Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туралы жырлар 8 страница




Бұған ұқсас әдет-ғұрыптар қазақ халқында бертiнге дейiн сақталған. Оның ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысындағы бiр көрiнiсiн Х.Кустанаев былай сипаттайды: «...дәл осылай қазақтар балаларын ең алдымен сөйлеуге үйретедi, ол үшiн оларды шешен сөйлейтiн адамдардың сарқытымен тамақтандырады, олар сарқытпен бiрге шешендiк қасиеттiң балаларға берiлетiндiгiне шек келтiрмейдi, одан соң бала жүйелi сөйлеуге жаттығу үшiн түрлi түсiнiксiз сөздердi тез айтуға асықтырады»[904]. Бұдан жаңылтпаштың бала тiлiн шығаруға байланысты функция атқарғандығын да байқаймыз.

Жаңылтпаштың бала тiлiн жаттықтыруға байланысты қызметi – оның басты мiндетi. Бұл орайда, жаңылтпаштың тiлге ауыр оралатын дыбыстардан құралатынын ерекше ескерген жөн. Әсiресе:

 

Ара, ара, аралар,

Орманның бойын аралар.

Гүлдерден сорып бал алар,

Алысқа ұшып бара алар,

Бал тәттi ғой, балалар!-

 

деп келетiн «Р» дыбысына жаттығуға арналған жаңылтпаштар өте көп. Ендi бiр жаңылтпаштарда:

Есiк алдындағы отынның,

Шырпылырағынан ала кел,

Томарлылығынан ала кел,

Түбiрлiрегiнен ала кел,-

 

сияқты айтуға өте ауыр көп буынды сөздерден құралады.

Егер жаңылтпаштар тек тiл жаттықтыру үшiн ғана қолданылатын жанрлық түр десек, бiржақты кеткен болар едiк. Жаңылтпаш бойында сөз ойнатып, балаларды қызықтыра тартатын эмоциялық реңк, қисынды ұйқас бар.

Шiлiктi шаптым,

Жiлiктi астым,

Шiлiктi жақтым,

Жiлiктi шақтым,-

 

дегендегi «шаптым, астым, жақтым, шақтым» сияқты толымды ұйқаспен қоса бұл өлеңде сөздердi мағыналық жағынан да ойнату бар, бала сөздi тез айтуды ғана емес, логикалық қисынды бұзып алмауды да жадында сақтайды.

Жаңылтпаш мазмұнында халық өмiрiнiң түрлi қырларын таныстыратын танымдық детальдармен қатар, балаларды тағлымдық өнегеге баулитын ғибраттық сарындар да мол кездеседi.

 

Қамаштан көрiп қалашты,

Қалашқа Жарас таласты.

Бөлiнсiн десең қалаш тең,

Таласпа, Жарас, Қамашпен, -

 

тәрiздi кейiнiрек шыққан жаңылтпаштар бұл ойымызға дәлел бола алады.

Жаңылтпаштардың өлең құрылысы тым шағын, қарапайым болып келедi. Дегенмен, iшiнара:

Жаңбыр жауып келедi қар аралас,

Бiр топ қатын келедi шал аралас.

Тауға қайың бiтедi тал аралас,

Бiр топ сиыр келедi тана аралас,-

 

сияқты қара өлең үлгiсiндегi шумақтар да кездеседi. Немесе:

Айыр атанды жүк қартайтар,

Семiз қойды май қартайтар.

Күйгелек менiң атамды

Жас қартайтпас, ой қартайтар,-

 

тәрiздi нақыл деуге келетiндей жаңылтпаштар да бар. Жалпы, жаңылтпаштың ұйқасты, үйлесiмдi тiлмен келетiн өлеңдiк өрнегi де балаларға үлкен ләззат бередi.

Жаңылтпаш – қазақ балалар өлең-ойындарының iшiнде салмақты орын алатын тәрбиелiк мәнi жоғары, көркемдiк кестесi де күрделi жанрлық түрлердiң бiрi.

ІІІ-БӨЛІМ. ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ ФОЛЬКЛОР




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 693; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.