Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тапсырма. 1. мәтінді оқып, дәптерге көшіру, ауызша айтып түсіндіру




1. мәтінді оқып, дәптерге көшіру, ауызша айтып түсіндіру. Қазақстандағы қалалардың қалдықтар мәселесі бойынша таблица, диаграмма құрастыру, реферат жазып келу.

Қалдықтар түзелуінің негізгі себептері.

Біріншіден, ескі технологияларды пайдаланатын көптеген кәсіпорындардың жұмыстарының қалыпты жағдайына айналған рационалды емес шаруашылық ету.

Екіншіден, ескірген нормативтік база. Министірліктің 30-ға жуық номативтік актілері айтарлықтай ескірген, оның себебі, олар 1992-1997 жылдары қабылданған болатын.

Үшіншіден, орталық және жергілікті табиғатты қорғау және денсаулық сақтау органдарын, сонымен қатар мемлекеттік басқарманың басқа да салалы огандарының тиімсіз бақылауы.

Төртіншіден, «тарихи» немесе жаңадан түзілген қалдықтарды жоспарлауға экономикалық талпыныстың болмауы.

Бесіншіден, қалдықтарды пайдалану шегінде қатынастарды реттейтін арнайы заңның жоқтығы министірліктің «қоршаған ортаны қорғау» заңына өзгертулер мен қосымшалар енгізу жолымен қалдықтарды басқару мәселелерін шешуге талпынысы шындыққа жанаспайды. Заңның бірнеше бабатарын жөндеу арқылы бұндай орасан мәселені шешу мүмкін емес.

 

Қалдықтар

Қайтымсыз
өндіріс қалдықтары
Қайтымды
Каммуналдық
құрылыстың
өндірістік тұтыну қалдықтары
ауылшаруашылық

 

 

Қалдықтардың негізгі типтері.

 

7.3. Өнеркәсіп қалдықтары. Берілген кәсіпорынның ақырғы өнім өндіру үрдістерінде түзілетін қатты, газ тәрізді және сұйық қалдықтардың ағын сулардың жалпы сандық мөлшері.

Осы таңда Республика аумағында 20 млрд-тан астам өнеркәсіптің қалдықтар жинақталған, жылына 1 млрд тонна қалдық түзіледі.

Өндірілген кеннің жалпы көлемінің 95% қалдықтарға түседі. Көбіне төтенше түрде улы және сақтауға бейімсіз жерлерге орналасады. 1 тонна өнеркәсіптік қалдықтардың жылдық шығынынан шамамен 100 млн тоннасы ғана пайдаға жаратылады, ал қалған бөлігі біртіндеп жинап келіп қоршаған ортаны ластайды. Өнеркәсіптік қалдықтардың негізгі бөлігі республикамыздың таулы-өндіргіш кәсіпорындарынада түзіледі, атап айтсақ Қарағанды және Шығыс-Қазақстан облыстарында. Осындай кәсіпорындардың қызмет ету ұзақтығы пайдалы қазбалардың қорына байланысты. Олардың таусылуынан кейін көптеген пайдалы қазбалар орындары экологиялық талаптарды ескерместен эксплутациядан шығарылды.

Ары қарай дағдарысқа ұшырау немесе жекеменшіктің басқа қолға көшу үрдістері жүреді және таулы өндірістердің үйінділеріне байланысты барлық мәселелер «тарихи ластану» түрінде мемлекеттің мойнына түседі. Шығыс Қазақстан облысында Вверх-Березовский, Черкмарк Тешинский сияқты және т.б. кен орындары қоршаған ортаға қауіп төндіруде.

Өндірістік қалдықтардың көлемі бойынша таулы-өндірістік өнеркәсіптен кейінгі 2-ші орынды металлургиялық өндірістер және энергетика алады. Павлодар облысындағы Екібастұз ГРЭС-тің үйінділерінде ғана 1,5 млрд-тан астам қалдықтар жинақталған. Ертіс өзенінде орналасқан Сегринск ГРЭС-тің бұзылу қаупі төніп тұр. 350-ден астам қалдықтар сақталатын полигондар Қарағандыда «испаткармет» және «Казахмыс» ААҚ-ы сияқты ірі корпарацилар құрды. Балқаштың таулы – металлургиялық комбанатының көпжылдық қалдықтары Балқаш көлінің жағалауларының және көл суының ластануына алып келеді.

Өкінішке орай, өзіндік металлдық сынаптың донндық тұнбаларымен белгілі Нұра өзені 20 жыл бойы оған Теміртау қаласындағы «карбид» бірлестігінің және басқадазауыттарының ағын сулары, сонымен қатар Қарағанды ГРЭС-1-тің күлі тасталынады. Күл ағын сулардағы сынапты сіңіріп алып және бүгінгі таңда Нұр өзенінің сағасы мен қоймаларында 25 км аумақты қамтитын құрамында сынабы бар қалдықтар түзіледі. Нәтижесінде Қорғалжын мемлекеттік қорығының көлдерінен бүкіл жүйесіне қауіп төніп тұр. Түрлі-түсті қаа металлургияның және алтын өндіруші салаларының қалдықтары 14 млрд тоннаны құрайды және шамамен 50мың гектарды алып жатыр, 5,2 млрд тонна байыту және металлргиялық өңдеу қалдықтары жинақталған.

1999 жылдың соңына қарай республика кәсіпорынынан шамамен 2,758 млрд тонна қатты, 3,6 млн.тонна сұйық және 347,5 млнтонна паста тәрізді улы қалдықтар жиналды. Олардың жалпы саны 3,1 млрд.тоннаны құрайды. Елдің кәсіпорындарында қауіптілігі бойынша 1-ші класқа жатқызылатын қалдықтардың 92 млн.тонна, қауіптілігі 2 класқа жатқызылатындарынан 8,1 млрд.тонна, қауіптілігі 3 класқа жатқызылатындарынан 36,1 млн.тонна, 4 класқа кіретіндерінен – 3 млрд.тонна, радиоактивті қалдықтардан 2,3 млн.тонна қалдық жинақталған.

Түсті металлургиялық қалдықтары жинақталған аумақтар 15 мың га шамасында, оның ішінде таулы түрге жаттынүйінділер 8 мың га-ы алып жатыр, байыту фабрикаларының ақырғы өнімдері 6мыңға га, металлургиялықзауыттың қалдықтары – 500 га-дан астам. Түрлі-түсті, сирек кездесетін және радиоактивті металдардың, таулы – металлургиялық өндірістердің қалдықтарының сандық қоры 7,3 таблицада көрсетілгендей айтарлықтай ірі қаба орындарының қорымен сәйкестендірілген.

 

 

СОӨЖ №15




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 808; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.016 сек.