КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Библиотека 3 страница
6.2. Егер құрылыс кезінде аумақты 2 м-ден үлкен биіктікте үстемелеп толтырып (шайып) жайғастыру және аумақты үстемелеп толтыруға эквивалентті басқа тұрақты жүктеме қарастырылған болса, ал қаданың батырылу тереңдігінің ішінде қалыңдығы 30 см-ден үлкен шымтезек немесе ұйық қабаты жатса, онда аспа қадалы іргетастың шөгуінің мәнін шартты іргетастың габариттерінің кішіреюін есепке ала отырып анықтау керек, бұл жағдайда вертикаль және көлбеу қадалы шартты іргетастың шекаралары, шеткі қатардағы вертикаль қадалардың сыртқы қырынан қашықтықта орналасқан тік жазықтықтармен бүйір жақтарынан шектелген болып қабылданады, мұндағы hmt — қаданың ұшынан қалыңдығы 30 см-ден үлкен шымтезек немесе ұйық қабатының табанына дейінгі ара қашықтық. 6.3. Тіреуіш қада ретінде жұмыс істейтін қадалардан тұратын, шоғырдан бөлек жұлушы жүктемелерді қабылдайтын жеке аспалы қадалардан тұратын қадалы іргетастарды, сонымен қатар жұлушы жүктемелердің әсеріне жұмыс істейтін қадалар шоғырын деформация бойынша есептеу талап етілмейді.
а) б)
Қадалы іргетастардың шөгуін есептеу кезіндегі, шартты іргетастың шекарасын анықтау
6.4. Қаданы вертикаль және горизонталь күштердің және моменттің бірлескен әсеріне деформация бойынша есептеуді, ұсынылған 1-қосымшаның нұсқаулары бойынша орындау керек, ал аз жүктелген ленталы қадалы іргетастардың және жекелеген қадалардың шөгуін ұсынылған 3 және 4-қосымшаның нұсқаулары бойынша есептеуге болады.
7. ҚАДАЛЫ IРГЕТАСТАРДЫ ҚҰРЫЛЫМДАУ 7.1. Қадалы іргетастарды жоспардағы қадалардың орналасуына байланысты төменде берілгендегідей етіп жобалау керек: а) жеке қадаларды — жеке тұрған тіректердің астына; б) қадалар таспасын — іргетасқа ұзындығының бойына таратылған жүктемелер берілген кезде, ғимараттар мен имараттардың қабырғаларының астына қадаларды бір, екі және одан да көп қатар етіп орналастырады; в) қадалар шоғырын — ұстынның астына қадаларды, жоспардағы бөлікте шаршы, төртбұрыш, трапеция және басқа да нысандар түрінде орналастырады; г) тұтас қадалар алаңын — қадалары имараттың бүкіл астында біркелкі орналасқан және табаны топыраққа тірелетін тұтас ростверкпен біріктірілген, ауыр имараттардың астына. 7.2. Қадалы іргетастардың жобасын жасау кезінде келесі мәліметтерді: жобаланатын ғимараттар мен имараттардың құрылымдық сұлбасын; көтеруші құрылымдардың өлшемдері мен олардың жобаланатын материалын; жерге тереңдетілген бөлмелер болған жағдайда, олардың ғимараттардың немесе имараттардың құрылыс осьтеріне және олардың іргетастарына жақындау габариттерін; едендердің құрылымдарын және оларға түсетін технологиялық жүктемелерді; құрылыс құрылымдарынан іргетасқа түсетін жүктемелерді; технологиялық жабдықтарды орналастыруды, олардан құрылыс құрылымдарына берілетін жүктемелерді, және де құрылыс құрылымдары мен жабдықтардың астындағы іргетастардың шекті шөгуін және қисаюын реттейтін талаптарды ескеру керек. 7.3. Iргетастағы қадалардың санын, қадаларға рұқсат етілетін есептік жүктемеде олардың материалының беріктік қасиеттерін толық пайдалану жағдайын, сонымен қатар 3.10 тармақтың талаптарына сәйкес іргетастағы шеткі қадаларға рұқсат етілетін артық жүктемені ескере отырып тағайындау керек. Қадалардың құрылымы мен өлшемдері — іргетасқа әсер ететін жүктемелердің (соның ішінде технологиялық жүктемелердің де) бағыттары және мәндерін, сонымен қатар ғимараттар мен имараттардың құрылыс технологиясын ескере отырып таңдалынуы тиіс. 7.4. Ростверктің қадалармен түйіндесуін бос немесе қатты тірелген етіп қарастыруға рұқсат етіледі. Ростверктің қадаларға бос тірелуі, есептеулерде шартты түрдегі топсалы түйіндесу ретінде ескерілуі керек және тұтас құймалы ростверктерде қадалардың бастары ростверктің ішіне 5—10 см бекіту арқылы орындалуы тиіс. Ростверктің қадалармен қатты түйіндесуін төмендегі жағдайларда қарастыру керек: а) қада оқпандары әлсіз топырақтарда (борпылдақ құмдарда, аққыш консистенциялы шаңды-балшықты топырақтарда, ұйықтарда, шымтезектерде және т. б.) орналасса; б) түйіндескен жердегі қадаға берілетін сығушы жүктеме, оған қима ядросының сыртына шығып кететін эксцентриситетпен түсірілген болса; д) қадалар жұлушы жүктемелерге жұмыс істегенде. 7.5. Темірбетон қадалардың тұтасқұймалы темірбетон ростверкпен қатты түйіндестіргенде, қадалардың бастарын ростверктің ішіне арматураны анкерлеу ұзындығына сәйкес келетін тереңдікке бекітеді немесе ростверктің ішіне қаданың басында шығып тұрған арматураларды ҚНжЕ 2.03.01-84* талаптарына сәйкес олардың анкерлеу ұзындығына бекіту керек. Соңғы жағдайда алдын ала кернелген қадалардың басында, одан ары анкерлі арматура ретінде қолданылатын кернелмейтін арматуралық қаңқа қарастырылуы тиіс. Талап етілетін беріктік қамтамасыз етілген жағдайда, қатты тірелуді болаттан жасалынған салмалы элементтерді дәнекерлеп жүзеге асыруға рұқсат етіледі. в) бос тірелген қадаға түсірілген көлденең бағытталған жүктемелердің әсерінен қаданың ығысуының мәні (ұсынылған 1-қосымшаның талаптарына сәйкес есептеулермен анықталған), жобаланатын ғимараттар немесе имараттар үшін неғұрлым шекті болып табылса; г) іргетаста көлбеу немесе құрамалы тік қадалар болғанда; Ескерту: 1. Жұлушы күштерге (7.4, д тармағын қара) жұмыс істейтін қадаларды ростверкке анкерлегенде, қадалардың арматураларын ростверкке, жұлуға есептеулер арқылы анықталған тереңдікке бекіту қарастырылуы тиіс. 2. Тұрған іргетастардың негізін бұрғы инъекциялы қадалармен нығайту кезінде, қаданың іргетасқа бітелу ұзындығы ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 талаптарына сәйкес есептеулер бойынша қабылдануы керек немесе есептеусіз қаданың бес диаметріне тең етіп тағайындалады, ал бұл шарттардың орындалуы мүмкін болмаған жағдайда қада оқпанының ростверкпен жанасқан жерінде кеңейту жасауды қарастыру керек. 7.6. Қаданың құрама ростверкпен қатты біріктірілуі қоңырау тәріздес баулық арқылы қамтамасыз етілуі керек. Құрама ростверктерде қаданы, ростверкте арнайы қарастырылған тесікке құйып бекітуге рұқсат етіледі. Ескерту: Болмашы жаншушы жүктемелерде[до 400 кН (40 тc)] ростверкті, қадалардың бастарының цемент ерітіндісімен тегістелген беттеріне бос тіреп қоюға рұқсат етіледі. 7.7. Шоғырдағы, орталықтан тыс жүктелген іргетастың қадаларын, іргетасқа әсер ететін тұрақты жүктемелердің тең әсерлі күші, қадалар жоспарындағы ауырлық центріне неғұрлым жақын өтетіндей етіп орналастыру керек. 7.8. Вертикаль жүктемелерді және моменттерді, сонымен қатар горизонталь жүктемелерді (олардың мәндеріне және бағыттарына байланысты) қабылдауға вертикаль, көлбеу және төрт тағанды қадаларды қолдануды қарастыруға рұқсат етіледі. Қадалардың көлбеулігі 16-кестеде көрсетілген мәндерден аспауы керек.
16-кесте
7.9. Кеңейтілмеген аспалы қағылмалы қадалардың ұш жақтарында жатқан жазықтықтағы осьтерінің ара қашықтығы 3d-ден (мұндағы d — қада оқпанының көлденең қимасы дөңгелек болғанда оның диаметрі, шаршы түрінде болғанда оның бір жағы, тік бұрышты болғанда оның үлкен жағы), ал тіреуіш қадалар үшін 1,5d-ден аз болмауы тиіс. Бұрғылы, құйма және қабыршақ қадалардың оқпандарының, сонымен қатар діңгек қадалардың ұңғымаларының ара қашықтықтары 1,0 м-ден, оларды қатты немесе жартылай қатты шаңды-балшықты топырақтарда орнатқанда кеңейтілген жерлерінің ара қашықтығы 0,5 м-ден, ал оларды басқа да тассыз топырақтарда орнатқанда кеңейтілген жерлерінің ара қашықтығы 1,0 м-ден кем болмауы тиіс. Ростверктің табанының деңгейіндегі көлбеу қадалардың немесе көлбеу және вертикаль қадалардың ара қашықтығын, іргетастың құрылымдық ерекшеліктерін және олардың топыраққа сенімді түрде тереңдетілуін, сонымен қатар ростверкті арматурлауды және бетондауды қамтамасыз ететін жағдайларды ескере отырып қабылдау керек. 7.10. Қадалардың ұзындықтарын таңдауды құрылыс алаңшасының топырақ жағдайына және ростверктің табанының орналасу деңгейіне байланысты, сонымен қатар қолда бар жабдықтардың қадалы іргетастарды орнатуға мүмкіншілігін ескере отырып жүргізілуіу тиіс. Қаданың ұш жағы неғұрлым әлсіз топырақ қабаттарын тесіп өтіп, берік топырақтарға тереңдетілуі керек, бұл жерде қағылмалы қадалардың ұштары негіз ретінде қабылданған ірі сынықты, малтатасты, ірі және орташа іріліктегі құмды, аққыштық көрсеткіші IL£0,1 шаңды-балшықты топырақтарға 0,5 м-ден кем емес, ал басқа да тассыз топырақтарға 1,0 м-ден кем емес тереңдікке бекітілуі керек. Ескерту: III дәрежелі1 ғимараттардың және имараттардың іргетастарындағы қадалардың ұштарын құмды және құрамында органикалық заттардың салыстырмалы мөлшері Iom£0,25 шаңды-балшықты топырақтарға тіреуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда қадалардың көтергіштік қабылеті, оларды статикалық жүктемемен сынаудың нәтижелері бойынша анықталуы тиіс. Егер көмілген шымтезек қабаты болған жағдайда, қаданың ұшы, осы қабаттың табанынан төмен 2 м-ден кем емес тереңдікке бекітілуі тиіс. 7.11. Қада ростверкінің салыну тереңдігін ғимараттардың немесе имараттардың жер асты бөлігінің құрылымдық шешімдеріне (техникалық жерасты қабаттың, жертөленің болуы) және аумақты жайғастырудың (қырып немесе үстемелеп толтырып) жобасына, сонымен қатар есептеулермен анықталатын ростверктің биіктігіне байланысты тағайындау керек. Жергілікті жердің ауа райының жағдайына және іргетастардың құрылымдарының ерекшеліктеріне байланысты, ағаш ағызудың және кеме жүруінің талаптарының орындалуына байланысты, қадаларды су түбіндегі көшпелі шөгінділердің ұнтақтаушы әсерінен, ортаның белгісі ауыспалы температурасының, сең жүруінің және басқа да факторлардың қолайсыз әсерлерінен тиімді қорғаудың жүзеге асырылатын шараларының сенімділігіне байланыстыіргетастардың есептік көтергіштік қабылеті және ұзақ уақыттық беріктігі қамтамасыз етілген жағдайда, көпірлердің іргетастары үшін ростверктің табанын акватория бетінен, оның түбінен немесе топырақтың бетінен жоғары немесе төмен орналастыру керек. Iсінетін топырақтарда құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде, топырақтың аяздағы ісіну күштерінің қаданың ростверкіне әсерін азайтудың немесе болдырмаудың шараларын қарастыру керек. 7.12. Неғұрлым суық бескүндіктегі ауаның орташа температурасы минус 40°С-тан төмен аудандардағы көпірлердің іргетастары үшін, таңбасы ауыспалы температуралар әсер ететін аймақта, қалыңдығы 5 см-ден кем емес (жұмыс арматурасының бетіне дейін) қорғаушы бетон қабаты бар тұтас қималы қадаларды және діңгек қадаларды қолдану керек. Егер қалыңдығы 3 см-ден кем емес қорғаушы бетон қабаты бар қуысты және қабыршақ қадалардасызаттардың пайда болуын болдырмаудың шаралары жүзеге асырылған жағдайда, оларды ауаның температурасы минус 40°С-тан жоғары аудандардағы акваториядан сырт жақта қолдануға рұқсат етіледі. Тұрақты ағын судың тұрақсыз деңгейінің аймағында бұрғы толтырылмалы қадаларды және бетонмен толтырылған қабыршақ қадаларды қолдануға болмайды. Көпірлердің іргетастарындағы бұрғы толтырылмалы қадалардың қорғаушы бетон қабатының қалыңдығы 10 см-ден кем болмауы тиіс.
__________________ 1Мұнда және бұдан ары ғимараттардың және имараттардың жауапкершілік дәрежесі ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі Уәкілетті органы бекіткен «Құрылымдарды жобалау кезінде ғимараттардың және имараттардың жауапкершілік дәрежесін есепке алу ережелеріне» сәйкес қабылданады. Оң таңбалы температура әсер ететін аймақта (топырақтың науқандық қату деңгейінен немесе мұз қабатының табанынан 0,5 м-ге төмен), бетонның аязға төзімділігіне шек қойылмайтын қадалардың кез-келген түрін қолдануға болады. 7.13. Қадалы іргетастардың жобасын жасау барысында, қадаларды қағу кезінде төмендегі жағдайларда кездесетін топырақ бетінің көтерілу мүмкіндігін есепке алу керек, егер: а) құрылыс алаңшасы жұмсақ илемді және аққыш илемді консистенциялы шаңды-балшықты топырақтардан немесе сумен қаныққан шаңды және майда құмдардан құралса; б) қаданы батыруды қазаншұңқырдың түбінен бастап жүргізгенде; в) қадалы іргетастардың құрылымы шеткі қадалардың ара қашықтығы 9 м-ден аз, қада алаңы немесе қада шоғыры түрінде қабылданса. Топырақ бетінің көтерілуінің орташа мәнін h, м, келесі формула бойынша анықтау керек: (30) мұндағы k — топырақтың 0,9-1,0-ге тең ылғалдылық дәрежесіне байланысты 0,5-0,7-ге тең етіп қабылданатын коэффициент; VР — топыраққа батырылған барлық қадалардың көлемі, м3; Ae — қадалардың қағылған ауданы немесе қазаншұңқырдың түбінің ауданы, м2. 8. ШӨКПЕ ТОПЫРАҚТАРДАҒЫ ҚАДАЛЫ IРГЕТАСТАРДЫ ЖОБАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 8.1. Шөкпе топырақтар жағдайында қадалы іргетастардың қолданылу мүмкіндігі, қадалы іргетастардың және табиғи негіздегі іргетастардың мүмкін болатын жобалық шешімдерінің варианттарын техникалық-экономикалық салыстыру арқылы дәлелденуі тиіс. Шөкпелігі бойынша II типтегі топырақ жағдайындағы қадалы іргетастарды жобалауды арнайы мамандандырылған мекемелер орындауы тиіс. 8.2. Шөкпе топырақтардан құралған құрылыс алаңшасындағы инженерлік-геологиялық ізденістерде, топырақтың өз салмағынан (үстемелеп толтырғанда — толтырылған топырақтың салмағы есепке алынады) шөгуінің жеке және мүмкін болатын ең жоғарғы мәндері көрсетілген топырақ жағдайының типі анықталуы керек, және 8.4 тармақтың талаптарына сәйкес қадалардың тереңдетілуі мүмкін топырақ қабаттары бөлінуі керек. Топырақтарды зерттеу үшін ұңғыма бұрғылануы және шурфтер қазылуы тиіс. Алаңшаның инженерлік-геологиялық жағдайының күрделілігіне байланысты қазбалардың ара қашықтығы 50 м-ден үлкен емес етіп белгіленеді. Жеке тұрған ғимараттың немесе имараттың контурының ішінде 4 ұңғымадан, ал ғимараттың салыну алаңы 1300 м2 аз болғанда — 3 ұңғымадан кем болмауы керек. Салынатын аумақта жерасты суларының гидрогеологиялық тәртібі мұқият түрде зерттеліп, және де оның жобаланатын және тұрған ғимараттар мен имараттарды пайдалану кезіндегі өзгеру мүмкіндігіне болжам берілуі тиіс. Суланған кезде өзінің қасиеттерін өзгертетін шөкпе және басқа да топырақтардың физикалық-механикалық, соның ішінде беріктік және деформациялық сипаттамалары табиғи ылғалдылықтағы және толық сумен қаныққан күйлерде анықталуы тиіс. 8.3. Топырақтың өз салмағынан шөгуінің мәні 30 см-ден үлкен, шөкпелілігі бойынша II типтегі топырақ жағдайында қадалы іргетастарды жобалау кезінде, топырақ жағдайын топырақты қыру жолымен немесе алдын-ала сулау арқылы,сулап жарылыс жасау арқылы, топырақ қадалармен немесе басқа да әдістермен нығыздап II типтен I типке көшірудің шараларын қарастыру керек. Тиісті техникалық-экономикалық негіздеулер болған жағдайда жоғарыда берілген тәсілдер топырақ қабатының, ғимараттардың немесе имараттардың алып жатқан және олардың айналасындағы шөкпе қабаттың жартысына тең қашықтықтағы ауданының ішінде өз салмағынан шөгуін болдырмауды қамтамасыз етуі тиіс. 8.4. Қадалардың, суланған кезде беріктік және деформациялық сипаттамалары төмендейтін шөкпе және басқа да түрлі топырақтардың барлық қабаттарын кесіп өту мүмкіндігі болған жағдайларда ғана, сулануы мүмкін шөкпе топырақты аумақтарда қадалы іргетастардың қолданылуы керек. Қадалардың ұштары тасты топырақтарға, тығыз және тығыздығы орташа құмды топырақтарға, сумен қаныққан күйдегі аққыштық көрсеткіші I типтегі топырақ жағдайындағы қаданың барлық түрлері үшін IL<0,6, ал ssl,g£su болғандағы II типтегі топырақ жағдайындағы қағылмалы қадалар үшін IL<0,4 және бұрғы толтырмалы қадалар үшін IL<0,2, ал ssl,g > su болғандағы II типтегі топырақ жағдайындағы қағылмалы қадалар үшін IL<0,2 және бұрғы толтырмалы қадалар үшін IL£0 шаңды-балшықты топырақтарға тереңдетілуі керек (мұндағы ssl,g — топырақтың өз салмағы мен толтырылған топырақтың салмағынан немесе оның бетіндегі басқа жүктеулерден шөгуі). Қадалардың көрсетілген топырақтарға тереңдетілуі есептеулер бойынша, қадалардың шөгуі шекті шөгуінен аспауы және қадалардың талап етілетін көтергіштік қабілетін қамтамасыз етілуі жөніндегі шарттардың ең үлкен мәні ретінде тағайындалуы керек. Жоғарыда аталған топырақтағы қадаларды тереңдету, есептеу арқылы, қадалардың шөгуi, олардың шектi шөгуiнен su, аспауы жөнiндегi шарттың және қадалардың талап етiлетiн көтергiштiк қабiлетiн қамтамасыз ету шартының ең үлкен мәнi ретiнде белгiленуi керек. Ескертулер: Егер көрсетiлген топырақтарды нақты жағдайда кесiп өту экономикалық тиiмсiз болса, онда III класты ғимараттар мен имараттар үшiн шөкпелiлiгi бойынша I типтегi топырақтар жағдайында қаданың төменгi ұшын салыстырмалы шөкпелiлiгi єs l <0,02 топырақ қабатына 1 м-н кем емес етiп тереңдетiп орнатуға рұқсат етiледi (қысымы 300 кПа кем емес және топырақтың өз салмағының және оның бетiне түсiрiлетiн жүктеменiң қысымына сәйкес келетiн, қысымынан кем емес), бұл жағдайда қаданың көтергiштiк қабiлетi қамтамасыз етiлген болуы керек, ал негiздiң отыруының және шөгуiнiң мүмкiн болатын жиынтық мәндерi, топырақтардың бiркелкi емес сулануы кезiндегi ғимараттар мен имараттарға арналған шектi мәндерден аспауы керек. 2. Егер қаданың көтергiштiк қабiлетi сынақтармен дәлелденген болса, онда I типтегi топырақ жағдайында III класты бiр қабатты ғимараттардың ұстын қадаларын єs l ³0,02 топыраққа төменгi ұшымен тiреуге рұқсат етiледi. 8.5. Егер инженерлiк iзденiстердiң нәтижелерi бойынша, қағылмалы қадаларды шөкпелi топырақтарға батырудың қиындауы мүмкiн екендiгi анықталған жағдайда, жобада диаметрi - I типтегi топырақ жағдайында қада қимасының өлшемiнен аз етiп (50 мм-ге дейiн), ал II типтегi топырақ жағдайында оған тең немесе одан аз етiп (50 мм-ге дейiн) белгiленетiн басты ұңғыманы орнату қарастырылуы керек. Соңғы жағдайда басты ұңғымалар шөгетiн қабаттың шегiнен тыс шықпауы тиiс. 8.6. I типтегi топырақ жағдайында қолданылатын қадаларды есептеу, 4,6-тараудың нұсқауларымен сәйкес және ұсынылған 1-қосымшадағы қадалардың төменгi ұшындағы R және бүйiр жақ бетiндегi fi топырақтың кедергiлерi (1.2 және 7 кестенi қара), пропорционалдық коэффициенттерi К және а (ұсынылған 1-қосымшаны қара), деформация модулi Е iшкi үйкелiс бұрышы j және меншiктi ұстасуы с, төмендегi жағдайларда анықталу тиiстiлiгiн ескере отырып жүргiзу керек: а) егер топырақты сулау мүмкiн болса, онда топырақтың толығымен сумен қаныққан кезiндегi есептiк кестелiк сипаттамаларды, келесi формула бойынша анықталатын аққыштық көрсеткiшi кезiнде қабылдау керек: (31) Мұндағы е - табиғи тығыздықтағы топырақтың кеуектiлiк коэффициентi;
Дата добавления: 2014-11-09; Просмотров: 728; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |