Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Молотов-Лучанский В.Б., Мациевская Л.Л., Цаюкова Н.А. 4 страница




Достық қатынасты білдіретін мұндай ымдар кейде қарама-қарсы мағынаны білдіреді. Сондықтан да теріс белгілерді көруге үйренуіміз қажет.

Төменде антипатияны білдіретін бірнеше белгілер берілген:

- қабағы қатыңқы түр

- қарсыласының көзіне тіке қарағысы келмеуі

- бір жерден екінші жерге жүру

- есінеу

- тісті шұқу

- тырнақты тазалау

Бұл белгілерді сізге ақпарат ретінде қабылданады.

Кейбір қорғаныс әдістері:

- Қолдарын шынтақ буынынан бүгіп, айқастырған. Мұндай ым қауіпті сезген немесе өзіне сенбеген адамға тән, әсіресе ол адамды жақсы танымаса.

- Қолдары денесіне көлденең тұрса. Бұл қалып жоғарыда аталған белгіні білдіреді, яғни қорғаныстың көрнісі

- Қолында шылым болса. Адамның жеке кеңістігіне рұқсатсыз енудің ең күшті белгісі болып табылады.

- Аяқтарын айқастыру. Көңіл-күйінің жоқ кезінде немесе қауіпті сезінгенде осы қалыпты қабылдайды.

- Екі қолында қатты бір нәрсені қысып ұстап тұруы. Қорғанысты немесе нервозды қалпын жасыру ретінде қолданылады.

Вербальді емес қатынас белгілі бір ортада жүреді. Қатынасу ортасы болып, сол уақыттың жайы табылады. Қатынасу ортасына адамды қоршаған орта, кездесудің жағдайы, эмоциональді атмосфера, қатынасудың мотиві және сол жердегі кеңістік жатады. (1 сурет).

 

 

Қатынасу кеңістігі.

 

           
   
 
 
 
   

 

 


 

Қатынасу кеңістігі ым, күлімсіреу жән қол алысу көмегімен жүзеге асады. Мұндай вербальді емес қатынасу кеңістігінде қашықтық болады. Қатынасу кеңістігі коммункацияға қатысушылардың жайлылығын тудыру үшін кеңістік шекараларын сипаттайтын қатынасу қашықтығы болып табылады. Қатынасуды жүзеге асыру үшін қолданылатын қашықтықтың төрт негізіг түрі бар.

Қашықтықтар:

1. 0-ден 45 см-ге дейін — интимді, жақын адамдардың қарым-қатынасында кездеседі: күйеуі мен әйелінің, анасы мен баласының, жақын достардың және туыстардың арасында болады. Бөгде адамның интимді аймаққа кіруі тітіркенуді және қарсылықты шақырады. Шиеленісті немесе қауіпті жағдайларда интимді аймақта жақын адамның болуы мүмкін ғана емес, сонымен қатар қажет. «Дәрігер-науқас» қарым-қатынасында науқас интимді аймаққа жіберілмейді. Науқаспен қатынасу – бұл әлеуметтік нормалы тәртіппен және ролдік бөлінумен сипатталатын ресми қатынас. Тек қана науқастың өміріне қауіп төнген жағдайда ғана біз интимді қатынасқа барамыз: оған өлім аузындағы науқаспен, онкологиялық науқасқа диагнозын немесе болжамын жеткізерде, суйцидке бейім депрессивті науқастармен қатынасу жатады. Интимді қашықтық летальді аяқталуға мүмкін операция алдында науқастармен қатынасу кезіне де қолданылады.

2. 45 см-ден 120 см-ге дейін жеке қашықтық деп аталады. Ол «серіктестік қатынасу» деп сипатталады, яғни жалпы қызметпен байланысқан бірдей әлеуметтік деңгейдегі адамдардың арасындағы қатынасу. Жеке қашықтық психотерапия жүргізгенде қолданылады.

3. 120 см-ден 400 см-ге дейінгі — әлеуметтік қашықтық — бұл текі жақтың ресми немесе формальді қатынасуы кезінде қолданылады. Арнайы зерттеулердің нәтижесі бойынша, науқастарға қашықтықты таңдауға мүмкіндік берсе, олардың 200 см таңдайтыны анықталды. Дәл осы қашықтықта науқас дәрігермен қатынасуда өзін жайлы сезінеді. Байланыстың нығаюына байланысты қашықтық азаюы мүмкін. Қашықтықтың азаю жылдамдығы науқастың психологиялық ерекшеліктеріне және дәрігердің кәсіптік дағдыларына байланысты болады. Қашықтықты тез қысқартатын науқастар инфантилизммен және эмоциональді көмекке мұқтаждыққа тәуелді болады.Оларда көбіне психологиялық қиындықтар болып, соны дәрігердің жауапкершілігіне қалдыруға тырысады.

Дәрігердің кәсіптік қатынасында өз компетенттілігінің шекарасын ұстануы аса қажет, сондықтан ол науқастың өміріне белсенді араласуға тиісті емес.

4. 4 м-ден 7,5 м дейінгі қашықтық бұқаралық қашықтық деп аталып, бір уақыттағы бір неше адамның формальді қатынасын сипаттайды Мысалы, мұндай қашықтықта мәжілістер немесе жиналыстар өткізіледі.

 


3 БӨЛІМ. МЕДИЦИНАЛЫҚ СҰХБАТТАСУДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ

Медициналық сұхбаттасу – клиникаға салыстырмалы жақында келген термин. Ол бұрын байланыстың әлеуметтік психологиясында қолданылды, одан кейін клиникалық психологияға ауысты. «Коммуникативті дағдылар» пәні шеңберінде ол дәрігердің науқаспен диалогы ретінде анықталады. Бұл термин дәрігердің науқаспен сұхбатты құрудағы жалпы тәсілдерінің оқытылуы жоспарында сәтті ұсынылады. Пропедевтикалық клиникада студенттер «науқастан сұрау» деп аталатын тарауды түбегейлі меңгереді. Бұл сұраудың құрылымына пациенттің шағымдарын нақтылауды, сырқат және өмір анамнездерін жинақтауды қосылады. Сұрау – науқасты тексерудегі ерекше жауапты бөлім болып табылады. Сондықтан да сұрау жүргізу барысында коммуникативті дағдыларды білу аса маңызды. Дәрігерлердің мамандығына, симпатиясына, құмарлықтарына тәуелсіз қолданатын тәсілі – ол өзін науқасқа көрсету.

Дәрігерге біріншіден өзін білу маңызды. Әр адамдның адамдармен қарым-қатынасында өзіндік стилі бар. Кім де кім өзінің қорларымен, шығармашылық мүмкіншіліктерімен және тұлғалық өсуімен ойланса, өзінің нәтижелілігін жоғарлатуға ұмтылады және... өзінен бастайды.

Әрине, шығармашылық белгісіздікті ұлғайтып, үнемі тәуекелділікті қамтиды және көбісі шығармашылықты шектейді. Сабырлық формасында алынған ұтыс, төменгі нәтижеде тұрған толық емес өзін іске асыруда, ауыр шешімдерде, жоспарлардың бұзылуында ұтылысқа айналады. Сонымен бірге, біздің үнемі өзгерістегі дүниемізде шығармашылықтың болмауы тәуекелділік қана емес, және де қауіпті.

Сонымен, біздің негізгі қарсыластарымыз – біздің ішімізде. Ол кертартпалық, апперцепцияны ұстанушылық, өзінің күштеріне сенбеу және осының барлығының нәтижесі ретінде – жолдың соңындағы түңілу және дипрессия жатады.

Бұл жерде тұлғалық және кәсіптік даму – түңілу мен эмоциональды жадаулықтан өте жақсы құрал екенін ұмытпау керек. Біздің өмірлік тәжірибеміз көбіне бізге қарсы айналып отырады. Бір полюста толық үйлесімдікке, барлық бөлшектерді жіктеуге, қорғалған, қауіпсіз өмір бейнесіне ұмтылатын белсенді және мақсаткер адамдарды континуумға орналастыруға болады. Ал басқасында – шығармашылыққа ұмтылатын, тек негізгі шешімдерді іздейтін және барлық бөлшектерді талқыламайтындарды орналастыруға болады. Берілген континуумда әр түрлі жағдайда болатын мамандар сұхбатта өздерінің нәтижелілігін жоғарлатуға ұмтыла алады.

Бәрінен бұрын дәрігерге өзін, өзінің психикалық үрдістерінің және мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін жақсы білу керек. Психикалық үрдістердің бөлігінің өзіндік сигменттері болады. Олар еріктік реттеулерге бағынышты. Басқаларға тек тікелей ықпал жасауға болады.

Дербес: түйсік, ес, сана, ойлау, ерік, қиял. Дербес емес көңіл-күй, сезім және эмоция. Көбіне дербес емес өмірлік тонус, энергетикалық потенциал, симпатия және антипатия.

Сонымен, тонус және энергетикалық потенциал әлеуметтік тренинг нәтижесінде өз бетімен болуы мүмкін. Өз өмірінің уақыт жолында қозғалуға үйренуге, туылғаннан бастап өлгенге дейін, қажеттілігі барда сол жаста ұзақ уақыт өз бетімен болуға болады.

Өзінің білімін, өзіндік өмірлік тәжірибені мобилизациялай білу маңызды. Өйткені біз өзіміздің сезінуімізден гөрі көп білеміз. Өзінің психикалық үрдістерін тез мобилизациялау, еріксіз үрдістерге тікелей ықпал ету – психотерапевттің маңызды кәсіби дағдысы. Сондықтан да өзінің негізгі психологиялық сапаларын: интуицияны, эмпатияны, апперцепцияны, симпатияны, рефлексивтілікті зерттеу керек.

Интуиция (сезгіштік) — логикалық негіздеусіз, бұрынғы тәжірибені мобильдеуде тез, сайлау негізінде, шапшаң жолмен, санасыз жинақтауда ақиқатқа жету. Интуицияны қосудағы жылдамдықтың мағынасы бар.

Интуитивтік ой қорытындысы қауіптің немесе апперцепцияның дамуын асып өтуі мүмкін. Бұл жағдайда біз дамыған, жылдам интуиция туралы айтамыз. Бұндай интуиция бізге дұрыс шешім беруі мүмкін. Оны диагностикалық және терапевтік үрдістерде қолдану маңызды.

Интуициясы дамыған мамандар қосымша кәсіби мүмкіндіктерге ие болады. Басқа терапевттерде интуиция өзін көрсетпеуі мүмкін (үнсіз интуиция) немесе жалған ақпараттармен қорытындыларды беретін интуиция (зақымданған интуиция). Интуициця үнсіз болған жағдайда, маман оның қорытындыларына сүйену мүмкіндігінен айрылады, және ол оның құралдарын кедейлендіреді.Егер интуиция жалған ақпарат берсе, оның көмегімен алынған қорытындылардан бас тартуға үйрену қажет, өйткені ол көп қателіктерден қашуға көмектеседі.

Біздің мәліметтеріміз бойынша, көбіне интуиция үреймен зақымданады. Үрей деңгейі жоғары болса, соғұрлым маманның терапевтік мүмкіндіктері төмен. «Еркімен жүзген үрей» бұл қатынаста мейлінше деструктивті. Зақымданған интуицияда трансактивті анализдің ұғымдық аппаратын қолдана отырып, біз көбіне бұзылушылықты адамның Балалық жағдайында болатынын анықтаймыз және оны емдеу адамның Балалық жағдайдағы тұлғаны емдеумен байланысты болады.

Келесі негізгі мінездеме болып басқа адамның рухани және жан дүниесіне кіру қабілеттігі - эмпатия ұсынылады.

Адамның психикалық жағдайына ену және бағалау – эмпатияның қызметі болып табылады. Оның деңгейі туыла біткен қабілеттерге байланысты, бірақ арнайы жаттығуларда жоғарлайды. Эмпатия және күйзеліс, адамға жан ашу – бір-бірімен аз байланысқан ұғымдар. Эмпатия - бұл басқа адамның ішкі дүниесіне күйзеліссіз кіру.

Күйзеліс мүмкіндіктері симпатия деген атқа ие болды. Кейбір адамдарда симпатия деңгейі жоғары және олар үнемі қоршағандарға күйзеледі. Кейдешапшаң және үнемі күйзелу, эмоция ойлау үрдісін, гипотезаны құру қабілеттілігін қиындатады. Басқа көп жағдайларда, симпатия қабілеттілігі маманның науқасқа қосылуына, жақындауына мүмкіндігін және терапияның жалпы нәтижесін жоғарлатады. Басқа, шеткі нұсқауға шектелген, суық, күйзеліске төменгі қабілетті адамдар жатады.

Сіздің симпатияның қаншалықты дамығанын, оның тербелістерінің қандай екенін, оның қорларды терапевтік үрдісте жүдеуліксіз және астенизациясыз қаншалықты қолдану мүмкіндіктерін білу қажет.

Эмпатиясы жоғарғы деңгейдегі адамдарда симпатия көбіне төмен деңгейде болады. Жиі симпатиясы дамыған және эмпатиясы төмен дамыған адамдарды көп кездестіруге болады. Әсіресе, әйелдер арасында симпатияның жоғарғы деңгейі көп кездеседі. Ал ерлер арасында – эмпатия жоғарғы деңгейде. Симпатия жоғары және эмпатия төмен болса, адамның алдануға, жалған хабардар болуға ықтималдығы жоғары. Қандайда симпатия деңгейімен айрықшалансаныз да, сіз, әр бір адам секілді бұрынғы тәжірибе тұтқынында боласыз, апперцепция деп аталатын бұрынғының үктемдігінде өмір сүресіз. Осы көп қолданатын ұғыммен психикалық үрдістердің қазіргі кезде бұрынғы тәжірибеден, білім қорынан, рухани өмірдің жалпы мағынасынан, белсенді психикалық жағдайдан тәуелділігі айтылады. Адамның өмірлік тәжірибесі және оның сезіммен қамтылғандығы көп болса, соғұрлым ол жаңаны көру мүмкіндігі төмен, көбіне барлығын белгілі, зерттелген, апперцепция заңы бойынша түсіндіреді. Одан әрі, қоршаған ортаның жағдайлары мен құбылыстарынан тек таныс, үйренген шектерди ғана көреді.

Бұндай адамдарда жаңа және беймәлімнің үйреншіктіге, ескіге деген мәліметтің арнайы технологиясы қалыптасқан. Бұл адамдар мынадый мақалды алдыға қойып жүреді: «барлық жаңа – жақсы ұмытылған ескі». Апперцепцияға біз әлі ораламыз, ал қазір рефлексияға көңіл аударайық.

Рефлексия ұғымымен адамның өзінің ішкі дүниесін өзіндік тануы түсіндіріледі. Ол адамның рухани және жан дүниесінің ішкі құрылымы мен ерекшелігін ашатын өзін-өзі тану көмегімен жүзеге асады. Рефлексия үрдісі тұлғалық өсуге, жоғарлауға қажет. Позитивті және негативті рефлексия болады.

Позититі рефлексия өзіндік құндылығын және кемшіліктерін шығаруға, біздің құндылықтарымыздың даму жолдарын көруге, және кемшіліктерімізді азайтуға немесе асып өтуге көмектеседі. Нәтижесінде өзіндік тұлғаның позитивті бейнесі сақталады және бекемденеді.

Негативті рефлексияда кемшіліктерді ретінде көрсететілетін мінездемелер өзін-өзі бағалаудың төмендігін нығайтады. Мұндай адам өзінің мүмкіндіктерінің төмендігін үнемі есінде сақтайды. Ол өзіне сыншыл, өз мүмкіндіктерін бағалауда пессимист. Сонымен, біз өз мүмкіндіктерімізге, өз рухани және психикалық жағдайымызға жақсы сезінеміз, біздің сырт келбетіміз, кездесу жүргізілетін жердің күйі сұхбаттасушыға қандай әсер қалдыратынын сезінеміз. Енді жеке технологияларды баяндауға көшуге болады.

Біз әр технология туралы ақпараттарды толық сипаттамасы екендігін сақтай отырып тізбектеп беріп отырамыз. Бұның әр қайсысы жеке мақала немесе кітап пәні болуы мүмкін. Және де, технологиямен шамалы танысу аздау, әр техниканы зерттеп және оны біздің жеке, қайталанбас жүйемізге қосу қажет.

Терапевттің кәсіби мінез-құлқының жалпы стилін мазмұндайтын технологияны сипаттаудан бастаймыз.

Дәрігердің конгруэтнті, тиімді мінез-құлқы.

Дәрігердің мұндай мінез-құлқы мыналарды өзіне жатқызады:

әңгімелесушіге қосылу деңгейінің жеткіліктілігі,

— көзбен көру немесе визуальді байланысы,

— адекватты қимыл немесе ишара тілі,

— әңгімелесушінің вербальды емес және вербальды әңгімесіне көңіл бөлу.

Сіз әңгімелесушіге қарсы 45 градус бұрышта отырсыз. Осы әңгімелесушілердің шиеленіс тудырмай бір-бірін бақылауға көмектесетін бұрыш. Әңгімелесушіге сіздің корпусыңыздың бұрылуы, табиғи, аздап қаржысыздық күйі сіздің қызығушылығыңызды және байсалды сенімділігіңізді білдіреді...Сіз «мұқиятты релаксация» аталған жағдайда боласыз. Әңгімелесушіден шығатыннның барын көресіз, естисіз және сезесіз... Сіздің вербальды және вербальды емес онымен байланысыңыз бір-бірімен үйлесімділікте...

Вербальды ақпарат оған сай интонациямен беріледі. Өйткені, ақпарат хабарлама мазмұнын қамтамасыз етеді; интонация берілген хабарламаға қалай қатынасатынын көрсетеді. Сонымен қатар, қатынастың жақындын дәрежесін, атмосфераны береді.

Қарым-қатынастың вербальды емес деңгейі: ым, пантомимика, қалып, вегетативті реакция, пульс, дем алу жиілігі, сізден шығатын иістер - осының бәрі бір-біріне сай келуі керек, осылайша вербальды деңгейге де, және қатынастағы конгруэнттік мінез-құлықтың үйлесімділігін тудыру керек.

Әңгімелесу кезінде сіз үнемі аралық гипотезалар тізбегін бірінен кейін бірін тудырасыз. Олар туады және өшеді. Олардың міндеті – сіздің ойыңызды, қиялыңызды ынталандырады. Ол – ішкі жұмыс. Әңгімелесушіге ол гипотезалар мағынасы хабарландырылмайды.

Конгруэнтті, тиімді мінез-құлық сіздің әңгімеге толық енуіңізге әкеледі және сіздің қорларыңыз үнемді тұтынылады. Бұлай сіз қатынас технологиясын қолданған кезде болады.

Тиімді, конгруэнтті қарым-қатынасқа жағдай жасауға, сонымен бірге кедергі жасауға мынадай жағдайлар әңгімелесушілердің бір жыныстан болуы, жастарының жақын болуы, әлеуметтік жағдайы немесе басқа мағыналы мінездемелердің кедергі келтіруі мүмкін.

Құрылым технологиясы.

Барлық әңгімелесу үшін қажетті болып оның құрылымы табылады.

Бұл технологияны қолдану барлық қарым-қатынастың толығымен және оның жеке кезеңдерін ұйымдастыруға әкеледі. Міндетті болып мақсат, міндеттерді, фрагменттерді, уақыт шығындарын, әр фрагменттің, барлық кездесулердің және толығымен курстың нәтижесін жоспарлау табылады. Кездесудің аяқталғаны туралы шешімді әңгімелесушілер бірігіп шешкені маңызды.

Сіз кездесудің жалпы мазмұнын, ұзақтығын және нәтижелігінің жоспарын айтқаннан бастап, сол уақыттан бастап сіз өзіңізге нақты міндеттеме аласыз. Ол ауызша мәлімеге келу ж әне осы міндеттердің орындалуын әңгімелесушіңіз мұхият қадағалауы ықтимал.

Сонымен бірге, кездесудің нәтижелілігін ол көбіне терапевт алған міндеттемелердің қаншалықты орындайтыны бойынша бағалайды. Кездесу соңында ықпал ететін тұжырым (резюме) жүргізу керек. Оны біз төменде қарастырамыз, ал әзірше құрылымды қалай жүргізу туралы және сол кезде әңгімелесушіге қосылу, қатынасы туралы айтамыз.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 926; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.