Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе




ПРАВО

1. ПРАВО В СИСТЕМЕ СОЦИАЛЬНЫХ НОРМ

1.1 Что такое право? Назовите любые три признака права и прокомментируйте каждый из них:

a) _____________________________________________________________________________

b) _____________________________________________________________________________

c) _____________________________________________________________________________

1.2 Что такое структура нормы права? Назовите три её составляющие: ________________________________________________________________________________________

1.3 Назовите любые три функции права, прокомментируйте их и приведите соответствующие примеры:

________________________________________________________________________________________


2. СИСТЕМА РОССИЙСКОГО ПРАВА. ЗАКОНОТВОРЧЕСКИЙ ПРОЦЕСС

2.1 Что такое с истема права? Назовите три её составляющие, прокомментируйте их:

_________________________________________________________________________________________

2.2 Назовите любые шесть основных отраслей системы российского права, прокомментируйте их:

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2.3 Опишите основные стадии законотворческого процесса в РФ.

3. ИСТОЧНИКИ ПРАВА. ПРАВОВЫЕ АКТЫ. ПРАВООТНОШЕНИЯ. ПРАВОНАРУШЕНИЯ

3.1 Что такое источник права? Охарактеризуйте следующие источники права: правовой обычай, судебный прецедент, нормативный правовой акт (НПА), нормативный правовой договор (НПД).

3.2 Что такое нормативный правовой акт? Назовите любые три основных признака НПА:

§ ________________________________________________________________________________________;

§ ________________________________________________________________________________________;

§ ________________________________________________________________________________________.

3.3 Составьте иерархическую систему следующих НПА России: указы Президента РФ, Конституция РФ, нормативные акты министерств и ведомств, федеральные законы, постановления правительства РФ

_________________________________________________________________________________________.

3.4 Что такое закон? В чём его отличие от подзаконного акта?

3.5 Что такое правонарушение? Назовите два вида правонарушений и любые три признака правонарушения:

· _________________________________________________________________________________________;

· _________________________________________________________________________________________;

· _________________________________________________________________________________________.

3.6 Укажите четыре обязательных элемента, образующих структуру правонарушения, приведите примеры:
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________.

4. ПУБЛИЧНОЕ И ЧАСТНОЕ ПРАВО. ПОНЯТИЕ И ВИДЫ ЮРИДИЧЕСКОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТИ

4.1 Какова особенность публичного права? Назовите любые три отрасли права, составляющие публичное право: _________________________________________________________________________________________.

4.2 Какова особенность частного права? Назовите любые три отрасли права, составляющие частное право: _________________________________________________________________________________________.

4.3 Что такое юридическая ответственность? Приведите любые три признака юридической ответственности:

ü _________________________________________________________________________________________________;

ü _________________________________________________________________________________________________;

ü _________________________________________________________________________________________________.

4.4 Назовите пять видов юридической ответственности:__________________________________________ _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________ прокомментируйте каждый из них

5. КОНСТИТУЦИЯ РОССИЙСКОЙ ФЕДЕРАЦИИ. ОСНОВЫ КОНСТИТУЦИОННОГО СТРОЯ РФ

5.1 Что такое Конституция? Приведите любые три особенности Конституции от других правовых актов:

ü ________________________________________________________________________________________;

ü ________________________________________________________________________________________;

ü ________________________________________________________________________________________.

5.2 Расскажите про этапы конституционного развития России. Как и когда принята действующая Конституция

5.3 Объясните и проиллюстрируйте двумя примерами следующие принципы конституционного строя РФ:

Суверенитет народа; федерализм; республиканская форма правления; разделение властей; правовое государство; демократическое государство; светское государство; социальное государство.

6. ОСНОВНЫЕ ПОНЯТИЯ И НОРМЫ ГРАЖДАНСКОГО ПРАВА

6.1 Что такое гражданское право? Назовите трёх субъектов гражданских правоотношений: _________________________________________________________________________________________

Приведите любые три признака юридического лица:

Ø ________________________________________________________________________________________;

Ø ________________________________________________________________________________________;

Ø ________________________________________________________________________________________.

6.2 Что такое гражданская правоспособность? Когда она возникает и в какой момент прекращается? Назовите любые три права, составляющие содержание гражданской правоспособности:

ü _______________________________________________________________________________________;

ü _______________________________________________________________________________________;

ü _______________________________________________________________________________________.

6.3 Что такое гражданская дееспособность? Назовите четыре уровня дееспособности:

§ _______________________________________________________________________________________;

§ _______________________________________________________________________________________;

§ _______________________________________________________________________________________;

§ _______________________________________________________________________________________.

К каждому уровню гражданской дееспособности приведите любые три особенности проявления.

7. ОРГАНИЗАЦИОННО-ПРАВОВЫЕ ФОРМЫ И ПРАВОВОЙ РЕЖИМ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ

7.1 Что такое предпринимательство? Назовите и проиллюстрируйте примером любые три функции предпринимательства: ___________________________________________________________________

7.2 Назовите пять организационно-правовых форм предпринимательской деятельности:___________ ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________ прокомментируйте каждую из них

8. ПОРЯДОК ПРИЁМА НА РАБОТУ. ПОРЯДОК ЗАКЛЮЧЕНИЯ И РАСТОРЖЕНИЯ ТРУДОВОГО ДОГОВОРА

8.1 Что такое трудовой договор? С какого возраста, при каких условиях и на какой срок он заключается?

9. ПРАВОВОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕ ОТНОШЕНИЙ СУПРУГОВ. ПОРЯДОК И УСЛОВИЯ ЗАКЛЮЧЕНИЯ И РАСТОРЖЕНИЯ БРАКА

Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаникалық білім адамның практикалық тіршілігіне пайда болып,тез дамып қалыптасқан. Өсімдіктер байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңінде адамдар олардың жемістерін,тұқымдарын,түйнектерін, пиязшықтарын және тамырсабақтарын жинастырып өз қажетіне жаратқан. Ол үшін өсшмдіктерді танып, олардың жеуге келетіндерінен, жеуге келмейтіндерін, дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктерден ажырата білген. Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердің өсетін жерлерін анықтап, оларды жинаудың мерзімін белгілеп және сақтау тәсілдерін меңгеру қажет болған.

Ботаника ғылым ретінде осыдан шамамен 2300 жылдай бұрын қалыптасқан.Оның алғашқы негізін салған көрнекті, ертедегі грек философы Аристотель (біздің эрамызға дейін 371-286 жж.). Олар өсімдіктердің алуан түрлілігі мен қасиеттері,егудің түрлері, көбею жолдары және шаруашылықта қолданылуы, географиялық таралуы жөніндегі мәліметтерді жинақтап кітап етіа жарыққа шығарды, Теофрастқа пайдалы өсімдіктердің 600-дей түрі белгілі болған, олардың қатарына еуропаның өсімдіктерінен басқа шығыс елдерінен алып келген өсімдіктерде кірген.

Қазіргі уақытта үлкен көп салалы ғылым болып отыр. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастықтарын жан-жақты зерттеу жатады. Осы өсімдіктер қауымдастықтары орманның,шалғынның, өсімдіктер жыбынын тузеді. Өсімдіктердің структурасы мен өсу заңдылықтарын, олардың қоршаған ортамен байланысын, жер шарындағы жекелеген түрлердің және тұтастай өсімдіктер қауымдастығының таралуы мен, сол жерлерде қаншалықты жиілікте кездесетіндігін; өсімдіктер дүниесінің шығу тегі мен эволюциясын, оның алуан түрлілігінің себептерін және классификациясын; шаруашылыққа қажеттілігі жағынан құнды өсімдіктердің (малға азық болатын,дәрілік,жеміс-жидек,көкөністік,техникалық және басқа да өсімдіктерді) табиғи қорын анықтау және оларды өндірісте тиімді пайдаланудың жүйесін, мәдени жағдайға ендірудің (интродукция) жолдарын қарастыру болып табылады. Осы жоғарыда келтірілгендердің өзі ботаника ғылымы зерттейтін проблемаларды толық қамтиды деп айтуға болмайды. Алайда ботаника ғылымының

 

алға қойған міндеттерінің ең бастылырына қоршаған ортаны (табиғатты) және өсімдіктер ресурстарын қорғаудың ғылыми негіздерін жасау болып табылады. Әсіресе “Қызыл кітапқа” енген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді зерттеуге көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені кез келген түрлі жоғалту ол табиғаттағы өсімдіктердің алуан түрлілігін айту ғана емес, сонымен бірге өсімдіктер қауымдыстығының мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тұрақтылығын бұзу болып табылады.

​ Ботаника агрономия, топырақтану, орман шаруалығы, геологи, химия, зоология, өсімдіктердің физиологиясы, өсімдіктердің биохимиясы және биологиялық математика (биометрия) секілді ғылымдармен тығыз байланысты.

Ботаниканың жаңа салалары бойынша эксперименттік зерттеулерді жүйелі түрде жүргізу мақсатында әртүрлі жаңа тәсілдерді және техниканың мүмкіндіктерін пайдаланады. Әсіресе микроскопиялық техниканың (оптикалық және электрондық), есептеу машиналарының, компьютерлердің физикалық приборлардың мүмкіндіктерін пайдалануға көп көңіл аударылып отыр.

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТАБИҒАТТАҒЫ МАҢЫЗЫ

Біздің планетамыздағы континеттер 150 млн.км.кв. жерді алып жатады, олардың көпшілігін өсімдіктер жауып тұрады. Тіптен климаты ең қатал шөлдердің өзінде өсімдіктердің тіршілігі тоқталып қалмайды. Тек полюстердің мұз басқан кеңістіктері мен таулардың ең биік шыңдарында ғана өсімдік болмайды.

Теңіздер мен мұхиттар жер бетінің шамамен 360 млн.км.кв. – дей кеңістігін алып жатады. Бұл жерлерде су өсімдіктерді (негізінен балдырлар) көптеп кездеседі.

Олардың біреулері, микроскопиялық ұсақ болып келеді және судың бет жағында жүзіп жүретін планктонды құрайды, ал екіншілері су астында субстратка бекініп шалғын түзетін – бентос болып табылады.

 

Олардың кейбіреулері ересен үлкен болып келеді және 100 м ұзындыққа дейін жетеді, кейде тіптен одан да асып кетеді.

Өсімдіктердің басым көпшілігінің түсі жасыл болады, ол бұлардың клеткаларындағы хлоропластар деп аталатын ерекше органелларында немесе оргоноидтарында жиналатын жасыл пигмент хлорофиллге тікелей байланысты болады. Хлорофиллдің ерекше қасиеті сол,ол күн сәулесінің элетромагниттік энергиясын тасымалдаудағы күрделі пропестерге қатысады. Яғни өсімдік хлорофилл пигменттерінің көмегімен күн сәулесінің электромагниттік энергиясын пайдалана отырып ауадан өз бойына көмір қышқыл газын сіңіреді де, судың қатысуымен органикалық заттардың химиялық энергиясын түзеді (фотосинтез).К.А.Тимирязев өзінің бір ашық лекциясында былай деген екен: “Бір кездерде, бір жерге күннің сәулесі құлаған, бірақ ол құнарсыз топыраққа емес, бидайдың биіктігінде болатын жасыл шөпредің өркендерінің үстіне түскен, дәлірек айтқанда хлорофилл дәндеріне түскен. Осылайша жасыл өсімдіктерінің өркендеріне соғылған сәуле өшіп, жарық беру қабілетінен айрылған, бірақ мүлдем жоғалып кетпеген. Ол тек ішкі жұмыстарға жұмсалған, ол... крахмалды түзген. Осы крахмал қанттың ерітіндісіне айналып, өсімдіктің бойын ұзақ уақыттар аралағаннын кейін барып, оның бір жеріне жиналады. Көбіне ол өсімдік дәндерінде крахмал түрінде немесе клейковина (астық дәніндегі белогтік зат) түрінде жиналады. Ол қандай да бір формада бізге тамақ болатын нанның құрамына кіреді. Ол біздің бұлшық еттерімізге, нерв жүйелерімізге айналады. Осыдан кейін барып көміртегінің атомдары біздің организімімізде қан арқылы денеміздің барлық жеріне таралатын оттегімен қайтадан қосылуға ұмтылады. Бұл жерде күннің сәулесі химиялық энергия түрінде, қайтадан нағыз күштің формасына келеді. Бәлкім осы минутта ол біздің миымызда ойнап тұруы мүмкін ".

​ Қысқасы: “Тамақ біздің организіміміздегі қуат (энергиясы) көзі, сондықтанда басқа нәрсе емес, сол ғана күн сәулесінің консервасы” болып табылады.

Фотосинтез процесінің барысында органикалық заттардың түзілуімен қатар, ауаға оттегі бөлініп шығады. Оны мен біздер тыныс аламыз,

​ Атап өткен жөн фотосинтез процесі аса үлкен көлемде (колосальных масштабах) жүзеге асады, өйткені бір өсімдіктің

жапырақ тақталарын алып тұратын ауданы, осы өсімдіктің алыа тұрған жер көлемінен бірнеше артық болады, ал бір жапырақтың хлоропластларының алып тұратын ауданы осы жапырақтың алып тұратын ауданынан 10 есе артық болады, ал хлоропласт мембраларынын алып жататын ауданы, осы өсімдіктің фотосинтез процесі жүретін жалпы ауданын тағы да 100 есеге арттырады. Өсімдіктер түзген көп жасыл экранның алып тұрған ауданы біздің планетамыздың жер көлемінен бірнеше артық болады.

К.А.Тимирязевтің берген анықтамасы бойынша, хлорофилл дәні әлемдік кеңістіктегі күн сәулесінің химиялық энергияға ауысып, жер бетіндегі барлық тіршіліктің көзіне айналатын орталығы болып табылады.

​Аса көрнекті көрнекті прогрессивтік көзқарастағы физиктердің бірі Ф.Жолио-Кюри мынадай қызық ой айтқан: “мен атом энергиясының болашағына сенемін және осы жаңалықтың маңыздылығына күмән келтірмеймін, бірақта менің ойымша энергетика саласында нағыз өзгеріс, тек сол жағдайда ғана болады, егерде біздер хлорофилл секілді немесе сапалығы оданда болып келетін молекулалардың көп мөлшерде тұрақты түрде синтезделуіне қол жеткізер болсақ”. Оған қол жеткізу үшін молекуланың осы типін және фотосинтездің іс-әрекетін жан-жақты зерттеу керек.

Осы сөзден кейін бірнеше жыл өткен соң бір мезгілде екі лабороторияда (ГФР және АҚШ) хлорофилл жасанды жолмен синтезделді.Бірақта ғылымның ғылымның осындай даусыз қомақты жетістігінің маңызын асыра бағалаудың қажеттігі шамалы. Өйткені өсімдіксіз фотосинтез процесін іске асыру мүмкін емес. Фотосинтездің құпия сыры әлі күнге дейін толық ашылмай келеді.

Өсімдіктердің атқарып отырған жұмыстарының көлемінің қаншалықты екендігін дәл анықтау қиын, тіптен мүмкін де емес.

​ Шамамен есептегенде, өсімдіктер фотосинтез процесінің нәтижесінде жыл сайын 400 млрд.т. органикалық заттар түзеді және сол үшін олар 175 млрд.т. көміртегін (бәлкім одан да көп мөлшерде) пайдаланады.

Сонымен, эволюцияның барысында жер бетіндегі тіршілік осыдан миллиондаған жылдар бұрын пайда болған, ал өсімдіктер болса хлорофиллдерінің болуына байланысты органикалық заттардан емес,органикалық заттар-

 

ды синтездеуге қабілеті жалғыз организм ретінде дараланған.


Ботаниканың бөлімдері

Ботаника жалпы биология ғылымының негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. Ол өз кезегінде бірқатар жекелген ғылымдарға бөлінеді. Олардың міндеттеріне өсімдіктер жыбынының құрылысының және тіршілік жағдайының әртүрлі заңдылықтарын зерттеу жатады.

 

Өсімдіктердің морфологиясы – ботаниканың ең үлкен және ең ерте қалыптасқан бөлімдерінің бірі. Бұл өсімдіктердің және олардың жекеленген органдарының пайда болып, қалыптасуының және әртүрлі тіршілік формаларының дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Сонымен бірге морфология өсімдіктердің органдарының түзілуінің және дамуын, жекелеген особьтардың тұқымнан пайда болуынан бастап өмірінің соңына дейін (онтогенезін) және осы особь жататын тұтастай түрдің немесе кез келген сисметикалық топтардың тарихи даму барысын (филогенезін) ескере отырып қарастырады.

Морфологияның дамуына байланысты, оның белгелерінің негізінде бұрынғыдан да көбірек маманданған ғылымдар пайда болды: цитология (өсімдіктердің негізгі структуралық бірлігінің, яғни клеткасының құрылысының қалыптасуының заңдылықтарының дамуын зерттейді);эмбриология (ұрықтың дамуының заңдылықтары мен құрылысын зерттейді); оргонография (өсімдіктердің органдарының, яғни тамырының, сабағының, жапырағының, гүлінің,жемісінің және т.б. мүшелерінің пайда болуын, дамуын және құрылысын зерттейді); палинология (тозандар мен споралардың морфологиясын зерттейді).

Флорография. Бұл ғылымның міндеттеріне түрлерді танып және сипаттап жазу. Басқаша айтқанда олардың белгілерін (диагнозын) құрастыру жатады. Флорографтар сипаттап жазған түрлерді,систематиктер олардың туыстық жақындықтарын көрсететін, ұқсастық белгілеріне қарай топтарға бөледі Бірақта флорографтардың да систематиктердің де

 

 

де жұмыстарын бір ғалымның атқаруы практикада жиі кездеседі.

Систематика – түрлердің алуан түрлілігін және осы алуан түрліліктің себептерін зерттейтін ғылым. Систематиканың міндеттеріне флорографтар сипаттап жазған барлық түрлерді біздің түсінуімізге жеңіл, ғылыми система жасауға пайдалану болып табылады.
Флорографтар сипаттап жазған, көптеген тәсілдердің тұтастай сериясының негізінде систематика жақын түрлерді біршама рангасы жоғары систематикалық систематика (таксономия) деп атйды. Ч.Дарвин еңбектерінен кейін жақсы қарқынмен дамыған систематиканың екінші бөлімі филогенетикалық систематика деп аталады. Көптеген биологиялық ғылымдардың мәліметтерінің негізінде (морфологияның, биологияның, палентологияның, физиологияның, математиканың және т.б) флорогенетиктер өсімдіктер дүниесінің дамуының эволюциялық жолдарын, оның филогенезін көрсететін түрлерден де жоғары систематикалық топтарды өз орындарына қоя біледі. Бұл жерде атап өткен жөн, олар эволюцияны және барлық деңгейдегі туыстық қатынастарды зерттейді. Осыдан барып мегафилогенияға (бөлімдер, қатарлар секілді систематикалық топтардың туыстық қарым-қатынастарын және бірінің орнына бірі басуын айтады) және мезофилогенияға (тұқымдастар, туыстар секілді систематикалық топтардың туыстық қарым-қатынастарын және бірінің орнына бірі басуын айтады) бөлудің қажеттігі туды. Н.И.Вавиловтың мәдени өсімдіктер жөніндегі еңбектері жарық көргеннен кейін, түр ішілік өзгерістерге және түрлердің белгелі бір формасының пайда болуына, басқаша айтқанда жаңа түрдің пайда болу процесін зерттеуге (микрофилогенияға) көп көңіл бөлініп келеді. Систематиканың бұл бөлімін Н.И.Вавилов дифференциалды систематика деп атаған, ал қазіргі кезде оны биосистематика деп атап жүр.

​ Биосистематиканың дамуының болашағы жаңа формалардың түзілуін жан-жақты зерттеумен тікелей байланысты.
Өсімдіктердің географиясы (фитогеография) – ботаниканың ең үлкен бөлімдерінің бірі, оның негізі міндеттеріне өсімдіктердің және олардың құрлықтағы және судағы қауымдастықтарының (ценоздарының) таралуы мен белгілі

 

 

бір кеңістікте қаншалықты жиілікте кездесетіндігінің заңдылықтарын зерттеу болып табылады.

   

Фитогеографияның шеңберінде жекелеген пәндердің тұтастай сериясы бөлініп шықты. Оларға мыналар мысал болады: географияның тарихы – бұрынғы геологиялық кезеңдердегі өсімдіктердің таралу заңдылықтары туралығылым; фитоценология (геоботаника) – тарихи қалыптасқан өсімдіктер қауымдастықтары (фитоценоздар) туралы, олардың құрылыстары, дамуы, таралуы, пайдалануы және қайта жақсартудың мүмкіндіктерінің заңдылықтары туралы ғылым. Фитоценологияның жайылымдарды, шабындықтарды, шалғындарды пайдалану және жақсартудың ғылыми негізі ретінде маңызы зор.
Өсімдіктердің экологиясы. Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен тікелей байланысты (климатқа, топыраққа, рельефке және т.б), бірақта өсімдіктер өз кезегінде осы ортаны түзуге қатысады. Мысалы, топырақтың түзуіне қатысады, климатты өзгертеді. Экологияның міндеттеріне – өсімдіктердің құрылысы мен тіршілігін қоршаған ортамен байланыстыра отырып зерттеу жатады. Егін шаруашылығы практикасында бұл ғылымның маңызы аса зор.
Өсімдіктердің физиологиясы – өсімдіктердің тіршілік процесін, негізінен олардың зат алмасуын, қозғалуын, өсуін, даму ырғақтылығын және т.б зерттейтін ғылым.
Микробиология – негізінен бактериялар мен кейбір саңырауқұлақтардан тұратын микроорганизмдерінің өмірлік циклдарын зерттейтін ғылым. Топырақ микробиологиясының жетістіктері ауылшаруашылық практикасында кеңінен қолданады.
Палеботаника – бұрынғы геологиялық кезеңдерде жойылып кеткен өсімдіктер туралы ғылым.
Ботаниканың басқа бөлімдері алдарына қойылған арнайы міндеттерді атқаруына және жаңа тәсілдерді қолдануына байланысты көптеген ерекше пәндер ретінде дербес қалыптасқан. Оларға биофизика, биохимия, генетика және т.б мысал бола алады.

Ботаниканың агрономиямен байланысы

Ботаникамен агрономия бір бірімен тығыз байлансыты, өйткені олардың зерттейтін объектісі де, зерттеудің тәсілдері де және даму тарихы да екеуіне ортақ бірдей болып келеді. Ботаниктер табиғи (жабайы өсетін)өсімдіктердің

және олардың жекелеген топтарының түрлік құрамын, құрылысы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді, ал агрономдар мәдени өсімдіктермен ғана айналысады. Бірақта көп жағдайдада ботаниктердің зерттейтін объектсі ауылшаруашылық өсімдіктері, оның ішінде әсіресе мыәдени жағдайға көшірілген өсімдіктер болып келеді, ал агрономдардың зерттейтін объектісі жабайы өсетін өсімдіктер, мысалы, жайылымдар мен шабындықтардың өсімдіктері болып келеді. Бұл өсімдіктерді агрономдар, олардың өнімділігін арттыру мақсатында зерттейді. Сонымен болатника мен агрономияның арасын бөліп тұратын айқын шекара жүргізуге болмайды. Бұл кездейсоқ нәрсе емес, өйткені агрономия ботаникадан бөлініп шыққан. Сондықтан да агрономия ботаниканың бір саласы болып табылады, дәлірек айтсақ өсімдіктер шаруашылығы ғылымын толықтыра түсетін ботаниканың бір саласы. Агрономдар мен ботаниктердің алдында бір ғана мақсат тұрады. Ол мақсат шамамен өсімдіктерді адамның практикалық қажеттілігіне толық пайдалану, басқаша айтқанда, дәннен, жемістерден, көк балаусадан мол өнім алу болып табылады.
Ботаниктердін топырақтану және агрохимия ғылымдарымен де байланыстары аса тығыз болып келеді. Әсіресе, олардың зерттеу жүргізу тәсілдері бір біріне ауысып және бір бірін үнемі толықтырып отырады. Мысалы, индикационная геоботаника топырақтанушылар мен агрохимиктерге топырақтың және жердің сапасы, физико-химиялық құрамы, гидрологиялық жағдайы және т.б жөнінде сипаттамалар беруге мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі болып табылады.
Ботаниктер құрлықта, суда және ауада өсетін 500 мың өсімдіктердің түрлерімен жұмыс істейді, ал агрономдардың еншісінде құрлықтық жер көлемінің 10% -не себілетін екпелі өсімдіктердің 15 мыңдай түрлеті тиеді. Бірақта агрономдардың алдында аса жоғары міндет тұрады. Ол барлық адамзатқа қажетті тамақ өнімдерін және әртүрлі өсімдіктеден алынатын шикізаттардың өнімділігін арттыру болып табылады. Тамақ өнімдері жоғары мәдениетпен дамудың қажетті негізінің бірі болып қана қоймайды, сондықтан да адам баласының алдында одан асқан жауапты мінет жоқ. Бұл жерде Ф.Энгельстың бір айтқан сөзін келтіре кеткен жөн: «тарихты жасайтындай жағдайда болу үшін, адамдардың өмір сүруге мүмкіндіктері болуға тиісті.»

 

Ол үшін агроном кез келген ауылшаруашылық дақылдарының түсімділігінің (өнімділігің) қалыптасу процестерін бақылаудың тәсілдерін жете меңгерген болуға тиісті. Мұндай бақылау оргоногенездің барлық кезеңдерін тұрықымдардың, пиязшықтардың және басқа да вегетативтік көбею органдарының өсуінен бастап, өркеннің пайда болуына, гүлденуіне және жемістерінің түзілуіне дейінгі аралықты қамтиды. Бір жағдайларда бұл кезеңде өте баяу жүреді, екінші жағдайларда шамадан тыс жылдам жүруі мүмкін.Алғашқы өсімдіктің бұл жерде нашар өсетіндігінің, ал соңғысы керісінше өсімдіктің аса жақсы өсуіне қолайлы жағдайдың бар екендігінің бірден бір белгісі болып табылыды. Егерде өсімдіктің шамадан тыс жақсы өсуі, оның өркен беру немесе түптену кезеңдеріне сәйкес келсе, онда гүлдену, дән байлау және жеміс түзу кезеңдерінде депрессия болуы мүмкін. Сондықтанда әрбір нақтылы жағдайда агротехникалық шараларды дұрыс және дер кезінде жүргізіп отыру керек.
Өсімдіктердің өсуі мен дамуын биологиялық тәсілмен бақылап отыру, толығымен дерлік өсімдіктердің морфологиясына негізделген.
Жер бетіндегі адамдардың саны күн санап артып келеді.
Мысалы, 10 жылда, 1921-ден 1930 жылға дейін жер шарындағы адамдардың саны 11%-ке, ал 1951-ден 1960 жылға дейін 19%-ке көбейген. 1981 жылы біздің планетамызды мекендейтін адамдардың саны 4 млрд.-қа жетке, ал 2000 жылы бұл сан 6 млрд.-қа дейін өседі деген жорамал бар. Сондықтанда, алдағы 20 жылдың ішінде, тамақ өнімдерін кем дегенде екі есе арттыру қажет. Бұл проблемены шешу үшін ботаниктер мен агрономдардың және басқа да биологиялық ғылымдардың комплексінің арасында басқа да биологиялық ғылымдардың комплексінің арасында творчествалық байланыстар орнату қажет. Дүние жүзі ғалымдарының ассоциациясы (оның ішінде бұрынғы одақтас республикалардың және қазақстанның да ғалымдары бар), бірлесе отырып өсімдіктер мен жануарлардың биология-

 

лық өнімділігін зерттеу мақстында ортақ бағдарлама жасау үстінде. алдын ала жүргізілген жұмыстардың нәтижесі мынаны көрсетеді, жердің потенциолдық мүмкіндігі әлі толық пайдаланып біткен жоқ. Мысалы есептеу жұмыстарының мәліметтеріне жүгінсек континеттердің жалпы жер көлеміне шаққанда айдалған жердің көлемін 10%-тен 16-17%-ке дейін арттыруға болады. Осыған байланысты көптеген ғалымдар шөлдерді (мысалы, сахараны) суландыру және ауылшаруашылығы тұрғысынан оларды игеруді алға тартып отыр. Бұл мемлекет аралық проблемалардың бірі. Бұл тұрғыдан қарағанда Орта Азияның шөлін игеруде бұрынғы одақтас республикалардың тәжірибесі үлгі боларлық. Қазіргі кездерде осы аймақтан бақша өсімдіктерінің, жүзімнің, күріштің және мақтаның плантацияларын бұрынғы уақыттарды егіс егуге жарамсыз деп табылған жерлерден кездестіруге болады. Совет ғалымдары кезінде Памирдің климаты салқын, биік тау аңғарларында егін шаруашылығымен айналысуға болатындығын дәлдеп берді. Жайлым, шабындық және орман ретінде пайдаланылып жүрген әртүрлі табиғм өсімдіктердің топтарының өнімділігін қажетті агротехникалық шаралар жүргізу арқылы арттыруға болатындығын тәжірібие көрсетіп отыр. Өсімдіктер жабынының құрылысы мен дамуының жалпы заңдылықтарын біле отырып, мысалы. Батпақты жерлерге агромелиоративтік шаралар жүргізу арқылы, бір жағдайларда оны шабындыққа және жайылымға, ал екінші жағдайларда құнарлы өнім беретін егістік алқабына айналдыруға болады.

Алайда шөлді және батпақты жерлерді игеру барысында орны толмас өкінішке қалып жатқан жағдайларымызда жоқ емес. Бұған «Арал» тағдыры бірден-бір мысал бола алады. Арал тағдыры бұл күнде адам тағдырына айналып отыр. Дүние жүзі бойынша бір ғана ұрпақтың көз алдында тұтастай бір ьеңіздің суының таусылып құрғап, жоқ болып кетуі бұрын сонды тарихта кездеспеген жағдай. Сондықтан табиғатта ғасырлар бойында қалыптасқан тепе-теңдікті бұзу, сөз жоқ үлкен қылмыс. Реті келгенде айта кеткен жөн экосистемаға елеулі өзгерістер ендіретін проектілерді, экономикалық жағынан қаншалықты тиімді болғанымен қолдамаған жөн. Сонда ғана біздер қоршаған ортаны қаз қалпында сақтай аламыз.

Жыл сайын ботаниктер өсімдіктердің жаңа түрлерін ашады, ал агрономдар болса жаңа пайдалы: малға азық болатын, эфир майлары алынатын, дәрілік және техникалық өсімдіктерді мәдени жағдайда ауыстырады. Табиғи және

мәдени өсімдіктердің ресурстарын пайдалану масштабы мен комплестігі, сол елдің мәдениеті мен егін шаруашылығының жалпы деңгейін көрсетеді. Мысалы, францияда алтыншы мыңжылдықтың өзінде жүзімді егіп, оның дәнінен жүрек ауруына ем болатын май алынған.
Ғалымдардың назарын әлемдік мұхиттар мен тұщы су алаптарының биологиялық өнімділігі аударып отыр. Өйткені синтезделетін органикалық заттардың көп бөлігі, теңіз балдырларының еншісіне тиеді. Энергенияның көзі ретінде адамға тамақ немесе ауылшаруашылық жануарларына азық ретінде, органикалық тыңайтқыш немесе өндірістік шикізат, мысалы медицинада дәрі алу мақсатында теңіз балдырларын рационалды пайдаланудың мүмкіндігі қалай? Қазіргі кезде әлемдік мұхиттың, суы тұщы өзендер мен көлдең базасында селекциялық-генетикалық зерттеулерді кеңінен жүргізудің мүмкіндігі туып отыр. Болашақта «теңіз өсімдіктері шаруашылығы» деген жаңа қолданбалы ғылым пайда болуы мүмкін.

Біздің елде ботаниктердің және агрономдардың жұмыстарының бағыты мемлекет тарапынан қойылған, ересен, үлкен міндеттерге байланысты айқындалады.Сондықтанда ғылым мен техниканың жетістіктерін халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында орынды пайдалануға тиістіміз.

Пысықтау сұрақтары

1.Ботаниканың және оның бөлімдерінің алдында қандай мәндеттер тұр?

2.Өсімдіктердің табиғаттағы рөлі қандай? Олардың қандай ерекше қаситеттері болады?

3.Ботаниканың құрамына қандай жекелеген ғылымдар кіреді?

4.Морфология нені зерттейді? Ол қандай арнайы маманданған ғылымдардың басын құрайды?

5.Өсімдіктердің систематикасының міндеттеріне нелер жатады? Оның қандай бөлімдері бар?

6.Экологияның алдында қандай міндеттер тұр?

7.Өсімдіктердің физиологиясының алдында қандай міндеттер тұр?

8.Ботаника мен агрономияның ара қатынастары неменге негізделген? Олардың ортақ міндеттеріне нелер жатады?

 

БІРІНШІ БӨЛІМ. МИКРО ЖӘНЕ МАКРОФОРМОЛОГИЯ




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 2339; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.