Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Основы агрономии 8 страница




Компьютерлердің біріне басып шығарғыш қосылған болуы мүмкін, онда жергілікті желінің арқасында басқа компьютерлерді пайдаланушылар одан өз компьютерлеріндегі құжаттарды басып шығара алады. Жергілікті желі – бұл компьютерлер арасында мәліметтер жеткізу үшін пайдаланылатын кабелдер (сондай-ақ телефон желісі немесе радиоарналар) арқылы өзара қосылған бірнеше компьютер тобы. Жұмыс үстелінде жергілікті желімен жұмыс істеуге арналған Желілік орта қалтасының белгішесі көрініс табады.

жергілікті желіге біріктіру үшін әрбір компьютерде желілік бейімдеуіш немесе желілік тақша орнатылған болуы тиіс. Компьютерлердің қазіргі заманға сай моделдерінде әдетте желілік бейімдеуіш аналық тақшаға бірге орнатылған болады. Содан кейін компьютерлерді кабелдермен жалғау керек. Компьютерлер арасында мәліметтер алмасу арнайы құрылғы – шоғырлауыш (немесе хаб) көмегімен жүзеге асырылады. Желідегі әрбір компьютерді жұмыс станциясы деп те атайды. Әрбір жұмыс станциясының атауы бар және ол қандай да бір жұмыс тобына жатады. Компьютердің атын білу оны жергілікті желіде таба алу үшін қажет. Компьютердің аты мен жұмыс тобының атауын қарау үшін Менің компьютерім белгішесін тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірдің Сипаттар тармағын таңдап, ашылған терезеде Компьютердің атауы қосымшасына өту керек.Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.\r\n\r\nInternet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork). Internet – бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көпетеген мүмкіндіктер ұсынады. Internet-тегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады. Веб-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) – ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL-мекенжайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы.

3. Windows қалыпталған бағдарламаларын іске қосыңыз.

Бұл бағдарламаларды іске қосу бірдей алгоритммен жүзеге асырылады: Бастау мәзірі – Бағдарламалар – Қалыпталған – тізімнен өзіңізге қажетті бағдарламаны таңдаймыз.

 

№25 билет

1 Windows амалдық жүйесінің негізгі нысаны не болып табылады?

Windows амалдық жүйесінің негізгі нысаны – терезе болып табылады. Терезе – бейне беттегі жиектермен қоршалған тік төртбұрышты аймақ. Төрт топқа бөлінеді:

¾ Қалталар терезелері

¾ Қосымшалар терезелері

¾ Сұхбат терезелері

¾ Анықтама терезелері

Терезені төрт жағынан Қоршау жиектері шектеп тұрады.

2. Слайд дегеніміз не?

Слайд - нысандалған сәуле арқылы немесе экранда түзеп жарықка түсірілген кескінмен көретін, түссіз мөлдір негізде бейнеленген жеке позитивті құжат. Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Презентация жасау үшін Power point программасын пайдаланамыз.

3. MS Excel бағдарламасын іске қосыңыз.

Microsoft Excel – электрондық кестелерді, диаграммаларды, тізімдерді және тіпті Web – беттерді дайындау үшін пайдаланылатын толық қызметтік кестелік процессор. Excel-дің файлдары Кітаптар деп аталады. Кітаптар жолдарв, бағандары, ұяшықтары бар Парақтардан тұрады.

ЕXCEL бағдарламасын іске қосу үшін: Пуск => программа => Microsoft Excel командасын орындаймыз.

 

№26 билет

1. Құжатты сақтау үшін қандай әмірлерді орындау қажет?

Жұмысты сақтау үшін Сақтау және Басқаша сақтау пәрмендерін пайдаланып, Microsoft Word бағдарламасы құжаттарды сақтауға қолданатын параметрлерді реттеуге болады. Мысалы, құжатты өзіңіз ғана пайдаланатын болсаңыз және құжат Microsoft Word бағдарламасының бұрынғы нұсқасында ашылмайтын болса, Сақтау пәрменін пайдалансаңыз болады. Құжатты сақтау үшін:

Файл – Сақтау немесе «Ctrl + S»

2. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады?

Microsoft Paint –көпфункциалық бірақ соңымен қатар қарапайым растырлық графикалық редактор. Ол Microsoft компаниясының туындысы және бағдарламаларының алғашқы нұсқаларында да кездеседі. Paint – сызбалық өңдегіші қарапайым сызбалық кескіндер, суреттер жасауға арналған. Paint-те 16 құрал бар. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен және фон түсімен.

3. Ms Еxcel бағдарламасында сүзгімен жұмыс

Мәліметтерді сүзу
Кез келген мәліметтер базасымен негізгі жұмыс істеу дегеніміз – белгілі бір ақпараттарды іздеу болып табылады. Мәліметтер базасы ұлғайған сайын іздеу қиындайды. Excel осындай қиындықты мәліметтерді сүзу арқылы қарапайым түрге келтіреді.
Сүзу (Фильтрация) – мәліметтерді тез тауып, олармен және тізім бойынша жұмыс істеу әдісі.
Тізімді сүзе отырып, таңдау шарттарын қанағаттандыратын жолдарды ғана белгілеуге болады.
Microsoft Excel-де сүзудің екі түрі бар: автосүзгі және кеңейтілген сүзгі. Сүзудің қарапайым шарттары үшін көп жағдайда автосүзгі жабдықтары жеткілікті болады.
Тізімді автосүзгі көмегімен сүзу. Тізімді автосүзгі көмегімен сүзу үшін:
сүзу тізіміндегі ұяшықты белгілеңіз;
мәліметтер менюіндегі Сүзгі (Фильтр) бөлімін таңдап, Автосүзгі (автофильтр) бұйрығын орындаңыз.
• сүзуді қажет ететін мәліметтері бар қатардың батырмасын басыңыз;
• қажет мәнді таңдаңыз: (Барлығы. Алғашқы 10…)
Тізімді екі немесе одан да көп мазмұн бойынша сүзу үшін Шарт (Условие…) жолын таңдаңыз.
Автосүзгіні баптау. Төменде келтірілген әдісте тізімнің бір немесе екі шартқа байланысты сүзуі орындалады. Автосүзгіні қолдану үшін тізім қатарының тақырыбы болу шарт.
Бірінші шартты орындау үшін салыстыру операторын немесе салыстыру мазмұнын таңдау қажет.
Екінші шартты орындау үшін ауыстырғышты «ЖӘНЕ» немесе «НЕМЕСЕ» қалпына қойып, салыстыру операторы және салыстыру мазмұны таңдалады.
Автоөшіру үшін Мәліметтер (Данные) менюінен Сүзгі–Автосүзгі (Фильтр-Автофильтр) командасын таңдау керек. Сол кезде сүзу тоқтатылып, тізім суретке дейінгі қалпына келеді.

 

№27 билет

1. Ms Еxcel бағдарламасында кестені өздігінен біртекті деректермен қалай толтыруға болады?

Қатар – бұл логикалық тізбелер құратын ұяшықтардың тізбегі. Автотолтыру қызметінің көмегімен Excel-де сандар, күндер, даталар, тоқсандар тізімін дайындауға болады.

Тоқсандар, айлар,апталар, күндер тізімін енгізу үшін:

  1. Ұяшыққа қатардың бірінші элементін енгізіңдер де Enter -ді басыңдар немесе формула жолындағы енгізу батырмасы бойынша шертіңдер.
  2. Маустың көрсеткішін басқарушы элементке орналастырыңдар да оны сол жақ төменгі бұрышынан сүйреп тасыңдар.

Тізімге кіретін барлық ұяшықтар сұрғылт жақтаумен қоршалған болады, ауқымның соңғы ұяшығында қалып қойған мән сары тікбұрышта көрсетілетін болады (8.4 сурет).

  1. Маустың батырмасын босатып, тізімді дайындауды аяқтаңдар (8.5 сурет).

 

 

2. Бірінші терезеден екінші терезеге қалай өтеді?

Терезе дегеніміз – бұл жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аймағы. Онда объектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.

Бiр терезеден екiншi терезеге <Tab> пернесi арқылы өтуге болады.

 

3. MS Excel бағдарламасында жаңа құжатты әзірлеңіз.

MS ЕXCEL бағдарламасында жаңа құжатты әзірлеу үшін: Пуск => программа => Microsoft Excel командасын таңдап – Файл – Создать – Новая книга

 

1. Анықтама терезесі дегеніміз не?

2. Жұмыс үстелін қалай іске қосады?

Жұмыс үстелі – құжаттарды және олармен жұмыс істеуге арналған негізгі құралдарды қамтитын Windows-тың негізгі элементі. Жүйе қотарылған кезде сіз оны бәрінен бұрын көресіз. Жұмыс үстелінде Windows нысандары және басқарушы элементтері: белгішелер, лақаптар, үстелдер, мәзірлер, қалталар орналасады. Стандартты көріністе Жұмыс үстелінде менің құжаттарым, менің компьютерім, Себет, Желілік орта, Internet Explorer терезелерінің белгішелері, Тапсырмалар үстелі, Бастау батырмасы орналасады.Жұмыс үстелінің төменгі бөлігінде Бастау батырмасы, Жылдам іске қосу үстелі, Тапсырмалар үстелі, Индикаторлар үстелінен тұратын жолақ орналасқан

3. Excel-де функциялар мәнін кестелеу.

Excel электорндық кестесінің негізгі абзалдығы онда күшті формула және функциялар аппартының барлығы. Excel - де барлық мәліметтерды өңдеу сол аппарат көмегі арқылы жүзеге асырылады. Сіздер сандарды қосуыңыз, азайтуыңыз, бөлуіңіз, көбейтуіңіз, синусты, косинусты, лагорифмді, экспонентаны есептеулеріңіз мүмкін.Excel электорндық кестесі арифметикалық амалдарды, функциялармен біріктірілген сандар тізбегін немесе ұяшықтар адрестерінен тұратын арифметикалық өрнектерды формула ретінде қабылдайды.

Кестелерді даярлау. Кесте құжаттың мәтіннің кез-келген жеріне қойыла береді. Кесте мөлшері қағаз парағынан үлкен болуы да мүмкін, сондықтан ол бір немесе бірнеше беттерде орналаса алады. Кестені алғаш рет даярлау үшін Кесте→Кестені кірістіру (Таблица→Всавить таблицу) командасын немесе стандартты аспаптар тақтасының Кестені кірістірубатырмасын басу керек.Кестені даярлаудың ең бір қарапайым жолы Кестені кірістіру батырмасын пайдалану. Мұнда бағаналар екі мәтін жолының толық ені мен бағаналар саны негізінде автоматты түрде бірден тағайындалады. Қажет болса, әрбір бағаналар енін мұнан кейін де өзгерте аласыз. Сонымен, алғаш рет кестені даярлау үшін төмендегі әрекеттер орындалады:

-Даярланатын кестенің сол жақ жоғарғы шетіне курсорды алып бару.

-тышқан тетігімен аспаптар тақтасындағы Кестені енгізу батырмасын басып, экранға шыққан кішкене кесте көрінісіндегі керекті торлар ұяларын тышқанмен белгілей отырып, оның батырмасын жібермей ұстап тұру керек.

-тышқан курсорын кестенің қажетті мөлшеріне дәл келетін оң жақ төменгі торына жылжытып апарыңыз. Егер курсорды оңға немесе төменге жылжытатын болсаңыз, ондаторлар саны да соған байланысты өсіп отырады.

-Керекті торлар санын бейнелеп алып, тышқан батырмасын жібереміз. Мәтіннің курсормен көрсетілген жерінде қажетті өлшемдегі кесте пайда болады.

MS Excel программасы кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу үшін арналған. Сол себептен бұл программа электрондық кесте деп аталады.

Кестелерді өңдеу мынадай іс-әрекеттерден тұрады.

1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.

2. Түрлі-түрлі функциялардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.

3. Тиімді ету мәселелерін шешу.

4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.

5. Графиктер мен диаграммларды тұрғызу.

6. Мәліметтерді статистикалық талдау.

1. Жұмыс үстелі деген не?

Жұмыс үстелі – құжаттарды және олармен жұмыс істеуге арналған негізгі құралдарды қамтитын Windows-тың негізгі элементі. Жүйе қотарылған кезде сіз оны бәрінен бұрын көресіз. Жұмыс үстелінде Windows нысандары және басқарушы элементтері: белгішелер, лақаптар, үстелдер, мәзірлер, қалталар орналасады. Стандартты көріністе Жұмыс үстелінде менің құжаттарым, менің компьютерім, Себет, Желілік орта, Internet Explorer терезелерінің белгішелері, Тапсырмалар үстелі, Бастау батырмасы орналасады.Жұмыс үстелінің төменгі бөлігінде Бастау батырмасы, Жылдам іске қосу үстелі, Тапсырмалар үстелі, Индикаторлар үстелінен тұратын жолақ орналасқан

Жұмыс үстелі — бұл бейнебеттегі нағыз жұмыс үстелі сияқты ұйымдастырылған аймақ. Мұнда белгішелер, мәзірлер мен терезелер сияқты сан алуан элементтер орналасқан; олардың көмегімен бағдарламаларды іске қосуға және әр түрлі тапсырмаларды орындауға болады. Windows жұмыс үстелінде осы нысандарды кәдімгі жұмыс үстеліндегі сияқты жылжытуға және қайта реттеп қоюға, сондай-ақ жұмысты бастауға және аяқтауға болады

2. Windows терезесі дегеніміз не?

Windows операциялық жүйесінің негізгі объектісі терезе болып табылады. Windows операциялық жүйесінің бұлай аталуы тегін емес, оның қазақша аудармасы «терезелер» дегенді білдіреді. Терезе – Windows ортасының негізгі ұғымы.

Терезе дегеніміз – бұл жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аймағы. Онда объектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.

 

Терезелерді көрсету нұсқалары

Терезелерді экранда көрсетудің үш тәсілі бар:

· толық экранды – терезе жайылған және тұтас экран бетін алады (жұмыс үстелі);

· қалыпты - терезе экранның бір бөлігінде орналасады;

· белгіше – терезе белгіше түрінде «жинаулы» болады;

Терезелердің көрсетілу нұсқасын өзгерту үшін, оның белгішелері бар тақырыптар
зонасының оң жағындағы батырмалар қолданылады:

Ø терезені есептер тақтасындағы жазуға жималау;

Ø терезені толық экранның бетіне жаймалау;

Ø терезені жабу (қолданбаның жұмысын аяқтау).

Терезедегі тақырыптар жолының сол жағында терезені тұтас басқаруға арналған жүйелік менюдің батырмасы бар. Бұл менюде тақырыптың батырмаларының функциясын қайталайтын командалар бар. Терезені көрсетудің қалыпты нұсқасында терезенің көлемін мауспен жылжытып немесе пернетақтаның көмегімен терезенің тік көлбеу мөлшерін немесе бұрышын өзгертуге болады. Қалыпты нұсқада белгішелер мен терезелерді экран бойынша жылжытуға болады.

Активті терезе

Қай уақытта болсын бір ғана тереземен жұмыс істеуге болады, ол активті деп аталады. Активті терезе әрқашан басқа терезелерден жоғары орналасады және оның тақырыбы түспен ерекшеленген. Егер экранда активті емес терезенің ең болмаса бір бөлігі көрінсе, оны мауспен шерту арқылы активті қалыпқа келтіруге болады.

Меню
Меню-бұл одан қажетін таңдауға болатын қандай да бір объектілер тізімі.

Қолданбалармен жұмыс істеу.

Кез келген қолданба бөлек трезеде орындалады, ол экранның жартысын немесе экранды толығымен алуы мүмкін. Қолданбалы бағдарламаны іске қосу – қолданба терезесін ашуды білдіреді. Қолданбаның терезесін жабу – бағдарламаның жұмысын аяқтауды білдіреді. Бір уақытта бірнеше қолданбаларды қатар орындауға болады (әрқайсысы өзінің терезесінде) және пайдаланушы маустың көмегімен бір терезеден екінші терезеге оп-оңай ауыса алады.

3. Өз достарыңыздың мекен жайы мен телефондарын көрсететін тізім жасаңыз. Осы мәліметтерді кесте түрінде дайындаңыз

Практика жүзінде орындандар онай

 

№30 билет

  1. Internet – беттерін қарап шығуға арналған бағдарлама

Internet Explorer (қысқаша ІЕ не MSIE) — Microsoft компаниясы 1995 ж. бастап Microsoft Windows амалдық жүйесі құрамдас бөлігі ретінде жасаған графиктік ғаламтор шолғыш өнімі. Бұл бағдарлама 1999 ж. бастап дүние жүзі бойынша қолданымы ең көлемді бағдарлама болып, 2002-2003 жж. аралығындағы ІЕ5 пен ІЕ6-ның жарық көрген мезгілінен бер бұл қолданымдық көрсеткіші шырқау шегіне жетті де, сонан бері қарай тұрақты төмендеу күйінде болды. Интернет шолғышы алғашта Windows 95-ке қосымша қалташық ретінде бірге шықты да, онан кейінгі жаңа ұрпақтық нұсқалары дербес қалташық ретінде жеке дара түсіруге болатын етіп жасалды. Қазіргі ең жаңа 7-ші ұрпақ шолғышы Windows ХР Service Pack 2, Windows 2003 Service Pack 1, Windows Vista және Windows Server 2008 дегендердің жаңалау бума ретінде түсіріп орнату мүмкіншілігін жасады. Және бір түрдегі Windows CE (ІЕ CЕ) ге бағытталған ОЕМ-дік жасалымды да WinCE немесе ІЕ6-лық негіздегі текшелерінен еркін түсіріп алуға болады. Есте боларлық және бір жайт, тағы бір түрдегі Windows Mobile-ға (қойындық кіші тұрпатты компьютерлерге арналған жүйе) сәйкестіріліп жасалған Mobile Internet Explorer (ұтқыр) дербес компьтерлерге (РС) арналған түрлерімен шатастырып алмау керек. 8-ші ұрпақ ғаламтор шолғышының 2-реттік сынақ нұсқасы 2008 ж. басында жария етілді.

 

  1. Еxcel дегеніміз не?

Microsoft Еxcel -1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты. IBM және Macintosh компьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған, электрондық кесте құрастыратын қолданбалы программа. Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделі функциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген

Excelдің маңызы

Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.

Нұсқалары

1988 — Excel 2.0

1990 — Excel 3.0

1992 — Excel 4.0

1993 — Excel 5.0 (Windows NT)

1995 — Excel 7 (Windows 95)

1997 — Excel 97

1999 — Excel 2000 (9) — Microsoft Office 2000

2001 — Excel 2002 (10) — Microsoft Office XP

2003 — Excel 2003 (11) — Microsoft Office 2003

2007 — Excel 2007 (12) — Microsoft Office 2007

2010- Excel 2010 (13)-Microsoft Office 2010

2012- Excel 2013 (14)-Microsoft Office 2013

 

3. Windows анықтама жүйесін іске қосыңыз.

Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздерінің басталу уақыты 1981 жылы MS(PC)-DOS операциялық жүйесі IBM дербес компьютерлермен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын. MS-DOS операциялық жүйесі тек бір адамның жұмыс істеуіне арналған болатын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетін, оның үстіне MS-DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана алатын еді.

Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланатын негізгі интерфэйс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарды. Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден астам командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды. Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және жұмыс істеуге өз септігін тигізді.

Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows ортасының негізгі ядросы, жедел жадты басқаратын ішкі жүйесі, файлдық жүйесі, енгізу-шығару құрылғыларымен жұмыс істейтін драйверлері, т.б. жүйелері бар.

Ол жұмыс кезінде мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;

файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

қолданбалы программаларды іске қосу.

Бұған қоса WINDOWS жүйесі:

бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;

әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасуын;

масштабталатын шрифтерді сүймелдеуді;

мультимедия мүмкіндіктерін пайдалануды;

біріңғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ете алады

Негізгі ұғымдары

Терезе — экранның төртбұрышты қоршаулы аймағы. Онда әр түрлі программалар орындалады. Кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Терезе шекаралары- бұл терезенің периметр бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Қолданбалы программа терезесі-бұл терезеде негізгі қолданбалы программалар жұмысы атқарылады. Ол экранның бөлігін немесе оны толық алып тұра алады. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген қолданбалы программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады, бірақ олардың негізгі элементтері бірдей болып жасалған. Егер терезені жбатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаың жұмысы да аяқталады.

 

 

Методические рекомендации по изучению дисциплины, задания для контрольных работ и рекомендации по их выполнению

для учащихся заочной формы обучения ____1____ курса

по специальности 2-74 03 31 «Пчеловодство»

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 355; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.096 сек.