КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Кэрол Дуэк 41 страница
– Айтпақтайын, атың кім еді? – Атымды білмейді–мыш тағы, Тылла қыз емес пе! Екі жылдан бері күйігіңді тартып жүрсем, танымайтын бола қалыпты, шұм! – Иегімді тістеп кеп алды да ернім мен тамағымды аймалай жөнелді. – Бек апат екенсің, қорқып кеттім. Жанымды шығарып... үш жылдан асты, ұмытып кеткенмін мұны!... Ақылымнан лезде тағы да адастым, сайрай жөнелді.... Есімді екінші рет жиған соң естілді бір талабы. – Өзі мені әлі бір рет сүймейді тағы!– деді де ернімді тіпті қатты сүйді. Ләтипаның «мұндайларға жуыма, пәлесі тиеді!» дегені есіме енді түсіп, аузынан жүзімді тарта сұрадым. – Жә, өзің не жеп семіргенсің осынша? – Семірдің дейді тағы!... Шұм!... Осы бәдәнымда қанша семіздік бар! – Қызықты деген жерлерін бір-бірден ашып көрсете берді. – Міне, міне, осы артық па маған, міне!... Ақыры көріп болдың ғой, ауруы барма дейтін шығарсың, анықтап көріп ал!... Әлия сияқты мұның да әйелдік физиологиямен қызықтырғаны болса керек, сөйтсе де бұл тіпті сөлекеттеу жайды жаймасын. Өзіме байланыс жасап жүрген «арландардың» аурудан сақтану үшін денесін түгел тексеріп, әбден әдеттендіріп қойғаны сезілді. Шімірікпейді. Өзі көрсеткен соң мен де зейін сала қарамаймын ба. Еш жерінен бұрынды-соңды дерт белгісі көрінбеді. Сыртына шыға қоймаған мерез сынды жасырын пәлесі болмаса, тап-таза, мұрсындай екен. – Жазғытұрымғы ауруыңнан қалай жазылдың?... Ол ауру, дәрі, иә тамақпен ғана жазылмайтын «әйел ауруы» еді ғой? – Ғашықтық дерті, сені көп ойлаудан ауырғанмын, айтқанмын ғой өзіңе! – Мені ойлаудан ауырған болсаң, енді жазылмай, әлдеқашан «жазылып алыпсың» ғой?– деп күліп жібердім. – Қалай жазылдың дейді тағы, сұм!– деп өзі де күлді де иегіме күшей жабысты. – Міне, міне!... Шегінен асқан сұмсың, құм тасып жүрген машинаның дөңгелегін атқаныңнан-ақ білгенмін! – Үй, сол дөңгелекті мен атты деп жүрме едің? – Білемін, мүсәпірлерді құтқарғансың жаным! Содан бастап садағаңыз болғым келген, міне енді жеттім!... Бірақ, бек қиын... өлтіріп қоятын ұқшайсыз! Осындағы бұрын үйленбеген жігіттердің де ешқайсысы сіздей емес екен! – Бәсе, бәрін көріп болғамын деші! –«Ғашығыма» қарқылдап күлдім. – Жоқ ей, мен ондай найсап емеспін. Бір ауданның имам хазіретінің қызымын. Үзбей намаз оқимын, жұма, басқа әйелдерден сұрап көріңіз!... «Ешқайсысы сіздей емес» дегенім, ешкім мені сізше... басынған емес. Оқыған адам болған соң сізден, келе сала мұндай зорлық істер деп күтпегенмін. Өзім ғашық болған соң не істесеңіз де әміріңіздемін ғой. Сіз емес, басқа бірі болса көрсетер едім!... Мұндай іс хиялымда да болмаған. Сізді мен мұндай харам ойын үшін емес, басқа бір сөз болып шақыртқанмын... Өмірлік халал некеңізде болайын, мені бір жаққа алып кетіңіз, өміріміз осы жерде өтіп кетпесін, қайда барсақ та жол расхотына жетерлік ақшамыз бар! – Менің неше жыл күтіп жүріп алған әйелім бар, балам бар! – Сіз күтіп жүріп алғаныңызбен ол әйел күтіп отыр деп ойламаңыз! Естуімше сіз оның қасында болмағаныңызға төрт жыл болып қалыпты. Жас әйел деген төрт жыл түгіл төрт күн де күте алмайды, бітіп кетті ол, басқадан бала тауып та алған шығар! – Сен өздерің сияқты ойлама оны!... Дәл қазір менен шапалақ жейін демесең айтпа мұндай сөзді! – айқайлап жіберіппін. – Ол екеуіміз бір-бірімізге ғана табынамыз!.. – Ақырын сөйлеңіз, жаным дейін, ақырын!... Садағаң кетейін дедім ғой, жолдан өткен біреу естіп қоймасын! –Тылла қыз бұғып барып қыраттан баспалап, жолдың екі жағына да қарап келіп жалынды. – Ал, ұрыңыз жаным, ұрыңыз мені! Таяғыңыздан өлсем де арманым жоқ. Тек мені мұнан соң ауыртып қинамаңыз!... Осылай зорлап қосылып алып, тағы да көрінбей қойсаңыз... өлгенім – өлген! Яки жынды боп аузыма келгенді сөйлеп кетермін! – Үнсіз сазарып отырып қалыппын. Мойныма тағы да асылды. – Шұм!– деді сықылық қағып, бар күшімен жабысты. – Сіздің шапалағыңызға да ғашық екенмін!... Ұршы жаным, ұршы, аямашы!... Жаңағыдай басып-мыжып ұрсаңыз да ықтиярыңыз!.. Әр аптаның екінші, алтыншы күндері... жоқ, жоқ, үшінші күні түс уақытында осы жерден көрісіп тұрайық, мақұл ма?... Мақұл деші! – Мақұл!– дей салдым. Әлгі жаңылысынан, оғанға дейін бұл пәледен құтылудың орайы барын сезбегендеймін. – Бірақ, әйелім жөнінде бұлай былжыраушы болма!– деп бетінен әдейі сүйіп қоштастым. – Аптаның үшінші күні дедің бе, екінші күні түсте келсем, болмай ма? – Екінші күні келмеңіз, келмеңіз!... Өзім ол күні келе алмайды екенмін. Үшінші күні, яғни сәрсенбі күні түс уақытында дедім ғой, ұқтыңыз ба, басқа күні шаршап әуре болмаңыз!– ол да сүйгіштеп, менің жолымда өле тынысып айырылды. «Қалай болса да мені мықтап жүгендеп алып, мойныма сонсоң мінбек сияқты. Қазір ақша көбейту қамында болса керек»– деген тұспалға келдім қайтып бара жатып. Мұндай әйелдер қазір тірі қалған лаужяулардың әлденген уақытынан пайдаланып, жанқалталарын қағып жүргенін естігенмін. Бұл салдақы осы саудамен екі қоянды бір оқпен атып, «оқымыстыға» тиіп алмақ. Өзі орта мектеп бітіріп, «феодал қызы» болғандықтан жоғары мектепке кіре алмай, иә қызмет таба алмай қалғандығынан қағынған... Осы жын ойнағына өзі келме деген сейсембі күні түс уақытында қылмысының үстінен түсу үшін келсем, жоқ болып шықты. Расында да келмей қалған тәрізді. Сонда да қапысын осы жерден табамын деген сеніммен қайттым. Бұл шұңқыр басқа кезбелер келмейтін, соның өзінің ғана «сауда дүкені» екендігі іздерінен айқындалды: маңайы маған таныс біз өкше туфли мен басқа жалпақ табан шақайлардың ширына айналып алыпты. Сәрсенбі күні түс уақытында «Құдай қосқан» өз өшіретіме келмеуіме болмай қалды: машина дөңгелегін жаруымның үстіне «зорлық» –басқыншылық қылмысына да кіріптар болып қалмадымба. Өзін басқалардан ұстап алғанымша осы қылмысымды бір пәтуә мен жеңілдете тұруым жөн көрінді. Уағдаға бағынып дәл уақытында келсем де ыңғайына бағынбай – «зорлық істемей» қойдым. Өзі өктемдік істеп те көндіре алмады. Мен әнеу күні қатты қателесіппін Тылла қыз,– деп күрсіндім. – Расында да әйелім мені күтпей бұзылып кетсе, сенімен үйленемін ғой. Сен де жақсы қыз екенсің, некеленгенше «харам» жолға жүрмейік. Мұнан соң сен де, мен де осылай, танысу қағидасымен ғана көрісіп тұралық! – Қалай толқыса да жауабым осы ереже болды. – Досыма жазған хатыма жауап келсін, не істейтінімізді сонсоң өзіңмен ақылдасамын! – «Зорлық істедің» деп мен де қатты қателесіппін!– деп күле түрегелді «Тылла қыз». – Ондай сырымызды ешкімге айтпаймын ғой, расында зорлық істемегенсіз!... ендігі аптада, ие?... Егер келмей қалсаңыз... Келмей қалсам қайтетіндігін айтпай еркелей бұртиғансып қана ескертіп қайтты. Есі-дертім осы сайқалды қылмыс үстінен нақтап ұстап, аузын мықтап жабуда қалды. Егессе Әлиядан кембе мұның әзәзілдігі. Ондай жала жаппай-ақ, «Үрімжіде үкімет автомобилінің дөңгелегін жарды. Мұнда келіп басқыншылық қып менің ішімді жарды, міне көріңдер!» деп тұрып алса бұлтарта ма бұл пәле!... Мені тиған сембінің кешінде тағы жүгірдім жын ойнағына. Жақындай бергенде тапыр-тұпыр аяқ дыбысы естілді. Шағылға жетіп шыққанымша кетіп болыпты. Біреуі қараң қағып бұлт-бұлт жүгіріп, алыстап барады. Көрінбеу үшін отыра қалып бақыладым. Беталысы әйелдер әтіреті. Ол, Тылла қыздың өзі болғаны. Ал, мейманы қалай қашқанынан дерек табылмады. Маған анықталғаны, түндікке уағдаласқан «ғашығын» діл осы шағыл үстіне қабылдайтындығы ғана болды. Жазықтағы жалғыз төбеден маңайын түгел бақылап жатады екен де хауіп сезілсе-ақ жоғалады екен. Мұндай «стратегиялы» жерден қолға түсіру оңайма! Сіріңке шағып Тылла қыздың туфлиінің ізін анық таныдым. Бірақ бұл, көп жезөкшенің қайсысының ізі болып дәлелге симақ. Демалыс күндерінің бір кешінде өзінен бұрын келіп жасырынып жатып ұстамаса, шалма түсіретін киік емес екен. Өзімен меншікті сәрсембі күні түстікке лажысыз тағы келдім. Ештеңе сезбегендей құшақтап қыса түстім. Құлқы мен қылықтарына таныса келе қатты жиренетін болғанымды сездірмеуге тырысқаным еді. Бірақ мұнымнан басқа нәтиже шықты: жыныстық сезімін қатты қытықтап қойыппын, әнеу күнгі қағидама көнбейтіндігін ашық білдіріп, тіпті жабыса шабуылдады ол. Солған көңілімнің «сопылығына» шамданды. – Сіз менен басқа біреуін тауып алған ұқсайсыз! –деп күрсіне шытынды. – Менімен ойнамай осылай суытып, тастап кетпексіз!... – Олай емес Тыллам, некеленбей тұрып зорлап, саған обалды іс істегім келмейді! Егер өз әйелім күтіп отырса, сен екеуіміз үйлене алмаймыз, бала бар ғой. Одан бір хабар келгенше сендей асыл затты қорламай-зорламай күтуім қажет! – Оһо...о..й, зорласам обал болады дейді тағы! Ұмытқан нәрсемді есіме түсіріп үйретіп қойып!.. Енді қояйықшы сол сөзді! Бір қалжыңымды ұмытпапты тағы!... Сол зорлық болыпты-мыш!.. Маған обал болады-мыш, һы–һы....һы... Тылла қыз бар өнерін салып құйқылжып, барлық антын айтып жалынып жатып, жындарымды өзі шақырып келтірді. «Бұл сайқал шындап өштескенге дейін құтылып та болармын!»– дедім қайтып бара жатып. «Қайдасың Нұрияшым–Мақпалым! Жан серігім –ар серігім!...» Қыс түссе де жұмыс ауырлай берді. Тағы да «зор секіру», тағы да тың ашу, тағы да «апат», тағы да ашаршылық... өндіріс әлемі бүтіндей керісіне секіргенін көріп-біліп отырып-ақ зорлап секіртуін қояр емес. Көктемдегі мылтық кезенуінен ащы сықақ естіп, қорланып қалғандығынан ба екен, иә, тыңнан нұсқау келді ме екен, Мәт сопы, «ұстара біздің қолымызда» дейтінді тапты енді. «Даяужыңға қарсы сөз-әрекетте болғандарың мен қашқандарыңды енді аямаймыз», «астық гауһардың гауһары». «Бұл саясаттарымыз мәңгі өзгермейді» дейтін тақырыптармен тіпті сақылдай түсті. «Қыстық тәрбие» деп аталатын үйреніс әрекет осы «дұғаларымен» түн ортасына дейін созылды: іңірде группа бойынша «қуаңшылық апатын», «шужыңжуий»[90] мен «оңшыл оппортонизм» апаттарына қосақтап тілдеп-тілдеп аламыз да, ашаршылыққа тағы ұшыраған обалымызды солардың мойнына артып қойып сүмірейтіміз. «Төңкерісшіл» идеямыз ондай «кері төңкерісшілдер» алдында тізе бүкпек пе! «Тізе бүгушілік» те сондай үлкен апаттардың бірі. Егер жазатайымда тамаққа жарымағандығымызды әшкерелеп қойсақ, осы кері төңкерісші құл апаттың дәл өзі болып шығатындығымыз іс жүзінен көрініп болған. «Айына бақандай тоғыз килограм нормы түгіл бес кило жесек те шыдаймыз!» деп сендіреміз Мәт сопыны. «Кетпенімізбен жер серігін ұшырып жеңеміз апаттарды!», «биыл бар күшпен секіреміз, басып озамыз жаулардан!» – арбай қарап көпіретін Мәт сопыға осы антпен еріксіз ере көпіреміз. Түн ортасы бола бере аулаға шығып әтірет бойынша түгел тізілеміз де сол көбігімізді енді аспанға бүркеміз – ұрандаймыз-ай келіп. Жаулардың әрқайсысына «жолғалсынды» бір-бірден атып алып, көсемімізге «жасасынды» үш рет жаудырып жіберіп тараймыз. Құрсағымызда бақа шұрылдап, жылан жалаңдап, қасқыр ұлып, шулап-ысқырып кеткенін жасыру үшін аузымызды баса келіп бүк түсеміз орнымызға. Осы қыстық үйренумен бірлестіріп кетпенді жақсы шапқандардың қалпағы алынатындығын тағы да жариялады. Тағы да жінікті лаужяулар. Былтырғы ашқан жеріміз тарлық еткендей айдаладағы бор басқан тағы да тың ашып, тоғам қазып, бұрқылдаттық та жаттық. Басқа группадағылардан ашығып солушылар қайта көбейе бастады сөйтіп. Күздегі жиын-терімде көбірек ұрлай алмай қалғандары алдымен бүрісе бастады. Қоймасы молырақтары оның керісінше есіре түсті. Есіргендер секіргеннен секіріп, жезөкше әйелдерге қарап қарғуды көбейтті. Бұлар қыс ішінде қалай құтырды деп жүрсем, «базар» арзандай қалыпты: жақын райондардағы халық та биыл қатты ашықққан екен. Айына төрт-бес юан болса да үкіметтен ақша шығып тұратын, кебек болса да момысы бар лаужяу майданы халық коммунасындағы әйелдерге жәннәттай көрінетін болыпты. Сол себептен қамаудағы жігіттерді аулайтын еркін жезөкшелер көбейіп, өзіміздің қалпақты жезөкшелеріміздің бағасын түсіріп жіберген екен. Бір жолығуын бір момы, немесе елу тиынға түсіріп күрт сындырыпты «саудаларын»: Өз жезөкшемнің «дүкеніне» бір барғанымда сол ахуалды сұраймын деп үлкен пәлеге қала жаздадым: – Саудаларың күсет болмай қалды ғой деймін, ә?– бұл сұрағыма Тылла аңырғанси қарап, қызарақтай қалғанында, – бағаларың елу тиын, иә, бір момыға түсіпті ғой! –деп айқындай түсіппін. – Оны қайдан естідіңіз?... Ол жала!... Оллаһи мен ондайда жоқпын, білмеймін!– дей сала шап ете түсті өзіме. – Ә...ә... енді білдім, өткен аптада келмей қалғаның сол екен да!... Тапқан екенсің да!– ышқынып жіберді. Мен, жұмыстың ауырлап кеткенін, ақтығымды айтып сендіре алмай қойдым. – Жоқ, жоқ, сенбеймін. Ондай бұзықтарға былғатпаймын сені, жібермеймін! –енді қайтайын деп отырғанымда қайта жабысты осы егеспен. Өз бәсекелестерінің «сепілісін», «қояншығын», «іріңін–шірік, сасығын», «қолаңсасын» қоймай сөйлеп келіп, олардың қонақтарының да «қотырын», «жарық–шартығын», «қарақапталын», «кәрілігін», тіпті күндестерінің әрқайсысында ондай «қотыр шалдардың» нешеуі бар екендігіне дейін жайып салды. – Сондайлармен кездескеніңізді естісем, мені естімей қалады екен демеңіз, сөзсіз арыз жазамын!– деп жібергенінде жүрегім тас төбеме бір-ақ шықты. Әлияның сиынатын пірісімен табысқанымды енді түсіндім. – Іздегеніңіздің бәрі өзімнен табылады жаным! –деп қамсыздандырды сонсоң. Мұндай «өнерлі ұстаз» көрмеппін, тәрбиеге белшемнен батырды. Осы дүниеге мұндай «жәннәт» орнап, мұндай «қор қыздары» пайда боларын кім ойлаған!... – Күндестеріңе келген қонақтың құйрық жықбыларына дейін көріп жүріп, олардың бергенін «білмейтінің» ғажап екен!– деп бетін қатты шымшып қайттым. Астық қоймамыз жетерлік болғандықтан біздің группа биылғы ашаршылықтан аулағырақ еді. Басқа группадағылар міндеттерінің жарымын бітіре алмай отырып қалғандарында біз үштен екі үлесін бітіріп тастап, түстен кейін өз кәсібімізге бірден-екіден сытылып шығып кетеміз. Бірақ, аш қасқырлардың аңдуына түсіп, қоймамыздан астық алып келуде қиындап қалған. Қай төбеге барғанымызды көздері шалып қалса-ақ таң атқанша сол төбе ойрандалып, астығымыз қап-дағарымен жоғалады. Ал, бір төбедегіні бір-ақ тасып әкетсек, кадрларға білініп қалады да олардың тауықтары мен үйректеріне жем болып кетеді. Сарытеке, қалың төсеніш қамыстарымыздың астынан қазып алған кішкене-кішкене ұраларымызды да көріп алыпты. Соған дәнігіп, күндіз бізді аңдуды қойды да сол ұрашықтарымызды аулайтын болды. Жұмыстан біз қайтып келгенше төсек-орнымызды тінтіп қорыс-қопасын шығарады. «Бидайды қайдан алыңдар?» деп кешінде бақылдай жөнеледі сонсоң. Біз, бір-екі рет, «тышқан індерінен қазып алғанбыз» деп құтылдық. Даладағы қоймаларымыздың маңына бармай, содан бастап шынымен тышқан інін қазып күн көре тұруға кіріскенбіз. Түстен кейінгі кәсібіміз осы. Тарақ құйрық қызғылт сұр жануарлардың сырын біле келе мұның да өнімді кәсіп екендігі көрінді. Бірақ, мұны да адал кәсіп деуге болмас еді: тарақ құйрықтар семьялы, бала-шағалы жан иесі. Егіннің жиым-терім кезінде бұлар да ұйқы-күлкіден безіп еңбектенеді. Атыздан індеріне қалай жеткізетіндігін білсеңіз, тым жапалы – жан ашитындай миқынаттанады екен. Құрғақ дөңдегі індеріне бір-бір бастан тасудың өнімсіздігін бұлар да біледі. Бір-екі балапанын шалқасынан жатқызып, бас бидайді бауырына айқастыра тиейді де үлкендері алдыңғы екі аяқтан тістеп, шанаша сүйретіп апарады. Қауызды бас бидайды клеттеріне кіргізіп, тағы да айқастырып саңлау қалдырмай, тығыз тізеді де ұрттарымен әкелген жалаңаш бидайды соған орап қымтап, дымданудан сақтайды. Ал, ін құрылыстарының өзінде де адам таңданарлық мамандық бар: су шықпайтын құрғақ дөңдерден қазғанда жатын орындарын теріскей жағынан, астық клеттерін ыңғай күнгей жағынан қазады. Жатын орындарынан айланып келетін жасырын коридордың екі бүйірінен қатарлап бөлек-бөлек бөлме етіп қазылған клеттері кең және теп-тегіс, таза жасалады. Дәрет орындары бұдан мүлде алыс, ауыз жақта болады. Бұл да жемін дымнан, былғанып, бұзылудан сақтаудың ең түйсікті амалы. Екі-үштен артық бала өсірген үлкен семьялылары 20–30 килодан артығырақ астық жия алады екен. Ондай қорлы-қордалы семьялар бізге сыртынан қарағанда-ақ танылатын болды. Атыз маңынан арқан сүйреткендей іздерін қуып барып та табатын болдық. Ол, сүйретілген тышқанның жонының ізі. Арқаларын аяп және жеңілдік табу үшін де ыңғай сол бір ізбен сүйрететіндігі белгілі. Біз олардың архитектуралық өнерлерін жете түсінген соң ін қуып қазып қиналуды қойдық. Кетпенді склатының дәл үстінен салып, астығын жарқ еткізетін мамандыққа жеттік. Маңайымызға қарай тұрып, қайдан шыққаны белгісіз, пұта араларынан дірдектей қарап тұрған сол еңбекшілерге жанымыз ашиды. Бұлар да миқнатпен тапқан азығынан бізше айрылып, бізше аштықтан қырылатындығына қабырғамыз қайысады. Бірақ лаж не, теке сарының жауыздығынан тараған жауыздық бәрі де!... Жаздай сүйретіліп жауыр болған сорлыларын көргенімде көзімнен жас ыршиды менің. Бигелді, Биғазы ағаларымның да өткендегі дәл осындай халдері елестейді. Бидай шашсам, ақыры азықтарынан ауыз тимей жөнеледі зәтте жанды сорлылар!... Сөйтіп тараққұйрықтармен бірге қалтылдап, бірге жылай жүріп тапқан бидайымызға жау тағы төнді. Текесары бір түнде жатағымызға әскер ертіп кіріп, аямай тонады. Төсегімізден жалаңаш қуып шығарып, түнгі аязда сол тышқандарша дірдектетіп қойып тонады. «Ұямызды» көзбе-көз ойрандап, еденге дейін қопарып, талқандап кетті. Таң атысымен сол бидайымыздан ши аяқ тәйтәйі тегенелеп алып шығып, тауығы мен үйректеріне шашқанда шырайымыз қатты бұзылды. Дәмелқанның мұрты жыбырлап, менің тісім шықырлады. Мұны көріп Еділбайдың танауы ұраға айналды да Заман жорғалай жөнелді. Соның екінші түнінде кадрларды отынмен қамдап жүрген екі атан өгізінің көзге түсіп жүрген ең семізі жоғалды. Үшінші түні оның сыңары да жоғалғанын, біздің группа естімей де қалыпты. Тауықтары басқа түндерде таусылып, үйректері қырқылдап жүріп тапа тал түсте ғайып болды. Алдыңғы өгіз, жұмыс майданымыздың сырт жағындағы қалтарыс бір кішкене шағылға мүшеленіп көміліп, бізді майла ет-сорпамен далда қалжалап жатқаны, өз группамызға ғана аян. Ал, тауық-үйректердің ізі, басқа аш группалардың бет шырайларына түсті. Екінші өгіз Тоқты Баситтің алыстағы шағылына кетті. Ізі солай беттеп барып, бұлтарып, солтүстікке кеткен болып жоғалды. Зыр жүгіріп Сарытеке жүрді. Адам қанымен борланған көп құсының бұл маңнан бір тал түгі де табылмауы, лақ тастаған кәрі ешкідей жүдетті өзін. Тексеруші-тінтушілері қызметтерін біздің жатақтан бастап, әтірет маңындағы өліктердің көрлік ұраларына дейін ақтарып тінтіп, ештеңе таба алмай торықты. Тәйтәйі тайынша-құнан өгіз жегілген отын арбасынан, жақындағы жас жыңғылдан басқа құрғақ отын таба алмай бықсып, мұрнының суын жия алмай қалды. Енді өзіміздің арқалап әкелген отынымыздың конфескациялануынан сақтану үшін артық отын көтере келуден біз де тиылдық. Ең жақсысы, Текесарының інінен қазып әкелген астығымызға осыдан соң сұғын қадай алмай қалғаны болды. Тауық-үйрек атты көп тажалы жойылған соң, өздеріне кілеттегі біздің нормамыздан еленген шаңмяндары[91] тұрғанда тышқан аузынан шыққан бидайдің қажеті не. Жазға салым «зор секірудің» құтырығы қатты қозатыны белгілі. Ашаршылық пен ауыр жұмыс басқа группалардағы тәйнилерді де күйретіп жатқанда қоймамыздағы астықты «тышқан інінен әкелген» болып жей бердік. Лопнорлық деп аталатын аса адал халықтың аты-жөндері мен тұрақтарын білмесек те есекпен тиірменге кетіп бара жатқанын көрсек болды, бидайымыз солар арқылы тирменнен майда ұн болып та келіп жатты. Олар бізді дін жолымен «мүсәпір» атайды да, мүсәпірлерінің бір түйір дәніне қиянат қылмай ұнға айналдырып, іздеп жүріп әкеліп береді. Ал, күріш ақтауға өзіміздің бөтелке шактасымыздан шебер тиірмен жоқ. Мен осындай күйлі шағымда күріш егісінің лайсаңына түсуден бұрынырақ кетіп қалуға асықтым. Бұл жердің күні жылынғанымен солтүстіктің қары кете қоймағандығы ғана кідіртіп жүр еді. Қалпағымның бір жақтылы болған хабары дәл осы кезеңде жетіп келді: Мәт сопы бір күні таңертең әтірет штабына шақырды да таңба басылған қалың қағаздан «Биғабіл Жаппардың қалпағы оңшы, басқа қалпағы жоқ, блок-ұйымсыз дара оңшы» деген сөзді анықтап оқып берді. Ханзуша, ұйғырша екі тілде жазылған екен. Орнымнан секіріп тұрдым. Бір ғана қалпақ жеп-жеңіл сезіліп еді. Мәт сопы оны да жеңілдете түсті.
Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 355; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |