КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Лекция. 2 страница. ҚҚТ әдісі бойынша экономиканың басым салаларын айқындау кезінде ҚҚТ-ның одан ары дамуын көздейтін
ҚҚТ әдісі бойынша экономиканың басым салаларын айқындау кезінде ҚҚТ-ның одан ары дамуын көздейтін бірлескен өндірістерді ұйымдастыруға байланысты трансұлттық компаниялардың өңірлік өкілдерімен экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз ету қажет болады. Шикізат пен қалдықтарды кешенді пайдаланудың тұйық технологиялық циклін жасау бәсекеге қабілетті өнімді өндіруге, бағалы құрамдас бөліктерді кәдеге жаратуға әрі онымен бір мезгілде қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді. Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары 2. Шикізатты алғашқы өңдеу түрлерінің негізі 3. Отын түрлері, оның топтастырылуы мен сипаттамасы. 4. Көмір, газ және мұнай өнеркәсібі - бар қорлар, ресурстар жатқан орындар, қазба көлемі, мәселелер. 5. Қазақстанның энергетикалық шаруашылықтары. Әдебиеттер: 1. Е.М. Шабалин. Финансы энергетики. Учебник. М.Высшая школа. 2006 2. Котлер Ф. Основы маркетинга. М.Экономика. 2007г. 3. Ержанов С.И. Сала экономикасы: оқу құралы.- Алматы: АЭжБИ6 2005. 4. Ускенов М., Мархаева Б.А., Абилгазиева Ж.Е. Шаруашылық қызметтерін талдау. Оқу құралы. Шымкент. «Нұрлы бейне». 2007. 156 б. 5. О.Лукша, П.Сушков, А. Яновский. Центр коммерциализации технологий - организационное развитие: как создать, руководить, организовать мониторинг и оценку деятельности. Проект Europeaid «Наука и коммерциализация технологий», 2006. Тақырып: Кәсіпорынның қорлары (активтері). 1. Электр энергетикасы кәсіпорындарының негізгі және ағымдағы активтерінің құрылымы мен құрамы. 2. Негізгі активтерді амортизациялау және оны есептеу әдістері. 3. Ағымдағы активтердің құрылымы мен құрамы. өндіріс айналымындағы активтер құрылымы - өндірістегі қор, аяқталмаған құрылыс, болашақтағы шығындар. 4 Айналымдағы активтердің үнемділігі мен айналымы. Жекеменшік, қарыздық және жарғылық қаржы.
1. Негізгі активтердің құрылымы мен құрамы. Негізгі активтерді амортизациялау және оны есептеу әдістері. Негізгі қорлар-- негізгі құралдардың құнынын ақшалай берілуі. Негізгі қорларға қызмет ету мерзімі үлкен (бір жылдан жоғары) және өзінің кызмет ету мерзімінде өзінің құрын қайтадан жасалған өнімге біртіндеп беріп отыратын еңбек құралдарын айтамыз. Есепке алу жүйесінде негізгі қорлар кәсіпорынның негізгі капиталды ретінде керсетіледі. Өндірістік үрдіске байланысты негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес қорлар болып бөлінеді. Өндірістік емес қорларға энергетиканың өндірістік саласына қатысы жоқ нысандар: денсаулық сақтау (кәсіпорындардағы медициналық бөлімшелер), мәдениет (клубтар, кітапханалар), сауда-саттық, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықтар, спорт кешендері, демалыс базасы. Өндірістік негізгі қорлар кәсіпорынның негізгі өндірістік қуатын құрайды және өндірістк үрдісте белгіленуіне байланысты мынадай топтарға бөлінеді: өндірістік ғимараттар; кұрылыстар; беріліс құрылғылары; жұмыс және күштік машиналар; механизмдер мен жабдықтар; транспорттық құралдар, өндірістік және шаруашылық кұрал-саймандар; басқа да негізгі қорлар. Кез келген өндірістің негізгі қорларының құрамын 1-кестеден керуге болады.
1 Кесте - Материалдық өндіріс салалары бойынша негізгі өндірістік
Өндірістік негізгі қорлардың құрылымы 1-кестеден көретініміздей, әртүрлі өндіріс саласы бойынша айырмашылықтары бар. Электр энергетикасы бойынша жалпылай айтқанда, негізгі қорлардың екі тобын айтуға болады: беріліс құрылғылары және машиналар, механизмдер, жабдықтар. Ал екінші топ бойынша күштік, жұмыс машиналары және жабдықтар үлкен үлес алады. Электр желілері кәсіпорындары үшін бүл екі топ бойынша олардың меншікті салмағы 90% құрайды. Негізгі өндірістік қорлар өндірістік үрдіске қатынасу дәрежесі бойынша активті және пассивті болып бөлінеді. Активті негізгі қорлар тікелей өнімді өндіруге қатысады, пассивті негізгі қорлар өндірістін негізгі технологиялық жұмыстарын орындалуын қамтамасыз етеді. Негізгі қорлардың пассивті тобына көбінесе өндірістік ғимараттар, құрылыс ғимараттары, өндірістік құрал-саймандар, басқа да негізгі қорлар. Негізгі қорларды есепке алу жүйесінде ақшалай бағалау бастапқы, қалдық, және қалпына келтіру құндары бойынша жүргізіледі. Бастапқы құн кәсіпорындардың негізгі қорларды сатып алғаны немесе оның нысандарын салуға кеткен нақты шығындарды көрсетеді. Ол сондай-ақ нысан бойынша кітапшаларда көрсетіледі, оған қоса негізгі қорлардың сипаттамалары: қуаты, өндіргіштігі, ауданы немесе ұзындығы, жылдамдығы және тағы баска да керсеткіштері беріледі. Негізгі қорларды пайдалану кезінде олар тозады және өзінің бастапқы табиғи сапасын ғана емес экономикалық сапасында жоғалта бастайды. Осы бастапқы құннан негізгі қорлардың тозуын (кұндык түрде) алға тастаған құнды қалдык кұн деп атайды. Ол әр негізгі қор бойынша және кәсіпорынның толығымен негізгі қорлары бойынша анықталады. Кез келген экономикалық жүйеде әртүрлі мезгілде жасалған немесе сатып алынған біртекгі негізгі қорлардың кұны әртүрлі бағалануы мүмкін. Сондықтан оларды бір салыстырмалы жағдайға келтіру үшін нақты бір мезгілге негізгі қорды сатып алуға кететін шығындарын көрсететін қалпына келтіру құны қолданылады.
2 Негізгі активтерді амортизациялау және оларды есептеу әдістері Табиғи түрде тозған немесе моралды түрде ескірген негізгі қорлар алмастыруды қажет етеді. Жаңа қорларды сатып алу үшін негізгі қорлардың өндірісте пайдалану мерзімінде амортизациялық аударылымдар түрінде жинақталатын қаржы қажет. Амортизациялық аударылымдардың жылдық сомасы жаңадан жасалған өнімнің құнына берілетін негізгі қорлардың құнына тең, ягни негізгі қорлардың біркелкі тозу кұнына тең. Амортизациялық аударылымдардың екі мәні бар. Бір жағынан бұл қатаң мақсатты бағыты бар кәсіпорынның жинақ қаржысы. Басқа жағынан қарағанда оларды қалыптастыру үшін өндіріс шығындарында есепке алып отыру керек. Бұл амортизациялық аударылымдарды шығындарға және өнімнің өзіндік құнына енгізу арқылы жүзеге асады. Былайша айтқанда, амортизация шығын элементі және жинақ қоры (пайда) болып табылады. Амортизациялық аударылымдарды қалыптастырудың тетіктері оларды өндіріс шығындарына және өзіндік құнға соңынан өнім бағасына кіргізуді білдіреді. Содан соң өткізілген өнімнен түскен табыстан бекітілген баға бойынша амортизациялық аударылымдар бөлінеді және негізгі қорларды қайта жаңарту үшін арнайы қорға жинақталады. Кәсіпорын шығындарына кіргізілетін амортизациялық аударылымдардың сомасы әртүрлі әдістермен анықталуы мүмкін. Егер жаңадан өндірілген өнімнің құнына біртекті берілетін негізгі қорлардың құнына тең болу шартынан шығ атын болсақ, онда төмендегідей анықтауға болады
Аауд=Кнк*а0/100
мұндағы Аауд – амортизациялық аударылымдар сомасы; Кнк - негізгі қорлар құны; а0- амортизациялық аударылымдар нормасы, %. Амортизациялық аударылымдар нормасы негізгі қорлардың нысандарының әрқайсысы үшін олардың нормативтік қызмет ету мерзімдеріне байланысты орнатылады.
немесе а0= Кнысан-Кл *100 tнор
мұндағы Сныс - негізгі қорлар нысандарының құны; Кнысан - нысанның ликвидациялық құны, өндірісте шығарылып тасталатын нысанды толығымен немесе бөлшектеп (материалдарын, бөлшектерін) сатудан түскен қаржы. Кәсіпорынның кейбір негізгі қорларына амортизациялық аударылымдар нормасы келтірілді (2 Кесте).
2 Кесте – Амортизациялық аударылымдардың орташа нормалары
Кәсіпорын амортизациялық аударылымдарды өз бетінше аударады және пайдаланады. Осыған орай оларды пайдаланудың негізгі талаптарын сақтау керек - бұл каржы тек негізгі қорларды жаңалауға белгіленген. Қай негізгі қорды жаңалау керектігін кәсіпорын өндіріс қажеттілігіне байланысты өзі бекітеді. Амортизациялық қорды қалыптастырған кезде ескірген жабдықты ауыстыру мен жаңасын (Қжаңа) сатып алу шығындары кіретінін есепке алу керек
Ққалып= Қжана +Кбөл +Ққал -Қл мұндағы Ксн - негізгі қордын жаңа нысанының құны; Кбөл - құрылғыны бөлшектеуге кеткен шығын; Қң - ескі нысанның амортизацняланып бітпеген бөлігінің құны (қалдық кұн); Сл- бөлшектенетін нысанның ликидациялық құны. Негізгі қорлардың нысанның амортизацияланып бітпеген бөлігінін құны тозу мен моралдық тозу салдарынан нысан нормативтік мерзімнен ерте істен шығарылып тасталған кезде пайда болады. Ликвидациялык құн өндірістен шығарылатын нысанның оны сатып жібергеннен түскен қаржыны білдіреді. Өндірістін тиімділігі негізі қорлардың ғылыми-техникалық деңгейіне байланысты ғана емес, сонымен қатар ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкестігі және оларды өндірістік үрдісте толық қуатында пайдалануына да байланысты болады.
3 Айналымдағы активтердің құрылымы мен құрамы. өндіріс айналымындағы активтер құрылымы - өндірістегі қор, аяқталмаған құрылыс, болашақтағы шығындар. Айналым қаражаттары бір өндірістік циклдегі өндіретін өнімді шығарған кездегі жұмсалатын еңбек заттары мен құралдарының ақшалық түрін көрсетеді. Айналым қаражаттары кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуіне қажет. Олар әртурлі түрде өндірістік қорлар, ақшалық қорлар және өнімді жеткізушілер мен тұтынушылардың есебіндегі қаржылар және т.б. түрлерде болады. Айналым қаражаттары өндірістік үрдісте үдайы қозғалыста болады, олар үш негізгі айналым кезеңінен өтеді. Бірінші кезеңде кәсіпорын ақшалай түрдегі (А) айналым қаражаттарын өнім ендіруге және өндірістің үздіксіз жұмыс істеуіне қажетті еңбек заттарын, материалдар, шикізатгар, резервтік бөлшектерді алуға жұмсайды. Былайша айтқанда бұл кезеңде айналым қаражаттары ақшалық түрінен тауарлық түріне өтеді (Т) А—>Т Екінші кезеңде айналым қаражаттары жасалып жатқан жаңа өнім өндірісіне келіп түседі. Өнімді шығаруға қатысып жатқан айналым қаражаттары толығымен өз құнын осы өнім құнына береді Т ---- ► П --- ►Т' яғни тағы да тауарлық түрде болады. Т -- > А' Үшінші кезеңде өнім өткізіледі және айналым қаражаттары қайтадан ақшалық түрге енеді. 4 Кесте - Электр энергиясымен жабдықгау кәсіпорының айналым
4. Ағымдағы активтердің үнемділігі мен айналымы. Жекеменшік, қарыздық және жарғылық қаржы Айналым қаражаттарын пайдаланудың тиімділігі экономикалыкқ көрсеткіштер жүйесімен бағаланады. Оларға бір айналымның ұзақтығы. Айналымдылық коэффициенті, айналым қаражаттарының қайтарылымдылық көрсеткіші жатады. Бір айналым ұзактығы күнмен анықталады және айналым қаражаттарының бір рет айналып шығу ұзақтығын сипаттайды. Тайн=АК*tжосп/Тк
мұндағы Тайн - бір айналым ұзақтығы; АҚ - көрсеткішті анықтау кезіндегі айналым қаражаттарыньң қосындысы; Tжосп - қаралып отырған мезгілдегі кұндерсаны; Тк- кәсіпорын табысы. Айналымдылық коэффициенті анықталған мезгілдегі айналым қаражаттарының айналып өтетін айналым санын анықтайды. К0=Тк/АК Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігін жалпылама бағалау үшін «айналым қаражаттарының қайтарылымы» көрсеткіші пайдалынады. Ол есептік мерзімдегі кәсіпорын пайдасын қалдық айналым қорына бөлу арқылы анықталады. Елдегі кәсіпорындар арасындағы қаржылык есеп айырысудың тұрақсыздығынан кәсіпорынның нақты табысы есептік мөлшерден әлде қайда төмен болуы мұмкін. Мұндай жағдайда айналым қаражаттарының айналу ұзақтығын ұзартып жібереді. Бұл кәсіпорынның қаржылык жағдайныың нашарлауына әкеліп соғады. Өндірістік резервтердің орнын толықтырып отыруға айналым қаражаттары ұдайы жетпейтін болады. Нәтижесінде жөндеу-пайдалану жұмыстарының сапасының нашарлауына, ескі материалдар мен резервтік бөлшектерді пайдалану және оларды өз күшімен қалпына келтіру, энергетикалық жабдыктардың сенімділігі мен жұмыс істеу қауіпсіздігін төмендетуге алып келеді. Айналым қаражаттарын пайдалануды жақсарту келесі факторларға байланысты болады: - кәсіпорындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру деңгейіне; - өндірістік резервтерді ұтымды пайдалануға: нормативтен артық резервтерді жоюға, айналым каражаттарының нормасы мен нормативтерін есептеуді жетілдіруге; - өнімді тұтынушылармен есеп айырысу жүйесін реттеуге. Өз қаржысы ол кәсіпорынның оның пайдасы болып табылады. Егер кәсіпорын экономикалық қиындыққа ұшырайтын болса, онда несиелік қаржыға жүгінетін болады. Қарыздық ақша көзі ретінде пайыздық үлесі бар және бекігілген мерзімге қысқа мерзімдік банк несиелерін алады. Анықтау әдістеріне байланысты айналым қаражаттары нормаланатын және нормаланбайтын болып жіктеледі. Нормаланатын айналым қаражаттарына өндірістік мақсаттар үшін есептік немесе тәжірибелік жолмен анықтауға болатын қажеттіліктер жатады. Нормаланбайтынына кәсіпорынға байланысты емес себептермен ұдайы өзгеріп тұратындыктан дәл анықтауға мүмкін болмайтын айналым қорлары жатқызылады. Өндіріс сферасында, сондай-ақ айналыс сферасында да пайдаланатын айналым қоларының нормативтері ең төменгі қажетті мөлшерде анықталады. Айналым қаражаттарының шамасы тұрақты болмайды, шамасы кәсіпорынның өнім көлеміне, қамтамасыз ету жағдайына және өнімді өткізуге байланысты болады. Энергетикалық кәсіпорынның айналым қаражаттарына қажеттілігін анықтау Кәсіпорында нормаланатын айналым қаражаттарына өндірістік резервтік материалдар, резервтік бөлшектер, отын, сонымен қатар құны аз тез тозатын заттар құрал-саймандар жатады. Айналым қаражаттарын нормалау негізі ретінде айналым қаражаттарының өндіріске және резервтің нормасы да әрбір элемент үшін бір күндік шығындалуы бойынша анықталады. Айналым қаражаттарының нормасы салыстырмалы көрсеткіш болып табылады және резерв мөлшерінің ең төменгі шамасын сипаттайды. Ол күндер бойынша, меншікті құндық шығындардың әр адам бойынша, т.б. өлшемдер бойынша өлшенуі мүмкін. Тауарлы-материалдық құндылыктардың өндірістік резерв ретіндегі айналым каражаттарының нормативі жалпы түрде барлық элементтер үшін төмендегідей жазуға болады
Нрез = Ртәу*tрез мұндағы Нрез - өндірістік резерв ретінде айналым қаражаттарының нормативі; Ртәу - орташа тәуліктік материалдардың, резервтік бөлшектердің, отынның шығындалуы; tрез - резервтік элементтердің нормасы, күн. Өндірістік резервтердің элементтерінің ораша тәуліктік шығындалуы кәсіпорын қызметінің есептік мерзімдерінде (ай, жыл ширегінде) оның пайдалану бойынша мәліметгерін талдау негізінде анықталады. Күндік резерв нормасы келесідегідей фаторларға байланысты орнатылады: - материалдық ресурстарды жетізушіден кәсіпорынға дейін тасымалдаудың ұзактығы (транспорттық резерв – tтр); - материалдық резервтерді қабылдап алу, түсіріп алу және жинақтауға кететін уақыт (дайындық резерв – tдайын); - өндірістік резервтердің қандайда бір элементтеріне сұраныстың қайта-қайта қайталанып отыру уақыты: отын үшін (мысалы, жанар-жағар май электр желілеріне қызмет көрсететін шұғыл шығатын бригаданың автотранспорты үшін және басқа техникалар ушін) қажеттілік күнделікті жағдай; кейбір резервтік бөлшектер түріне қажетгілік белгілі бір жұмыс (жөндеу) бөлімшесінде 10-30 күн сайын қайталанып отыруы мүмкін. Бұл мезгіл айналым қорының ағымдағы резервін сипатгайды – tағым Сонымен өндірістік резервтер нормасы барлық резервтер элементтері үшін жеке орнатылады және жалпы түрде ол мынаған тең Трез = tтр + tдайын + tағым
Құны аз және тез тозатын заттар тобы бойынша айналым қаражаттарының нормативті құны аз және тез тозатын құралдар, өндірістік немесе шаруашылық сайман топтары бойынша жеке жеке орнатылады. Жалпы түрде бұл норматив төмендегідей анықталады
Нқаттз = Nқаттз*Ққс* tқаттз
мұндағы Нкатп - кұны аз жэне тез тозатын заттар тобы бойынша айналым қаражаттарының нормативі; Nқаттз - құны аз шаруашылық сайманның бекттілген жиынтығы; Ққс - құрал немесе саймандардың жиынтығының құны; tқаттз ~ резерв нормасы, өндірістік құрал немесе сайманның жиынтығының жаңаланып отыру уақытымен анықталады. «Банк шотындағы және кәсіпорынның кассасындағы акша», «жеткізуші мен тұтынушылармен есеп айырысу» және «басқа да ақша қаражаттары» топтары сияқты айналым қаражаттарына нормалау жүргізілмейді, оларға қажеттілік көбінесе сыртқы экономикалық факторлар жиі әсер етеді. Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Электр энергетикасы кәсіпорындарының ағымдағы активтерінің құрылымы мен құрамы. 2. Негізгі активтерді амортизациялау және оны есептеу әдістері. 3. Ағымдағы активтердің құрылымы мен құрамы. 4. Өндірістегі қор. 5. Аяқталмаған құрылыс. 6. Болашақтағы шығындар. 7. Айналымдағы активтердің үнемділігі мен айналымы. 8. Жекеменшік және жарғылық қаржы. Әдебиеттер: 1. Е.М. Шабалин. Финансы энергетики. Учебник. М.Высшая школа. 2006 2. Котлер Ф. Основы маркетинга. М.Экономика. 2007г. 3. Ержанов С.И. Сала экономикасы: оқу құралы.- Алматы: АЭжБИ6 2005. 4. Ускенов М., Мархаева Б.А., Абилгазиева Ж.Е. Шаруашылық қызметтерін талдау. Оқу құралы. Шымкент. «Нұрлы бейне». 2007. 156 б. 5. Экономика и управление в энергетике: Учебное пособие по ред. Н.Н. Кожевникова.-М.: Изд.Центр «Академия». 2006г. 6. Экономика электроэнергетики: рыночная политика: Сб./Отв.ред.Э.Хоуп и др. Сибирское отделение Российской академии наук, 2006г.
Дата добавления: 2014-11-08; Просмотров: 1506; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |