КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Сот актілерін орындау сатысы. 10 страница
Арызды қараусыз қалдыру туралы сот ұйғарым шығарады, бірақ іске қатысушы адамдар оған жеке шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.
Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу Талап арыз (арыз, шағым) қабылдау арқылы азаматтық іс қозғағаннан кейін сот азаматтық процестін, келесі азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу сатысына өтеді. Нақты азаматтық істі сотта қарау сатысында бұзылған немесе даулы құқықтар, бостандықтар және заңмен қорғалатын мүдделер қорғауы жүзеге асырылады. Егер істі қарау және шешу бойынша сөйкесті әзірлік жүргізілсе бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды қорғап шығуға мүмкіндік бар. Кез келген азаматтық іс бойынша сотта қарауға әзірлеу жүргізілуі қажет, себебі, бұл маңызды рөл атқаратын азаматтық процестің жеке сатысы. Сотта іс қарауға әзірлеуді жүргізу туралы заң талаптарын сақтау істі дұрыс және уақтылы шешудің негізгі шарттарының бірі. Сотта іс қарауға әзірлеу сатысы сотпен сәйкесті ұйғарым қабылдаудан басталады. Бұл ұйғарымда жүргізілуге тиіс әрекеттер белгіленеді. Істі сотта қарауға әзірлік жүргізудің мақсаты істі дер кезінде және дцрыс шешуді цамтамасыз ету. Осы мақсат ҚР АІЖКнің 166бабында көрсетілген міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады. Азаматтыу істерді әзірлеудің міндеттері: істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мәнжайларды айқындау; тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тйісті заңды анықтау; 3) іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу; 4) өрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау. Кейбір ғалымдардың пікірінше сотта іс қарауға әзірлеу сатысында тек сот қана әрекет етеді, бірақ бұл түбінде осы сатының мәні мен мазмұнына сәйкес емес. Әрине, судьяның қызметі негізгі больга есептеледі, сондыңтан оның әрекеттері азаматтық іс жүргізу құқығының арнайы нормаларымен реттеледі. Бірақ әзірлік жүргізуге іске қатысушы тұлғалардың тікелей қатысы бар. Мысалы, тараптар іс бойынша сотқа дәлелдемелер ұсынуға міндетті. Әзірлеу сатысында дәлелдемелер ұсынуға жағдай жасалуына байланысты іс жүргізуге басқа да тұлғалар қатысуы мүмкін. Осылай, мысалы, сотта істі қарауға әзірлік жүргізу кезінде алғашқы, қосымша және қайталама сараптама тағайындауға болады. Іс жүргізуге қатысушылардың атқаратын рөлдері әртүрлі. Судья заңмен бекітілген ісәрекеттер жасауға тиіс. Егер іс сот мәжілісінде қарауға тиісті түрде әзірленбесе, онда судья оны сот отырысында қарауға тағайындауга құқығы жоқ. Әзірленбеген іс заңсыз және негізсіз шешім шығаруға, сондай-ақ осы сотпен қабылданған шешімді бұзуға немесе өзгертуге әкеп соғады. Сотпен белгіленген дәлелдемелерді іске қатысушылармен ұсынбауы олардың мүдделерін қанағаттандырмайтын сот шешімін шығаруға әкеледі. Басқа қатысушылар іске қажет болған жағдайда қатысады. Азаматтық істерді қарап, талап арызды (арызды, шағымды) қабылдағаннан кейін судья істі сотта қарауға әзірлеу жүргізеді және ҚР АІЖКнің 168бабына сәйкес ұйғарым шығарады. Мына жағдайды ескерген жен, егер жоғары тұрған сот төменгі сот шешімін бұзып және істі жаңа сот қарауына жіберсе, осы іс бойынша істі жүргізуші судья жаңадан істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым қабылдау қажет. Істі сотта қарауға әзірлік жүргізуді әр түрлі іске қатысушылар жүзеге асырады, бірақ процесте негізгі қызметті судья атқарады. Сондыңтан ҚР АІЖКі ІТОбабының талаптарына сәйкес істің мәнжайларын ескере отырып, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья жекедара мынадай әрекеттерді жүргізеді: - талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді; - қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мәнжайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды; айрықша күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді; - іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердің дербес талаптарсыз үшінші тұлғалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді; - тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жүгіну құқықтарын және мұндай әрекеттің салдарын түсіндіреді; - оның нәтижесіне мүдделі азаматтар мен ұйымдарға істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарлайды; - куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді; - тараптардың өтінімі бойынша және өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды, сондай-ақ іске маманды, аудармашыны қатыстыру мәселесін шешеді; - тараптардың өтініштері бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан дәлелдемелер талап етеді; - кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда іске қатысатын адамдарды хабарландыра отырып, жазбаша жөне заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеруді жүргізеді; - талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді; - талап қоюшының өтініші бойынша оның берген талап арызын (арызын) қайтару туралы ұйғарым шығарады; басқа да қажетті іс жүргізу өрекеттерін жасайды. Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады. Істпі соттпа қарауга әзірлеу сапгысы істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым шығарудан басталады және істі сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарумен аяцталады. Судья істі дайын болды деп тани отырып, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады және осымен бір мезгілде тараптар мен процестің басқа да қатысушыларына істі қараудың орны мен уақыты туралы хабарлайды. Іс бойынша тараптарды және басқа да іс жүргізуге қатысушыларды (куәларды, сарапшыларды, мамандарды және аудармашыларды) сот отырысының немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасаудың уақыты мен орны туралы: соттың шақыру қағаздарымен (іске қатысушы тұлғалар және пошта арқылы); тапсырыстық хат арқылы; - телефонограмма немесе жеделхат арқылы; - хабарлау мен шақырудың жасалуын қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы хабарландырылуы немесе сотқа шақырылуы мүмкін, бірақ адамдардың сотқа уақтылы келуі және іске даярлануы үшін жеткілікті мерзімі болуы есептеле отырып жолдануға тиіс. Тәжірибеде жиірек сот хабарлаулары мен шақырулар арасында соттың шақыру қағазы қолданылады. Соттың шақыру қағазы жіберілген азаматқа табыс етіліп, сотқа қайтарылуға тиісті түбіршегіне оның өз қолы қойылады. Ұйымға жіберілген шақыру қағазы оның өкіліне немесе басқару қызметін атқаратын тиісті адамға табыс етіледі, ол шақыру қағазының түбіршегіне оны алғандығы жөнінде өзінің қызметін, тегін және атыжөнін көрсетіп қол қояды. Кейде шақыру қағазын жеткізуші адам іс бойынша хабарланатын немесе шақырылатын азаматты тұрғылықты жерінен немесе жұмысынан таба алмайды, онда ол шақыру қағазын олардың келісімімен: - онымен бірге тұратын отбасының ересек мүшелерінің біріне; - тұрғын үй пайдалану ұйымына; - жергілікті өзінөзі басқару органына; - адресаттық тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органға; оның жұмыс орнындағы өкімшілікке тапсырады. Жоғарыда аталған жағдайларда шақыру қағазын қабылдап алған адам шақыру қағазының түбіршегіне өзінің тегін, атын, атыжөнін, сондай-ақ адресатқа қатыстылығын немесе атқаратын қызметін көрсетуге міндетті. Содан кейін шақыру қағазын қабылдап алған адам мүмкіндігінше кідіртпей шақыру қағазын адресатқа тапсыруға міндетті. Шақыру қағазын жеткізу тапсырылған адам оны тапсырған күні көрсетілген және адресаттық шақыру қаға 166зын алғандығы жөнінде қолы қойылған шақыру қағазының түбіршегін сотқа қайтаруға міндетті (ҚР АІЖКі 131бабының 3бөлігі), себебі, одан кейін сотта іс қарау кезінде судья үшін сотта іс қарауды жалғастыру немесе оны кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығаруға негіз болып табылады. Егер іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланбаса, яғни ҚР АІЖКнің 11тарауында бекітілген талаптары сақталмаса, онда сот істі қарауды. кейінге қалдырады. Іс кейінге қалдырылған кезде істің жаңа сот отырысында шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін уақыт ескеріле отырып, жаңа сот отырысының күні белгіленеді, бұл жөнінде келген адамдарға қол қойдырылып хабарланады. Келмеген және іс жүргізуге қатысуға жаңадан тартылған адамдарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шацыру цагазы жіберіледі. Егер сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске қатысушы адамдардың қайсыбірі келмеген жағдайда, сондай-ақ, олардың келмеу себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауга (сотта іс қарауды жалгастыруеа) құқылы (ҚР АІЖКі 187бабының 4бөлігі).
10 Тақырып. Азаматтық істі сотта қарау Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттың қызметіне араласуға жол берілмеушілік нақты істерді шешкен кезде судьялардың Конституция мен заңдардың нормаларын басшылыққа алатындығын, нақты істе барлық мәселелерді өзінің ішкі сенімімен шешетіндігін және бірдебір мемлекеттік немесе қоғамдьщ мекеменің, бірдебір лауазымды адамның судьяға нұсқау беруге құқығы жоқ екендігін, қандай да істі болсын шешу тек қана сотқа жүктелгендікті білдіреді. Істі іс жүргізуде шешетін бірінші сатыдағы сот жоғары тұрған сотқа тәуелсіз болады. Қандай да бір нысанда болсын судьяға істің жанжақты, толық және объективті түрде қаралуына кедергі жасау мақсатында ықпал ету немесе заңсыз шешім шығарттыру қылмыстық жауаптылыққа жатады. Сотта іс қарау істі мәні бойынша қарауға және шешуге бағытталған бірінші сатыдағы сот пен басқа да қатысушыларының іс жүргізу әрекеттерінен тұратын азаматтық процестің негізгі сатысы. Сотта іс мәні бойынша жанжақты, толық және заңды шешіледі. Бұл сатыда сот өз алдына қойылған мына: - істі мәні бойынша шешу; - тараптар арасындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеу; - сот қызметінің төрбиелік өсер етуін қамтамасыз ету; - заңды тұлғалар мен азаматтардың бұзылған құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру міндеттерді жүзеге асырады. Бірінші сатыдағы сотпен істі сот отырысына қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарған кезден сотта іс қарау басталады және сәйкесті сот актісін (шешім, ұйғарым) қабылдағанға дейін жалғасады. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 175бабына сәйкес азаматтық істі қарау сот отырысындажүргізіледі, сондыңтан "соттаісқарау" және "сот отырысы" үғымдарды бірбірінен ажырата білу керек. Өдебиетте осы үғымдардың ара байланысы жөнінде көптеген ғылыми пікірталас бар. Осылай, А.Ф.Клейман аталған үғымдар үқсас және бір мағына түсіндіретінін айтты: сот отырысында іс қарау не іс қарау сот отырысында өтетінін. Бірақ бұл мәселе жөнінде біздің ойпікірімізше П.П. Гуреевтің айтуы дәйекті: сот отырысы сотта азаматтық істерді қарау нысаны (формасы). И.М.Зайцев бұл ойды қолдап жалғастырады, ол бұл екі үғымдардың бірбірінен айырмашылығы бар екенін жазды, олар мазмұны (сотта іс қарау) және нысан (формасы сот отырысы) ретінде айқасады. Бүған қоса нақты азаматтық іс қарауы бір емес бірнеше сот отырысында өтуі мүмкін екенін айтты. Сотта іс қарау және сот отырысы үғымдардың арасындағы айырмашылыққа И.К.Пискарев та өз назарын аударған болатын. Ол сот отырысындағы азаматтық істі мәні бойынша қарау тәртібі азаматтық процестің өзге де мәселелерін шешуге арналған сот отырысының процедурасынан айырмашылығы бар екенін дұрыс белгіледі, мысалы, сот шешімдегі қателіктерді түзету туралы (ҚР АІЖКнің 230232баптары), іс жүргізу мерзімдерін қалпына келтіру туралы (ҚР АІЖКнің 128бабы), сот актілерін жаңадан аньщталған мәнжайлар бойынша қайта қарау туралы (ҚР АІЖКнің 408бабы), сот тапсырмасын орындау туралы (ҚР АІЖКнің 73бабы) және т.б. арыздар қарау. Сотта іс қарау мен сот отырысы өту уақыты бойынша бірбіріне сөйкес келмейді. Осылай, нақты азаматтық іс бойынша сотта іс қарау шешім немесе ұйғарым (мысалы, іс бойынша іс жүргізуді қысқарту) шығарумен аяқталады, ал сот отырысы осы іс бойынша істі қарауды кейінге қалдыру немесе іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарумен аяқталуы мүмкін. Осы сотта іс қарау сот отырысына қарағанда процессуалдың жағынан ұзақ болуы мүмкін екенін білдіреді. Сот азаматтық сот ісін жүргізудің барлық принциптерін (қағидаларын) басшылыққа алып азаматтық істерці қарап шешеді (ҚР АІЖКнің 2тарауы). Соттың бірінші сатысындағы азаматтық істерді соттың атынан өрекет ететін судья жекедара қарайды (ҚР АІЖКі 37бабының 1бөлігі). Соттың бірінші сатысында іс қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (17тарау. "Сотта іс қарау") жеке тарауында көрсетілген. Өзге категория істерін қарап шешудің арнайы тәртібі ҚР АІЖКнің 2539тарауларында белгіленген. ҚР АІЖКі 176бабының 1бөлігіне сәйкес төрағалық етуші сот отырыстық барысына басшылық жасайды. Төрағалық етушінің міндетін судья атқарады. Төрағалық етуші сот отырысында: >істің барлық мәнжайының толық, жанжақты және объективті анықталуын; >іс жүргізу әрекеттерінде дәйектіліктің және тәртіптің сақталуын; >процеске қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыруын және олардың міндеттерін орындауын; > процестің тәрбиелік ықпалын қамтамасыз етеді. Оған қоса заң сот отырысында төрағал ық етушіге қара латын іске қатысы жоқ мәселелердің барлығын сот қарауынан шығарып тастау міндетін жүктеген және сот отырысында тиісті төртіптің қамтамасыз етілуіне қажетті шаралар қолдану. Процеске қатысушылардың қайсыбіреуі төрағалық етушінің іс-әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдірулер сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Төрағалық етуші өзінің ісәрекеттеріне қатысты түсініктеме береді. Соттың бірінші сатысындағы азаматтық іс қарайтын сот отырысын бөлімдерге бөліп қарастыруға болады. Істі сот отырыстарында қарау мен шешу Конституцияның 77 бабында аталған принциптерге негізделеді. Сот отырысының әр бөлімінде жасалатын іс жүргізу әрекеттер жиынтығының өз мәні бар және азаматтық істер қарап шешуге байланысты нақты сұрақтар шешуге бағытталған. Соттың бірінші сатысындағы сот отырысы төрт бөлімнен тұрады: 1) әзірлеу бөлімі; 2) істі мәні бойынша қарау бөлімі; 3) сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы бөлімі; 4) шешім шығару және оны жариялау бөлімі. 1. Әзірлеу бөлімі алғашқы іс жүргізу әрекеттерін алдын ала қорытындылау және іс мәні бойынша шешілуіне тиісті іеәрекеттер жасалу үшін қажетті жағдайлар жасау бөлімі (Г.А.Жилин). Бүған байланысты ғылыми әдебиеттерде сотта азаматтық істер қараудың көрсетілген бірінші бөлімінің қажеттілігі анықталған. П.П.Гуреева ғалымның ойпікірі бойынша әзірлеу бөлімінің міндеті осы сот отырысында істі қарап шешу үшін қажетті шарттар жасалғандығын тексеру. Осындай аспекте П.Я.Трубников та әзірлеу бөлімінің міндетін белгілейді, ол "сот осы отырысында істі мәні бойынша толық және дұрыс қараумен байланысты барлық сұрақтарды анықтайды және шешеді" деп жазды. Сотпен әзірлеу бөлімінде шеішлетін негізгі сұрақтарға мына мүмкіндіктерді анықтаужатады: - осы сот құрамында іс қарау; - бар дәлелдемелер негізінде іс қарау мен шешу; - процеске қатысушылардың біреуі келмей қалған жағдайда істі қарап шешу. Әзірлеу бөлімінде жасалатын ісөрекеттер, сондай-ақ ол ісәрекеттер жасау кезегі ҚР АІЖК 180191баптарымен реттеледі. Заң осы бөлімде белгіленген нұсқау шегінде жүруін көздейді және мынадай тәртіп бойынша іс жүргізу әрекеттерін жасауын алдын ала ескереді: • сот отырысын ашу; • процеске қатысушылардың келуін тексеру; • аудармашыға оның міндеттерін түсіндіреді; • куәларды сот отырысы залынан шығару; • сот құрамын жария ету және қарсылық білдіру құқығын түсіндіру; • іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру; • соттың іске қатысушы адамдардың өтінімдерін шешуі; • іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сот отырысына келмеу салдары; • сот отырысына куәнің, сарапшының, маманның, аудармашының келмеу салдары; • істі қарау кейінге қалдырылған кезде куәлардан жауап алу; • сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру. Сот отырысын ашу (ҚР АІЖКнің 180бабы). Судья сот отырысы залына кірген кезде залдағы барлық қатысушылар орындарынан тұрады. Судья кірген кезде сот отырысының хатшысы ол туралы айтады. Істі қарау үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші (судья) сот отырысын ашады және қандай азаматтық іс қаралуға жататынын жариялайды. Бұл бірінші сот отырысы басталуында іс жүргізу әрекеті, бірақ сотта іс қарау емес. Аталган ісәрекет талап қоюшының, жауапкердің және басқа да процеске қатысушылардың келуіне байланыссыз сотпен жекедара жасалады. И.К.Пискаревтық айтуы бойынша процеске қатысушылардың біреуінің келмей қалуына байланысты істі қарау кейінге қалдыру заңмен белгіленген тәртіпті (процедураны) сақтамай жүргізетін болса, келген тұлғалардың іс жүргізу құқықтарына қысым жасайды (мысалы, қарсылық білдіру мен өтініш жасау мүмкіндігінен). Процеске қатысушылардың келуін тексеру (ҚР АІЖКнің 181бабы). Сот отырысының хатшысы сот отырысы басталғанға дейін процеске қатысушылардың қайсысы процеске келгенін, ал егер олар келмеген жағдайда оның себебін анықтайды. Сот отырысында төрағалық етуші хатшыдан процеске қатысушылардың қайсысы келгені туралы сұрайды. Бұдан кейін хатшы іс бойынша кім келгенін, келмегендерге хабарланғаны туралы және олар жоқтыры туралы қандай мәліметтер бары жөнінде баяндайды. Аудармашыға оның міндеттерін түсіндіру (ҚР АІЖК нің 182бабы). Бұл іс жүргізу ісәрекеті сот отырысының басынан басталады, ол сотта іс жүргізу тілін білмейтін тұлғаға іс қарауында жасалатын барлық әрекеттер мен мәліметтер жөнінде білу мүмкіндігі үшін өткізіледі. Аудармашысыз ол мұндай мүмкіндіктен айрылады, себебі ҚР АІЖКнің 182бабында көрсетілген сот ісәрекет жасағаннан кейін аудармашы өзіне жүктелген міндеттерін орындауға кіріседі. Төрағалық етуші аудармашыға тіл білмейтін тұлғ анық түсініктерін, жауаптарын, арыздарын аудару міндетін түсіндіреді, ал тұлғаларга іске қатысушы тұлғалардың түсініктерінің, жауаптарының, арыздардың мазмұнын және істе бар құжаттармен, дыбыс жазбалармен, сарапшының қорытындысымен, маманның консультациясымен, сондай-ақ, төрағалық етушінің тапсырмаларымен, сот ұйғарымымен және шешімімен таныстырып түсіндіреді. Төрағалық етуші аудармашыны ҚР Қылмыстық кодексінің 352бабымен белгіленген жауаптылықца жалған аударғаны үшін тартылуы туралы ескертеді. Ол туралы қолхатты сот отырысының хаттамасына біріктіреді. Аудармашы сотқа өз еркімен келуге немесе өз міндеттерін орындаудан бас тартқан жағдайда ол әкімшілік құқық бұзушылық заңы бойынша әкімшілік жауаптылықца тартылуы мүмкін. Сақырау, тілсіз, мылқау адамдар өзара араласуында қолданатын белгілерін аударатын (сурдо) аудармашыларына да ҚР АІЖКнің 182бабында белгіленген тәртібі қолданылады. Куәларды сот отырысы залынан шығару (ҚР АІЖКнің 183бабы). Келген куәлар процеске қатысушылардың келуін тексерген соң бірден сот отырысы залынан шығарылады, ал іс бойынша аудармашы қатысқанда, онда оған аудармашының міндеттерін түсіндіргеннен соң шығарылады. Куәларды шығарғанға дейін оларға іс бойынша жауап беру үшін сот отырысы залына біртіндеп кіретіні гуралы алдын ала ескертеді. Төрағалық етуші сотта жауап берген куәлар жауап әлі бермегендермен бірбірімен сөйлеспеу үшін шаралар қолданады. Сот құрамын жария ету және қарсылық білдіру құқығын түсіндіру (ҚР АІЖКнің 184бабы). Төрағалық етуші сот құрамын жария ету кезінде өз тегін атайды, сондай-ақ істі алқалы қарауда басқа да судьялардың тегін, аты мен атыжөнін атайды. Соңғысында сот отырысында төрағалық етушінің міндетін судьяның қайсысы орындайтынын белгілейді. Кейінен төрағалық етуші, прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы, сот приставы болып кім қатысатынын хабарлайды және әрқайсының лауазым мәртебесін атайды. Содан соң төрағалық етуші іске қатысушы тұлғаларға қарсылық білдіру құқығын түсіндіреді. Іске қатысушыларға заңмен берілген қарсылық білдіру құқы әділетті сот шешімін шығару процессуалдың кепілдіктердің біреу болып қарастырылады. Іске қатысушыларға қарсылық білдіру құқықтары түсіндірілгендігі туралы сот отырысының хаттамасына жазылады. Қарсылық білдіру негіздері, қарсылық білдіру туралы мәлімдемелер және оларды шешудің тәртібі, мәлімдемені қанағаттандырудың салдары ҚР АІЖКнің 4043баптарымен реттеледі.
Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 2304; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |