Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Шымкент 2014




 

Әдістемелік нұсқау 3-курс 5В110400 «Медико-профилактикалық іс» мамандығының студенттеріне «Маркетинг және менеджмент негіздері»» пәнінен объективті құрылымдық тәжірбиелік емтиханды тапсыруға арналған.

Құрастырғандар:

 

Төлегенова А.А «Қоғамдық денсаулық сақтау №2» кафедрасының аға оқытушысы

Бегембетова А.К. «Қоғамдық денсаулық сақтау №2» кафедрасының оқытушысы

 

 

Кафедра отырысында талқыланып, бекітілді.

 

хаттама № «____» __________2014 ж.

Кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор м.а. А.М. Жақсыбергенов

Әдістемелік кеңес мәжілісінде бекітілді.

 

хаттама № «____» __________2014 ж.

  1. Кіріспе

Тәжірибиелік дағдыларды бағалауға арналған тапсырмалар тізімі 3 кезеңнен тұрады. Олар маркетинг және менеджмент негіздері бойынша барлық негізгі сұрақтарды, соның ішінде денсаулық сақтаудағы басқару, маркетинг теориясы мен тәжірибиесі саласындағы, маркетингтік зерттеулердің әдістері мен құралдарын (ранжирлеу, ABC, VEN, SWOT – талдаулар) қолдану бойынша біліктілігі мен меңгерген дағдыларын қамтиды.

Әрбір тәжірибиелік тапсырма жұмыс орнына негізделген (бекеттер), зал сәйкес тапсырманы орындауға қажетті материалдармен жабдықталған. Емтихан тапсырушы барлық тапсырмаларды 20 минутта орындап шығуы тиіс.

Емтихан нәтижелерін бағалау студенттің барлық кезеңдерінде алынған бағаларының қосындысынан шығарылады. Емтихан тапсырушы барлық бекеттерді өту барысында кемінде 10 балл жинау керек.

2. Студент үшін ақпарат:

· ОҚТЕ басталар алдында емтихан тапсырушы емтихан комиссиясының хатшысына сынақ кітапшасын тапсырады, тіркеледі, тізімде белгіленеді және жеке код алады.

· Емтиханда студент төрағадан тапсырма, қосымша аттестациялық парақ алады және кезеңдерді өту жоспарына сәйкес тапсырмаларды орындауға кіріседі.

· Тапсырманы орындау барысында студент:

o Критерилерде белгіленген өз әрекеттерінің тізбегін қадағалау керек;

o Тапсырмаларды орындау барысындағы өз әрекеттерін нақты және қысқа түрде сипаттау керек;

o Тапсырманы орындауға бөлінген уақытты қадағалауы керек;

o 1-кезең тапсырмасын орындау барысында студент берілген тапсырмалар бойынша маркетинг және менеджмент негіздері бойынша білімдерін көрсетеді;

o 2-кезең тапсырмасын орындау барысында студент берілген ситуациялық есеп бойынша маркетингтік зерттеулердің әдістерін көрсетеді;

o 3-кезең тапсырмасын орындау барысында студент берілген ситуациялық есеп бойынша медициналық ұйым және қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау дағдыларын көрстетеді.

· Емтихан тапсырушы барлық кезеңдер тапсырмаларын орындап болғаннан кейін емтихан комиссиясының хатшысына бағалау парағын тапсырады.

 

3. Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат:

· ОҚТЕ басталар алдында емтихан қабылдаушы «ОҚМФА студентінің оқу жетістіктерін қорытынды бақылаудағы тәжірибиелік дағдыларды және ОҚТЕ технологияларын меңгеруді аттестациялауды ұйымдастыру және өткізу туралы ережелермен» және берілген әдістемелік нұсқаулармен танысады.

· Осы әдістемелік нұсқаудың п.5-дегі талаптарға сәйкес кезеңдердің жабдықталуын тексереді.

· Тапсырмаларды орындау барысында емтихан тапсырушының тәжірибиелік дағдыларын меңгеруін бағалауда емтихан қабылдаушыға арналған нұсқауларға сүйенеді.

· Емтихан тапсырушының тапсырмаларды орындаудағы қадамдық әрекеттерін бағалау мен балл қоюдағы шынайылыққа жауап береді.

· Кезеңді орындаудағы қадамдық әрекеттерді бағалайды және балдарды емтихан парағына (1-қосымша) қояды, кезеңдердің балдарының қосындысын емтихан тапсырушының қосымша аттестациялық парағына (2-қосымша) қойылады, параққа қол қояды және оны студентке береді.

 

Компетенциялар:

білім:

· маркетинг және менеджмент пәні мен міндеттерін;

· анықтамалар мен терминдер: рынок, бәсекелестік, маркетингтік зерттеулерді;

· денсаулық сақтау саласын басқарудың үрдістік ұстанымын.

 

 

үйрену:

· денсаулық сақтау жүйесінде басқару механизмдерін тиімді қолдануға;

· қызметкерлердің іс-шараларын координациялау және тиімді бағыттауға;

· басқарудың дестабилизация факторларын болдырмауға;

· маркетингтік зерттеулер жүргізуге.

 

 

дағдыларды меңгеру керек:

· маркетингтік зерттеулердің құралдарын және тәсілдерін (ранжирлеу, АВС, VEN, SWOT – анализ) қолдануды;

· медициналық қызметтердің бәсекелестік қабілетін бағалауды;

· шешім қабылдауды, тікелей және қайтара қарым-қатынасты ұйымдастыру және басқаруды, қорытынды нәтижелерін бағалау және қадағалауды.

«Маркетинг және менеджмент негіздері» бойынша ОҚТЕ кезеңдерінің тізбегі

 
 


Тапсырмалардың тізімі(кезеңдер)

Кезең№ Студенттерге арналған тапсырмалар Макс.балл Уақыт
  Маркетинг және менеджмент негіздерінің теориялық негіздерінен білімін көрсету 6 балл 5 мин
  Маркетингтік зерттеу әдістері мен құралдарын қолдану 7 балл 5 мин
  Медициналық қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау, шешімді жүзеге асыруды ұйымдастыру және басқару 7 балл 5 мин
  Барлығы    

Кезеңдер бойынша ОҚТЕ өткізуге арналған жабдықтар тізімі

Кезеңдер Қажетті жабдықтар
  Маркетинг және менеджмент негіздері және биостатистиканың теориялық негіздері бойынша білімін көрсету Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат, сағаттар, қаламсап, емтихан тапсырушыға арналған қағаз парақтары, таратылатын материалдардың тақырыптық жиынтықтары
  Маркетингтік зерттеулердің әдістері мен құралдарын қолдану Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат, сағаттар, қаламсап, емтихан тапсырушыға арналған қағаз парақтары, таратылатын материалдардың тақырыптық жиынтықтары, калькулятор, сызғыш, қарындаш, өшіргіш
  Медициналық қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау, шешімді жүзеге асыруды ұйымдастыру және басқару   Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат, сағаттар, қаламсап, емтихан тапсырушыға арналған қағаз парақтары, таратылатын материалдардың тақырыптық жиынтықтары, калькулятор, сызғыш, қарындаш, өшіргіш

Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушышың іс әрекетін балдық бағалау критерилері

Кезең 1

Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат: Маркетинг және менеджмент теориялық негіздерінен студенттің білімін бағалаңыз.

 

Қадамдарды бағалау критерилері Өте жақсы Жақсы Қанағат. Қанағ-сыз
  Қадам 1 2,7-3,0 2,25-2,67 1,5-2,22 0-1,47
  Қадам 2 2,7-3,0 2,25-2,67 1,5-1,22 0-1,47
  Барлығы 5,4-6,0 4,5-5,34 3,0-4,44 0-2,94

Максимальді балл: 6 балл

Уақыт: 5 мин

Кезең 2

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Маркетингтік зерттеу әдістері мен құралдарын қолдану бойынша студенттің дағдыларын бағалау

 

Қадамдарды бағалау критерилері Өте жақсы Жақсы Қанағат. Қанағ-сыз
  Қадам 1 3,15-3,5 2,625 -3,115 1,75-2,59 0-1,715
  Қадам 2 3,15-3,5 2,625 -3,115 1,75-2,59 0-1,715
  Барлығы 6,3-7,0 5,25-6,23 3,5-5,18 0-3,43

Максимальді балл: 7 балл

Уақыт: 5 мин

Кезең 3

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Медициналық қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және статистикалық шамаларды есептеу және бағалау бойынша студенттің дағдыларын бағалау

 

Қадамдарды бағалау критерилері Өте жақсы Жақсы Қанағат. Қанағ-сыз
  Қадам 1 3,15-3,5 2,625 -3,115 1,75-2,59 0-1,715
  Қадам 2 3,15-3,5 2,625 -3,115 1,75-2,59 0-1,715
  Барлығы 6,3-7,0 5,25-6,23 3,5-5,18 0-3,43

Максимальді балл: 7 балл

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин

Кезең 1




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 777; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.03 сек.