іс жүргізу мерзімдерінің бітуі іс жүргізу міндеттерін орындаудан босатпайды (ҚР АІЖКі 126бабының 2бөлігі).

 

Азаматтық іс жүргізуде сотпен қолданылатын мәжбүрлеу шаралары

Мәжбүрлеу мен жауаптылық шараларын сот төрелігі міндеттерін іске асыру мақсатында сот келесі тұлгаларга қолданады:

- іске қатысушы адамдарға;

- процестің басқа да қатысушыларына;

- жеке азаматтарға және заңды тұлғалардың лауазымды адамдарына.

Сот мэжбцрлеу мен жауаптылық шараларын аталган тұлгаларга тына жагдайларда қолданады:

- сот ісін шешуге араласқаны;

- судьяға қатысты қоқанлоқы жасағаны;

- судьяны қорлағаны;

- сот актілерін орындамағаны;

- сотқа құрметпен қарамағаны;

- сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін;

- судьяның, соттың жеке ұйғарымы бойынша шаралар қолданбағаны және басқа да құқыққа қарсы іс әрекеттері үшін қолданады.

Жоғарыда аталған құқық бұзушылықтардың жасалуына кінәлі адамдар (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы немесе ҚР Қылмыстық кодексі) заңдарға сәйкес және ҚР АІЖКнің 179бабында белгіленген тәртіппен экітшілік немесе цылмыстық цццыцтықжауаптылықца тартылады.

Заңга царсы жасалган ісәрекет ушін бір мэжбцрлеу (еріксіз келтіруді немесе сот залынан шыгарып жіберу) шарасы гана және бір жауаптылъщ (әкімшілік нетесе қылмыстық) түрі гана цолданылады. (ҚР АІЖК 118бабы 2бөлігі).

ҚР АІЖКнің 119бабына сәйкес сотта мәжбүрлеу шараларының екі түрі көзделген:

1} Іске уатысушы адамдарды сотқа еріксіз келтіру. Еріксіз келтіру бұл жауапкерді, куәні, сарапшыны, маманды және аудармашыны олар сотқа келуден қаса 102

қана жалтарган жағдайда сотқа межбүрлеп өкелу. Осы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот ұйғарымын шығарады, ал оны жүзеге асырумен (орындаумен) сот приставы немесе ішкі істер органдары айналысады.

2) Іске қатысушы адамдарды сот залынан шығарып жіберу. Біріншіден, істі қарау кезінде сот залында тәртіп бұзған адамға төрағалық етуші соттың атынан ескерту жасайды. Екіншіден, егер тәртіпті қайталап бұзған кезде іске цатысушы адам сот ұйғарымы бойынша сотта іс қараудың барлық уақытына немесе оның бір белігіне сот отырысы залынан шығарылып жіберілуі мүмкін. Соңғы жағдайда төрағалық етуші отырыс залына қайта жіберілген адамды ол жоқ кезде жасалған іс жүргізу әрекеттерімен таныстырады. Үшіншіден, егер іске цатыспайтын және істі қарау кезінде цатысушы азаматтар тәртіпті қайталап бұзғаны үшін төрағалық етушінің өкімімен отырыс залынан шығарылып жіберіледі.

Сот отырысында тәртіп бұзуға кінәлі адамдарға сот әкімшілік ццқыц бцзушылық туралы заң актілерінде белгіленген төртіппен тікелей сотта іс қарау барысында экімшілік жаза белгілеуге цццылы. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының ісәрекетінде цылмыс белгілері болса, сот тәртіп бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін материалдарды, бұл туралы прокурорға хабарлай отырып, тиісті анықтау немесе алдын ала тергеу органына жібереді.

Істі қарау барысында оған қатысушы азаматтар жаппай тәртіп бұзған кезде сот іске қатыспайтын азаматтардың барлығын сот отырысы залынан шығарып, істі жабық отырыста қарауы немесе істі қарауды кейінге қалдыруы мүмкін (ҚР АІЖКнің 179бабының 6бөлігі). Мәжбцрлеу шараларын цолдану туралы соттық ұйғарымына іске цатысушы адамдар жеке шагым беруі және прокурор жеке наразылық келпгіруі мцмкін (ҚР АІЖКнің 122бабының 3бөлігі).

 

Сот шығындары(түрлері, тараптардың арасында бөлу)

Соттың қызметі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Осы шығындардың бір бөлігі заңмен бекітілген тәртіпте процеске қатысушылармен төленеді. ҚР АІЖКнің 100бабына сәйкес сот шығындары: мемлекеттік бажбен; іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады. Әрқайсысын жеке қарастырып көрейік. Мемлекеттік баж уәкілдік берілген мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар заңдың мәні бар ісқимылдар жасағаны не құжаттар бергені үшін алатын міндетті төлем, яғни сотпен (судьямен) азаматтық істер қарап шешкені үшін мемлекет кірісіне төленетін ақша төлемі.

Мемлекеттік баж сотқа берілетін талап арыздардан,ерекше жүргізілетін істер жөніндегі арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы сұрағы бойынша сот ұйгарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын беру туралы арыздан, сондай-ақ сот пен аралық соттардың, шетелдік соттардың және төреліктердің шешімдері бойынша атқару парақтарын, құжаттар көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін алынады.

Мемлекеттік баждың белгіленген процентік ставкалары, егер өзге Салық кодесімен белгіленбесе, ҚРсы заңды актісімен мемлекеттік баж төленетін күні белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен есептеледі (Салық кодексі 495бабының 2бөлігі). 104

Мемлекеттік баждың екі түрі бар:

1) талап қою бағасынан проценттік ставкалары бойынша есептелетін мемлекеттік баж;

2) төленген күні республикада белгіленген есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделіп есептелетін мемлекеттік баж.

Соттардағы мемлекеттік баж ставкалары мынадай мөлшерде алынады (ҚР Салық кодексінің 496бабының 1бөлігі):

1) мүліктік сипаттағы талап арыздардан:

- жеке тұлғалар үшін талап сомасының 1 проценті;

- заңды тұлғалар үшін талап сомасының 3 проценті;

мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз ісәрекеттеріне берілген шағымдардан 30 процент;

мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз ісәрекеттеріне берілген шағымдардан 500 процент;

Салық тексеру актілері бойынша ескертулерге дау айту туралы талап арыздардан:

- жеке кәсіпкерлер және шаруа (ферма) қожалықтары үшін ескертулерде белгіленіп есептелген салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер сомасынан (айыптарды қосқанда) 0,1 процент;

- заңды тұлғалар үшін ескертулерде белгіленген есептелген салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер сомасынан (айыптарды қосқанда) 1 процент;

5) некені бұзу туралы талап арыздардан 30 процент; некені бұзу кезінде мүлікті бөлген жағдайда баж осы баптық 1) тармақшасына сәйкес талап бағасына қарай белгіленеді;

6) хабарошарсыз кеткен немесе ақылынан ауысуы немесе ақылесінің кемдігі салдарынан әрекет қабілеті жоқ деп белгіленген тәртіппен танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені бұзу кезінде мүлікті бөлу туралы талап арыздардан осы баптын, 1) тармақшасына сәйкес;

тұрғын үйжайларды жалдау шартын өзгерту немесе бұзу туралы, мұраны қабылдау мерзімін ұзарту туралы, мүлікті пайдалануға тыйым салудан босату туралы талап арыздардан және мүліктік емес сипаттағы немесе баға лауға жатпайтын басқа да талап арыздардан 50 процент;

ерекше жүргізілетін істер жөніндегі арыздардан (шағымдардан) 50 процент;

81) аралық соттар шешімі, төрелік шешімдердің күшін жою туралы өтініштерден: жеке тұлғалар үшін талап сомасының 1 проценті; заңды тұлғалар үшін талап сомасының 3 проценті;

9) соттың шешіміне апелляциялық шағымдардан мүліктік емес сипаттағы талап арыз берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша арыз беруші дауласып отырған сома негізге алынып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінің 50 проценті;

91) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан осы баптық 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік баж ставкасының 50 проценті;

9) атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымнан, сондай-ақ аралық соттар, шетелдік соттар және тереліктер шешімдері бойынша атқару парақтарын беру үшін 500 процент;

10) сот шешімдерінің, үкімдерінің, ұйғарымдарының, соттың басқа да қаулыларының көшірмелерін (дубликаттарын), сондай-ақ іске қатысушы тараптар мен басқа да адамдардың өтініші бойынша соттар беретін іске қатысты басқа да құжаттардың көшірмелерін қайталап беру үшін әрбір құжат үшін 10 процент және бұған қоса, әзірленген өр бет үшін 3 процент;

11) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан 500 процент.

Бір мезгілде мүліктік және мүліктік емес сипаттағы талаптар қойылған талап арыздар үшін мүліктік сипаттағы талап арыздарға және мүліктік емес сипаттағы талап арыздарға белгіленген мемлекеттік баж қатар алынады.

Талап қоюдың бағасын талап қоюшы көрсетеді (ҚР АІЖК 102бабы). Көрсетілген бағ анық талабын мүліктің шын мәніндегі бағасына анық сәйкес келмеген жағдайда талап қою бағасын талап арызын қабылдау кезінде судья айқындайды.

Талап қою кезінде оның бағасын анықтау қиын болған жағдайда мемлекеттік баж мөлшерін сот істі шешу кезінде анықтаған талап қою бағасына сәйкес келетін бажды кейіннен қосымша өндіріп алу арқылы судья алдын ала белгілейді. Істі қарау кезінде талап қою мөлшері үлғайған жағдайда, баждың жетіспейтін сомасын талап қоюшы талаптықкөбейген бағасьгаа сәйкес қосымша төлейді.

Соттарда мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады (ҚР Салық кодексінің 501бабы):

• талап қоюшылар еңбекке ақы төлеу сомасын өндіріп алу туралы талаптар және еңбек қызметіне байланысты басқа да талаптар бойынша;

• талап қоюшылар авторлық құқықтан, сондай-ақ жаңалық ашу, өнертабыс, рационализаторлық ұсыныс және өнеркәсіптік үлгілер құқығынан туындайтын талаптар бойынша;

• талап қоюшылар алимент өндіріп алу туралы талаптар бойынша;

• талап қоюшылар асыраушының мертігуіне немесе денсаулығының өзге де заңымдануына, сондай-ақ қайтыс болуына байланысты зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша;

• талап қоюшылар қылмыс жасау арқылы келтірілген материалдың нұқсанның орнын толтыру туралы талаптар бойынша;

• жеке тұлғалар некені бұзу туралы істер жөніндегі апелляциялық шағымдардан;

• іске қатысы жоқ адамдардан басқа заңды және жеке тұлғалар қылмыстық істерге және алимент жөніндегі істерге байланысты өздеріне құжаттар бергені үшін;

• талап қоюшылар Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарының бұзылуы арқылы мемлекетке келтірілген нұқсанның орнын толтыру үшін мемлекет кірісіне қаражат өндіріп алу туралы талаптар бойынша;

• жалпы орта білім беру жүйесінің кәсіптіктехникалық мектептері оқу орындарын өз бетімен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушылардың қажетіне жұмсауға мемлекет шеккен шығындарды өндіріп алу туралы талаптар бойынша;

• жеке тұлғалар қылмыс жасау арқылы келтірілген материалдың нұқсанды өндіріп алудың дұрыстығына дау жасалатын қылмыстық істер бойынша апелляциялық шағымдардан;

• заңдарда көзделген жағдайларда басқа адамдардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заң арқылы қорғалатын мүдделерін қорғап сотқа арызданған заңды және жеке тұлғалар;

• талапкерлер Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, I және II топтағы мүгедектер барлық істер мен құжаттар бойынша;

• заңды және жеке тұлғалар сотқа іс жүргізуді тоқтату немесе арыздарды қарамай тастау туралы сот ұйғарымының күшін жою жөнінде; шешімнің орындалуын кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту жөнінде; шешімді орындау әдісі мен тәртібін өзгерту жөнінде; талаптарды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудің бір түрін екіншісімен ауыстыру жөнінде арыздар; жаңадан анықталған мәнжайлар бойынша сот шешімдерін, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы арыздар; сот шешімімен салынған айыппұлдарды ұлғайту немесе азайту туралы; сот ұйғарымының орындалу барысы туралы, өткізіліп алынған мерзімдерді қалпына келтіру туралы арыздар; сондай-ақ сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдар; айыппұлдарды ұлғайтудан немесе азайтудан бас тартқандьщ туралы сот ұйғарымдарына берілген жеке шағымдар; сот ұйғарымдарына берілген басқа да жеке шағымдар; өкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі қаулыға шағымдар; сырттай шешімдер күшін жою туралы арыздар бергені үшін;

• прокуратура органдары барлық талаптар бойынша;

• мемлекеттік мекемелер үшінші бір тұлғалардың мүдделерін қорғайтын жағдайларды қоспағанда, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша талапарыздар берген кезде;

• мүгедектердің қоғамдың ұйымдары өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша талаптар қойған жағдайда;

• сақтандырушылар мен сақтанушылар міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын талаптар бойынша;

• талапкерлер мен жауапкерлер заңсыз соттау, қылмыстық жауапқа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауға алу не түтқындау немесе еңбекпен түзеу жұмыстары түрінде заңсыз әкімшілік шаралар қолдану арқылы азаматқа келтірілген нұқсанның орнын толтыруға байланысты даулар бойынша;

• Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның филиалдары мен өкілеттіктері өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша талаптар қойған жағдайда;

• ҚР бюджеттік заңнамасы бойынша бюджеттік несиелер, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекетпен кепілдік еткен заемдар қайтару бойынша сотқа талаппен жүгінген агент;

• Талап қоюшырепатрианттар (оралмандар) Қазақстан Республикасы азаматтығын алумен байланысты барлық істер және құжаттар бойынша;

• Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша өкілетті мемлекеттік орган оның өкілеттігіне жататын сұрақтар бойынша талаптар қойғанда;

• Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдардың таратушы комиссиялары қарыздарды өндіріп алу туралы және таратылатын борышкер қаржы ұйымдарды дөрменсіз (банкрот) деп тану туралы талаптар бойынша;

• Қазақстан Республикасы заңды актілеріне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыруға өкілетті банкілер бюджет қаражаты есебінен қайтарымды негізде берілген кредиттер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы; мүліктен өндіріп алу туралы; сыртқы мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген заемдар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен берілген заемдар бойынша борышкерлер өз міндеттемелерін орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талаптар берген кезде.

• Конкурсты басқарушы Қазақстан Республикасы банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзінің өкілеттігі шегінде конкурстық өндіріс мүддесіне талап қойғанда.

Мемлекеттік баж төлемді қабылдап алған банктің (оның филиалының) орналасқан жері бойынша жергілікті бюджеттің кірісіне есептеледі. Төлемді қабылдап алған банк (оның филиалы) квитанция береді, оны іс материалдарына біріктіріленеді (талап арыз не арыздьтт* қосымша тіркелетін құжаттар тізімінде көрсетілуі тиіс).

Мына жағдайларда төленген мемлекеттік баж ішінара немесе толық қайтарылуға тиіс (ҚР Салық кодексі 508бабының 1бөлігі):

Салық кодексінде көрсетілгеннен баж көп мелшерде төленсе, бірақ талап қоюшымен өз талаптарын азайтуын ескермегенде;

Арызды (шағымды) қайтару немесе оны қабылдаудан бас тартқанда, сонда.йақ нотариустардың немесе өкілетті тұлғалардың нотариаттық әрекеттер жасаудан бас тартқанда;

Егер іс сотта қаралуға жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер дауды алдын ала шешудің осы санаттағы істер үшін белгіленген төртібін сақтамаса, не талапты төлеу қабілеті жоқ адам қойса, іс жүргізу тоқтатылған немесе талап қаралмай тасталған;

Мемлекеттік баж төлеген адамдар заңдың мәні бар ісқимыл жасаудан немесе осындай заңдың мәні бар іс қимыл жасайтын органға өтініш жасалғанға дейін құжат алудан бас тартқан;

Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген зандарында белгіленген өзге де жағдайларда.

Мемлекеттік баж төлеген адам салық органына оны қайтару туралы арызды бюджетке мемлекеттік баж төленген куннен бастап бір жыл ішінде бере алады. Төленген бажды қайтарып алу үшін арызбен қоса соттың мемлекеттік бажды қайтару туралы ұйғарымы болуы тиіс. Салық органының шешімі азаматтар немесе заңды тұлғалар арыз берген кезден бастап бір айдан кешіктірмей қабылданады. Қайтарылуға тиісті мемлекеттік баж азаматқа немесе заңды тұлғаға оны қайтару туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 күн ішінде берілуге тиіс.

Мемлекеттік баж келесі жағдайларда қайтарылмайды:

>Талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан;

>Талап қоюшы өз талаптарын азайтқан;

Іс тараптардың бітімгершілік келісімімен аяқталған жағдайларда.

Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар іске мүдделі тұлғалармен сотта іс қарау және соттың шешімін орындау жөнінде төленетін шығындар.

Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар қатарына мыналар жатады:

• куәлерге, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар (ҚР АІЖКнің 108, 109баптары);

• сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;

• заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығындар;

• жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындар;

• іс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығындар;

• тараптарға хабарлау және оларды сотқа шақыру жөніндегі шығындар;

• тараптар мен үшінші тұлғалардың жолақысы және олардың сотқа келуіне байланысты шеккен тұрғын жайлы жалға алу жөніндегі шығындар;

• өкілдердің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар;

• соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын орындауға байланысты шығындар;

• сот қажет деп таныған өзге де шығындар. Мысалы, куәлерге, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға сотқа келуге байланысты жолақысы, бөлме жалдау жөніндегі шығындар өтеледі, іссапарға шыққан тұлғаларға тиісті төулікақы төленуге тиісті. Сонымен қатар сарапшылар мен мамандарға байланысты өздерінің іс бойынша тиесілі жұмсалған химиялық құралдар және өзге де материалдар үшін ақша сомасы төленуге тиіс. Куә ретінде сотқа шақырылған жұмыс істейтін адамдарға сотқа келуге байланысты олардың болмаған уақыты үшін жұмыс істейтін жері бойынша орташа жалақысы сақталады. Еңбек қатынастарында тұрмаған куәлар өздерін әдеттегі айналысып жүрген істерінен алаңдатқаны үшін іс жүзіндегі ауқыт шығындары ескеріліп және заңда белгіленген 1 (бір) айлық жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып өтемақы алады.

Сарапшылар мен мамандар, егер бұл жұмыс олардың қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, соттың тапсырмасы бойынша өздері орындаған жұмыс үшін сыйақы алады. Сыйақының мөлшерін тараптармен келісім бойынша сот анықтайды (ҚР АІЖКнің 108бабының 3бөлігі).

Пайдасына шешім шығарылған тарапқа, бұл тарап сот шығындарын төлеуден босатылса да, басқа тараптан іс бойынша жұмсалған барлық шығындарды сот алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығындар талап қоюшыға қойылған талаптардың сот қанағаттандырған мөлшеріне барабар, ал жауапкерге талап қою талаптарының талап қоюшыға бас тартылған бөлігіне барабар беріледі.

Егер жоғары сатыдағы сот істі жаңадан қарауға берместен шығарылған шешімді өзгертсе немесе жаңа шешім шығарса, ол тиісінше сот шығыстарын бөлуді де өзгертеді (ҚР АІЖКнің 110бабы).

Сотқа басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы өтініштермен жүгінген тұлғаларға талап қоюдан толық немесе ішінара бас тартылған кезде, жауапкерге республикалық бюджеттің қаражатынан олар жұмсаған сот шығындары толық немесе қойылған талаптардың талап қоюшыға бас тартылған бөлігіне барабар өтеледі.

Пайдасына шешім шығарылған тарапқа сот процеске қатысушы өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі өзіне екінші тарап келтірген шығындарды іс жүзінде өзі шеккен шығындар мөлшерінде басқа тараптан алып береді, сондай-ақ егер тараптар бітімгершілік келісімін жасау кезінде өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды бөлу тәртібін көздемесе. Ал ақшалай талап бойынша бұл шығындар қойылған талаптық қанағаттандырылған бөлігінің 10 (он) процентінен аспауға тиіс (ҚР АІЖКнің 111бабы).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 1631; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.039 сек.