Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Фрагмент о гостиницах 1 страница




Орытынды

КІРІСПЕ

 

2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Қылмыстық процесуалдық кодексінде жаңа ұғымы белгіленген жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қарастырылған.

Қазақстан Республикасының «Жедел іздестіру қызметі туралы» заңының 11-бабында көрсетілген жедел іздестіру іс шараларын талдау жасалып, оның тек тергеу әрекеттерімен қатысты қылмысты ашуға немесе алдын алуға бағытталған түрлері жасырын тергеу әрекеттері деген атау алады.

Жаңа Қылмыстық процесуалдық кодексте жасырын тергеу әрекеттерінің түрлері бекітілген:

1) Адамды немесе орынды жасырын аудио және бейне бақылау;

2) Электор байланыс желілері арқылы, берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап қалу және түсіріп қалу;

3) Абонентер немесе абонеттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу;

4) Комьпютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге жинақтауға және сақтауға арналған басқада құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу;

5) Пошта жөнелтілімдерін және өзгеде жөнелтілімдерді жасырын бақылау;

6) Орынға жасырын кіру немесе оны тексеру;

7) Адамды немесе орынды жасырын байқауға алу;

8) Жасырын бақыланатын жеткізілім сатып алу болып бөлінеді;

Жасырын тергеу әрекеттері қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайларды, қылмыстық процеске тартылған тұлғалардың мүдделерін қозғайтын фактілері туралы мәліметтерді оларға хабарламай алу қажет болғанда ғана жүргізіледі.

Жасырын тергеу әрекеттері:

- Жасалғаны үшіні санкциясы бір жылдан бастап және оданда жоғары мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін қылмыстар туралы істер бойынша.

- Қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстар бойынша жүргізілуі мүмкін.

Жекелеген адамдардың өміріне денсаулығына меншігіне қатар төнген жағдайда олардың арызы бойынша немесе жазбаша келісуімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органның қаулысы негізінде қаулы шығарылған кезден бастап 24 сағаттың ішінде прокурорды міндетті түрде хабардар ете отырып Қылмыстық процестік кодекстің 231 – бабының бірінші және еінші тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге рұқсат етіледі.

Қылмыстық процесуалдық кодексте көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргізу барысында алнған ақпаратты пайдалануға жол берілмейді.

Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу тапсырылған органның уәкілетті лауазымды адамы кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс қаулы шығарады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысы бойынша жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге санкцияны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары обылстардың прокурорлары және оған теңестірілген прокурорлар береді. Санкция Қылмыстық процесуалдық кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген қылмыстар туралы хабарлар мен арыздар бойынша ғана беріледі. Жасырн тергеу әрекеттерін жүргізу туралы фактысы туралы мәліметтер туралы және оны жүргізу нәтижесінде алынған ақпарат жасырын тергеу әрекеттері аяқталғанға дейін құпия болып табылады. Оларды жария еткені үшін лауазымды адамдар немесе жария жүргізуге тартылған адамдар заңда белгіленген жауаптылқта болады.

Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу әдістері оларды жүргізетін адамдардың.оның ішінде қызметін кұпия немесе констрациялық нысанда жүзеге асырылатын адамдар. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу тапсырылған органның уәкілетті лауазымды адамы кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс қаулы шығарылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысы бойынша жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге санкцияны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары облыстардың прокурорлары және оған теңестірілген прокурорлар береді.

 

 

1. Жасырын тергеу әрекеттерін түрлері.

 

Қылмыстық процестік кодексітің ережелеріне сәйкес мынадай жасырын тергеу әрекеттері бар:

1) Адамды немесе орынды жасырын аудио және бейне бақылау;

2) Электыр (телекамуникациялық) байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасын бақылау, ұстап қалу және түсіріп алу;

3) Абонентер және абонеттік құрылғылар арасындағы қосылуға туралы ақпаратты жасырын алу;

4) Компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқада құрылғыларды ақпаратты жасырын түсіріп алу;

5) Пошта жөнелтілімдерін және өзгеде жөнелтілімдерді жасырын бақылау;

6) Орынға жасырын кіру және оны тексеру;

7) Адамды немесе орынды жасырын байқауға алу;

8) Жасырын бақыланатын жеткізілім;

9) Жасырын бақыланатын сатып алу;

10) Жасырын өндіру және қылмыстық әрекетті имитациялау жүзеге асырылады;

Адамды немесе орынды жасырын аудио және бейнебақылау. Адамды немесе орынды жасырын аудио және бейнебақылау қажет болған кезде жасырын кіру және зерттеу арқылы бейне, аудиотехникалық не өзгеде арнайы ғылыми техникалық құралдарды пайдаланумен бір мезгілде олардың мазмұнын материялдық жетікзгіште тіркеп жүргізілетін, адамның сөйлеген сөзін және өзгеде ақпаратты, сондай-ақ оның іс әрекеттерін жасырын бақылау болып табылады.

- Электыр байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап қалу және түсіріп алу. Электыр байланыс желілерін жасырын бақылау – телефон арқылы немесе дыбыстық ақпаратты жеткізетін мүмкіндік беретін басқа құрылғылар арқылы берілетін дыбыстық ақпаратты ғылыми – техникалық құралдарды және компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, қажет болған кезде жасырын кіру және тексеру арқылы жүргізілетін жасырын тыңдау және жазып алу. Электыр байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты ұстап қалу және түсіріп алу – радио оптикалық және басқада электыр – жүйелер арқылы берілетін белгілерді, сигналдарды, дыбыстық ақпараттарды жазбаша мәтінді, суреттерді бейне көріністерді дыбыстарды және басқада ақпараты ұстап қалу және түсіріп алудан тұрады.

- Абонентер және абоненттік құрылғылар қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу. Абоненттер және абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу – абоненттер және абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулардың күн, уақыты, ұзақтылығы туралы мәліметтерді алу. Көрсетілген ақпарат оның берілген кезеңі және абоненттерді және абоненттік құрылғылардың номерлері көрсетілетін ілеспе котпен бірге мөрленген түрде беріледі.

- Компьтерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, оңдеуге жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу. Компьюерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу компьютерлерден серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты арнайын ғылыми-техникалық құралдармен және компьютерлік бағдарламамен, қажет болған кезде жасырын кіру және қарап-зерттеу арқылы жүргізілетін жасырын түсіріп алу. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы компьтерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу қажет деп тауып, анықтау органына тиісті тапсырма береді.

- Пошта жөнелтілімдері мен өзгеде жөнелтілімдерді жасырын бақылау. Хаттардан, жеделхаттарда, радиограммаларда және басқада пошта жөнелтілімдерінде іс үшін маңызы бар мәліметтер, құжаттар және нәрселер қамтылған деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде оларға қаттысты жасырын бақылау жүзеге асырылуы мүмкін. Пошта және өзгеде жөнелтілімдерді жасырын бақылау шарасына қажеттілік жойылған кезде, бір-ақ кез-келген жағдайда тергеп-тексеру аяқталғаннға дейін тергеуші анықтаушы прокурордың санкциясының күшін жоюды, бұл туралы пошта мекемесі немесе жөнелтілімдерді жеткізу бойынша қызметтер көрсететін тұлға үш тәулік ішінде хабардар етіледі. Тергеуші, анқтаушы қажет болған жағдайларда поша-телеграф жөнелтілімдерін қарап тексеруге және алуға қатысу үшін күшін жояды, бұл туралы тиісті маманды, сондай-ақ аудармашыны шақыруға құқылы.

- Орынға жасырын кіру және оны қарап зерттеу. Орынға жасырын кіруді және оны қарап зерттеуді уәкілетті орган 00қызметі өндірістік үй жайларды, құрылысты, қойманы, көлік құралын немесе жергілікті жер учаскісіне кіру қажет болған кезде оларды қарап зерттеу, сондай-ақ тергеу әрекеттерін дайындау және жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Осы іс шара аяқталғаннан кейін уәкілетті орган тергеушіге барлық алынған материялдарды мөрленген түрде толық көлемде ілеспе хаттапен бірге ұсынды.

- Адамды немесе орынды жасырн байқауға алу. Қылмыстық процестік кодекстің 232 – бабының жетінші бөлігінде адамдарды немесе орындарды жасырын байқауға алу қажет болған кезде, сөйлейтін және өзгеде дыбыстық ақпаратқа аудиожазбаша жүзеге асырылмай, бейне, фота байқау техникалық құралдары пайдалана отырып жүзеге асырылады. Адамды немесе орынды жасырын алуды жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамы байқауға алынатын адаммен немесе орынмен байланыс жасаған өзгеде адамдарды байланыс жасаған кезден бастап 48 сағат бойы жасырын байқауға алуды жүзеге асыруға құқылы.

- Жасырын бақыланатын жеткізілім. Жасырын бақыланатын жеткізілім еркін өткізуге тыйым салынатын немесе айналымы заңмен шектелген, сондай-ақ қылмыстық қолсұғушылық обьектілерін немесе құралдары болып табылатын нәрселердің, заттектермен өнімдердің жеткізілімі соттың алынуына, сотталушыға жылжытуына бақылау орнату мақсатына жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын жеткізілімді уәкілетті орган дербес не бақа да мемлекеттік органдармен өзара іс қыймыл жасау арқылы жүзеге асырылады.

- Жасырын бақыланатын сатып алу. Жасырын бақыланатын сатып алу жасалынатын қылмыстық құқық бұзушылық туралы нақты деректерді жалған мәліме ақуалын жасау жолмен алу мақсатында жүргізіледі. Бұл ретте өзіне қатысты оның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатыстылығы бар деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар адамнан еркін өткізуге тыйым салынған немесе айналымы заңмен шектелген, сондай-ақ қылмыстық қолсұғушылық обьектіліері немесе құралдары болып табылатын нәрселер заттекті арқылы түрде сатып алынады. Уәкілетті органның қызметкерлері немесе жасырны тергеу әрекетіне қатысуға ерікті түрде ниет білдіретін адамға оны барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылымыи-техникалық және өзгеде құралдарын, сондай-ақ еркін өткізуге тыйым салынған не айналымы заңмен шектелген, сондай-ақ қылмыстық қолсұғушылық обьектілері және құралдары болып табылатын нәрселерді немесе заттектіледі Қылмыстық процестік кодексінің 199 – бабныа сәйкес жеке хаттамалар жасалады.

- Жасырын өндіру және қылмыстық әрекеті имитациялау. Ендіру және қылмыстық әрекетті имитациялау дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған қылмыстар туралы нақты деректер алу мақсатында қылмыстың орташа енгізілген және қылмыстық әрекетті имитацияланған адамның жазбаша келісуі бойынша жүзеге асырылады. Енгізілген және қылмыстық әрекетті имитацияланған адамға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне сәйкес қажетті қорғану, қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу, аса қажеттілік, негізді тәуекел ету жағдайларын қоспағанда, адамдардың өміріне, денсаулығына меншігіне қауіп төндірумен ұстасқан әрекет жасауға тыйым салынады.

Жасырын тергеу әрекеттін жүргізу нәтижесінде алныған ақпаратты зерттеу және оны дәлелдеме ретінде пайдалану.

1. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін зерттеуді сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы Қылмыстық процестік кодексінің 47 және 124 – бабтарын талаптарын сақтай отырып, қажет болған кезде маманды және анықтау органының тиісті қызметкерін тарта отырып жүргізеді. Зерттеу нәтижелері туралы Қылмыстық процестік кодексінің 47 және 199 – бабтарының талаптары санала отырып хаттама жасалады, онда жүргізілетін жасын тергеу әрекеттерінің нәтижелері көрсетіледі.

2. Тергеуге қатысы бар нақты деректер хаттамаға қосып тігіледі. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін бағалау және дәлелдеуге пайдалану.

1) Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері Қылмыстық процестік кодексінің 25 және 125 – бабтарында көзделген қағидалар бойынша бағаланады.

2) Жасырын тергеу әрекеттеінің нәтижелерін зерттеу хаттамаларды дыбыс жазбалары мен бейнелердің жазбалары, фото суреттер, ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен тіркелген басқада нәтижелер, ал қойылған нәрселер мен құжаттар немесе олардың номерлері дәлелдеуге тергеу әрекеттерінің нәтижесінде алынған дәлелдемелермен бірдец пайдаланылады.

3. Егер дәлелдеуге қандайда бір адамның құпия тіркелген сөздері немесе әрекеттері пайдаланылса, ол адамнан бұл туралы міндетті түрде жауап алынуға тиіс. Адамды оған айтылатын алнған нақты деректермен таныстырылуы кезінде, бұл адамға жүргізілген жасырын әрекет туралы олар осы адамға қаншалықты тікелей қатысы болса, сол шамада хабарланады және мемлекеттік құпяларды және заңмен қарлатын өзгеде құпияны жария етуді болғызбайды.

- Қылмыстық процесте ақпараттың қорғау жөніндегі іс шаралар.

1. Жасырын тергеу әрекеттерінің жүргізу фактосы туралы мәліметтер және оны жүргізу нәтижесінде алынған ақпарат жасырын тергеу әрекетінің анықталғанға дейін құпия болып табылады, оларды жария еткені үшін лауазымды адамдар немесе оны жүргізуге тартлыған адамдар заңда белгіленген жауаптылықта болады.

2. Жасырын тергеу әрекетінің жүргізілу әдістері, оларды жүргізетін адамдар оның ішінде қызметтің құпия немесе конспирпциялық нысанда жүзеге асыратын адамдар туралы мәліметтер мемлекеттік

құпияны құрайды және жария етілуге жатпайды.

3. Егер жасырын тергеу әрекеті негізінде алнған мәліметтер адамның жеке өмірінің құпясын қозғайтын немесе заңмен қорғалатын өзгеде құпияға қатысты болса, соттқа дейінгі тергеп-тексеру органының олардың таратылуын шектеу үшін заңда көзделген барлық құралдарды пайдаланады.

ҚР ҚПК-нің 64 бабы тергеушінің жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін орындауға міндетті жазбаша тапсырмалар беру құқығын, сондай-ақ прокурорға істі талдағаннан кейін анықтау органы бойынша жедел-іздестіру әрекеттерін тек қана тергеушінің тапсырмасымен жүргізе алатынын бекіткен. Егер қылмыс жасаған адам анықталса, анықтама органы қылмыс жасаған адамды табу үшін іздеу және жедел-іздестіру әрекеттерін тергеушіге хабарлай отырып қолдануға міндетті.

Бұл мән-жай олардың құқықтарын шектесе де, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың бастамасына кедергі бола алмайды, өйткені оның ішінде нақты адамдарға, яғни қылмыс жасауға сезікті немесе айыпталушыға қатысты жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу тергеліп отырған іс шегінен шығуы мүмкін және ол тек жедел жолмен анықталуы мүмкін, яғни бұрын белгілі емес қылмыстарды анықтауға немесе жаңа қылмыстарды жасауға бағытталған іс-әрекеттерді анықтауға, мысалы, лауазымды тұлғаларды сатып алу, куәларды қорқыту және т.б. мән-жайларға қатысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда жедел-іздестіру қызметінің қылмыстарды анықтау сияқты міндетін жүзеге асыру туралы сөз болып отыр, ол қылмыстық іс жүргізудің ағымдағы міндеттерінен немесе тергеушінің шешімдерінен тәуелсіз.

Қылмыс жасаған адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу кезінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға тергеуді жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижелерінен алғандығы туралы хабарлау міндетін жүктейді, бірақ әрбір жүргізілген жедел-іздестіру әрекеттері туралы емес.

Қозғалған қылмыстық істің болуы жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу негізі бола отырып, оларды жүргізуде шектеу болып табылмайды. ҚР ҚІЖК-нің талаптарын орындау жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар үшін де міндетті екені сөзсіз, бірақ жедел-іздестіру қызметіне және қылмыстық іс қозғалған факті бойынша жедел жолмен анықталуы қажет барлық өзге мән-жайларды қоспағанда, бұл ұйғарымдар тергеуге қатысты. Мұнда тергеу іс-әрекеттерін алмастыратын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге жол берілмейтіндігі туралы әңгіме болып отыр.

Аталған органдар (тергеуші, прокурор) жедел-іздестіру әрекеттеріне мазмұны бойынша ұқсас жекелеген тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге қатысты тапсырмалар мен нұсқаулар жолдауға құқылы болғандықтан, берілген негіз дербес ретінде бөлінген (көбінесе, сөйлесулерді тыңдау және жазу).

Тергеуші, прокурор мен соттың тапсырмасы бойынша жүргізілетін жедел-іздестіру әрекеттерінің түрі мен тактикасын тек жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның лауазымды тұлғасы анықтайды. Тергеуші тек міндет қоюға, тапсырмаларды орындау мерзімдерін белгілеуге құқылы, бірақ тапсырманы орындау кезінде жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру әрекеттерінің сипаты, ұйымдастыру мен тактикасы туралы нұсқаулар беруге құқылы емес.

Тапсырма деп жедел-іздестіру әрекеттері немесе тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы тиісті лауазымды адамның шығаратын жазбаша құжатты қарастырған жөн. Тапсырма анықтаушының, тергеушінің, прокурордың қаулысымен (нұсқауымен) немесе сот ұйғарымымен рәсімделеді, онда істің мәні, анықталуға қажет мән-жайлар, іздестірілуі тапсырылып жатқан немесе оларға қатысты жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу қажет адамдар туралы деректер және т.б. қысқаша баяндалады.

Тергеушінің, прокурордың ауызша нұсқауы (тапсырмасы) жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін негіз болып табылады.

Құқықтық көмек туралы шартқа (келісімге) сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының сауал салулары бойынша жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша жүзеге асырылады. Жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарының шет мемлекеттердің осындай субъектілерімен жасаған шарттарына (келісімдеріне) сәйкес жол беріледі.

Мұндай сауал салулар жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін негіз болып табылады, өйткені оларда мәлімделген тарап нақты қылмыстық фактілерге, оларды жасаған, іздестіріліп жатқан және хабар-ошарсыз кеткен адамдарға қатысты.

Халықаралық сауал салуларына тиісті санкциялар бар қаулыларға тіркелуі мүмкін. Сұраушы жақтың мұндай құжат материалдары Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарының қызметіне таралмайды. Олар жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің негізделгенін дәлелдейді.

Қоғам, мемлекет мүддесі мен оның экономикалық және қорғаныс әлеуетін нығайту мүддесіне орай барлау ақпараттарын алу қажеттігі жөніндегі хабарламалар жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін негіз ретінде қылмыстық сипатқа ие емес, бірақ болжамдық жағынан ұлттық қауіпсіздікке қауіп тудыратын оқиғалар немесе іс-әрекеттер туралы ақпаратқа ие болуы мүмкін.

Оқиғалар деп ұлттық қауіпсіздіктің тиісті түріне зиян келтіруі мүмкін немесе қауіпті шақыруы мүмкін, шын болып жатқан немесе бұрын орын алған фактілер, мән-жайлар, құбылыстар қарастырылуы мүмкін. Оқиғаларды адамдар мінез-құлқымен туғызылған мән-жайлар ретінде қарастырып қана қоймай, сондай-ақ олардың еркінен тыс болып жатқан, бірақ кейін қауіпсіздікке зиян келтіруі мүмкін процестер ретінде де қарастырылуы мүмкін.

Көбінесе, қауіпсіздікке қауіпті басқарылмайтын технологиялық процестер (мысалы, ядролық реактор жұмысындағы келеңсіздіктер) не болмаса дербес алғанда қауіпті туғызбайтын, өзге іс-әрекеттермен немесе оқиғалармен жиынтықта оны шақыруы мүмкін іс-әрекеттер туғызуы мүмкін. Бұл, мысалы, электроэнергияны тоқтаусыз технологиялық циклді қондырғылар, өндірістер, цехтардан, химиялық сала немесе ядролық материалдарды, шығындарды, тазалау объектілерді және құрылыстарды, сондай-ақ т.б. пайдаланумен, сақтаумен байланысты объектілерден айыру.

Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер – ұлттық мүдделерді іске асыруға кедергі жасайтын немесе оларға қауіп төндіретін, жағдайлардың, процестер мен факторлардың жиынтығы (1998 жылғы 26 маусымдағы №233-І «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңының 1 бабы). Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі – елдің ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі (1998 жылғы 26 маусымдағы №233-І «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңының 1 бабы).

Жедел-іздестіру әрекеттерін жүзеге асыру қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең бір тиімді және қосалқы құралдары ретінде пайдаланылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентін, Парламенті мен Үкіметін оларға саясат, экономика, қорғаныс, ғылыми-техникалық және экология салаларында шешімдер қабылдау үшін қажетті барлау ақпаратымен қамтамасыз ету; қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының саясатын жақсы жүзеге асыруға ықпал ететін жағдайларды қамтамасыз ету; елдің экономикалық дамуына, ғылыми-техникалық прогресіне және қауіпсіздігін әскери-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсаттарына қызмет етеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 930; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.