Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туралы жырлар 6 страница




Қарастырылып отырған жырдың өзге қазақ жырларынан алабөтен өзгешеліктерінің бірі – онда Тәуекел мен зайыбының Құдайдан бала сұраған тілегі қазақ эпосы үлгілерінің басым көпшілігіндегідей Баба Түкті Шашты Әзиз әулиенің басына түнеген соң емес, Бұқардағы Бахауиддин әулиенің бейітіне зиярат еткен соң, Қашқардағы тірі әулие – Аппақ қожаға барған соң орындалғаны. Бұл құбылысты Қазақстанның елеулі бөлігіне кезінде Нағыш-пенді Бахауиддиннің өзі және оның ізбасарлары басшылық жасаған сопылық орденнің және Аппақ қожаның ықпалы зор болғанымен байланыстырған жөн сияқты. Алайда, Аппақ қожаны Есім ханның пірі ретінде көрсетудің еш қисыны жоқ екенін айту керек. Өйткені, аталған діни қайраткердің Есім және Тұрсын хандардың айтулы қақтығысы болған жылы небәрі екі жасқа жаңа келген бала екеніне де назар аударған жөн.

Жырда Аппақ қожаның Еңсегей бойлы ер Есімнен үлкен әрі оның пірі болған кісі деп көрсетуге халық жадында сақталған естеліктерде Қазақ ордасының және Шығыс Түркістан өлкесінің хандары болған Есім хандарды бір-бірлерімен шатастырудың себепші болуы да әбден ықтимал. Бұлай деп ойлауға Жәнібек, Барақ есімді бірнеше тарихи тұлғаның бірі атқарған іс-әрекеттерді екінші біреуіне таңушылық қазақ халқының ауыз әдебиетінде жиі байқалатыны да негіз береді. Осындай жағдай біз сөз етіп отырған жырда да орын алуы мүмкін.

Есім ханның тарихта болған көп жақтастарының ішінен жырда тек Көкім би бастаған қырғыз қолының ұрыс басталардан бұрын майдан даласына жеткені ғана баяндалады. Онда да олардың пиғылының теріс болғаны аңғартылады:

 

Жеңген жаққа қосылып,

Олжа алсам»,– деп еді.

Бұл да үміткер ел еді.

Дүниеге көзі тоймаған,

Пікір, қулық ойлаған

Қарауырақ неме еді, –

 

делінеді жырда.

Шын мәнінде, ол күндерде қырғыз халқы үшін аз күндік соғыстан түскен олжадан гөрі ежелден бергі ата қонысынан айрылып қалмау керегірек болатын. Бұқар және Ойрат билеушілерінің аймақта үстемдікке ие болуға ұмтылған саясатының зардабы қырғыз халқына да тигені ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында қырғыздар қазақтардың сенімді одақтасы болғандығынан байқалады.

Жырда Тұрсын ханмен ақтық айқаста Есім ханға күш біріктірген билеушілердің көп болмаған себебі – эпос поэтикасы бойынша халық идеалы болып саналатын батыр, хан өте ерекше, керемет адам болып көрсетіледі, ол мінсіз хас қаһарман ретінде дәріптеледі. Міне, жырда қырғыз қолының Есім ханның Тұрсын ханды жеңіп, қашырғаннан кейін ғана әскери қақтығысқа араласқанын баяндау осындай тәсілді жүзеге асыруға қызмет етіп тұр. Сондай-ақ жырда Есімнің одақтастары ішінен Көкім бидің ғана бейнеленуі, ал, Тұрсын ханның жақтасы, қамқоршысы ретінде Үргеніш ханы – Әбілғазы баһадүрдің ғана көзге түсуі туындыда эпикалық жинақтау тәсілінің қолданылатынына мысал бола алады. Жинақтаушылықты жыр уақытына назар аударғанда да байқаймыз. Мәселен, жырды оқыған адам Есімнің Қазақ ордасы тағына отырған кезі мен Тұрсын ханды өлтірген уақытының арасы – екі жылдан аспайтын мерзім деген әсер алады. Әкесі өлген соң елге оралған Есім хан алдымен Ташкентті шабады, одан кейін Үргеніштен қайтып келе жатқан Тұрсын ханмен соғысып, жеңеді. Бұл оқиғалар, ары кеткенде, бір айға созылады. Ұзамай, Әбілғазы баһадүр аталған екі ханды татуластырады. Әбілғазы еліне қайтпай тұрып, Есім елін Тұрсын ханға тапсырып, өзі қалмақтарға қарсы жорыққа аттанып, сол сапарда бір жыл жүреді. Одан арғы оқиғалардың да бір-екі айдың ішінде шешімін тапқаны байқалады. Демек, жырда көрініс беретін уақыт сығымдалған, ал тарихи деректер Тәуекел қайтыс болған, Есімнің Қазақ хандығының тағына отырған уақыты – 1598 жыл екенін, ал, Тұрсын ханның 1627 жылы өлгенін айғақтайды. Ендеше, Қазақ елі тарихының жиырма тоғыз жылы жырда екі жылға сыйыстырыла баяндалған. Міне, бұл – фольклорда эпикалық уақыт ерекшелігін көрсететін поэтика заңдылығы.

Сонымен, жеті мың жолдан тұратын көлемді де күрделі эпикалық туынды нақты тарихи шындықтың ізімен дереу туған дүние емес, ол небәрі ауызша тарихнама үлгілерінің бірі. Сол себепті оны тарихты ресми түрде қалпына келтіруді мақсат еткен зерттеу еңбектің баламасы ретінде қабылдауға болмайды. Өзге де көркем шығармадағылардағыдай бұл жырда да тарихи шындық пен поэтикалық қоспалар тығыз астасып жатыр, яғни тарихи шындық эпостың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлеріне бағындырыла баяндалған. Мұның дәлелі ретінде Шыңғыс ханның ғайыптан пайда болуы, болашақ ұлы билеушіге лайық балалық шағын, керемет жағдайларда билікке қол жеткізуі; Есім ханның перзентсіздіктің зарын тартқан қарт билеушінің қиналып, тарыққан сәтте Құдайдан сұрап алуы; жырдағы кейіпкердің өз тілегі бойынша ғайып болуы; бір қаһарманның сандаған жауларды жалғыз өзі қыруы; бейнеленген қарулы қақтығыстардың шешімі жеме-жемге келгенде бас кейіпкердің бір өзі көптеген жауды өлтіру арқылы көрсеткен қайрат-жігеріне тәуелді болып отыруы, жырдың жағымды кейіпкерлерінің мінсіздендіріле, оған керісінше жағымсыз кейіпкерлерінің ұнамды мінез-құлықтан ада адам ретінде бейнеленуі, эпос поэтикасына тән әсірелеу, шендестіру, тағы да сол сияқты тәсілдердің молдығын айтуға болады.

«Есім хан» жыры. Жыр оқиғасы қалмақтың Дорбанқор атты ханы Сырдария жағасындағы Қамыстақ деген жерге мың адамды бастап келуінен басталады. Есім хан әскерімен болған соғыста жеті жүз адамынан айрылып, шегінген қалмақтар енді Жидекті ну орманы деген жерде қарымта қайтармақшы болады. Ұрыс алдындағы жекпе-жекте Әбеухайдар деген қазақ батыры қалмақтың Ұран деген батырын, одан кейін Дорбанқордың өзін де өлтіреді. Басшысынан айрылған қалмақ қолы тағы да шегінеді. Қазақтар оларды қуып барып, екі мың жылқысын айдап әкетеді, көп адамын тұтқынға алады. Қалмақтар Маңыраққа қоныс аударып, Алтай тауының ар жағындағы елдің патшасы – Әслиханға арыз айтады. Әслихан оларға екі жыл бойы күш жинап, соғысқа дайындалу керектігін айтады. Екі жылдан соң Қамыстаққа мың қолды бастап келген Әслихан қазақтармен соғысуға батылы жетпей, кейін қайтады.

Жырда аталған кейіпкерлердің Есім ханнан өзгелерін тарихта анық болған деуге негіз боларлық дерек жоқ. Жыр оқиғаларының болған жерлерінің «Қамыстақ», «Жидекті» деген топонимикалық атаулары да Қазақстанның кез келген түкпірінен табылуы мүмкін болғандықтан, бұл шығармада нақтылы қай уақытта болған оқиға бейнеленгенін тап басып айтуға, тіптен, мүмкіндік жоқ.

Дегенмен, Есім ханның жырда бейнеленгендей қалмақтардың басқыншылығына әлденеше рет ойсырата тойтарыс беріп, ақырында, оларға өзінің үстемдігін мойындатқаны – тарихи шындық. Мысалы, В.А.Моисеев ХVІІ ғасырдың екінші онжылдығының ортасына қарай қазақ пен қырғыздың кейбір билеушілері ойрат феодалдарына тәуелді екенін мойындауға мәжбүр болғаны, ал, сол ғасырдың екінші онжылдығының соңына қарай Есім ханның ойраттарды бірнеше рет ойсырата жеңіп, оларды бітім жасауға мәжбүр еткені туралы жазған[896].

«Олжаш батыр» жыры. Олжаш батыр туралы дерек өте аз. Жырдағы:

 

Шығайұлы Есім ханның заманында,

Ғасырдың он алтыншы бас кезінде

Олжаш шықты аттанып, туын байлап, –

 

деген тармақтар және Есім хан мен Олжаштың ортақ жауы ретінде қалмақтың ханы Қатағанның бейнеленуі бұл туындыға Есім және Тұрсын хан арасындағы қақтығыс орын алған 1627 жыл оқиғалары арқау болған деген қорытынды жасауға болады. Мұндай тұжырым жасауға негіз беретін дәлелдің бірі – «Олжаш батыр» жырында да жеңілген хан қыздарының үлеске салыну тарихы баяндалуы. Мұндай жағдай «Еңсегей бойлы ер Есім» жырында да бар. Онда Тұрсын ханның әйелі өзінің Айбике, Нұрбике, Қоңырбике деген қыздарына Тобықты елін өздері іздеп тауып, қазақтың игі жақсыларын таңдап тию жөнінде тапсырма бергені және қыздарының сол кеңесті бұлжытпай жүзеге асырғаны айтылады. Ал, «Олжаш батыр» жырында Олжаш Қатаған ханның Оразбике, Айбике, Нұрбике, Қызданбике, Қоңырбике атты бес қызын өзіне қарасты елдің қандай кісілері алуы керек екендігін шешкені сөз болады. Жалпы, Тұрсын хан қыздарының әкесі өлгеннен кейінгі тағдыры Шәкәрім қажының шежіресінде, Қабанбай батырдың және Жанбике руының шежірелік аңыздарында әңгімеленеді. Сондай-ақ Шақшақ Жәнібек батыр туралы жырда және М.Тынышбаевтың зерттеу еңбегінде келтірілген Арғынның Қаракесек руының шежіресінде Қатаған ханның қыздарына қазақ батырларының үйленгені баяндалады.

Халық арасында біршама уақыт ауызша айтылып барып, қағазға түскен бұл дереккөздерінде «Тұрсын хан», «Қатаған хан» деп аталған билеушілердің екеуі – бір кісі екенін олардың қыздарының аттары бірдей екенінен де (Айбике, Нұрбике, Қоңырбике) және «Олжаш батыр» жырында Қатағанның Есім хан бастаған елге шабуыл жасағанынан да аңғарылады. Соған қарағанда, қазақ халық әдебиетінің бірқатар үлгілерінде Тұрсын хан қарамағында болған қазақ руының атауы аталған ханның есіміне айналып кеткені аңғарылады.

Тұрсын ханның қыздары үлеске салынуы туралы аңыз Орта жүз қазақтары арасында әртүрлі нұсқалар түрінде кеңінен тарағаны байқалады. Мысалы, М.Тынышбаевтың еңбегінде: «Қазақ руының шежіресінен... «Есім ханның жорығы туралы: Арғынның батырлары Қатаған халқына бір шабуылдан кейін қырық тұтқын қызды бөліске салған; сонда Шаншар Нұрбикені, Қарпық Дәулетбикені, Байбөрі Оразбикені, ал, Тобықты руы Қоңырбикені алды. Бұлар Қатаған руы басшысының қыздары болатын», – деп оқимыз»[897], – деп жазылған.

Бұл келтірілген мәліметтер Тұрсын хан қыздары мен олардың нөкерлері, шынында да, қазақтың көрнекті азаматтарына жар болып, текті әулеттердің анасына айналғандығына күмәндануға жол бермейді, дегенмен, аңыздар мен жырларды, жалпы, фольклор үлгілерін айтушылар өзі айтып отырған шығарманы өз мақсаттарына сәйкес өзгертпей қоймайтынын аңғартады.

Қосымша деректер болмағандықтан, біз Олжаш батырдың нақты қай уақытта өмір сүргенін білмейміз. Ал, Шығайұлы Есім хан жырда көрсетілгендей ХVІ ғасырдың бас кезінде емес, ХVІ ғасырдың екінші жартысы мен ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген. Аталған ханның нақты қай жылы туғаны туралы мәліметті таба алмасақ та, оның Қазақ елінің тағына 1598 жылдан бастап отырғаны анық. Осыған қарап, Олжашты да ХVІІ ғасырда өмір сүрген тарихи тұлғалар санатына қосуға болар еді. Бірақ бұған жырда кездесетін өзге де анахронизмдер Олжаштың өмір сүрген дәуірі эпоста дәл көрсетілген деуге мүмкіндік бермейді. Мәселен, анахронизмнің мына үлгісін алайық:

 

Қара би Майқы ұлы – ақылшысы,

Ойшылы – Асан қайғы отағасы, –

 

деген жыр тармақтары бар.

Майқы биді түркі тектес халықтардың бірқатары өздерінің арғы атасы деп есептейтіні, «Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы – Майқы би» деген қанатты сөзді олардың әрқайсысы-ақ айтатыны, кейбір шежірешілер оны Шыңғыс ханның замандасы деп білетіні белгілі. Сондықтан оның ұлы Олжаштың ақылшысы болғанына ешкім сене қоймас. Сол сияқты Асан қайғының өмір сүрген кезеңі басқа.

Асанның ХVІ ғасырда өмір сүрген кісі ретінде бейнелеп отырған Олжаштың ойшылы ретінде ауызға алынуы қисынсыз. Оның үстіне жырда Асан қайғы мен Олжаштың ұлы – Асан – екеуінің бірлесіп, Жиделі Байсынға қоныс аударғаны да айтылған.

Жалпы, түркі халықтары әз тұтқан тұлғалардың бұл шығармада Олжаштың ойшылы, ақылшысы ретінде қызмет атқаруы, тіпті, олардың бірі Олжаштың ұлымен де үзеңгілес болып шығуы М.Әуезовтің: «Тарихи жырлардың батырлық эпостан жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық баяндауға тән объективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей қабылдаған автордың әсері араласқан субъективтік баға басады»[898], –䀠舚舚舙舚Ȟ舟Ȝ耐ɍȟ舠ȥ舡舥Ȟ舚舥舠舥Ȟ耐ȚȠȫ舝Ƞ舫ț耐舚Ƞ舝Ț舡艗Ƞȫ舠ȚȚȫ耗ȑȘȠ舜ȢȜ舛ȥ舠ȝȘȠ舚舥ɑ舝艴ық эпостан жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық баяндауға тән объективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей қабылдаған автордың әсері араласқан субъективтік баға басады»[1], – деген ой қорытындысын еріксіз еске түсіреді.

Тарихи жырлардың көдағы Есім хан мен Олжаштың арақатынасынан да байқалады. Жырда Есім ханның бас кейіпкерден әлдеқайда төмендетіле бейнеленгені Есімнің Олжаш жоқта елін шапқан жауға өз бетінше ешқандай қарсылық көрсете алмай, Олжашқа хабар беріп, хабарды естіп келген Олжашқа әскер жинап берумен ғана шектеліп, жорыққа қатыспауынан, Есім хан тірі тұрғанда Қатаған қыздарын Олжаштың үлестіруінен байқалады. Бұл жерде бас кейіпкерді дәріптеудің ежелден келе жатқан дәстүрлі тәсілі қолданғандығын ұғыну үшін жалпы әлем эпосы үлгілерінде бас кейіпкерді әсірелей көрсетудің жиі қолданылатын тәсілі туындының бас қаһарманы сол елдің билеушісінен басым түскенін суреттеу болып табылатынын еске түсіру қажет.

 

 

§ 10. Мақал-мәтел, жаңылтпаш

 

Мақал-мәтел де, жаңылтпаш та бір дәуірде пайда болып, қалыптаса қалған жоқ. Өзге жанрлар сияқты олардың да бастауы ежелгі дәуірлерде жатыр. Сондықтан мақал-мәтелдің де, жаңылтпаштың да алғашқы түрлері аңшылық пен бақташылыққа байланысты болуы түсінікті. Кейін өмір тәжірибесін жинақтау барысында әр дәуірде олар түрлі тақырыпта дамыған.

Мақал-мәтел – халық әдебиетінің қоғамдық құбылыстарды кең қамтып, өмірдегі әр қилы қарым-қатынастарды әсерлі, көркем бейнелейтін тақырыбы, идеялық мазмұны бай, ең бір мол cаласы. Мақал-мәтел дегеніміз халықтың нақыл сөздері, белгілі бір ойды ықшамды түрде, ұтымды, өткір етіп, айтып беретін кестелі сөз.

Мақал – өмірден, тәжірибеден туған, қоғамдағы сан қилы құбылыстарға берілген баға, қорытынды, түйін.

Мақал толық тұлғалы болады, ойы тұтас келеді, әдетте, ол бірнеше толық сөйлемнен құралады. Ал, мәтел мақал сияқты толық сөйлем түрінде құрылмай, сөз тіркесі қалыптасқан, нақышты, орамды сөйлемше түрінде жасалады. Мәтелде айтылатын ойдың ізі, тұспалы ғана болады, ол ой мәтел сөз орайына келтіріліп, сөз қосылып айтылғанда ғана толысып, жетіліп тұрады. Мысалы, «Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен», «Берсе – қолынан, бермесе – жолынан», «Көңіл қалмас, көйлек жыртпас», «Асын ішіп, текеметін тіліп» деген сияқты мәтелдер сөз арасында сөз қосылып айтылғанда мақалға тән тиянақты қорытындыны білдіріп, құлпырып, шыға келеді. Бұл мәтелдерде белгілі бір құбылыстарға берілген баға, қорытынды, адамның кейбір іс-әрекетіне мінездеме бар. Мәтел – «Жұмған аузын ашпау», «Ат-тонын ала қашу», «Қырғи қабақ болу», «Төбесінен тік тұру» сияқты қалыптасқан сөз тізбегі, жай идиомалардан басқарақ болады. Мәтел мақалға өте жақын, жанасып, жуысып тұрады. Кейде, тіпті, мақал мен мәтелдің жік арасын айыру да қиынға соғады.

Мақал-мәтел көрегендік, сезгіштіктен, түйіндеуге шеберліктен, келістіріліп, мәнерлеп айтқыштықтан туады. Қилы-қилы өмір құбылыстарына бойлап, оның сыр-сипатын көңілге бірден ұялайтын көркем бейне, теңеу тауып, ықшамды, тұжырымды етіп суреттеу – мақал-мәтелдің ең бір басты қасиеті. Мақалда халықтың ғасырлар бойындағы еңбек, өмір тәжірибесі небәрі бірнеше ауыз сөзбен тұжырылып беріледі. Мақалдың бас-аяғы жинақы келеді, онда артық сөз, шұбалаңдық болмайды. Мақал өмір шындығын әрі дәл, әрі көркем тұжырымды етіп бейнелейді.

Сондықтан әр дәуірдің өз тұжырымы болатындықтан мақал-мәтел ежелгі дәуірлерден қалыптаса бастаған. Соның дәлелі – «У жесең – руыңмен», «Үйде көпті түзде жау алмайды», «Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін», «Ағайынның азары болса да, безері болмайды», «Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі», «Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде», «Тай тулап, үйірінен шықпас» деп, әр рудың ішіндегі бірлік, ынтымақтың берік болуын көздеген мақалдар рулық қоғам тұсында туған. Кейбір ру басшылары өзі билеп, басқарып отырған жеке рудың бірлігін сырттай қорғағандай болып отырып, сол ру бірлігін бетке ұстап, ру ішіндегі теңсіздікті, қанауды бүркемелеуге тырысады. «Туысы бірге түтпейді, түбі бірге кетпейді», «Атасы басқамен аң аулама, атар да, жанына байлар» деген мақалдар да сол рулық қоғам туғызған мақалдар. Ал, рулық қоғам ыдыраған кезде: «Ағайының барда дұшпаным жоқ деме, абысының барда күндесім жоқ деме», «Ағайын ағарып, алдымда болмасын, қарайып, артымда қалмасын» деген сияқты мақалдар туып, патриархалды қоғам ішінде бақастық, күншілдіктің күшейе түскенін аңғартады.

Ал таптық қоғамдағы мақалда теңсіздік, бай, болыс, би, төрелердің жағымсыз қылықтары аяусыз әшкереленіп отырады. «Би екеу болса, дау төртеу болады», «Биің қылаң болса, елің ылаң болар» деген мақалдардан елдегі дау-шар таласты шешуде билердің кей-кейде өз пайдасына қарай төрелік айтып, мүмкін болса, талас-тартысты өздері әдейі күшейте түсіп, сол арқылы байитыны аңдатылады. Халық мақалы кейбір би-төренің парақорлығын шенеп: «Төбе басы – тайғақ, төре аяғы– маймақ», «Қансоқта жеп, ит семіреді, пара жеп, би семіреді» дейді. Елді қанау арқылы байыған пысық байдың мейірімсіздігінен «Бай мейірімінен күн мейірімі» деген мақал туады. «Қойды құртаң бүлдіреді, елді сұлтан бүлдіреді», «Төреге ерген ер-тоқымын арқалар» деген сияқты мақалдардан халықтың үстем тапқа наразылығы айқын көрінеді. Сөйтіп, мақал-мәтел тап қайшылығы мен әлеуметтік теңсіздігі бар қоғамның ащы шындығын ашады.

Хандық дәуір тұсындағы мақалдарда үстем тап ханды мадақтап: «Ханда қырық кісінің ақылы бар», «Қайғың болса, ханға бар, қарның ашса, биге бар», «Халық қаласа, хан түйесін сояды» деп, оны данышпан, ел қамқоры етіп танытпақ болса, ханнан зорлық, зомбылық көрген халық «Хан сыртынан жұдырық», «Қайғысыз хан семіреді», «Ханның басын хан алар» деп ханға деген өз ыза-кегін білдіреді. Ханның алғыш, парақорлығын шенеп, «Барма ханға, өзі келер малға, барма биге, өзі келер үйге», «Бай қасына барып, бақыр болмасаң, маған кел, хан қасына барып, басыңды алмаса, маған кел», – дейді халық мақалында.

Мақал-мәтелдер қамтымайтын қоғам өмірі, шаруашылық, халықтың рухани тұрмысының саласы кемде-кем. Еңбек, шаруашылық, адамның күнделікті тұрмысы, мінез-құлқы, салт-санасы, еңбекші халықтың қоғамға көзқарасы, қанаушылыққа, зорлық-зомбылыққа наразылығы – бәрі де мақалдарда мол орын тапқан.

Қазақ мақалдарының көпшілігі еңбек, шаруашылықпен байланысты. Еңбек жайындағы мақалдар еңбекші бұқараның жүздеген жылдар бойындағы еңбек тәжірибесін қорытып, алуан-алуан кәсіп түрлеріне халық көзқарасын білдіреді. Халық мақалы: «Еңбек етсең – емерсің», «Істесең – тістерсің», «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды», «Еңбек түбі – мереке, көптің түбі – береке», «Еңбегіне қарай өнбегі», «Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар» деп, тұрмыс негізі еңбек екенін көрсетеді. Енді бір топ мақалдар: «Жалқау жатып бұйырады», «Еріншекке ошақтың екі бұты айшылық жер» деп, жатып ішер жалқау, керенауларды сынайды. «Еңбегі ештің күні кеш» деп, жұмыс істемейтін керенау, жалқаулар өмірінің мағынасыздығын аңғартады.

Еңбек туралы мақалдардың ішінде жеке меншікті, өзімшілдікті уағыздайтын, ескі сананы бейнелейтін: «Киіз кімдікі болса, білек – сонікі», «Ер егіз, еңбекте жалғыз», «Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар, кісінікі дегенде, анау-мынау ісім бар» сияқты мақалдар бар. Бірақ халық еңбек жеке адамның өз қажетіне жетуінің, тұрмысын түзетуінің тетігі деп қана ұқпайды. Еңбек ету зор адамшылық қасиет, еңбек қоғам өмірінің тірегі деп біледі. «Тек жүргенше, тегін істе» деген мақал қалайда еңбексіз, әрекетсіз бос жүру дұрыс емес деген ойды түйеді. «Тере берсе, тезек те қызық», «Орайы келсе, орақ ор», «Кезі келсе, кетпен шап» деген мақалдар жұмыстың жаманы жоқ, еңбек етудің өзі қызық, қуаныш деген халық ұғымын байқатады.

Көп заман кәсібінің ең басым түрі мал шаруашылығы болған қазақ халқында, әсіресе, төрт түлікке байланысты мақалдар жиі кездеседі. Мал туралы мақалдарды қай түліктің шаруаға жайлы, жайсыздығы, әрқайсысының жеке қасиеттері айтылады. Қазақ мақал-мәтелдері түліктің ішіндегі ардақтысы жылқы малы дейді. «Жылқы – малдың патшасы», «Таяқ тайға жеткізер, тай құнанға жеткізер, құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер», «Ат ұстаған азабынан құтылады», «Жонға салсаң – жүйрік, жолға салсаң – жорға», «Ат қадірін білмесең, жаяушылық берсін сазаңды; ас қадірін білмесе, ашаршылық берсін сазаңды» деп, әрі сауын, әрі көлік және ойын-сауық, той-жиындардың салтанаты – жылқыны ардақтайды. Қазақ халқының жылқыны артық көретіні сонша, жүйрік арғымақ, тұлпар туралы мақалдар астарлы мағынасында адам бойындағы жақсы қасиеттерді ғана бейнелейді. Мұндайда мақалдың бір, не екі жолы жақсы ат туралы болса, ал соған жалғас жол адамдық қасиетке арналады. Мысалы, «Ат ерінді келер, ер мұрынды келер», «Ат сүрінбей, жер танымас, ер сүрінбей, ел танымас», «Жомарт жоқтығын білдірмес, тұлпар тоқтығын білдірмес», «Ат қадірін жоқ білмес, ас қадірін тоқ білмес».




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 839; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.035 сек.