Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сот актілерін орындау сатысы. 7 страница




Талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан кезде оның шығарған шығындарын жауапкер не мемлекет өтемейді. Егер талап қоюшы талап қоюдан кейін оларды жауапкердің ерікті түрде қанагаттандыруы. нәтижесінде өзінің талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талап қоюшының өтінуі бойынша жауапкерден талап қоюшы шеккен бүкіл сот шығындарын және өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды өндіріп алады.

Екінші тараптық пайдасына іс жүзінде уақыт ысырабынан келтірілген өтемақыны мына жағдайда өндіріп алуы мүмкін:

көрінеу теріс пиғылмен негізсіз талап қойылғанда;

- қойылған талапқа қарсы негізсіз дау білдіргенде;

- істі дұрыс және тез қарап, шешуге үнемі қарсы әрекет жасағанда.

Өтемақы мөлшерін нақты мәнжайларды ескере келіп, осы жердегі тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормасын негізге ала отырып, сот белгілейді (ҚР АІЖКнің 112бабы).

Мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қою қанағаттандырылған жағдайда талап қоюшыға ол жұмсаған сот шығындары республикалық бюджеттің қаражатынан өтеледі.

Егер екі тарап та(ҚР АІЖКнің 104бабы) сот шығындарын төлеуден босатылса, іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар республикалық бюджеттің есебіне жатқызылады.

Сот шығындарына байланысты мәселелер жөніндегі ұйғарымға іске қатысушылармен жеке шагым берілуі, ал прокурормен наразылық келтірілуі мүмкін.

 

7 тақырып. Азаматтық іс жүргізуде дәлелдеу

Соттың дәлелдеу бұл істің мәнжайларын соттың дәлелдемелер арқылы анықтау бойынша процестке қатысушылардың қызметі. Өзгеше айтар болсақ бұл тараптардың және өзге де қатысушылардың дәлелдемелерді табыс етуге, жинауға және оларды зерттеуге әрекеті. Мұндай құқық ҚР АІЖКнің 47бабында көзделген.

ҚР АІЖКнің 65бабына сәйкес, әр тарап (талап қоюшы және жауапкер) өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мәнжайларды дәлелдеуі тиіс.

Осы мәнжайларды ҚР азаматтық іс жүргізу заңында белгіленген нақты деректер арқылы дәлелдеу қажет. Бұл нақты деректер:

- тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен;

- куәлардың айғақтарымен;

- заттай дәлелдемелермен;

- сарапшылардың қорытындыларымен;

- іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

Жоғарыда аталған деректерді басқаша дәлелдеу құралдары деп атайды. Дәлелдеу құралдары бұл сотта істің мәнжайларын анықтау үшін қолданылуы мүмкін құралдар.

Енді әрқайсысын жеке қарастырайық.

І.Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері. Бұлардың ерекшеліктері бар олар іс бойынша мүдделі тұлғалар, сондыңтан олардың белгілі мәнжайлар туралы түсініктемелерінде қателіктер болуы мүмкін. Мұндай қателіктер үшін тараптар және үшінші тұлғалар жауаптылыққа тартылмайды.

Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мәнжайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады (ҚР АІЖКнің 78бабының 1бөлігі).

Осы түсініктемелерді мынадай түрлерге бөліп қарастырады:

Жазбаша;

Ауызша;

Талап;

Мойындау.

Жазбаша түсініктемелер талап арызында немесе талапқа қарсылық білдіруде көрінеді. Ауызша түсініктемелерді төрағалық етуші (судья) қандай азаматтық іс қаралуға тиіс екенін жария етіп, процеске қатысушылардың келуін тексерген соң тараптар мен үшінші тұлғалар береді. Талап деректер туралы тараптардың баяндамасы және олар осы деректерді анықтауға мүдделі болады. Мойындау басқа тарап дәлелдеуге тиіс деректерді екінші тараптық тануы. Тараптық талабын немесе қарсылығын негіздейтін деректерді екінші тараптық мойындауы ол тарапты осы деректерді одан әрі дәлелдеу қажеттілігінён босатады. Тарап мойындаған дерек сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оған деректі мойындаған тарап қол қояды (ҚР АІЖК-нің 78 бабының 3бөлігі).

Егер деректілерді тану шындығында болмаған мәнжайды жасыру мақсатымен не алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың немесе жақылудың әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы деректер жалпы негізде дәлелденуге тиіс.

Церекті тану бцл тусініктемелердің бір түрі, сондыңтан оны талап танумен шатастыруга болмайды.

2.Куәлардың айғақтары (ҚР АІЖКнің 79бабы). Куә іс үшін маңызы бар мәнжайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға. Сотта куә берген мәліметтер куәнің айгақтары деп аталады. Белгілі бір адамды куә ретінде (оның тегін, атын, әкесінің атын және тұратын жерін немесе жұмыс орнын белгілеп, сондай-ақ бұл адамнан жауап алу қажеттілігін негіздей отырып) сотқа шақырту туралы іске қатысушылар өздерінің өтінімдері арқылы, ал талап қоюшы талап арызында көрсетеді.

ҚР АІЖКнің 79бабының 2бөлігіне сәйкес куә ретінде бола алмайтын тұлғалардың тізімі көрсетілген. Оларға:

- балаларды тәрбиелеу туралы даулар бойынша істерді қоспағанда өзінің жастығына, дене немесе психикалық кемістігіне орай фактілерді дұрыс қабылдауға және олар туралы дұрыс айғақ беруге қабілетсіз адамдар;

- өкілдің немесе қорғаушының міндетін атқаруына байланысты өздеріне белгілі болған мәнжайлар туралы азаматтық іс бойынша өкілдер немесе қылмыстық іс бойынша қоргаушылар;

- шешім немесе үкім шығару кезінде мәселелерді істің мәнжайын кеңесу бөлмесінде талқылау кезінде туындаған мәселелер туралы судья;

- оларға тәубаға келу кезінде сенім білдірген адамдардан белгілі болған мәнжайлар туралы дін қызметшілері;

заңда көрсетілген басқа адамдар жатады. Сондай-ақ, сотта адам өзіөзіне, зайыбына (жұбайына) және шеңбері заңмен белгіленетін жақын туыстарына куәлік айғақ беруден бас тартқан жағдайда куә ретінде танылмайды.

Сот бал анық өсу деңгейін ескере оны сотқа куә ретінде қатыстыруы мүмкін. Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төргп жас пен он алты жас аралығындағы куәдан жауап алу да сотқа шақырылатын педагогтың қатысуымен жасалады. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмаған куәнің заңды өкілдері (ата-аналары, асырап алушылар, қамқоршылар немесе қорғаншылар) де шақырылады (ҚР АІЖКнің 199 бабының 1бөлігі).

Куә ретінде шақырылған адам сотқа ұйғарыммен тағайын далған уақытта келуге және шынайы айғақ беруге міндетті.

Көрінеу жалган айғақ бергені және заңда көзделтеген негіздер бойынша айғақ беруден бас тартцаны немесе жалтарганы үшін куә ҚР ҚКнің 352,353 баптарында көзделген қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бірақ куә "өз-өзіне, зайыбына (жұбайына) және жақын туыстарына" қарсы куәлік етуге міндетті емес (ҚР Конституциясының 77бабының 3бөлігінің 7) тармақшасы және ҚР АІЖКі 79бабының 3бөлігі).

Әдетте сот отырысында куә айғақтарын ауызша береді, бірақ ерекше жағдайда (науқастығының, қарттығының, мүгедектігінің немесе басқа да дәлелді себептерінің салдарынан) сот куәдан өзі барған жерінде жауап алуы мүмкін (ҚР АІЖКі 80бабының 2бөлігі).

ҚР АІЖКі бойынша куә бірқатар құқықтарға ие:

- сотта ана тілінде немесе өзі білетін басқа тілде мәлімдеме жасау (ҚР АІЖКі 14бабының 3бөлігі);

- сотқа келуге байланысты жолақысы, бөлме жалдау жөніндегі шығындар өтеледі, іссапарға шыққан тұлғаларға тиісті тәулікақы төленуге тиіс;

- куә ретінде сотқа шақырылған жұмыс істейтін адамдарға сотқа келуге байланысты олардың болмаған уақыты үшін жұмыс істейтін жері бойынша орташа жалақысы сақталады;

еңбек қатынастарында тұрмаған куәлар өздерін әдеттегі айналысып жүрген істерінен алаңдатқаны үшін іс жүзіндегі уақыт шығындары ескеріліп және заңда белгіленген 1 (бір) айлық жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып өтемақы алады;

сотқа шақырылуына байланысты шығындарды өтеттіруге және уақытын жоғалтуына байланысты ақшалай өтемақы алуға (ҚР АІЖКі 80бабының 4бөлігі);

қажет болған жағдайда сотта осы немесе келесі отырыста екінші рет жауап беруге (ҚР АІЖКі 197 бабы ның 4бөлігі);

жазбаша материалдарды пайдалануға (ҚР АІЖК нің 198 бабы).

3. Жазбаша дәлелдемелер. Жазбаша дәлелдемелер бұл іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар (ҚР АІЖКі 81 бабы).

Жазбаша дәлелдемелерді тараптар және іске қатысушы басқа да тұлғалар тапсыруы, сондай-ақ олардың ө тініші бойынша сот талап етуі мүмкін. Соттың азаматтардан немесе заңды тұлғалардан талап ететін жазбаша дәлелдемелері тікелей сотқа жіберіледі.

Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, түпнұсқа күйінде беріледі. Егер құжаттық көшірмесі берілсе, сот қажет болған жағдайда түпнұсқ анық берілуін талап етуге құқылы (ҚР АІЖКі 83бабының 3бөлігі). Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелер, сондай-ақ істегі жеке хаттар оларды табыс еткен тұлғалардың өтініші бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылуы мүмкін. Бұл орайда істе жазбаша дәлелдемелердің судья куәландырған көшірмесі қалады.

Жазбаша дәлелдемелерді нысаны бойынша мына түрлерге бөліп қарастыруға болады:

1. жай жазбаша нысандағы құжаттар;

міндетті нысандағы жазбаша дәлелдемелер (неке құру туралы куәлік, коммерциялық акт, бала туу туралы куәлік және т.б.);

2. нотариуспен куәландырылған шарттар.

Егер құжаттарда ұйымдар, лауазымды адамдар баяндаған немесе куәландырған мәліметтер азаматтық іс үшін маңызы болса, дәлелдемелер болып танылады. Құжаттарға, соның ішінде ҚР АІЖКнің 66бабында көзделген тәртіппен алынған, талап етілген немесе табыс етілген компьютерлік хабарламаны қамтитын материалдар, фото және кино түсірілімдер, дыбыс және бейнежазбалар да жатады.

3аттай дәлелдемелер. Заттай дәлелдетелер өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мәнжайды анықтау құралы бола алады деп ұйғаруға негіз бола алатын заттар.

Сотқа заттай дәлелдемелер:

- өз бастамасы бойынша іске қатысатын тұлғалар;

- сот ұйғарымы бойынша басқа тұлғалар ұсынылуы мүмкін.

Заттай дәлелдемелердің жазбашадан негізгі айырмашылығы заттай дәлелдемелерінде мәліметтер материалдық турде, ал жазбашада олар сандар, әріптер, белгілер аркылы көрінеді.

Заттай дәлелдемелерге билік ету мәселелері бойынша сот ұйғарым шығарады (ҚР АІЖКі 89бабының 4бөлігі).

Тез бұлінетін заттай дәлелдемелерді қарап шығу, оның нөтижелерін жазу ҚР АІЖКі 87бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.

б.Сарапшылардың қорытындылары. Сарапшы — арнайы ғылыми білімі бар іске мүдделі емес адам. Сарапшыныц қорытындысы бұл сарапшының алдына сот немесе тараптар қойған мәселелер бойынша іс материалдарын зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізілген заттай дәлелдемелер мен үлгілерге негізделген ҚР АІЖКде көзделген жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар.

Сараптама сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін іс материалдарын зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мәнжайлар анықталуы мүмкін жағдайда тағайындалады. Сарапшыға ұсынылған сұрақтар және бұл сұрақтар бойынша оның беретін қорытындысы сарапшының арнаулы білімінің шегінен шықпауы тиіс.

Сот сараптаманы:

- тараптық өтінімі бойынша;

- өз бастамасы бойынша тагайындайды.

9204Сараптам анық тағайындалуы туралы сот ұйғарым шығарады.

Сараптама зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкіндігі жоқтығына немесе қиындығына байланысты сотта немесе соттан тыс жүргізіледі.

Сарапшының құқықтары:

- істің сараптама нысанасына қатысты материалдарымен танысуға;

- қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінім жасауға;

- соттың рұқсатымен сот отырысына қатысуға және оған қатысушыларға сараптама нысанына қатысты сұрақтар қоюға;

- сараптама жүргізу кезінде өз құқығына нұқсан келтіретін сот әрекетіне шағым жасауға;

- және т.б. ҚР АІЖКі 92бабының 1бөлігінде көрсетілген.

Сарапшының міндеттері:

- соттың шақыруы бойынша келуге;

- өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті қорытынды беруге;

- жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақ беруге (ҚР АІЖК-і 92бабының 3бөлігі).

Төрағалық етуші сарапшыға көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді, ол туралы сарапшыдан қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі (ҚР АІЖКнің 191бабы).

Сараптаманы:

- сарапшы жеке;

- сарапшылар комиссиясы (мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келе отырып, қорытындыға қол қояды немесе қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға қол қояды);

- кешенді (іс үшін маңызы бар мәнжайларды анықтау үшін әртүрлі білім саласының негізінде зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны мамандығы әртүрлі сарапшылар өздерінің құзыреті шеңберінде жүргізеді);

- қосымша (қорытынды жеткілікті түрде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ бүрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде тағайындалатын);

- қайталама (сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізделмеген немесе оның дұрыстығы күмән тудырған, немесе сараптама жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі бұзылған кезде дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін тағайындалатын) түрлерде өткізу ҚР АІЖКі бойынша көзделген.

Сараптама сотта іс қарауға әзірлеу сатысында, сондай-ақ осы сотта іс қарау кезінде тағайындалуы мүмкін (ҚР АІЖКі 170бабының 7бөлігі). Бұл жағдайда сот сараптаманы өткізу үшін істі кейінге қалдыруға тиіс.

Сарапшы өз қорытындысын жазбаша нысанда сотқа ұсынуы тиіс (ҚР АІЖКі 96бабының 1бөлігі).

Заңмен көзделген жағдайларда ерекше іс жүргізу (азаматтық психикалық халжайын анықтау үшін ҚР АІЖКнің 305бабы; азаматты әрекетке қабілетті деп тану ҚР АІЖКнің 308бабы) істері бойынша міндетті түрде сараптама тағайындалады.

6. Іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары бұл іс бойынша мәні бар мәнжайларды анықтау сұрақтары бойынша сот отырысында не соттан тыс сотпен құрылған жазбаша материалдар.

Бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жеке іс жүргізу әрекеті туралы хаттама жасалады. Сот отырысының немесе отырыстан тыс жасалған жеке іс жүргізу әрекетінің хаттамасы істі қараудың немесе жеке іс жүргізу әрекетін жасаудың барлық елеулі сәттерін көрсетуге тиіс.

Сондықтан оларға: сот тапсырмасы бойынша хаттамалар (ҚР АІЖКнің 72бабы); дәлелдемелерді қамтамасыз ету куәлардан жауап алу, сараптама жүргізу, оқиға болған жерді қарап шығу және басқа да әдістер арқылы жүргізілген (ҚР АІЖКі 74бабының 2бөлігі) жатады.

Сот тапсырмалары істі қараушы сот іске қатысушы адамның басқа қалада немесе ауданда дәлелдемелер жинау қажеттігі туралы өтінішін қанағаттандырған жағдайда тиісті сотқа белгілі бір іс жүргізу әрекетін жасауға деген тапсырмалар. Соттың тапсырмасын орындау ҚР АІЖКмен белгіленген ережелер бойынша сот отырысында жүргізіледі. Хаттамалар мен тапсырманы орындау кезінде жиналған барлық материалдар істі қарап жатқан сотқа дереу жіберіледі.

Өздері үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну соңынан мүмкін болмайды немесе қиындың келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету:

- куәлардан жауап алу;

- сараптама жүргізу;

- оқиға болған жерді қарап шығу;

- және басқа да өдістер арқылы жүргізіледі. Хаттаманы сот отырысының хатшысы жасайды (ҚР АІЖК-нің 257бабының 1бөлігі). Хаттама:

- қолмен жазылуы;

- машинкаға;

- компьютерде басу өдісімен дайындалуы мүмкін. Оның толық жасалуын қамтамасыз ету үшін:

- дыбысжазба құралдары;

- стенографиялау пайдаланылуы мүмкін. Хаттамада осы құралдардың қолданғаны туралы жазба жасалады (ҚР АІЖКі 257 бабының 3 бөлігі).

Хаттамаға төрағалық етуші және хатшы қол қояды, сондай-ақ онда барлық өзгерістер, түзетулер, толықтырулар олардың қол қоюымен куәландырылуға тиіс.

Соттың дәлелдеудің пәні істі қарап, шешу үшін сот растығын анықтауға тиіс заңды фактілер. Талап немесе оның қарсылық білдіру негізіне кіруі мүмкін дәлелдеуге жатпайтын фактілер дәлелдеу пәніне жатқызылмайды.

Дәлелдеу пөніне қатысты деректер құрамы әрбір іс бойынша әртүрлі. Осы жағдайда қолдануға тиіс материалдың құқық нормаларымен басшылық ете және тараптардың талаптарынан және қарсылықтарынан оны сот анықтайды.

Әуелі дәлелдеу пәніне талап негіздемесінің деректері жатқызылады, яғни талап қоюшымен талап негіздемесі ретінде көрсетілген заңды фактілер, сондай-ақ талаіща қарсылық негіздемесінің деректері, яғни жауапкермен талапқа қарсы негіздемесі ретінде көрсетілген заңды фактілер.

Процеске даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар қатысқанда немесе қарсы талап қойылғанда іс бойынша дәлелдеу пәніне осындай талаптар негізінде деректер енгізіледі.

Егер тараптар заңды маңызы жоқ фактілерге сүйенетін болса, онда сот оларды зерттеуге тиіс емес. Ал егерде тараптар іс бойынша маңызы бар фактілерді белгілемесе, онда сот оны өз бастамасы бойынша дәлелдеу пәніне жатқызуы тиіс, сондай-ақ дауды дұрыс шешу үшін тараптарға дәлелдемелер табыс етуге ұсыныс жасайды.

Дәлелдеуге жатпайтын деректер. ҚР АІЖК іс бойынша дәлелдеуге жатпайтын төрт категория деректер белгілейді. Сондыңтан олар дәлелдеу пәніне жатқызылмайды. Жеке атайтын болсақ оларға:

- жалпыға белгілі деректер;

- преюдициалды анықталған деректер;

- ұйғарылған (болжамды) деректер;

- даусыз деректер қатысты болады (ҚР АІЖКнің 71 бабы).

Әрқайсысын жеке қарастырайық.

Қандай деректерді жалпыга белгілі деп тану туралы соттық өзі шешеді. Сот жалпыға белгілі деп танылған мәнжайларды дәлелдеуді талап етпейді.

Преюдициалды аныцталган деректер дәлелдеуге жатпайды, яғни бұл іс бойынша қабылданып және заң күшіне енген сот үкімімен не шешімімен бекітілген деректер. Мұндай деректер жалпы іс қарау тәртібі бойынша теріске шығарылуы мүмкін, яғни істі қайта қарауда өзге тұжырыммен.

Тәжірибеде регрестік талаптарды қарастыруда преюдициалдьщ деректер жиі кездеседі.

Соттың бүрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды "" күшіне енген шешімімен белгіленген мәнжайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді (ҚР АІЖКі 71бабының 2бөлігі).

Үйгарылган (болжамды) деректерге, мысалы, көктем (наурыз) айларының басында қар еріп өзенде су деңгейі көтеріледі немесе қыста жол тайғақ болады деген деректерді жатқызуға болады. Мұндай болжамдар жалпы сотта іс қарау тәртібі бойынша тараппен жоққа шығарылуы мүмкін.

Даусыз деректер заңмен танылған деректер. Заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған деректер азаматтық істі талқылау кезінде дәлелденбейді.

Дәлелдемелерсіз анықталған мәнжайларға:

осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпшілікте жалпы қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;

адамның заңды білуі;

адамның өзінің қызметтік және көсіби міндеттерін

білуі;

олардың бар екендігін растайтын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекемені көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы есептеледі.

Дәлелдеу тәртібі заңмен регламенттелінген. Дәлелдеу қызметі азаматтық процестің (тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы, сотта іс қараудың жариялығы және т.б.) жалпы принциптерімен бағытталанады және процестің әр сатысында жекешеленеді. Дәлелдемелер жинау, зерттеу не бағалау бойынша соттың немесе іске қатысушылардың әр ісәрекеттері процессуалдың тәртіптерге сәйкес болуы тиіс. Осы тәртіптер қатарында дәлелдеу тәртібі ерекше орын алып отыр. Сот дәлелдемелерді бағалағанда, заңды және құқықтық сананы басшылыққа ала отырып, сот мәжілісінде істің барлық мәнжайын жинақтап, толық және объективті түрде қарауға негізделген өзінің ішкі сеніміне лайьщты бағалайды. Сот үшін ешқандай дәлелдемелердің күні ілгері белгіленген күші болмайды.

Дәлелдемелер келесі түрғыдан бағаланады: 1дәлелдемелердің қатыстылығы; 2 дәлелдемелерге жол беру; 3дәлелдемелердің растығы;

4дәлелдемелердің азаматтық істі шешу үшін жеткіліктілігі.

1. Дәлелдемелердің қатыстылығы бұл іс үшін маңызды мәнжайлардың бар екендігі туралы тұжырымдарды растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер ретінде танылатын дәлелдемелер.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 1358; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.497 сек.