Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Основы агрономии 7 страница




математикалық есептеулерді орындау және т.б.

Әдетте, бұл қосымша программалар «Стандартты» тобында орналасады.

2. Жұмыс үстелі және оның құрылымы

Жұмыс үстелі – құжаттарды және олармен жұмыс істеуге арналған негізгі құралдарды қамтитын Windows-тың негізгі элементі. Жүйе қотарылған кезде сіз оны бәрінен бұрын көресіз.Жұмыс үстелінде Windows нысандары және басқарушы элементтері: белгішелер, лақаптар, үстелдер, мәзірлер, қалталар орналасады. Стандартты көріністе Жұмыс үстелінде менің құжаттарым, менің компьютерім, Себет, Желілік орта, Internet Explorer терезелерінің белгішелері, Тапсырмалар үстелі, Бастау батырмасы орналасады.Жұмыс үстелінің төменгі бөлігінде Бастау батырмасы, Жылдам іске қосу үстелі, Тапсырмалар үстелі, Индикаторлар үстелінен тұратын жолақ орналасқан

3. Word ХР редакторы терезесімен жұмыс. Word-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет. Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:

1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.

2. Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.

3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.

4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б.

Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:

· Файл→Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;

· WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

· тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

· редактор терезесінің тақырыб жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;

· Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.

Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.

 

№20 билет

1.Word Pad бағдарламасын қалай іске қосады?

Мәтіндік процессорды бірнеше әдіспен іске қосуға болады (5 слайд):

1. Негізгі менюден Жіберу – Программалар –Microsoft Office –MS Word командаларын орындау арқылы;

2. Жұмыс үстеліндегі таңбашамен.

3. Мicrosoft Office тақтасындағы батырмалармен.

2.Белгілеу құралы қандай қызмет атқарады?

Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.

3.Құжаттармен жұмыс.

Word бағдарламасының файлдары құжат деп аталады және DOC немесе DOCX кеңейтілуі беріледі. Сіз Word бағдарламасының терезесін ашқан кезде, онда автоматты түрде құжат құрылады. Word бағдарламасының терезесінде бірде бір құжат ашылмаса, онда бас менюдің көптеген командалары және панелдегі батырмалар белсенді болмайды, сонымен қатар айналдыру жолақтары және сызғыш жоқ болады

Құжат құру

Word бағдарламасын ашу кезінде бос құжат автоматты түрде құрылатынына қарамастан, кейбір кездері қолданушыға құжатты қолымен құруға тура келеді. Құжат құру- бұл Word бағдарламасындағы ең қарапайым операциялардың бірі. Жаңа құжат құру үшін келесі әрекеттердің бірін орындау қажет:

· Ctrl+N пернелер үйлесімін басу;

· Office батырмасын басу және менюден Құру (Создать) командасын таңдау

Бірінші әдісті қолдану кезінде құжат Normal үлгісінің базасында құрылатын болады. Көптеген құжаттар үшін бұл үлгі базалық болып табылады және жаңа құжат үшін негіз ретінде қолданылатын бос файлды ұсынады. Сонымен қатар үлгінің ішіндегілерінің барлығы құрылған файлға тасымалданады, ал бірақ үлгінің өзі өзгеріссіз қалады.

Екінші команданы орындау кезінде Құжат құру терезесі пайда болады

Бұл терезе жаңа құжаттың типін таңдауға болатын бірнеше бөлімдерді құрайды.

Үнсіз келісім бойынша ашылатын Бос және соңғы бөлімінде құжаттың екі типі бар: Жаңа құжат - Normal үлгісінің негізінде құрылатын қарапайым құжат және Блогтың жаңа жазбасы - блогта жазба құруға мүмкіндік беретін құжат.

Бұрын қолданылған құжат ішінен бөлімі- бастапқы құжатты сақтау кезінде, сонымен қатар жаңа құжатқа өзгеріс енгізуде қажет болуы мүмкін.

Ескерту. Құжат құру (Создание документа) тапсырмалар аймағынан жаңа құжаттың типін таңдау Файл менюіндегі Қалай сақтау (Сохранить как) командасын көшірмелейді. Бірақта ол өте қолайлы, өйткені қолданушыда бар құжат негізінде құжат құру үшін бастапқы файлды ашу қажет емес. Қалай сақтау командасы жайлы толығырақ төменде айтылады.

Сонымен қатар, Құжат құру терезесінің көмегімен бағдарламада бар үлгілердің біреуінің негізінде құжат құруға болады. Орнатылған үлгілер (Установленные шаблоны) бөлімін таңдау кезінде қол жетімді үлгілер тізімі шығарылады, сонымен қатар оларға арналған эскиздар шығады. Менің үлгілерім (Мои шаблоны) бөлімі қолданушының өзі сақтаған үлгілердің біреуінің негізінде құжат құруға мүмкіндік береді.

Құжатты ашу

Жұмыс барысында қолданушыға құжат құру ғана емес, сонымен қатар бар құжатқа жиі өзгеріс енгізуге тура келеді. Бұны жасау үшін құжат ашу қажет.

Құжатты бағдарламаның өзінен ашу міндетті емес. Егер құжат Word бағдарламасымен байланысатын форматта құрылған болса, онда оны көптеген әдістермен ашуға болады. Microsoft Word бағдарламасында құжаттың ашылатындығын файлдың таңбашасы көрсетіп тұрады

 

№21 билет

1.Редакторды іске қосу үшін қандай әмір орындалады?

Бастау→ Барлық программалар→ стандартты

Бастау→ Барлық программалар →MS Office

 

2.Microsoft Excel-дің қолданылу аясы

ЕXCEL бағдарламасын іске қосу үшін: Пуск => программа => Microsoft Excel командасын орындаймыз.

Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.

 

3. Жұмыс үстелі және оның құрылымымен жұмыс.

Жұмыс үстелі – құжаттарды және олармен жұмыс істеуге арналған негізгі құралдарды қамтитын Windows-тың негізгі элементі. Жүйе қотарылған кезде сіз оны бәрінен бұрын көресіз.Жұмыс үстелінде Windows нысандары және басқарушы элементтері: белгішелер, лақаптар, үстелдер, мәзірлер, қалталар орналасады. Стандартты көріністе Жұмыс үстелінде менің құжаттарым, менің компьютерім, Себет, Желілік орта, Internet Explorer терезелерінің белгішелері, Тапсырмалар үстелі, Бастау батырмасы орналасады.Жұмыс үстелінің төменгі бөлігінде Бастау батырмасы, Жылдам іске қосу үстелі, Тапсырмалар үстелі, Индикаторлар үстелінен тұратын жолақ орналасқан

 

№22 билет

1. Windows Бас мәзірінің құжаттар әмірін қалай ашуға болады?

Windows-тың басқару элементтері

Олар: Пуск батырмасы, Бас меню, меню жолдары, бағыныңқы меню және командалар жатады.

Команда бұл берілген команданың белгішесінде маусты шерткенде жүретін әрекет.

Команда ұзын немесе қысқа болады.

Қысқа команда деп программа белгісінде шерткенде орындалатын әрекетті айтамыз.

Ұзын команда деп белгілі бір нәтижеге әкелетін нұсқауды айтамыз. Мысалы: Пуск-ПРограммы-Стандартные-Блокнот

 

Жұмыс үстелінде Windows нысандары және басқарушы элементтері: белгішелер, лақаптар, үстелдер, мәзірлер, қалталар орналасады.

Стандартты көріністе Жұмыс үстелінде Менің компьютерім, Себет, Желілік орта, Internet Explorer терезелерінің белгішелері, Тапсырмалар үстелі, Бастау батырмасы орналасады.

Менің құжаттарым – пайдаланушының құжаттарын қамтиды.

 

2. Менің компьютерім деген не?

Менің компьютерім (мой компьютер; my computer) — WINDOWS ортасының жүйеге кызмет ету программасы немесе жүйелік бумасы деп те айтылады. Ол дискілердегі (магниттік, лазерлік) мәліметпен жұмыс істеуді және компьютер құрылғыларын тағайындау, орнату істерін жүзеге асырады. Менің компъютерім программасының өзіндік терезесі бар, ол арқылы дискілер мазмұнын кору, ішкі бумаларды ашу, файлдарды (бумаларды) көшіру, жою, жылжыту, олардың атын өзгерту және т.б. Әрекеттер орындалады.

Менің компьютерім – дискілер және ақпаратты сақтауға арналған қосымша құрылғылар тізімін қамтиды.

3. Тереземен жұмыс (барынша үлкейту, барынша кішірейту, белсенді, белсенді емес терезе).

 

Терезе - Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып табылады. Windows сөзінің нақты аудармасы - терезе екені осыны білдіреді.

Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әр түрлі бағдарламалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Windows терезесі экранды толығымен, жартылай алуы немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген бағдарламаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады.

Терезе жақтаулары (шекаралар) - бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып қатары орналасқан. Тақырып қатарының сол жағында жанама мәзір орналасқан, ал оң жағында терезенің көлемін өзгертуге арналған басқару батырмалары бар. Тақырып қатарынан төменірек мәзір қатары орын алған. Ал мәзір қатарынан төменгі төртбұрышты аудан - терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Экран бетіндегі бағдарламалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:

· толық экранды;

· қалыпты күйдегі;

· шартбелгі түрінде;

 

№23 билет

1. Себет дегеніміз не?

Себет – жою кезінде қате әрекеттер жасалған жағдайда қайта қалпына келтіруге болатын жойылған нысандар тізімін қамтиды. Басқаша айтсақ, Себет – файлдар мен қалталарды жою кезінде гі қосымша қауіпсіздік құралы.

 

2. Windows терезесінің құрылымын сипаттап беріңіз.

Windows операциялық жүйесінің негізгі объектісі терезе болып табылады. Windows операциялық жүйесінің бұлай аталуы тегін емес, оның қазақша аудармасы «терезелер» дегенді білдіреді. Терезе – Windows ортасының негізгі ұғымы.

Терезе дегеніміз – бұл жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аймағы. Онда объектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.

 

Терезелерді көрсету нұсқалары

Терезелерді экранда көрсетудің үш тәсілі бар:

· толық экранды – терезе жайылған және тұтас экран бетін алады (жұмыс үстелі);

· қалыпты - терезе экранның бір бөлігінде орналасады;

· белгіше – терезе белгіше түрінде «жинаулы» болады;

Терезелердің көрсетілу нұсқасын өзгерту үшін, оның белгішелері бар тақырыптар
зонасының оң жағындағы батырмалар қолданылады:

Ø терезені есептер тақтасындағы жазуға жималау;

Ø терезені толық экранның бетіне жаймалау;

Ø терезені жабу (қолданбаның жұмысын аяқтау).

Терезедегі тақырыптар жолының сол жағында терезені тұтас басқаруға арналған жүйелік менюдің батырмасы бар. Бұл менюде тақырыптың батырмаларының функциясын қайталайтын командалар бар. Терезені көрсетудің қалыпты нұсқасында терезенің көлемін мауспен жылжытып немесе пернетақтаның көмегімен терезенің тік көлбеу мөлшерін немесе бұрышын өзгертуге болады. Қалыпты нұсқада белгішелер мен терезелерді экран бойынша жылжытуға болады.

Активті терезе

Қай уақытта болсын бір ғана тереземен жұмыс істеуге болады, ол активті деп аталады. Активті терезе әрқашан басқа терезелерден жоғары орналасады және оның тақырыбы түспен ерекшеленген. Егер экранда активті емес терезенің ең болмаса бір бөлігі көрінсе, оны мауспен шерту арқылы активті қалыпқа келтіруге болады.

Меню
Меню-бұл одан қажетін таңдауға болатын қандай да бір объектілер тізімі.

Қолданбалармен жұмыс істеу.

Кез келген қолданба бөлек трезеде орындалады, ол экранның жартысын немесе экранды толығымен алуы мүмкін. Қолданбалы бағдарламаны іске қосу – қолданба терезесін ашуды білдіреді. Қолданбаның терезесін жабу – бағдарламаның жұмысын аяқтауды білдіреді. Бір уақытта бірнеше қолданбаларды қатар орындауға болады (әрқайсысы өзінің терезесінде) және пайдаланушы маустың көмегімен бір терезеден екінші терезеге оп-оңай ауыса алады.

 

3. Мәтінді пішімдеу мүмкіндіктері (қаріпті, абзацты пішімдеу, мәтінді туралау, шегіністер мен ұмтылыстарды орналастыру, қатар, абзац аралық интервалдар қондыру, тізімдерді нөмірлеу, маркерлеу).

Мәтінді пішімдеу дегеніміз — мәтінді параметрлері арқылы қою. Мәтінді пішімдеуге әртүрлі қаріптерді пайдалану, құжат өрісінің шекараларын сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі жағын өзгерту жатады.

Мәтінді пішімдеу – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.

Мәтінді пішімдеуге:

v әр түрлі қаріптерді пайдалану;

v құжат өрісінің шекараларын өзгерту: сол жақ, оң жақ, жоғарғы, төменгі өрісін айқындау;

v символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындауға;

v беттегі мәтінді туралауға;

 

Қаріп параметрлерін өзгерту.

Құжат мәтіні үнсіз келісім бойынша қойылған қаріппен теріледі. Символдардың параметрлерін өзгерту үшін Қаріп(Шрифт) терезесін ашатын Формат àҚаріп командасы қолданылады.

 

1.Қаріп қосымшасы қаріптердің параметрін енгізу үшін қолданылады.

Қаріп өрісінде қаріп типтері таңдалынады. (Times New Roman, Arial, Courier).

Сызылым(Начертание) өрісінде қаріптің төменде берілген сызылымы таңдалады:

обычный – қалыпты сызылым;

курсив – курсив сызылымы;

полужирный – жартылай қарайтылған сызылым;

полужирный курсив – жартылай қарайтылған курсив сызылым.

Өлшем(Размер) өрісінде қаріптің өлшемі таңдалады;

Астын сызу(Подчеркивание) өрісінде – “асты сызылған” сызықтарының типтері;

Түс(Цвет) өрісінде символдардың түстері берілген.

Көрінуін өзгерту (Видоизменение) төртбұрыштарында мынадай жалаушаларды қоюға болады.

 

№24 билет

1. Қаріппен, бағандармен, ежемен, тізімдермен, дерек атауларымен жұмыс істеу.

WordPad редакторында құжат жасау үшін төмендегі негізгі сатыларды орындау қажет:

1.Қаріп және оның өлшемін таңдау.

2.Мәтінді енгізу, оны түзету-редакциялау.

3.Мәтінді пішімдеу.

4.Құжатты сақтау және ашу.

5.Баспаға беру (басу).

Осы сатыларды толық қарастыралық.

1. Қаріп және оның өлшемін (размерін) таңдау.

Қазақ, орыс, ағылшын әріптерімен мәтінді енгізу үшін, олардың қажеттісін таңдап алу қажет. Яғни, пернетақта индикаторындағы Ru, En немесе Ko батырмасының бірін басу қажет.

Қазақ тілінде мәтін жазу үшін, құралдар тақтасында Қаріп батырмасын шертіп, Times New Roman қарпін таңдайды және пернетақта индикаторында Ko батырмаларын шертеді. Бұдан кейін созылған мәзірден қаріп өлшемі мәзірін ашып, қаріптің қажетті өлшемін айналдырма батырмасының көмегімен таңдайды. Бір мезгілде әріптің түсін, түрін, өлшемін өзгерту үшін Пішім→Қаріп әмірін орындайды. Бұл мезгілде экранда сөйлесу қаріп терезесі пайда болады, одан қажетті параметрлерді таңдап алуға болады.

2. Мәтінді енгізу және редакциялау

Мәтін пернетақтадан енгізіледі. Кейбір пернелер WordPad қосымшасында жұмыс атқарғанда қажет болады, соларды қарастыралық. Мәтіннің жолдарын енгізгенде, олар автоматты түрде төмен жылжып отырады. <Enter> пернесін тек абзац соңында немесе жаңа жол алу үшін басады.

Бас әріп теру үшін, <Shift> пернесін басып тұрып, қажетті әріпті тереді. Барлық жолдың әріптерін бас әріппен теру үшін, <Caps Lock> пернесін басып қояды, ал кіші әріпке көшу үшін, оны екінші рет басады. <Backspace> пернесі арқылы қате әріпті, символды алып тастауға болады. Егер осы пернені көп басып тұрсаңыз, онда меңзер тұрған орынның сол жағындағы мәтін өшеді.

Әріптерді, мәтінді алып тастау үшін <Delete> пернесін пайдалануға да болады. Егер алып тастайтын әріптің алдына меңзерді қойып, <Delete> пернесін басса, оның соңындағы әріп(таңба) өшеді. Егер осы пернені көп басып тұрсаңыз, онда меңзер тұрған орнының оң жағындағы барлық таңбалар өшеді. Мәтіннің бүтін бөлігін де өшіруге болады, ол үшін өшірілетін мәтіннің бөлігін тышқанның көмегімен белгілеп, <Delete>пернесін басады.

3. Мәтінді пішімдеу.

Мәтіндерді жазғанда, таңбалардың, әріптердің түрлерін (пішімін) таңдауға болады, яғни жартылай қара, курсив(көлбеу), асты сызылған, сонымен қатар мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеуге болады. Мәтіндерге жоғарыдағы үрдістерді пайдалану мәтінді пішімдеу деп аталады.

Мәтінді пішімдеудің ең жылдам әдістері пішімдеу тақтасындағы: жартылай қара, курсив және астын сызу батырмаларын қолдану болып табылады.

Мәтінді туралау үшін құралдар тақтасында туралау батырмалары бар, онда мыналар: сол жағы, оң жағы, ортасы, ені бойынша туралау. Бұл әмірлерді Пішім→Абзац мәзіріндегі туралау алаңында да таңдауға болады. Бұл терезеде шекараның оң жақ және сол жақ шеттерінен кейін және тек бірінші қатар үшін сол жақ шекарадан ілгері қызыл жол қоюға болады.

4. Құжаттарды ашу және сақтау

Құжатты жазып болғаннан кейін, оған ат беріп, файл түрінде дискіге сақтау қажет. Файл аты мазмұнына сәйкес болуы керек. Файл аты ретінде бір таңбадан 255 таңбаға дейін кез келген тізбекті пайдалануға болады, бірақ ат қанша көп таңбалар тізбегінен тұрса, пайдалануға сонша қолайсыз болады.

WordPad редакторында бірінші рет терілген мәтінді сақтап қою үшін, Файл мәзірінен Қалай сақтау әмірін таңдайды. Бұл жағдайда экранда Қалай сақтау сөйлесу терезесі пайда боады.

5. Құжаттарды баспаға беру

Құжат құрудың соңғы сатысы – оны баспаға беру. Құжаттың қағазда қалай көрінетіндігін білу немесе қағазды үнемдеу мақсатында, мәтінді принтерге жіберу алдында, Фай→Алдын ала көру әмірін орындайды немесе құралдар тақтасынан алдын ала көру батырмасын шертеді. Бұл кезде құжат принтерге қалай берілетін болса, экранда сондай түрде көрінеді.

Егер сізде бір ғана принтер болып, бір дана құжат шығару қажет болса, онда құралдар тақтасындағы Баспа батырмасын басу жеткілікті. Егер сізде бірнеше принтер болып, құжаттың бірнеше данасын басу қажет болса, онда Файл→Баспа әмірін орындау керек. Баспа сөйлесу терезесінде төменгі параметрлерді беруге болады. Аты алаңынан қажетті принтерді таңдайды. Көшірме саны алаңында көшірме санын көрсетеді(үнсіз келісім бойынша бір ғана дана шығады). Егер құжатты бір дана етіп түгелдей басып, одан соң оның екінші, үшінші және т.с.с. даналарын алу керек болса, жалаушаны көшірмелері бойынша анықтау жағдайына орналастырады. Ал егер алдымен 1-беттің көшірмесінің данасын, одан соң келесі беттердің барлық даналарын шығаруға тура келсе, жалаушаны алып тастау керек. Басу бөлігінде құжаттың қай бөлігі баспаға берілетіндігі көрсетіледі. Құжатты толық басу үшін іс-әрекеттен Барлығы, ал бөліп алған бөлігін басу үшін Ерекшеленген үзінді дерегін таңдайды. Мәтіндегі бірнеше бетті басу үшін іс-әрекеттен беттер әмірін таңдап, қай беттен бастап, қай бетке дейін басу қажеттігін көрсетеді.

 

2. Желілік орта қандай қызмет атқарады?

Егер бір бөлмеде, ғимаратта немесе жақын орналасқан ғимараттар кешенінде пайдаланушылар қандай да бір мәселені бірігіп шешуге, мәліметтер алмасуға немесе ортақ мәліметтерді пайдалануға тиісті бірнеше компьютер бар болса, онда осы компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру орынды болады. Бірнеше мысал келтірелік:

Егер Сіздің мекемеңіздің компьютерлері желіге қосылған болса, онда қызметкерлер арасындағы құжаттар алмасу көшіру немесе жылжыту амалына саяды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 138; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.