КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Основы агрономии 1 страница
ТЕРЕЗЕЛЕР. Билет Билет ТЕРЕЗЕЛЕР. ТЕРЕЗЕЛЕР. ТЕРЕЗЕЛЕР. Сканер Принтер Дисплей Билет 1. Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары. Информатика пәнін оқытудың жалпы мақсаты қазіргі қоғам өмірінде информатика ғылым ретінде, оның ғылыми жүйедегі орны мен ролін ескере отырып анықталады. Жалпы мектепте сипатталатын негізгі мақсаттар информатика пәні аймағында оқушылардың білім беруіне қалай қатысты екенің қарастырамыз. Информатиканы бастауыш сыныпта оқыту курсының негізгі мақсаттарын түрде тұжырымдауға болады: v оқушының санасында әлемнің бірыңғай ақпараттық сипатын қалыптастыру; v компьютерлік сезгіштікті қалыптастыру: іс-әрекет үшін арналған ЭЕТ құрал ретінде қолданудың мүмкіндігін және шектеуліктерін білу; v оның ішінде операциялық өрнегін қалыптастыру: тапсырманы қалыптастыра білу; оның ішінде логикалық бөліктерді айра білу; осы бөліктердің байланысын анықтау; нәтижені жобалау; v компьютер қамтамасыз ететін жаңа технологияларды қолданып, белсенді шығармашылықтың зерттеу дағдыларын қалыптастыру; v компьютерлік сауаттылықтың бастамаларын қалыптастыру; v логикалық ойлауды дамыту; тіпті шешу кезінде алгоритмдік дағдыларды және жүйелік әдістемені дамыту; v қарапайым компьютерлік дағдыларды (компьютермен, ақпараттық технология аймағындағы қарапайым ұғымдармен танысу) қалыптастыру.
2. Кестелер және жиектер құралдар үстелі. Кесте (таблица; table) — мәліметтерді жолдар мен бағаналар қиылысында орналастыру арқылы ұсыну тәсілі. Әдетте, кестенің бірінші жолы бағаналардың тақырыптарымен толтырылады. Бағаналардағы мәлімет типтері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ бір бағанада орналасатын мәліметтер бір типті болуы қажет. Кесте мәлімдемелік мәліметтер базасының негізі болып саналады.Кесте жолдары жазба, ал бағаналары өріс деп аталады. 3. WordArt нысандарымен жұмыс. Бояу — WordArt мәтінінің немесе Office PowerPoint 2007 слайдындағы мәтін әріптерінің ішкі жағы. Мәтіннің бояу түсін өзгерткенде, бояуға сурет құрамы, сурет немесе градиент қоса аласыз. Градиент дегеніміз — түстердің және көлеңкелердің, әдетте, бір түстен екінші түске немесе сол түстің бір реңнен екінші реңге біртіндеп өзгеруі.) Құрылым — WordArt нысаны немесе мәтіннің әр таңбасының сыртқы жиегі. Мәтін құрылымын өзгерткен кезде, сондай-ақ, сызықтың түсін, енін және мәнерін лайықтай аласыз. Әсер WordArt мәтініне немесе слайд мәтініне тереңдік немесе айыру қосады. Мәтінге жеке әсерлер тіркесімін мына 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламаларында қоса аласыз: Excel, Outlook, Word және PowerPoint. Сондай-ақ, WordArt немесе слайдтағы мәтінді Басты қойындысындағы Қаріп тобынан немесе Office Outlook 2007 үшін Хабар қойындысындағы Негізгі мәтін тобынан параметрлерді қолдана отырып, пішімдей аласыз. №2 билет 1. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар Компьютер – бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардың жиынтығы. IBC PC негізгі құрылғыларына жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір жатады. Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады: - ақпаратты енгізу құрылғылары (мәтіналғы (сканер), дигитайзер, сандық фотокамера, сызбалық планшет); - ақпаратты шығару құрылғылары (басып шығырғыш(принтер), плоттер); - енгізу және шығару қызметтерін бірге атқаратн құрылғылар (модем, дыбыстық беймдеуіш, желілік бейімдеуіш). 2. «Рaint» графикалық редакторы. Paint (Paintbrush) – Windows жүйесінің стандартты бағдарламалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан кәсіби графикалық редактордан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өндеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады. Редакторды іске қосу үшін Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартты → Paint әмірлер тізбегін орындасақ, экранда бағдарламаның терезесі пайда болады. Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында құралдар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу құралдарын көре аласыздар. Кез келген құралды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған құралдың бейнесі(белгісі) айқын түспен ерекшеленеді. Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналасқан. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (мұнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (мұнан былай оны фондық түс деп атаймыз). Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішене екі тіктөртбұрыш тұр, олардың үстінгісі – негізгі түсті, ал астынғысы – фондық түстерді көрсетеді. Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы – фондық түсті өзгертуге болады. Paint графикалық редакторының құралдарымен жұмыс жасау технологиясын қарастырайық. Құралдар тақтасы қарапайым суретшінің құралдарының жиынына ұқсас болып келеді. Мұндағы әрбір құралдың қызметіне тоқталайық Қарындаш-Бір нүктенің қалындығындай сызық жүргізуге мүмкін жасайды. Сызық қатаң тігінен немесе көлденең болуы үшін сурет салу кезінде SHIFT пернелігін басулы ұстау қажет. Бұл тәсіл басқа көп бағдарламаларда да қолданылады. - Қылқалам-Қарындаштың жүргізген сызығынан да қалың сызық жүргізуге мүмкін жасайды. Бұл сызықтың түрі аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден таңдалатын қылқаламның формасымен анықталады. Өшіргіш-Бейнені өшіру үшін қызмет етеді. Өшіргіштің өлшемін аспаптар тақтасының төменгі жағындағы терезеден таңдайды. Шашыратқыш-Аспаптар тақтасының төменгі жағындағы терезедегі дақ түрлеріне сәйкес жасайды. Шашыратқыш аспабын бейне-леудің нақты формасы қажет емес жағдайларда, яғни түтін, бұлттар, ағаштар және т.б. салуда пайдаланған тиімді. Құйғыш-Суреттің тұйық контурына негізгі түсті құяды. Егер де контур тұйық болмаса, онда барлық бос аймаққа құяды. - Түзу сызық-Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті түзу сызықты салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден сызықтың қалындығын таңдауға болады. Қисық сызық-Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті қисық сызықты салады. Қисық сызықтың формасын 2 рет қана өзгерте аласын. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден қисық сызықтың қалындығын таңдауға болады. Тік төртбұрыш-Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті (Shift-ті басып тұрып квадрат) тік төртбұрыш салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден: тік төрбұрыштың контурын, боялған тік төртбұрыш т.б. таңдауға болады. Сопақша-Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті (Shift-ті басып тұрып дөңгелек) эллипс салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден: эллипстің контурын, боялған эллипс т.б. таңдауға болады. Қырлары иілген төртбұрыш-Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті қырлары иілген төртбұрыш салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден: қырлары иілген төртбұрыш контурын, боялған қырлары иілген төртбұрыш т.б. таңдауға болады. Көпбұрыш-Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті көпбұрыш салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден: көпбұрыш контурын, боялған көпбұрыш т.б. таңдауға болады. Жазу-Суреттерге қосымша мәтін жазуға мүмкіндік береді. Пипетка-Суреттен байқау түсін алуға және бұл түсті негізгі түс ретінде орнатуға мүмкіндік береді. Үлкейткішшыны-Суреттің масштабын үлкейтуге, мысалы ұсақ бөліктерін қайтадан салуға мүмкіндік береді. - Еркін аймақты ерекшелеу-Суреттің үзіндісін ерекшелеп алу үшін төртбұрышты қайшы батырмасы қолданылады. Еркін аймақты ерекшелеу-Фигуралы қайшы көмегімен суреттің үзіндісін ерекшелеу Қылқаламмен жұмыс істеу сияқты орындалады (ерекшеленген аумақты қисық тұйық сызықпен қоршап шығу).
3. Мәтінді редакциялаудың негізгі әмірлерімен жұмыс (көшіру, қиып алу, қою, болдырмау). Редакциялау – құжаттың белгіленген символдарын немесе бөліктерін көшіру, өшіру және орын ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Көшіру құжаттың белгіленген орындарына қойып көбейтуге мүмкіндік береді. Орын ауыстыру кезінде белгіленген бөлік қиылып алынып, құжаттағы тиісті орынға қойылады, ал өшіргенде ол тек қана қиылып алынады. 1) мәтіннің бөлігін айқындап алып, оны алмасу буферіне орналастырыңыз; 1) Орын ауыстыру үшін: Түзету –Қию (Вырезать) командасын орындаңыз немесе Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шертеміз. 2) көшіру үшін: Түзету – Көшіру (Копировать) командасын орындаңыз немесе Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шертеміз. курсорды керек (бөлікті қойғыңыз келген) жерге апарыңыз; Түзету – Қою (Вставить) командасын орындап, Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шерткеннен кейін бөлік құжат мәтініне алмасу буферінен қойылады. 1) мәтіннің бөлігін айқындап алыңыз; 2) бөлікке тышқанның сілтемесін апарыңыз; 3) тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, сол басулы күйінде жібермей ұстап, бөлікті жаңа орынға жылжытамыз. 4) тышқанның сол жақ батырмасын жіберіңіз. Мәтінді форматтау дегеніміз – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою. Мәтін бөлігінің параметрлерін өзгертпес бұрын оны айқындап алу керек. Егер мәтін бөлігі айқындалмаса, онда тек келесі енгізілетін мәтінге ғана сол ағымдағы параметрлер қабылданады.Мәтінді форматтауға мыналар жатады: әр түрлі қаріптерді пайдалану; құжат өрісінің шекараларын өзгерту; сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрісін айқындау; мәтінді бағандарға бөлу; символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындау. Форматтаудың осы әрекеттерін Формат менюіндегі аспаптардың көмегімен орындауға болады. Құжатты форматтау, яғни алдын ала белгіленген құжат мәтініне жаңа формат элементтерін енгізу негізінде орындалады. Қаріп параметрлерін өзгерту Құжат мәтіні үнсіз келісім бойынша қойылған қаріппен теріледі. Символдардың параметрлерін өзгерту үшін Қаріп (Шрифт) диалогтік терезесін ашатын Формат менюіндегі Қаріп командасы қолданылады. Қаріп командасының диалогтік терезесі үш қосымшадан тұрад Қаріп қосымшасы қаріптердің параметрін енгізу үшін қолданылады.Қаріп өрісінде қаріп типтері таңдалынады (әдетте Times New Roman, Arial, Courier және т.б.)Сызылым (Начертание) өрісінде қаріптің төменде берілген сызылымы таңдалынады:Обычный – қалыпты сызылым;Курсив – курсив сызылымы Полужирный – жартылай қарайтылған курсив сызылым Полужирный курсив – жартылай қарайтылған курсив сызылым Өлшем (Размер) өрісінде қаріптің өлшемі таңдалады. Астын сызу (Подчеркивание) өрісінде – «асты сызылған» сызықтарының типтері; Түс (Цвет) өрісінде символдардың түстері берілген Көрінуін өзгерту (Видоизменение) төртбұрыштарына мынадай жалаушаларды қоюға болады: Астын сызу (зачеркнутый) – асты сызылған мәтін бір сызықпен сызылады. Астын екі рет сызу (двойное зачеркивание)- асты сызылған мәтін екі сызықпен сызылды Жоғары индекс (верхний индекс)- мәтін жоғарылап, символ өлшемі кішірейеді Төменгі индекс (нижний индекс) – мәтін төмендеп, символ өлшемі кішірейеді Интервал (Аралық) — арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді: қалыпты, ашылған, қысылған;
№3 билет 1. Компьютерге күтім жасау ережелері және қауіпсіздік техникасы. Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады. Компьютерге күтім жасау ережелері және қауіпсіздік техникасы Компьютердің үсдіксіз жұмыс істеуін қамтамассыз етуге оған күтім жасау ережелері көмектеседі: - компьютерді орналастыратын орынды таңдау кезінде оның жылыту радиаторлары жанында қызып кетуі мүмкін екенін есте ұстаңыз; -мониторды күн сәулесі бейне бетке тікелей түсппейтіндей етіп орналастырыңыз; - тінтуірдің жұмыс бетін шаң – тозаңнан үнемі тазартып отырыңыз; - компьютер тұрған жайды күн сайын жинастырып отырыңыз; Аппараттармен, тоқтар немесе кабельдермен және мониторлармен жұмыс істеу кезінде абайсыздық электр тоғынан зардап шегуге әкеп соқтырды, жабдықтарды күйдіріп жіберу мүмкін. Сол себептен: - Жалғаушы кабельдердің ажыратқыштарын қолмен ұстауға; - Қоректендіру сымдарына және жерге қосу құрылғыларына қол тигізуге; - Бейне бетке және монитор мен пернетақтаның сырт жағына қол тигізуге; - Монитор мен пернетақтаға диск, дәптер, кітап секілді заттарды қоюға; - Дымқыл киіммен және су қолмен жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады. Күйген иіс шыққан жағдайда жұмысты дереу тоқтатып, құрылғыларды сөндіріп, техникалық қолдау орталығына жүгіну қажет.
2. Word бағдарламасында қандай құралдар үстелдері кестемен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды? Word-ТА жұмыс істеу.құжаттарды әзірлеу және сәнді етіп безендіру Microsoft Word бағдарламасы – бұл мәтіндік құжаттарды әзірлеуге, қарап шығуға, түрлендіруге және басып шығаруға арналған Microsoft Office қосымшасы. Басқаша айтар болсақ, Microsoft Word – бұл мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік процессор. Сонымен қатар, бұл бағдарлама мәтіндік құжатқа суреттерді, диаграммаларды, кестелерді кірістіруге, орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетуге және басқа да көптеген амалдарды орындауға мүмкіндік береді. Бағдарламаны бірнеше тәсілмен іске қосуға болады: Егер Сіздің компьютеріңізде Microsoft Office 2003 және одан бұрынғы нұсқалар орнатылған болса, Word қосымшасын былайша іске қосасыз: Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Office – Microsoft Word. Егер сіздің компьютеріңізде Microsoft Office соңғы нұсқасы орнатылған болса, онда Word-ты былайша табуға болады: Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Office. Microsoft Word бағдарламасының терезесі мынадай негізгі элементтерден тұрады: • Тақырып жолағы – онда терезені басқару батырмалары және құжаттың атауы орналасады. • Мәзір жолағы. Мәзірдің әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан құралады: • «Стандартты» құралдар үстелі – Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Көшіру, Қою сияқты негізгі стандартты әмірлерді қамтиды. • «Пішімдеу» құралдар үстелі – мәтін үшін талап етілетін параметрлерді және оның құжаттағы орнын (туралауды) белгілеуге арналған. • Сызғыш – құжаттың өрістерін және өрістерден шегінуді белгілеуге мүмкіндік береді. Көлденең сызғыш құжаттың оң жақтағы және сол жақтағы өрістері мен шегіністерін белгілейді. Тік сызғыш үстіңгі және төменгі өрістерді белгілейді. Шегініске мысал: • Тапсырмалар аймағы – пайдаланушы таңдауы бойынша орындала алатын құжаттың ағымдағы тапсырмаларын көрсетеді. • Айналдыру жолақтары – құжат ішінде қозғалып жүруге мүмкіндік береді. • Күй жолағы – құжаттың ағымдағы бетінің нөмірін, бөлім нөмірін, беттер санын және т.б. көрсетеді. Әдепкіде құжат бет сызбасы режімінде көрініс табады, бұл жағдайда мәтінді беттерге бөлу автоматты түрде жүргізіледі. Біз құжат режімін мәзір жолағының Көрініс тармағындағы әмірлердің бірін таңдап өзгерте аламыз: Қалыпты – бет үзілімі жіңішке үзік сызықпен көрінеді немесе Толық бейне бетке – бұл ретте құжат толық бейне бетте көрінеді.
3. Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларымен жұмыс Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді. Жүйелік блок Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тінтуір) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан. Дисплей (монитор) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды. Пернетақта Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады. Тінтуір Тінтуір – «графикалық» басқару құрылғысы. Тінтуірді кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тінтуірдің нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тінтуірдің екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар. Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.
№ 4 билет 1. Амалдық жүйе деген не және ол дербес компьютерді қалай басқарады? Амалдық жүйе (АЖ) – бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. АЖ бағдарламалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушымен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және тағы басқа. Амалдық жүйе болмаса, қазіргі заманғы компьютерлердің жабдықтары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық аппараттық, сонымен қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ғана ұсынылады. Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілі қандай екенінің, оның оңай да тартымды болуының маңызы зор. Қатынас жасау тәсілі – пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі тілдесу (интерфейс) деп те аталады. Дербес компьютерлерде тілдесу әмірлік және терезелік екі түрін көруге болады. 2. Word құжатына кестені қалай кірістіруге болады? Қарапайым кестені тез кірістіру үшін Кірістіру > Кесте тармағына өтіп, меңзерді тор үстінде қажет бағандар және жолдар санын бөлектегенше жылжытыңыз.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 144; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |