Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Библиотека 6 страница




қалыпты аралықтағы бағандар үшiн 1,2 тең;

қалған жағдайларда 1,0 тең етiп қабылдау керек.

12.6. Жұлуға жұмыс iстейтiн қағылмалы және құйма қадалардың көтергiштiк қабiлетiн 12.7—12.9 тармақтарындағы келтiрiлген қосымша нұсқауларды ескере отырып (10) және (14) формулалар бойынша анықтау керек; бұл жағдайда (10) және (14) фор­мулалардағы бағандарға арналған жұмыс жағдайы­ның коэффициентiн

қалыпты және аралықтағы бағандар үшiн 1,2 тең;

анкерлiк және бұрыштық 1,0-тең;

үлкен өтпелерде:

егер қаданы және ростверктi ұстап тұратын сал­мақ күшi есептiк жұлушы жүктемеге тең болса 1,0 тең; егер ұстап тұратын күш есептiк жұлушы жүк­теменiң 65 % және одан да аз бөлiгiн құрағанда 0,6 тең; қалған жағдайларда иентерполяция бойынша қабылдау керек.

12.7. Әуелiк электр берiлiсi желiлерiнiң баған­дарының iргетастарындағы қағылмалы қадалардың ұшынан төмен жатқан топырақтың есептiк кедер­гiлерi R және қағылмалы қвдалардың бүйiр жақ бет­терiндегi есептiк кедергiлерi fi, 1 және 2-кесте бойын­ша қабылданады, қалыпты бағандардың iргетас­тарындағы аққыштық көрсеткiшi IL ³ 0,3 тең шаңды-балшықты топырақтарға арналған fi есептiк мәндерiн 25 % ке көтеру керек.

12.8. 12.7 тармағының талаптарына сәйкес есеп­телiнген қағылмалы қаданың бүйiр жақ бетiндегi топырақтың есептiк кедергiсi fi, 19-кестеде келтiрiл­ген жұмыс жағдайының қосымша коэффициент­терiне көбейтiлуi тиiс.


19-кесте

Iргетастың түрлерi, топырақтың сипаттамасы және жүктемелерi қаданың ұзындығындағы жұмыс жағдайының gс қосымша коэффициентерi
l ³ 25d l < 25 d және қатынастары
£ 0,1 = 0,4 = 0,6
1. Қалыпты аралықтағы бағанның астындағы іргетас а) жеке қаданы жұлушы жүктемелерге есептеу кезінде:        
құмды топырақтарда және құмайттарда 0,9 0,9 0,8 0,55
IL 0,6 балшықтар мен саздақтарда 1,15 1,15 1,05 0,7
IL > 0,6 балшықтар мен саздақтарда 1,5 1,5 1,35 0,9
б) жеке қаданы сығушы жүктемеге және шоғыр құрамындағы қаданы жұлушы жүктемеге есептеу кезінде:        
құмды топырақтарда және құмайттарда 0,9 0,9 0,9 0,9
IL 0,6 балшықтар мен саздақтарда 1,15 1,15 1,15 1,15
IL > 0,6 балшықтар мен саздақтарда 1,5 1,5 1,5 1,5
2. Үлкен өтпелердiң бағандарының, анкерлiк, бұрыштық соңғы бағандардың астындағы iргетас        
а) Жеке қаданы жұлушы жүктемелерге есептеу кезiнде:        
құмды топырақтарда және құмайттарда 0,8 0,8 0,7 0,6
балшықтар мен саздақтарда 1,0 1,0 0,9 0,6
б) шоғыр құрамындағы қаданы жұлушы жүктемеге есептеу кезiнде:        
құмды топырақтарда және құмайттарда 0,8 0,8 0,8 0,8
балшықтар мен саздақтарда 1,0 1,0 1,0 1,0
в) барлық топырақтардағы сығушы жүктемелерге есептеу кезiнде 1,0 1,0 1,0 1,0

19- кестеде қабылданған белгiлер:

d дөңгелек қаданың диаметрi, шаршы түрiндегi қаданың бiр жағы, қимасы тiк бұрышты қаданың үлкен жағы;

Н есептiк жүктеменiң горизонталь құраушысы;

N есептiк жүктеменiң вертикаль құраушысы.

 

Ескерту: Жеке қадаларды бiр жағына көлбеу батыру кезiнде, жүктеменiң горизонталь құраушысының вертикаль­ға көлбеулік бұрышы 10°-тан үлкен болғанда, жұмыс жағ­дайының қосымша коэффициентiн шоғырдың құрамында жұмыс iстейтiн (1 б және 2 б ұстанымы бойынша) вертикаль қадалардағыдай етiп қабылдау керек.

12.9. 4 немесе одан да аз қадалардан тұратын қада шоғырындағы жұлушы жүктемелерге жұмыс iстейтiн қаданы есептеу кезінде, қаданың есептік көтергіштік қабiлетiн 20%-ке төмендету керек.

12.10. Жұлушы жүктемелердi қабылдайтын қадалар үшiн, олардың басты ұңғымаға батырылуын қарастыруға рұқсат етiледi, бұл жағдайда қаданың көлденең өлшемдерi мен басты ұңғыманың диаметрi арасындағы айырма 0,15 м-н кем болмауы тиiс.

13. АЗ ҚАБАТТЫ АУЫЛДЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫҢ ҚАДАЛЫ IРГЕТАСТАРЫН ЖОБАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

 

13.1. Қадалы іргетастарды жобалаудың ерекше­лiктерi аз қабатты ауылдық ғимараттардың келесі түрлерінде: усадьбалы типтi үйлерде, мал шаруашы­лығындағы және құс шаруашылығындағы; ауыл ша­руашылық өнiмдерiнiң және ауыл шаруашылығы тех­никаларының қоймаларында; әр түрлi мақсаттағы қалқаларда және ғимарат қабырғасының цоколь дең­гейiн­дегi есептiк жүктемесi 150 кН дейiнгi, ал ұстынға есептiк жүктемесi 400 кН-ға дейiнгi ғимараттарда қолданылады.

13.2. Аз қабатты ауылдық ғимараттардың қада­лы iргетастарын жобалау кезiнде көбiнесе, ұстын-қадаларды көлденең арматураланбаған, алдын-ала кернелген арматурасы бар қысқа пирамидальды қадаларды, тапталып нығыздалған забойдағы ұзын­дығы 3 м-ге дейiнгi бұрғылы қадаларды және 2.4. б тармағында қарастырылған тесiлетiн ұңғыларда орнатылатын құйма қадаларды қолдану керек.

Керме құрылымды ауылдық ғимараттардың iргетастарында консольдерi бар қималары таврлы және қос таврлы қадаларды қолдану керек.

Ескерту:

1. Сейсмикалық аудандарда салынатын аз қабатты ауылдық ғимараттарда ұстын-қаданы топыраққа 2 м-н кем емес тереңдiкке батырғанда, ұстын-қадаларды қолдануға рұқсат етiледi.

2. Ұзындығы 3 м-ге дейiнгi қаданы орнату кезiнде ұңғыма забойын нығыздау, қалыңдығы 10 см-н кем емес қиыршықтас қабатын топыраққа таптау жолымен жүзеге асырылуы тиiс.

3. Егер ғимараттың жер бетiндегi құрылымдары, есеп­теулермен анықталған iргетастардың бiркелкi емес шөгуi және отыруы кезiнде, олардың қалыпты пайдаланылу мүм­кiндiгiн қамтамасыз ететiн құрылымдық шараларды қолда­нып жобаланса, онда шөкпе топырақтардағы аз қабатты ауылдық ғимараттардың жобасында олардың өз салма­ғынан 15 см-ге дейiнгi шөгуiнде, қадалардың шөккiш қабат­ты толығымен кесiп өтуiн қарастырмауға рұқсат етiледi.

 

13.3. 8 формула бойынша қаданың көтергiштiк қабiлетiн есептеу кезiнде, 2 метрден 3 метрге дейiнгi батырылу тереңдiгiндегi қағылмалы қадалардың ұшынан төмен орналасқан топырақтың есептiк кедергiлерi R, кПа(тс/м2), 20-кесте бойынша, ал бүйiр жақтарындағы топырақтың есептiк кедегiлерi fi, кПА(тс/м2), 21-кесте бойынша қабылдануы керек.

13.4. Нығыздалған забойдағы құйма және бұр­ғылы қадалардың ұштарынан төмен орналасқан то­пырақтың есептiк кедергiлерi R, кПа (тс/м2), қада­лардың батырылу тереңдiгi 2 метрден 3 метрге дейiн болғанда 22-кесте бойынша анықталады; бұл жағ­дайда тығыз құмды топырақтарға арналған кестелiк мәндердi 1,3 есеге арттыру керек. Құйма және бұр­ғылы қадалардың бүйiр бетiндегi есептiк кедергiлердi fi кПА(тс/м2) 21 кесте бойынша, 0,9 жұмыс жағдайы­ның қосымша коэффицентiмен қабылдауға рұқсат етiледi.

13.5. Топыраққа темiр бетонды консолдарымен батырылатын, сығушы жүктемеге жұмыс iстейтiн ұстын қаданың көтергiштiк қабiлетiн оның ұшынан төмен, консольдерiнiң астында, және бүйiр жақ бетiнде орналасқан топырақтардың кедергiлерiнiң қосындысы ретiнде (42) формула бойынша анықтау керек:

 

(42)

Мұндағы - (8) формуладан алынған;

- жұмыс жағдайының қосымша коэффи­циентi; құмды топырақтар үшiн =0,4; және шаң­ды-балшықты топырақтар үшiн =0,8;

Rcon - консольдердi топыраққа 0,5-1,0 м терең­дiкке батыру кезiнде 22-кесте бойынша алынатын консольдердiң астындағы топырақтың есептiк кедер­гiсi кПа (тс/м2).

Аcon - горизонталь жазықтықтағы консоль проек­циясының ауданы, м2.

13.6. Вертикаль құраушы жүктемелердiң әсер ету кезiндегi таврлы және қос таврлы қималы қада­лардың көтергiштiк қабiлетiн 8 формула бойынша, ондағы сөрелер мен қабырғалардың бүйiр бетiндегi fi мәндерiн 21-кесте бойынша қабылдай отырып, анықтау керек.

Ескерту: Үш топсалы рамадан тұратын қаңқалы ғимаратта пайдаланылатын таврлы және қос таврлы қима­лы қадалардың көтергiштiк қабiлетiн есептеу кезiнде, кер­менiң горизонталь құраушысының қаданың бүйiр жақ бетiн­дегi есептiк кедергiлерге ықпалын ескеруге рұқсат етiледi.

 

13.7. Бiр қабатты ауылдық ғимараттарға арнал­ған қадалы iргетастарға және ұстын қадаларға топы­раққа аязды iсiну күштерi әсерi кезiндегi iргетастың орнықтылығына тексеру жүргiзу қажет.

13.8. 13.3-13.6 тармақтары бойынша қадалар­дың көтергiштiк қабiлетiн анықтау кезiндегi топырақ­тардың есептiк сипаттамалары құрылыс және ғима­ратты пайдалану процесiндегi маусымдық өзгеру­лерiнiң ең қолайсыз жағдайлары үшiн қабылдау керек.

 


20-кесте

Қаданың батырылу тереңдiгi, м. Кеуектiлiк коэффициентi, е Қағылмалы қаданың ұшынан төмен оналасқан топырақтардың есептiк кедергiлерi кПА R, кПа (тс/м2)
құмды шаңды балшықты, аққыштық көрсеткiшi IL, тең болғанда
iрi орташа iрiлiктегi майда шаңды 0,0 0,2 0,4 0,6 0,8 1,0
  £ 0,55 8300 (830) 3900 (390) 2500 (250) 1500 (150) 6500 (650) 3900 (390) 2000 (200) 1000 (100) 600 (60) 300 (30)
0,70 6400 (640) 3000 (300) 1900 (190) 1200 (120) 5400 (540) 3200 (320) 1700 (170) 900 (90) 500 (50) 250 (25)
1,00 3200 (320) 1900 (190) 1000 (100) 600 (60) 300 (30) 150 (50)
  £ 0,55 8500 (850) 4100 (410) 2700 (270) 1600 (160) 6600 (660) 4000 (400) 2100 (210) 1100 (110) 650 (65) 350 (35)
0,70 6600 (660) 3200 (320) 2100 (210) 1300 (130) 5500 (550) 3300 (330) 1800 (180) 1000 (100) 550 (55) 250 (25)
1,00 3300 (330) 2000 (200) 1100 (110) 700 (70) 350 (35) 200 (20)

 

Ескерту: IL және е аралықтағы мәндерi үшiн R мәндерi интерполяциямен анықталады.

 

21-кесте.

Топырақ қабаты-ның орташа орналасу тереңдiгi hi, m Қабаттағы топырақтың кеуектiлiк коэффициен-тi, е Қағылмалы қаданың, соның iшiнде таврлы және қос таврлы қадалардың бүйiр жақ бетiндегi топырақтың есептiк кедергiлерi, fi, кПа (тс/м2)
құмды шаңды балшықты, аққыштық көрсеткiшi IL, тең болғанда
iрi және орташа iрiлiктегi майда шаңды 0,0 0,2 0,4 0,6 0,8 1,0
  £ 0,55 80 (8,0) 55 (5,5) 45 (4,5) 46 (4,6) 39 (3,9) 32 (3,2) 25 (2,5) 18 (1,8) 11 (1,1)
0,7 60 (6,0) 40 (4,0) 30 (3,0) 45 (4,5) 37 (3,7) 30 (3,0) 23 (2,3) 16 (1,6) 9 (0,9)
1,00 32 (3,2) 23 (2,3) 15 (1,5) 10 (1,0) 6 (0,6)
2-3 £ 0,55 85 (8,5) 60 (6,0) 50 (5,0) 68 (6,8) 53 (5,3) 40 (4,0) 29 (2,9) 20 (2,0) 13 (1,3)
0,7 65 (6,5) 45 (4,5) 35 (3,5) 65 (6,5) 50 (5,0) 37 (3,7) 26 (2,6) 18 (1,8) 11 (1,1)
1,0 60 (6,0) 45 (4,5) 32 (3,2) 21 (2,1) 13 (1,3) 7 (0,7)

 

Ескерту: hi, е, және IL аралықтағы мәндi үшiн fi мәндерi интерполяциямен анықталады.

22-кесте.

Топырақтар кеуектiлiк коэффициентi е Батырылу тереңдiгi 2-3 метр кезiндегi құйма және бұрғылы қадалардың ұштарынан төмен орналасқан топырақтардың есептiк кедергiлерi R, кПа (тс/м2), және ұстын-қаданың консольдарының астында орналасқан топырақтың есептiк кедергiлер Rсоп, кПа (тс/м2)
құмды топырақтардың
iрi орташа iрiлiктегi майда шаңды
Шаңды-балшықты, аққыштық көрсеткiш IL, тең болғанда
0,0 0,2 0,4 0,6
тығыздығы орташа құмдар   0,55-0,8 2000(200) 1500(150) 800(80) 500(50)
құмайттар және саздақтар   0,5 800(80) 650(65) 550(55) 450(45)
0,7 650(65) 550(55) 450(45) 350(35)
1,0 550(55) 450(45) 350(35) 250(25)
Балшықтар 0,5 1400(140) 1100(110) 900(90) 700(70)
0,6 1100(110) 900(90) 750(75) 600(60)
0,8 700(70) 600(60) 500(50) 400(40)

1-қосымша

Ұсынылған

 

Қаданы вертикаль және горизонталь күштердiң және моменттiң бiрлескен әрекетiне есептеу


1. Сызбада келтiрiлген сұлбаға сәйкес, қаданы вертикаль және горизонталь кұштердiң және мо­менттiң бiрлескен әрекетiне есептеу кезiнде, ”қада-топырақ” жүйесiнiң кернелiп-деформацияланған күй­лерiнiң екi сатысын ажырату керек.

Қадаға түсiрiлген жүктемелердiң сұлбасы.

I сатыда қаданы қоршаған топырақты, төсем коэффициентiмен сz, кН/м3(тс/м3) сипатталатын сер­пiмдi сызықты-деформацияланатын орта ретiнде қарастырады.

Қаданың бүйiр бетiндегi топырақтардың төсем сz коэффициентiнiң есептiк мәндерiн мына формула бойынша анықтауға рұқсат етiледi:

, (1)

мұндағы К - қаданы қоршап тұрған топырақ түрiне байланысты 1-кесте бойынша қабылданатын пропорционалдық коэффициентi, кН/м4(тс/м4).

z - төменгi ростверкте, ростверктiң табанына немесе биiк ростверкте топырақ бетiне қатынасы бойынша төселім коэффициентi анықталатын қада қимасымен топырақтағы орналасу тереңдiгi, м.

gс - жұмыс жағдайының коэффициентi.

Екiншi сатысында қаданы қоршап тұрған то­пырақтың жоғарғы бөлiгiнде берiктiктiң а пропор­цио­налдық коэфициентiмен сипатталатын шектi тепе-теңдiк аймағы (пластикалық аймақ) пайда болады.

Топыраққа сүйелген ростверкi бар iргетаста қадалар көпқатарлы болып орналасқан жағдайда, және сейсмикалық әсерлер болмаған кезде қадалар­ды есептеу, топырақтың кернелiп – деформа­ция­ланған күйлерінiң 1 және 2 сатысының жүйелiк даму мүмкiндiгiн ескере отырып жүргiзуге рұқсат етiледi. Бұл жағдайда қадаға екi сатылы есептеулер жүр­гiзiледi, ал 1-формуладағы жұмыс жағдайының коэф­фициентi gс= 1 етiп қабылданады. Қалған барлық жағдайларда, қадаларға 1-формуладағы gс жұмыс жағ­дайы коэффициентiн 3-ке тең етiп қабылдай отырып, “қада-топырақ” жүйесiнiң керне­лiп-деформа­цияланған күйлерiнiң тек 1-сатысының мүмкiн бола­тын даму жағдайына қолданылатын бiр сатылы есеп­теу жүргiзу керек.


 

1-кесте

Қаданы қоршап тұрған топырақтар және олардың сипаттамалары   К пропорционалдық коэффициентi,кН/м4 (тс/м4) Пропорционалдық берiктiк коэффициентi a, кН/м3 (тс/м3)
iрi құмдар (0,55£е £ 0,7); қатты балшықтар мен саздақтар (IL < 0) 18 000-30 000 (1800-3000) 71-92 (7,1-9,2)
ұсақ құмдар(0,6£е£0,75); орташа iрiлiктегi құмдар (0,55£е£0,7); қатты құмайттар (I L <0); жартылай қатты және тығыз илемдi балшықтар мен саздақтар (0 £ IL £ 0,75) 12 000-18 000 (1200-1800) 60-71 (6,0-7,1)
Шаңды құмдар (0,6£e£0,8); илемдi құмайттар (0£IL£0,75); жұмсақ-илемдi саздақтар мен балшықтар. (0,5 £ IL £ 0,75) 7000-12 000 (700-1200) 44-60 (4,4-6,0)
Аққыш илемдi балшықтар мен саздақтар (0,75 £ il £ 1) 4000-7000 (400 — 700) 26-44 (2,6-4,4)
Малтатасты құмдар (0,55 £е £ 0,7); құмды толтырмалары бар iрi сынықты топырақтар 50 000-100000 (5000-10 000) 100-120(10-12)

 

Ескерту:

1. К коэффициентінiң аз мәндерi, жақша iшiнде көрсетiлген балшықты топырақтардың аққыштық көрсеткiшiнiң IL және құмды топырақтардың кеуектiлiк коэффициенттерiнiң е, неғұрлым үлкен мәндерiне сәйкес келедi, ал К коэффициентiнiң үлкен мәндерi IL және е көрсеткiштерiнiң неғұрлым аз мәндерiне сәйкес келедi.

IL және е сипаттамаларының аралық мәндерiндегi топырақтар үшiн К коэффициентiнiң мәндерi интерполяциямен анықталады.

2. Тығыз құмдарға арналған К коэффициентi, топырақтың берiлген түрiнiң 1-кестеде көрсетiлген К коэффи­циенттерiнiң ең үлкен мәндерiнен 30%-ке жоғары етiп қабылдануы тиiс.


2. Қаданы вертикаль және горизонталь күштер­дiң және моменттiң бiрлескен әрекетiне есептегенде:

а) қаданың көтергiштiк қабiлетiн топырақтың кернелiп-деформацияланған күйлерiнiң екiншi саты­сы­ның даму мүмкiндiгi жағдайында төмендегi шартқа сәйкес есептеу

, (2)

мұндағы Н - бiр қадаға әрекет етушi көлденең күштiң есептiк мәнi, кН(тс);

Fd - 10-тармақтың талаптарына сәйкес анықта­латын қаданың көтергiштiк қабiлетi;

gk — 1,4 тең етiп қабылданатын сенiмдiлiк коэф­фициентi;

б) топырақтың кернелiп-деформацияланған күй­лерiнiң тек бiрiншi сатысының дамуына рұқсат етiл­ген есептеулер жүргiзiлген жағдайда, 13-шi тармаққа сәйкес топырақтың орнықтылығын тексеру;

в) қада басының горизонталь жылжуының up және оның бұрылу бұрышының есептiк мәндерiнiң рұқсат етiлетiн шарттарының сақталуын тексерумен қоса, қадаларды деформация бойынша есептеу yp:

 

uр £ uu;(3)

yp £ yu,(4)

 

мұндағы up, yp— 5 тармақтың нұсқауларына сәйкес анықталатын қада басының горизонталь жыл­жуының, м, және оның бұрылу бұрышының, рад, есептiк мәндерi.

uu, yu - ғимаратты немесе имаратты жоба­лау­даға тапсырыста белгiленетiн қада басының горизон­таль жылжуының, м, және оның бұрылу бұрышының, рад, шектi мәндерi;

г) қада қимасын вертикаль күштiң, июшi моменттiң және көлденең күштiң бiрлескен әрекетiне бiрiншi және екiншi топтағы шекті күйлерiндегi ма­териалының кедергiсi бойынша тексеру кiруi тиiс; көрсетiлген есептеу 3.6 тармағының талаптарына сәйкес, қада матариалына байланысты орындалады; қада қимасының әртүрiнде әсер ететiн, июшi мо­менттiң және көлденең күштiң есептiк мәндерiн топырақтың кернелiп-деформацияланған күйлерiнiң екiншi сатысының жол берiлетiн даму мүмкiншiлiгi жағдайында, 8 және 9 тармақтардың талаптарына сәйкес, ал қалған жағдайларда, 14 және 15 тар­мақтарының талаптарына сәйкес анықталуы тиiс.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-09; Просмотров: 422; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.054 сек.