Осылай адам сезімін сатылап, біршама дамыта көрсету – жалғыз бұл жырдың ғана емес, жалпы романдық эпостың табысы, бәлкім, бұл әдебиеттің әсерінен болған шығар. Бірақ мұнда әлі психологизм жоқ, ол фольклорға тән емес. Ғашықтық жырдың басты мақсаты – ерлікті емес, махаббатты жырлау, шайқасты емес, еркін сүйіспеншілік үшін күресті дәріптеу, сол себепті мұнда ел ішіндегі бейбіт өмір, халықтың тұрмысы, салт-ғұрпы молырақ көрініс табады, кейіпкерлер соғыс алаңында емес, имандылық майданында айқасады.
Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет
studopedia.su - Студопедия (2013 - 2025) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав!Последнее добавление