Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

По историко-правовым дисциплинам 7 страница




Дем шығаруды жаттықтыру үшін жаттығулар жасаған жөн.

Мұғалімдердің арасында табиғатынан берілген орнатылған дауысты адамдар болады, бірақ олар көп кездесе бермейді. Жақсы қойылған дауыстың өзі де арнайы жаттығуларсыз уақыт өткен сайын бұзылады, ескіреді, сапасы кемиді.

Дегенмен, әрбір адам қуатты, ырғақты, өзгермелі дауысқа ие деп айтуға болады.

Дауыс аппараты үш бөлімнен тұрады: генераторлық, энергетикалық, резонаторлық.

Генераторлық бөлік дыбыстардың шулы және тональды ажыратылуын қамтамасыз етсе, энергшетикалық жүйе (кеірдек, мұрын қуысы, ауыз қуысы) сөздің қуаттылығы мен ұзақтығын белгілейді. Ал резонаторлық жүйе (сыртқы дем алу механизмі) дыбыстың жасалуына қажетті ауаның жылдамдығын және көлемін қамтамасыз етеді.

Педагог дауысының ерекшелігі қандай? Бұл, ең алдымен, дауыстың қуаттылығы. Дауыстың естілуінің маңызды шарты – оның ұшқырлығы. Бұл терминмен ғалымдар дауысты белгілі бір қашықтыққа жіберу және оның қаттылығын реттеуді белгілейді.

Дауыстың қозғалғыштығы, өзгермелілігі де ерекше мәнге ие, яғни оны жеңіл өзгертуге, оны мазмұнға, тыңдаушыларға бағындыру іскерлігі. Дауыстың қозғалғыштығы оның биіктік бойынша өзгшертілуімен анықталады. Биіктік – дауыстың тональдық деңгейі. Диапазон – адамның дауысы жете алатын түрлі биіктіктегі дыбыстардың жиынтығы. Оның шегі ең жоғарғы және ең төменгі тондармен анықталады. Дауыс диапазонының тарылуы бір сарындылыққа әкеледі. Ал бір сарынды дауыс қабылдауды тежейді, ұйқы келтіреді. Тембр – дыбыстың реңі, айқындығы, жұмсақтығы, жылылығы, даралығы. Дауыс шығаруда әрдайым бір негізгі тон және бірқатар обертондар қатысады, обертон – бұл негізгі тонға қарағанда биіктеу қосымша дыбыстар. Осы қосымша дыбыстар неғұрлым көбірек болса, соғұрлым адамның даусы ашық, қанық, әдемі болады.

Аталған дауыстың қасиеттері арнайы жаттығулармен жасалады. Дауысты тәрбиелеу – жеке және көп еңбектенуді қажет ететін үрдіс. Ол қатаң жеке-дара әдістемені және арнайы тәжірибелі мамандардың бақылауын талап етеді. Эксперимент жүзінде дәлелденгені, төмен деңгейлі дауыстарды балалар жақсы қабылдайды, ұнайды.

Мұғалім үшін анық айту – кәсіби қажеттілікі. Себебеі ол педагог сөзін оқушылардың дұрыс қабылдауын қамтамасыз етеді.

Дикция – бұл сөзді, буынды, дыбысты айтудағы анықтық және айқындық.

Дикция тұтас сөйлеу аппаратының энергетикалық және біріккен жұмысына бағынышты. Сөйлеу аппаратына ерін, тіл, тіс, азу, таңдай, кішкентай тілше, кеңірдек, дауыс желбезектері енеді.

Кемшіліктер – ыслдап сөйлеу, сақауланып сөйлеу, сөздің солғындығы, түсініксіздігі, тез сөйлеу, «тістеніп» сөйлеу, сөздің соңғы буынын немесе әріптерді (дауысты, дауыссыз) жеп қойып сөйлеу.

Дикцияны түзету үшін, ең алдымен, артикуляцияны, яғни сөйлеу органдарының қозғалысын өңдеу қажет.

Ырғақ – сөздің, буынның, үзілістің ұзақтығы мен жылдамдығы. Сөздің жылдамдығы мұғалімнің жеке қасиеттеріне, оның сөзінің мазмұнына, ситуацияға байланысты.

Сөздің жылдамдығы минутына 110-115 сөз (ағылшындарда – 120-150 сөз, орыстарда – 120 сөз). Бірақ, эксперимент көрсеткендей, 5-6 сыныптарда мұғалім минутына 60-тан, ал 10- сыныпта 75 сөзден артық сөйлемеуі керек.

Кейбір сөздерді дыбыстау ұзақтығы олардың ұзындығына ғана емес, сөздің сол контекстегі мәніне байланысты. Сөз неғұрлым маңызды, мәнді болса, сөйлеу де соғұрлым жай, ұзаққа созылады.

Материалдың қиын бөлігін мұғалім жаймен айтса, әрі қарай сөзін тездетуге болады. Белгілі бір қорытынды (анықтама, ереже, принцип, заң) жасалатын шақта сөз міндетті түрде жайлап айтылады.

Сонымен қатар оқушының қозу деңгейі де есепке алынады. Оқушы неғұрлым қозулы болса, соғұрлым сөйлеу жай айтылғаны жөн.

Сөйлеуді мәнерлеуде логикалық және психологиялық үзілістерді пайдаланған дұрыс. Логикалық үзіліссіз айтылған сөз – сауатсыз, психологиялық үзіліссіз - өлі тіл. Үзіліс, жылдамдық және мелодиканың жиынтығы сөздің интонациясын құрайды.

Мұғалімнің дауысы ашық, қанық, айқын, назар аудартатындай, ойға, іске шақыратындай болуы тиіс.

№ 10 дәріс

Тақырып: Педагогикалық қарым-қатынас

Дәріс мазмұны:

3. Педагогикалық қарым-қатынас шығармашылықтың ерекше түрі ретінде

4. Мектеп мұғалімінің лексикалық мәдениеті.

Педагогтың балалармен қарым-қатынасы көрініс емес, оқыту және тәрбиедегі тапсырмаларды шешу болып табылады.Педагогтың профессионализмдік деңгейіне және балалар дамуының жетістігіне бағынады, мұғалім коммуникативті тапсырмаларды нақты шешеді.

Педагогикалық қарым-қатынаста педагогикалық қызметтің шығармашылық мінезі толық көрінеді.Мұғалімге әр түрлі дәрежедегі адамдармен, әр түрлі әлеуметтік жағдайда және жаста (әріптестермен, ата-аналармен,балалармен) қарым-қатынас жасауға тура келеді.Педагог жағдаяттарда қатал және талап етуші, мейірімді және уайымдаушы, мұқият бақылаушы, қарым-қатынас процесінде белсенді қатысушы болу керек.

Коммуникативті педагогикалық тапсырмалар интуициялы емес, саналы деңгейде шешілуі керек.Мұғалім қарым-қатынасы балаларға жиі ұштасады, коммуникативті қабілеттілік және құрылымдық қарым-қатынастың дағдыларын ресми ереже және тәртіп нормаларына айналдыру мүмкін.

Ынтасы жылдам және дұрыс шешімдерді бірден табу: жағдаятта қалай жасау керек, баланың іс-әрекетіне қалай жауап қайтару керек,- мүмкін қарым-қатынаста шындап мәселеге айналуы мүмкін, оны конфликтідегі кезекке айналдыру.

Педагогикалық қарым-қатынас - бұл күрделі, көпжоспарлы процесс және мұғалім және балалар, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен байланыстық дамудың әр түрлі мақсаттағы педагогикалық тапсырмаларды шешу.Осы процесс 3 өзара байланысқа бөлінеді: коммуникативті; интерактивті; перцептивті;

Өмір, тіршілік адамдардың бір- бірімен араласуынан, қарым- қатынастан тұрады.Адамдар арасындағы қарым-қатынас дегенді қалай түсінеміз?Қарым- қатынас ұғымы- адамның ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі, олардың күнделікті өмір тіршілігіндегі бейнесін жасаудағы іс- әрекеті.

Өмірдегі әр түрлі тіршілік жағдайына, өмірлік, қоғамдық қажеттілікке қарай адамдар арасындағы қарым- қатынасты бөліп қарауға болады.Жеке тұлғаның қалыптасуындағы мұғалім мен оқушы арасындағы қарыс- қатынастың орны ерекше.

Мұғалім мен оқушы- әр түрлі екі субъект.Мәселенің негізгісі осы әр түрлі рухани дүниені біріктіру.Педагог міндетті түрде ықпал ету нысанын көріп қана қоймай, жасалған ықпалдың нәтижесінде көру керек.Мұғалім көп жағдайда өзінің сәтті ұйымдастырылған іс- әрекеттің тәрбиеленушіге сәтті ықпал ететіні сөзсіз сенеді.Алайда баланың бағынуы, келісімі, эмоциясы, іс- әрекеті міндетті түрде ескерілуі керек.Мұғалімдер қадыптасқан әдет бойынша өзімен әңгімелескен оқушыға өз сырларын айта бермейді.Өзәнің оқушылары, жұмысы туралы бәріне әңгімелеп өз сырларын айта бермейді.

Қарым- қатынас басқа біреудің жан дүниесіне «мен» ұғымын ендіру.Бұл оңай емес, өйткені өзіңе ұқсамайтын басқаның жан дүниесіне ену үшін психологиялық дайындық қажет.Сондықтан қарыс- қатынасты ұйымдастырғанда субъектінің психологиялық жағдайын ескеру қажет.Кез- келген адам баласымен қарым- қатынаста оның психологиялық ерекшелігін ескеріп, оған уақыт беру қажет.

Мұғалім мен мұғалімнің, мұғалім мен басшының қарым- қатынасы қарама- қарсы нақтылық пен сөз мәдениетін талап етеді.Сыныппен алғаш кездескен кезде жас педагогтар, жаңадан үйретіп жүрген тәрбиешілер, практикадағы студенттер сыныппен қарым- қатынас жасаудың қиын екендігін айтады.Педагогикалық практика кезінде мынадай сұрақтарды жиі естуге болады? «Балалармен қалай сөйлесу керек?», «Әзіл айтуға бола ма?», «Балалар неге тыңдамайды?» т.б.Осы сұрақтардың барлығы- педагогикалық қарым- қатынасты меңгере білмеудің нәтижесі.

Сондықтан, қарым- қатынас адамда шындықтың объектісін танып білудің нәтижелерін, қатынасын психикалық ерекшелік ретінде түсіндіреді.Қарым- қатынас сипаты қоршаған шындыққа тәуелді келеді, оның ортамен, дүниемен байланысын білдіреді, ішкі дүниесінен көрініс береді.Қарым- қатынас жүйесі адамның жеке дамуының жемісі болып табылады.

Қарым –қатынастың кезеңдері:

1.Болашақта болатын қарым – қатынасты модельдеу (болжау кезеңі)

2.Қарым – қатынасты ұйымдастыру (қарым- қатынастың бастапқы кезеңі)- «коммкникативті шабуыл»

3.Педагогикалық процесте қарым-қатынасты басқару;

4.Өткен қарым – қатынасты талдау және келесі педагогикалық міндеттерді шешу үшін оны модельдеу.

Қарым –қатынасты модельдеу барысында мыналар жүзеге асады:

- Өзара әрекеттесудің коммуникативтік құрылымы жоспарланады;

- Педагогикалық міндеттер коммуникативті міндеттерге ауыстырылады.

Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс, ол адамдардың өзара әрекетінің үрдісі, оған қатысатын адамдар бір-бірінің ұмтылысына, ойларына, күйлеріне әр түрлі дәрежедегі күштермен әсер етеді.

Қарым - қатынас педагогикалық іс - әрекеттің маңызды кәсіби құралы, педагогикалық қарым - қатынас бұл жағымды психологиялық ахуалды тудыруға бағытталған мұғалімнің оқушылармен кәсіби қарым - қатынасы.Педагогикалық қарым - қатынас әлеуметтік психологиялық процесс ретінде мыналармен сипатталады: тұлғаны тану, ақпарат алмасу, іс-әрекет өзін- өзі бекіту т.б.

Қарым – қатынас - әлеуметтік - психологиялық құбылыс.Ол адамдардың өзара әрекетінің үрдісі, оған қатысатын адамдар бір бірінің ұмтылыстарына, ойларына, күйлер және сезімдеріне әр түрлі дәрежедегі күштермен әскр етеді.

Қарым - қатынасты өзара байланыстын үш жағы бөлінеді:

- Коммуникативті \ақпарат алмасу\

- Интерактивті \қарым- қатынасқа түсетін индивидтердің белсенді өзара әрекетін ұйымдастыру\

- Перцептивті \қарым-қатынасқа түсушілердің бірін- бірі қабылдау үрдісі, осы негізде өзара түсінікті орнату\.

Біздің бәріміз де бір - бірімізбен қарым - қатынас жасаймыз. Қарым- қатынас дегеніміз тіл арқылы пікір алысу. Адамның ең жарқын ерекшеліктерінің бірі - оның сөйлеу қабілеттілігі.

Cөз адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды факторы. Қарым қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Қарым қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды.Қарым қатынас адам іс әрекетінің таным және еңбекпен қатар жеке адамды қалыптастыратын аса маңызды түрі болып табылады.Лингвистер тілді қарым қатынас құралы, қоғам жасаған білімдерді таратушы ретінде зерттеп келеді. Сабақта мұғалім ескертейін дегенін өзінің тікелей сөз мағынасында айтпай, көңілімен жеткізе алуы оқушылармен қатынас жасаудағы шеберліктің ең жақсы түрі.Сабақта оқушылармен қатынас жасаудағы шеберліктің өзге түрлері де кездеседі.Сабақта сыныппен байланыс жасаудың негізгі тәсілдердің бірі мұғалім сөзінің нақты және оқушыларды сендіретіндей болып келуінде. Мұғалім сөзінің сенімділігі айтылатын сөздердің айқын, бірінен соң бірі жүйемен келуін айтады.

Соңғы кезде психологиялық зерттеулерде қарым - қатынас жасаушылардың аралығындағы қашықтықтың, партнерлердің отырысының коммуникативтік мәніне көңіл аударылуда. Американдық қарым қатынас психологияда бұл бағыттағы зерттеулерге просемика деп ат қойылды. Төрт түрлі арақатынас бар: көңілдестік, жекебастық, әлеуметтік, көпшіліктік. Алдыңғы екі қарым- қатынас бір біріне жақын, достық байланысты аңғартады, ресми байланысты адамдар әлеуметтік қатынасты ұстанады. Көпшіліктік арақатынас бөтен адаммен араласу.

Бейнелеу де қарым- қатынас құралы болып табылады.Алайда бұлар тікелей байланыс жасау құралы емес, оны тарату техникаға кітап басу,кино,телеведениеге байланысты.

Жоғарыда аталған қарым- қатынастың сөзден тыс құралы сөйлеу қарым- қатынасын демелеп отырады.

Коммуникацияның сөйлеу және сөйлеусіз қарым- қатынас құралдарының бірлігіне жету басқалармен жұмыс жүргізетін мұғалімнің міндеті болып табылады.

Қарым- қатынас педагогикалық іс әрекеттің маңызды кәсіби құралы. Педагогикалық қарым- қатынас бұл жағымды психологиялық ахуалды тудыруға бағытталған мұғалімнің оқушылармен кәсіби қарым- қатынасы. Педагогикалық қарым- қатынас әлеуметтік психологиялық процесс ретінде мыналармен сипатталады: тұлғаны тану, ақпаратпен алмасу, іс- әрекетті бекіту.

Қарым - қатынас қажетті информация алмасуда, басқаруда көрініс беретін заттың іс әрекетін тиімділігін қамтамасыз ететін мәдениеттілік белгілері белсенділік, идеяшылдық,еркіндік, ерекшеліктің субъектісі ретінде танылады.

Екіншіден, қарым- қатынас жасау үшін адамға тән әлеуметтік сапаның пайда болуы адамның мәдени қауымдастыққа жету мүмкіндігін ашады.

Үшіншіден, субъектінің өз құндылықтарына қатынасы көрінеді.Сонымен, қарым қатынас адамды тәрбиелеу үшін, дүниені қабылдау және түсіну үшін, адамдарға және өзіне өзара әрекет субъектісі ретінде қатынасының мәдени құралы ретінде беріледі.

Адамдар өзара бірлесе отырып, ортақ нәтижеге жету үшін күш біріктіре келсуін қарым - қатынас деп түсінеміз.

Гуманизим принциптеріне сәйкес қарым - қатынасқа түсуші әр адамға, қатынас жасайтын басқа адамдар бағалы болып табылады.

Қатынас гуманизмі дербестік рөлдік позицияны саналы түрде өзгерте алады. Қарым - қатынас серіктестікті қабылдауда аса маңызды.Егер педагог баланы әсер ететін нысана ретінде көретін болса, өзара қатынаста гуманистік, ізгілікті ештеңе болуы мүмкін емес. Психолог Я.И.Коломинский тұжырымдамасы бойынша қарым қатынастың екі деңгейі болады: сыртқы деңгейі тәртіптілік, операциялық техникалық және ішкі деңгей жеке маңызды ішкі дүниесі.

В.А.Кан Камен пікірінше адамдардың бір бірінің мүмкіндіктерін бағалауы олардың бірлесе орындаған әрекетінің өту сипаты мен нәтижесіне байланысты.

Қарым - қатынас жетістігі көп жағдайда әлеуметтік перцепция деңгейімен анықталады, яғни адамдардың бірін бірі, топта, әлеуметтік бірлестікте, өзін өзі түсінуі және бағалауы қабылданады.

Әлеуметтік перцепция адамдарды бірлестіріп, қарым қатынас жасауға мәжбүр қылатын іс әрекет.

Қоршаған ортада адамдарда жеке тұлғаны бейнесін қалыптастыруда оның бет әлпеті, сыртқы келбеті басымдылық рөл атқарады.Адам бейнесін қабылдауда нақты айырмашылық бар.Қабылдаудың дәлдігі түрлі адамдарды ажыратуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік перцепцияда аса маңызды болып қарым- қатынастың вербальсыз әдістері табылады. Педагогикалық қарым- қатынас - коммуникацияны орнату, дамыту, ұйымдастыруға бағытталған, ортақ іс әрекеттің мақсаты мен мазмұнына байланысты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара әсер ету процесі. Педагогикалық қарым -қатынас - бұл педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесуінің әлеуметтік нормативті формасы. Педагогикалық тәжірибені талдай отыра, тәрбие және оқыту міндеттерін шешуде туындайтын қиындықтар қарым қатынасты дұрыс орната алмаудан туындайтынын көрсетеді.

Педагогикалық қарым - қатынастың құрылымы (Г.М.Андреева бойынша)

- Коммуникативті

- Интерактивті

- Перцептивті

Педагогикалық қарым- қатынастың атқаратын қызметі:

- Әлеуметтік

- Психологиялық

- Инструменталдық

Педагогикалық қарым - қатынаста кездесетін қиындықтар:

- байланыс орната алмау;

- сабақта оқушылардың қарым қатынасын басқара алмау;

- педагогикалық міндеттерге сәйкес қарым- қатынасты құрастыра және өзгерте алмау;

- оқушының ішкі психологиялық позициясын түсінбеу;

- өзінің психикалық жағдайын басқара алмау т.б.

Кәсіби педагогикалық қарым- қатынас бұл- педагогтар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік психологиялық өзара әрекеттесу жүйесі, оның мазмұны ақпарат алмасу, тәрбиелеуші әсер жасау,коммуникативті құралдар көмегімен өзара қарым- қатынасты орнатуға бағытталады.

Педагогикалық іс әрекеттегі қарым- қатынас бұ л- оқу міндеттерін шешу құралы, оқу процесін әлеуметтік психологиялық қамтамасыз ету; оқыту мен тәрбиенің тиімділігіне әсер ететін педагог пен балалардың өзара қарым- қатынасын ұйымдастыру.

Педагогикалық қарым қатынасты құрайтын іскерліктер:

- ақпаратты беру іскерлігі;

- оқушы жағдайын түсіну;

- балалармен өзара қарым қатынас орнату;

- қарым қатынастағы серіктесіне әсер ете алу іскерлігі;

- өзінің психологиялық жағдайын басқара алу және т.б.

Кәсіби педагогикалық қарым-қатынасты коммуникативті міндеттер түрінде жүзеге асады. Коммуникативті міндеттер дегеніміз бұл коммуникация тіліне аударылған педагогикалық міндеттер.

№11 дәріс

Тақырып: Педагогтың кәсіптік қызметіндегі жанжалдар

Дәріс мазмұны

. мазмұны:

3. Дауларды шешу жолдары.

4. Мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметіндегі жанжалдар, олардың түрлері мен себептері.

Дау-жанжалдың табиғаты мен себептері

Дау-жанжал – екі немесе одан да көп адамдар арасындағы пікір қайшылығы, мәмілеге келмей дауласу. Бір адам өз пікірінін қалайда мақұлдатқысы келеді немесе екінші бір адамның пікірімен келіспейді.

Дау-жанжал диалектика элементі, дамудың қозғаушы күші, өмірге қажетті жай. Демократияландыру, «адам факторының», жеке адамдар рөлінің, инициаивасының, құқығының экономикада, саясатта, тұрмыста күшеюі келіспеушілік жағдайын ұлғайта түседі.

Қандай адам болмасын жұмыс бабында пікір таласына тап болады. Тіпті басшылық дұрыс жолға қойылып, ұйымдағы психологиялык ахуал қолайды болғанның өзінде де азын-аулақ пікір таласы мен келіспеушіліктер болмай қоймайды. Тіпті пікір-таласының мүлде болмауы қауіпті құбылыс. Ынтымағы жарасып, тату-тәтті жұмыс істеп жүрген кез келген ұжымда аяқастынан басшының кінәсынан дау-дамай туындауы мүмкін. Өмірде мұндай жайт жиі ұшырасады.

Дау-жанжалды басу үшін, әуелі оның неден, қалай пайда болғанын білген абзал.

Келіспеушіліктің туындауының объективті және субъективті себептері болады. Объективті себептерден болатын дау-жанжал адамдар арасындағы аса күрделі, қарама-қайшылық жағдайында туындайды. Еңбек жағдайының нашарлығы, қызмет міндеттері мен жауапкершілігінің айқын белгіленбеу – осы секілді проблемалар келіспеушіліктің, шиеленіскен жағдайға тап болса, онда олардың көніл-күйіне ауыз бірлігіне ұйымшылдығына қарамастан дау дамай тууы әбден мүмкін.

Мұндай дау-жанжалды жоюдың бірден бір жолы – объективті жағдайды өзгерту.

Дәл осы жағдайда келіспеушілік дабыл қызметін атқарып, ұжым өміріндегі қолайсыздық білдіреді.

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста ынтымақтасу (топтасу, ұйымдасу, бірігу) және алауыздық (араздық) ықпалдары әрекет етеді. Осындай жағдаймен күресу – дау-жанжалдың басты себебі. Мұндай жағдайда ұйым екі топқа бөлінеді: ұжым мүшелерінің біраз бөлігі ресми басшыны, ал бір бөлігі кемшілікті айтқанды жақтайды. Мәселен, ұжымда бір-біріне қарсы топтар (жаңашылдар -консерваторлар, топ мүддесіне қайшылар) немесе ұжымның кейбір мүшелерінің сыйыспаушылығы (өндіріс ішіндегі объективті себептер болса да және болмаса да) пайда болады.

Сонымен қоса, педагогтың өзі де көп жағдайда дөрекі, қызба мінез көрсететіндіктен, мұның өзі де келіспеушілік туғызады. Мәселен. педагог төменнен және жоғарыдан қойылатын келісімсіз талаптарды келістіріп, «ара ағайындық» көрсетсе – онда ол өз рөлін кемітеді. Содан барып келіспеушілік туады.

Дау-жанжал ұжым мүшелерінің дербес сапасына да байланысты: сыпайылық, қайырымдылық көрсетудегі кемшілік немесе біреудін қайғы мұнына немқұрайды қарау, жеке адамдағы творчестволық қабілеттің жойылуы. Кейде жалған дау-жанжал да болуы мүмкін, мұндайда дау-дамай туғызатын нақты себептер болмаса да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста салқын көзқарас байқалады. Бағыныштылардың кез-келген әрекеті басшыға ұнамайды, оны андып жүргендей көреді, немесе бағыныштының ойынша басшы оған ешбір себепсіз тиісіп жургендей болады.

3.Конфликтіні класификациялау, конфликтілік ситуациядан шығу жолдары.

Келіспеушіліктердің басшылар мен бағынушылар арасында туындайды. Кәсіпорындардағы келіспеушіліктердің бірнеше себептерін көрсетуге болады.

1.Ресурстардың болуы және кәсіпорны дардың өзінде ресурстар шектеулі.

2. Мақсаттардың тәуелділігі-келіспеушіліктер мақсатқа жетуде бір адамның немесе топтың басқа бір адамға тәуелді болатын кез-келген ортада пайда болуы мүмкін.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 239; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.077 сек.