Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция. 4 страница. Басқарудың ғылыми негізделгендігінің қағидасы қоғамның дамуының табиғи және




Басқарудың ғылыми негізделгендігінің қағидасы қоғамның дамуының табиғи және экономикалық заңдарына негізделеді. Ол ғылыми-техникалық, экономикалық және құқықтық ақпараттарды талдау нәтижесіне сүйенетін ғылыми әдістермен басқару формаларын пайдалану кіреді.

Жеке тұлғалардың, ұжымның және мемелексттің мүдделерінің үйлесімділігі қағидасы өндірістің қоғамдык сипатына негізделеді. Ол әр жұмыскердің мүддесі тек кәсіпорын мүддесімен ғана емес мемлекеттің мүддесіне сай келу керектігін талап етеді. Әрбір жұмыскердің қызметі кезінде өзінің мүддесін қанағаттандыру үшін кәсіпорын материалдық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету керек. Кәсіпорын мен мемлекеттің өзара ортақ мүддені жүзеге асыруы (кәсіпорынның табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, салыктық міндеттемелерді уақытында төлеу, экология үшін) оның мемлекет алдындағы жауапкершіліктері арқылы қалыптасады.

Ал мемлекет кәсіпорын қызметіне, кадрлық саясатта, өндірісті шикізат ресурстарымен, су, энергия жэне білімен қамтамасыз етуде және жұмыскерлердің денсаулығын сақтауда қолдау көрсетіп отыру керек.

Басқарудың тиімділігінің қағидасы оның әртүрлі нұсқаларының ішінен тиімді шешімді таңдап алуды білдіреді. Бұл қағида аз шығынмен жақсы жетістікке жеткізетін басқару шешімдерін жасау мақсатында басқарудың барлық әдістерін сақтауды талап етеді.

 

 

3 Басқарудың классификациялық әдістері – ұйымшылдық, реттеушілік, әкімшілді – құқықтық, экономикалық, моральді – тәрбиелік басқарулар. Басқару құрылымына қойылатын талаптар.

 

Басқару әдістері қойылған міндетке жету үшін өндірістік ұжымға әсер етудің амалдар мен тәсілдерінің жүйесін көрсетеді. Олар басқару қағидалары және функцияларымен өзара қатынаста пайдаланады.

Басқару әдістері экономикалық, ұйымдастырмалық-талаптық немесе ұйымдастырмалық-қүқыктық, әлеуметтік психологиялық әдістер болып бөлінеді.

Басқарудың экономикалық әдістері қоғамды дамытудың экономикалық заңдарын қолдануға негізделген. Олар кәсіпорынның барлық өндірістік ресурстарын ұтымды пайдалануға әсер ететін экономикалық амалдарын қамтиды. Олардың құралы ретінде өндірісті жоспарлау, болжау, баға құрау, қызметтін және өнімнің маркетингі, несиелеу мен қаржыландыру, қадағалау, есепке алу және талдау болып табылады.

Басқарудың экономикалық әдістерінің ең маңызды тетігі жұмыскерлердің еңбек ақысы болып табылады. Еңбекті ынталандырудың әртүрлі тәсілдері болады. Олардың барлығы да белгілі бір денгейде экономикалық тиімділікті береді.

Ұйымдастырмалық-құқықгық әдіс әкімгершілік талаптар арқылы жүзеге асады, яғни бұйрық, жарлык, нұсқаулык, құқықтық акт, жарғы және т.б. шаруашылық жүргізудің құқықтық нормаларына негізделеді. ¥йымдастырмалық әдістер өндірісті басқару циклінде орындау мен қадағалауда маңызды болады, сонымен қатар, басқарудың демократияландыру қағидаларын сызықты бағыныштылықты, басқару органдарының жауапкершілігін, құқығын, міндеттерін жүзеге асыруда маңызды орын алады.

Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерінің негізгі міндеттері өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында адамдар тобына және еңбекшілердің жеке жұмыскерлеріне әсер ету болып табылады. Олар сендіру және түсіндіру, сынау және әділдік, моралды түрде сый көрсету және қолдау арқылы жүзеге асады. Жұмыскерлердің психологиялық күйі олардың еңбек нәтижелеріне, еңбек өнімділігіне, өнім саласына әсер етеді. Кәсіпорында ыңғайлы психологиялық ортаны кұру, мезгілінде ұжымның әлеуметтік мәселелерін шешу әлеуметтік-психологиялық әдістердің негізгі міндеттері болып табылады.

Бұл әдістердің әрқайсысы өндірісте өзінің тиімді қолдану аясы болады. бірақ олардың өзара әсер ету жиынтығы басқарудың бірыңғай жүйесін қамтамасыз етеді. Тек бір эдіске ғана ыңғайлануға болмайды. Әр әдістің өз орнымен және тиімді пайдалана білу қажет.

 

Кәсіпорынның басқару құрылымы басқару органдарының, басқару мен басқарылатын нысандардың, өзара әсер етуінің жүйесін, олардың, ұйымдастырмалық өзара байланысты анықтайды. Ұйымдастыру құры лымына өндіріс технологиясы, сала ерекшелігі, кәсіпорын көлемі және т.б факторлар әсер етеді.

Соның ішінде ең қарапайымы сызыктық түрі басқарушы мен басқарылатын жүйенің арасындағы қатынас (3 Сурет).

 

 

 

3 Сурет - Басқарудың сызықтық құрылымы

 

Ең нақтырақ басқарудың сызықты-функциялық құрылымын айтуға болады. Басқарудың органдарының құрамында кәсіпорын жұмысының маңңызды бөлімшелерін басқаруды орындайтын бөлімдер болады. Оларға өндірістік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, маркетинг, персоналды басқару, қаржы және т.б. кіреді. Бұл бөлімдердің құрамында сол саланы жақсы білетін мамандар жұмыс істейтін болады. Ондай құрылымды жалпы і түрде 4-ші суреттен көруге болады.

Жекеменшік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, ірі фирмалар үшін салалық басқару, жалпы салалық, яғни қаржыларды реттеуге, кәсіпорынды жетілдіруге және жаңартуға инвестиция тартуға байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.

 

 

4 Сурет – Басқарудың сызықты-функциялық құрылымы

Электр энергетикасы саласы және оның өнімі ортақ мемлекеттік мәні бар салаға жатады. Салалық кәсіпорындар экономикалық тәуелсіз кәсіпорындар болғанмен Қазақстанның біріккен энергетикалық жүйесіне кіреді.

 

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1 Энергетикада басқарудың мақсаты және функциялары.

2 Энергетикалық шаруашылықты басқарудың сұлбасы және ұйымдасу құрылысы.

3 Кәсіпорын энергетикалық шаруашылығын басқарудың ерекшеліктері.

4 Басқарудың классификациялық әдістері – ұйымшылдық, реттеушілік, әкімшілді – құқықтық, экономикалық, моральді – тәрбиелік басқарулар.

5 Басқару құрылымына қойылатын талаптар.

Әдебиеттер:

1 Е.М. Шабалин. Финансы энергетики. Учебник. М.Высшая школа. 2006

2 Котлер Ф. Основы маркетинга. М.Экономика. 2007г.

3 Ержанов С.И. Сала экономикасы: оқу құралы.- Алматы: АЭжБИ6 2005.

4 Ускенов М., Мархаева Б.А., Абилгазиева Ж.Е. Шаруашылық қызметтерін талдау. Оқу құралы. Шымкент. «Нұрлы бейне». 2007. 156 б.

5 Экономика и управление в энергетике: Учебное пособие по ред. Н.Н. Кожевникова.-М.: Изд.Центр «Академия». 2006г.

6 Экономика электроэнергетики: рыночная политика: Сб./Отв.ред.Э.Хоуп и др. Сибирское отделение Российской академии наук, 2006г.

7 О.Лукша, П.Сушков, А. Яновский. Центр коммерциализации технологий - организационное развитие: как создать, руководить, организовать мониторинг и оценку деятельности. Проект Europeaid «Наука и коммерциализация технологий», 2006.

8 Инновационный проект: подготовка для инвестирования/К.А. Хомкин. – М.: Издательство «Дело» АНХ, 2010. - 120 с.

9 Есиркепова А.М., Исаева Г.К., Ускенов М.К. Коммерциаландыру және бизнес-жоспарлау. ЖОО экономикалық, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары студенттеріне СӨЖ жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау. М.Әуезов ат. ОҚМУ баспасы. Шымкент. 2012. 15 б.

Тақырып: Қазақстанның және энергетикалық кәсіпорындарының салық жүйесі.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-08; Просмотров: 1230; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.