КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Еріксіз тербеліс
Еркін тербеліс амплитудасы тұрақты тербеліс. Денелер еркін тербелістер кезінде бір жиілікпен тербеледі. [Гц] меншікті жиілік
Еріксіз тербелістердің жиілігі ν (Гц) әртүрлі, мәжбүр етуші күштің Fм.к (периодты) әсерімен анықталады. Егер Fм.к косинус немесе синус заңы бойынша өзгерсе, тербеліс гармониялық тербеліс деп аталады. Fм.к=Fmaxcosω0t – еріксіз тербелістер жиілігі (мәжбүр етуші) сыртқы күштің өзгеру жиілігіне тең. Резонанс - еріксіз тербелістің амплитудасының кенеттен арту құбылысы (бір тербелмелі жүйеден екіншісіне энергия толық беріледі).
Толқындар Толқындар –уақыт өтуіне байланысты кеңістікте тербелістің нүктеден нүктеге (бөлшектен бөлшекке) таралуы
Толқындар көлденең және қума толқындар болып бөлінеді. Ортаның бөлшектері толқынның таралу бағытына перпендикуляр толқындар - көлденең толқындар, т ербеліс болып өткен түзудің бойымен таралатын толқындар- қума толқындар.
Толқын ұзындығы λ[м] - бірдей фазамен тербелетін ең жақын екі нүктенің арақашықтығы (тербелістің бір период ішінде серпімді ортада таралатын арақашықтығы) Толқын жылдамдығы υ[м/с] - белгілі фазасы бар тербеліс нүктесінің орынауыстыру жылдамдығы (өр мен сайдың орынауыстыру жылдамдығы)
υ – ортаның қасиетіне байланысты ν(Т) – толқын көзіне байланысты
Ортадағы толқындар
Дыбыс – тербеліс жиілігі 16Гц – 20000Гц аралығындағы механикалық қума толқындар. Инфра <= ν=16Гц – 20000Гц => ультра дыбыс. Дыбыс тоны – жиілігімен анықталады (төменгі тон, жоғарғы тон). Дыбыстың қаттылығы – амплитудасымен анықталады. Дыбыс таралу үшін дыбыс көзі мен дыбыс қабылдағыш арасында серпімділік қасиеті бар қандай да бір орта болу тиіс. Ауасы жоқ бостықта дыбыс толқындары тарай алмайды. Әртүрлі ортада дыбыс әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Мысалы, суда ауадағыға қарағанда 4,5 есе тез тарайды.
υауада ≈ 330 м/с υсуда ≈ 1480 м/с
Акустикалық резонанс: дыбыс толқындары жүйеде еріксіз тербелістер туғызады. болғанда резонанс болады. Толқынның қасиеттері
Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 3850; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |