Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Основы агрономии 5 страница




2. Вставка – Рисунок – Картины командасын орында

3. Microsoft Clip Gallery диалог терезесінде Картинки қосымшасын және сурет категориясын таңда

4. Суреттері бар терезеде ашылады, таңдалынған суретте маусты шертіңіз

5. Мәтінге суретті кірістіру үшін Вставить батырмасы бойынша шертіңіз.

6. Егер сізді өлшемі қанағаттандырмайтын болса, онда оны үлкейтіңіз немесе кішірейтіңіз. Ол үшін сурет бойынша маусты шертіңіз, меңзерді суреттің бұрышына орналастырыңыз. Меңзер қос бағыттауышының формасын алуы қажет және бағыттаушыны көлденеңінен жоғары немесе төмен жылжытыңыз.

7. Суреттің өлшемін қалауымызша таңдағаннан кейін осы бойынша маустың оң жақ батырмасын шертіңіз.

8. Жанама менюден Формат рисунка командасын таңдаңыз. Формат рисунка диалог терезесінде Положение қосымшасы бойынша шерту және Поверх текста опциясында жалаушаны алып тастаңыз, ОК шерт.

9. Кірістірілген сурет мәтіннің оң не сол жағына орналасуы үшін, Обтекание қосымшасын таңдау қажет. Вокруг рамки және По большей стороне квадраттары бойынша шерт және ОК шерт.

 

№13 билет

1. Мәтінді пішімдеу мүмкіндіктері

Мәтінді пішімдеу.

Мәтіндерді жазғанда, таңбалардың, әріптердің түрлерін (пішімін) таңдауға болады, яғни жартылай қара, курсив(көлбеу), асты сызылған, сонымен қатар мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеуге болады. Мәтіндерге жоғарыдағы үрдістерді пайдалану мәтінді пішімдеу деп аталады.

Мәтінді пішімдеудің ең жылдам әдістері пішімдеу тақтасындағы: жартылай қара, курсив және астын сызу батырмаларын қолдану болып табылады.

Мәтінді туралау үшін құралдар тақтасында туралау батырмалары бар, онда мыналар: сол жағы, оң жағы, ортасы, ені бойынша туралау. Бұл әмірлерді Пішім→Абзац мәзіріндегі

туралау алаңында да таңдауға болады. Бұл терезеде шекараның оң жақ және сол жақ шеттерінен кейін және тек бірінші қатар үшін сол жақ шекарадан ілгері қызыл жол қоюға болады.

2. Сурет құралдар үстелі

Paint (Paintbrush) – Windows жүйесінің стандартты бағдарламалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан кәсіби графикалық редактордан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өндеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады.Редакторды іске қосу үшін Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартты → Paint әмірлер тізбегін орындасақ, экранда бағдарламаның терезесі пайда болады.

Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында құралдар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу құралдарын көре аласыздар. Кез келген құралды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған құралдың бейнесі(белгісі) айқын түспен ерекшеленеді.Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналасқан. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (мұнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (мұнан былай оны фондық түс деп атаймыз). Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішене екі тіктөртбұрыш тұр, олардың үстінгісі – негізгі түсті, ал астынғысы – фондық түстерді көрсетеді. Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы – фондық түсті өзгертуге болады.

Қарындаш- Бір нүктенің қалындығындай сызық жүргізуге мүмкін жасайды. Сызық қатаң тігінен немесе көлденең болуы үшін сурет салу кезінде SHIFT пернелігін басулы ұстау қажет. Бұл тәсіл басқа көп бағдарламаларда да қолданылады.

Қылқалам-Қарындаштың жүргізген сызығынан да қалың сызық жүргізуге мүмкін жасайды. Бұл сызықтың түрі аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден таңдалатын қылқаламның формасымен анықталады.

Өшіргіш-Бейнені өшіру үшін қызмет етеді. Өшіргіштің өлшемін аспаптар тақтасының төменгі жағындағы терезеден таңдайды.

Шашыратқыш-Аспаптар тақтасының төменгі жағындағы терезедегі дақ түрлеріне сәйкес жасайды. Шашыратқыш аспабын бейне-леудің нақты формасы қажет емес жағдайларда, яғни түтін, бұлттар, ағаштар және т.б. салуда пайдаланған тиімді.

Құйғыш -Суреттің тұйық контурына негізгі түсті құяды. Егер де контур тұйық болмаса, онда барлық бос аймаққа құяды.

Түзу сызық-Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті түзу сызықты салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден сызықтың қалындығын таңдауға болады.

Қисық сызық -Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті қисық сызықты салады. Қисық сызықтың формасын 2 рет қана өзгерте аласын. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден қисық сызықтың қалындығын таңдауға болады.

Тік төртбұрыш-Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті (Shift-ті басып тұрып квадрат) тік төртбұрыш салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден: тік төрбұрыштың контурын, боялған тік төртбұрыш т.б. таңдауға болады. Сопақша-Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті (Shift-ті басып тұрып дөңгелек) эллипс салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден: эллипстің контурын, боялған эллипс т.б. таңдауға болады.

Қырлары иілген төртбұрыш- Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті қырлары иілген төртбұрыш салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден: қырлары иілген төртбұрыш контурын, боялған қырлары иілген төртбұрыш т.б. таңдауға болады.

Көпбұрыш-Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті көпбұрыш салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден: көпбұрыш контурын, боялған көпбұрыш т.б. таңдауға болады.

Жазу-Суреттерге қосымша мәтін жазуға мүмкіндік береді.

Пипетка-Суреттен байқау түсін алуға және бұл түсті негізгі түс ретінде орнатуға мүмкіндік береді.

Үлкейткіш шыны-Суреттің масштабын үлкейтуге, мысалы ұсақ бөліктерін қайтадан салуға мүмкіндік береді.

Еркін аймақты ерекшелеу Суреттің үзіндісін ерекшелеп алу үшін төртбұрышты қайшы батырмасы қолданылады. Еркін аймақты ерекшелеу Фигуралы қайшы көмегімен суреттің үзіндісін ерекшелеу Қылқаламмен жұмыс істеу сияқты орындалады (ерекшеленген аумақты қисық тұйық сызықпен қоршап шығу).

3. Word ХР редакторы терезесімен жұмыс.

Microsoft Office Word (күнделікті — MS Word, WinWord немесе жай ғана Word) - Macintosh компьютерлерінде және Windows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі. Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Оның соңғы нұсқалары шағын баспа жүйесі ретінде кітап, газет- журналдар шығаруда кеңінен қолданылады. Microsoft Office Word дегеніміз компьютерде құжаттар жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама болып табылады. Суреттер немесе өң сияқты түрлі-түсті фотосуреттер немесе көрнекі суреттер пайдаланып әдемі мәтін жасау және карталар мен кестелер сияқты деректер қосу үшін Word бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Оған қоса, Word бағдарламасы мәтін жасау үшін түрлі көмекші мүмкіндіктерді береді, олардың көмегімен мақалалар немесе есептер сияқты іскери құжаттарды оңай аяқтай аласыз. Сондай-ақ, ашықхат немесе хатқалта мекенжайларын басып шығаруыңызға болады. Word бағдарламасы құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін өнімдердің бумасы болып табылатын «Office» бумасының бір бөлігі болып табылады. Word редакторын тағайындау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау

Word-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.

Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:

1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.

2. Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.

3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.

4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б.

Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:

• Файл→Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;

• WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

• тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

• редактор терезесінің тақырыб жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;

• Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.

Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.

Word редакторына тән қосымша элементтер

Терезеде Widows жүесінде кездесуге тиіс стандартты көптеген элементтер бар. Қалып жолында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің іске қосылып тұрғанын, ал сұр түсті болса - іске қосылмағанын білдіріп тұратын жұмыс режимі индикаторлары бар: ЗАП - макрокомандаларды жазу (записать) режимі іске қосылған екпінді күйде екенін көрсетеді; ИСПР - түзелетулерді (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде, олар құжаттың соңғы ңұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді; ВДЛ - белгілеулерді кеңейтетін (Расширить выделения) F8 пернесі екпінді күйде, яғни фрагментті ерекшелеп алып, оны кеңейту режимі іске қосылған, бұл режим ерекшелеу мөлшелерін F8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға, сөзге, сөйлемге т.б.) көрсетіп тұрады. Ерекшеленген мөлшерді кішірейту - Shift + F8 арқылы, ал ерекшелеуді тоқтату - Esc арқылы орындалады; ЗАМ - символдарды аустыру режимі екпінді күйде, символдарды ығыстырып енгізу режимі орындалса, ол сұр түске боялады. Бір режимнен екіншісіне ауысу - INSERT пернесін басу арқылы жүргізіледі. Сонымен, жоғардағы режимдерді іске қосу немесе қоспау режимдері белгілі бір пернелік командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимді қарама – қарсы күйге ауыстыру қалып жолына жалғаса орналасқан қажетті индикаторға тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шертумен де орындалатынын білген дұрыс. Цифорлық таңбалары бар көлденең және тік жылжу белдеулері мәтін ішіндегі курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін береді.Бірақ бұл жылжу белдеулері Word редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар атқарады. Көлденең орналасқан сызғыш (белдеу) арқылы тышқан көмегімен:

• абзац алдындағы жаңа жол басын;

• беттің сол жақ және оң жақ шеттерінде қалдырылуға тиіс бос орындар (поле) аумағын;

• мәтін аралықтарындағы кесте бағаналарының енін;

• көлденең табуляция позицияларын өзгертуге, олардың жаңа мәнін бекітуге болады.

Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерін өзгерткенде олардың тек сол абзацқа қатысты екенін естен шығармаған абзал. Ал енді тік орналасқан сызғыш, терезенің сол жақ жақтау бойында орналасқан.Оның көмегімен беттің жоғарғы және төменгі жақтарында қалдырылатын бос орындар алмағын және де кестелер жолдары биіктігін өзгертуге болады. Тік сызғышты көрсетпей, алып тастауға болады, онда сіздің мәтіндеріңізде берелетін орын ұлғаяды. Дегенмен ол бейнеленіп тұрса, мәтінді форматтау жұмыстары жылдамырақ орындалады. Қарап шығу режимдерінің батырмалары қалып-күй қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетінде орналасады да, олар мыналардан тұрады:

• кәдімгі режим батырмасы – бұл қарап шығу режимі келісім бойынша редакторға кіргенде бірден қабылданады. Ол мәтінді форматтау элементтерін қарапйым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын пунктир – сызықшамен бейнелеп, символдарды тексеру, түзету және қарап шығу процесін жылдам орындайды.

• беттерді белгілеу режимі мәтін қағазда қалай орналаса, айнытпай солай бейнелейтін режим болып есептеледі, мұнда форматтау, мәтінді түзету өте ыңғайлы, өйткені қағаз шеттері айқын көрініп тұрады.

• құрылым режимі, құжатты толық бейнелемей, теқ тақыраптарын көрсете алады, сол себепті мәтін тақыраптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау мүмкіндіктерін береді. Ал оны т үйіндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте көлемді мәтін өңделгенде, оның белгілі бір бөліктерін түгелдей аустыруға, көшіруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы режим болып саналады.

Аспаптар тақтасы командалар мен іс - әрікеттерді жылдам орындау үшін ең ыңғайлы жағдай жасайды. Оны пайдалану тышқан қолтетігінің немесе соған ұқсас басқа құрылғының көмегімен жүргізіледі. Аспаптар тақтасының белгілі бір командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы тышқанмен шерту арқылы орындалады. Бұл тақтаны әрқашанда пайдалануға болады, өйткені,қалауымыз бойынша, ол құжат терезесінің жоғарғы жағында тұрақты көрініп тұрады. Меню жолының төменгі жағында Стандарты және Форматтау әрікеттерін ғана атқаруға арналған Аспаптар тақтасы орналасқан. Бұл екі тақтадан басқа Word редакторында бірсыпыра әрекеттерді атқаратын тақталар (Сурет салу, Көмек алу және т.б.) бар. Нақты тақталар мен олардың әр түрлі батырмаларының атқаратын қызметі жұмыс барысында түсіндіріледі. Терезенің негізгі элементінің бірі болып, бірнеше мәтіндік құжаттар қатар орналаса алатын терезелерден тұратын, ашық түске боялған жұмыс алмағы (рабочая область) болып саналады.

 

№14 билет

1.Емле ережесін тексеру.

Word бағдарламасы құжаттағы емле ережесін тексеріп, қателерді түзетіп отырудың тамаша мүмкіндігін ұсынады. Қателерді тексеру және түзетудің үш тәсілі бар: өздіндік тексеру, қолдан тексеру және автоалмастыру.

Өздіндік тексеру.Бұндай жағдайда мәтінді енгізу барысында орфография мен грамматикаға өзіндік бақылау жасалып отырады. Бағдарлама стилистикалық қателері бар сөздердің астын жасыл, ал орфографиялық қателері бар сөздердің астын қызыл толқынды сызықпен сызады.

Сөздегі немесе сөйлемдегі қатені түзету үшіноны тышқанның оң жақ пернесімен шерту қажет, сонда қатені түзету нұсқалары ұсынылатын жанама (контекстік) мәзір шығады

Word бағдарламасы құжатындағы қызыл толқынды сызықпен сызылған сөздердің барлығы қате емес екенін ескеру қажет, өйткені жүйе өзіне таныс емес сөздердің барлығының астын сызып отырады. Осы жанама мәзірдің көмегімен сөзді сөздікке қосуға немесе осы сияқты сөздерді өткізіп отыруға тапсырма беруге болады.

Құжатты қолдан тексеру.Қолдан тексеруді жүргізу үшін Емле құралдары сұхбат терезесі пайдаланылады. Оны іске қосу үшін Стандартты құралдар үстелінде Емле тексеру құралдары батырмасын басу немесе Құралдармәзірінің Емле және грамматика әмірін орындау қажет.

Автоалмастыру. Бұл әмір жиі кездесетін қателерді (қате терілген сөздерді) өздік түзетуге арналған. Word -та осы сөздердің тізімі және оларды дұрыс сөздерге ауыстыру нұсқалары бар. Тізімге жаңа әлемент үстеу үшін Құралдармәзірінен Автоалмастыру параметрлері әмірін орындау қажет, осының нәтижесінде Автоалмастыру сұхбат терезесі ашылады.

Құжатты пішімдеу (қаріп, стильдер, дерек атаулары, абзац, тізімдер, бағандар)

Мәтінді безендіру (пішімдеу)мәтінді қаріп өлшемін, эффектілерін және қаріп стилін өңдеу. Тізімдерді кірістіру, ортадағы абзацқа туралау және басқа да амалдарды орындау арқылы ерекшелеуді қамтиды.

Пішімдеуді бастамас бұрын, мәтін бөлігін бөлектеп алуды ұмытпаңыз. Көбінесе пішімдеу Пішімдеу құралдар үстелінің немесе Қаріп сұхбат терезесінің көмегімен белгіленетін қәріп сипаттарын өзгерту көмегімен жүргізіледі

Қаріп сұхбат терезесін мына әрекеттердің бірін орындап ашуға болады:

ІІішіммәзірінің Қаріп әмірін таңдау:

Сtrl>+<D> пернелері тіркесімін басу

Бұл сұхбат терезесінде үш қосымша бар: Қаріп, Аралық, Эффектілер. Қаріп қосымшасы қаріп түрін, өлшемін, түсін және стильін белгілеуге мүмкіндік береді.

2.Суреттерді кірістіру.

1.Құжатты ашыңыз.

2.Веб-бетте керек суретті тінтуірдің оң жақ батырмасымен басып, Көшіру түймешігін басыңыз.

3.Құжаттағы сурет кірістірілетін орынды тінтуірдің оң жақ батырмасымен басып, Қою түймешігін басыңыз.

Егер керек суретті таппасаңыз, Office.com, Bing, немесе Flickr сияқты желілік көздерден сурет кірістіріп көріңіз:

1.Құжаттағы сурет кірістірілетін орынды басыңыз.

2.Кірістіру > Қосылған суреттер параметрін басыңыз.

3.Іздеу мәтін ұясына керек клипрартты сипаттайтын сөзді немесе сөз тіркесін теріп, «ENTER» пернесін басыңыз.

4.Нәтижелер тізімінде керек элементті басып, Кірістіру түймешігін басыңыз.

Суретті компьютерден кірістіру

1.Құжаттағы сурет кірістірілетін орынды басыңыз.

2.Кірістіру > Суреттер параметрін басыңыз.

3.Кірістірілетін суретті табыңыз. Мысалы, сурет файлы Менің құжаттарым қалтасында болуы мүмкін.

4.Кірістірілетін суретті екі рет басыңыз.

ЕСКЕРТУ: Әдепкі бойынша Word бағдарламасы суретті құжатқа ендіру. Құжат өлшемін сілтеме арқылы кішірейте аласыз. Сурет кірістіру диалогтық терезесінде Кірістіру параметрінің маңайындағы көрсеткіні басып, Файлға байланыстыру параметрін басыңыз.

Сканердегі суретті кірістіру

Тікелей Word бағдараламасына сканерлеп үйренген болуыңыз мүмкін. Сканерлеу мүмкіндігін Word 2013 бағдарламасынан жойылды, бірақ енді суреттерді OneNote бағдарламасына сканерлеуге және содан кейін Word бағдарламасына қоюға болады. Қадамдар реті:

1.OneNote бағдарламасында сканерленген элементті кірістіру керек бетті ашыңыз немесе жасаңыз.

2.Сканерді орнату керек беттің кез келген бөлігін басыңыз.

3.Кірістіру > Сканерленген кескін түймешігін басыңыз.

4.Веб сапасы (тек экранда көрсету қажет болса таңдаған дұрыс) немесе Басып шығару сапасы (сканерленген суреттерді басып шығару қажет болса таңдаған дұрыс) пәрменін таңдау арқылы сканерлеу ажыратымдылығын таңдаңыз. Сканерлеу алдында сканеріңіздің үлгісіне байланысты қосымша параметрлер таңдауыңызды сұралуы мүмкін.

5.Кірістіру түймешігін басыңыз.

6.OneNote бағдарламасында сканерленген суретте тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Көшіру пәрменін таңдаңыз.

7.Word құжатыңызға қайтыңыз.

8.Құжаттағы суретті кірістіру керек орынды тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Қою түймешігін басыңыз.

 

3. Файлдарды мен қалталарды жасау, атауын өзгерту, іздеу, жою.

Құжатты жазып болғаннан кейін, оған ат беріп, файл түрінде дискіге сақтау қажет. Файл аты мазмұнына сәйкес болуы керек. Файл аты ретінде бір таңбадан 255 таңбаға дейін кез келген тізбекті пайдалануға болады, бірақ ат қанша көп таңбалар тізбегінен тұрса, пайдалануға сонша қолайсыз болады.

WordPad редакторында бірінші рет терілген мәтінді сақтап қою үшін, Файл мәзірінен Қалай сақтау әмірін таңдайды. Бұл жағдайда экранда Қалай сақтау сөйлесу терезесі пайда боады.

Құжат құрудың соңғы сатысы – оны баспаға беру. Құжаттың қағазда қалай көрінетіндігін білу немесе қағазды үнемдеу мақсатында, мәтінді принтерге жіберу алдында, Фай→Алдын ала көру әмірін орындайды немесе құралдар тақтасынан алдын ала көру батырмасын шертеді. Бұл кезде құжат принтерге қалай берілетін болса, экранда сондай түрде көрінеді.

Егер сізде бір ғана принтер болып, бір дана құжат шығару қажет болса, онда құралдар тақтасындағы Баспа батырмасын басу жеткілікті. Егер сізде бірнеше принтер болып, құжаттың бірнеше данасын басу қажет болса, онда Файл→Баспа әмірін орындау керек. Баспа сөйлесу терезесінде төменгі параметрлерді беруге болады. Аты алаңынан қажетті принтерді таңдайды. Көшірме саны алаңында көшірме санын көрсетеді(үнсіз келісім бойынша бір ғана дана шығады). Егер құжатты бір дана етіп түгелдей басып, одан соң оның екінші, үшінші және т.с.с. даналарын алу керек болса, жалаушаны көшірмелері бойынша анықтау жағдайына орналастырады. Ал егер алдымен 1-беттің көшірмесінің данасын, одан соң келесі беттердің барлық даналарын шығаруға тура келсе, жалаушаны алып тастау керек. Басу бөлігінде құжаттың қай бөлігі баспаға берілетіндігі көрсетіледі. Құжатты толық басу үшін іс-әрекеттен Барлығы, ал бөліп алған бөлігін басу үшін Ерекшеленген үзінді дерегін таңдайды. Мәтіндегі бірнеше бетті басу үшін іс-әрекеттен беттер әмірін таңдап, қай беттен бастап, қай бетке дейін басу қажеттігін көрсетеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 130; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.