Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция. 4 страница




Баға экономикалық категория сияқты өнімнің құнын анықтайды, яғни оның жасалуына кеткен толық шығынды ғана емес, өндіріс үрдісіне және өнімнің пайда болуы кезінде қосылған, өнімнің қосымша үлесін немесе пайдасын ескереді. Былайша айтқанда, баға - бұл өнім бірлігі құнының, жұмыстың, қызметтін ақшалай көрінісі. Сандық түрінде ол былай анықталады

 

Бөнім = ӨКөнім + Пөнім + С

 

мұндағы Пөнім - өнім бірлігіне сәйкес келетін пайда; С - бағаға қосылатын салық.

Бағаны құрауға екі түрлі - сыртқы және ішкі өндірістік факторлар әсер етеді.

 

 

Электр энергиясына баға орнату құрылымының ерекшелігі

 

Электр энергиясын өз ерекшелігіне орай оның өндірілуі және өткізілуіне байланысты тауар ретінде және қызмет ретінде де қарастыруға болады. Қызмет үшін белгіленетін баға тариф деп аталатыны белгілі.

Сондықтан электр энергиясына тариф құрау жалпы баға кағидаларына бағынуы керек

 

Тэ=ӨҚэ+ Пэ

 

мұндағы Тэ - электр энергиясының тарифі;

ӨҚэ - электр энергиясының өзіндік құны, ол өндіріс шығынға ескереді, тұтынушыларға электр энергиясын тарату және сатуды ескереді;

Пэ - тарифке қосылатын пайда. Пайда деңгейі бұл сала үшін 10% кем болмауы керек. Электр энергиясына тарифті құру әртүрлі ішкі және сыртқы факторларға тәуелді, ол оны түрлендірген кезінде анықталады. Электр энергиясының тариф деңгейіне:

а) энергия көздерінің өндірген энергиясының бағасы (оған электр
энергиясы өндірісінде қолданылатын ресурстар құны) әсер етеді. Ең
арзаны гидроресурс көзі болатыны белгілі. Бірақ бұл жерде де, басқа
көздер сияқты, өндіретін қуат құрылымы бойынша айырмашылықтары
болады;

ә) электр тораптарының аймактық деңгейдегі техникалық және технологиялык дәрежесі әсер етеді. Электр желілері кәсіпорындарының техникалық жарақтануы мен қормен жасақтануы, әдеттегінше, электр энергиясын өндірушілер мен тұтынушылардың технологиялық өзара байланысы арқылы құрылады. Аймактық желілік кәсіпорындардың қызметтерінің экономикалық тиімділіктері жоғары болған сайын, соғұрлым электр энергиясына тариф төмен болады;

б)кез келген энергия таратушы компаниялардың даму деңгейі
стансалардан алшақ орналасуы, негізгі қорларының, тұтынушыларының
энергияны тұтыну көлемі және т.б. тариф деңгейіне міндетті түрде эсер
етеді.

Электр энергиясына тариф құруда тұтынушылар категориясы маңызды қызмет атқарады. Олар келесі топтарға белінеді: Өндірістік және соларға теңдес тұтынушылар қосылған қуаты:

- 750 кВ А дан жоғары; 750 кВА дан төмен;

- электрленген теміржол транспорты;

- өндірістік емес тұтынушылар;

- ауылшаруашылық өндірісі;

- халық және т.б.

Бұл тұтынушы топтар электр энергиясы тұтыну ерекшеліктері бойьшша соған сәйкес, оның іске асуына кететін шығын және де әрбір топтың экономикалық жағдайына байланысты ерекшеленетіні айқын.

Жалпы тарифті белгілеудің бірнеші түрлері (бір мөлшерлемелік, екі мөлшерлемелік және көп мөлшерлемелік) болады.

Бір мөлшерлемелік тариф әр киловагг сағат электр энергиясы үшін тұтынушылармен есеп айырысу қарапайым (48) кейіптемедегідей құрылады. Электр энергиясын тұтыну режиміне көп әсер етпейтін тұтынушылардың бұл категориясына: халық, тұрмыстық ұйымдар; аз қуатты өндірістік тұтынушылар (750 кВА дейін); электрленген қалалық транспорт; ауылшаруашылық өндірісі жатады.

Екі мелшерлемелік тариф, электр энергиясына төленген ақыдан басқа, максималды жүктемені пайдаланғаны (мысалы жарты сағаттық қуаттан жоғары) үшін қосымша ақы төленеді. Сонымен, екі мөлшерлемелік тариф тұтынылған электр энергиясы көлеміне белгіленетін тарифтік мөлшерлемеден және максималды қуат үшін орнатылатын тарифтік мөлшерлемеден тұратын болады

 

 

/Wэ

мұндағыэ ,- сәйкесінше бір мөлшерлемелік және екі

мөлшерлемелік тариф;

-1 кВтсағ. тұтынылған электр энергиясына тарифтік мөлшерлеме;

- 1 кВ А қосылған қуатқа тарифтік мөлшерлеме;

- максималды сұралған қуат;

Wэ - тұтынылған қуат көлемі.

Тұтынушылардың бірмөлшерлемелік және екі мөлшерлемелік тарифтен төлейтін тарифтік төлемдері (ТГ) төмендегідей есептеледі

 

Wэ

 

 

Ал көп мөлшерлемелік тариф былай жүзеге асады

 

Ттз Тпик+Тж/п+Ттүн

 

Электр энергиясынық тарифтік мөлшерлемелері тәулік зонасы (пик, орта пик, түндік құлдырау) бойынша келесідегідей теңдеумен берілген

 

Торта Тпик+Тж/п+Ттүн

 

мұндағы Торта - электр энергиясының тұтынушыларының тарифі, теңге/ кВісағ;

Тпик, Тж/п, Ттүн - тәуліктік жүктеме графигінің пик жартылай пик және түнгі құлдырау бөліктеріне сәйкесті электр энергиясының тарифі, теңге/ кВтсағ;

Wтұт - тұтынушыларға таза (тұтынылған) жіберілген электр энергиясының сомасы.

Түнгі зонасындағы құлдырау тарифінің шамасы бүкіл технологиялық үрдістерге (энергияны өндірущіден тұтынушыға дейін) түнгі құлдырау кешіде электр энергиясын өндіруге, тасымалдауға және таратуға кететін шартты-айнымалы шығьшдарды жаба алатындай етіп бекітіледі

 

Ттүн ∑Zш/т түн/ Wтүн( теңге/кВт-сағ)

 

мұндағы ∑Zш/т түн - тәуліктік жуктеме графигінің құлдырау бөліктеріне сәйкесті шартты-айнымалы шығындар.

Электр энергиясының тәуліктік жүктеме графигінің жартылай пик зонасы тарифі сол аймақтың бекітілген орташа тарифі

 

Тж/порта, теңге/ кВт-сағ.

 

Пиктік зона тарифінің мәні төмендегідей кейіптемеден табылады

 

Тпик Торта* Wтұт – Тж/п *Wж/п- Ттүн* Wтүн/ Wтұт,теңге/кВт-сағ)

 

 

мұндағы Wпик, Wж/п, Wтүн, — тұтынушылардың тәуліктік жүктеме графигінің пик, жартылай пик және түнгі құлдырау бөліктеріне сәйкесті (болжанған, сатып алынатын электр энергиясының көлемі.

Қазақстанның отын-энергетика кешеніндегі табиғи монополиялардың өнімге деген бағасы мен тарифін мемлекеттік реттеу электр энергетикасын дамытуда және көтерме, бөлшек саудаларда бәсекелестікті арттыруда маңызды рөл атқарады. Бағаны мемлекеттік реттеу тұтьнушылар мен қызмет көрсетушілер мүдделерінің балансын сақтау мақсатынан шығады.

Электр энергиясының жеке (бөлшек сауда) нарықтағы баға құрылымын реттеу (ауыл шаруашылығы, халқы және аз қуатты тұтынушылар үшін) аймақтық табиғи монополияны реттеу бөлімдерімен жүзеге асуы керек.

Мысалы Қазакстандағы электр желілері кәсіпорынындағы орта тарифі, яғни электр энергиясын тасымалдау қызметінің тарифін төмендегідей беруге болады

Торта (Zжелі+П)/ Wэ

мұндағы Торта- кәсіпорынның орташаланған тарифі;

Zжелі - компанияны ұстап тұруға кеткен шыгындар;

компанияның желілерінен өткізілген электр энергиясының колемі:

П- реттеуші органмен бекітілген пайда (абсолюттік мәнде). Реттеуші орган пайданы негізінен рентабельділік нормасы турінде немесе абсолютті мәнде берілуі мүмкін.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Электр және жылу энергиясын өндіргендегі шығындар құрылымы.

2. Электр энергиясын тарату мен жібергендегі шығындардың құраушылары.

3. Баға белгілеудің теориялық пен практикалық негіздері.

4. Нарықтық жағдайдағы отын бағасының электр және жылу энергиясына баға белгілеуді қалыптастыру.

5. Тұтынушылардың бірмөлшерлемелік және екі мөлшерлемелік тарифтен төлейтін тарифтік төлемдері (ТГ) қалай есептеледі

Әдебиеттер:

1. Е.М. Шабалин. Финансы энергетики. Учебник. М.Высшая школа. 2006

2. Котлер Ф. Основы маркетинга. М.Экономика. 2007г.

3. Ержанов С.И. Сала экономикасы: оқу құралы.- Алматы: АЭжБИ6 2005.

4. Ускенов М., Мархаева Б.А., Абилгазиева Ж.Е. Шаруашылық қызметтерін талдау. Оқу құралы. Шымкент. «Нұрлы бейне». 2007. 156 б.

5. Экономика и управление в энергетике: Учебное пособие по ред. Н.Н. Кожевникова.-М.: Изд.Центр «Академия». 2006г.

6. Экономика электроэнергетики: рыночная политика: Сб./Отв.ред.Э.Хоуп и др. Сибирское отделение Российской академии наук, 2006г.

7. О.Лукша, П.Сушков, А. Яновский. Центр коммерциализации технологий - организационное развитие: как создать, руководить, организовать мониторинг и оценку деятельности. Проект Europeaid «Наука и коммерциализация технологий», 2006.

8. Инновационный проект: подготовка для инвестирования/К.А. Хомкин. – М.: Издательство «Дело» АНХ, 2010. - 120 с.

9. Есиркепова А.М., Исаева Г.К., Ускенов М.К. Коммерциаландыру және бизнес-жоспарлау. ЖОО экономикалық, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары студенттеріне СӨЖ жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау. М.Әуезов ат. ОҚМУ баспасы. Шымкент. 2012. 15 б.

 

 

Тақырып: Құрал-жабдықты жөндеу, пайдалану және ұйымдастыру




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-08; Просмотров: 1017; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.