Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Основы агрономии 6 страница




№15 билет

1,Internet Explorer бағдарламасы нені қамтиды?

Internet Explorer (қысқаша ІЕ не MSIE) — Microsoft компаниясы 1995 ж. бастап Microsoft Windows амалдық жүйесі құрамдас бөлігі ретінде жасаған графиктік ғаламтор шолғыш өнімі. Бұл бағдарлама 1999 ж. бастап дүние жүзі бойынша қолданымы ең көлемді бағдарлама болып, 2002-2003 жж. аралығындағы ІЕ5 пен ІЕ6-ның жарық көрген мезгілінен бер бұл қолданымдық көрсеткіші шырқау шегіне жетті де, сонан бері қарай тұрақты төмендеу күйінде болды. Интернет шолғышы алғашта Windows 95-ке қосымша қалташық ретінде бірге шықты да, онан кейінгі жаңа ұрпақтық нұсқалары дербес қалташық ретінде жеке дара түсіруге болатын етіп жасалды. Қазіргі ең жаңа 7-ші ұрпақ шолғышы Windows ХР Service Pack 2, Windows 2003 Service Pack 1, Windows Vista және Windows Server 2008 дегендердің жаңалау бума ретінде түсіріп орнату мүмкіншілігін жасады. Және бір түрдегі Windows CE (ІЕ CЕ) ге бағытталған ОЕМ-дік жасалымды да WinCE немесе ІЕ6-лық негіздегі текшелерінен еркін түсіріп алуға болады. Есте боларлық және бір жайт, тағы бір түрдегі Windows Mobile-ға (қойындық кіші тұрпатты компьютерлерге арналған жүйе) сәйкестіріліп жасалған Mobile Internet Explorer (ұтқыр) дербес компьтерлерге (РС) арналған түрлерімен шатастырып алмау керек. 8-ші ұрпақ ғаламтор шолғышының 2-реттік сынақ нұсқасы 2008 ж. басында жария етілді.

2. Блокнот бағдарламасы қандай қызмет атқарады?

Блокнот (Notepad) - Windows жүйесінде шағын мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған стандартты мәтін редакторыБлокнот - кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу. Блокнот мәтінді форматтамай тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды дайындауды және дискіде сақтайды..Бағдарлама іске қосылғаннан кейін экранда іші таза, онда мәтін енгізуге дайын бос құжат бейнеленген Блокнот бағдарламасының терезесі ашылады. Блокнот бағдарламасын кейіннен басқа қолданбаларға кірістіруге болатын мәтіндік ақпараттарды сақтау үшін қолдануға болады. Мәтінді енгізгенде жолдың соңында <Enter> пернесін басу керек немесе сөз автоматты түрде тасымалдануы үшін Правка=>Перенос по словам командасын орындаймыз. Мәтін бойы маустың көмегімен немесе бағыттаушы батырмаларын қолданып жылжуға болады.

Мәтіннің үзіндісін бөліп алу үшін Word Pad-та пайдаланылатын әрекеттер пайдаланылады. Ақпараттарды тек алмастыру буферінің көмегімен ғана көшіруге және жылжытуға болады, ол үшін Правка менюінің Копировать, Вырезать және Вставить командалары пайдаланылады.

Блокноттың көмегімен күрделі, әдемі құжаттар жасап, оған сурет кірістіру мүмкін емес, себебі оның пішімдеу мүмкіндігі аз.

Файл=>Макет страницы командасын орындап, пайда болған диалогтық терезеде қағаздың пішімін, өріс мөлшерін және мәтіннің бет бейнесін таңдауға болады.

Мысалы, Блокнот қолданбасында мәтінді қарапайым қаріппен тердік делік. Содан кейін мәтіндегі бір сөздің қарпінің әлпетін өзгертпекші, мысалы, «пішімдеу» сөзін курсивпен жазбақшы болдық. Осы сөзді бөліп алып, Правка=>Шрифт командасын орындап, диалогтық терезеден курсив әлпетін таңдасақ, терезедегі барлық мәтін курсивпен жазылады.

Блокнот қолданбасында терілген мәтінді сақтау үшін Word Pad қолданбасындағыдай Файл=>Сохранить как… командасы орындалады. Файл=>Открыть командасын орындап, Блокнот қолданбасында құрылған құжатты ашуға болады.

 

3.Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларымен жұмыс.

Компью́тер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтижесін шығару үшін арналған машина. Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.

Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тінтуір) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.

Дисплей (монитор) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.

Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.

Тінтуір – «графикалық» басқару құрылғысы. Тінтуірді кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тінтуірдің нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тінтуірдің екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.

Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.

Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.

Қазіргі кезде адамзаттың тыныс-тіршілігі электрондық құрылғылардың жұмысына негізделген. Ғылымда, медицинада, техникада, ғарыштануда, т.б. көптеген салаларда кездесетін электрондық аппараттар адам жұмысын күннен-күнге жеңілдетіп, дами түсуде. Қарапайым тұрмыстық тіршілікте де автокөліктермен қатар көптеген жетілдірілген құрылғылар қолданылып келеді: шаңсорғыш, бейнекамера, кір жуатын машина, компьютер, фотоаппарат, т.с.с.

Электрондық құрылғы – жұмыс жасау негізіне электроника принциптері салынған бұйым және оның құрамдық бөліктері.

Электроника – электрондық құрылғыларды жасақтау мен зерттеуді, оларды қолданудың принциптерін зерттеуді қамтитын ғылым саласы. Электрониканың дамуының негізінде электрондық құрылғылардың орындайтын функцияларының үздіксіз күрделіленуі жатыр. Белгілі бір даму этаптарында ескіә құрылғылар көмегімен берілген мінцдеттерді атқару мүмкіндігі жойыла бастайды, мысалы, электрондық лампалар мен дискреттік транзисторлар көмегімен. Сондықтан, элементтік базаның әрі қарай жетілдірілуі қажет болады. Жаңа элементтік база негізіндегі электрондық құрылғыны жасақтаудың негізгі факторлары – сенімділік, гаабариттік өлшемдер, масса, құны мен қуаты.

 

№16 билет

1)Редакатор терезесі 9 элементтен тұрады:

Бас мәзір;

Құралдар параметрлері;

Құралдар панелі;

Таңбалау элементтері;

Жұмыс аймағы;

Бұйрықтар панелі;

Жабысу параметрлерінің панелі;

Түстер үлгілері – бояу палитрасы;

Қалып-күй жолы.

2) Кестенің төменгі жақтауы бойымен қандай элемент орналасқан?

Кесте — мәліметтерді жолдар мен бағаналар қиылысында орналастыру арқылы ұсыну тәсілі. Әдетте, кестенің бірінші жолы бағаналардың тақырыптарымен толтырылады. Бағаналардағы мәлімет типтері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ бір бағанада орналасатын мәліметтер бір типті болуы қажет. Кесте мәлімдемелік мәліметтер базасының негізі болып саналады.

Кесте жолдары жазба, ал бағаналары өріс деп аталады.

Түрлері

Ақикдттылық кесте (таблица истинности (логических операций); truth table) — берілген айнымалылар мәндерінің барлық мүмкін комбинацияларынан тұратын және әр комбинацияның ақиқат мәні көрсетілген логикалық функцияларды сипаттайтын кесте.

Блоктар кестесі (таблица блоков; block table) — жадты статистикалық үлестіру барысында компилятормен құрылатын кесте. Бұл кесте әрқайсысы блок деңгейі мен осы блокта мәліметтерді орналастыруға арналган жад ұяшықтарының санын көрсететін жазбалардан тұрады.

Бұрын болған кесте (таблица предшествования; precedence table) — негізгі программа сөйлемінің жеке элементтерін өндеудің логикалық кезегін анықтайтын компилятордың көмекші кестесі.

Құрылғылар атауларының кестесі (таблица. Имен устройств; device name table (dnt) — барлық мүмкін боларлық типтік және топтық құрылғылар атауларын қамтитын операциялық жүйені генерациялау барысында құрылатын басқару кестесі.

Қызметтік кесте (функциональная таблица; functional table) — кодтарды аудару барысында қолданылатын кесте. Мұнда трансляцияланатын кодтың байты кестеден іздестірудің аргументі, ал трансляцияланған кодтың байты оның функциясы болады; бір жиынтыққа кіріс басқа жиынтықтардағы сәйкес

кірістерді анықтайтындай етіп ұйымдастырылған мәліметтердің екі немесе одан көп жиынтығы.

Тапсырманы енгізу-шыгару кестесі(таблица ввода-вывода задачи; task input-output table (тi/от) — мәліметтерді басқару блогын мәліметтер жиынтыгына бөлінген құрылғымен байланыстыруға арналған басқару кестесі.

Электрондық кесте (электронная таблица; spreadsheet) — кесте түрінде берілген мәліметтерді өңдеудің интерактивті жүйесі. Кесте үяшықтарына сандар, жолдар немесе үяшық мәнінің басқа ұяшықтардан тәуелділігін анықтайтын формулалар жазылады. Қолданушының ұяшықтарға мәліметтер жазу, ұяшықтардан мәліметтерді оқу, оларды өзгерту, сол сияқты мәліметтердің берілу пішімін көрсету, оларды іздестіру және реттеу жүмыстарын орындау мүмкіндіктері бар.[

3)Мәтінді пішімдеу.

Мәтіндерді жазғанда, таңбалардың, әріптердің түрлерін (пішімін) таңдауға болады, яғни жартылай қара, курсив(көлбеу), асты сызылған, сонымен қатар мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеуге болады. Мәтіндерге жоғарыдағы үрдістерді пайдалану мәтінді пішімдеу деп аталады.

Мәтінді пішімдеудің ең жылдам әдістері пішімдеу тақтасындағы: жартылай қара, курсив және астын сызу батырмаларын қолдану болып табылады.

Мәтінді туралау үшін құралдар тақтасында туралау батырмалары бар, онда мыналар: сол жағы, оң жағы, ортасы, ені бойынша туралау. Бұл әмірлерді Пішім→Абзац мәзіріндегі туралау алаңында да таңдауға болады. Бұл терезеде шекараның оң жақ және сол жақ шеттерінен кейін және тек бірінші қатар үшін сол жақ шекарадан ілгері қызыл жол қоюға болады.

№17 билет

1) Ерікті аймақты белгілеу

Графикалық редактор — графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі бар. Нүктелік графикалық редакторларда кез-келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер(мозайка) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады.1

Paint – Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редактордан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, суреттерді, сызбаларды, (чертеждар) даярлауға мүмкіндік береді.

Редакторды іске қосу үшін:

ПУСК ПРОГРАММЫ СТАНДАРТНЫЕ PAINT

(Іске қосу) (бағдарламалар) (стандартты) (Paint)

Команда орындалғаннан кейін, экранға Paint терезесі шығады.

Фонның түсін таңдау

Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет(тік төртбұрыш,көпбұрыш,эллипс,дөңгеленген көпбұрыш)

Ерікті аймақты белгілеу, құралы бұл қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.

Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.

Өшіргіш / түрлі-түсті өшіргіш, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған құрал.

Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсін бояйды.

Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін, суреттің кез-келген нүктесіне түсіне өзгертеді.

Масштаб құралы, бұл суреттердің жеке үзінділерін үлкейтіп, кішірейтуге мүмкіндік береді.

Қарындаш құралы, кез-келген сызықты әртүрлі жуандықта сызуға арналған.

Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған кистінің қажетті түрін таңдап алуға болады.

Бүріккіш құралы, пульвизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.

Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.

Қисық, тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.

Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған.

Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.

Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған құрал.

Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш. Бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.

2) Жиектер және бояуды безендіру

Суретке, кестеге немесе мәтінге жиектер үстеу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

1. Жиек үстеу қажет мәтінді, суретті немесе кестені бөлектеп алыңыз.

2. Пішім мәзірінде Жиектер және бояу әмірін таңдап, Жиектер қосымшасын ашыңыз (6.20-сурет).

3. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.

4. Тек жекелеген шеттер үшін жиектер белгілеу үшін Мәнер тобында Басқа әмірін таңдаңыз. Үлгі терезесінде сұлбаның қажетті шеттерін шертіңіз немесе жиектерді белгілеу және жоюға арналған батырмаларды пайдаланыңыз.

5. Еже жиегінің мәтінге қатысты нақты орналасуын белгілеу үшін Қолдану тізімінен

Еже тармағын таңдаңыз, содан кейін қажетті параметрлерді белгілеңіз.

Бетке жиектер үстеу үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

1. Пішім мәзірінде Жиектер және бояу әмірін таңдаңыз, содан кейін Бет қосымшасын ашыңыз.

2. Көркем жиек, мысалы жұлдызшалардан құралған, белгілеу үшін Сурет өрісінен қажетті суретті таңдаңыз.

3. Мәнер тобынан жиек мәнерін таңдаңыз. Беттің тек кейбір шеттеріне, мысалы үстіңгі жағына ғана, жиек белгілеу үшін Мәнер тобынан Басқа параметрін таңдаңыз. Үлгі өрісінде бет кескінін жиек орналасуы тиіс тұста шертіңіз.

4. Жиегі бар жекелеген бетті немесе бөлімді анықтау үшін Қолдану тізімінен қажетті параметрді таңдаңыз.

5. Жиектің беттегі нақты орналасуын анықтау үшін Параметрлер батырмасын шертіңіз, содан кейін қажетті параметрді шертіңіз.

Мәтіннің бөлектенген үзіндісін бояуды белгілеу үшін:

1. Пішім мәзірінде Жиектер және бояу әмірін таңдаңыз, содан кейін Бояу қосымшасын ашыңыз.

2. Қажетті түсті, қажет болса Әшекейді таңдаңыз.

3. Қолдану өрісінде бояуды неге қолдану (мәтінге не ежеге) қажет екенін таңдаңыз.

4. Жарайды батырмасын шертіңіз.

3) Қалыпталған бағдарламаларды іске қосу жолын көрсетіңіз. Қалыпталған бағдарламалармен сурет салуға, фильм көруге және өңдеуге, музыка тыңдауға, мәтіндермен жұмыс істеуге ж.т.б. болады. Оларға мыналар жатады: Блокнот, Word Pad мәтіндік өңдегіштері, Paint сызбалық өңдегіші, Есептегіш бағдарламасы және басқа да қосымшалар.

Бұл бағдарламаларды іске қосу бірдей алгоритммен жүзеге асырылады: Бастау мәзірі – Бағдарламалар – Қалыпталған – тізімнен өзіңізге қажетті бағдарламаны таңдаймыз.

№18билет

1)Қосымшалар терезесі деген не?

Windows интерфейсінің негізгі элементі — терезе. Экранда көрінетін терезелер негізгі, сұхбаттық және мәліметтік болып үш түрге бөлінеді. Негізгі терезе — Windows терезесі не қолданбалы программаның редактор терезесі. Сұхбаттық терезе — қажетті әрекет енгізілетін және т.с.с. ішкі терезе. Мысалы, қосымша терезесінің ішінде құжат Документ деп аталатын сұхбаттық терезеде дайындалады да, арнайы команда бойынша сақтальт қойылады және басқа сұхбаттық терезеде ашылады (сұхбаттық терезедер негізгі терезенің ішінде шығарылады). Бір программада сұхбаттық терезелер бірнеше болуы мүмкін, бірақ өр ағымдық мезетте олардың біреуі ғана белсендірулі (екінші, іске қосылулы) тұрады.

Терезе экранның төртбұрышты қоршаулы аймағы. Онда әр түрлі программалар орындалады. Кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Терезе шекаралары- бұл терезенің периметр бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Қолданбалы программа терезесі-бұл терезеде негізгі қолданбалы программалар жұмысы атқарылады. Ол экранның бөлігін немесе оны толық алып тұра алады. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген қолданбалы программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады, бірақ олардың негізгі элементтері бірдей болып жасалған. Егер терезені жбатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаың жұмысы да аяқталады.

Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады, сондықтан информация көп болса, ол терезеге симай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде (төменгі шетінде) айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне симай сыртта орналасқан информацияның бар екенін көрсетеді.

Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:

-толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;

-қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады;

-белгіше (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.

Ішкі терезелердің тағы бір түрі - мәліметтік терезе. Мысалы, Word мәтіндік редакторында дайындалған құжаттың беттері мен құжатқа енгізілген сөздер саны сияқты мәліметтер арнайы мәліметтік терезеде көрсетіледі. Түрлі типті терезелер көріністерінің айырмашылықтары да бар.

2) Ағымдағы диск деген не?

Кез келген уақытта тек бір дискімен жұмыс істейміз, ол ағымдағы диск деп есептеледі. Әр уақытта ағымдағы дискте бір каталог іске қосылып тұрады, оны ағымдағы каталог деп айтады.

Мысалы:

\ DEMO - 1 – деңгейде тұр; \ DEMO \ VICONT - VICONT-DEMO каталогының ішкі каталогы, 2-деңгейде тұр.

3)Мәтіндік құжатты редакциялау

Мәтінді редакциялау электронды құжатқа өзгертулер енгізуге, оның белгілі бір бөліктерін өшіріп немесе орнын ауыстыруға, бірнеше құжаттарды біріктіруге немесе құжатты бірнеше бөліктерге бөлуге мүмкіндік береді.

Редакциялау дегеніміз — өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету.

Редакциялау – құжаттың белгіленген символдарын немесе бөліктерін көшіру, өшіру және орын ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Көшіру құжаттың белгіленген орындарына қойып көбейтуге мүмкіндік береді. Орын ауыстыру кезінде белгіленген бөлік қиылып алынып, құжаттағы тиісті орынға қойылады, ал өшіргенде ол тек қана қиылып алынады.

1) мәтіннің бөлігін айқындап алып, оны алмасу буферіне орналастырыңыз;

2.1) Орын ауыстыру үшін: Түзету –Қию (Вырезать) командасын орындаңыз немесе Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шертеміз.

2) көшіру үшін: Түзету – Көшіру (Копировать) командасын орындаңыз немесе Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шертеміз.

3.курсорды керек (бөлікті қойғыңыз келген) жерге апарыңыз;

4.Түзету – Қою (Вставить) командасын орындап, Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шерткеннен кейін бөлік құжат мәтініне алмасу буферінен қойылады.

1) мәтіннің бөлігін айқындап алыңыз;

2) бөлікке тышқанның сілтемесін апарыңыз;

3) тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, сол басулы күйінде жібермей ұстап, бөлікті жаңа орынға жылжытамыз.

4) тышқанның сол жақ батырмасын жіберіңіз.

№19 билет

1.Windows терезесіне қандай бағдарламалар жатады?

Windows стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажеттіоперациялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамсыз етеді мысалы:

мәтіндік құжаттар дайындау;

графикалық бейне - көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету;

жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 112; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.