КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Кэрол Дуэк 22 страница
Мақұлбектің бұл «фактін» қостап сөйлемекке жарыса дауыстады Әлия мен Құлжан. Жаубасардың рұқсатын ала бұлтыңдап, құйқылжи жүгірген Әлия сахнаға алқына жетіп сөйледі. – Мен... бұл жолы... Мақұлбек жолдастың... әлгі фактіне қосымша болатын фактымды ғана... айтамын... басқасын кейін... Биғабіл кері төңкерістік ұйымын кеңейтіп жүрген сол шақта маған да сол амалын істеткен: бір кеште үйіне ерте келіп отырған Ынтықбай мен Күләннің үстіне бір топ сырластары келіп қосылысымен мені қарсы үйіне жетектеп шығып арақ құйды. Өзі де ішкен болып мені зорлап мас қылып тастады. Мен мастықта велосипетімді жетектеп үйге қайтамын деп шығып, адасып кетіппін... Һ–һ–һ...хиқ – Әлия күлкіден әрең тиылып сөйледі. «Осы намыссызды аламын деп те шатылыппын-ау!» деген жиренішпен тыжырына жаздым Әлияның «фактін». – Содан адасып жүріп есімді жиғанда таң ағарды. Биғабілдің үйіне қайтып келсем, бір топ кері төңкерісші әлі отырыпты. Биғабіл мен Ынтықбай кезек сөйлеп отыр екен. Терезесінен біраз тыңдадым да, өзім көрініп қалатын болған соң қайтып кеттім. Сондағы таң атқанша сөйлескен сөздерін өздері әшкерелесін! – Ондағы сөздерін өздері мойындамаса, кейін әшкерелерсіз!– деп Жаубасар Әлияны қайтарды да қатерлі бір сөз бастады. – Кері төңкерісші Биғабіл ұйымының қалай құрылғанын, не істемек болғанын жаудың енді өздеріне сөйлетеміз!– дей сала бір бүйірге қарап иегін көтеріп қалды. Ол қараған іргеден Нұралы түрегелгенде жүрегім зу ете түсті. «Сәйдаға еркектік біте қалса, Жаукеңе сенікі төңкеріс, сенікі төңкеріс дегізер» деген қалжыңы ұсталғаннан бері Нұралыны қысып-қинап тексеріп жатқаны мәлім еді. Сонымен қорқытып, бүтіндей жоққа мойындатқанын түйсіне қалдым. «Шын жалақорлардың жаулығынан мына қорқақтың жаулығы қиын болар-ау, бұл біздің ісімізге қатынасқан бейнемен былжырайды-ау енді!» деп қауіптендім. Сахнаға тым сұрқсыз ілбіп шығып, әшкерелеуші орнына тұқыра келіп тоқтады Нұралы. Бұйра шашы ұйпа-тұйпа. Тіпті жіңішкеріп кеткен ұзын мойыны үзілердей төмен созылып, жуан басын өредегі асқабақша салбыратыпты. Жаубасар қасиетті дұғаларын, «мойындаушыларға кеңшілік, тоңмойынға қаталдықтан» бастап шұбыртып жіберіп, қысқаша нұсқау берді. – Кері төңкерісші Биғабіл ұйымының тіректі мүшесі болып келген Нұралы ақиқатқа қайтты. Бүгін қылмысын көпшілік алдында танып, толық әшкерелеуге шықты. Бұған қатты позиция қолданбаңыздар! Егер қайта айныса, көргілікті сонан соң көреді! Ал, сөз бердік! Нұралы жанқалтасынан бірнеше беттік қағазын алып, қалтырата оқыды. – Кері төңкерістік бұл ұйымға мен 57-ші жылы жаз басында тартылдым. Биғабіл тартқан. Оңтүстікке жер аударылатын студенттердің халін, Іле облысының мәдениет, оқу-ағарту жолының буылғандығын мысалға ала сөйлеп келіп, ұйымның ең жоғары мақсатын Биғабіл маған былай түсіндірген: «қазақтың үш елдегі үш отауының басын қосып, қазақтың тәуелсіз дербес мемлекетін құрамыз» деген!... Нұралы «әшкерелеу» сөзін осылай бастады да «ұйымымыздың, Биғабіл жасаған программасы» деген атаумен үш-төрт тармақты бірдемесін шұбырта оқыды. Соңғы тармағын, «ұйымның расходы кітап магазиндерінен кітап ұрлап сату жолымен қамдалады. Бұл міндетті оқушылар орындайды деп оқыды Нұралы өз қағазынан. – Ей, «жалпы ұрлық жолымен қамдалады» деген сөз еді ғой!– деп мұны Жаубасар осы «әшкерелеу» үстінде зекіріп түзетті. Нұралы сонсоң ұйымның бастығын, орынбасарларын, ұйымдастыру «уәзірін», үгіт-насихат «уәзірін» тұрақты басалқаларының аттарын шұбырта атады. Оқып болысымен активтер үдере түрегеліп, «жоғалсынның» астына ала, ұрандата жөнелді. Өзім де түрегеліп аңыра қарап қалыппын. Аты аталған «ұйымдастарым» менің жайымды білетін жұртшылық түгел аңқиды маған қарап. Мыңдаған көздер түгел бадырайып, жарқырай түсті. Әділетті тергеушім, сөйтіп, «жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты». Мына алып жершарын тырнақтарымен жарып, ең «түбінен» тажал қасқыр тауып шығарған саптастарыңыздың кереметіне сақылдап-ақ күлген шығарсыз. Бұл ашкөз тік құлақ жер бетінде тірі қылмыс қалдырар ма, сіз қуанбай кім қуанбақ!
IV
– Өз саптасың да жала жаба ма!... Сөйле! – Бұл тіпті үлкен жала жауып тұр! – Өзін-өзі қоса әшкерелеп тұрса да жала ма! Өзіне-өзі қас қыла ма! Өзіне-өзі жала жаба ма! – Шын қорыққанда өзіне-өзі жала жабу түгіл, өзін-өзі бауыздап тастайтындығын да көргесіз ғой. Отқа секіріп түсіп те кетеді!... Бұл қорыққалы бір айдан асып кетті. Қаншалық зорланғаны шырайынан да көрініп тұрмай ма! Алдымен Сәйданың күресінен қайтқандағы өз сөзінен қорықты. Сонан соң сіздің салған тезіңізден қорықты. Ол тез Нұралыны артына қарай иді. Қайқайып, белі үзіліп кетерде аузына не салсаңыз соны жей береді. Не десеңіз соны дей берді бұл ұждансыз! Мойындап тұрған ұйымы, бізде болмаған! Тіпті, біздің құруымыз мүмкін емес ұйым! Мәселен... Шу ете түсті активтер, бір тобы сахнаға лап қойып, мені қоршай шулады. Тоқбақтай жұдырықтар көзіме, иегіме, құлағыма, мұрныма... тіпті, құйрығыма, бүйіріме... бар жеріме тірелді. Орын тауып тіреле алмаған жұдырықтар ыршып-шоршып аспанда жүр. Қуыс бастар ұрандатып-борандатып тұр. Езуден шашылған көбіктері қарша борап, біздей қадалады. Жауып жатқан тіл оқтарының ішінен сасығы аз бір ғана сұрау естідім. «Тағы да партия зорлап жала жапқызып тұр ма саған!»– дейді. Оған қайтарған жауабымды тыңдаған ешкім жоқ. Абалай берді, қамалай берді. «Шақыр мына иттеріңді» дегендей шыраймен Жаубасарға қадала қарап тұрып алдым. Иә, қаймығып, иә, тигізіп, қол жұмсап қателеспейтіндігімді білген соң ғана шақырды Жаубасар. Өзі келіп арашалағансыды да, оларын бір-екі қадам ғана шегіндірді. – Ей қарақшы, көпшіліктің сұрауына түзу жауап беремісің, жоқ па?– деп шаңқылдады сонсоң маған. – Бұлай басынып, бәрін жалақорға айналдыра берсең, енді арашаға түсе алмаймын, қайтсе өйтсін! Мойындамасаң мойның үзілетіндігін, мыналардың түрінен қазір өзің де көріп тұрсың!... Мойындаудан басқа жолың қалды ма, ойлаймысың соны! – Рұқсат па сөйлеуге?.. Мен бәрін де ойлап тұрмын. Осындай кері төңкерістік ұйымның жоқтығына сіздерді толық сендіре алатын дәлелдерім де дап-дайын. Алдымен үлкен ақ, үлкен нахақты салқын сабырмен компартияның өзінше тыңдау жөн шығар. Мұндай зор мәселені жұдырық емес, ақыл-ой анықтайды. Ойлап көрейік, осындай программаны қандай лүкшек ақымақ түзбек! Мұндай әрекетке қаншалық тәуекелшіл құтырық қосылмақ! Шынжаңда қазір бір жарым миллион ғана қазақ бар екен. Менің мақсатыма соның бәрі қосылғанда да мың миллион ханзу халқы түгіл бес миллион ұйғырға тісім батар ма? Сиярма менің кішкентай асқазаны ма?.. Сол аз қазақтың өзінің де көбі қалада емес далада әр таудың қуысында жатпай ма. Үрімжідегі бес оқытушысы мен он оқушысы ұлтшыл болып бас көтеріп не бітірмек, кімді қиратпақ! Бұл халдегі менде сондай программа бар деудің өзі арыстанға қара тышқан қақпан құрды дегендік қой! Марксизм саясаты осыған да сенеме! – Зал ду күлді. Сахнада тұрып алған активтер мазаққа қалғандай болған соң шұбап қайта қайтты. Күлкіні екі қолыммен бірдей басып тоқтатып жалғастырдым сөзімді. – Екінші дәлелім... – Тоқтат құрғақ сөзді! – Жаубасар мен Айғайкөк қатар зекірді. – мына кері төңкерістік ұйымыңа жауап бер! – Дәл соған жауап беріп тұрмын, сол ұйымның жоқтығына екінші дәлелім: мен, бөліну идеясында кері төңкерістік ұйым құрдым дейін, сондағы мақсатым, социалистік үш мемлекетке қарасты «үш отаудың басын қосып», қазақтың дербес мемлекетін құру екен. Осы аршылған шидей жалаңаш қолыммен көршілес үш зор мемлекетке шапқыншылық жасап, үшеуіндегі үш отауды тартып ала алмақпын ба?... Ойласып көріңіздерші, үш арыстан ортасындағы бір тышқан қаншалық ақымақ болса да мына алыптардың бүйректерін суырып-суырып жей саламын деп үміттене алар ма! Мұндай өлермен тәуекелім үшін кім ілеспек маған? Тағы да ду ете түскен залды Жаубасардың микрафондағы шаңқылы басып тастады. – Тоқтат күлкіні!... Өлім тәуекеліне басатын ақымақ болмай кері төңкерісші бола ма!... – Ақымақ болмай кері төңкерісші болмаса, оллаһи мен ақымақ емеспін! Зал тағы да ду күлді. Ақымақ еместігіме мына сөйлеп тұрған дәлелдерімдегі логикада айғақ, ақымақтықтан «жұрдаймын». Ақымақ пен жындының үстінен осыншалық көп адам жиналып күрес аша ма! Сондықтан мені кері төңкерісші деушілерге тиым салыңыз! Зал тағы ду ете түскенде Жаубасар мен Айғайкөк қатар атылып түрегелді де зал қайта жымықты. – Ал, сіздердің ақылға салуға тиісті үшінші дәлелімді айтып тоқтайын: Нұралының аузы арқылы маған таңғызып тұрған «кері төңкерістік программаларыңыз» да «ұйым қаражатын кітап ұрлап сату арқылы қамдаймыз» деген тармақ бар екен. Осы «кері төңкерістік ұйым» деп атап отырығандарыңыз, балалардың ойыншығы болмаса, анда-санда (орайы туылғанда ғана) ұрлап әкелетін отыз тиындық кітапты сатумен қамдау мүмкін бе?.. Ал, кітап дүкендеріндегі барлық кітапты түп қотара бірақ ұрламақпыз делік, онда үкіметтің көзін бадырайтып қойып, қалай алып шықпақпыз, қайда апарып сатпақпыз?.. Зор программалы бір жасырын ұйым осымен қалай қамалмақ?.. Осыны программа деп, осындай түйтіксіз ұйым құрылады деп, осыған сауаты бар, сақал-мұрты бар адамдар қосылуы мүмкін деп ойлаудың өзі ақымақтық емес пе!... – Тарт тіліңді!... – «Жоғалсын!...», «жойылсын!...»– екі ұран едел-жедел атылды. – Ей қарақшы, қойылған фактті бұрмала ма! – Шаңқ ете түсті Жаубасар. – Расхоттарыңды қарақшылықпен айырмақ болғандықтарың жаңа ғана әшкереленбедіме! – «Әшкерелеуші» Нұралы, оқушыларға кітап ұрлатып сатып қамдауды жоспарладық деді. Ал, «әшкерелетуші» сіз, «жалпы ұрлық-қарақшылықпен қамдайды деген сөз еді ғой!» деп оған зекіріп түзету бердіңіз!... Сонда бұл программаны жасасқан кім болғаны?... Демек, сайып келгенде бұл ұйымды құрған мен емеспін. Басқа біреу өз қиялымен ұйым құрып беріп отыр!... Өзім ұлтшылдық істеуге шартымды толтыра алмай тұрып, кері төңкерістік ұлтшыл ұйым құрмақпын ба! – Мұны да жала демекпісің!.. Халық түгел жала жабама саған, бәрі жалақор ма! – Халық жалақор деген ешкім жоқ, мына төртеуінің жаланы қалай жапқандығын түсінбей отырған халық та жоқ!... Халық тек, бұл төртеуінің соншалық ауыр жала жабуға неліктен зорланғандықтарының себеп-мақсаттарын ғана толық түсінбей аңырып отыр. Мен соны қысқаша баяндап берейін, рұқсат етіңіз!... – Ей Нұралы тіл барма сен де! – Бажылдай жөнелді жиын төрағасы. – Не деп тұр мынауың, кім жалақор? Сөйлемеймісің! Нұралы емес, залдағы Құлжан, Мақұлбек, Әлия мен бірге Есқали түрегеліп, жарыса тіленді сөйлеуге: «мен!», «мен әшкерелеймін», «мен сөйлейін», «мен!»– деседі. Сөз, басын төмен салып, қолын шала жансарлау көтерген Нұралыға берілді. – Кері төңкерістік ұйымның программасын, басшылықтарыңның құрамын қайтадан анықтап сөйле!– деп тапсырды Жаубасар оған. Нұралы қағазынан көз алмай тұрып, «программасын» қайта оқыды. Бұл ретте де ұйым расхотын бұрынғы жазғанындай «оқушылардың кітап ұрлығына» артып алып, Жаубасардың «қосымшасын» қосты: «жалпы ұрлық-қарақшылық арқылы қамдалмақпыз» дегенін анықтап айтқанда Жаубасар алара қарады маған. Микрафонына айқындап бажылдады. – Ей қара жүз, естідің бе? Программаңның бұл тармағында мен жасаппын ба!...Өзің тіпті маған да жала жауып тұрып, әшкерелеушілерді жалақорға шығармақсың! Мұншалық арсыздықпен қайтып жоққа шығармақсың!... Нұралы сөйлей бер, басалқа мүшелерінің бәрін әшкереле! Нұралы, Ынтықбай мен Рақымқаннан бастап, Халық пен Өлзекәріні де қоса шұбыртты. Таңданарлығы менімен бірге өсіп, біте қайнасқан Асылқанды қоспай, бізге ыңғай жала жауып отырған Мақұлбек, Құлжан, Есқали, Әлияны шатқаны болды. Бұл тыңшыларын Жаубасардың әдейі кірістіріп, осы ұйымға қатынасқан етіп, маған жаланы тіпті еркін жапқызуды мақсат еткенін іле-шала түсіндім. Ал, Асылқанды қалдырып қойғаны жұмбақ күйінде қалды. Сөйтіп Нұралы осы маңдағы мекеме-қоғамдармен студенттерден осы ұйымға қатынасқан екі жүзден артық ер-әйел «мүше» барын ғана «білетіндігін», олардың басшылыққа мәлімделіп болғанын айтты. – Биғабіл ұйымына қатынасқандардың әшкереленбей жатқаны әлі көп!– деді Жаубасар түрегеле сөйлеп. – Мейлі анықталғаны болсын – анықталмағаны болсын, ол ұйымдағы орны жоғары болсын – төмен болсын, мәселені әшкерелесуге қатынасқандары кері төңкерістен шекарасын айырған болып есептеледі. Әшкерелегісі келмегендері, мейлі, бірге кеткісі келсе кете берсін! «Кім жау жақта тұрса, сол жау» деп бастап, шарапатты нұсқауларын тағы да арылта оқып тоқтады. Осы сөзімен мені де «ойланып жазып, ертең жауап беруге» қайтарды. Соңымнан басқа «ұлтшылдардың» да, «ұлтшылға бейімдердің» де қайтқаны көрінді. Тағы да қылыш қайрау жиыны ашылмақ екендігін тұспалдай жетіп құладым абақтыма. Бірақ, ұйықтатпады. Айғайкөк бастаған бір топ келіп түн бойы тергеді. Қалық Қасқырбаевтан бастап «кері төңкерістік ұйым басалқалары» аталғандарымен болған таныстық–достық тарихымды сұрады. Тіпті, қаймана таныстығы жоқ адамдармен де байланыстырды. Мен танымаған сайын таңып тақымдай берді. Сөйтіп, тергеудің өзі үлкен дауға, керілдескен күреске айналды. Солардың ішіндегі ең күшеп тіміскілеп сұрағаны, Жағда Бабалықовпен болған байланысым. Бұл кісі үш аймақ төңкерісінің полковнигі еді. Кейін автоном райондық партия мектебінің бастығы, автоном райондық саяси-заң буының бужаңы, «Іле қазақ автономиялы облысының» бастығы болған. Нағыз марксизмші, адал коммунист еді. Айт-тойларда, кей жиын-отырыстарда ғана кездесіп қалатынбыз. Ал, осы науқанда «оңшыл-ұлтшыл» қалпағын киіп, өлімнен әрең қалып жүрген «нағыз кері төңкерісші». Қазіргі маған таңылып отырған «үш отаудың басын қосу» жаласы, алдымен осы Жағдаға жабысқан пәле болатын. Сондықтан оны мүлде танымауға бекідім. Онымен байланысым түгіл, амандасқаным әшкереленсе-ақ екеуіміз де, тіпті түгелімізбен арандаймыз. Сондықтан мына сұрақ қанша сумаңдаса да жуықтатпай қойдым. (Әділетті тергеушім, мұндай тыр жалаңаш пәледен өзіңіз де тырағайлап қашарсыз, кешіріңіз! Өтірікшілікті өздеріңізден ғана үйренбесек, өліп қалатын сияқтымыз!) Осы даумен таң атырып, күрес майданына жөнелдік. Тағы да залда шұрқыраған жұдырықтардың астынан өтіп келіп, тағы да шаңқылдаған Жаубасардың сөзімен қарсы алындым. Күрес жиынының ендігі тәртібін сөйлеп тұр едім. Менен мұнан соң аса қажет болмаса ауызша жауап алынбайтындығын, қойылған мәселелерді түрегеп тұрып жазатындығымды қысқаша бұйырып тастап, басқа «ұлтшылдарды» үгіттей жөнелді. «Қателесу айып емес, қателікті түзетпеу айып», «қателікті түзету үшін кері төңкерістік ұйымнан шекараны ада-күде айыру қажет», «шекараны айырудың негізгі белгісі – әшкерелеу», «ешқандай мәселені әшкерелемей, шекара айырдық деген сөз – тілек, өздеріңді ғана алдай алады», «сендердің тағдырларың үшін Биғабіл мен оның ұйымынан шекара айыруларың, кезек күттірмейтін шарт болып қалды!»– деді. Жиын ашылғаны жарияланысымен көне жалақорларым жалаңдап тағы шықты. «Жайы мәлім шошқалардың түрткенінен жасқанатын»[34] емеспін, сөздерін естелікке жазуды да қойдым. Ендігі қаупім жаңа жалақорға ауды. Енді қай жағымнан қайсысы шыға келер екен деп сол күні кешке дейін қорқақ достарымды санап, олардың жайын бір-бірден ескеріп тұрыппын. Халық пен Асылқаннан басқа үлкен «жауым» қалмаған сияқты, ең қорқағы осы екеуі тәрізді болатын. Бірақ, олардан ешқайсысы шыға қоймады. Ал, жиын қанша шуылдағанымен алдыңғы түскен жалаларға жел беріп кептіргендей ғана желбуаз талдаумен ұрдажық талқыға айналып кетті. «Үрген қарын керіліп, тауға айналса да біз тигенде ырс етіп қалпына келе қалмай ма, мұнысымен қорқыта алмас. Құдай тағала тек жаңа жалақормен шын факттен сақтасын!» деп тұра бердім. Абақтыма кешкі қайтқанымда Айғайкөктер тағы да келіп, ұйықтатпауға кірісті. Тамыр-таныстарымның байланыстарын тағы да сұрай жөнелді. Мақсаттарының мәселе анықтау емес, сілемді қатырып, шатастыру екендігін енді айқын түсіндім. Сұрай берсе танысым таусылар ма, ұйқыдан күнде жазалатып, нерв жүйелерімді жұлмалата бергенше бір-ақ қиналғым келді. Кім жөнінде сұраса да білмеймін дей бердім. – Неге білмейсің? – Мен ғана емес, демалумен ұйықтау уақытын жоғалтсаңыз, өзіңізде білмей қаласыз! – Қалжақтамай жауап бер! – Тамақ жеуге аузымды таба алмай отырып, қалжақты қайдан таппақпын! Бірнеше күннен бері аяқ демалдырудан айрылып едім. Бір түн екі күн өтті, кірпік айқастырудан да қалмадымба! Сенсеңіздер қатынымның атын да ұмытып қалдым! – Бір сөткеге?... Әлі талай сөтке бар!... Байлаңдар! –деп ақырды Айғайкөк. – Есін жиғызыңдар! – Мақұл, арқан есімді жиғыза алса, неғұрлым тез жиғызыңдаршы! – Төрт аяқтап күшене түрегелдім әдейі. Жендеттер бір-біріне жалтақтай қарай берді. Қолымды артыма қайырдым. – Байлаңдар! – Ей өйтіп қиналмай-ақ сөйлесең болмай ма!... Алдымен Қапаспен байланысыңды сөйле! – Білмеймін, қазір тіпті түрінің қандай екені де есімде жоқ! – Күләнмен байланысыңды сөйле!– дегенінде басымды шайқадым. – Қазақтарыңды танығың келмесе, Ясын Әмәтпен қашаннан байланыстысың, соны сөйле! Басымды тағы да шайқай салдым. Айғайкөк сақ ете түсті. – Байлаңдар, өз обалы өзіне! Біреуі жанқалтасынан кендір арқан шығарып тастай салды да, теріс қарап кетті. Қалғандары арқанды желкеме асып, екі иығымнан асыра екі білегіме қатты орады да қазықбау шалды. Желкеме қолдарымның басын қосып қайырып апарып тартып байлап тастады сонсоң. – Сөйле!– Жаңағы үшеуімен болған байланысымды қайта сұрады Айғайкөк. – Білмеймін, есіме түспеді, қаттырақ байлаңдар! Бір-біріне қарап күліп жіберген жендеттері алысырақ тұрған Айғайкөкке барып сыбырлады, ең қатты байласы осы екен. Жүрегімді қысып бара жатты. Маңдайымнан тер бұрқ ете түсті. – Енді менен жауап алуды ұйықтап түстеріңізде көресіздер!– дедім түйіле қарап. – Арқанмен ес жиғызамыз дегендерің тағы да өтірік екен ғой! Басқа террорлықтарың жоқ па?.... Тым болмаса тепкілеп өлтіре салсаңдаршы, «мәңкүр-мәңкірлерің»[35] тергесін! Айғайкөктің тасырайған боз көзі әйнекше шатынап кеткендей, тым суық жарқырады. Аузы-басындағы қалың түк түгел сапсиып, бет-бетіне шашылды. Тістене күбірлеп, арқанды шешкізді. – Бүгін де мал, ертең мұндай тоңмойындық қылмайсың, ұқтың ба? – Ұйықтатпай, демалдырмай жауап аламыз деп үміттенудің өзі тоңмойындық. Ақыл-есі болмаса, дұрыс жауап та шықпақ емес! Мен күрес үстінде көпшілік алдында ғана жауап беремін!... Жендеттер ертең кеште жауап беруді қайта–қайта тапсырып қайтты. Жаны кете қалған қолымды созғылап икемге келтірдім де, тамағымды зорлап тауыса жеп ұйықтадым. Таңертең майданға аттанарды бір-ақ ояныппын, тыңая қалған екенмін. Жол жөнекей прандікпен тамақтанып келе жатқанымда тастақ белестен асыға өрлеп, жиынға бара жатқан әйелдердің қарғысы естілді. Екеуі туфлилерінің бір–бір өкшесін түсіріп алыпты. Кере қарыс біз өкшенің орнын толтыра алмай шойнаңдап барады екен. – Балдақ жасатып алыңдар!– деп дауыстап едім. Артымдағы «авчаркаларым» арс-арс ете түсті де, бұрын қалжыңдасып жүретін әйелдер саңғырлап күлісті. Қарғағаны қайталап, тағы естілді. – Төбеңнен жортсын Биғабіл, төбеңнен!.. Міне бір айдан асты!... Сенімен күресеміз деп осымен екі туфлиімның өкшесінен айрылдым! – Жаламен желімдеп, өтірікпен байлай салсаң, майқұйрыққа да мықтап жабысар!– деп күлдіріп тастап өте бердім. Жиынға осы сөзім де ере барып түсті. «Жаламен желімдемесе де» мықтап жабысты. Мұны Құлжан талдағанда, тіпті, тастай қып қатырды құйрығыма. – Осылай у шашпай жүретін күні жоқ бұл жауыздың!– деп бастады сөзін. – Бір жағынан өз қылмысын партияның жапқан жаласы етіп көрсетсе, екінші жағынан ол әйелдерге өзінің қызығатын, ниетін білдіргені. Бақылау астында өтіп бара жатып, әйелдерге шашқаны осы азғындық. Егер оңаша да екі минут кездессінші қалай аздырар екен!
Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 325; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |