Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Исаков Ж.С




Шолаққайыңды бастауыш

мектебінің мұғалімі

(Тараз қ., Қазақстан)

ОҚУШЫЛАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР ҮЙРЕТУДЕГІ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ РӨЛІ


Білім берудің жаңа технологиясын пайдалана отырып дене тәрбиесі пәнін оқушылардың жас ерекшіліктеріне, денсаулықтарына байланысты ұлттық ойындарды сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып пайдалануға дене тәрбиесі мұғалімінің мүмкіндіктері бар. Арнайы ұйымдастырылған түрлі ұлттық ойындар балалар мен жасөспірімдерді ұйымшылдыққа, Отан сүйгіштікке, өжеттілікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, табандылыққа, байсалдылыққа, еңбек етуге тәрбиелейді, патриоттық сезімдерін оятады, дене қуаты қасиеттерін: күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік және ептілік қасиеттерін жетілдіреді, дамытады. Ұлттық спорт ойындары: көкпар, бәйге, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату, аударыспақ, асық ату, арқан тарту, қазақша күрес, тоғызқұмалақ [1,3]. Ұлттық ойындар: «Ақ серек, көк серек», «Айгөлек», «Соқыр теке», «Белбеу тастау», «Мысық пен Тышқан», «Кім түртті», «Ұшты-ұшты», «Қазан доп», «Асық ойыны», «Ине, жіп және түйіншек», «Бестас», «Жасырынбақ», «Әтештер қақтығысы», «Шымбике» т.б. ойындар.Сол кезден қазіргі уақытқа дейін біз білетін «Ақсүйек», «Орда», «Қызыл ту», «Айгөлек» ойындары кең таралып, көп ойналған.
Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындардың ішінде «Ақ серек, көк серек»,«Соқыр теке», «Асық ойыны», «Ине, жіп және түйіншек», «Әтештер қақтығысы», «Қызыл ту», «Мысық пен Тышқан»,«Теңге алу», «Тоғызқұмалақ» [2,3]. ойындарын пайдаланамын.
Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі кеңінен пайдалана отырып оқытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол субъектінің бойында күш қуатын жетілдіреді,сабаққа деген белсенділігін арттырады, оқу үрдісіне деген қызығушылығын жоғарлатады.

Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты [3,1] және балалардың жас ерекшіліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөлуге болады. Қажетті ойындарды өтілетін сабақ не жаттығудың алдында тұрған педагогикалық міндеттеріне байланысты таңдап алу қажет. Дене тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды спорттық ойын сабақтарында, жеңіл атлетика, гимнастика сабақтарында, жалпы дене қуаты дайындығы және жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Ұлттық ойындардың дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол.

Мен ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабағында пайдалану кезінде мына жайттарды есепке аламын:

1.Өз белсенділігін ұғыну

2.Таңдау еркіндігі

3. Еркін таңдау үшін жауапкершілік

4.Өздігінен дамуға талпыну

5. Рефлексияға қабілеттілік

Ұлттық ойын түрлері Қалыптасатын қабілеттер мен қасиеттер
1 Ақ серек,көк серек; Мысық пен Тышқан; Қызыл ту; Субъектінің бойында жылдамдылық, төзімділік, ерік жігерлік, батылдық, шапшандық қасиеттері қалыптасады. Қимыл-қозғалыс жасау қаблеті артады.
2 Асық ойыны; Ұшты- ұшты; Ине, жіп және түйіншек; Төзімділік, икемділік,ептілік қасиеттері дамиды. Еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке, тәртіптілікке, қажырлыққа, көпшілікке, мәдениеттілікке тәрбиелейді.
3 Теңге алу Жылдамдықты, ептілікті, белсенділікті, өжеттілікті, шапшандықты, тапқырлықты, ұйымшылдықты қалыптастырады.
4 Тоғызқұмалақ Ойлау қаблеті, байсалдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, мәдениеттілік дамиды.

6. Дене қуаты қасиеттері (жылдамдылық, төзімділік, ептілік, икемділік, күш)
Субъектінің бойында әр түрлі қаблеттермен қасиеттерді қалыптастыруға байланысты ұлттық ойындарды төмендегідей топтарға жіктедім:

Субъектінің бойында қалыптасатын қабілеттер мен қасиеттер бақылау және психологиялық зерттеу нәтижесінде анықтауға болады. Жүргізілген диагностика нәтижесінде 3 сынып оқушыларының оқу үрдісіне деген белсенділіктерінің артқанын, көңіл күйлерінің көтерінкі болуын, сенімділік, ұстамдылық, өзін-өзі бағалай білу қасиеттерінің дамығаны анықталды. Психодиогностика әдісі КБС (К-көңіл күйі, Б- белсенділік, С – сергектік) әдістемесі бойынша еске сақтау, ықылас, қозғалыс жылдамдығын, алаңдаушылық деңгейін, көңіл-күй көрсеткіштерінің өзгеру деңгейін анықтау арқылы байқалады.

Ұлттық ойындарды пайдалану субъектінің психологиялық тұрғыдан да дамуына маңызы бар. Психологиялық жағынан ойындар төмендегілерді қамтамасыз етеді:

· Жалпы ойындарды жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықтарды жеңуге, еңбексүйгіш субъект ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді.

· Ұлттық ойындар жаттығулар көмегімен оқушыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіреді.

· Көңіл күйді көтеру, көңілдену, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну,келешек істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу қасиеттерін қамтамасыз етеді.

· Ойын жаттығуларынойша қайталау арқылы барлық ықылас зейінді аударуға негізделеді[4,3].


Ұлттық ойындар адам еңбегінің жемісі, ұлтымыздың фантастикалық ой құбылысының көрнісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны, бар өнердің бастамасы. Қазақ халқының ұлттық ойындары әлеуметтік – экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамыған.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттерінің бірі – ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, жастарға терең білім мен тәрбие беру. Ал оның негізі – жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту, жаңарту болып табылады. Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды спорттық ойын түрлеріне, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып пайдалануға кез келген дене тәрбиесі мұғалімінің мүмкіндігі бар деп санаймын.


ӘДЕБИЕТТЕР

1. Мұқышова М, Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар.Алматы, № 3, 2009 – 6 б.

2. Болатбек Б. Дене тәрбиесі. Алматы: Атамұра,2004 112 б.

3. Тұрыскелдина М.Дене тәрбиесі. Алматы: Атамұра, 2003 112 б.

4. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы, Рауан,1991.

6. Тайжанов С., Қасымбекова С.І. Қазақтың ұлттық ойындары., Алматы, 2004

7. Тлеуов Э., Елшібаев Ұ. Валеология, дене тәрбиесі спорт., Алматы, № 3, 2002 – 41б.

 

А.С.Исакова ф.ғ.к., аға оқытушы

Қазақ-Орыс халықаралық университеті

(Ақтөбе, Қазақстан)

 

 

АҒЫЛШЫН ТІЛІН КОМПЬЮТЕР АРҚЫЛЫ ҮЙРЕТУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Қазіргі кезде шетел тілдерін оқыту, соның ішінде ағылшын тілін оқытуда жаңа білім беру технологиялары дамып келеді. Ағылшын тілі халықаралық қатынастың негізгі құралы, сондықтан оны тек қана оқып қоймай, әрі қарай тереңірек меңгеріп және тәжірибеде қолдану керек. Әрине, бұған жаңа технологияларсыз қол жеткізу мүмкін емес.

Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында жаңа ақпараттық технологияларды енгізу туралы көптеген сұрақтар пайда болды. Бұл тек жаңа техникалық құралдар ғана емес, сонымен бірге білім беруде оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін қолдану және оқу үдерісіне деген жаңаша көзқарасты білдіреді. Шетел тілдерін оқытудың негізгі мақсаты студенттердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру және дамыту. Оқытушының міндеті - әр студентке тілді практикалық тұрғыдан меңгертуге жағдай жасауы керек, студенттердің белсенділігін, шығармашылығын дамытатын оқыту әдістерін таңдау қажет.

Ағылшын тілін оқытуда компьютерлік бағдарламаларды пайдалану ХХ ғасырдың 80-жылдарында кеңінен қолданыла бастады деп Э.Л. Носенко айтады[1,39]. Автоматтандырылған оқыту жүйесі оқытудың аралас техникалық құралдарының қатарына жататындығы айтылған. Олар компьютер көмегімен жасауға, диалогты тәртіпте жұмыс істеуде, оқу ақпаратын қабылдауға ыңғайлы формада беру қызметі, оқу әрекетін басқару, бағдарламалар жасау, білімді бақылау және бағалау, ақпараттық-анықтамалық және басқа да компьютерлік көздермен қамтамасыз етіледі.

Көптеген зерттеушілердің ойынша оқыту жүйесі қоғамдық және саяси мемлекет құрылысынан тәуелсіз бола алмайды, ол әрқашанда әлеуметтік тапсырысқа жауап қайтарады. Сондықтан осыған орай мемлекет саясаты соңғы кезде жоғары оқу орындарында және мектептерде ақпараттық технологияларды енгізуге бағытталған, жаңа оқу материалдарына деген қызығушылық туғызу, қазақстандық оқушылар мен студенттерге электронды оқыту өндірісін компьютерлік өндіріске ынталандыру мәселесін көтеріп отыр.

Әр оқытушы компьютердің оқу үдерісінде механикалық оқытушы емес екендігін терең түсіну керек. Компьютер меңгеруші, басқарушы ғана емес, балаларды оқытудағы негізгі құрал болып табылады. Оқытушы машинаны қолданудан нәтиже алғысы келеді. Сондықтан машина өзіне оқытушының қиын жұмысын алады, шығармашылық қызметіне уақыт босатады, сабаққа шығармашылықпен келуге ынталандырады.

Техникалық оқыту үдерісін шетел тілі сабақтарында қолдану келесі өлшемдермен анықталады: біріншіден, олар еңбек өнімділігін және оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді; екіншіден, әр студенттің тез және тұрақты білім алуын қамтамасыз етеді; үшіншіден, сананы көтеру және тілді үйренуге қызығушылықты арттырады; төртіншіден, жедел қайтадан байланыс және бүкіл студенттердің іс-әрекетіне бақылау жасау мүмкіндігіне қол жеткізу болып табылады; бесіншіден, жауаптарды кодтаусыз тез игеру мүмкіндігі.

Тәжірибенің көрсеткіші бойынша бүкіл оқыту үдерісінен компьютер ең қолайлы оқыту үдерісінің жүйесіне кірігеді, толық дидактикалық қажеттіліктерді қанағаттандырады және ағылшын тілін оқытуды шынайы өмірге жақындатады. Компьютерлер жаңа ақпараттарды қабылдай алады, оны өңдейді және шешім қабылдайды, қажет мәліметтерді есте сақтай алады. Компьютер оқытушылардың мүмкіндіктерін кеңейтеді, әр студент оған тез бейімделеді. Әр студент өзінің ритмінде жұмыс істеуге мүмкіндік алады, яғни өзіне оптималды көлемді және материалды меңгеру жылдамдығын таңдайды.

Дүниежүзілік экономикалық кеңістікте шетел тілін білу жас маманның бәсекелестік кілті болып саналады. Ағылшын тілі – тек мәдениетаралық қарым-қатынас қана емес, дербес ақыл-ой әрекетінің құралы және жаңаша ойлауға қабілетті тұлғаны қалыптастырудың алғышарты болып табылады. Жоғары оқу орындарында тілді меңгерудің білімдік және тәрбиелік құндылығын түсіну жаңа технологияларды қолдануға итермелейді[2,115]. Оқу үдерісінде білім алушының барлық мүмкіндігін ашатын, сөздік қорын молайтатын, жаңа ақпараттарды игеруге көмектесетін жаңа мультимедиялық оқыту әдістерін (компьютерлік дискілер және интернет ресурстар), интерактивтік диалогтармен, ойындармен, викториналық және басқа да қызықтырушы жаттығуларды көбірек қолдану қажет. Бұған мынадай оқулықтарды қолдануға болады: “Euro talk Interactive – Ағылшынша оқыңыз”, “Talk to Me”, “Holiday Greeting” “Образавательная коллекция”-“English Platinum” т.б. пайдалануға болады.

Осының барлығы студенттердің ойын дамытуға, жаңа техникамен жұмыс істеу дағдыларын шыңдауға, тілді оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға көмектеседі.

Қазіргі білімнің негізгі міндеттерінің бірі - коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру болып есептеледі. Қарым-қатынас мәдениетінсіз ешбір маман өзін білімді және білікті деп санауға құқы жоқ. Сондықтан да шет тілін меңгеруде сол тілі оқытылып жатқан елдің тілдік ерекшеліктерін ғана біліп қана қоймай, сол елдің мәдениетін, өз елінің мәдениетін таныстыра білуге үйретудің маңызы зор.

Студенттердің коммуникативтік құзыретін қалыптастыру үшін оларға ойлануға мүмкіндік беретін шешімі қиын мәселелерді тапсыру қажет. Сонда студент берілген сұрақтарды шешу барысын ойластырады, мүмкін болатын жауаптарды таңдайды, алынған нәтижені тәжірибеде пайдаланады, жаңа идеяларды іздейді. Жобалау әдісі осы дидактикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді және ағылшын тілі сабағын пікірталасқа, зерттеу клубына айналдырады. Студенттер шетел мәдениетінің құнды деректерімен танысып, ол туралы өз көзқарастарын қалыптастырады.

Компьютер арқылы оқыту студентке өзіндік әрекет жасауға мүмкіндік береді. Тыңдалым кезінде студент шет тілінде сөйлесуді тыңдай алады, оқылым барысында студент шет тілінде сөздерді микрофонға айтуға мүмкіндік алады, грамматикалық құбылыстарды оқыту кезінде – студенттер грамматикалық жаттығуларды орындай отырып, оның дұрыстығына көз жеткізе алады. Қазіргі кезде дүкендерде сатылымда тұрған шет тіліндегі компьютерлік оқыту бағдарламалары (дискілер, кітаптар, журналдар) жоғары оқу орындарындағы бағдарламаларға сәйкес келе бермейді, өйткені олардың көпшілігі өз бетімен шет тілін оқуға арналған.

Көптеген компьютерлік бағдарламаларды ағылшын тілін оқыту барысында қолдану оқытушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Оқытушы компьютердің көмегімен лексикалық материалдарды тексеруге мүмкіндік алады.

Компьютерлік бағдарламалар, мысалы: “Triple play plus in English, English on holidays, English Gold, Hello, America!, Bridge to English, Professor Higgins, English for communication және басқалар. Осы бағдарламаларды әр сабаққа жаңа лексикалық және грамматикалық мәліметтерді енгізу, диалогты сөйлеуге үйрету, оқу және жазу, тест кезінде көмекші құрал ретінде қолдануға болады. Студенттер компьютерді бүкіл сабақ бойы қолданбайды, тек 10-15 минут ғана қажетті кезінде пайдаланады. Ағылшын тілін оқытуға арналған компьютерлік бағдарламаларды оқып-білу үшін көп уақыт кетеді, бағдарламаға, студенттердің жас ерекшеліктеріне сәйкес тілдік материалдарды таңдау қажет. Осы сабақтар өздерінің әр түрлілігімен ерекшеленеді. Өткізілген тәжірибелердің нәтижесіне көз салсақ, компьютерді қолдану арқылы ағылшын тілін меңгерген әр студент, соның ішінде білімі төмен деңгейдегісі де өзінің белгілі бір нәтижелерге қол жеткізгенін көрсетеді.

Қорыта айтқанда, оқу процесінде жаңа технологияларды колданудың маңыздылығы студенттерді жан-жақты біліммен қаруландырып, олардың оқу процесіне деген белсенділіктерін арттыру, сабақты әр-түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қызықты етіп ұйымдастыру студенттердің коммуникативтік, шығармашылық қабілеттерінің дамуына тікелей әсер етеді. Осы тұрғыдан қарағанда шетел тілін оқытуда студенттердің коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру әрі дамыту бүгінгі таңда білім саласында ең маңызды да жетекші орынды алады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Носенко Э.Л. Применение ИТ в образовании. –М., 2000. -273 с.

2. Вильямс Р., Макли К. Компьютер в школе. М., 2002. -178 с.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 677; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.029 сек.