КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
По историко-правовым дисциплинам 6 страница
Кәсіптік білім – бұл педагогикалық шеберліктің негізгі іргетасы. Кәсіптік білімнің мазмұнына пән бойынша ғылыми және практикалық білім, оның әдістемесі, педагогикалық және психологиялық білім енеді. Педагогтың жас, педагогикалық, жалпы психология және педагогикадан жинақтаған білімі жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеудің теориялық және практикалық сипаттағы күрделі мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешуге мүмкіндік береді, педагогты мектепте білім, іскерлік, дағдыны меңгерту үрдісінің заңдылықтарымен қаруландырады, оқу-тәрбие үрдісін әрі қарай жетілдіру үшін қажетті әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Психологиялық-педагогикалық эрудиция әрекетті, фактіні немесе құбылысты дәл психологиялық талдау негізінде ықпал жасаудың дұрыс таңдалуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық қабілеттер – арнайы қабілеттер, педагогикалық шеберліктің меңгерілуі қабілеттерге бағынышты. Психологиялық-педагогикалық әдебиетте педагогикалық қабілеттердің мына түрлері белгіленген: 1) дидактикалық – бұл оқушыларға материалды қол жетерлік деңгейде, қызықты, айқын және нақты түрде ұсыну іскерлігі. Дидактикалық қабілеттерге ие педагог оқушылардың ой белсенділігін арттырады, оқу-тәрбие үрдісіне тек ақлды ғана емес, сонымен қатар сезімге де әсер ететін жаңа, соны нәрселерді енгізуге дайын; 2) ұйымдастырушылық қабілеттер оқушылардың түрлі іс-әрекетін ұйымдастыруға, ұжымды қалыптастыруға бағытталған.сонымен қатар, олар педагогтың өзінің әрекетін дұрыс ұйымдастыруды да қамтамасыз етеді. Ол педагогтың дәлдік, ұқыптылық, тәртіптілік, жауапкершілік сынды 22қасиеттерімен қамтамасыз етіледі; 3) коммуникативті – бұлар оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қабілеттер; 4) перцептивті – бұл баланың ішкі дүниесіне ену іскерлігі. Баланың психикалық күйін анықтауға бағытталған; 5) суггестивті – бұл сендіру және иландыру қабілеті. Олар педагогтың беделімен, еріктік қасиеттерімен байланысты; 6) ғылыми-танымдық (академиялық) – ғылымның белгілі бір саласы бойынша ақпаратты, білімді меңгеру қабілеті. 7) эмоциональдық тұрақтылық және болжамдық қабілеттер. Педагогикалық техника – оқушыларға, ұжымға педагогикалық ықпал жасаудың әдістер жүйесін тиімді қолдануға қажетті іскерліктер мен дағдылар жиынтығы: тәрбиеленушілермен дұрыс қарым-қатынас стилін таңдау іскерлігі, олардың назарын аударту, басқару және т.б. іскерліктер. Педагогикалық техниканың негіздерін меңгеру – қарым-қатынас технологиясын меңгерудің қажетті шарты. А.С.Макаренконың айтуынша, «Мен «мында кел» сөйлемін 15-20 түрлі дауыс реңімен айтуды, бет-әлпет, дене тұрпаты, дауыс көмегімен 20 түрлі ақпаратты беруді үйренген шақта ғана шебер атандым» дейді. Педагогикалық техниканың құрылымы: сөйлеу шеберлігі, мимика және пантомимика мәнерлілігі, өзінің психикалық күйін және эмоционалдық-шығармашылық күйін басқару іскерлігі, актерлік-режиссерлік қасиеттер. Педагогикалық қызметті тиімді орындау үшін қазіргі педагогке педагогикалық қызметтің құрылымын, оның негізгі компоненттерін, педагогикалық іс-қимылды және кәсіби маңызды іскерліктер мен психологиялық сапаларды ұғыну қажет. Сабақ-1 Жоспары: 1.Педагогикалық жағдайда талдау дағдысын қалыптастыру. 2.Педагогикалық шеберлікті қалыптастыратын әдіс-тәсілдер. Тапсырма 1. "Жұпты бөлімдер-шеберлігі". Студенттер жұптасып бөлінеді. Әрбір жұп тапсырмасы бар жеке парақша алады. Мысалы: 1.Мұғалім оқушыдан сабақты не үшін жүйелі жіберетінін анықтауы тиіс. 2.Оқушы басқа оқушыны не ушін ұрғанын анықтау керек. 3.Сізге ашық сабаққа көмектесу үшін өзіңіздің қатарласыңыздан сабақтан кейн қалуын өтініңіз. 4.Өзінің достарымен сіз жайында талқылап жатырған оқушымен сөйлесуіңіз қажет. 5.Оқушыдан оның ата- аналары мектепке шақыртқанда неге келмейтінін анықтаңыз. 6.Жұмыстасыңа оның сабағы жеткілікті түрде ұйымдастырылмағанын айту қажет. 7.Оқушының ата- анасымен оның тәртібі мен үлгерімі жайында сөйлесіңіз т.б. Студенттер жеке парақшаны алғаннан кейін рөлдерді бөліп,оқушының жасын, қарым- қатынасын анықтауы тиіс. Бір адамның басқа адамға деген көз қарасын жұптар алдын ала білмеу керек. Мұғалімнің мақсаты-сұхбатты жоғары деңгейде,үйлесімді түрде аяқтау,ал жұп кез келген ұстаным әдісін таңдауына болады. Әрбір бөлімнен ұтылғаннан кейін не шықты?не шыққан жоқ?неге? деген талдаулар жасалады жәнеде әр ойыншы өзін қалай сезінгенін анықтау қажет, содан соң сұхбат бақылаушылары талдайды. Тапсырма 2. "Ал егерде..." Студенттер үш шағын топтарда жұмыс жасайды. Әр педагогикалық жағдайды басқа топтарға суреттеп, дыбыстайды. Содан кейін студенттерге оқиғаны ойластыруға 5-10 минут уақыт береді. Бірінші топ екінші топқа "қақпан" құрады, екінші топ біріншіге,бірінші топ үшке. Мысал ретінде Ю.Л.Львовой "Қайырымдылық"атта әңгімесін алуға болады, күтпеген жерден директордын пайда болуы мұғалімнің ойын бұзады. Қатысушыларды жылдам шешім табуы үшін «қақпан» жағдаят іске қосқан кезде орындалады. Берілген тапсырманы студенттердің күтпеген жердегі жағдайды жылдам қабылдау қабілеттілігін дамытады. Тапсырма 3. " Ол бізге керек емес" Студенттерге келесі жағдаят ұсынылады. "Отанды қорғау күні" мейрамына дайындығына 3 класс топ басшылары классты екі командаға бөледі. Олар: теңізшілер және ұшқыштар. Бұл сыныпта Дима деген бала бар, ол сондай қиын бала. Дима қыздарды ренжетіп, көшедегі машиналардың бөлшегін алып кетеді және т.б. Балалар Диманы менсінбейді,кейде оны ұрады ешкім олмен ойнағысы келмейді, бір партағада отырғысы келмейді.Осы сәтте ешкім Диманы өзінің командасына қосқысы келмеді. Дима бір командаға жақындап еді, оны итерип жіберді. Екінші командада оны менсінбеді. Барлық бала "ол бізге керек емес ","біз оны командамызға қосқымыз келмейді","кет әрі" дейді. Дима шетте тұрды, түрі аянышты." Студенттерге осындай оқушының портретін ауызша құрастыруға беріп, оның уайымын, жағдаяттарды шешеу нұсқаларын қарастыруға болады. № 8 дәріс Тақырып: Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік мәні мен мазмұны. 1. Мектептегі оқу-тәрбие үрдісі өте күрделі, көпқырлы, өзгермелі құбылыс. Педагогикалық іс-әрекеттің өнермен ұқсастығы ежелден мәлім. Өнердің дарындылық пен шеберліктің туындысы екендігі де баршаға белгілі, ал шеберлік бірнеше ұрпақтың дәстүрлерін жинақтаған мектепте қалыптасады. Мектеп оқушының табиғи нышандарын дамытады, оған қажетті білім, іскерлік және дағдымен қаруландырады, дарындылығын ұйымдастырады, оқушының кез-келген берілген шығармашылық тапсырманы орындауға дайындығын қамтамасыз етеді. Айта кететін жайт, педагогикалық өнер театр өнерімен көп ұқсас болып келеді. Педагогиканы бір актердың театры деп те атайды. Сондықтан да педагог театрлық қызметтің ұстанымдарын, оның заңдарын білген жөн. бұл жағдайда пеждагогтарға К.С.Станиславскийдің жүйесі көмекке келеді. К.С.Станиславскийдің жүйесі шығармашылықты табиғатын жаратушы-адамның табиғаты арқылы қарастырады. Онда ең алғаш рет шығармашылықтың санаасты, еріксіз сипаттағы үрдісін саналы түрде меңгеру, іс-әрекет барысында тұлғаның дарындылығын анықтау мәселелері шешіледі. К.С.Станиславский жүйесі – бұл тек актерлік шығармашылық жайындағы ғылым ғана емес, сонымен қатар, сахналық қабілеттермен бірге объективті заңдылықтарға сүйене отырып, басқа да түрлі қабілеттерді дамыту, байыту, кеңейту жайындағы ғылым. Бұл шығармашылық қызметтегі кез-келген дарындылықтың «пайдалы іс-әрекет коэффициентін» жоғарылату тәсілі. Бүгінгі күні мұғалім болу өте оңай нәрсе деп ойлайтын адамдар баршылық. Бұл үшін арнайы педагогикалық оқу орнында оқу да қажет емес деп санайтындар да бар. Әдетте былай ойлайды: мұғалім болу оңай, әсіресе, тарих, география, әдебиет пәндерінің мұғалімдері болу...Оқулық бойынша материалдың белгілі бір көлемін жаттап алып, сыныпқа балаларға бар да әңгімелеп бер. Бұндай адасушылықты өз уақытында К.Д.Ушинский сынға алған. Шынымен де, кімде-кімнің еске сақтау қабілеті жоғары болса, оқулықтың бірнеше бетін жаттап ала алады. Мүмкін, оның мазмұнын да жақсылап айтып бере алар. Әрбір педагог оқушыларға ғылымның заңдылықтарын қол жетерлік деңгейде түсіндіре алады ма? Дамыта оқытуды жүзеге асыра алады ма? Оқу-тәрбие үрдісін ғылымилық ұстанымы негізінде ұйымдастыра алады ма? Тек арнайы білімге ие педагог қана бұл міндеттерді шешуі мүмкін. Педагогикалық шеберлікке қол жеткізудің алғашқы шарты ғылым мен білімнің әдіснамасын білу және соның негізінде арнайы және психологиялық-педагогикалық пәндерді меңгеру болып табылады. Болашақ педагог жоғары оқу орнында оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ кәсіби бағытталуды қалыптастыру үшін жұмыстанып, өзін оқыту-тәрбиелеу үрдісімен айналысуға жан-жақты әзірлеу керек. Педагогикалық университеттердің оқу жоспарларында мамандық бойынша педагогтарды даярлауға басым көңіл бөлінеді. Студент оқу барысында ғылымды меңгеріп, лның ұғымдық аппаратын білгені жөн. тек белгілі бір пән бойынша білім алып қана қоймай, сол пәннің тәрбиелік мәнін де ұғынуы тиіс. Психологиялық-педагогикалық ғылым саласынан терең де жан-жақты теориялық және практикалық дайындықсыз оқыту-тәрбиелеу міндеттерін шешу оңай емес. Әрі қарай қалыптасқан кәсіби іскерлік пен дағдының тексерілуі және өңделуі педагогикалық сараман барысында жүреді. Педагогикалық сараманның әрбір кезеңі нақты міндеттерге ие. Шебер-педагог – бұл нәзік те ойлы мұғалім, жақсы тәрбиеші, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың соңғы әдістерін меңгерген адам. Мұғалім шеберлігіне жету өте қиын. Оған студенттік щақта қол жеткізу мүмкін емес. № 9 дәріс Тақырып: Аудитория алдында сөйлеу дағдылары Дәріс мазмұны 3. Педагог сөзі 4. Аудиторияның назарын ұстай білу дағдыларын дамыту Сөйлеу мәдениеті адамның жалпы мәдениетінің маңызды құрамдас компоненттерінің бірі. Сөйлеу мәдениеті – бұл әдеби тіл нормаларына сәйкес сөздерді қолдану, айту, өзгерту, басқа лексемалармен біріктіріу, сөйлемді дұрыс құрастыру. Тіл нормалары (орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық) дегеніміз қарым-қатынаста қажет болатын құралдардың жиынтығы. Олар әдеби тілге тән, оларсыз сөйлеу мәдениеті болмайды. Сөйлеу мәдениеті екі компоненттерден құралған: тілдік элементтер мәдениеті және қарым-қатынасты орнату мәдениеті. Сөйлеу мәдениеті жайындағы ғылым тілтану саласына жатады, ол, ең алдымен, лексика, орфография, орфоэпия, морфология, синтаксис, стилистикамен байланысты. Бірақ тілдік құралдардың мәнерлілігі жайындағы ғылым басқа ғылымдардың элементтерін жинақтайды, олар: әдебиет теориясы, психология, педагогика, анатомия және физиология, физика (акустика) және т.б. Жоғары оқу орны оқытушысының, мұғалімнің сөзі нақты, дұрыс, түсінікті, әдемі, қысқа да нұсқа және т.б. қасиеттерге ие болуы тиіс. Сөйлеу мәдениеті ұғымына сөздік қордың байлығымен анықталатын лексикалық мәдениет енеді. Бай сөздік қоры – бұл сөйлеу мәдениетінің ажырамас бөлігі. Тілдің байлығы сөздердің санымен емес, оларды түрлі мағынасында қолдану қасиетімен де анықталады. Бұл құбылыс полисемия деген атауға ие. Сөздерді қолдануда өте абай болған жөн. Сөйлеу барысында ең қажетті және келісті сөздерді қолдану дәлдікке – сөйлеу мәдениетінің маңызды сапаларына әкеледі. Сөздің мәнерлілігіне және дәлдігіне тілдік құралдардың алуан түрін қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Олар: синонимдер (әйгілі, атақты, даңқты, танымал), паронимдер (абонемент – абонент, адресат – адресант) және т.б. Педагогикалық қарым-қатынас үрдісіндегі сөзге қойылатын маңызды талаптардың бірі – қарапайымдылық және ықшамдық. Егер материал артық сөзсіз, үнемді ұсынылса, осы арқылы нақтылыққа, дәлдікке, тиімділікке, сенімділікке жол ашылады. Керісінше, көп сөз, бос сөз педагогикалық ықпалдың әсерін төмендетеді. Сөздің сапасын тавтология да, яғни бір нәрсені бірнеше рет қайталама сөздермен жеткізу, төмендетеді. Мысалы, әрбір оқушымен жеке жұмыс, бос вакансия, өз өмірбаянын жазу және т.б. Ауызша сөйлеуде қыстырма сөздерді (жаңағы, осылайша, яғни, әрине, сосын, ия және т.б.) қолдану да тыңдаушыларға кері әсерін тигізеді. Педагог сөзі бейнелі де мәнерлі болуы керек. Бұл талаппен шаблонды сөз тіркестері мен сөздерін қолдану сәйкес келемейді. Олардың нақты мағынасы көбінесе болмайды, сөзге бюрократтық, кеңселік сипат береді. Дайын трафарет, штамптарды қолдану адамның шығармашылық ойын тежейді. Сөйлеу мәдениетінің ажырамас бөлігі – сөздің грамматикалық сауаттылығы, яғни сөздің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің формаларын қолданудағы норматив. Әрбір сөз таптарына (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік) белгілі бір бекітілген өзгертулер тән. Синтаксистік ережелерге сүйене отырып, мұғалім өз сөзінде оқушылардың қабылдауына жеңіл болатын жай сөйлемдерді қолданғаны жөн. Әрдайым тек жай сөйлемдерді қолданып қоймай, сөздің бірізділігін, мәнін, ырғақтығын жоймау үшін күрделі құрмалас сөйлемдерді қолданған дұрыс. Хабарлы сөйлемдермен қатар материалдағы негізгі мәселені көрсетуде, оқушылардың назарын аударарда, олардың ақыл-ойын белсендендіруде, проблемалық ситуацияны тудыруда сұраулы, риторикалық сөйлемдер қолдану орынды. Педагог сөзі сауаттылығымен қатар мәнерлілігімен, бейнелілігімен, эмоционалдығымен ерекшеленеді. Оған фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, афоризмдер, анафора, градация, инверсия сынды стилистикалық фигуралар жатады. Интонация – ауызша сөйлеудің жүрегі. Оның екі түрі бар: логикалық және эмоционалдық-экспрессивті. Логикалық интонацияның мақсаты – сөйлемде маңызды мәнге ие сөздерді айқындау. Эмоционалдық-экспрессивті интонация мұғалімге өзі әңгімелеп отырған адамдарға, құбылыстарға, оқиғаларға деген қарым-қатынасын, көзқарасын, сезімін, бағасын көрсетуге мүмкіндік береді. Осылайша, тіл – бұл маңызды ақпарат құралы, педагогикалық қарым-қатынас құралы, тәрбиешінің тәрбиеленушілерге ықпал ету құралы. В.А.Сухомлинский сөздің маңызын былайша көрсетеді: «...Сөз – адамның мінез-құлқының өте нәзік салаларына өз әсерін тигізуге қабілеті бар өте жіңішке пышақ. Оны дұрыс қолдана білу іскерлігі – ұлы өнер. Сөз арқылы жан сұлулығын тудыруға болады, керісінше, сөзбен оны бүлдіруге де болады. Ендеше, тек сұлулықты тудыратын іскерліктерді меңгерейік». Мұғалімнің сөзін қабылдау және түсіну процесі тыңдау процесімен бірге жүреді. Оған, ғалымдардың айтуынша, оқу уақытының шамамен ¼ - ½ бөлігі келеді. Сондықтан, оқушының оқу материалын дұрыс қабылдау процесі мұғалім сөйлеуінің сапасы мен жетілу деңгейіне байланысты. Балалар педагогтың сөйлеу қабілеттерін өте жақсы сезеді. Кейбір дыбыстардың дұрыс айтылмауы олардың күлкісін келтіруі мүмкін, бір сарынды үн олардың іштерін пыстырса, дұрыс қойылмаған интонация, ашық әңгімедегі қатты дауыстап сөйлеу, өтірік, жасанды нәрсе ретінде қабылданып, оқушыларды мұғалімнен алыстатады. Кейбіреулердің айтуынша, дауыс пен ырғақ – бұл адамға берілетін табиғи дарындылық. Бірақ қазіргі эксперименталдық физиологияның зерттеулері бойынша, дауыстың сапасын түпкілікті өзгерту әбден мүмкін. Тарих мәліметтеріне сүйенсек, осы бағыттағы адамның өзін-өзі жетілдіруінің таң қаларлық нәтижелерін көруге болады. Әйгілі Демосфен өзінің денелік кемшіліктерін жеңе отырып, Ежелгі Грецияның әйгілі саяси шешені атанған. Осылайша, Владимир Маяковский да 20 жасында аузына кішкентай тастарды толтырып алып, шулы Рион жағасында сөз сөйлеп, өзін халық алдында сөйлеуге дайындаған. Бұлардың бәрі бізге үлгі болғанмен, олардың әдістемесін біз қолданбаймыз. Бұл тек техниканы меңгеруде адамға үлкен ұмтылыс, күшті ерік және жүйелі дайындық қажеттігінің дәлелі бола алады. Қазір театр педагогикасына негіздеоген сөйлеу техникасын дамытуға арналған жаттығулар жүйесі жинақталған. Сөйлеу техникасы – бұл мұғалімге сөз мазмұнының барлық байлығы мен мәнін оқушыға жеткізуге мүмкіндік беретін сөйлеу дем алысының, дауыс шығару және дикцияны орнату дағдыларының кешені. Дем алу физиологиялық қызметке ие. Ол ағзаның жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол сөздің энергетикалық базасы. Сөз дем алысы – фонациялық (грек сөзі phono –дыбыс) болып табылады. Күнделікті өмірде біздің сөзіміз негізінен диалогтық сипатта болғандықтан, ешқандай қиынға соқпайды. Бірақ сабақта, мұғалім, әсіресе, көп сөйлеген шақта, жаттықтырылмаған дем өзінің кемшілігін байқатады. Жаттықпаған, яғни дұрыс дем алу ұйымдастырылмаған, мұғалімнің жүрек соғысы жиілеп, беті қызарып, демікпе пайда болуы мүмкін. Дем алу техникасының негізгі қағидалары: дем алу процесіне қатысатын бұлшықеттерге сәйкес оның төрт түрін ажыратады. Жоғарғы дем – иықтың және кеуде қуысының жоғарғы жақ бұлшықеттері қатысатын әлсіз, үстіртін дем, бұнда өкпенің тек ұшы ғана белсенділікке ие. Кеуде демі – қабырғааралық бұлшықеттер арқылы жасалады. Кеуде қуысының көлденең көлемі өзгереді. Диафрагма аз қозғалады, сондықтан дем шығарудың энергиясы жеткіліксіз. Диафрагмалық дем – диафрагманың қысқаруы нәтижесінде (әдетте, бұл жағдайда қабырғааралық дем алу бұлшықеттерінің сәл қысқаруы байқалады) кеуде қуысының ұзына бойы көлемі өзгеріп, дем алу процесі жүреді. Диафрагмалық-қабырға демі - диафрагманың қысқаруынан, қабырғааралық дем алу бұлшықеттерінің, қарынның бұлшықеттерінің жиырылуынан пайда болатын кеуде қуысының көлденең және ұзына бойы көлемі өзгеруі арқылы жүретін дем алу және дем шығару процесі. Бұл дем – дұрыс дем болып саналады және оны сөйлеудің негізі ретінде таниды. Диафрагмалық-қабырға дем алу механизмі. Диафрагма қозғалысы: диафрагма қысқара отырып, төменге түседі, қарында жатқан ішкі органдарды жаншиды. Нәтижесінде қарынның жоғарғы бөлігі көтеріліп, төменге түскен диафрагма есебінен кеуде қуысы көлденең бағытта кеңиді. өкпенің төменгі бөлігі ауамен толтырылады. Кеуде қуысының кеңеюі: кеуде қуысын ашатын және кеуденің ұзына бойы көлемін арттыратын қабырғааралық бұлшықеттердің белсенді жұмыс жасауы нәтижесінде пайда болады. өкпенің ортаңғы бөлігі ауаға толады. Қарынның төменгі жағын тарту диафрагмаға тірек болып табылады, өкпенің төменгі және ортаңғы бөліктеріндегі ауаның жоғары жаққа өтуіне, нәтижесінде өкпенің тұтас ауамен толығуына жол ашады. Дем шығару қалай жүреді? Диафрагма жайлап әлсіреп, кеуде қуысына қарай көтеріледі, кеуде қуысының ұзына бойы көлемі қысқарып, қабырға төменге түседі, нәтижесінде кеуде қуысының көлденең көлемі азаяды. Кеуденің жалпы көлемі кішірейіп, ондағы қысым артады да, ауа сыртқа шығарылады. Фонациялық демнің кәдімгі демнен айырмашылығы неде? Әдеттегі дем дем алу және дем шығару мұрын арқылы жүреді. Олар қысқа болып келеді. Әдеттегі, физиологиялық дем алудың бірізділігі – дем алу, дем шығару, үзіліс. Сөйлеу үшін әдеттегі физиологиялық дем жеткіліксіз. Сөйлеу және оқу көп ауаны, оның тиімді жұмсалуын және дер кезінде қайта толтырылуын талап етеді. Сөйлеу дыбыстары дем шығаруда жасалады. Сондықтан оны ұйымдастыру сөйлеу дем алысы мен дауысты орнатуда, оларды дамытуда, жетілдіруде ерекше мәнге ие. Диафрагмалық-қабырға демін дамыту үшін дем шығарудың ұзақтығын жаттықтыратын, диафрагманы, қарын және қабырғаарлалық бұлшықеттерді дамытатын жаттығулар қажет. Диафрагмалық-қабырға демін дамытуды қарапайым жаттығулар жасаудан бастаған жөн. Шалқалай жатып, мұрын арқылы терең демаламыз. Сіз ауаның өкпенің төменгі жақ бөлігіне қалай толтырылғанын, қарындағы бұлшықеттердің қозғалысын, қабырғаның майысуын сезіне аласыз. Осыны түрып жасап көру керек. Бұнда ауаның өкпенің тек төменгі жақта жинақталуын қадағалап, оның кеуде қуысыныңжоғарғы бөлігіне өтуіне жол берілмеуі тиіс. Ауаны әрдайым төменге қарай жіберу керек.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 97; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |