Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туралы жырлар 4 страница




Көктөн бийик эмне?-

 

деп, еліне сауал тастайды. Бұл сұрақтарға ешкім жауап бере алмай, қарт шешендер өздері былайша шешіпті, Балаби:

 

- Жерден ауыр дегенім - ақыл, білім.

Судан терең дегенім - оқу, ғылым.

Оттан ыстық дегенім адамның фани жалған өмірі,

Көктен биік дегенім - тәкаббардың көңілі [874], –

 

десе, қырғыз шешені:

 

- Жертап болсаң, айтқаныңнан артық етер,-дейді.

...Хан: - Мен не дедім, шал не деді? Соны айырыңдар, оны айыруға бір ай уақыт берем. Айыра алмасаңдар, қырқың да өлесіңдер[1], - деді.

«Аяз би» ертегісі мен құмықтың «Қарт және уәзірлер» атты ертегісі типтік көрінісден оор дегеним - акыл.

Оттан ысык дегеним - адамдын өмүрү.

Суудан терең дегеним- окуу, билим

Көктөн бийик дегеним - көйрөң адамдын көңүлү[1], –

 

де п жауап бер іпті. Бұл мәтіндердің мақсаты – дананы көрсету. Мұса мырзаның жауабына қанағаттанбай, Байдалы қариге айтар сөзі арқылы жасалған. Бұл жағдайларда шешен – сәлем жолдаушы, екеуінің де жүруден қалған, қартайған кезі, яғни бұл тәсіл қарт билердің типі үшін қажет. Байдалы: «мен төрт түрлі дертке ұшырап қалдым, бұған ем тауып берері бар ма екен, айтып келші», Жидебай батыр: «Соған (Қарамендеге) айтатын бір сәлемдерім бар еді, соны жеткізе келші», - дегенді әуелі айтып алады. Бұл сәлемдемелерде жұмбақ бар, мәнісін ашуға ақыл, ой керек, сондықтан олар кез келген адамға жолданбайды. Өзінің сөзін түсінетін адам екендігін Байдалы «аты аталған адамды білерлік адам деп естимін», - деп танытады және шешеннің сәлемдемесін алқа-қотан отырған көпшілік шеше алмай, сол адамның ғана дұрыс түсінгені мәтіннен айқын көрінеді. Жидебай батыр Қараменде биге сәлем жолдаса, ол оның жастық шағының досы, өзіне тең, қатар деңгейде.

Байдалы мен Жидебай батыр сәлем жолдаушы болғанда, жауап берушімен тікелей байланыс, бетпе-бет кездесу жоқ, араға байланысшы жүреді.

Бетпе-бет кездесу болмағандықтан сәлем жолдаушы өзінің айтқан сөзіне көңіл тұшытарлық жауап алған-алмағандығы мәтіндерден байқалады. Оның анық көрінісі Сырым батырдың атына жолданған аманаттан байқалады.

Бір топ жолаушы арқылы Сырым батырға күңдікте жүрген Байбақты қызының жолдаған хабары да сәлемдемеге жатады. Әйелдің желкесінен және маңдайынан бір-бір тал шаш жұлып беруі, оң жақ қолтығынан және тезек теріп жүрген қабының бір бұрышынан бір жапырақ жыртып беруінде жұмбақталған мағына бар. «Мұны кім берді деп айтамыз?», - дегенде жолаушыларға әйел: «Сырымның өзі біледі», - дейді, бұл оның өзін күңдіктен құтқаратынына сенімділігі, символдық мәндегі жұмбағын шеше алатын ақыл-парасатына алдын ала сенгендігі.

Мұнда жолаушылар көпшіліктің рөлін көтерген, олар жұмбақты шеше алмайтындықтарын білдіреді. Бұл түсінікті, жауапты бір адам - тек қана адресат шеше алатын болуы керек. Сырым: «желкеден шаш алғаны туған жерім, туысқандарым артымда қалды дегені; төбеден шаш алғаны - содан бері мына бастан бірталай уақыт өтті дегені; маңдайынан шаш алғаны - әлі жаспын, өмірден үмітім бар дегені; көйлектің оң жақ қолтығынан шүберек жыртып бергені - қолтықта бауыр бар, мен сенің бауырыңмын дегені, Байбақтының баласы екенін осыдан білдім. Қаптың бұрышын бергені үйге тезекпен кіріп, күлмен шығып, күң болып жүрмін дегені»,- деп, әр нәрсенің мағынасын атап береді.

Сырым екі сыннан өтті. Бірі - әйелдің жұмбақты сәлемдемесін дұрыс түсінуі. Екінші - әйелдің күңдікте жүрген жеріне келгенде, сол ауылдың ақсақалы шарт қояды - біртүсті киінген 40 әйелдің ішінен іздеп келген адамын тауып алу, таба алмаған жағдайда, күңнің өздерінде қалатынын айтады. Сырымның адамтану қабілеті ашылады да, әйел атынан айтылған оның үш қасиетінің бірі - асқан даналығы сыр бүккен жұмбақты хабарды дұрыс түсінуінде, оны шеше білуінде. Ақыл құрал болған соң Сырым Байбақтының қызын күңдіктен құтқарып, ауылына алып қайтады.

Сырымға қатысты бұл сөзде оқиға қорытылған күйде, ал Байдалы мен Жидебай батыр сәлемдемелерінің жасалуындағы айырмашылық - сәлем жолдаған адамға екінші жақтан берілетін жауаптың көрсетілмейтіндігі, бұл сәлемдемелердің жасалуындағы тәсіл билердің абыройын көтеру мақсатын көздемеген. Сәлем жолдаушы Байдалы бидің де, Сырым мен Жидебай батырлардың да шешен типіндегі сомдалуындағы кемелдену қыры - сыншылдық қасиеттің қосылуы арқылы жасалады.

Бас мінесу тек ақындар айтысындағы тәсіл ғана емес, ол шешендік сөздерде де орын алады. Мәселен, Қаракесек қаздауысты Қазыбекке Қыпшақ биі «Арғынның арық биі, сөйле» десе, бір аста «қара ағаштай қалтия қалған қаралдысы жоқ бұл жатқаның кім?», «Ми сиярлық басың, шынашақ айналарлық шекең жоқ екен», - деп, екі би, нұсқада аты-жөндері аталмайды, бір-біріне тиіседі. Тоқа Шоң би мен Атығай Арық бидің арасында да осындай бас мінесуден жеке басты қорғау арқылы даудың шешілген жағдайынан көрініс берілген. Шоң би ірі денелі де, Арық би күйкі, кішкене, ажарсыз адам екен. Шоң би: «Арқаның арық биі, сапарыңыз оң болсын, еліңіз жүдеп шыққан екен», – депті. Сонда жауапкер Арық би екі жөннен сөзбен соққы береді, алдымен, өзінің жеке басына тиіскен сөзге «мен арық болсам, елімнің жоғын жоқтап, жүдеп келген болармын», – десе; екіншіден:

 

«Өлеңді жерде өгіз семіз,

Ұрылы жердің биі семіз», –

 

деу арқылы дау себебі – ұрланған малды да айтты, сондай ұрлықпен қоректеніп отырсыңдар дегенге меңзеп, қарымтасын қайтарады. Шоң би қарсы сөзге келмей, малын да, жолын да береді. Билердің бас қосқандағы мақсаты орындалады. Дауды шешуде тергеу процесі көрінбегенімен, нәтижеге қол жеткен. Ұрымтал жер – мал ұрлаған елдің айыпкер болып отырғаны даусыз мойындалған және сол елдің бас көтерген адамының денесінің артық толықтығы ұрлық малмен байланыстырылды, оған негізгі тірек «Өлеңді жерде өгіз семіз, өлімді жерде молда семіз» мақалын жағдайға қарай пайдаланып, вариация жасау арқылы әсер еткен.

Шешеннің творчестволық тип сапасындағы репертуары айқын көрінетін қыры – сюжет құрау, сөйтіп, мақал-мәтелдердің қолданылу аясын кеңейте білуі. Жиренше шешеннің:

 

- Ұшарымды жел біледі,

Қонарымды сай біледі.

Осыны сұрата жіберген

хан ақымақ па?

Сұрай келген сен ақымақ па?-

 

деп, қаңбақтың атынан сөйлеген сөзіндегі орталық маңыз – алдыңғы екі жолда. Курд мақалында оның да типтік көрінісі бар [876].

Ал «Өтірік пен шынның арасы немен айырылады?» деген Әз-Жәнібек ханның жұмбағы үшін ел кезген Жиренше «Өтірік пен шынның арасы бір-ақ тұтам жер. Оның мәнісі: көзбен көрген шын, құлақпен естіген өтірік. Құлақ пен көздің арасы бір-ақ тұтам ғой. Көзбен көрген анық, құлақпен естіген танық емес пе?» - деген жауап алатыны белгілі. Басқа нұсқаларда ықшамдалған күйде «Өтірік пен шынның арасы төрт елі» деп берілуі де бар. Осы мақалдық нұсқа түркімен [877] және монғол фольклорында да бар [878].

Билер батасы терме принциптерімен құрылған дидактика болғанда, салмақты мақал-мәтелдерге салады. Қошқарұлы Жәнібекке Қараби:

 

Қайтып кірер есікті

Қатты серпіп жаппағайсың

Қайтып көрер досыңа

Қайрылмастай сөз айтпағайсың

Осыны есіңе ала жүрсең, ешкімнен

Кем де, қор да болмайсың, –

 

деп, логикалық қорытындыны мақалмен жеткізеді. Ал Шақшақұлы Жәнібекке Төле би батасында: «Әйел алсаң, көріктіні алма, тектіні ал», «Ақылдың түбі құт болар», «Кәсіп болмай, нәсіп болмас» деген мақалдар пайдаланылған.

Шешен атанудың бір сыры – қапияда сөз тауып кету десек те, шешендердің кейде әлдебір жағдайларда іштей дайындалып, ширығып жүретін кездері де бар. Мысалы, Көкпек Уатай бидің жер-суын қоритынын біле тұра, Құлдық шешен Бақшақ елінің көшін тынықтыру үшін сол араға саналы түрде қондырады. Көштің қонғанын естіп, қасына 5-6 жігіт ертіп келген Уатай бидің: «Бұл жерге саған кім қон деді?» - деген сұрағына «Ақылым қон деді», - дейді. «Ақыл қалай қон деді?» - дейді Уатай. Осылайша шешен өзін жауаптап тұрған адамды абстрактылы ұғыммен қызықтырып алды да, оның көңілін келе жатқан мақсатынан бөлді. Енді кеңірек сөйлесуге болады.

 

Ақылым: «Ақпан соқса өлмейсің,

тоқпан соқса өлмейсің.

Уатай бір соққанда қата қаласың ба?

Сен бір қонғанда

Сарыкөлдің суы орталанар деймісің?

Көсіктінің оты орталанар деймісің, қон-қон деді» [879], -

 

деп, бидің көңіл тарлығына жол бермей, сөзбен жығады. Тарлық жасауға еркі қалмай, «ой, тілі кесілгір, қона ғой! Сенің азғана малыңа су да тартылмас, шалғын да жапырылмас, бес-алты күн ерулеп көшерсің», - деп, кеңдікке салып кетеді. Бұл қарсы келген адамның алдын сөзбен орау әдіс-тактикасы.

Құрмысы шешен мен елдің әкімі Зілғара арасында да осыған ұқсас әдіс бар. Жер қорыған Зілғара әкім қой жайып жүрген Құрмысыны көріп, шауып келеді. Сонда Құрмысы:

 

- Зілғаражан, ағаң қалып еді суалып,

Қонақ келсе, сасып қалушы еді ұялып.

Бір азғана қой жиып беріп едіңдер,

Қонақ келгенде отырсын деп жұбанып, -

 

деп, өзінің қалайша малды болғанын баян етіп, менің жайым осылай, сен қалайша маған қарсы боласың дегенге меңзеп:

- Ағаңа бір аз ғана қой бітті деп,

Шауып келесің бе сонша қуанып?! [880], -

 

деп, сөзбен алдын орайды да, әкім «Ой, тілің кесілгір» дегеннен басқаны айта алмай, кетіп қалады.

Қазақ шешендік сөздерінің жасалуында сөз ойнату әдісі де, дыбыс үндестігін пайдалану тәсілі де қолданылады.

- Менің не аты-жөнімді сұрайсың, бала? Өз атым - Ақсуат, жайлауым - Бұйырғын. Әлімнің ортасындағы бір қазығымын,- дейді Ақсуат.

- Би, жөн білсең, суатпын деп мақтанба. Ең жаманы - суат, басынан соқпақ кетпейді. Қазықпын деп мақтанба, мүлік жаманы - қазық, басынан тоқпақ кетпейді. Бұйырғын деген шөп болады, жеген жылқы тоқ болады. Тоқ жылқыны сойылдап аларман айдаса, лезде жоқ болады,- депті Сырым [881]. Шешен менменсіген бидің ныспысын да, жайлауын да, өзінің бағасын да есім, зат ретінен талдап, оның не мүжіліп, не жойылатын нәрселердің материалдық күйіне теңеп, сөз ойнату арқылы икемге келтіреді.

«Ал баланы ат босағада тепсе, бүтін құн аласыздар,

Жабықта тепсе, жарты құн,

Төрде тепсе, төрттің бірін аласыздар» дегенде құн төлеудің ерекшелігі бұлайша болмайтындығы белгілі, бұл дыбыс үндестігін пайдалану арқылы жасалған.

Би, шешендердің репертуарында, сондай-ақ, ым, ишараны құрал ететін жағдайлар да бар. Даугерлердің сөзін тыңдаған соң Төле бидің қолдары мен еріндерін кезек көтеруі, Сырым батырдың «басқа пәле - тілден» дегенді білдіру үшін басын шертіп, тілін көрсетуі – осының айғағы. Ым, ишара ертегілерде де бар. Ал бұл тәсіл, шындығында, генетикалық тұрғыдан сайқымазақтардың диспутынан басталады [882].

Орта ғасырларда жазба ескерткіштердің алғашқылары бірден төлтума, нақты авторлы болмайтыны түсінікті, ол өзіне дейінгі фольклорлық мәтіндермен қоса сарындарды белгілі дәрежеде еркінше түрлі тәсілмен (вариация, дамыту, т.т.) пайдаланғаны сөзсіз. Түркі аумағында, тіпті, монғолдықтар үшін де, шешендік сөздердің кең таралуында жазба ескерткіштердің байланыс қызметі жоққа шығарылмайды.

Қазақ шешендік сөздерінде типтердің әлеуметтік мәртебесіне қарай жауапқа айырмашылық енгізіледі. «Аста тұз тәтті, дүниеде дос тәтті» деу Сырым батырға, «білімдімен білімсіздің арасынан алыс жоқ, жаннан тәтті жоқ. Бала қанша жақсы болса да, жан шығарда адамның өз жанынан тәтті жоқ. Жақында – ажал жақын» деп, өмірде көпті көрген қарт Байдалы бидің айтуына лайық жауап жасалған.

Шешендік сөздердегі мазмұн тұрақтылығын сақтайтын қаңқалар жанр табиғатын ашуға, сөйтіп, классикалық дана типінің шешен типіне әсер ететін басты мазмұндық сипатын ашуға құрал ретінде танылады. Жалпы, шешендік сөздер сөз жобасы мен ой қазығын сақтау бойынша жасалып, сақталған. Сөз жобасы аз-кем өзгерістердің болуына жол бергенімен, ой қазығы басты идеяны берік ұстайды.

Ш.Уәлиханов «шешен» сөзі көне монғол тілінде ақылман деген ұғымды беретінін байқаған [883], өйткені, монғол тіліндегі шешен сөзінің бірінші мағынасы – топ басшысы деген ұғымды береді. Шыңғыс хан бабаларының сэсэн атанғаны олардың хан мәртебесімен байланысты, яғни, өз ортасындағы басшы, дана, ақылман. Қазақта Балаби, қырғызда Алчыкенің жұмбағын жиналған көптің ішінен ешкімнің шеше алмауы немесе Мұса мырзаның жауабына қанағаттанбай, Байдалы қарттың жауапты өзінше жасауы да қарттарды дана етіп көрсету мүддесінен туған. «Шешен» сөзінің мәні ұғым ретінде о бастағы түбірінен ажырап кетпесе де, қоғам дамуы барысында түрлі тарихи кезеңдерді бастан кеше отырып, белгілі дәрежеде танымдық сапасын өзгерткен. Яғни бүгінгі таңда қызыл тілге жүйрік, поэтиканы құрал ете сөйлейтін адамдарды шешен деп таниды, демек, шешендік сөздердің фольклорлық қызмет ауқымы тарылған.

 

 

§ 9. Тарихи жыр

 

Жалпы сипаты. Тарихи жыр – қазақ фольклорының ішіндегі ерекше жанр. Оның жанрлық табиғатын тануда зерттеушілер әртүрлі пікір айтқан болатын. Бір оқымыстылар оны батырлық эпостың кейінгі дәуірлерде туған түрі деп, оған «кенже эпос» деген атау берсе, басқа ғалымдар оны жеке жанр ретінде қарастырған. Соңғы пікір ғылымда орнығып, тарихи жыр арнайы монографиялық түрде зерттеудің объектісіне айналды, оның ішкі жанрлық түрлері де біршама зерттелді. Сөйтіп, қазақ фольклорының даму барысында тарихи жыр эпикалық жанрдың ежелгі формасынан жаңа сипатқа көшкенін, оның шындыққа жақындай түскенін көрсететін бір саты екенін айқындады.

«Тарихи жыр» ұғымын кеңірек мағынада түсінетін болсақ, оған ел тарихының, халық өмірінің маңызды кезеңдеріне арналған эпикалық, сондай-ақ бірен-саран лиро-эпостық туындылар жататынын көреміз. Әрине, тарихи жыр көркем шығарма болғандықтан, онда өмір сол қалпында суреттелмейді, қайта тарих фактілері мен оқиғалары көркемделіп, біршама өзгертіліп көрсетіледі. Тарихи шындықты, болмысты фольклор да, әдебиет те, өнер де дәл сол күйіндей бейнелемейді. Әсіресе, фольклорда өткен заман оқиғалары тұтастанып, бір дәуірге шоғырланады, сондықтан әр шығармадан нақты болған тарихи оқиғаны, істі, фактіні сол қалпында болады деп іздеуге болмайды. Фольклорда уақыт тұйықталады, кеңістік жиырылады, іс-әрекеттер әсіреленеді…

Тарихи жыр болған оқиғаның ізінше қолма-қол тумайды. Керісінше, оқиғаға қатысушылар өз көрген-білгендері мен батырлардың ерлік істері туралы әртүрлі аңыз, әңгіме, өлең туғызады. Арада біраз уақыт өткеннен соң, не көзкөргендердің ішіндегі мықты бір ақыны, немесе басқа бір талантты жыршы баяғы шағын өлеңдер мен аңыздар негізінде өзінше сюжет құрап, жанынан қосып, қайта жырлайды. «Жырлардың авторлары, – деп жазады Мұхтар Әуезов, – көбінесе сол оқиғаларды көзімен көрген тұстастары. Авторлар көзімен көрген, өздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына қарай сап-сабымен баяндайды»[884]. Тарихи жыр, түптеп келгенде, батырлық жыр мен тарихи өлеңнің аралығындағы жанр десе де болады. Тарихи өлең әңгімеленіп отырған оқиғаның ізінше пайда болады да, ел арасына тез тарап кетеді. Кейін сол өлеңдерде айтылған оқиғалардың негізінде көлемді шығармалар туады. Олар бірте-бірте циклденіп, үлкен жырға айналады және оған басқа да тарихи шағын өлеңдер енеді. Содан барады да үлкен, эпикалық тарихи жыр пайда болады. Ахмет Байтұрсынов айтады: «1879-1880 жылдары болған «Қоян» қыстың жұты турасында шығарған өлең болушы еді. Сонда қыстың қалай болғанын, елдің қандай жұтағанын, қандай аштық, азап тартқанын айтушы еді. Сол өлең осы күнге дейін сақталған болса, о да тарихи жыр болады»[885], – деп. Ахмет Байтұрсыновтың бұл сөзінен тарихи өлең белгілі бір оқиғадан көп ұзамай туатынын, ал, уақыт өте келе ол өлеңнің жырға айналатынын аңғаруға болады. Міне, осылай тарихи жыр жанрының пайда болуы мен даму жолдарын, оның бірте-бірте үлкен батырлық жырға айналатынын да көреміз. Бізге жеткен көптеген батырлық жырдың даму жолы осындай. Әлбетте, батырлық жыр тегіс бұлай дамымайды. Батырлық эпостың құрамында миф те, ертегі де, аңыз да кездеседі. Кейбір эпос тек солардан тұрады.

Тарихи жыр да саф таза күйінде болмайды. Ол өз бойына басқа жанрлардың да, әсіресе, батырлық эпостың қасиеттерін сіңіреді. Бұл жанрдағы туындылар көбіне батырлық эпостың поэтикасын пайдаланады. Сол себепті, оларда ұқсастықтар мол, бірақ олардың айырмашылықтары да аз емес. Батырлық эпоста оқиғаның жалпы, ұлы сорабы ғана сақталып, шын болған оқиға өте көмескіленіп, оған әртүрлі қиял-ғажайып нәрселер араласып келіп отырса, тарихи жырда әлі де болса ізі онша суи қоймаған оқиғалар да, оларға қатысқан адамдар да, олардың іс-әрекеттері де тарихи шындыққа біршама жақын болады және қиял-ғажайыптық белгілер мейлінше аз ұшырасады. «Тарихи жырлардың батырлық эпостан жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық баяндауға тән объективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей қабылдаған автордың (жыршының – С.Қ.) әсері араласқан субъективтік баға басады»[886]. Бұл екі эпикалық жанрдың өзгешеліктері мұнымен бітпейді. Қажым Жұмалиев айтқандай, «…эпостық жырлардың қаһармандары атса, оқ өтпейтін, шапса, қылыш өтпейтін, суға салса, батпайтын, отқа салса, күймейтін қасиеттері бар және Бабай Түкті Шашты Әзиз, қырық шілтен тәрізді бағып жүретін иелері бар адамдар болып суреттелсе, тарихи жырлардың қаһармандары олардай емес, ержүректі, күш-қайраты мол, оқ өтіп, қылыш кесетін жәй адамдар. Тарихи жырлардың уақиғалары да осы тұрғыдан құрылады. Тілі жағынан алғанда да, батырлар жырлары мен тарихи жырлардың айырмашылығы бар»[887].

Тағы бір айтатын нәрсе: батырлық эпос үшін шындық өмірді және оқиғаларды, батырлардың асқан ерлігін гиперболалық тәсілмен әсірелеп көрсету – басты идеялық-эстетикалық мұрат болып саналады. Эпостық тәртіп бойынша бұрын-соңды болған оқиғалар бір адамның бойына таңылып, олардың кәдуілгі қимыл-қайраты зор ерлік, жүрек жұтқан батырлық дәрежесіне көтеріле суреттеледі. Мұндай қаһармандық-эпикалық эталондар ұзақ жылдар бойы қалыптасады. Сол себепті батырлық эпоста көрсетілгеннің бәрі мүмкіндігінше кең диапазонды, монументальді сипатта суреттеліп, үлкен қорытындылар жасалады. Сондықтан мұнда тұтастанудың барлық түрі көрініс береді. Тарихи жырда идеялық-эстетикалық мұрат сәл басқаша. Мұнда үлкен оқиғаның жекелеген фактілеріне, бұқара қауымнан өзінің қайратымен, жүректілігімен, ақылымен дараланып шыққан кәдімгі адамдарға мән беріледі. Бірақ олар, яғни жеке факті де, адам да жалпы тарихи жағдайдан бөлек алынбайды. Тіпті, тарихи жырдың бүкіл мазмұнының өзі сол заманның оқиғаларынан туындап, өрбіп жатады.

Қазақ фольклорын зерттеушілер Кеңес өкіметі тұсында көбінесе ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған оқиғалар туралы тарихи жырларды қарастырды, ал ХХ ғасырға байланыстыларды, негізінен, ақындар шығармашылығы бойынша талдады, соның өзінде де 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті бейнелеген дүниелер ғана объектіге айналды. Мұның бірнеше себебі болды. Бір жағынан, компартия идеологиясының қысымы болса, екінші жағынан, көптеген дереккөздер жабық болды. Тек енді ғана, яғни Тәуелсіздік алғалы бері ежелгі мұрамызды, соның ішінде ертеде туған тарихи жырларды іздеп табуға, жариялауға және зерттеуге мүмкіндік туды. Қолдағы бар материалдарға қарағанда, қазақ тарихи жырларын мынадай дәуірлерге бөліп қарастыруға болатын тәрізді: а) ХIV-ХV ғасырлар; ә) ХVІІІ ғасыр мен б) ХІХ-ХХ ғасырлар оқиғаларын баяндайтын туындылар. Әрине, бұл шығармаларды сол дәуірлерде дүниеге келген деп есептеуге болмасы түсінікті. Олардың көпшілігі сол өздері суреттеп отырған оқиғалардан әлдеқайда кейін туған және хатқа өте кеш түскен. Сол себепті мұнда белгілі дәрежеде шарттылық бар екенін де ескеру қажет. Яғни біздің заманымызға жеткен тарихи жырлар көп ғасырды басынан өткерген, көп жыршының «қолынан» өткен, сөйтіп, алуан түрлі өзгеріске түскен. Оның үстіне тарихи жырлар – көркем фольклор түрінде жазылып алынған. Демек, осының бәрі тарихи жырларды зерттегенде фольклорда тарихи оқиға өзінше бейнеленетінін білуді қажет етеді. Бейсембай Кенжебаев дұрыс айтады: «Тарих пен ауыз әдебиеті (фольклор – С.Қ.) бірдей емес екенін де ескеру қажет. Тарихшы болған оқиғаны тыңнан, ойдан жаңалық қоспай, сол тарихта болғанынша тексеріп, талдап, айтып береді. Ол үнемі тарихтық нақтылы материалдарға сүйенеді, айтылған ойын, пікірін солармен дәлелдейді. Ал ауыз әдебиеті, ақын, жырау болған оқиғаның, тарихи адамның өмірбаяны мен істеген ісінің сүрлеуін, ізін, желісін ғана алады. Басқасын өзінің қиял дүниесінен шығарады, суретпен, пернемен, бейнемен айтып дәлелдейді»[888].




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 907; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.052 сек.