КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Ыз Жібек» жыры 4 страница
Бір кезеңнің үстінде құланға жетіп қалған Байбаш жорға болдырып құлайды да, зорығып өледі. Құландар сол бойда қашып кетеді. Ал, Махмұт ханның Байбаш жорғасы өлген кезең содан кейін «Жорғабел» атаныпты[824]. Бұл аңызда жердің аты шындыққа жақын оқиға арқылы түсіндіріледі. Тарихта дәл осындай факті болды ма, жоқ па – бегісіз, алайда, аңызда әңгімеленетін Ақтөбе қаласының қираған қалдықтары сақталған. Оны кезінде В.А. Каллаур толық сипаттаған. Сол кісінің және Ә.Диваевтың айтуынша Ақтөбенің қалдықтары бұрынғы Сыр-Дария облысының Әулие-ата уезіне қарасты Дмитриевка деп аталатын село орналасқан жерге жақын «Құлансай» деп аталатын аңғарда жатыр. Қаланың қалдығы өте көлемді, шеңберінің аумағы 30 шақырымдай, ал тауға кіре беріс жағында «Құлан қамалған» деген бекініс бар. Бекіністің қабырғасы өте қалың болған[825]. Өткен ғасырдың аяғында жарияланған бұл аңызда сол кезде ел аузында сақталған жер атаулары да берілген. Бұл да сол дәуір шындығының бір белгісі болса керек. Сонымен қатар аңызда баяндалатын құланға құмарлық бір кезде қазақ даласында әдетті іс болған. Ал, ескі Ақтөбе қаласы орта ғасырларда, яғни қазақ сахарасында жаппай құлан аулау тұсында гүлдеп тұрған[826]. Демек, «Жорғабел» кезеңінің бұлай аталу тарихын баяндайтын аңыз оқиғасы дәл сол қалпындағыдай өмірде болмаса да, сол орта ғасыр шындығына саяды. Бұл – аңыз жанрының басты қасиеті. Сонымен бірге бұл аңызда қайғылы сарын да бар, көркем қиял жоқ, мағлұматтық сипат басым. Ал, енді бірқатар аңызда қиял араласып, әңгіме мазмұны белгілі бір оқиғаға негізделмейді. Жалпы тарихи шындықпен байланысын үзбегенмен, ондай шығармалар деректі фактіден алшақ жатады. Сол себепті мұнда ойдан шығарылған эпизодтар, қоспалар болады, әңгіме біршама көркемделеді, сөйтіп, ол әпсана мен хикаят жанрларының сипаттарына ие бола бастайды. Мысал ретінде «Көк Төбет», «Ертіс толқыны» деген аңыздарды атауға болады[827]. Түптеп келгенде, бұлар – аңыз бен әпсана аралығындағы шығармалар. Біраз көркемдік қасиетке ие болуының арқасында бұл шығармалар мағлұматтықтан гөрі эстетикалық функция атқаруға жақын. Мұндай аңыздар ел арасында көбінесе сейіл құрып, тамашалау үшін айтылады, сондықтан айтушылар әңгімесін мәнерлей баяндауға тырысады. Дәл осындай қасиетті қазақ арасында жиі айтылатын алуан түрлі қыран құс, жүйрік ат, алғыр тазы туралы аңыздардан көруге болады. Мазмұны жағынан үндес келгенмен мұндай шығармалар жанрлық тұрғыдан әртүрлі. Бұл топта мифке де, хикаяға да, аңызға да, тіпті, әпсана мен хикаятқа да жататын шығармалар кездеседі[828]. Мәселен, әртүрлі аңдардың, құстардың пайда болуы мен олардың сырт пішініндегі, мінез-құлқындағы ерекшеліктерін бір себеппен түсіндіріп баяндайтын шығармаларды біз мифке жатқызамыз. Мұнда мифтік ұғым айқын сезіледі. Бұған үй жануарларының Шопан-ата, Жылқышы-ата, Ойсыл-қара сияқты аталары жайындағы әңгімелер де кіреді, бірақ бұларда әпсана мен хикаяттың да белгілері кездеседі. Ал, енді алғыр тазы, қыран құс, жүйрік ат жайындағы шығармалардың көбісі аңыз болып келеді, өйткені, олар шын болған фактіге негізделеді, я болмаса солай деп қабылданады. Мұндай аңыздар, әдетте, баяндалып отырған оқиғаны немесе әңгіме арқауы болып отырған жануарды көзімен көрген кісінің ауызекі әңгімесінен пайда болады. Ондай әңгіме бірден-бірге айтылып, елден-елге тарағанда ғана, яғни әңгіменің оқиғасы тұрақты сюжетке айналып, көпшілікке тарап, ел қажет кезде айтып отыратын болғанда ғана аңызға айналады. Әңгіме алғашында таза хабарламалық сипатта ғана айтылса, аңыз мағлұматтықпен бірге ғибарттық, сейілдік мақсатта да айтылады. Сондықтан алғашқы жай әңгімеге қарағанда аңыз көркемдеу, қызықтау болады, бірақ ол ешбір кереметтік (чудо) араластырмайды. Егер кереметтік элементі кіріксе, ондай шығарма әпсанаға немесе хикаятқа айналады. Бұл – аңыздың өзінен басқа әлдеқайда көркем жанрға, яғни әпсанаға, хикаятқа, тіпті, ертегіге де айналуының басты жолы.
Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 633; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |