Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция. 1 страница. 1. Энергетика саласындағы пайдаланудағы және жөндеудегі құралдар мен істейтін қызметкерлердің негізгі




Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

1. Энергетика саласындағы пайдаланудағы және жөндеудегі құралдар мен істейтін қызметкерлердің негізгі функциялары. Жөндеудің тапсырмалары мен мәні.

2. Ағымдағы және күрделі жөндеу, оларды қаржыландыру көздері. Жөндеу түрлері, жөндеу циклі, энергетикадағы жөндеуді ұйымдастыру формалары.

3. Кәсіпорнында қызметті энергетикалық бақылау. Энергетикалық шаруашылықтың техникалық құжаттамасы.

 

1 Энергетика саласындағы пайдаланудағы және жөндеудегі құралдар мен істейтін қызметкерлердің негізгі функциялары. Жөндеудің тапсырмалары мен мәні.

Кәсіпорындарда қызмет көрсету сферасын басқаруға ыңғайлы болу үшін ұйымдастырылған түрде жеке блоктарға бөлінеді. Оның басында топ-жетекшілері болады.

Мысалы, энергетикалық компаниялар келесідей қызмет көрсету сферасына бөлінеді.

1. Пайдалану.

2. Энергетикалық жөндеу.

3. Маркетинг және энергияны өткізу.

4. Отын, материалды техникалық қамтамасыз ету.

5. Күрделі құрылыс.

6. Ғылыми зерттеу және ұйымдастыру.

7. Экономика.

8. Қаржы.

9. Инвестиция.

10. Персоналды басқару.

11. Қоршаған ортаны корғау.

12. Ақпараттық қамтамасыз ету.

Пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру

Электр стансасының жылу энергетикалық жабдықтарын электр және жылу желілерін пайдалану нәтижесінде тұтынушылар электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Пайдаланудың мәні үзіліссіз техникалық үрдістерді жабдықтау жүйелерінің жұмысын бақылау, олардың жұмысына шұғыл диспетчерлік басқару көмегімен қажетті түзетулер енгізіп отыруды білдіреді.

Техникалық пайдаланудың негізгі басты факторы оның (сенімділігі) яғни тоқтамсыз қамтамасыз етудің үзіліссіздігі болып табылады. Оның бұл қалыптан ауытқуы өндірістік үрдістердің бұзылуына және экономикалық шығынға алып келеді. Оның негізгі міндеттері:

- жабдықтарды ретімен пайдалану және оған қызмет көрсету;

- уақытылы жұмыс жүргізу;

- отын және энергия ресурстарын үнемдеу;

Осы мақсатта аймақтық диспечерлік қызмет жүргізу және басқару күндіз-түні стансалармен және де энергетикалық нысандарымен бірге бақылау жасан отырады.

Электр желілерін пайдалану олардың тармакталған бөлімшелерінде (яғни бөліп-таратушы электр жүйелері) оперативті диспетчерлік топтармен жүйеге асады. Соның ішінде шұғыл диспетчерлік топ персоналы (ШДТП) міндеттеріне кіретіндер.

1. Жабдықтардың, желілердің, қосалқы стансалардың берілген жұмыс режімін қамтамасыз ету.

2. Оперативті жұмыс істеп тұрған жабдықтарды өндіріске оперативті түрде қосып отыру.

3. Шұғыл түрде апаттарды қалпына келтіру.

4. Жабдықтардың бұзылған жұмыс режімдерін іздеу, қалпына келтіру.

5. Токсыз қалған тұтынушыларды электр энергиясынмен қамтамасыз ету.

1. Оперативті жөндеу персоналдарына жұмыс орнын дайындауға, іске кірісуге (техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау) рұқсат беру.

2. Сенімді жөндеу сұлбасын құру. жөндеу жұмыстарын біткеннен кейін бастапқы калпына келтіру міндеттері кіреді.

 

1. Ағымдағы және күрделі жөндеу, оларды қаржыландыру көздері. Жөндеу түрлері, жөндеу циклі, энергетикадағы жөндеуді ұйымдастыру формалары.

Жөндеу жұмыстарының негізгі міндеттері жабдықтарды жұмысқа қабілетті күйде ұстау, еңбексыймдылығы мен жөндеу сапасын арттыру кезінде кететін шығындарды, яғни өзіндік құнды азайту. Зауытта жөндеу жұмыстарын бас механик басқарады. Ол бас инженерге бағынады. Оның құрамына: жөндеу- механикатық цехы және қойма шаруашылығы кіреді. Жөндеу қызметі кәсіпорын түріне, ягни оның өндіріс сипатына байланысты орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.

Жоспарлы-сақтық жөндеу - негізгі агрегатты пайдаланудың сенімділігін қамтамасыз ету, оның техника-экономикалық көрсеткіштерін бекітілген нормативтік сипаттамалық денгейіне жеткізу болып табылады. Жоспарлы-сақтық жөндеу жұмыс көлеміне байланысты ағымдағы, орта және күрделі жөндеу болып табылады.

Агымдагы жөндеу- күнделікті жабдықтарды пайдалануға байланысты қарапайым жұмыстары.

Орта жөндеу - жабдықтарды жартылай жөндеу, тозған бөлшектерді ауыстыру.

Күрделі жөндеу- тексеру және жаңартудың бойьшша жүргізілетін жөндеудің барлық түрлері: жабдықтардың дәл жұмыс істеу дәлдігін, қуатын. Өндірістік қабілетін, яғни жабдықты құжатта берілген техникалық сипатамаларына сәйкес деңгейде қамтамасыз ету.

Жөндеу циклі- жабдықты пайдалануға қосқан уақытпен күрделі жөндеу арасындағы уақыт немесе екі күрделі жөндеу арасындағы уақытты айтады. Жөндеу мерзімі- екі жөндеу арасындағы уақытгы білдіреді. Жөндеудің еңбек сыйымдылығы төмендегідей анықталады

 

Ті=tн*к

 

мұндағы Ті-еңбек сыйымдылығы;

tн - жөндеудің нормативтік уақыты;

к- жұмыстың күрделілік категориясы.

Жалпы жөндеу жұмысының келемін төмендегідей беруге болады

 

Q = tк*Жкж* пк + tо -Жож*п0+ t*Жаж*па

 

мұндағы Q - жалпы жөндеу жұмысының көлемі;

Жкж, Жаж, Жож, - сәйкесінше күрделі, орта және ағымдағы жөндеулердің еңбексыйымдылықтары:

tн – жөндеудің нормативтік уақыттары;

n - жөндеулер саны. Егер жөндеу жұмыстарының орташа көлемін анықтайтын болсақ

 

Qорт = (к*∑tі* n)/m

 

мұндағы Q- жұмыстың орта көлемі;

m - жылдық жөндеу саны.

Жөндеуде тұру уақыты жалпы түрде темендегідей анықталады

 

Тж.туру=Ті/ nж*а*у*к

 

мұндағы n ж- жұмысшы саны;а- ауысым саны; у- ауысым. уақыты;

к- жөндеудің нормативтік коэфициенті.

Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту жолдарына мыналарды жатқызуға болады

1. Жөндеуге ұйымдастыруды көтеру.

2. Жөндеу жұмыстарын алдын-ала дайындау.

3. Еңбекті көп қажет ететін, тез тозатын бөлшектерді жөндеу үшін
қосымша қор құру және т.б. жатады.

Жөндеу жұмыстарында жаңа техниканы қолдану жұмыс өнімділігін арттырады. Сондай-ақ еңбекті көп қажет ететін жөндеу жұмыстарын механизациялау, автоматтандыру, жөндеу бригадаларының, жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыруда ынталандыру жұмыстары жургізілуі керек. Ал практикада көбінесе мұндай шаралар өз уақытында орынадалмай жатады. Ондай тығырыққа тірейтін мәселелер қатарына:

- қаржы мәселесі;

- энергетикалық жөндеу ұйымдарының агрегатты персоналмен қамтамасыз ете алмау;

- агрегаттың апаттық жағдайда тұруы;

- керек бөлшектермен материалдың өз уақытында жеткізілмеуі және т.б жатады.

Қазіргі кезде нарық жағдайына өтуіне байланысты жоспарлы-сақтық жөндеу орнына жоспарлы-диагностикалыкқ тәсіл қолданылады.

Жөндеу жұмыстарымен энергетикалық компанияның өз персоналы немесе энергетикалық компанияға кірмейтін арнайы жөндеу кәсіпорындары айналысады. Сонымен қатар кейде жөндеу жұмыстары жабдықты дайындап шығарған зауыт персоналымен де жүзеге асады.

 

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Жөндеу циклі

2. Электр және жылу энергиясын өндіргендегі шығындар құрылымы.

3. Электр энергиясын тарату мен жібергендегі шығындардың құраушылары.

4. Баға белгілеудің теориялық пен практикалық негіздері.

5. Нарықтық жағдайдағы отын бағасының электр және жылу энергиясына баға белгілеуді қалыптастыру.

6. Тұтынушылардың бірмөлшерлемелік және екі мөлшерлемелік тарифтен төлейтін тарифтік төлемдері (ТГ) қалай есептеледі

Әдебиеттер:

1. Е.М. Шабалин. Финансы энергетики. Учебник. М.Высшая школа. 2006

2. Котлер Ф. Основы маркетинга. М.Экономика. 2007г.

3. Ержанов С.И. Сала экономикасы: оқу құралы.- Алматы: АЭжБИ6 2005.

4. Ускенов М., Мархаева Б.А., Абилгазиева Ж.Е. Шаруашылық қызметтерін талдау. Оқу құралы. Шымкент. «Нұрлы бейне». 2007. 156 б.

5. Экономика и управление в энергетике: Учебное пособие по ред. Н.Н. Кожевникова.-М.: Изд.Центр «Академия». 2006г.

6. Экономика электроэнергетики: рыночная политика: Сб./Отв.ред.Э.Хоуп и др. Сибирское отделение Российской академии наук, 2006г.

7. О.Лукша, П.Сушков, А. Яновский. Центр коммерциализации технологий - организационное развитие: как создать, руководить, организовать мониторинг и оценку деятельности. Проект Europeaid «Наука и коммерциализация технологий», 2006.

8. Инновационный проект: подготовка для инвестирования/К.А. Хомкин. – М.: Издательство «Дело» АНХ, 2010. - 120 с.

9. Есиркепова А.М., Исаева Г.К., Ускенов М.К. Коммерциаландыру және бизнес-жоспарлау. ЖОО экономикалық, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары студенттеріне СӨЖ жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау. М.Әуезов ат. ОҚМУ баспасы. Шымкент. 2012. 15 б.

 

 

Тақырып: Энергиямен жабдықтаудың экономикалық негіздері.

1. Энергетикалық шаруашылықты энергиямен жабдықтаудың экономикалық негіздері

2. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау

3. Электр энергетикасындағы тарифтерді мемлекеттік реттеу

 

1. Энергетикалық шаруашылықты энергиямен жабдықтаудың экономикалық негіздері

Энергетикалық кәсіпорыннан басқа да кез келген кәсіпорында өзінің энергетикалық шаруашылығы болады. Ол тек кәсіпорынның қосымша бөлімшесі ғана емес, өндірістік үрдістердің жиынтығы, барлық энергетикалық ресурстардың түрлерін түрлендіру, бөліп тарату және пайдалану дегенді білдіреді.

Энергетикалық шаруашылық өндірісте әртүрлі энергия түрімен қамтамасыз етеді және кәсіпорын немесе цехтың жабдықтарын пайдалануды, жөндеу жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады.

Энергетикалық шаруашылықтың міндеттері:

- өндіріс үшін энергияның керекті барлық түрлерімен үздіксіз қамтамасыз ету;

- энергетикалық жабдықтарды, құрылғыларды толық қуатымен пайдалану және жұмысқа қабілетті түрінде ұстап тұру;

- тұтынылатын энергия түрлеріне кететін шығындарды азайту. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығының негізгі құрылымы

электр-қуатты цех, жылу-қуатты және цех электрлік-техникалық цехтардың тұрады.

Оның бөлімшелеріне кіретіндер:

- қосалқы станса: трансформаторлық, аккумоляторлық, релелік байланыс. сигнализация;

- қазандық: жылумен қамту, сумен қамту, ауамен қамту, отынмен қамту, канализация, желдету;

- бөлшектеу-жинау: слесарлық, механикалық, сынақтық, электр монтажды, жинақтау.

Жетілдіру бағыттарына жататындар:

- энергия үнемдеуге арналған қондырғыларды орнату;

- энергия тұтыну сұлбасын жетілдіру;

- техникалық үрдістерді жетілдіру;

- өндірістік үрдістерді автоматтандыру, есепке алу, оның пайдалануын қадағалау;

- энергетикалық шаруашылықтағы жабдықтардың конструкциясын өзгерту;

- энергетикалыққ ресурстарды нормалау, есептік-аналитикалық әдістерін қолдану;

- энергетикалық ресурстарды пайдалануды жақсартуға ынталанлыру.

- Энергетикалық қызметтің функцияларына төмендегілерді жатқызуға болады:

- нормативтер жасау;

- энергия түрлеріне деген сұранысты жоспарлау;

- энергетикалық баланстарды жасау;

- жоспарлы-сақтық жөніндегі жұмыстарды жоспарлау;

- энергия түрлерімен қамтамасыз етуді жоспарлау;

- оперативті жоспарлау (барлық энегия түрлеріне);

- жабдықты жөндеу жұмысын жоспарау;

- жөндеудің техникалық құжаттарын жасау;

- жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалау;

- энергетикалық жабдықтарды пайдалану ережесін бақылау;

- энергия шығынын қадағалау.

2. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау

1. Нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарын және электр энергетикасы саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне талаптарды ұйымдардың орындауын қадағалауды, сондай-ақ электр және жылу энергиясын пай

далану ережелерінің сақталуын бақылауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі мемлекеттік ұйым (бұдан әрі - Мемэнергетикақадағалау) жүзеге асырады.
2. Мемэнергетикақадағалаудың заңдарда белгіленген тәртіпте:
1) электр энергетикасы объектілерін пайдалану қауіпсіздігін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, энергиямен жабдықтау және энергетика жабдықтарының сақталуы жөніндегі міндеттемелерді бұзуға жол беретін жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселе қоюға;
2) электр және энергия қондырғылары мен техникалық және коммерциялық есеп аспаптарына жіберуге;
3) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін тексеру жүргізуге құқығы бар.
3. Мемэнергетикақадағалау туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

3. Электр энергетикасындағы тарифтерді мемлекеттік реттеу

1. Монополист-ұйымдардың өнімдеріне және қызмет көрсетулеріне бағаларды (тарифтерді), сондай-ақ бөлшек сауда тұтынушылары үшін беру тарифтерін мемлекеттік реттеуді реттеуші орган жүзеге асырады.
2. Реттеуші орган белгілейтін тарифтер:
1) монополист-ұйымдардың негізделген шығыстармен бірге тауар өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды жабуын қамтамасыз етуге;
2) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың дамуы үшін кірістің негізделген деңгейін қамтамасыз етуге;
3) инвестицияланған капиталдан түсетін негізделген кірісті қамтамасыз етуге;
4) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың сатылатын электр қуатын резервтеуді қамтамасыз ету және оны беру сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шығыстарын ескеруге тиіс.
3. Реттеуші органның бағалар (тарифтер) белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.

 

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Жетілдіру бағыттарына

2. Энергетикалық шаруашылықтың міндеттері

3. Электр энергетикасындағы тарифтерді мемлекеттік реттеу

4. Монополист-ұйым.

5. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау

Әдебиеттер:

1. Е.М. Шабалин. Финансы энергетики. Учебник. М.Высшая школа. 2006

2. Котлер Ф. Основы маркетинга. М.Экономика. 2007г.

3. Ержанов С.И. Сала экономикасы: оқу құралы.- Алматы: АЭжБИ6 2005.

4. Ускенов М., Мархаева Б.А., Абилгазиева Ж.Е. Шаруашылық қызметтерін талдау. Оқу құралы. Шымкент. «Нұрлы бейне». 2007. 156 б.

5. Экономика и управление в энергетике: Учебное пособие по ред. Н.Н. Кожевникова.-М.: Изд.Центр «Академия». 2006г.

6. Экономика электроэнергетики: рыночная политика: Сб./Отв.ред.Э.Хоуп и др. Сибирское отделение Российской академии наук, 2006г.

7. О.Лукша, П.Сушков, А. Яновский. Центр коммерциализации технологий - организационное развитие: как создать, руководить, организовать мониторинг и оценку деятельности. Проект Europeaid «Наука и коммерциализация технологий», 2006.

8. Инновационный проект: подготовка для инвестирования/К.А. Хомкин. – М.: Издательство «Дело» АНХ, 2010. - 120 с.

9. Есиркепова А.М., Исаева Г.К., Ускенов М.К. Коммерциаландыру және бизнес-жоспарлау. ЖОО экономикалық, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары студенттеріне СӨЖ жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау. М.Әуезов ат. ОҚМУ баспасы. Шымкент. 2012. 15 б.

 

 

Тақырып: Энергиямен жабдықтаудың экономикалық негіздері.

 

1 Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың сенімділігін жоғарылату мен экономикалық тиімділік.

2. Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың аймақтақ тісілін таңдаудың әдісі

3. Кәсіпорынның энергияны үнемдеу саясаты.

4.Энергияны пайдалануды басқару.

 

1 Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың сенімділігін жоғарылату мен экономикалық тиімділік.

Жалпы экономикалық тиімділікті бағалаудыц қарпайым түрінен күрделі түріне дейінгі бірнеше әдістері болады: қаржы салымдарының өтелу мерзімін анықтау әдісі, табыс немесе пайданың абсолюттік шамасы (бойынша экономикалық тиімдітікті бағалау әдісі, жобаның рентабелділік деңгейі бойынша, уақытты есепке алатын дисконттау әдісі.

Экономикалық тиімділікті өтелу мерзімі бойынша бағалаудың мәні -жобаны енгізуден алынатын пайда есебінен салынған инвестицияның өтелетіндігін көрсететін, уақытты сипаттайтын «өтелу мерзімі» көрсеткіші бойынша есептелетін инвестициялық жобаның мақсатқа лайық екендігін білдіреді.

 

Тотелу=К/Пжоба

мұндағы К - капитал салымдары;

Пжоба - жобаны енгізу нәтижесінде алынатын жылдық пайда.

Мысал 1. Энергетикалық кәсіпорынның жабдығын жаңарту бойынша инвестициялық жобаға 1000 мың теңге қаржы салымы қажет. Жабдықты жаңартқаннан кейін жылына қосымша 200 мың теңге мелшерінде ақша түсіп отырады. Капитал салымының өтелу мерзімін анықтау керек: Төтелу=1000 / 200 = 5 жыл.

Табылған есептік өтелу мерзімі нормативтік өтелу мерзімімен салыстырылады. Егер ол нормативтік отелу мерзімінен аз болса, онда инвестор үшін тиімді болып есептеледі.

Капиталды көп қажет ететін салалар үшін ол шамамен Тн = 8-10 жылды құрайды. Өндірісті жаңарту немесе жаңа техниканы енгізу Тн = 5 - 6 жыл аралықтарында жатады.

Шетелдік пратикада бұл керсеткіш өндірісті жаңарту мен жаңа техниканы енгізу 3-5 жыл аралығында болып келеді.

Егер кәсіпорынның негізгі қорын жаңартуға шығындар жұмсалған болса, одан алынатьш пайданы анықтау қиынға түссе, онда өтелу мерзімін төмендегідей анықтауға болады

 

Төтелу=К/∆Ш

 

мұндағы ∆Ш - нысанды ұстап тұруға және оған қызмет көрсетуге кететін ағымдағы шығындарының темендеуі.

 

∆Ш = Шдейінкейін

мұндағы Шдейінкейін - нысанды жаңартуға дейінгі және жаңартудан кейінгі ұстап тұру және оған қызмет көрсетуге кететін ағымдағы шығындар.

Осыдан өндіріс тиімділігінің негізгі сандық өлшемі ретінде жұмсалған капиталға шаққандағы пайданың жылдық мөлшері болып табылады:

 

Е = П´100/К = (Б-ӨҚ) ´100/К

 

мұндағы Е – жұмсалған капиталға шаққандағы пайда мөлшері,%;

П – жылдық пайда, теңге;

К – пайда алуды қамтамасыз ететін күрделі қаржылар, теңге;

Б –өнім өндірісінің жылдық көлемі, теңге;

ӨҚ – бір жылда шығарылған өнімнің толық өзіндік құны, теңге.

 

2.Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың аймақтық тісілін таңдаудың әдісі

Өнімнің еңбек сыйымдылығы – нақты еңбек өнімділігінің көрсеткішіне кері шама, ол материалдық өндіріс саласында шығындалған еңбек шығынының өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы арқылы анықталады:

 

ЕС = Е/Q

мұндағы ЕС - өнімнің еңбек сыйымдылығы;

Е - материалдық өндіріс саласында шығындалған еңбектің шамасы;

Q - өндірілген өнімнің жалпы көлемі (әдетте жалпы өнімнің).

 

Қоғамдық өнімнің материал сыйымдылығы шикізат, материал, отын, энергияның және басқа да еңбек құралдар шығындарының жалпы қоғамдық өнімге қатынасымен анықталады. Сала (бірлестік, кәсіпорын) өнімінің материалсыйымдылығы материалдық шығындардың өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасымен анықталады:

 

МС = M/Q

мұндағы МС - өнімнің материалсыйымдылығының деңгейі;

М –өнім өндірісіне кеткен материалдық шығындардың жалпы ақшалай түріндегі көлемі;

Q - өндірілген өнімнің (әдетте, жалпы өнімнің) жалпы көлемі.

 

Өнімнің капиталсыйымдылығы мен қорсыйымдылығының көрсеткіштері де белгілі деңгейде өзара жақын болып келеді. Өнімнің капиталсыйымдылық көрсеткіші күрделі салымдар шамасының шығарылатын өнім көлемінің өсіміне қатынасын көрсетеді:

 

КС = K/∆Q

мұндағы КС - өнімнің капитал сыйымдылығы;

К – күрделі салымдардың жалпы көлемі;

∆Q – шығарылған өнім көлемінің өсімі.

 

Капиталсыйымдылығын күрделі салымдар шамасының өндірілген ұлттық табыс өсіміне қатынасы бойынша да есептеуге болады.

Өнімнің қорсыйымдылығы халық шаруашылығының негізгі өндірістік қорларының орташа құнының өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы ретінде анықталады:

 

ҚС =НҚ/Q

мұндағы ҚС - өнімнің қорсыйымдылығы;

НҚ - халық шаруашылығының негізгі өндірістік қорларының орташа құны;

Q - өндірілген өнімнің (әдетте жалпы өнімнің) жалпы көлемі.

 

Қорсыйымдылығын, капиталсыйымдылығы сияқты, өндірілген ұлттық табыс өсіміне қатынасы бойынша да есептеуге болады.

Өндіріс тиімділігін көрсеткіштердің бірқатар жүйесі сипаттайды. Көрсеткіштер жалпы және жеке болуы мүмкін, мысалы құрал-жабдық жұмысының ауысымдылығының, өндірістік алаңдарды пайдаланудың коэффициенттері, негізгі құрал-жабдық өнімділігінің көрсеткіштері және т.б. сияқты.

Өтелу мерзімі ӨМ және тиімділік коэффициенті Е келесі формулалар бойынша есептеледі:

 

ӨМ = (К1 – К2)/(ӨҚ2 – ӨҚ1);

Е = (ӨҚ2 – ӨҚ1)/ (К1 – К2).

мұндағы К1 және К2 – бірінші және екінші нұсқалар бойынша күрделі




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-08; Просмотров: 2800; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.111 сек.