Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тапсырма. Аутэкология нені зерттейді:




1. тестерге жауап беру

Аутэкология нені зерттейді:

а) популяциялардың қоршаған ортамен қарым- қатынасын

б) ағзалардың қоршаған ортамен қарым- қатынасын

с) бірлестіктердің қоршаған ортамен қарым- қатынасын

д) әр түрлі ұйымдасу денгейіндегі экожүйелерді

е) бүтіндей алған биосфераны

2) аталған факторлардың қайсысы абиотикалық факторларға жатады

а) бәсекелестік

б) адамның қызметі

с) паразитизм

д) температура

е) су қоймасының терендігі

3) аталған факторлардың қайсысы биотикалық факторларға жатады

а) жарық

б) радиация

с(температура

д) комменсализм

е) барлық аталғандар

4) аталған факторлардың қайсысы абиотикалық факторларға жатады

а) көктемдегі өзендерінің жайылуы

б) ормандарды кесу

с) топырақты тыңайту

д) батпақтарды құрғату

е) плотина салу

5) топырақ мекендеушілерін қалай атайды

а) эдафобионттар

б) гидробионттар

с) планктон

д) бентос

е) суккулент

6) су экожүйесі дегеніміз не

а) көлдің биотикалық және абиотикалық компоненттерінің жиынтығы

б) көлдің өсімдіктер бірлестігі

с) көлдің жануарлар бірлестігі

д) фитопланктон

е)зоопланктон

7) әр түрлі ағзалардың арасындағы байланыстар қалай аталады

а) жанама

б) тікелей

с) биотикалық

д) бәсекелестік

е) қоректік

8) түрлердің жиынтығы мен олардың өзара қарым-қатынасынан тұратың күрделі табиғи комплекс қалай аталады

а) биогеоценоз

б) биосфера

с) биоценоз

д) табиғаттағы зат айналымы

е) дұрыс жауап жоқ

9) биосфера терминін ғылымға алғаш енгізген кім

а) Э. Зюсс

б) Ю. Либих

с) Н. Вавилов

д) С. Шварц

е) В. Вернадский

10) демэкология нені зерттейді

а) түр

б) популяция

с) нәсіл

д) тип

е) класс

11) фотопериодизм дегеніміз не

а) күннің шығуын анықтай алу

б) жануарлар мен өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға төзуге бейімделгіштігі

с) күн мен түн ұзақтығының ұдайы ауысуына байланысты ағзалардың қайтаратың жауап реакциясы

д) қысқы тыныштық күй

е) жануарлардың түлеу мезгілі

12) тіршілік үшін биосфера төмендегідей жағдай жасайтының адам түсінгені дұрыс, ол қандай жағдай

а) таза H2O, құнарлы топырақ, тыныс алуға болатын атмосфера

б) құнарлы топырақ, магнит өрісі, О2 бар атмосфера

с) таза су, жердің магниттік өрісі, тартылыс күші

д) құнарлы топырақ ауа

е) H2O, ауа

13) фотосинтез кезінде қай қосылыстан бос О2 бөлінеді

а) H2O

б) көмірсу

с) H3PO4

д) СО2

е) АТФ

14) озон қабатының концентрациясының ең жоғарғы көрсеткіші жер бетінен қанша қашықтықта

а) 10-15 км биіктікте

б) 15-20 км биіктікте

с) 20-55 км биіктікте

д) 25-30 км биіктікте

е) 30-35 км биіктікте

15) су жер шарының көлемінің неше% қамтиды

а) 94

б) 79

с) 71

д) 83

е) 64

16) судың беткі қабатында тіршілік ететін организмдерді не деп атайды

а) планктон

б) бентос

с) нектон

д) фитопланктон

е) гидрофиттер

17) демэкология зерттейді

а) организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын

б) организмдерқауымдастығының экологиясын

с) адам мен қоғам экологиясын

д) популяциялар экологиясын

е) түрлердің туып- өсуін зерттейді

18) әлеуметтік экологияға жатады

а) синэкология

б) адам экологиясы

с) өндіріс экологиясы

д) қала экологиясы

е) халық экологиясы

 

19) космостық ресурстарға не жатады

а) су

б) жел энергиясы

с) атмосфералық ауа

д) күн радияциясы

е) минералдық ресурстар

20) қалпына келмейтін ресурстарға қайсысы жатады

а) орман ресурстары

б) жануарлар әлемі

с) қазба байлықтар

д) жел энергиясы

е) күн энергиясы

21) көленкені ұнататың жануарлардың экологиялық тобы

а) гелиофиттер

б) сциофиттер

с) фотофобтар

д) фотофилдер

е) эврифоттар

22)қолданбалы экологияға жатады

а) құрлық экология

б) су қоймаларының экологиясы

с) химиялық экология

д) геоэкология

е) биоэкология

23) ылғалдылық жетіспейтін жерлерде тіршілік ететін өсімдіктін экологиялық тобы

а) гидатофиттер

б)гигрофиттер

с) гидрофиттер

д) ксерофиттер

е) мзофиттер

24) көлеңкені сүйетін өсімдіктердің тобы

а) гелиофиттер

б) факультативті гелиофиттер

с) фотофилдер

д) фотофобтар

е) сциофиттер

25) суда толығымен тіршілік ететін өсімдіктердің экологиялық тобы:

а) гидатофиттер

б)гидрофиттер

с)гигрофиттер

д)мезофиттер

е)ксерофиттер.

 

 

СОӨЖ №13

.Табиғи ресурстар және олардың классификациясы

Тапсырма:

1)сызбанұсқа бойынша табиғи ресурстарының жіктелуін түсіндіру, дәптерге жазу.

2.)Құрал-жабдықтар: сызғыш,қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті фломастерлер және қарындаштар

 

Табиги ресурстар - адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы. Оларға ауа, күн, жел, су, жер, орман, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар және т.б. жатады.

Табиғи ресурстардың бірінші белгісі - олардың түрі. Бұл белгіге сәйкес олар табиги құбылыстар (күн энергиясы, жел, мұхиттардағы су деңгейінің көтерілуі мен судың қайтымы), өсімдіктер әлемі, жануарлар әлемі, табиғи заттар (су, ауа, топырақ) және пайдалы қазбалар (мұнай, алтын, т.б. әртүрлі рудалар) болып бөлінеді. Сонымен қатар пайдалы қазбалар пайдалануға дайын (көмір, бағалы тастар, тұз) және өңдеуді қажет ететін (мұнай, синтетикалық тыңайтқыштар) болуы мүмкін.

Табиғи ресурстардың екінші белгісі - олардың қоры. Бұл белгісі бойынша олардың сарқылатын және сарқылмайтын деп бөледі.

Сарқылмайтын табиғи ресурстар - табиғатты ұзақ пайдалану кезінде саны мен сапасы өзгермейтін немесе аздап қана өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер. Мұндай ресурстарға Күн энергиясы, жел энергиясы, қозғалыстағы су энергиясы, жер қойнауы энергиясы жатады. Қоршаған ортаның ауасы мен су саны бойынша өзгермеуі мүмкін. Бұл табиғи байлықтар қазіргі таңдағы техника мен технологияның көмегімен (су, шаң, газ тазалау, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық шаралар) сарқылмайтын бола алады.

Сарқылатын табиғи байлықтар - табиғатты пайдалану барысында саны мен сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер.

Үшінші классификациялық белгі - сарқылатын табиғи байлықтардың орнына қайта келуі. Бұл белгісі бойынша сарқылатын байлықтардың мынадай түрлері бар:

- қалпына келетін - өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер әлемі;

- қалпына келмейтін - миллиондаған жылдар бойы жер қойнауында түзілген пайдалы қазбалар (қара, түсті, асыл және сирек кездесетін, радиоактивті металдар рудалары, мұнай, газ және т.б.);

- салыстырмалы қалпына келетін - пайдалануға қарағанда орнына қайта келуі баяу жүретін ресурстар (құнарлы қара топырақ, үлкен жастағы ағаштар - секвойя, баобаб және т.б.).

Сонымен қатар бұл құбылыстардың қандай масштабта: планетада, үлкен аймақта (континент), жеке географиялық ауданда немесе белгілі бір экожүйеде жүріп жатқанын ескерген жөн. Мұндай әртүрлі масштабта қарастыру кезінде табиғи байлықтың бір түрі сарқылатын да немесе сарқылмайтын да болуы мүмкін (1 сурет).

 

1 сурет. Табиғи ресурстардың классификациясы

Жоғарыда айтылғандай, табиғатты пайдалану - қоршаған орта байлығын адамның тіршілігі үшін пайдалануы. Адамның табигатты пайдалануы төрт түрлі: тіршілігін қамтамасыз ету, шаруашылық-экономикалық, денсаулық үшін және мәдени тұрғыдан болады. Оның ішіндегі ең бастысы тіршілігін қамтамасыз ету болып табылады. Яғни, тыныс алу үшін ауаны пайдалану, шөлін басу үшін су ішу, тамақтану үшін өсімдіктер мен жануарлар әлемін пайдалану.

СОӨЖ №14




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 1961; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.035 сек.