КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Библиотека 5 страница
Қосымша вертикаль жүктемелердi анықтау, ғимараттардың бойлық және көлденең осьтерiне қатысты жүргiзiледi. 10.8. Өңделетiн аумақтарда тұрғызылатын қадалы iргетастарды есептеуде, қаданың жобадағы жағдайына қатыстылығы бойынша, аумақты өңдеу кезiндегi топырақ негiзiнiң горизонталь жылжуының ықпалынан қадаларда, олардың иiлуге жұмыс iстеуiнiң салдарынан пайда болатын күштердi ескеру керек. 10.9. Аумақты өңдеу кезiндегi топырақтың горизонталь есептiк орын ауысуын мына формула бойынша анықтау керек: usr = gf gc єh x, (39) мұндағы gf gc — ҚНжЕ 2.01.09-91 бойынша қабылданатын, жүктеме бойынша сенiмдiлiк коэффициентi және салыстырмалы горизонталь деформацияға арналған жұмыс жағдайының коэффициентi; єh ‑ маркшейдерлiк есептiң нәтижелерi бойынша анықталатын салыстырмалы горизонталь деформациясынан күтiлетiн мәнi, мм/м; x ‑ қаданың қарастырылатын осiнен, ғимараттың (бөлiктiң) бүкiл ұзындығында орнатылған ростверктерi бар ғимараттың (имараттың) орталық осiне дейiнгi немесе жеке ұстындардың астына орнатылатын ростверктерi бар қаңқалы ғимараттың (бөлiктiң) қаттылық блоктарына дейiнгi ара қашықтық, м. 10.10. Өңделетiн аумақтарда тұрғызылатын ғимараттар мен имараттардың қадалы iргетастарын жер бетiнiң деформациясының нәтижесiнде қадаларда пайда болатын күштердiң ең аз мөлшерiнiң ростверкке берiлу қажеттiлiгiнiң шарттарына байланысты жобалау керек. Бұл талаптардың орындалуы үшiн жобаларда: а) топырақ негiзiнiң горизонталь жылжуының ықпалын азайту үшiн ғимараттарды немесе имараттарды бөлiктерге бөлуге; б) қатты құрылымдық сұлбадағы ғимараттар мен имараттар үшiн, негiздiң қисаюынан вертикаль жазықтықтағы қосымша пайда болатын күштердi азайту үшiн, негiзiнен аспалы қадаларды қолдануды; в) қаттылығы аз қадаларды мысалы, призмалық, көлденең қималары шаршы түрiндегi немесе тiк бұрышты, соның iшiнде қималары тiк бұрышты қадаларды ғимарат бөлiгiнiң бойлық бағытында кiшi жағымен орналастыру керек; г) 10.4 тармағында көрсетiлген қадалардың ростверкпен түйiндесуiнiң икемдi құрылымын; д) домкраттың көмегiмен немесе басқа да туралаушы құрылғылармен ғимараттарды туралауды қарастыру керек. Ғимараттарды немесе имараттарды бөлiктерге бөлу кезiнде, ростверктердiң арасында өлшемдерi ҚнжЕ 2.01.09-91 талаптарына сәйкес ғимараттар мен имараттардың төменгi құрылымындағыдай анықталатын саңылаулар (деформациялық жiктер) қарастырылуы керек. 10.11. Қадалы iргетастарды негiзiнен I — IV топтардағы өңделетiн аумақтарда қолдану керек, соның iшiнде: а) аспалы қадалармен - I — IV топтардағы аумақтарда ғимараттар мен имараттар құрылымының кез келген түрi үшiн; б) тiреуiш қадалармен - III және IV топтардағы аумақтарда негiзiнiң қисаюы кезiндегi ғимараттың икемдi құрылымдық сұлбасынан жобаланатын ғимараттар мен имараттар үшiн, ал IV топтар үшiн - қатты құрылымдық сұлбамен жобаланатын ғимараттар мен имараттар үшiн. Ескерту: 1. Өңделетiн аумақтардың топтарға бөлiнуi ҚНжЕ 2.01.09-91 сәйкес қабылданған. 2. Диаметрi 600 мм-н үлкен қабыршақ қадаларының, құйма және бұрғылы қадалардың және қатты қадалардың басқа түрлерiн, ростверкпен сырғанау жiгi арқылы түйiндескен қадалы iргетастарда ғана қолдануға рұқсат етiледi (10.4. тармақты қара). 3. Өңделетiн аумақтардағы қаданың топыраққа тереңдетiлуi, қадалардың тасты топырақтарға тiрелу жағдайын қоспағанда, 4 м-н кем болмауы тиiс.
10.12. Кертпештердiң пайда болуы мүмкiн Iк — IVк топтардағы өңделетiн аумақтарда, сонымен қатар геологиялық бұзылулар болған алаңшаларда қадалы iргетастарды қолдануға арнайы негiздеме болғанда ғана рұқсат етiледi. 10.13. Қаданың ростверкпен түйiндесу құрылымы топырақ негiзiнiң күтiлетiн горизонталь жылжудың мәндерiне байланысты тағайындалуы тиiс, мұндағы қадаларға арналған горизонталь жылжудың шектi мәндерi ростверкпен қатты түйiндесу кезiнде - 2 см-ден, икемдi, шартты топсалы түйiндесу кезiнде - 5 см-ден; сырғанау жiгi арқылы түйiндескен кезiнде - 8 см -ден аспауы тиiс (10.4 тармақты қара). Ескерту: Топырақ негiзiнiң горизонталь жылжуының әсерiнен қадаларда және ростверкте пайда болатын күштердiң мәндерiн төмендету үшiн, тұтастай алған ғитмараттың (имараттың) қадалы iргетастарының кеңiстiктегi орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн, қада алаңының топырақтың аздаған жылжуы (2-см-ге дейiн) әсер ететiн аймағындағы қадалардың қатты түйiндесуiн, ал қалғандарында икемдi (топсамен немесе сырғанау жiктерi арқылы түйiндесу) түйiндесуiн қарастыру керек. 10.14. Қадалы ростверктерi ортадан тыс созылуға және сығылуға, сонымен қатар топырақты өңдеу кезiнде, деформацияланатын негiздің бүйiр қысымынан болған қадалардың горизонталь тiрек реакциясының көлденең күштен және июшіi моменттен қада ростверктерiне әсерi кезiндегi бұралуға есептелуi тиiс. 10.15. Биiк ростверкті қадалы iргетастарды қолдану кезiнде, топырақ бетiне жасалатын бетон едендi немесе басқа қатты құрылымдарды қаданың бүкiл периметрi бойынша енi 8 см-ден кем емес, қатты құрылымдардың бүкiл қалыңдығында саңылау қарастырылуы керек. Саңылауды топырақ негiзiнiң горизонталь жылжуының әсерi кезiндегi қадалар үшiн қатты тiрек құрамайтын, пластикалық немесе серпiмдi материалдармен толтыру керек. 11. СЕЙСМИКАЛЫҚ АУДАНДАРДАҒЫ ҚАДАЛЫ IРГЕТАСТАРДЫ ЖОБАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
11.1. Сейсмикалық аудандарда қадалы iргетастарды жобалау кезiнде осы нормалардың талаптарынан басқа ҚНжЕ II-7-81* талаптары да сақталуы керек; бұл жағдайда қадалы iргетастарды жобалау үшiн, инженерлiк iзденiстердiң материалдарына қосымша ретiнде құрылыс алаңшасының сейсмикалық микроаудандастыру деректерi пайдалануы тиiс. 11.2. Ғимараттар мен имараттардың қадалы iргетастары сейсмикалық әсерлердi ескере отырып, I топтағы шектi күйлерi бойынша жүктеменiң ерекше тiркесiне есептелуi тиiс. Бұл жағдайда: а) 4-тараудың талаптарына сәйкес, қаданың сығушы және жұлушы жүктемелерге көтергiштiк қабiлетiн анықтауды; б) ұсынылған 1-қосымшаның талаптарына сәйкес қаданың топыраққа бүйiр беттерiнен берiлетiн қысымына шек қою шарты бойынша, топырақтың орнықтылығын тексерудi; в) мәндерi сейсмикалық жүктеменiң есептiк мәндерiне байланысты 1-қосымшаның нұсқаулары бойынша анықталатын есептiк күштердiң (бойлық күштің июшi моменттiң және көлденең күштiң) бiрлескен әрекетiне қадаларды материалдарының берiктiгi бойынша есептеудi қарастыру қажет. “а” — “в” тармақшаларында көрсетiлген есептеулерде, сонымен қатар 11.3 — 11.8. тармақтарында келтiрiлген талаптар орындалуы тиiс. Ескертеу: Ғимараттарға немесе имараттарға әсер ететiн сейсмикалық жүктемелердiң есептiк мәндерiн анықтау кезiнде, қаданың биiк роствергiн қаңқалы төменгi қабат ретiнде қарастыру керек.
11.3. Қаданың сығушы немесе жұлушы жүктемелерге көтергiштiк қабiлетiн есептеу кезнде, R және fi мәндерiн 18-кестеде келтiрiлген топырақ негiздерiнiң жұмыс жағдайының төмендету коэффициенттерiне geq1 және geq2 көбейту керек. R мәндерiн ³3 кезiнде geq3 = 1 және < 3, кезiнде g eq3= 0,9 жұмыс жағдайының коэффициентiне geq3 көбейту керек, мұндағы ұсынылған 1-қосымшаның нұсқаулары бойынша анықталатын қаданың келтiрiлген ұзындығы. Бұдан басқа қаданың бүiр жақ бетiндегi топырақтың есептiк тереңдiкке дейiнгi hd (11.4 тармақты қра) кедергiсiн 0-ге тең етiп қабылдау керек. 11.4. Қаданың бүйiр жағындағы топырақтың кедергiсi ескерiлмейтiн жерге дейiнгi есептiк тереңдiгi hd 40-формула бойынша анықталады, бiрақ 3/ae -н үлкен емес етiп қабылданады: (40) мұндағы а1, a2, a3 — өлшемсiз коэффициенттер, биiк ростверкте және жеке тұрған қадалар үшiн 1,5; 0,8 және 0,6 ал қадалардың төменгi ростверкте қатты бекiту кезiнде 1,2; 1,2 және 0 -ге тең. H, M ‑ сейсмикалық әсерлерi ескерiлген жүктемелердiң ерекше тiркесi кезiнде, қадаға топырақ бетiнiң деңгейiнде түсiрiлген горизонталь күштiң және июшi моменттiң есептiк мәндерi кН (тс); a ‑ ұсынылған 1-қосымша бойынша анықталатын деформация коэффициентi, 1/м; bp ‑ ұсынылған 1-қосымша бойынша анықталатын қаданың шартты енi, м; gI ‑ судың қалыңдық әсерiн есепке ала отырып, сумен қаныққан топырақтарда анықталатын топырақтардың меншiктi салмағының есептiк мәнi кН/м3 (тс/м3); jI, cI ‑ 3,5 және 11,5 тармақтарының нұсқауларына сәйкес қабылданатын топырақтың iшкi үйкелiс бұрышының және топырақтың меншiктi ұстаусуының есептiк мәндерi кН/м2 (тс/м2). 11.5. Сейсмикалық жүктемелердiң әсер ету кезiндегi есептiк тереңдiктi анықтауды, iшкi үйкелiс бұрышының есептiк мәндерiн есептiк сейсмикасы 7 балл үшiн - 2°-қа, ал 8 баллда — 4°-қа, 9 баллда — 7°-қа азайтып қабылдай отырып жүргiзу керек. 11.6. Көпiрдiң қадалы iргетастарын есептеу кезiндегi сейсмикалық әсерлердiң қаданың бекiту жағдайына ықпалын, сумен қаныққа шаңды құмдарда, аққыштық көрсеткiшi IL>0,5 шаңды балшықты топырақтарда, ұсынылған 1-қосымшада келтiрiлген К пропорционалды коэффициенттерiнiң мәндерiн 30% төмендету жолымен ескеру керек. Горизонталь жүктемелердiң әрекетi кезiндегi қадалардың көтергiштiк қабiлетiн есептеуде, сейсмикалық жүктемелердiң әсерiнiң қысқа мерзiмдi сипатын ұсынылған 1-қосымшаның 24-формуласындағвы h2 коэффициентiн өсiру жолымен ескеру керек. Бiр қатарлы iргетастарды қатарға перпендикуляр жазықтықта әсер ететiн жүктемелерге есептеу кезiнде h2 коэффициентiнiң мәндерi 10%-ке, ал қалған жағдайларда 30 %-ке көбейтiледi. 18-кесте
Ескерту: 1. Сызықтың үстiнде көрсетiлген geq1 және g eq2, мәндерi - қағылмалы қадаларға, ал сызықтың астындағы мәндер - бұрғылы қадаларға қатысты. 2. geq1 және geq2 коэффициенттерiнiң мәндерiн 0,85, 1,0 немесе қайталануы 1,2,3 аудандарда салынатын ғимараттар мен имараттар (транспорттық және гидротехникалық имараттардан басқа) үшiн 1,15 көбейту керек. 3. Тасты және iрi сынықты топырақтарға сүйенетiн қада тiреулердiң көтергiштiк қабiлетiн анықтау, geq1 және geq2 қосымша жұмыс жағдайы коэффициенттерiн енгiзбей жүргiзiледi.
11.7. Далалық сынақтың нәтижелерi бойынша вертикаль сығушы және жұлушы күштерге жұмыс iстейтiн қадалардың көтергiштiк қабiлетi Feq, кН (тс), сейсмикалық әсерлердi ескере отырып, 41-формула бойынша анықталуы тиiс:
Feq = keq Fd,(41)
мұндағы keq — 11.2-11.4 тармақтарының нұсқауларына сәйкес, сейсмикалық әсерлердi ескере отырып, есептелген қаданың көтергiштiк қабiлетiнiң мәндерiнiң және 4 тараудың талаптарына сәйкес сейсмикалық әсерлер ескерiлмей анықталған қаданың көтергiштiк қабiлетiнiң мәндерiне қатынасы ретiнде есептеумен анықталатын, сейсмикалық әсерлер кезiндегi қаданың көтергiштiк қабiлетiнiң төмендеуiн ескеретiн коэффициент, Fd — статикалық және динамикалық сынақтардың нәтижелерi бойынша, немесе 5 тараудың нұсқауларына сәйкес топырақты статикалық зондтау деректерi бойынша (сейсмикалық әсерлердi есепке алмай) анықталған қаданың көтергiштiк қабылетi 11.8. Шөкпе және қожыма топырақтағы қаданы сейсмикалық әсерлер ескерiлген, жүктеменiң ерекше тiркестерiне есептеу, егер топырақты сулау мүмкiн болмағанда және аққыштық көрсеткiшi 31-формула бойынша анықталатын түгелдей сумен қаныққан топырақта табиғи ылғалдылықта жүргiзiлуi керек; егер топырақты сулау мүмкiн болғанда, шөкпелiгi бойынша II типтегi топырақтар жағдайында қаданың көтергiштiк қабiлетiн анықтау, топырақтың терiс үйкелiс күштерiнiң даму мүмкiндiгiн есепке алмай жүргiзiледi. Ескерту: Қаданы сейсмикалық әсерлерге есептеу, оларға 8-10-шы тарауларға сәйкес есептеулердi орындау керектiгiн жоққа шығармайды.
11.9. Сейсмикалық аудандардағы қадалы iргетастар үшiн, көлденең арматураланбаған және түйреуiш тәрiздес қадалардан басқа, қадалардың барлық түрлерiн қолдану керек. Бұрғы толтырмалы қадаларды ұңғыма қабырғаларын бекiтудi керек етпейтiн орнықты топырақтарда ғана қолдануға рұқсат етiледi, бұл жағдайда қаданың диаметрі 40 см-н аз болмауы керек, ал қаданың ұзындығының оның диаметрiне қатынасы 25-тен үлкен болмауы керек. Ескерту: Қайта шығарылып алынатын құбырды қолданып, толтырмалы және бұрғылы қадалармен сумен қаныққан топырақтарды кесiп өтуге рұқсат етiледi.
11.10. Сейсмикалық аудандардағы қадалы iргетастарды жобалау кезiнде, қаданың ұшын тасты, iрi сынықты тығыз және тығыздығы ортша құмды және аққыштық көрсеткiшi IL £ 0,5. құмды балшықты топырақтарға сүйеудi қарастыру керек. Қаданың төменгi ұштарын сумен қаныққан бос құмдарға аққыштық өрсеткiшi IL>0,5 құмды-балшықты топырақтарға сүйеуге жол берiлмейдi. 11.11. Сейсмикалық аудандардағы қадалардың топырақтарға тереңдетілуі 4 метрден, ал қадалардың төменгi ұштарының негiзiнде тығыздығы орташа сумен қаныққан құмды топырақтар болғанда, 8 метрден кем болмауы тиiс. Қадаларды сейсмикалық әсерлерге ұқсатылған даладағы сынақтардың нәтижесiнде алынған тистi негiздемелер болған жағдайда, қадалардың тереңдетiлуiн азайтуға рұқсат етiледi. Бағалы жабдықтары жоқ бiр қабатты ауыл шаруашылығы ғимараттары үшiн, қадалар тасты топырақтарға сүйелген жағдайда, олардың топыраққа тереңдетiлуi, сейсмикалық емес аудандардағыдай етiп қабылданады. 11.12. Ғимараттың көтергiш қабырғаларының астындағы қадалы iргетастың ростверкi бөлiктiң iшiнде үзiлiссiз болып бiр деңгейде орналасуы тиiс. Қадалардың жоғары жақтары ростверктiң iшiне сейсмикалық жүктемелер ескерiлген есептеулермен анықталатын тереңдiкке бекiтiлуi тиiс. Ғимараттар мен имараттарда ростверксiз қадалы iрге тастарды құруға рұқсат етiлмейдi. 11.13. Тиiстi техникалық экономикалық негiздеулер болған кезде, қадалы iргетастарды сусымалы материалдардан (қиыршық тастардан, малта тастан, iрi және орташа iрiлктегі құмнан) құралған аралық жастықпен қолдануға рұқсат етiледi. Мұндай iргетастарды биогендi топырақтарда, II типтегi шөкпе топырақтарда өңделетiн аумақтарда, геологиялық тұрақсыз алаңшаларда (сол жерлерде бар немесе пайда болуы мүмкiн көшкiн, сел, карст т.с.с.) және тұрақталмаған топырақтардан құралған алаңшаларда қолдануға рұқсат етiлмейдi. Аралық жастықты қадалы iргетастар үшiн, сейсмикалық емес аудандардағыдай қадалардың түрлерiн қолдану керек. 11.14. Аралық жастықты қадалы iргетастардың құрамына кiретiн қадалар, горизонталь жүктемелерге есептелiнбейдi. Сейсмикалық әсерлерi ескерiлген сығушы жүктемелерге жұмыс iстейтiн мұндай қадалардың көтергiштiк қабiлетiн 11.3 тармағының талаптарына сәйкес анықтау керек; бұл жағдайда топырақтың кедергiсiн қаданың барлық бүйiр бетiнiң бойында ескеру қажет hd=0; ал сейсмикалық әсерлер кезiндегi қаданың төменгi ұшының жұмыс жағдайының коэффициентi geq1 = 1,2. 11.15. Аралық жастықты қадалы iретастарды деформациясы бойынша есептеу кезiнде, iргетастың шөгуiн 6-тараудың талаптарына сәйкес анықталатын, шартты iргетастың шөгуiнiң және аралық жастықтың шөгуiнiң қосындысы ретiнде есептеу керек. 12. ӘУЕЛIК ЭЛЕКТР БЕРIЛIСI ЖЕЛIЛЕРIНДЕГI БАҒАНДАРДЫҢ ҚАДАЛЫ IРГЕТАСТАРЫН ЖОБАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 12.1. Әуелiк электр берiлiсi желiлерiндегi бағандардың (ЭБЖ) және қосалқы станцияның ашық бөлiп таратушы қондырғысының қадалы iргетастарын, олардың батырылу мүмкiндiгi және экономикалық мақсатқа сәйкестiлiгi қамтамасыз етiлген топырақтың барлық түрлерiнде қолдануға рұқсат етiледi. 12.2. Әуелiк электр берiлiсi желiлеріндегі бағандардың қадалы iргетастарында түйреуiш тәрiздi, пирамидальды және ромбы тәрiздi қадаларды қолдануға жол берiлмейдi. 12.3. Жұлушы немесе горизонталь жүктемелердi қабылдайтын қадалардың топыраққа батырылу тереңдiгi 4 м-ден, ал ағаш бағандардың iргетастары үшiн 3м-н кем болмауы тиiс. 12.4. Әуелiк электр берiлiсi желiлерiндегi ағаш бағандардың iргетастарына арналған ағаш қадаларды, жер асты суларының болуына және олардың деңгейiнiң жағдайына байланыссыз қолдануға рұқсат етiледi. Бұл жағдайда ауыспалы ылғалдылықтағы аймақта, ағаштарды шiруден қорғаудың күшейтiлген түрiн қарастыру керек. 12.5. Сығушы күштерге жұмыс iстейтiн аспалы қағылмалы және құйма қадалардың көтергiштiк қабілетін 12.7 және 12.8 тармақтарында келтiрiлген нұсқауларды ескере отырып (8) және (11) формулалар бойынша анықтау керек; бұл жағдайда (8) және (11) формулаларындағы жұмыс жағдайының коэффиицентiн:
Дата добавления: 2014-11-09; Просмотров: 517; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |