КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
По историко-правовым дисциплинам 5 страница
Барлық студенттер қандай да бір қаланың аты жазылған карточкалар алады. Мұнда 5-6 студент карточкаларындағы қала аттары бірдей. Ешкім алдын-ала карточкадағы қала аттарын айтпайды. Жүргізуші қанша адамның қолындағы карточкалардағы ат бірдей екнін айтады. Ойынның мақсаты бірдей аттары бар қатысушылардың тез арада жиналып, бірігуі. Жүргізуші айтуы бойынша барлығы тұрып, аудиторияда жай жүріспен карточкадағы аттарды сыбдырмен атай бастайды. Сол кезде бірдей аттары бар қатысушылыр бір-бірін тез арада табу қажет. Жеңіс тез жиналған топта болады. Бұл ойынды тек қала аттары ғана емес, балық, гүл және т.б аттарын жазып та ұйымдастыруға болады. 3. «Басқа мазмұн» Студенттерге келесідей есте сақтау және зейінді дамытатын ойындармен танысу қарастырылады. «Алмасу» Барлығына өздерінің кез-келген кішкентай заттарын (тарақ, айна, қалам және т.б алып шығу ұсынылады.Жүргізуші 20 дейін санап болғанша студенттер бір-бірінің қолындағы заттарды мұқият қарау керек, кейін заттарды алмастырады. Жүргізуші қайтадан дейін санайды, сол кезде студенттер мана ұстаған заттар мен енді ұстап тұрған затты есте сақтап айту керек. «Он сөз» Жүргізуші 10 сөзді екі рет қайталамастан айтып шығады. Студенттер айтылған 10 сөзді жазып алып, ретімен дұрыс айту керек. Ретімен дұрыс айтқан студент жеңіске жетеді. «Үстел үстіндегі заттар» Ойынға екі ойыншы қатысады. Бірінші ойыншы үстел үстіне қалам, дәптер, сумка, қарынданш т.б заттар қояды. Екінші ойыншы 5 с ішінде заттардың орналасу үлгісіне қарап, бұрылады. Бірінші ойынша заттардың орнын ауытыр қояды. Екінші ойыншы заттарды қайтадан біріншісіндей етіп қою қажет. Ойынды екеуі алмасып ойнайды. Қателеспеген ойыншы жеңіске жетеді. 4. «Әнді тап» Бір студент аудиториядан шығады.Қалған студенттер белгілі әнді таңдап, әр қайсысы бір сөзден жаттап алады. Сырттағы студент ішке кіргеннен кейін студенттерге сұрақ қоя бастайды: сенің қаламыңның түсі қандай? Сенің жақсы көретін түсің? Т.б Жауап беруші студент өзі жаттаған сөзбен ұйқастырып жауап беруі қажет. Ал сырттан келген студент жауап берушілердің жауаптарына мән беріп, әннің сөздерін айырып таба білу керек. №6 дәріс Тақырып: Педагогикалық техника. Дәріс мазмұны: 3. Педагогикалық техника – мұғалім кәсібилігінің компоненті 4. К.С.Станиславский принциптері. Шебер-педагогтардың жетістіктеріне қарап отырып, олардың қолданған педагогикалық әсер ету құралдарының нақтылығын, түрлі практикалық міндеттерді дұрыс қоя білуде және шешуде шеберлігін көреміз. Нағыз шеберлік тәрбиешінің тұлғасына, оның тәрбие міндеттерін терең ұғынуына, оқу пәндерін, педагогика мен психологияны негізді білуімен байланыстырады. Сонымен қатар, бұнда арнайы білім мен тәрбиелік іскерліктердің (ұжыммен, жеке тұлғамен қарым-қатынас орнату іскерлігі, бақылау жүргізу, ұжымды ұйымдастыру, өз көңіл-күйін, дауысын, мимикасын, қимылын билеу іскерліктері) де орны ерекше. Бұл іскерліктерді әрбір педагог меңгеруі қажет. А.С.Макаренко «дауысты дұрыс орнатудың мәні тек әдемі ән айтып, әңгімелесуде емес, өз ойын, сезімдерін нақты, бұйыра, иландыра көрсете білуде. Бұның бәрі тәрбиелік техниканың мәселелері» деп бұндай оқытудың маңызын ерекше атап көрсеткен. «Педагогикалық техника» терминімен мұғалімнің оқушыға жеке әсер етудің түрлі құралдарын белгілеуге болады, дейді А.С.Макаренко. Оның құралдары: икемделу қабілеті, дауысты орнату, мимика, пантомимика, сөйлеу мәдениеті, ойынды түсіну қабілеті. «Педагогикалық техника» ұғымына екі компоненттер тобы енеді. Бірінші топ: педагогтың өзін-өзі, өзінің әрекетін билеу іскерліктері - өз денесін билеуі (мимика, пантомимика); эмоцияларын, көңіл-күйін басқаруы; әлеуметтік перцепция іскерлігі (бет-әлпетінен тану); сөйлеу техникасы (дем алу, дауыс, дикция). Екінші топ компоненттері тәрбие үрдісінің технологиялық жақтарын ашады, тұлғаға, ұжымға ықпал ету іскерліктерімен байланысты. Олар мына элементтерден тұрады: педагогикалық қарым-қатынас техникасы, талап қою техникасы, тәртіп орнату техникасы, ертеңгі қуанышты ұйымдастыру техникасы, күн тәртібін ұйымдастыру техникасы, жазалау техникасы. Бірқатар педагогтар жүргізген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, жас педагогтардың педагогикалық техникасында кездесетін кемшіліктер баршылық. Олар: оқушымен ашық әңгіме құра білмеуі, оның ата-аналарымен қарым-қатынас орната алмауы, ашуын ұстай немес, керісінше, көрсете алмауы, өз-өзіне сенімсіздігін жоя алмауы. Практиканттар өздерінің алғашқы сабақтары жайында жазған шығармаларында өздерінің сөйлеу мәнері үшін мазасызданғандарын, балаларға шектен тыс жылы қарап қалмаудан қорыққандарын, тым тез сөйлегендерін, тым қатал болғандарын, тіпті кейбіреулері қорыққандарын, немесе тақтаның алдында көп жүгіріп, жанталасқандарын, қолдарын жиі сермегендерін, немесе тас мүсін секілді қатып қалғандарын, қолдарын қайда жіберетіндерін білмегенін жазған. Көптеген студенттерде денесін тік ұстай білмеуі, бүкірлік, басын салбыратып жүру, қолдарын дұрыс орналастыра білмеу жиі кездеседі. Дауысты меңгерудегі басты кемшіліктер – бір қалыптылық, сөздің сылбырлығы, мәнерлеп оқу дағдысының қалыптаспағандығы болып табылады. Сөздегі үзіліс және екпін қою ешқандай мән берілмей айтылады. Сөйлеуде жеке кемшіліктер де аз емес: солғын дикция, дауыстың қажетті қаттылығын орната білмеуі. Аталған қателіктер педагогқа оқушылармен жұмыс жасауда кедергі келтіреді. Оларды жоғары оқу орнында оқып жүрген кезде жою – мұғалімді даярлаудың маңызды міндеттерінің бірі. Педагогикалық техникасын арттыру үшін педагог өз жұмысын неден бастағаны жөн? Сөйлеу техникасын, мимика және пантомимикасын жаттықтырудан, сыртқы келбетін дұрыстаудан бастайды. Тәрбиешінің денесін ұстауына, мимикасына, пантомимикасына қандай нақты талаптар қойылады? Педагогтың әрдайым аудитория алдында сөйлеуі жас педагогтардың бойында сенімсіздік, қорқыныш сезімін тудырады. Мұғалімдердің, балалардың, ата-аналардың алдындағы іс-әрекет, яғни «көз алдында» әрекеті мұғалім ойының жүйелілігіне, дауыс аппаратының күйіне, өзін денелік сезінуіне, психикалық күйіне ерекше әсер етеді. Бұның бәрі болатын сабаққа, шараға психофизиологиялық жағынан алдын ала дайындалуды, қарым-қатынас барысында өзінің эмоционалдық күйін басқарудың іскерліктері мен дағдысының болуын талап етеді. Аутогендік жаттығулар (психикалық өзін-өзі реттеу) – ерекше психофизикалық жаттығу. Олар дем алу және артикуляциялық жаттығулармен бірге мұғалімнің педагогикалық даярлық жэүйесіне енгізілуі тиіс. Психикалық өзін-өзі реттеу – бұл кәсіби қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатында релаксация (босаңсу) және өзін-өзі иландыру. Сабаққа, балалармен қарым-қатынасты ұйымдастыруға дайындық мұғалімнен шығармашылық өзін-өзі сезінуін тудыратын психологиялық күйге келтіруді қажет етеді. Бұл күйге көшу үшін сабақ материалынан, әдістемесінен тартымды ядроны іздеуге, тақырыпқа сәйкес эмоционалдық күйді қамтамасыз етуге болады. Тәрбиешінің сырт келбеті эстетикалық мәнге ие болуы тиіс. Өзінің сырт келбетіне селқос қарауға болмайды, сонымен бірге тым қатты көңіл бөлу де қажет емес. Педагогтың сырт келбеті оқушыларға ықпал жасаудың құралы, тәрбиешінің ішкі рухани дүниесінің бейнеленуі ретінде қолданылады. Тәрбиешінің эстетикалық мәнерлілігі оның бет-әлпетінің қаншалықты жылы шырайлылығынан, іс-әрекетінің жинақылығынан, ұстамдылығынан, орынды қимылдарынан, денесін тік ұстауынан, жүрісінен көрінеді. Оған мазасыздану, қимылдардың жасандылығы, солбырлық жараспайды. Сіздің сыныпқа қалай кіргеніңіз, қалай қарайтыныңыз, қалай амандасатыныңыз, отырғышты қозғау қимылыңыз, сынып ішіндегі жүріп-тұруыңыз, осы «ұсақтарды» барлығы да сіздің балаға ықпал жасаудың күші болып табылады. Сіздің барлық іс-әрекетіңізден, қимылыңыздан, көзқарасыңыздан балалар үлкен күш-жігерді, өзіне сенімділікті сезінуі тиіс. Тап осындай салмақты, сенімді, ашық болсаңыз, сіз адам, тәрбиеші ретінде қуатты бола аласыз. Егер мұғалім оқушылардың алдына дұрыс үтіктелмеген костюммен, өте таза емес бет орамалмен, таралмаған шашпен келіп тұрса, тәрбиеленушілерден ұқыптылықты, тазалықты талап етуге болмайды. Мұғалімнің киіміне қойылатын негізгі талап – қарапайымдылық, сымбаттылық, артықшылықтың болмауы, жақсы талғам. Қайсыбір шаш үлгісі, көйлектің айрықша тігісі, шаштың түсін жиі өзгерту оқушылардың назарын аударады. Мұғалімнің киім киісіндегі әшекей бұйымдар, костюмі, шаш үлгісі әрдайым педаогикалық міндетті – тәрбиеленуші тұлғасының қалыптасуына тиімді ықпал етуге – шешуге бағытталуы тиіс. Мұғалім әрқашан киім кигенде орнын және белгілі бір шекті сезінуі керек. Сондықтан, ол сабаққа және театрға барарда түрліше киінеді. Балалар педагогтың ішкі және сыртқы әдемілігінің бірлігін, тұтастығын өте жоғары бағалайды. Сондықтан, әрбір мұғалімнің бойында өзінің сырт келбетінің эстетикалық мәнерлі болуын арттыруға ұмтылысы болуы тиіс. Тәрбиешінің сырт келбетінің мәнерлілігі, сымбаттылығы оның өз денесін тік ұстауына да байланысты. Денені тік ұстау тұлғаның ішкі абыройының көрсеткіші. Бүкірейген, әлсіз адам күштің нағыз қуатты көрсеткіші бола алмайды. Бүкірлік, салбыраған бас, бос жатқан қолдар адамның ішкі дүниесінің әлсіздігін, оның өз-өзіне сенімсіздігін, жұмыс жасауға деген ықыласының жоқтығын білдіреді. Адамның бойының ұзындығына қарамай тік жүруі, жинақылығы оның ерекше күштілігін көрсетеді; оқушылар бұл педагогтың өзінің біліміне, күшіне сенімді екенін көреді, мұғалім оларды баурап алады. Денені дұрыс, тік ұстау үшін спортпен, арнайы әдістермен айналысу қажет. Мұғалім сабақта оқушылардың алдында дұрыс тұру мәнерін, сыныпта ешкімге кедергі жасамай қозғалуға үйренуі тиіс. Мимика - өзінің ойын, сезімдерін, көңіл-күйін беттің бұлшықеттері көмегімен білдіру өнері. Кейде бет-әлпет, көзқарас арқылы сөзден гөрі күштірек әсер етуге болады. Кинетикалық қарым-қатынас жүйесінің элементтері ретінде қимыл және мимика ақпараттың эмоционалдық мәнін арттырады, оның жақсы меңгерілуін қамтамасыз етеді. Әрине, бет-әлпет айтылатын сөзге сәйкес өзгертілуі тиіс. Типтік педагогикалық мимика бет-әлпеттің қаталдығы, қуаттылығы. Бет-әлпет, тұтас сырт келбет секілді, сенімділікті, қуаттауды, кінәлауды, ренжуді, көңілі толмағандықты, қуанышты, қызығушылықты, ашулануды бірнеше варианттарда көрсетуі тиіс. Күлкі де сезімдердің кең түрін білдіре алады. Мимиканың мәнерлі бөліктері – қас-қабақ, көз. Пантомимика – бұл дененің, аяқ-қолдың қозғалысы. Ол негізгіні көрсетуге қолайлы, бейненің суретін салады. Педагогтың қимылы негізгі ойды және сезімді күшейте отырып, ұстамды және ұйымдасқан болғаны жөн. қимылдың түрлері: бейнелеу және психологиялық. Бейнелеуші қимылдар ой жүйесін көрсетсе, психологиялық қимылдар сезімді білдіреді . К.С.Станиславский жүйесі бойынша жазылған әдебиеттерді зерттеу, жүйенің негізгі теориялық және практикалық ұстанымдарын талдау мынадай негіздеме жасауға мүмкіндік берді: оларды меңгеру педагогикалық қызметтің қыр-сырын жан-жақты танығысы келетін кез-келген тұлғаның педагогикалық қабілеттерін жан-жақты дамытуға және өзін-өзі дамытуға жол ашады. Педагогикалық мамандықты таңдаған кез-келген адам қызметке қажетті практикалық дағдыларды дамытуға арналған педагогиканың нақты саласы жоқ екендігін біледі. Сондықтан біз театр педагогикасына жүгініп отырмыз. Мұғалімге, актерге сияқты, К.С.Станиславскийдің айтқан сөзін есте ұстағаны жөн («Работа актера над собой»): «Алғашқы, бастапқы, содан кейінгі кезеңдерде жаңадан бастап жүрген, тәжірибесі жоқ оқушымен не істеуге болады?.. Оған сольфеджио сияқты қандай жаттығулар қажет? Шығармашылық сезімін және күйлерін дамыту үшін қандай гаммалар, арпеджио қажет болады? Оларды мектепте және үйде жүйелі түрде жаттығу үшін есеп жинақтарындағы сияқты нөмірлеу керек». Педагогикада «жалпы», жуықтау ештеңе болмауы тиіс. Зерттеушілер К.С.Станиславский жүйесін ішкі және сыртқы өзін сезінудің элементтері ретінде де қарастырады. Бірақ Станиславский рольмен жұмыс жасау барысында өзін сезінуден емес, ерік пен санаға дұрыс бағынбайтын психикалық күйден емес, дене әрекеттерінің логикасынан шығуды ұсынады. Дене әрекеттерін дұрыс жүзеге асыру рефлекс деңгейінде қажетті сезімдерді оятады, психикаға әсер етеді. Педагогты даярлау жүйесінің негізіне салынған дене әрекеті, қажетті сезім логикасы, санаасты саласы жайындағы Станиславскийдің тұжырымдамасы педагогикалық іс-әрекет жағдайында мұғалімнің қабылдау мүшелерін жаттықтыруды талап етеді. Кез-келген әрекет, соның ішінде педагогикалық әрекет қабылдаудан басталады. Бұл заңның бұзылуы педагогтың аудиториямен үйлесімділігіне кедергі келтіреді. Станиславский іс-әрекетті дене және психикалықтың бірлігі ретінде түсіндіреді. Бұл түсіндірме педагог тәртібіндегі ішкі және сыртқы, денелік және рухани элементтердің өз алдына бөлек дамуына жол бермейді, бұл әдіс пен педагогикалық техниканың тығыз байланысын талап етеді. Міне, сондықтан, педагогикалық шеберлік үш өзара байланысқан бөлікпен белгіленеді: педагогикалық теория, педагогикалық техника және сабақта жұмыстану әдісі және оны ұйымдастыру, өткізу. Теорияны оқып білуге болатын болса, педагогикалық техника мен әдісті меңгеру қажет. Ал меңгеру үрдісі белгілі бір пратикалық дағдыларды қажет етеді. Бұған қол жеткізу үшін өте ұзақ және жүйелі жаттығу жүргізу керек. Сабақ-1 Физикалық іс-әрекеттің әдісі.Психофизикалық қысымдар. Тапсырмалар: 1.Физикалық іс-әрекеттің әдісін қолданып, эмоционалдық жағдайының дағдыларын қалыптастыру. 2.Физикалық және психикалық қысымдардың өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту. 1- тапсырма. «Эмоционалдық жағдай» Педагогтың балалармен кездесуі көңіл-күйге бағытталуы керек пе деген мәселені студенттер талқылайды.Әңгіменің барысында студенттерге сұрақтар қойылуы мүмкін: 1.Сабаққа көңіл-күй бағытталу керек пе?Неге олай ойлайсыз, түсіндіріңіз? 2.Педагог балаларға әрқашан қуанышты,көтеріңкі көңілмен келуге міндетті ме? 3.Педагог балалармен кездесуге барғанда көңіл-күй жағдайы неге байланысты? 4.Педагогтың көңілі, жағдайы қазіргі кездесуге арналған көңіл-күймен сәйкес келуі мүмкін бе? Нәтижесінде әр нақты жағдаят өзінің шектелген жағдайын, көңіл-күйін талап ететіні жайында шешімге келу. 2- тапсырма. «Әр түрлі жағдаят» Студенттер 4 адамнан топтарға бөлінеді.Әр топ сыныпқа кіргенде балаларға айтылатын сөйлемше жазылған жеке парақша алады.Бұдан басқа студенттерге әр түрлі көңіл-күй жағдайлары беріледі, яғни бір сөйлемше әр түрлі көңіл- күймен айтылады.Мысалы: 1. «Сәлеметсіз бе!Бізге бүгін өте маңызды бақылау жұмысын жазу керек!».Оны қуанып, мұңайып, жынданып, байсалды, сенімді айту қажет. 2. «Сәлеметсіз бе!Бүгін бізде сіздермен өте қызықты тақырып!».Бұны құпиялы, мұңайып, дірілдеп, қуанып айту керек. 3. «Сәлеметсіз бе!Ертең таңертең- барлығын директордың кабинетінде!».Бұны қуанып, талап етіп, шақыру ретінде айту керек. 3- тапсырма. «Физикалық іс- әрекеттің әдісі» Студенттерге жұпқа бөліну ұсынылады.Оларға жеке парақшаға жазылған тапсырмалар беріледі.Тапсырмада олар адамның дене мүшесінің орналасуын суреттеуі тиіс.Мысалы: I-нұсқа.1.а) иық көтерулі,екі қол екі жағында;б) отырғышта арқасы түзу, аяғы бірге, қолдары тізесінде. II- нұсқа.2.а) қолдары белінде, бір аяғы алда, басы бір жаққа қисайған;б) арқасы майысқан, басы көтерілген, саусағы бір жағында. III- нұсқа.3.а) аяғын аяғының үстіне қою, бір қолымен иегін ұстау;б) қолдары кеудесіне айқастырған, бір аяғы алда, иығы түзу, иегі жоғары көтерілген. IV- нұсқа.4.а) бір қолы маңдайында, екінші қолы жанында;б) қолдары отырғыштың арқасынан шығып тұр. Студенттерге, яғни екі жұптың қарым-қатынасындағы жағдаяттардың шешімін табу. 4- тапсырма. «Толқуды қалай көрсетуге болады» Студенттерге жас педагогта көбінесе қандай жағымсыз көңіл-күй жағдайлары болатындығын ойлау. Студенттер талқылап болған соң толқу сияқты, көңіл-күй жағдайларымен жұмыс жасау. 1.Толқыған адам қалай отырады, солай отырыңыз.(бәрі бірге орындайды,бір уақытта) 2.Толқыған адам қалай жүреді, солай жүріңіз.(бәрі бірге) 3.Байсалды, сенімді адам қалай отырады, солай отырыңыз. 4.Байсалды, сенімді адам қалай жүреді, солай жүріңіз.(бәрі бірге) Содан кейін студенттер мүмкіндіктерінше толқушы және сенімді адамның физикалық мінездеріне,басы, аяқ,қол,ым-ишараға т.б. көңіл аудару. 5- тапсырма. «Оқушыға көмектес» Студенттерге 5-6 адамнан топтарға бөліну ұсынылады.Бәріне бірдей жағдаят беріледі.Сыныпта(II) бір оқушы бар, ол тақта алдында жауап беруге қорқады.Ол әрқашан сабаққа дайын, бақылау жұмысын жақсы жазады, бірақ тақта алдында айтатынын тез жоғалтады.Аяғы аяғына соғылып, ілгегі түсіп сынып оған күлгенде, бала одан сайын ұялады.Студенттер мүмкін нұсқаларды ойластырып, оқушыға көмектесу керек. 6- тапсырма. «Кезекті әріп» Студенттер дөңгеленіп отырады.Мұғалім кез келген әріп ұсынады, мысалы: «м» әрпі.Бір-біріне доп лақтырып, м-дан келетін жалпы зат есімнен басталатын сөзді айту керек.Сөзді тезірек, допты ұстамай айту керек. Бұл ойын студенттердің жадын және зейінін дамытады.Әрқайсысына өз сезімін айту ұсынылады.Не болды, доп қолында болғанда қандай да сезім болды ма, сіз қандай сөз айтатыңызды білдіңіз бе және т.б. 7- тапсырма. «Еркін қозғалыс» Студенттер дөңгеленіп отырады.Оларға әр түрлі қимылдар, жеңіл қозғалыстар ұсынылады. 1.Бәрі тұрып және көршілерімен орын ауыстырады.Тапсырма жеңіл және еркін, бір –бірін ешкім итермеу керек. 2.Кездескен біреуге көзімен және бір- бірін түсініп, орын ауыстырады. 3.Оқытушы екі адамды атап, тұрып және орынға отырдықпен ауысады. 4.Оқытушы бір студентті атап, оған осы қозғалысты көрсетеді.Мысалы: тұр, есікке бар, аш және жап, орнына отыр немесе тұр, сөмкені алып, соңғы партаға апар, қайта орнына кел т.б. № 7 дәріс Тақырып: Педагогикалық шеберлік Дәріс мазмұны 2. Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік мәні мен мазмұны. Педагогикалық шеберлік – бұл педагогтың кәсіби іс-әрекетінің ең жоғарғы деңгейі. Оның сыртқы бейнесін мұғалімнің түрлі педагогикалық міндеттерді дұрыс, шығармашылықпен шешуінен, оқу-тәрбие жұмысының мақсатына жетуде тиімді әдіс-тәсілдерді орынды қолдануынан көруге болады. Ал педагогикалық шеберліктің ішкі мәні – бұл педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін тұлғаның білімі, іскерлігі, дағдысы, психикалық процестері және жеке қасиеттері. Педагогикалық шеберліктің мәні «Педагогикалық энциклопедияда» былайша түсіндіріледі: «...бұл балаларды жақсы көретін және өз жұмысына бейімділігі бар педагогтардың қолы жетерлік әрдайым жетілдіруді қажет ететін жоғары дәржелі өнер. Өз ісінің шебері бола алатын педагог – бұл өз пәнін терең меңгерген, ғылымның нақты салаларынан және өнерден хабары бар, оқыту және тәрбиелеу әдістемесін толық деңгейде білетін, жалпы және, әсіресе, балалар психологиясын түсінетін жоғары дәрежелі маман. Осы анықтаманың мағынасына үңілетін болсақ, мынаны көруге болады: 1) «педагогикалық шеберлік» ұғымының мазмұнына мыналар енеді: жалпы жоғары деңгейлі мәдениет, эрудиция; өз пәні бойынша кең ауқымды және терең білім; педагогикадан, жалпы, жас және педагогикалық психологиядан білімінің болуы; оларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану білу іскерлігі; оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесін толық меңгеруі. Бұл негізінен, Н.В.Кузьминаның белгілеуінше, педагогтың қалай оқыту және тәрбиелеу керектігін білуден көрінеді. 2) педагогикалық шеберлікті педагогтың бойында тәрбиелеуге болады, шеберлікке педагог боламын деген әрбір адамның қолы жетеді.
2.В.А.Сластенин педагогикалық шеберлікті тұлғаның кәсіптік бағытталуының жоғары формасы деп белгілейді. Ал кез-келген іс-әрекетте, оның пікірінше, шеберліктің көрсеткіші – бұл іс-әрекетте қажет болатын арнайы іскерліктер мен дағдыны меңгеру. Педагогикалық шеберліктің құрылымында өзара байланысқан элементтерді көрсетуге болады: гуманистік бағыттылық, кәсіптік білім, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника. Аталған элементтер педагогикалық шеберлік жүйесінде өзара тығыз байланысты, оларға өз бетімен даму тән. Педагогикалық шеберліктің өз бетімен дамуының негізі – білім мен тұлғаның бағытталуы; оның нәтижелілігінің маңызды шарты – қабілеттер; тұтастықты қамтамасыз ететін құрал – педагогикалық техника аясындағы іскерліктер.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 123; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |