Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Библиотека 2 страница




Ed 12-кесте бойынша қабылданатын балға­ның соққысының есептік энергиясы немесе 13-кесте­ден алынатын дірілді батырғыштардың есептік энер­гиясы, кДж (тc×м);

sa балғаны қолданғанда — оның бір соққы­сынан, ал дірілді батырғыштарды қолданғанда — олардың 1 минут жұмысы ішіндегі қаданың батыры­латын мәніне тең нақты қалдық соғудан шөгуі, м;

m2 қаданың және қаптаманың салмағы, т;

m3— подбабканың салмағы (қадаларды дірілді батыру кезінде m3 =0),т;

m4 балғаның соққыш бөлігінің салмағы, т;

соққыны бұрынғы қалпына келтіру коэф­фи­­циенті, ұшында ағаш сынасы бар қаптама қолда­нылған темірбетон қадаларды соққылы балғамен қағу кезінде 2 = 0,2-ге, ал дірілді батырғыштарды қолданғанда 2= 0-ге тең;

se l өлшеуіш арқылы анықталатын қаданың соғудан серпімді шөгуі (топырақтың және қадалар­дың серпімді орын ауысуы), м;

m1 балғаның немесе дірілді батырғыштың салмағы, т;

төмендегі формула бойынша анықталатын коэффициент, 1/кН (1/тc):

(20)

мұндағы A, m4, m2 (18) және (19) форму­лалардан қара;

np, nf қаданың ұшынан төмен орналасқан топырақ үшін np= 0,00025 с×м/кН (0,0025 с×м/тc) тең және қаданың бүйір жақтарындағы топырақ үшін nf = 0,025 с×м/кН (0,25 с×м/тc) тең етіп қабылданатын, топырақтың динамикалық кедергілігінен статикалық кедергілігіне өту коэффициенті;

Af қаданың топырақпен жанасатын бүйір жақтарының ауданы, м2;

g 9,81 м/с2 тең, еркін түсу үдеуі;

H балғаның соқпа бөлігінің нақты түсу биіктігі, м;

h 12-кестеге сәйкес қабылданатын дизель-балғаның соқпа бөлігінің бірінші ыршып кеткен биіктігі, ал балғалардың басқа түрлері үшін h = 0.

Ескерту:

1. Қазаншұңқырды өңдеу барысында шығарылатын топыраққа немесе ағып жатқан су түбіндегі топыраққа қада қағу кезінде соғудан шөгудің есептік мәнін, шығарылмаған топырақты немесе шайылып кетуі мүмкін топырақты ескере отырып есептелген қаданың көтергіштік қабілетіне сүйене отырып анықтау керек, ал теріс үйкеліс күштері көрінуі мүмкін жерлерде — бұл күштерді де есепке алады.

2. Егер (18)—(20) формулалар арқылы анықталған қадалардың көтергіштік қабылетінің мәндері мен 4-тарау­дың талаптарына сәйкес есептелген көтергіштік қабілетінің мәндерінің арасында 1,4 еседен үлкен айырмашылық болса, онда қадалардың көтергіштік қабілетін статикалық зондтаулардың қорытындылары бойынша немесе қадалар­ға статикалық сынақтар жүргізу арқылы қосымша тексеру керек.


10-кесте

Есептеу жағдайы h коэффициенті, кН/м2 (тс/м2)
Қадалардың келесі түрлерін оларды қағып және жеткізе қағып сынағанда (сонымен қатар соғудан шөгуін анықтаған жағдайда):  
қаптамасы бар темірбетон 1500 (150)
подбабкасыз ағаш 1000 (100)
подбабкасымен ағаш 800 (80)
Қадалардың көтергіштік қа­бі­летін, Ed/sa, кН/тс төмен­дегі мәндерінде өндірістік қағудың нәтижелері бойын­ша бақылауда:  
1000(100) и менее 2500(250)
2000(200) 1500(150)
4000(400) 950 (95)
8000(800) и более 700(70)

 

11-кесте

Қадалардың ұшынан төмен орналасқан топырақтар М коэффициенті
1. Құмды толтырғыштары бар ірі сынықты топыра­қ­тар 1,3
2. Орташа іріліктегі және тығыздығы орташа ірі құм­дар мен қатты құмайттар 1,2
3. Тығыздығы орташа ұсақ құмдар 1,1
4. Тығыздығы орташа шаң­дақ құмдар 1,0
5. Илемді құмайттар, саз­дақ­тар және қатты бал­шықтар 0,9
6. Жартылай қатты бал­шықтар мен саздақтар 0,8
7. Тығыз-илемді балшық­тар мен саздақтар 0,7

 

Ескерту: Тығыз құмдарда 11-кестенің 2-4 ұстанымдарындағы М коэффициентінің мәндерін 60 %-ке, ал статикалық зондтау материалдары бар болғанда — 100 %-ке көбейту керек.

12-кесте

Балға Балғаның соққысының есептік энергиясы Ed, кДж (тс×м)
1. Аспалы немесе жеке әсерлі GH
2. Құбырлы дизель-бал­ға 0,9 GH
3. Штангалы дизель-бал­ға 0,4 GH
4. Отын жіберілмей, же­ке­леген соққылармен бақылап біржола қаға­тын дизель-балға G(H-h)

 

Ескерту:

1. G — балғаның соқпа бөлігінің салмағы, кН (тс).

2. 4 ұстанымдағы h — өлшеуіш тақтайша арқылы анықталатын, дизель-балғаның соқпа бөлігінің ауа жастығынан бірінші ыршып кеткен биіктігі, м. Алдын-ала есептеулерде штангалы балғалар үшін h = 0,6 м, ал құбырлы балғалар үшін h = 0,4 м етіп қабылдауға рұқсат етіледі.

 


13-кесте

Дірілді батырғыштың кернеуші күші, кН (тc) Дірілді батырғыштың соққысының балама есептік энергиясы, кДж (тc×м)
100(10) 45,0 (4,5)
200(20) 90,0 (9,0)
300(30) 130,0 (13)
400(40) 175,0 (17,5)
500(50) 220,0 (22)
600(60) 265,0 (26,5)
700(70) 310,0 (31)
800(80) 350,0 (35)

 

5.8. Сығушы жүктемелерге жұмыс істейтін аспалы қағылмалы қадалардың көтергіштік қабыле­тін Fd, кН (тc), топырақтарды эталон қадалармен сынаудың, зонд-қадалармен сынаудың немесе ста­тикалық зондтаулардың нәтижелері бойынша келесі формула арқылы анықтау керек:

(21)

мұндағыgc жұмыс жағдайының коэффициенті; gc = 1;

n топырақтарды эталон қадалармен сынау­дың, зонд-қадалармен сынаудың немесе зондтау нүктелерінің саны;

Fu 5.9, 5.10 немесе 5.11 тармақтардың талаптарына сәйкес анықталған, топырақтарды эта­лон қадалармен және зонд-қадалармен сынау орын­дарындағы немесе зондтау нүктелеріндегі қада­лардың шекті кедергілерінің жеке мәндері кН (тc);

gg топырақтарды эталон қадалармен және зонд-қадалармен сынау орындарында немесе зонд­тау нүктелерінде алынған қадалардың шекті кедер­гілерінің Fu жеке мәндерінің құбылмалылығына және бұл сынақтардың сандарына немесе нүктелеріне байланысты, ал сенімділік мүмкіндік мәні a = 0,95 болғанда МСТ 20522-96 талаптарына сәйкес анықта­латын, топырақ бойынша сенімділік коэффициенті

5.9. Топырақтарды эталон қадалармен сынау орнындағы, қағылмалы қадалардың шектік кедергі­лерінің жеке мәндерін Fu, кН (тc), келесі тармақтар бойынша анықтау керек:

а) топырақтарды 1-ші типтегі (МСТ 5686-94) эталон қадалармен сынау кезінде келесі формула бойынша анықталады:

(22)

мұндағыgsp коэффициент; егер қадалар олардың ірілігіне байланыссыз тығыз құмдарға неме­се ірі сынықты топырақтарға тереңдетілген болса, онда gsp = 1,25 тең, ал қалған топырақтар үшін gsp = 1;

u, usp қадалардың және эталон қадалардың көлденең қималарының периметрлері;

Fu,sp 5.5 тармаққа сәйкес статикалық жүктемелермен сынау нәтижелері бойынша анық­талатын, эталон қадалардың шектік кедергілерінің жеке мәндері, кН (тc);

б) топырақтарды II немесе III типтегі (МСТ 5686-94) эталон қадалармен сынау кезінде келесі формула бойынша анықталады:

 

(23)

мұндағыgcR натуралық қаданың ұшынан төмен орналасқан топырақтың жұмыс жағдайының коэффициенті, эталон қаданың ұшынан төмен орна­лас­қан топырақтың шектік кедергісіне байла­ныс­ты 14-кесте бойынша қабылданады;

эталон қаданың ұшынан төмен орна­ласқан топырақтың шектік кедергісі, кПа (тс/м2);

A натуралық қаданың көлденең қимасының ауданы м;

gcf натуралық қаданың бүйір жақтарындағы топырақтардың жұмыс жағдайының коэффициенті, эталон қаданың бүйір жақтарындағы топырақтардың шектік кедергілерінің орташа мәніне байланысты 14-кесте бойынша қабылданады;

эталон қаданың бүйір жақтарындағы топырақтардың шектік кедергілерінің орташа мәні, кПа (тс/м2);

h натуралық қаданың батырылу тереңдігі, м;

u қада оқпанының көлденең қимасының периметрі, м.

Ескерту: II типтегі эталон қадаларды қолданған­да олардың ұшынан төмен және бүйір жақтарында орна­ласқан топырақтардың шектік кедергілерінің қосындысының эталон қадалардың шектік кедергілеріне сәйкестігін тексеру керек. Егер екі аралықтағы айырма ± 20 %-тен асатын бол­са, онда натуралық қадалардың шектік кедергісін есептеу, 1 типтегі эталон қадалардағы есеп­теулермен бірдей етіп орындалуы керек.

5.10. Зонд-қадамен сынақ жүргізілген орын­да­ғы қағылмалы қаданың шектік кедергісінің жеке мәнін Fu кН (тc), келесі формула бойынша анықтау керек:

(24)

мұндағыgcR 0,8-ге тең етіп қабылданатын, қаданың ұшынан төмен орналасқан топырақтың жұмыс жағдайының коэффициенті;

Зонд-қаданың ұшынан төмен орналас­қан топырақтың шектік кедергісі, кПа (тс/м2);

gcf Зонд-қаданың бүйір жақ бетіндегі топы­рақтың i қабатының меншікті шектік кедергісінің орта­ша мәніне байланысты 14-кесте бойынша қа­был­данатын, қаданың бүйір жағындағы топырақтың i қабатының жұмыс жағдайының коэффициенті;

Зонд-қаданың бүйір жақ бетіндегі топы­рақтың i қабатының меншікті шектік кедергісінің орташа мәні, кПа (тс/м2);

h топырақтың i қабатының қалыңдығы, м.


 


14-кесте

, кПа (тс/м2) мәніне байланысты gcRкоэффициенті , , кПа (тс/м2) II және III типті эталон қадалар үшін, мәніне байланысты gcfкоэффициенті зонд-қадалар үшін, мәніне байланысты gcfкоэффициенті
II типтегі эталон қадалар үшін III типтегі эталон қадалар үшін құмды топырақтарда шаңды -балшықты топырақтарда
£ 2000(200) 1,15 1,40 £20 (2) 2,00 1,20 0,90
3000(300) 1,05 1,20 30 (3) 1,65 0,95 0,85
4000(400) 1,00 0,90 40 (4) 1,40 0,80 0,80
5000(500) 0,90 0,80 50 (5) 1,20 0,70 0,75
6000(600) 0,80 0,75 60 (6) 1,05 0,65 0,70
7000(700) 0,75 0,70 80(8) 0,80 0,55
10000(1000) 0,65 0,60 ³120 (12) 0,50 0,40
³13000(1300) 0,60 0,55

 

Ескерту:

1. және шамаларының аралықтағы мәндерінде, gcR және gcfкоэффициенттері интерполяциямен анықталады.

2. Егер қаданың бүйір жақ беттерінде құмды және шаңды-балшықты топырақтар жатқан болса, онда gcf коэффициенті келесі формула бойынша анықталады:

мұндағы құмды және шаңды-балшықты топырақтар қабаттарының қалыңдықтарының жиынтығы;

эталон қадалар мен зонд-қадалардың, құмды және шаңды-балшықты топырақтардағы жұмыс жағдайының коэффициенті.


5.11. Қағылмалы қаданың зондтау нүктесіндегі шектік кедергісінің жеке мәнін Fu, кН (тc), келесі формула арқылы анықтау керек:

Fu = RsA + fhu, (25)

Rs қарастырылатын нүктедегі зондтау мәліметтері бойынша анықталатын, қаданың ұшынан төмен орналасқан топырақтың шектік кедергісі, кПа (тс/м2);

f қарастырылатын нүктедегі зондтау мәлімет­терінен алынатын, қаданың бүйір жақ беттеріндегі то­пырақтың шектік кедергісінің орташа мәні, кПа (тс/м2);

h қаданың айналасындағы топырақтың беті­нен есептегендегі қаданың батырылу тереңдігі, м;

u қада оқпанының көлденең қимасының периметрі, м.

Қаданың ұшынан төмен орналасқан топырақ­тың шектік кедергісін Rs кПа (тс/м2), қарастырылатын нүктедегі зондтау мәліметтері бойынша келесі фор­муламен анықтау керек:

Rs = b1qs, (26)

мұндағыb1 зондтың типіне байланыссыз (МСТ 20069-81 бойынша) 15-кесте бойынша қабыл­данатын, qs шамасынан Rs шамасына өту коэффи­циенті;

qs жобаланған қаданың ұшының деңгейінен бір диаметр жоғары және төрт диаметрге төмен аралықта орналасқан топырақ бөлігінде, тәжірибе арқылы алынған, зонд ұштығының астындағы топы­рақ кедергісінің орташа мәні, кПа (тс/м2), (мұндағы d дөңгелек қиманың диаметрі немесе шаршының қабырғасы, немесе тік бұрышты қиманың ұзын қабырғасы, м).

Қарастырылатын нүктедегі топырақты зондтау мәліметтері бойынша, қағылмалы қаданың бүйір жақ беттеріндегі топырақтың шектік кедергісінің орташа мәнін f, кПа (тс/м2), келесі тармақтарға сәйкес анық­тау керек:

а) I типтегі зондтарды қолданғанда — келесі формула бойынша:

f = b2fs, (27)

б) II немесе III типтегі зондтарды қолданғанда —келесі формула бойынша:

, (28)

(27) және (28) формулалардағы

b2, bi 15-кесте бойынша қабылданатын коэффициенттер;

fs зондтың бүйір жақ бетіндегі топырақтың өлшенген жалпы кедергісін, таңдап алынған көтергіш қабаттың зондтау нүктесіндегі топырақтың бетінен, қадалардың ұшының орналасу деңгейіне дейінгі ара­лықтағы зондтың бүйір жақ бетінің ауданына бөлген­дегі бөлінді ретінде анықталатын, зондтың бүйір жақ бетіндегі топырақ кедергісінің орташа мәні кПа (тс/м2);

fsi зондтың бүйір жақ бетіндегі топырақтың i қабатының орташа кедергісі, кПа (тс/м2);

hi топырақтың i қабатының қалыңдығы, м.


 


15-кесте

qs, кПа (тс/м2) b1 —qs шамасынан Rs шамасына өту коэффициенті fs, fsi, кПа (тс/м2) b2 — I типтегі зондтар үшін, fs шамасынан f шамасына өту коэффициенті bi — II немесе III типтегі зондтар үшін, fsi шамасынан f шамасына өту коэффициенті
қағылмалы қадалар үшін бұрамалы қадалар үшін
сығушы жүктемелерде жұлушы жүктемелерде құмды топырақ­тарда шаңды-балшықты топырақ­тарда құмды топырақ­тарда шаңды-балшықты топырақ­тарда
£1000(100) 0,90 0,50 0,40 £ 20(2) 2,40 1,50 0,75 1,00
2500 (250) 0,80 0,45 0,38 40(4) 1,65 1,00 0,60 0,75
5000(500) 0,65 0,32 0,27 60(6) 1,20 0,75 0,55 0,60
7500(750) 0,55 0,26 0,22 80(8) 1,00 0,60 0,50 0,45
10 000(1000) 0,45 0,23 0,19 100(10) 0,85 0,50 0,45 0,40
15 000(1500) 0,35 ³120(12) 0,75 0,40 0,40 0,30
20 000(2000) 0,30
³30 000(3000) 0,20

 


Ескерту: Сумен қаныққан құмды топырақтардағы бұрамалы қадалар үшін, b1 коэффициентінің мәні екі есеге азайтылуы керек.

5.12. Сығушы және жұлушы жүктемелерге жұмыс істейтін бұрамалы қадалардың көтергіштік қабылетін статикалық зондтау нәтижелері бойынша (21) формула арқылы, ал зондтау нүктесіндегі қаданың шекті кедергісінің жеке мәнін — (25) формула бойынша анықтау керек, мұндағы тереңдік қалақтың диаметрінің мәніне азайтылып қабылданады.

Қада қалағының астындағы (үстіндегі) топы­рақтың шекті кедергісін, қарастырылатын нүктедегі топырақты зондтау мәліметтері бойынша (26) фор­мула бойынша анықтау керек. Бұл жағдайдағы b1 — қалақтың диаметріне тең етіп қабылданған жұмыс аймағындағы зондтың ұштығынан төмен жатқан топырақ кедергісінің орташа мәнініе байланысты, 15-кесте бойынша қабылданатын коэффициент. Бұра­малы қада оқпанының бү­йір жақ бетіндегі топы­рақтың шекті кедергісінің орташа мәнін, қарасты­рылатын нүктедегі топырақты зондтау мәліметтері бойынша (27) немесе (28) формула арқылы анықтау керек.

6. ҚАДАЛЫ IРГЕТАСТАР МЕН ОЛАРДЫҢ НЕГIЗДЕРIН ДЕФОРМАЦИЯ БОЙЫНША ЕСЕПТЕУ

6.1. Аспа қадалы іргетасты және оның негізін деформация бойынша есептеуді, СНиП РК 5.01-01-2002 талаптарына сәйкес, табиғи негіздегі шартты іргетастарға арналған есептеулермен бірдей етіп жүргізу керек. Шартты іргетастың шекаралары (сыз­баны қара) төменде келтірілген жолмен анықталады:

төменнен — қадалардың ұштары арқылы өтетін, АБ жазықтығымен;

бү­йір жақтарынан — вертикаль қадалардың шеткі қатарының сыртқы қырларынан (а-сызбасын қара) тең қашықтықта, ал егер аққыштық көрсеткіші IL >0,6 шаңды-балшықты топырақтар қада­ның ұшынан төмен жатса, онда 2d-ден (d — диаметр немесе қаданың көлденең қимасының бір жағы) үлкен емес қашықтықта орналасқан АВ және БГ вертикаль жазықтықтарымен, ал көлбеу қадалар болған жағдайда — осы қадалардың ұштары арқылы өтетін АВ және БГ вертикаль жазықтықтарымен (б-сызбасын қара);

үстінен — ВГ топырақты жайғастыру бетімен, мұндағы jII,mt — төмендегі формула бойынша анық­талатын,топырақтың ішкі үйкеліс бұрышының орташа есептік мәні:

(29)

мұндағыjII,i қада тесіп өткен топырақтардың қалыңдығы hi тең жеке қабаттары үшін, ішкі үйкеліс бұрышының есептік мәндері;

h қаданың топыраққа батырылу тереңдігі.

Шартты іргетастың шөгуін анықтау кезінде, оның өз салмағына қаданың және ростверктің сал­мағы, сонымен бірге шартты іргетастың көлемін­дегі топырақтың салмағы қосылады.

Есептеулер бойынша алынған қадалы іргетас­тардың және олардың негіздерінің деформа­циясы­ның (шөгуінің) мәндері, (4) формулада берілген жағдайлардағы шекті мәндерден аспауы тиіс.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-09; Просмотров: 485; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.