Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Фрагмент о гостиницах 2 страница




Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңның 10 бабының 2 тармағы жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың азаматтардың жеке басын сипаттайтын және шешімдер қабылдау үшін қажетті деректер жинауға құқығын белгілеген. Бұл құқық жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың өкілеттіктерінің шегімен шектелген.

Ішкі істер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауіпсіздік, әскери барлау, қаржы полициясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне жұмысқа және қызметке қабылдау туралы шешімді осы органдардың басшылары қабылдайды, тиісінше осындай шешімді қабылдау үшін қажетті деректерді осы органдардың жедел бөлімшелері жүзеге асырады.

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрбір жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың өкілеттігі, сондықтан бұл жөнінде деректер жинау сол органдардың жедел бөлімшелерімен жүзеге асырылады. Мұнда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган тек өзінің ғана емес өзге де жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде деректер жинауға құқылы.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің барлау-іздеу сипатын оларда жүзеге асырылатын астыртын әрекеттің, жария және жасырын әдістерді ұштастыру қағидалары; заң шығарушының жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу кезінде ақпаратты жасырын алу үшін арналған арнаулы техникалық құралдарды қолдану мүмкіндігіне нұсқауы; жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған құқыққа қайшы әрекеттің белгілері туралы, сондай-ақ оны дайындап жатқан, жасап жатқан немесе жасаған адамдар туралы мәліметтер бар болғанда, егер қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге, мемлекеттік, әскери, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздікке қауіп төндіретін оқиғалар немесе іс-әрекеттер туралы, анықтама, тергеу және сот органдарынан жасырынған немесе қылмыстық жазадан жалтарған адамдар туралы, т.б. жеткілікті деректер болмағанда құқыққа сай болуы дәлелдейді.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің барлау сипатын жедел-іздестіру органдарының қызметінің жасырын тәртіпте басым болуы, жедел-іздестіру әрекеттеріне қатысушы тұлғалар туралы мәліметтерді, жедел-іздестіру әрекеттерін ұйымдастыру мен оларды жүргізу тактикасын мемлекеттік құпияны құраушы ретінде қорғаудың объективті қажеттілігі, конфиденттерді астыртын пайдалану мүмкіндігі дәлелдейді.

Жедел-іздестіру қызметінің мәнінен және оның заң тұрғысынан түсініктемесінен жедел-іздестіру әрекеттері тек жедел-іздестіру органдарының лауазымды тұлғалары болып табылатын арнайы субъектілерімен ғана ұйымдастырылатындығы және жүргізілетіндігі туындайды. Оларға қоса жедел-іздестіру әрекеттерінің қатысушылары болып жедел емес бөлімшелердің қызметкерлері, мамандар, жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін жәрдемдесуші өзге адамдар, жедел-іздестіру әрекеттерін әзірлеуге немесе жүргізуге қатысушылар не болмаса олардың тапсырмасымен жекелеген әрекеттерді жүзеге асырушылар болуы мүмкін.

Жедел-іздестіру қызметінің қатарына қосылмаған бөлімшелер мен жедел-іздестіруге ұқсас жекелеген әрекеттерді жүргізуі жедел-іздестіру қызметін құрамайды, олар әкімшілік, жеке детективтік немесе өзге қызметтің элементі ретінде қарастырылуы мүмкін...

Жедел-іздестіру әрекеттері барлау және қарсы барлау қызметінің мазмұнына кіреді. Олар осындай қызметтің құралы болып табылады, қызметтің осы түрлерінің жүзеге асырылуы тәсілдері болып келеді. Адам құқықтарын кең дәрежеде шектейтін, әсіресе, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, азаматтардың пошта, телеграф және өзге жөнелтілімдерінің құпиясын, тұрғын үйге қолсұғылмаушылығын бұзатын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу заңымен көзделген жағдайларда, негіздерде және тәртіпте жүргізіледі.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің оларды жүргізу субъектілеріне қарамастан барлау-іздеу сипатына ие екенін ескерген жөн. Жедел-іздестіру қызметі туралы заңда көзделген нақ осы жедел-іздестіру әрекеттерінің мазмұны мемлекеттік, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздікке қауіптің бар болуы мен сипатын бағалауға мүмкіндік беретін оқиғалар немесе іс-әрекеттер туралы ақпараттар алу құралдары болып табылады.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің мазмұнын осы шаралардың нақты түрлерін құрайтын іс-әрекеттер құрайды...

Жедел-іздестіру әрекеттерін заңи бекіту, олардың шектелген тізімін белгілеу жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу кезінде тек адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметі субъектілері, лауазымды адамдар мен оларға жәрдемдесуші адамдардың іс-әрекеттерінің заңдылығын анықтайды, олардың іс-әрекеттерін қылмыстық жазаланатын әрекеттерден ажырайды және осымен олардың қызметінің заңдылығын қамтамасыз етеді.

Жедел-іздестіру қызметі туралы заңға сәйкес әрбір жедел-іздестіру әрекеті өөзгелерден тәуелсіз, дербес немесе өзге жедел-іздестіру әрекеттерімен бірге де жүргізілуі, жария немесе жасырын болуы, мұнда кейбір жедел-іздестіру әрекеттерін жария жүргізу өзгелердің жасырын жүргізілуін жоққа шығармайды, сондай-ақ керісінше. Нақ осы жедел-іздестіру әрекеттерінің шегінде ғана жедел-іздестіру қызметінің күштері, құралдары мен әдістері қолданылуы мүмкін.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің тізімі заңмен қатаң шектелгеніне қарамастан, оларды жүзеге асыру ұйымдастырушылық шараларды жүргізуді, қамтамасыз ету сипатындағы шараларды жүзеге асыруды, оларға қатысуға мамандарды тартуды, соңында нақты жедел-іздестіру әрекеттерін немесе олардың жиынтығын жүргізуге ықпал ететін арнаулы техникалық және өзге құралдарды қолдануды талап етеді. Ұйымдастырушылық және өзге қамтамасыз ету шаралары жедел-іздестіру шараларына қатысты бағыныштылық сипатқа ие екенін, көбінесе олардан бұрын болатынын не болмаса олардың салдары болатынын, олардан логикалық, техникалық, әдістемелік туындайтынын ескерткен жөн.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің бір-бірінен анық айырмашылықтарына қарамастан, олардың тізімі кездейсоқ емес. Ол біртұтас ортақ мән – оны кейін жүзеге асыру үшін ақпаратты алуға бағытталуымен анықталған. Атап айтқанда, жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу арқылы жедел-іздестіру қызметтерінің міндеттерін шешу және адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, меншікті қорғау, қоғам мен мемлекеттің қылмыстық қолсұғушылықтардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндігі туады.

Жедел-іздестіру әрекеттері жедел-іздестіру қызметі туралы заңда бекітілген жедел-іздестіру қызметінің жалпы міндеттерін, оның жеке міндеттерін шешу үшін жүргізілуі мүмкін. Мұнда жеке (аралық) міндеттерді шешу олардың бағытталуы мен мазмұны бойынша жедел-іздестіру қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі тиіс.

Жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу мақсаты олардың объектілерінің шеңберін алдын ала анықтайды. Олар ақпаратқа ие ретінде немесе қылмыс субъектілері ретінде жеке тұлғалар, сондай-ақ келісімі бойынша олардың тексеру немесе қорғау жөніндегі жедел-іздестіру әрекеттері жүргізіліп жатқан адамдарда болуы мүмкін. Мұндай адамдардың санаттары нақты жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу түрін, нысанын, негіздері мен шарттарын анықтайды.

Көбінесе, жедел-іздестіру әрекеттерінің объектілері болуы мүмкін тұлғалар:

1) құқыққа қайшы әрекеттерді дайындап жатқан, жасап жатқан немесе жасаған, анықтама, тергеу және сот органдарынан жасырынып жүрген немесе қылмыстық жазадан жалтарған;

2) хабар-ошарсыз кеткен;

3) қорғалып жатқан;

4) мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерге, адам өмірі мен денсаулығы үшін, қоршаған ортаға жоғарғы қауіпті объектілерді пайдаланумен байланысты жұмыстарға; жедел-іздестіру қызметіне қатысуға немесе оны жүргізу нәтижесінде алынған деректерге жіберу туралы; сондай-ақ жеке детективтік немесе күзет қызметіне рұқсат алуға үміткерлер;

5) қызметтік қатынастар орнатылып жатқан немесе орнатылған, жедел-іздестіру әрекеттерін әзірлеуге және жүргізуге тартылған;

6) құқыққа қайшы әрекеттердің белгілері; қауіпсіздікке қауіп төндіретін оқиғалар, іс-әрекеттер; жедел назарға ие адамдардың мінез-құлқы мен тұрғылықты жері туралы мәліметтерге ие.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің ұғымын талдау олардың мазмұнын, мәнін көрсететін келесідей сипатты белгілерін, құрылымдық элементтерін көрсетуге мүмкіндік береді:

- жедел-іздестіру әрекеттері жедел-іздестіру қызметінің басты құрамдас бөлігі;

- олар жария да, жасырын да жүргізіледі;

- олардың негізгі субъектілері болып жедел-іздестіру органдарының лауазымды тұлғалары табылады;

- олардың мазмұнын құқықтық маңызды ақпаратты табуға және жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттер құрайды;

- олар заңмен анықталған мақсатқа ие – адам мен азамат өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, меншікті қорғау, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қылмыстық қолсұғушылықтардан қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін шешу».

Тағы бір ресейлік ғалым В. Молокоедовтың пікірінше, «жедел-іздестіру әрекеттері – бұл тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекеттер жүйесінен тұратын жедел-іздестіру қызметін құрайтын құрылымдық элемент».

Жоғарыда жедел-іздестіру әрекеттері ұғымына әртүрлі авторлардың берген анықтамалары әртүрлі тұжырымдалғанына қарамастан, олар бір-біріне елеулі түрде қарама-қайшы келмейді. Бұл анықтамалардың мазмұны бір-біріне сай келеді, бірақ әрине олар бір-бірінен өзгеше тұжырымдалған

В. Плетнев те, А.Я. Гинзбург те, О.А. Вагин мен А.И. Исиченко да жедел-іздестіру әрекеттерінің анықтамасының мазмұнын аша отырып, оның сипатты белгілерін өздерінше ашып түсіндіреді.

В. Плетнев пен А.Я. Гинзбургтің жедел-іздестіру әрекеттерінің заңда берілген анықтамасымен келісе отырып берген сипатты белгілеріне қатысты көзқарастары Қазақстанның Жедел-іздестіру қызметі теориясында қалыптасқан тұжырымдамаға сәйкес келеді. Біз де олардың көзқарастарын қолдаймыз және біздің қазақстандық жедел-іздестіру қызметі заңдарына сай деп есептейміз. Себебі, Ресей Федерациясының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Федералдық заңының жедел-іздестіру әрекеттеріне анықтама бермегеніне қарамастан, жедел-іздестіру қызметін Қазақстан Республикасының Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңынан өзгеше анықтайды. Дәлірек айтсақ, «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Жедел-іздестіру қызметі – азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерінің қылмысты қолсұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдіру әрекетінен қоғам мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдар өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-іздестіру, ұйымдық және басқару әрекеттерінің ғылыми негізделген жүйесі». Ал, 1995 жылғы 12 тамыздағы №144-ФЗ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Ресей Федерациясының Федералдық Заңының 1 бабына сәйкес «Жедел-іздестіру қызметі – адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, меншікті қорғау, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қылмысты қолсұғудан қамтамасыз ету мақсатында Жедел-іздестіру туралы Федералдық заңмен уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жедел бөлімшелері өз өкілеттіктері шегінде жария және жасырын жүзеге асыратын қызмет түрі».

Мұндағы анықтамалардан келесідей айырмашылықты көрсетуге болады. Ресей Федерациясындағы жедел-іздестіру қызметі сыртқы барлау қызметін қамтымайды, оны реттейтін дербес 1996 жылғы 10 қаңтардағы №5-ФЗ «Сыртқы барлау туралы» Федерациялық Заңы бар. Сондықтан сыртқы барлау сипатындағы кейбір жедел-іздестіру шаралары Ресей Федерациясының жедел-іздестіру қызметінің мазмұнына кірмейді. Ал, Қазақстан Республикасындағы жедел-іздестіру қызметі сыртқы барлау қызметін қамтыған және оны реттейтін дербес нормативтік-құқықтық акт көзделмеген. Сондықтан Қазақстан Рестпубликасының сыртқы барлау қызметі «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және өзге құпия ведомстволық нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Сыртқы барлау сипатындағы әрекеттер бір уақытта жедел-іздестіру әрекеттері болып табылады. Бір сөзбен айтсақ, Қазақстан заңнамасындағы жедел-іздестіру қызметінің ұғымы Ресейлік заңнамадағы жедел-іздестіру қызметі ұғымынан кең болып келеді.

 

2. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу шарттары мен негіздері.

 

 

1. Егер қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайларды, Қылмыстық процеске тартылған тұлғалардың мүдделерін қозғайтын фактілері туралы мәліметтерді оларға хабарламай алу қажет болғанда, осы тарауда көзделген жасырын тергеу әрекеті жүргізіледі.

2. Пошта жөнелтілімдерін және өзгеде жөнелтілімдерді жасырын бақылауды қоспағанда, жасырын тергеу әрекеттерін сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекет органының уәкілеттік бөлімшесі жедел іздестіру қызметінің нысанындағы әдістерін пайдалана отырып жүргізіледі.

3. Қылмыстық процестік кодекстің 231 – бабының бірінші және алтыншы тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттерін проурордың санкциясымен жүргізіледі, оларды жүргізу тәртібі Қылмыстық процес кодекстің 234 – бабында белгіленген.

4. Жасырн тергеу әрекеттерін мына негіздердің бірі болғанда:

- Жасағаны үшін санкциясы бір жылдан бастап және адамды жоғары мерзімге басбостандығынан айыру жазасын көздейтін қылмыстар туралы істер бойынша.

- Қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстар бойынша жүргізіледі.

5. Қылмыстық процестік кодекстің 232 – бабтың төртінші бөлігінде көзделген басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу және оларды ашу үшін Қылмыстық процестік кодекстің 231 – бабының тек жетінші және оныншы тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін.

6. Жекелеген адамдардың өміріне, денсаулығына, меншігіне қатер тонген жағдайда, олардың арызы бойынша немесе жазбаша келісуімен, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының қаулысымен негізінде, қаулы шығарылған кезден бастап 24 сағат ішінде прокурордың міндетті түрде хабардар ете отырып, Қылмыстық процестік кодекстің 231 – бабының бірінші және екінші тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге рұқсат етеледі.

7. Жасырын тергеу әрекеттері:

- Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызда, хабарда оны дайындап жатқан, жасап жатқан немесе жасаған адам ретінде көрсетілген не өзіне қатысты тергеліп жатқан құқық бұзушылықа қатысы бар не дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерге не деп пайымдалуға өзгеде негіздер бар адамға.

- Күдіктіге;

- Жәбірленушінің жазбаша келісімі бойынша болған;

- Егер үшінші тұлғаның іс үшін маңызы бар ақпаратты алатыны немесе беретіні туралы мәліметтер болса үшінші тұлғаға;

- Егер онда болып жатқан немесе болуы болжанатын мән-жайлардың іс жүшін маңызы болатын болса, жерге қаттысты жүргізіледі;

8. Кәсіби көмекті жүзеге асыратын адвокаттар ауыр немесе аса аур қылмыстар дайындап жатыр немесе жасады деп пайымдалған негіз болған жағдайларды қоспағанда, оларға қаттысты жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге тыйым салынады.

9. Қылмыстық процетік кодексте көзделген мақсаттармен міндеттерге қол жеткізу үшін жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргізу барысында алынған ақпаратты пайдалануға жол берілмейді.

10. Жасырн тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен келісім бойынша құқық қорғау органдарымен арнаулы мемлекеттік органдар айқындайды.

- Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау:

1) Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысы бойынша жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге санкцияны Қазақстан Респуликасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оған теңестірілген прокурорлар береді. Санкция Қылмыстық процестік кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген, қылмыстар туралы хабарлармен арыздар бойынша ғана беріледі.

2) Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы ол шығарылғаннан кейін көрсетілген тергеу әрекетіне жүргізудің негізділігін растайтын материялдармен бірге 24 сағат ішінде уәкілетті прокурорға ұсынылады. Қаулы прокуратураға келіп түскен кезден бастап 24 сағат ішінде прокурор оның заңдылығы мен негізділігін тексеріп, оны санкциялау немесе санкциялаудан бастарту туралы шешім қабылдауға міндетті. Қосымша материялдарды талап етіп алдыру қажет болған жағдайда қаулыны белгіленген мерзімнен асса, бірақ 72 сағаттан аспайтын мерзімде қарауға жол беріледі шығарылған қаулы негізсіз болған жағдайда прокурор оны санкциялаудан бастартты. Бастарту мұндай шешім қабылдаудың себептердің көрсетіле отырып, қаулыны санкцияламай қайтару туралы ілеспе хат жазумен рәсімделеді.

3) Жасырн тергеу әрекеттерін жүргізу нәтижелерін туралы ол аяқталғаннан күннен бастап екі тәуліктен кешіктірілмей оны жүргізуге санкция беретін прокурор хабардар етіледі.

- Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, прокурордың 24 сағат ішінде хабардар ете отырып және кейіннен Қылмыстық процестік кодекстың 234 – бабында көзделген тәртіппен санкция ала отыр, Қылмыстық процестік кодексінің 232 – бабының үшінші бөлігінде көрсетілген жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге жол беріледі.

Прокурор ұсынылған материялды зерделей отырып, жүргізілген жасырын тергеу әрекеттерінің кейінге қалдыруға болмайтынымен келіскен жағдайда жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулыны санкциялайды, ол келіспеген жағдайда оны тоқтату және алынған нәтижелерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жолберілмейтіні туралы қаулы шығарады. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу аяқталғаннан кейін оны жүргізу барысында алынған, іс үшін маңызы бар барлық алынған, іс үшін маңызы бар барлық материялдар құпиялық сақтала отырып, ілеспе хатпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына беріледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы кез-келген уақытта құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органға уәкілетті бөлімшесінің олр жүргізіп жатқан іс шараның нәтижелерін зерттеу, бағалау және тергеп-тексеру материялдарына қосып тігу үшін талап етіп алдыруға құқылы.

Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдері. Санкциялауға жататын жасырын тергеу әрекеті отыз тәуліктен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастыру қажет болған кезде оларды жүргізуге бастамшы болған орган мерзім бекітілгенге дейін үш тәулік бұрын оны белгілі бір мерзімге ұзарту туралы уәжді қаулы шығартылады және санкциялау туралы мәселені шешу үшін прокурорға жібереді. Қаулыға прокурордың санкциясы алынғаннан кейін жасырн тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын уәкілетті органға орындау үшін жіберіледі. Прокрор бұл ретте қаулыда көрсетілгеннен аз мерзім белгілей отырып, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді ұзартуды санкциялауы мүмкін. Прокурор жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастыруға қажеттілік болмаған кезде оны санкциялауға бастартады және жасырын тергеу әрекеті жүргізудің жалпы жүргізу мерзімін облыс прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор алы айға дейін ұзартға мүмкін. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдерін одан әрі ұзартуды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасарлары жүзеге асырады. Жасырын тергеу әрекеті тәуліктің кез-келген уақытында және оның бүкіл жүргізілу мерзімі ішінде үздіксіз жүзеге асырылуы мүмкін. Жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу шарттары – жедел-іздестіру әрекеттерін бұлтартпай орындау заң шығарушы нақ бір жедел-іздестіру әрекетін әзірлеуге және жүзеге асыруға жағдай жасайды, олар жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу кезінде олардың тиімділігін арттыруға және жедел-іздестіру қызметі қағидаларының сақталуын кепілдеуге шақырылған жедел-іздестіру заңдарымен белгіленген арнайы ережелер. Бұл шарттар жеке адамның мүдделерін қылмыстылыққа тиімді қарсылық көрсетуге мүдделі қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерімен теңестіруге бағытталған.

Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңның 12 бабына сәйкес жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу шарттары келесідей:

- адамдардың азаматтығы, жынысы, ұлты, тұрғылықты жері, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, қандай қоғамдық бірлестіктерге жататындығы, дінге қатынасы мен саяси сенімі, егер заңмен өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында оларға қатысты жедел-іздестіру әрекетерін жүргізуге кедергі бола алмайды;

- жалпы жедел-іздестіру әрекеттерін өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар жүргізеді және бұл шаралар олардың құзыреті шегінде шектеледі. Ішкі істер органдары жалпы жедел-іздестіру әрекеттерін Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша жүзеге асыруға құқылы;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 354; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.059 сек.