Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

По историко-правовым дисциплинам 8 страница




3.Мақсаттардың әртүрлілігі.

Л. Каузер класификацияға сәйкес келіспеушіліктер; реалистік, және реалистік емес болып бөлінеді.

Дау-жанжалдың толып жатқан турлері болады. Ал оны төрт топқа бөлуге болады: жеке адамның дау-жанжалы, жеке адамдар арасындағы дау-жанжал, жеке адам мен топ арасындағы дау-жанжал және топ аралық дау-жанжал.

Жеке адамның келіспеушілігі жұмысына қанағаттанбаудан, өзіне және ұйымға сенбеуден, сондай-ақ жұмыстағы дау-жанжалдан болады.

Ең көп байқалатыны адамдар арасындағы дау-жанжал. Мұның өзі әр түрлі себептерден пайда болады. Көбінесе бұл басшының ресурстарды, капиталды, жұмысшы күшін, жабдықтарды шектеп пайдалануынан туындайды.

Мінезі, пікірі, жұмыс сапасы алуан түрлі адамдардың көзқарасы мен мақсаты мулде өзгеше келеді.

Жеке адам мен топ арасындағы дау-жанжал сол уақытта пайда болады, егер топтың ой пікірі жеке адамның ой-пікіріне қайшы келсе, немесе жеке адамның ұстанған позициясынан басқаша болса.

Кәсіпорында көптеген ресми және бейресми топтар болады да, олардың арасында әр түрлі дау-жанжал туады.

Дау-жанжалдың мынадай да түрлері бар: а) тікелей – көлбеу; ә) іскерлік – жеке адамдар (жеке басына байланысты); б) конструктивтік – деструктивтік.

Дау-жанжал жағдайы туындағанда басшы не істеу керек? Мұндайда тікелей кеңес беру өте қиын,оның өзі нақты жағдайға байланысты. Алайда, көпшілік басшыларда әрекет етудің белгілі бір стилі қалыптасады. Мұның өзі басшының мінезіне, тәрбиесіне, тәжрибесіне, дау-дамайды шеше алатын тәжірибесі мен іскерлігіне байланысты.

Психологтар дау-жанжалды жағдайды шешудің бірнеше тәсілін ажыратып, оны екі категорияға бөледі: құрылымдық және жеке адмдар арсындағы. Басшы әуелі дау-жанжал себебін аңықтау, содан кейін кез келген тәсілдің біреуін қолдануы тиіс.

Дау-жанжалды шешудің құрылымдық тәсіліне жататыны: жұмыс талабын түсіндіру, үйлестіру және интеграциялық механизмдер, жалпы ұйымдық комплексті мақсаттарды көтермелеу жүйесін қолдану.

Дау-жанжалға жол бермеудің ең қолайлы тәсілдерінің бірі-әрбір қызметкер мен бөлімшелерден қандай нәтижелер болатындығын түсіндіру. Басшы алынған нәтиже дкңгейін анықтау, мәліметті кім беріп, кімнің алатындығын, өкілеттілік пен жауапкершілікті көрсетіп отыруы тиіс.

Үйлестіру және интеграциялық механизмдерде өкілеттілік дәрежесі көзделіп, адамдар арасындағы қарым-қатынас шешім қабылдау мен мәлімет тасқындары ретке келтіріледі.

Жалпры ұйымдық комплексті мақсаттарды жүзеге асыру үшін жекелеген немесе тұтастай қызметкерлерді, топты немесе бөлімшені жұмылдыруға тура келеді.

Мадақтау, көтермелеу, жақсы істерді көпке үлгі ету арқылы адамдар арасындағы салқын көзқарасты сейілту болады. Жалпы ұйымдық мақсатқа өзінің сүбелі үлесін қосқа басқа ұйымдарға, топтарға қол ұшын беріп жәрдемдескен адамдарға алғыс айту, сыйлық беру немесе қызметін жоғарылату түрінде мадаұталып отырулы тиіс. Мұның өз і адамдар арасындағы наразылықты білдіруге басшының талаптары мен бұйрықтарын мүлтіксіщз орындауға ықпал етеді.

Жеке адамдар арасындағы дау-жанжалды шешудің мынадай нышандары болады:

Жалтару. Көпшілік адамдар дау-жанжалдан жалтаруға тырысып, өзінің тыныштығын ойлады.

Тігісін жатқызу. Мұндайда басшы адамдар арасындағы дау-жанжал мен наразылықты өршітпеуге, қайта татуластыруға, іштегі дау-дамайды сыртқа шығармауға тырысады.

Мәжбур ету стилінде басшы қалайда өз көзқарасын өткізуіне, соған еріксіз көндіруге тырысады.

Ымыраға келу – мұның пайдалы болатын себебі адамдарды наразылыққа емес, татулыққа шакырады.

Проблемаларды шешу – бұл әр түрлі пікір болатындығын мойындау, басқа көзқараспен танытуға, келіспеушілік себептерін түсінуге әзір екендігін білдіру, барлық жаққа ортақ іс-әрекет істейтіндігін білдіру стилі.

Дау-жанжалды шешудің бірден бір жолы – ынтымақтасу, ымыраға келу, проблеманы бірлесіп шешу.

Ынтымақтасудың толып жатқан жолы бар, дегенмен оны шартты түрде жеті кезеңге бөлуге болады.

1.Дау-жанжалдың бар екендігін мойындау.

2.Процедура туралы келісімге келу.

3.Дау-жанжал себептерін сипаттау.

4.Дау-жанжалды шешу варианттарын қарастыру.

5.Келісімге келуге тырысу.

6.Жоспарды жүзеге асыру.

7.Қабылданған шешімді бағалау.

№ 12 дәріс

Тақырып: Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі диагностика

Дәрістің мазмұны:

3. Психологиялық-педагогикалық диагностика

4. Диагностикалық міндеттер

Психодиагностика термині ол психикалық диагноз қоюды және оны анықтауды қарастырады. «Психодиагностика» терминін ең алғаш 1921 жылы ғылымға енгізген

Г. Роршах. Ол психодиагностикалық зерттеу процесін «диагностикалық тест арқылы қабылдауға негіздеген». Психодиагностика жеке ерекшеліктерді өлшеумен байланысты түсіндіріліп, психологиялық тестілеу терминіне синоним ретінде қолданылады. Бұл аталған термин адамның психологиялық жағдайын толық кәсіби түрде шешуді көздейді.Сонымен қатар адамның психологиялық жағдайының, қасиетінің қандай да болмасын белгісін анықтайды. Р.Хейстің анықтауынша, психодиагностиканың пайда болуы психометриялық бағдарланған дәстүрлі тесттерге қарама-қайшы келетін және тұлғаның тұтас бейнесін кең ашуға бағытталған проективтік ыңғайлардың дамуымен байланысты. Танымал сөздікте: «Психодиагностика – тұлғаны бағалауды жүргізудің ғылыми негізі мен практикасы немесе клиникалық психологияның құралдары арқылы психикалық ауытқушылықтарды зерттеу». Психодиагностика саласында көптеген еңбектер жазылды, олар: «Психологиялық тестілеу» (Анастази), «Психологиялық тестілеудің мәні», «Психологиялық тестілеудің теориясы мен практикасы», т.б. Психодиагностика терминін бір жақты қарауға болмайды.Оның мынадай өзіндік ерекшеліктері бар. 1) Психодиагностика түсінігі арнайы психологияның білім аймағына ене отырып, практикада психодиагностикалық әр түрлі құралдарды қолданып отырады әрі бірнеше сұрақтарға жауап береді. 2) Психодиагностикалық зерттеулер психолог қызметінің іс-әрекетінен көрінеді.Бұл психологтың күнделікті практикалық жағдайынан байқалады.Яғни психолог өзінің іс-әрекетінде психодиагностика қызметін ұйымдастырады.Психодиагностика жұмысын жасау үшін психолог ең алдымен алдын-ала кәсіби дайындықта болуы қажет.Біртіндеп психодиагностика әдістерін меңгере отырып жұмыстану керек.Психолог ғылыми негізде және практикалық түрде психодиагностика негіздерін жақсы меңгеру қажет.Бұл психолог қызметінің сапалы,мазмұнды болуына көмегін тигізеді.Психодиагностиканың өзі жалпы психологияның аймағына ене отырып,бірнеше ғылым саласымен тығыз байланысты.Диагноз анықтау дегенді білдіреді.Психодиагностика деген сөз психология саласында екі мағынада қолданылады.Оның бірі психологиялық білімді зерттеу жұмыстарын орындаса,екіншісі психикалық білімді практика жүзінде қолданады.

1960 жылдың соңынан бастап психологиялық диагностика саласында зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл салаға көп үлес қосқан Б.Г. Ананьев. Оның анықтауынша, «психодиагностика - тұлғаның психофизиологиялық қызметтерінің, процестерінің, күйлері мен қасиеттерінің даму деңгейін анықтайды, күрделі мінез-құлықты құрайтын құрылымдық ерекшеліктерді зерттейді, әртүрлі стимулятор, стрессор, фрустратор және күрделі ситуациялар әсер еткен кездегі адамның күйін бейнелейді, адамзаттың даму потенциалын айқындайды». Ресейлік монографиялардың бірінде психологиялық диагностикаға мынадай анықтама беріледі: «психодиагностика дегеніміз - адамдарды психологиялық және психофизиологиялық белгілері бойынша классификациялау әдістері туралы пән»(Гуревич, 1981) Е.А. Климовтың ойынша, психодиагностика дегеніміз - адамдармен жұмыс жасау кезінде тез психологиялық ақпаратты алуды қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдер туралы ғылым. Психодиагностиканың мақсаты – «әлеуметтік қоғамның психологияның алдына қоятын міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін диагностикалық әдістемелердің тиімді жүйесін өңдеу». А.А. Бодалев пен В.В. Столиннің психодиагностика бойынша шығарған кітабында мынадай мәлімет беріледі: «психодиагностика дегеніміз – психологиялық диагноз қоюдың практикасы мен ғылымы». А.Г. Шмелевтің «Психодиагностика негіздері» кітабында психодиагностика пәні туралы мынадай анықтама берілген: адамның жеке-психологиялық ерекшеліктерін танудың әртүрлі әдістерін пайдалану мен өңдеу туралы ғылым.Осында психодиагностика пәні туралы анықтамаларды саралай келе, біз мынадай қорытынды жасаймыз:

Психодиагностика – бұл психологиялық ғылымдардың бір саласы, тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктерін өлшеу мен бағалау құралдарын, принциптерін, теориясын өңдеумен айналысады.

Психология ғылымының бір саласы психодиагностика болып табылады. Ол негізгі мәселелерді шешу үшін өзіндік міндеттер қамтиды.

Психодиагностика мынадай типтік қатардағы міндеттерді шешуді қарастырады.

  1. Адамның қандай да болмасын психологиялық қасиетін немесе мінез ерекшелігін қолма-қол белгілеу.
  2. Аталған қасиеттің даму деңгейін оның белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтау.
  3. Қажет болған жағдайда адамның психологиялық және мінез ерекшелігінің диагностикалық жағдайын сипаттау.
  4. Әртүрлі адаманың қасиеттінің даму деңгейін зерттей отырып салыстыру.

Осы жіктелініп көрсетілген 4 міндетті практикалық психодиагностикада шешіледі.

Бұлар жүргізілетін зерттеудің мақсатына байланысты комплексті түрде немесе жекелей

алынады.

Психодиагностика психолог қызметінде негізгі орын алады. Бұл қызмет күрделі істі, әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ол маманнан кәсіби шебер, іскерлікті қажет етеді, себебі әрбір адам психологтан көмек бағыт сұрайды. Диагностика жұмысын жүргізуде психодиагностиканың әлеуметтік этикалық талаптарын басшылыққа алады. Белгілі бір талаптарды орындауда психолог психодиагностиканың принциптерін басшылыққа алады.

1. Құпияны сақтау принципі, яғни психодиагностиканың нәтижесін таратпау. Бұл принцип әсіресе кәмелеттік жасқа жетпеген адаммен байланысты болып келеді. Егер де кәмелеттік жасқа жетпеген балалар жоғары сынып оқушылары болатын болса, бұл балалармен жүргізілетін психодиагностика нәтижесі ата-ансына немесе асырап күтуші адамдарына айтылады. Мұнда рухани моральдық жауапкершілік ескеріледі. Психодиагностиканы жүргізуде зерттеушінің аты-жөні дәл нақты көрсетілмейді.

2. Ғылими-негізділік принципі – бұл принцип нақты ғылыми-негізділікті, үміт пен сенімділікті талап етеді.

3. Қорытындының объективті принципі – бұл тест қорытындысының ғылыми негізде болуын қалайды. әрбір жүргізілген зерттеудің нақты және сенімді қорытындысы болуы шарт.

4. Зияндылық тигізбеу принципі, психодиагностика қорытындысы адамның жеке тұлғасына ешқандай зияндылық тигізбеуі тиіс.

5. Ұсынылған нұсқаудың тиімділік принципі - әрбір адамға немесе топқа берілген психодиагностика нұсқауы пайдалы болуы тиіс, әрі түсінікті болуы шарт.

Бұл аталған принциптің барлығы психодиагностика нәтижесін зерттеуде басшылыққа алуы тиіс

Психодиагностиканың көп жылғы дамуында психологиялық әдістемелерді қолданудың өзіндік сфералары пайда болды және бұлар жалпы психодиагностиканың басқа да салаларының пайда болуына әкелді. Жеке-психологиялық ерекшеліктер туралы ғылымның қалыптасу кезеңінде интеллект пен тұлғаны зерттеу әдістемелеріне қызығушылық туындап отырған кезде білім беру психодиагностикасы мен клиникалық психодиагностика атты салалары бөлініп шықты. Білім беру психодиагностикасында әртүрлі психологиялық әдістемелер кең қолданылып, психометриялық талаптарға жауап беретін тесттер тұлғаның қабілеттері мен қасиеттерін бағалап қана қоймай, оқу материалын игерудің тиімділігін өлшеу үшін (үлгерім тесттері) де қолданылады. Клиникалық психодиагностика – науқастың психикалық және соматикалық ауруларының пайда болуы мен жүру барысына әсер ететін жеке-психологиялық ерекшеліктерді (тұлғаның құрылымдық-динамикалық ерекшеліктері, ауруына деген қарым-қатынасы, психологиялық қорғаныс механизмдері, т.б.) зерттеуге бағытталады. Клиникалық және білім беру психодиагностика салалрында да кең зерттеулер жүргізілген. Бұл аталған салалардан басқа кәсіби психодиагностиканы бөліп көрсетуге болады, диагностикалық әдістемелерді пайдалану арқылы кәсіби бағдар мен кәсіби таңдау жұмыстарын жүргізуге болады. Бұл салалар жалпы психодиагностиканың принциптеріне бағына отырып, оның дамуына үлкен әсер етеді.

Психодиагностикамен байланысты психология салалары мынадай:

1.Жалпы психология.

2.Салыстырмалы психология.

3.Даму психологиясы.

4 Психология бойынша практикум.

5.Мамандық таңдау.

Психологиялық диагностиканың негізгі қарастыратын мәселелері адамның психологиялық жағдайын,қажетін және тұлғаның ерекшелігін анықтау болып табылады.Оларға біріншіден ақыл-ой дағдыларын анықтау,екіншіден танымдық іс-әрекеттің ерекшелігін анықтау,үшіншіден ішкі жағдайлардың мазмұнын анықтау,төртіншіден жеке тұлғаның ерекшелігін анықтау болып табылады.

№ 13 дәріс

Тақырып: Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі диагностика

Дәрістің мазмұны:

3. Рефлексияны дамыту

4. Диагностикалау әдістері

Барлығымызға белгілі, тәжірибелі ұстаздардың өзі кездейсоқ проблемаларға ұшырасып жатады, мұндайда тіпті бұрынғы қолданыста жүрген әдіс-тәсілдердің өзі нәтижесін бермей қалады.

Өз ісінің шебері (профессионал) – бұл технологияны жетік меңгерген, жалпылама ойлауға қабілетті, жетістікке жетудің қолайлы жолын таңдай білетін маман. Басқада шеберлікті қажет ететін ғылымдар сияқты, педагогикада да әртүрлі жағдаяттар туындап, не істеу керек? қандай стратегиялар мен тактикалар қолданған жөн? деген сұрақтар ойландырады. Проблеманы алдын-ала анықтап, өз алдына сұрақ қойғаннан көрі, стереотипти әрекет етіп, сол арада өзінше шешім қабылдаған қолайлырақ болып табылады. Балалар әр уақытта әртүрлі коммуникативті жағдаяттарға ұшырап отыратындықтан, жоғарыдағы сұрақтардан мүлдем құтылу мүмкін емес. Сондықтан педагогтің шеберлігі тек қана бұрыннан белгілі ақпарат жөнінде ойланып, түсініп, әрекет ету ғана емес, белгілі емес ақпаратты анықтауға, сұрақ қоюға әзір болуы.

Мұндай сұрақ кімге қойылуы мүмкін? Ең алдымен өзіңе. Өз-өзіне дұрыс қойылған сұрақ бұл дұрыс жауаптың бастапқы «туындысы», кем дегенде жауапты іздеуге бағытталу болып табылады. Алайда мұндай сұрақтар қою үшін, өз өзінің білімінің шегін білген жөн: мысалы, бала барлық уақытта алаңғасарлық таныта ма? Қандай жағдайда ол қызығушылық танытатынын анықтағаннан көрі, бала сабақта алаңғасар деп айту оңай. Міне, дәл осындай сұрақтар құрып және үйренген дұрыс.

Педагог эмоциональды жағдайға қосылулы болғандықтан, мұндай сұрақтарға жауап беруге қиналып жататын ситуацияларда болады, осыны шешу үшін диагностикалық құралдар қажет. Мұндай жағдайда мұғалімге көмекке психолог келуі мүмкін. Психологиялық қолдаудың нәтижелі болуы, мұғалімнің жағдаятты қаншалықты сауатты, дәл сипаттауына байланысты. Профессионалдық өсудің бағыттарының бірі – бұл дәлме-дәл сұрақты өз өзіне, сонымен бірге әріптестерінеде дұрыс қоя білу.

Мұғалімнің алдында тұрған диагностикалық тапсырмаларды екіге бөлуге болады: пәндік білім диагностикасы және жеклік диагностикасы немесе оқушылардың құлықтық ерекшеліктері.

Бірінші жағдайда, жаңа матиралды игеру қалай жүруде, матиралды меңгеру үшін балаға не жетіспейдідеген сұрақтар туындайды.

Екінші жағдайда, баланың тәртібінің, көңіл күйінің бұзылуы неге байланысты, мұны қалпына келтіру үшін «мектеп жағдайында» көмек келтіруге болама?, немесе басқа мамандарға жолыққан жөн болама? деген сұрақтар қойылады.

Студенттердің мектеп өмірінен алшақ болуына қарамастан, олардыңда өздерінің өзіндік балаларға қатысты тәжірибелері болады. Міне, осы бұрын бастан кешкен жағдайлар, студенттерге негізгі сұрақты, мәселені анықтауға комек болады. Ең құндысы, студенттердің топтық жұмысы болып табылады, мұнда олар нәтижелі және нәтижесіз әдіс-тәсілдерді анықтай алады.

№ 14 дәріс

Тақырып: Ғылыми мәтінді тану және қабылдау

Дәріс мазмұны:

3. Ғылыми мәтін ерекшелігі

4. Мәтіндегі «ішкі диалог».

Кәсіби білім алу барысында негізгі оқыту құралы ретінде оригиналды ғылыми мәтіндер түседі.Оқыту мәтіндерін салыстырғанда бұлар басымды болып келеді.Олар ашық немесе жабық полиискада айтылған ғылыми оппоненттердің қаралып отырған нәрсеге көзқарас арқылы авторлардың позициясын анықтайды.Ғылыми мәтіндер басқа мәтіндердің негізгі құрылымында болатындықтан оларды қабылдау және түсіну керек.Ең алдымен бұл мәтіннің «ішкі диалогы»: автор әрқашан өзінің көзқврвсын шетке шығарады.Авторлық мәтін ішкі полимитикалық, сондықтан оның тезистері бір көзқарасты жоққа шығарып, басқаларын қолдауы мүмкін.

Пайда болған ғылыми мәтіндер ғылыми кеңістіккі келгенде диалогтық қарым – қатынасқа түседі.Бірақ та бұл ---- диалог: көбінесе бір сұрақтың қарама-қарсы көзқарастарын көрсетпейді.

Ғылыми мәтіндегі көпшілік құндылықтарды очылар құрайды: ода жаңа білімнің пайда болу процесі, жаңа сұрақтардың қойылу процесі көрінеді.Болашақ мамандарға ерекше ғылыми мәтіндерді оқу жаңа ақпарат алып, жаңа ғылыми кеңістікте үйреніп қана қоймай, сонымен қатар авторлық механизмді түсініп, авторлық шығармашылық лабороториясын көре алады.Осылайша мәтін ақпарат алу құралы болып қана қоймай, болашақ педагогтардың кәсіби шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Кәсіби даму мәселені айтысты жағдайларда өзіндік позицияны ұстауда үйрену.Бірақ та тұрғын адаммен салыстырғанда кәсіби маман позициясы рефлексивті.Ол оны талқылап түсіндіреді.Ғылыми мәтіннен жұмыстан тыс жеке көзқарасты жасап шығару мүмкін емес: практикумның негізгі ойы ғылыми мәтінге анализ кезінде «диалогын тыңдауды» үйрену, бұл диалогқа бір автордың жағынан және жеке позицияны жасап шығару қосылады.

Сабақ -1,2

Мәтінмен жұмыс құралдары

Мақсаты:Ғылыми мәтінде түсінік жүйесін ерекшелеуді үйрену

Тапсырма: «Түсініктерді ерекшелеу»

Мәтін толығымен оқу құралына айналу үшін, оған мәтінмен жұмыстануға негізделген құралдарға бағытталған арнайы сабақтар қажет.Мұндай құралдар негізінде түсінік пен тезистер болуы мүмкін.

Түсінік – мәтіннің бірлігі ретінде.Осы арқылы автор жалпы барлық сөйлемнің мазмұнын ашады.

Тезистер – жалпы мәтіннің мазмұнындағы негізгі нақтылауын көрсетеді.

Студенттерге екі мәтін ұсынылады.(Мысалы, Выготскийдің «Оқыту әдісінің қиыншылықтары мен мектеп жастағы ақыл ойдың дамуы» және Давыдованың «Оқу әдісіндегі мазмұнды жалпылаудың ерекшелігін жүзеге асыру» мәтіндері) Тапсырманы орындау барысында екі мәтіннің түсіктерін салыстыра анықтау қажет.

Әрбір авторда бір сөз әртүрлі түсінік білдіретінін ұмытпау қажет.

Сабақ 3

Мәтінді түсіну

Мақсаты: Мәтінді репликалық ғылыми диалог ретінде түсіну.

Тапсырма: «Мәтіннің ішкі диалогы»

Бұл тапсырмада негізінен әрбір нақтылау бұл ішкі диалогтың түсінік деп ұыну қажет.Басқа сөзбен айтқанда, әрбір мәтіндік тезис ғылыми оппонетке қайтарылатын «әңгіме» реплика.Жиі жасырушы болған диалогты қалпына келтіру, қатысушы негізгі мақсаты болып табылады.

Сабақ 4

Авторлық позицины түсіну

Мақсаты: Мәтін авторының көзқарасын түсінуді

Тапсырма: «Оппозиция»

Авторлық көзқарасын түсіну,қалыптасқан жағдайда басқа көзқараспен құрауға мүмкіндік береді.Бұл үшін студенттерге екі авторлы мәтіндерді оқып шығуға ұсынылады және осы мәтіндерден теріс түсінік аппараттарын ерекшелеген көрсету тапсырылады.Ары қарай студенттер белгілі бір педагогикалық жағдаятты сол автордың көзқарасымен талқылау қажет.Мысалы: мұғалім бірінші сыныптың ата-ана жиналысында балалардың барлығы мектепке дайын емес екендігін айтты.Қосымша сабақтар мен үйдегі дайындықтар қажет екендігі талқыланды.Жағдаятты талқылау авторлық көзқараспен іскерлік ойын түрінде өтуі мүмкін

Дәріс №15

Тақырып: Орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы мұғалім шеберлігі.

Дәріс мазмұны:

3.Оқушылардың танымдық әрекетін басқарудағы оқытушы шеберлігі.

4.Студенттердің өзіндік және ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен басқарудағы оқытушы шеберлігі.

Педагогикалық әрекет бірнеше әрекеттер жүйесін құрайды. Оның ең бастысы – оқытуды тікелей ұйымдастырушы оқытушы әрекеті. Оқу – бұл оқушы мен оқытушының белсенді түрде өзара әрекеттесуі. Нәтижесінде оқушының бойында өзінің белсенділігіне сәйкес белгілі бір білім мен іскерлік қалыптасады. Педагог оқушының белсенділігін тудыратын жағдай жасап, оны бағыттайды, бақылайды, оған қажетті құралдармен, ақпарат көздерімен қамтамасыз етеді.

Оқу үрдісін басқару – бұл оқытудың берілген мақсатына қол жеткізу үшін оқытушының студенттер ұжымына немесе жеке студентке мақсатты, жүйелі түрде ықпал етуі. Басқарудағы оқытушының міндеті – басқарылатын процестің күйін өзгертіп отыру, оны белгіленген деңгейге дейін жеткізу, дамыту.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 113; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.