КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Сот актілерін орындау сатысы. 5 страница
мен; хабарошарсыз кеткен деп белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адаммен; қайтыс болған немесе қайтыс болды деп белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мүрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мүраны әлі ешкім қабылдамаса мұралық мүлікті қорғау мен басқару үшін тағайындалған сақтаушы немесе қамқоршымен жүзеге асырылады. Сонымен заңды өкілдік ету туындау негізі үшін әртүрлі заңды фактілер қажет туыстық, асырап алушылық, қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауы. Заңды өкілдер істі сотта өздері жүргізеді немесе басқа өкілге тапсыра алады (ҚР АІЖКі 63бабының 4бөлігі). Құрылтай құжаттары бойынша өкілдік ету төмен тұрған ұйымның арнайлы тапсырмасыз олардың мүдделерін қорғауға жоғары тұрған ұйымның өкілдік ету құқығы. Қогамдың өкілдік ету өз мүшелерінің мүдделерін қорғау үшін қоғамдың бірлестіктердің өкілдік етуі. Ресми өкілдік ету тапсырма бойынша өкілдік ету, өз сипаты бойынша заңды өкілдік етуге жақын. Ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтікқұқықтык, актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде ісәрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді. Өкілдің өкілеттігін өкілдік беруші белгілейді және заң сәйкес берілген және ресімделінген сенімхатта көзцелуі тиіс (ҚР АІЖКі 61бабының 2бөлігі). Өкілдің өкілеттіктері (ҚР АІЖКі 61бабы): сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, талап арызға қол қоюды, істі аралық сотқа беруді, талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартуды, талап қоюды тануды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді, бітімгершілік келісім жасауды, өкілеттіктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге аудару), соттың қаулысына шағым беруді, соттың қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етуді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді. Өкілдің өкілеттіктерін ресімдеу. Өкілдің өкілеттіктері заңға сөйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс. Кәсіптік одақтар мен басқа ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары сотқа осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды беруі тиіс (ҚР АІЖК 59бабының 3), 4) және 5) тармақшылары). Адвокаттық нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі заң консультациясы немесе адвокаттық кеңсе берген ордермен, ал өз қызметін дербес жүргізген жағдайда адвокат клиент пен жасасқан шартпен куәландырады. Заңды тұлғ анық атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғ анық басшысы немесе өзге уәкілетті адамы береді. ҚР АІЖКі 59бабының 6) және 7) тармақшыларында аталған өкілдің өкілеттігі сенімхатта немесе сот отырысының хаттамасына кіргізген сенім білдірушінің сотта берген ауызша түрдегі өтінішінде көрініс табуы мүмкін. Сотта өкілдер бола алмайтын тұлғалар (ҚР АІЖКнің 60бабы): судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдер ретінде қатысу жағдайынан басқа жағдайда; адвокатура туралы заңдармен белгіленген ережелерді бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар; Адам, егер мүдделері өзі өкіл болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бүрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә немесе айғақшы ретінде қатысса, сондай-ақ егер ол істі қарауға қатысушы лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса.
5 тақырып. Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы және соттылығы Ведомстволық бағыныстылық құқық; туралы немесе басқа да заңды ісін белгілі органның құзырлығына жатқызуы. Әр орган тек өзіне ведомстволық бағыныстылықтағы ғана сұрақтарды қарастыруға құқылы. Заңды істердің ведомстволық бағыныстылығы негізгі заңмен және тек кейбір жағдайларда заңға сәйкес нормативтік актілермен анықталады. Қазақстан Республикасы заңдары бойынша істер қарастыруға құқығы бар органдар: - соттар; - заңмен қарастырылған атқарушы органдар; - аралық соттар; - басқа тұлғалар мен органдар.
Ведомстволық бағыныстылық түрлері: Жекеше ведомстволық бағыныстылық бір органның ведомстволық бағыныстылығындағы іс қарастыру, мысалы, азаматтық психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер тек жалпы юрисдикциялық сотта шешіледі. Көпше ведомстволық бағыныстылық бірнеше органдар ведомстволық бағыныстылығында іс қарастыру, мысалы, мекемелер, мен жеке тұлғалар арасындағы мүліктік дау аралық сотпен немесе жалпы юрисдикциялдың соттармен қаралып, шешілуі мүмкін.
- Балама ведомстволық багыныстылық бұл талап қоюшының тандауы бойынша ведомстволық бағыныстылық; - Аралас ведотстволық багыныстылық басқа түрлерге тән белгілері бар ведомстволық бағыныстылық (көбінесе императивтік және балама); - Шарттық ведомстволық багыныстылық бұл тараптардың өзара келісімімен белгіленетін ведомстволық бағыныстылық; - Жагдайлы ведомстволық бағыныстылық заңмен кезделген белгілі бір жағдай туындағанда іс тек соттың қарауында болуы; - Императивтік ведомстволық багыныстылық заңмен белгіленген кезек бойынша бірнеше юрисдикциялық органдармен іс қаралуы. Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығын анықтаудың негізі болып: - дау туындаған даулы құқық қатынасының материалдық-құқықтық мәні; - даулы құқық қатынасының субъективтік құрамы есептеледі. Егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау азаматтық іс жүргізу кодексте және басқа заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртібімен жүзеге асырылмаса оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды. Сотқа бағынышты мүліктік дау оған заң актілерінде тыйым салынбаған кезде және азаматтық іс жүргізу кодекстің 170 бабының 4) тармақшасына және 192бабына сәйкес тараптардың келісімі бойынша аралық соттың қаралуына берілуі мүмкін. Біреулері сотқа, ал басқалары сот емес органдарға ведомстволық бағынысты өзара байланысты бірнеше талаптар біріктірілген кезде барлық талаптар сотта қаралуы тиіс. Нақты даудың кімге бағыныстылығына қатысты күмән немесе қолданыстағы заңдарға қиғаштықтар болған жағдайда оны сот қарайды. Сот ведомствосының қарауына жататын талап қою бойынша, ерекше талап қоюмен іс жүргізу және ерекше іс жүргізу істер. Талап қою бойынша іс жүргізу істері: азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғынүй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастар мен басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптық екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап қоюды қарайды. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері: мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы қабылдаған актіге дау айту туралы және т.б. (ҚР АІЖКнің 2529 тараулары). Ерекше іс жүргізу істері: заңдың маңызы бар фактілерді анықтау туралы; азаматты хабарошарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы; азаматты әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы; азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы; заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы; жылжымалы затты иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдың меншік құқығын тану туралы; азаматтық хал актілері жазуларының дұрыс еместігін анықтау туралы; нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға шағымдар бойынша; бағалы қағаздар көрсетуші адамның жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар (шақырту ісін жүргізу) бойынша құқықтарын қалпына келтіру туралы; бала асырап алу туралы Заңда ерекше іс жүргізу тәртібімен басқа да істерді қарау көзделуі мүмкін. Соттылық соттар арасында белгілі азаматтық істер қарастыру өкілеттіктерді бөлу. Соттар азаматтық отбасылық, еңбек тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастардан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөнінде қатынастар мен басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптық екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап қоюды қарайды. Мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы қабылданған актіге сотта дау жасалуы мүмкін. Егер халықаралық шартта ҚР заңдарында немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе соттар шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді қарайды. Заң бойынша соттың құзыретіне жатқызылған басқа да істер сотқа бағынысты болады. Азамаматтық істерді қай соттың қарауына жататындығының топтық түрі және аймақтық түрі: - топтық соттылъщ сот жүйесінің әр түрлі сатысындағы соттарға істің соттылығы; - аймақтық соттылық сотта істі қарау аумағына байланысты осы соттың құзыретіне жатқызылған соттылық. Топтық соттылық. Топтық соттылық дауды мәні бойынша қай деңгейдегі (аудандық, облыстық, Жоғары) сот қарайтынын белгілейді. Аудандық, қалалық сотта және оған теңестірілген соттың сотталуына жататын азаматтық істер ҚР АІЖКнің 28-30 баптарында көзделген істерді қоспағанда қалған барлық азаматтық істер қаралып шешіледі. Облыстыу және оған теңестірілген соттар бірінші сатыдағы соттар ретінде ҚР АІЖКнің 28бабына сәйкес: 1 министрліктер, басқа да республикалық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын, есеп беретін органдардың нормативтік-құқықтық актілеріне дау айту туралы. 2 облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астан анық) сайлау комиссияларының, сондай-ақ облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астан анық) референдум комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтуы туралы азаматтық істерді қарайды. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері лауазымды адамдарының заңға қайшы әрекеттеріне талап қоюы жөніндегі істерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрліктер мен басқа да республикалық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын, есеп беретін органдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, ұйымдардың құқықтарына қатысты нормативтік емес актілеріне дау айту туралы, Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы істерді Астана қаласының соты қарайды. Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы қатысушыларының Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығының лауазымды адамдары мен органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдануы туралы істерді, басқа да азаматтық істерді, егер тараптардың біреуі Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығының қатысушысы болса, мамандандырылған қаржылық соты қарайды. ҚРның Жоғарғы соты бірінші саты бойынша (ҚР АІЖКнің 29бабы): ҚРсы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне. Республикалық референдум. ҚР-ның Президентін және ҚРсы Парламент депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі ҚРсы орталық сайлау комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істерді қарайды. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестірілген әкімшілік соттар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дауласу туралы істерді қарайды. Әскери соттар Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, әскери жиындардан өтіп жүрген азаматтардың әскери басқарудың лауазымды адамдары мен органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануы туралы азаматтық істерді қарайды. Әскери соттар, егер тараптардың бірі әскери қызметші, әскери басқару органдары, әскери бөлім болып табылса, басқа да азаматтық істерді қарауға құқылы. Азаматтық істердің басқа мамандандырылған соттардың соттауына жатқызылуы ҚР АІЖКмен белгіленеді. Егер арызда бірбірмен байланысты талаптар қойылып, олардың бірі аудандық (қалалық) сотқа, бірі жоғары тұрған сотқа қарасты болса, егер басқа іске қатысушылар бүған қарсы болмаған жағдайда, барлық талаптар жоғары тұрған соттың қарауына жатады (ҚР Жоғарғы Соты Пленумның №9 қаулысы, 30.06.2000 ж.). Аймақтық соттылық. Аймақтық соттылық дегеніміз ол сот жүйесінің бір қатардағы көптеген (аудандық және оларга теңестірілген немесе облыстық және оларга теңестірілген) соттардың қайсысы нақты азаматтық істі мәні бойынша қарайтыны. Аймақтық соттылықтық мынадай түрлерін атауға болады: - Жалпы соттылық жауапкердің тұрғылықты жері бойынша анықталатын соттылық (ҚР АІЖКнің 31 бабы); - Балама соттылық талап қоюшының таңдау бойынша сотта іс қарау соттылығы (ҚР АІЖКнің 32бабы); - Ерекше соттылық белгілі істерді заңда көзделген соттармен қарау соттылығы (ҚР АІЖКнің 33бабы); - Шарттық соттылық тараптардың келісімдері бойынша белгіленетін соттылық (ҚР АІЖКнің 34бабы); - Істің байланыстығы бойынша соттылық аумағына қарамастан дау алғашқы талап қарастырылған сотта шешілуі (ҚР АІЖКнің 35бабы). Осы соттылық бойынша істі қарастыруда мынаны ескеру қажет: 1 әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге талап талап қоюшының таңдауымен жауапкердің біреуі тұратын немесе орналасқан жер бойынша қойылады. Бір арызға біріктірілген, әртүрлі соттардың соттауына жататын талаптар, егер бұл ретте ҚР АІЖК-нің 171 бабына сәйкес жоғары тұрған соттың судьясы бұл талаптарды бөлу туралы ұйғарым шығармаса, мәлімделген талаптардың бірі соттауына жатқызылған жоғары тұрған сотта қаралады; 2 дербес талабын мелімдеуші үшінші тұлғ анық талабы және қай сотта сотталатындығына қарамастан қарсы талап бастапқы талапты қараған жердегі сотқа беріледі; 3 қылмыстық істен туындайтын талап, егер ол қылмыстық іс жүргізілген кезде азаматтық талап қою ретінде мәлімделген немесе шешілмеген болса, ҚР АІЖК-мен белгіленген соттылығы туралы ережелер бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға беріледі. ҚР АІЖКнің 36бабының 1бөлігіне сәйкес, соттылық ережелерін сақтай отырьш сот жүргізуге қабылдаған іс, кейіннен ол басқа соттың соттауына жатса да, мәні бойынша шешілуге тиіс. Іс басқа соттың қарауына мына жағдайларда береді: егер тұрғылықты жері бүрын белгісіз болған жауапкер істі өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беру туралы өтініш жасаса; - егер бір немесе бірнеше судьяға қарсылық білдіргеннен кейін, сондай-ақ назар аударуға тұратын басқа мәнжайлар бойынша судьяларды ауыстыру немесе аталған сотта істі қарау мүмкін болмаса; - егер істі аталған сотта қарау кезінде оның істің соттылық ережелерін бұза отырып қабылданғаны анықталса; егер сотқа талап қойылса (ҚР АІЖКнің 36бабының 2бөлігі). Істің сол соттың соттауына жатпайтыны. туралы тараптардың арыздарын сол сот шешеді. Істі басқа сотца беру туралы мэселе бойынша сот ұйғарым шыгарады. Тараптық (тараптардың) іс сол соттың соттауына жатпайтыны туралы арызын қанағаттандырмай қалдыру туралы сот ұйғарымына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды. Істі бір соттан басқасына беру бұл ұйғарымға шағымдану мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берген жағдайда шағымды қанағаттандырмай қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін жүргізіледі. Істің соттылығы туралы соттардың арасындағы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды (ҚР АІЖКнің 36бабының 4бөлігі).
6 тақырып. Іс жүргізу мерзімдері Азаматтық іс жүргізуде сотпен қолданылатын мәжбүрлеу шаралары Сот шығындары(түрлері, тараптардың арасында бөлу) Іс жүргізу мерзімдері бұл талап (талап арыз, арыз, шағым) бойынша азаматтық істерді қозғау, қарау мен шешу (шешім шығару), оларды (апелляциялық, қадағалау және жаңадан анықталған мәнжайлар бойынша) қайта қарау тәртібін ҚР азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген мерзімдер. Іс жүргізу әрекеттері заңда белгіленген мерзімдер ішінде жасалуға тиіс. Бұл әрекеттер соттың азаматтық істерді қарауынан, соттың және азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың әр түрлі әрекеттерінен тұрады. Іс жүргізу мерзімдерін белгіленуі сотта азаматтық істердің тез және дұрыс қаралуына көмектеседі. Іс жүргізу мерзімдері туралы жалпы мәліметтер ҚР АІЖКі 123128баптармен қарастырылған. Іс жүргізу мерзімдерін жаратылысы бойынша екі нысанға бөлуге болады: заңмен белгіленген мерзімдер; сотпен белгіленген мерзімдер. Жоғарыда аталған іс жүргізу мерзімдер турлерінің бірбірінен айырмашылыгы мынада: - заңмен белгіленген іс жүргізу мерзімі сотқа және басқа да азаматтық іске қатысушыларға міндетті; - заңмен белгіленген іс жүргізу мезімін сот және тараптар, іске қатысушылар өзара келісімдері бойынша өзгерте алмайды; сотпен белгіленген іс жүргізу мерзімі азаматтық іске қатысушыларға байланысты тек сотпен бекітіледі; сотпен белгіленген іс жүргізу мерзімі соттың өзімен керек болған жағдайда өзгертілуі мүмкін және іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзім заңда белгіленбесе, оны сот тағайындайды (ҚР АІЖКі 123бабының 2бөлігі). Азаматтыу істерді қарау мерзімдері. Сотқа талап арызы түскен күннен бастап судья 5(бес) күн мерзімде ол бойынша сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешуге құқы бар. Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап 7(жеті) күн мерзімнен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Жалпы азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес азаматтық істер істі сот талқылауына әзірлеу аяқталған сәттен бастап 2 (екі) айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі, ал жұмысын қалпына келтіру туралы, алимент өндіріп алу туралы және мемлекеттік органдардың, жергілікті өзінөзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы істер 1(бір) айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу. Іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиіс оқиға көрсетіле отырып, дәлмедәл күнтізбелік күнмен немесе жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен белгіленеді. Соңғы жағдайда өрекет бүкіл кезеңнің ішінде жасалуы мүмкін. Кезеңмен есептелетін іс жүргізу мерзімінің ағымы оның басталуы белгіленген күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен кейінгі күні басталады (ҚР АІЖКнің 124бабы). Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту. Сот тағайындаған мерзімдерді сот ұзарта алады. Заңмен белгіленген мерзімдерді, егер олар сот дәлелді деп таныған себептермен өткізіліп алынса, сот қалпына келтіре алады. Өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш іс жүргізу әрекеттерін жасауға тиісті болатын сотқа беріледі. Сот бұл өтінішті мәселенің қаралатын орны мен уақыты хабарланатын іске қатысушы адамдардың қатысуымен қарайды, алайда, олардың келмей қалуы соттың алдына қойылған мәселені шешу үшін кедергі болып табылмайды (ҚР АІЖКі 128бабының 3бөлігі). Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы сот ұйғарым шығарады. Іс жүргізу мерзімдерін қалпына келтіру. Мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берумен қатар ол бойынша мерзімі өткізіліп алынған қажетті іс жүргізу әрекеттері жасалуға (құқық қорғау туралы талап қойылуға, шағым берілуге, құжаттар табыс етілуге және т.б.) тиіс (ҚР АІЖКі 128бабының 4бөлігі). Іс жүргізу мерзімдерін қалпына келтіру немесе келтіруден бас тарту туралы сот цйеаръш шығарады.
Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 3417; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |