Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Библиотека 1 страница




Осымша

Осымша

Кесте

Қаданың ұшының салыну тереңдігі h, м Топырақты шығарып батырылып, артынан бетонмен толтырылатын қабыршақ қадалардың, кеңейтілген және кеңейтілмеген құйма және бұрғылы қадалардың ұштарынан төмен орналасқан сары топырақтардан басқа, аққыштық IL көрсеткіші төменде берілген шаңды-балшықты топырақтардың есептік кедергілері, R, кПа (тс/м2)
0,0 0,1 0,2 0,3 0,4 0,5 0,6
  850(85) 750(75) 650(65) 500(50) 400(40) 300(30) 250(25)
  1000(100) 850 (85) 750 (75) 650(65) 500(50) 400(40) 350(35)
  1150(115) 1000 (100) 850 (85) 750(75) 600(60) 500(50) 450(45)
  1350(135) 1200 (120) 1050 (105) 950(95) 800(80) 700(70) 600(60)
  1550(155) 1400 (140) 1250 (125) 1100(110) 950(95) 800(80) 700(70)
  1800(180) 1650 (165) 1500 (150) 1300(130) 1100(110) 1000(100) 800(80)
  2100(210) 1900 (190) 1700 (170) 1500(150) 1300(130) 1150(115) 950(95)
  2300(230) 2100 (210) 1900 (190) 1650(165) 1450(145) 1250(125) 1050(105)
  3300(330) 3000 (300) 2600 (260) 2300(230) 2000(200)
  4500(450) 4000 (400) 3500 (350) 3000(300) 2500(250)

 

Ескерту: Көпір тіректерінің іргетастары үшін 7-кестеде келтірілген мәндерді:

а) 1,5gwhw тең шамаға көбейту (тіректер су қоймасында орналасқанда) керек, мұндағы gw — судың меншікті салмағы — 10 кН/м3 (1 тс/м3); hw — су қоймасының есепті су тасқыны кезіндегі деңгейінен оның түбіндегі деңгейіне дейінгі су қабатының тереңдігі;

б) топырақтың кеуектілік коэффициенті е>0,6 болғанда азайту керек,бұл жерде азайту коэффициенті m келесі мәндердің арасынан (е=0,6 тең болғанда m=1,0 и е = 1,1 тең болғанда m = 0,6) интерполяциямен анықтау керек.


Бұрамалы қадалар

 

4.10. Сығушы және жұлушы жүктемелерге жұ­мыс істейтін, қалақшаларының диаметрі d£1,2 м және ұзындығы l <10 м бұрамалы қадалардың көтергіштік қабілетін Fd, кН (тc), (15) формула арқылы, ал қалақшаларының диаметрі d>1,2 м және қаданың ұзындығы l >10 м болғанда — тек қана бұра­малы қадаларды статикалық сынау мәліметтері бойынша анықтау керек.

 

Fd = gc [(a1cI + a2gIh1)A + ufi (h - d)], (15)

 

мұндағыgc— қадаларға әсер ететін жүктеме­лердің түріне және топырақтың жағдайына байла­ныс­ты 8-кесте бойынша анықталатын, жұмыс жағ­дайының коэффициенті;

a1, a2 jI жұмыс аймағындағы (қалақшаларға жанасып тұрған қалыңдығы d-ға тең топырақ қабаты) топырақтың ішкі үйкеліс бұрышының есептік мәніне байланысты 9-кесте бойынша алынатын өлшемсіз коэффициенттер;

c1 шаңды-балшықты топырақтың меншікті ұстасуының есептік мәні немесе жұмыс аймағындағы құмды топырақтың сызықтық параметрі, кПа (тс/м2);

g1 қада қалақшаларынан жоғары орналасқан топырақтардың меншікті салмағының орташа есептік мәні (сумен қаныққан топырақтарда судың аспалы әсерін ескеру керек);

h1 қаданың қалақшасының табиғи рельеф­тен, ал аумақты қыру арқылы жайғастырғанда — жай­ғастыру деңгейінен есептелінетін жату тереңдігі, м;

A бұрамалы қаданың сығушы күштерге жұмыс істеген кезінде, сыртқы диаметрінен есепте­лінетін қалақшалар ауданының проекциясы, ал бұ­рамалы қаданың жұлушы күштерге жұмыс істеген кезінде оқпанның қимасының ауданы алынып тас­талған, қалақшалардың жұмыс ауданының проек­циясы, м2;

fi 2-кесте бойынша қабылданатын бұрамалы қада оқпанының бүйір жақ бетіндегі топырақтың есептік кедергісі, кПа (тс/м2), (қаданың батырылу тереңдігіндегі барлық топырақ қабаттарының орташа мәні);

u — қада оқпанының периметрі, м;

h — топыраққа батырылған қада оқпанының ұзындығы, м;

d — қада қалақшасының диаметрі, м.

Ескерту:

1. Басып енгізетін жүктемелер әсер ететін бұрамалы қаданың көтергіштік қабылетін анықтау кезінде 9-кестеде сипаттамалары берілген топырақ­тар, қалақшалардың ас­тында жататын топырақтарға, ал жұлушы жүктемелерге жұмыс істегенде — қалақшалардың үстінде жататын топы­рақтарға жатады.

2. Шаңды-балшықты топырақтарда қалақша­лардың жайғастыру деңгейінен салыну тереңдігі 5d-ден, ал құмды топырақтарда 6d-ден кем болмауы тиіс (мұндағыd қалақшаның диаметрі).

3. (15) формула бойынша есептеулер кезінде негіз­дегі топырақтардың ішкі үйкеліс бұрышының jI және ұстасуының cI есептік мәндері 3.5 тармағының талаптарына сәйкес анықталуы тиіс.

 


8-кесте

Топырақтар Бұрамалы қадалардың келесі жүктемелердегі жұмыс жағдайының коэффициенті gc
  сығушы жұлушы таңбасы ауысатын
1. Балшықтар мен саздақтар:      
а) қатты, жартылай қат­ты және тығыз-илемді 0,8 0,7 0,7
б) жұмсақ илемді 0,8 0,7 0,6
в) аққыш илемді 0,7 0,6 0,4
2. Құмдар мен құмайттар:      
а) аз ылғалды құмдар мен қатты құмайттар 0,8 0,7 0,5
б) ылғалды құмдар мен илемді құмайттар 0,7 0,6 0,4
в) сумен қаныққан құмдар мен аққыш құмайттар 0,6 0,5 0,3

 

9-кесте

Жұмыс аймағындағы топырақтың ішкі үйкеліс бұрышының есептік мәні jI, град Коэффициенттер
a1 a2
  7,8 2,8
  8,4 3,3
  9,4 3,8
  10,1 4,5
  12,1 5,5
  15,0 7,0
  18,0 9,2
  23,1 12,3
  29,5 16,5
  38,0 22,5
  48,4 31,0
  64,9 44,4

 

Қаданың бүйiр жақ бетiндегi терiс (негативтік) үйкелiс күштерiн есепке алу

 

4.11. Қаданың бүйір жақ беттерінде, оның ай­наласындағы топырақтардың отыруынан пайда бо­ла­тын және төмен қарай бағытталған теріс (нега­тивтік) үйкеліс күштерін, келесі жағдайларда ескеру керек:

аумақты, қалыңдығын 1,0 м-ден көбірек етіп толтырып жайғастырғанда;

қойманың едені 20 кН/м2 (2 тс/м2) үлкен пай­далы жүктемемен жүктелгенде;

іргетастың айна­ла­сын­­дағы еден, жабдықтар­дан келетін 100 кН/м2 (10 тс/м2) үлкен пайдалы жүктемемен жүктелгенде;

жерасты суларының деңгейін төмендету кезін­де судың аспалы әсерін түсіру арқылы топырақтағы тиімді кернеуді арттырғанда;

қазіргі және техногендік түзілімдердегі топы­рақтардың аяқталмаған нығаюы жағдайында;

байланыспаған топырақтардың динамикалық әсерлердің арқасында нығыздалуы жағдайында;

суланған топырақтардың отыруы жағдайында.

Ескерту: Шөкпе топырақтарда пайда бола­тын теріс ү­йкеліс кү­штерін 3-бөлімнің талаптарына сәйкес есеп­ке алу керек.

4.12. Теріс ү­йкеліс кү­штері, қадалы ірге­тас­тарды тұрғызып, оны жүктегеннен кейінгі қаданың айналасындағы топырақтардың шөгуінің мәні, ірге­тастың шөгуінің шекті мәнінің жартысынан асатын тереңдікке дейін ескеріледі. Топырақтың есептік ке­дергісі fi 2-кесте бойынша «минус» белгісімен қабыл­данады, ал шымтезек, ұйық, сапропель үшін — минус 5 кПа (0,5 тс/м2)-ға тең.

Егер қадалардың батырылған бөлігіндегі ұзын­дығының бойында қалыңдығы 30 см-ден үлкен шым­тезек қабаты жатса және аумақты толтырып немесе басқа да толтыруға балама жүктеулер арқылы жай­ғастыруға мүмкіншілік болса, онда шымтезектің ең төменгі қабатының табанынан жоғары орналасқан топырақтың есептік кедергісін fi:

а) егер 2 м-ден аз биіктікте толтырылғанда — толтырылған топырақ және шымтезек қабаты үшін — нольге, ал табиғи құралған үйілмеген минеральды топырақтар үшін — 2-кестедегі оң мәндерге тең етіп алу керек;

б) егер 2 м-ден 5 м-ге дейінгі биіктікте тол­тырылғанда — толтырған топырақты қосқандағы бар­лық топырақтар үшін, — 2-кестеде берілген 0,4 мәніне тең етіп, ңминусң белгісімен, ал шымтезек үшін — минус 5 кПа (0,5 тс/м2)-ға (теріс ү­йкеліс к­үштері) тең етіп алу керек;

в) егер 5 м-ден үлкен биіктікте толтырылғанда — толтырған топырақты қосқандағы барлық топы­рақтар үшін, — 2-кестеде берілген мәндерге тең етіп ңминусң белгісімен, ал шымтезек үшін — минус 5 кПа (0,5 тс/м2)-ға тең етіп алу керек.

Қаданың төменгі жағында, қадалы іргетас­тар­ды тұрғызып оны жүктегеннен кейінгі қаданың айна­ла­сын­дағы топырақтардың шөгуі, қадалы іргетас­тар­дың шөгуінің шектік мәнінің жартысынан аз болғанда топырақтың есептік кедергісін fi 2-кесте бойынша, ал шымтезек, ұйық, сапропель үшін — 5 кПа (0,5 тс/м2)-ға тең етіп алу керек.

4.13. Егер ғимараттар мен имараттардың (қадалы іргетастарды қосқанда) жер бетіндегі бөлігін салуды бастау алдында аумақты толтырудан немесе жүктеуден топырақтың нығаюы аяқталған болса, немесе қаданың айналасындағы топырақтардың шө­гуінің мүмкін болатын мәндері, көрсетілген уақыттан кейінгі қалдық нығаюдың нәтижесінде, жобаланатын ғимараттар мен имараттардың шө­гуі­нің шекті мәнінің жартысынан аспаса, онда шымтезек қабатшасының бар немесе жоқ екеніне қарамастан қадалардың бүйір жақтарындағы топы­рақтың кедер­гісін оң етіп қабылдауға рұқсат етіледі. Шымтезек қабатшасы үшін fi мәнін 5 кПа (0,5 тс/м2)-ға тең етіп алу керек.

Егер қаданың батырылған бөлігінің ұзынды­ғының бойында жатқан шымтезектің деформация модулінің және нығаю коэффициентінің мәндері белгілі болса, және аумақты жүктеудің әсер етуінен болатын негіздің шөгуінің мәнін топырақтың әрбір қабатына анықтау мүмкін болса, онда топырақтың кедергі күштерін (теріс үйкеліс күштері) шымтезектің төменгі қабатының табанының деңгейінен емес, аумақты жүктеудің әсерінен болатын қосымша шөгудің мәні, жобаланатын ғимараттардың немесе имараттардың шөгуінің шекті мәнінің жартысын құрайтын, топырақтың жоғарғы қабатының деңгейі­нен бастап, теріс белгімен есепке алуға рұқсат етіледі.

5. ҚАДАЛАРДЫҢ КӨТЕРГIШТIК ҚАБЫЛЕТIН ДАЛАДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДIҢ НӘТИЖЕЛЕРI БОЙЫНША АНЫҚТАУ

5.1. Қадаларды статикалық және динамикалық жүктемелермен сынауды МСТ 5686-94, ал топырақ­тарды статикалық зондтау және эталон қадамен сынауды - МСТ 20069-81 және МСТ 5686-94 талап­тарын сақтай отырып жүргізу керек.

Ескерту: Ұзындығы 12 м-ден үлкен аспалы қа­ғылмалы қадалар үшін топырақтарды эталон қадамен сынаудың орнына, құрылымы қадалардың ұшынан төмен орналасқан және бүйір жағындағы ауданы 0,25 м2 бөлігінде топырақтың кедергісін бөлек-бөлек өлшеуді қамтамасыз ететін, диаметрі 127 мм-лік металдан жасалған зонд қада­ның көмегімен статикалық жүктемелер арқылы сынақ жүр­гізуге рұқсат етіледі. Зонд қаданың көмегімен топырақтарды сынауды МСТ 5686-94 талаптарына сәйкес, II типті эталон-қадаларға қолданылатындай етіп жүргізу керек.

5.2. Әрбір ғимарат немесе имаратта даладағы зерттеулердің нәтижелері бойынша қадалардың кө­тергіштік қабілетін анықтау үшін, төмендегі беріл­ген сандардан аз емес сынақтар жүргізілуі керек:

қа­даларға және штамп қадаларға статикалық сынақтар 2

қадаларға динамикалық сынақтар 6

топырақтарды эталон қадалармен сынау 6

зонд қадалармен сынау 6

статикалық зондтау арқылы сынау 6

5.3. Қадалардың көтергіштік қабілетін Fd,кН (тc), оларды жаншушы, жұлушы және көлденең жүктемелермен жүргізілген статикалық сынақ нәти­желері бойынша және динамикалық сынақ нәти­желері бойынша келесі формула арқылы анықтау керек

(16)

мұндағыgc жұмыс жағдайының коэффициенті; жаншушы немесе көлденең жүктемелер болған жағдайда gc = 1; жұлушы жүктемелер болған жағдай­да gc 4.5 пункттің нұсқаулары бойынша қабыл­да­на­ды;

5.4 — 5.7 тармақтарының нұсқауларына сәйкес анықталатын, қаданың шекті кедергісінің нормативтік мәні кН (тc);

— 5.4 тармағының нұсқаулары бойынша қабылданатын, топырақ бойынша сенімділік коэффи­циенті.

Ескерту: Егер сынақ жағдайы ғимараттар мен имараттардың іргетастарындағы қадалардың нағыз жұмыс жағдайына сәйкес келген жағдайда, қадаларға көлденең жүктемелермен жүргізілген статикалық сынақтарды нәтиже­лері оларға келетін есептік жүктемелерді анықтауға қолда­нылуы мүмкін.

5.4. Егер бірдей топырақ жағдайында сынал­ған қадалардың саны алтыдан аз болса, онда (16) формуладағы қаданың шекті кедергісінің нормативтік мәнін сынақ нәтижелерінен алынған ең кіші шекті кедергіге = , ал топырақ бойынша сенім­ділік коэффициентін = 1 тең етіп алу керек.

Егер бірдей жағдайда сыналған қадалардың саны алтыға тең немесе одан көп болса, онда және мәндерін, сынақ мәліметтерінен алынған қадалардың шекті кедергілерінің Fu жеке мәндерін статикалық өңдеу нәтижелерінің негізінде және МСТ 20522-96 келтірілген уақытша кедергіні анықтауға арналған әдістеменің талаптарын басшылыққа ала отырып анықтау керек. Бұл жерде, шекті кедергі­лер­дің жеке мәндерін — жаншушы жүктемелер түсірілген кезде — 5.5 тармақтың, жұлушы және горизонталь жүктемелерде — 5.6 тармақтың, ал динамикалық сынақтар кезінде — 5.7 тармақтың талаптарын басшылыққа ала отырып анықтау керек.

5.5. Егер қадалардың жаншылуына статикалық сынақтар жүргізу кезіндегі жүктеме, оның мәнін арт­тырмай-ақ қадалардың шөгуінің s тоқтаусыз өсуіне әкелетін жүктемеге (s£20 мм болғанда) дейін жет­кі­зілсе, онда бұл жүктеме сыналатын қадалардың шекті кедергілерінің жеке мәндері Fu ретінде қабыл­данады.

Ал қалған барлық жағдайларда ғимараттар мен имараттардың іргетастары үшін, қадалардың жаншушы күшке шекті кедергілерінің жеке мәндері ретінде, сыналатын қадалар оның әсерінен төмендегі формула бойынша анықталатын s шамасына шөгетін жүктемені қабылдау керек:

, (17)

мұндағы ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 нұсқаулары бойынша бекітілетін жобаланатын ғима­раттардың немесе имараттардың іргетасының шөгуі­нің орташа шектік мәні;

ғимараттардың немесе имараттардың ірге­тасының шөгуінің орташа шектік мәнінен , шөгу­дің шартты тұрақталу (басылуы) кезіндегі статикалық сынақтар нәтижесінде алынған қадалар­дың шөгуіне өту коэффициенті.

Егер қадаларды сынау шартты тұрақталу жағдайында жүргізілсе, 1 сағатта 0,1 мм-ге тең, егер қадалардың ұшынан төменгі жағында шөгуі 2сағатта 0,1 мм-ге тең қаттыдан тығыз илемдіге дейінгі консистенцияда құмды немесе шаңды- балшықты топырақтар жатса, егер қадалардың ұшынан төменгі жағында жұмсақ илемдіден аққыш консистенцияға дейінгі шаңды-балшықты топырақтар жатса, онда коэффициентінің мәнін 0,2-ге тең етіп алу керек. коэффициентінің мәнін, ұқсас топырақ жағдайында қадалы іргетастарда салынған ғимараттардың шөгуіне бақылау жұргізудің нәтижелері бойынша анықтауға рұқсат етіледі.

Егер (17) формула бойынша анықталған шөгудің мәні 40 мм-ден үлкен болса, онда қада­лардың шекті кедергілерінің жеке мәні Fu ретінде, s = 40 мм сәйкес келетін жүктемені қабылдау керек.

Көпірлер мен гидротехникалық имараттарда, жаншушы жүктемелер кезіндегі қадалардың шектік кедергісі Fu ретінде, төмендегі жағдайларды болды­ратын жүктемелерден бір саты төмен жүктемені қабылдау керек:

а) бір саты жүктеу кезіндегі шөгудің өсуі (шөгу­дің жалпы мәні 40 мм-ден үлкен болғанда), алдыңғы жүктеу кезінде алынған шөгудің өсуінен 5 есе және одан да көп болса;

б) бір тәулік немесе одан да көп уақыт ішінде шөгу басылмаса (шөгудің жалпы мәні 40 мм-ден үлкен болғанда).

Егер сынақ кезіндегі ең жоғарғы жүктеме 1,5 Fd [мұндағы Fd — (5), (8), (9), (11) и (15) формула­ларымен есептелген, қаданың көтергіштік қабілеті] тең немесе одан үлкен болса, сынақ кезіндегі қада­ның шөгуінің мәні (17) формула бойынша анықталған мәннен аз болса, ал көпірлер мен гидротехникалық имараттар үшін — 40 мм-ден аз болса, онда қадалардың шекті кедергісінің жеке мәні ретінде сынақ кезінде алынған ең үлкен жүктемені қабыл­дауға рұқсат етіледі.

Ескерту:

1. Тиісті негіздемелері бар жекелеген жағдайларда, сынақ кезінде жеткен ең жоғарғы жүктемені, қаданың көтер­гіштік қабылетіне Fd тең етіп қабылдауға рұқсат етіледі.

2. Қадаларды статикалық жаншушы жүктеме­лер­мен сынау кезіндегі жүктеу сатылары, қадалар­дың шамаланған шекті кедергілерінің Fu 1/10 - 1/15 бөлігіне тең етіп тағайын­далуы керек.

5.6. Қадаларды статикалық жұлушы немесе горизонталь жүктемелермен сынау кезіндегі шекті кедергілерінің жеке мәндері Fu (5.4 тармақты қара) ретінде, жылжудың жүктемеден тәуелділік кестесі бойынша, жүктемені арттырмай-ақ қадалардың жыл­жуы тоқтаусыз өсетін жүктемеден бір саты төмен жүктеме қабылданады.

Ескерту: Қадаларды көлденең жүктеме­лерге ста­тикалықсынау нәтижелері, ұсынылған 1-қосымша бойынша есептеулерге қолданылатын ңқада — топырақң системасы­ның есептік парамет­рлерін анықтауға қолданылуы мүмкін.

5.7. Динамикалық сынақ жүргізу кезіндегі қа­ғылмалы қадалардың шектік кедергісінің жеке мәнін Fu кН (тc), (5.4 тармақты қара), олардың соққыдан шөгуінің нақты (өлшенген) қалдық мәні sa³0,002 м болған жағдайдағы батырылу мәліметтері бойынша, келесі формула арқылы анықтау керек:

(18)

Егер соққыдан шөгудің нақты (өлшенген) қалдық мәні sa<0,002 м болса, онда қадалы ірге­тастардың жобасында қадаларды батыруға соққы­дан шөгудің қалдық мәні sa³ 0,002 м болатын соғу энергиясы үлкен балғаны қолдануды қарастыру керек, ал қада қағу жабдығын ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда және соққыдан шөгуді өлшеуіш болғанда, қадалардың шектік кедергісінің жеке мәнін Fu, кН (тc),келесі формула бойынша анықтау керек:

(19)

(18) және (19) формуладағы:

h қадалардың материалына байланысты, 10-кесте бойынша қабылданатын коэффициент, кН/м2 (тс/м2);

A қада оқпанының сыртқы пішінімен шек­телген бүтін немесе қуыс көлденең қимасының (қаданың ұшы бар немесе жоқ екеніне байланыссыз) ауданы, м2;

M қадаларды соққылы әсерлі балғамен қағу кезінде бірге тең етіп, ал қадаларды дірілді батыру кезінде олардың ұштарынан төмен жатқан топырақ­тардың түріне байланысты 11-кесте арқылы қабыл­данатын коэффициент;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-09; Просмотров: 601; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.