Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Персонализациялау технологиясы. 3 страница




Клиникада А. Е. Личко және И. Я.Иванов (1980) ұсынған сырқатқа қатысты типтер классификациясын қаолданған ыңғайлы. Оның бейімделген вариантын келтірейік. Келісілген стандарттар шкаласына сай, жақшаның ішіндегі әріптік символдарды науқастың мінез-құлқына баға беру кезінде қолдануға болады.

Науқастың сырқатына қатынасуының негізгі 13 типке бөлінеді:

1. Үйлесімді немесе гормониялы (Ү/Г). Өмірге түңілмейтін, ешбір асырусыз сырқатына дұрыс баға беру. Емдеу жетістігіне жету үшін белсенді құлшыну. Өзін күтушілерге ауыртпалық түсірмеуді қалайды. Қолайсыз жағдайлар туғанда, яғни мүгедектік кезінде көңілін басқаға аудару. Қолайсыз жағдайларда quo ad vitam ойын өзінің ісіне, жақындарының өміріне, солардың қамқорлығына жұмылдырады.

2. Үрейлі (Ү/Т). Сырқаттың қолайсыз ағымына, мүмкін болатын асқынуларына, емнің тиімсіздігіне секімшіл болу, үнемі үрейлену. Жаңа емдеу әдістерін іздестіру, сырқат, асқынулары, емдеу әдістері туралы қосымша ақпараттар жинауға жанталасу, «авторитеттерді» тынымсыз іздеу. Ипохондриядан ерекшелегі сонда сырқат туралы объективті мәліметтер (анализдер қорытындысы, мамандардың шешемі) көп қызықтырады. Сондықтан өзінің шағымдарын айтқаннан гөрі, басқалардың айтқандарын тыңдағанды қалайды. Көңіл-күйінің үрейлігі, жабырқану – үрейдің салдарынан туындайды.

3. Ипохондриялық (И). Көңілі субъективті сырқатқа және басқа жағымсыз сезімдерге жұмылдырылған. Ол туралы үнемі айналаға айтуға ұмтылады.Осының негізінде шынайы және жалған ауруды асыра сілтеп көрсетеді.Дәрілердің зиянды әсерін ерекше әсерлеп көрсетеді. Емделуді қалап тұрып, оның жетістіктеріне сенбеушілік танытады және ұқыпты тексеруді талап етіп, ем-шаралардан қорқу сезімдерін көрсетеді.

4. Меланхолиялық (М). Сырқатпен басы қату, сауығып кетуге, емнің тиімділігіне сенбеушілік. Суицидальді ойларға дейін белсенді депрессиялық ойларды айту. Қоршаған ортаға пессимистік көз- қараспен қарау. Объективті мәліметтердің қолайлы болған кезінде де емге сенбеушілік.

5. Апатиялық (А). Өзінің ғұмырына, сырқаттың соңына, емнің қортындысына толық парықсыздық. Емделулер мен шараларға еріксіз көндігу. Бұрын толғандырған нәрселердің бәріне қызығушылықтың жойылуы.

6. Неврастениялық (Н). Мінез-құлқы «тітіркендіргіштік әлсіздік» түрінде танылады. Тітіркендіргіштік әсіресе ауырған кезде, жағымсыз сезімдерде, емнің сәтсіздігінде, зертеулердің қолайсыз мәліметтерінде ашу ретінде байқалады. Тітіркендіргіштік алғашқы кездескен адамға тиеді және кейде өкінішпен, жылаумен аяқталады. Ауырсыну сезімдеріне көндікпеу. Шыдамсыздық. Жеңілдікті тоса алмау. Кейінен шыдамсыздық пен мазасыздық көрсеткеніне өкіну.

7. Обсессивті-фобиялық (О). Үрей және күмәншылдық ең біріншіден шынайы қауіптерге емес, мүмкін болмас асқынуларға, емнің сәтсіздігіне, сонымен қатар (аз негізделген) сырқатпен байланысты өмірдегі, жұмыстағы, отбасы жағдайында сәтсіздіктеріне ауады. Шынайыдан гөрі, ойдан шығарылған қауіптер толғандырады. Үрейден қорғануға ырымдар мен салт –жораларды қолданады.

8.Сенсетивтік (С). Қоршаған ортаға өзінің сырқатының мәліметтерінің әсер ету туралы қолайсыз сезімдерге шектен тыс уайымдау. Айналасындағылардың одан қашқақтайтынына, сырқаты жайында қолайсыз өсектің таралуынан қорқу. Сырқатына байланысты жақындарына масыл болуға және олардың ұнатпаушылық қарым-қатынастарынан қорқу.

9. Эгоцентрикалық (Я). “Сырқатқа беріліп кету”. Жақындарының және айналадағылардың көңілін өзіне қарату мақсатында өзінің уайымы мен қиыналысын сыртқа көрсету. Барлықтары бар жұмысын тастап, тек науқастың ғана жанын ойлап, қамқоршылық етуді талап етеді. Айналасындағылардың әңгімелерін өзіне қабылдайды. Басқа адамдардан да қамқорлық талап етеді және оларға жақтырмай қарайды. Үнемі өзінің сырқатқа ерекше қатысын көрсетуге ынталанады.

10. Эйфориялық (Ф). Көңіл- күйі негізсіз көтереңкі, кейде ойнақы. Сырқаты мен еміне жеңілтек қарайды. Сырқаттың өздігінен жазылатынан үміттенеді. Сырқатына қарамастан өмірден барлығын алуды тілейді. Күн тәртібіне жеңілтек қарауы ауру ағымына қолайсыз әсер етеді.

11. Анозогнозиялық (3). Сырқат туралы, оның зардабы туралы ойларды есінен белсенді шығарып тастайды. Сырқаттың байқалуларын, белгілерін басқа жеңіл аруларға жатқызып, мойындамайды. Тексерілулер мен емделуден бас тартады. «Өзінің заттарымен» емделгенді қалайды.

12. Эргопатиялық (Р). «Сырқаттан жұмысқа беріліп кету». Сырқаттың ауырлығына, қиналуына қарамастан жұмысын жалғастыруға тырысады. Бұрынғыдан гөрі ынтамен жұмыс істейді, барлық уақытын жұмысқа арнайды, емделуге тырысады, бірақ жұмысты жалғастыру мүмкіндігін тастамайды.

13. Паранойлық (П). Сырқаттың біреудің жаман ойынан туындағанына сенімді болу. Процедуралар мен емделулерге шектен тыс күмәншылдықпен қарайды. Мүмкін болар асқынуларға немесе дәрілердің кері әсеріне, дәрігерлердің және қызметкерлердің немқұрайды қарайтынына жала жабуға ұмтылады. Осыған байланысты жала жауып, жазалауды талап етеді. Сырқатқа байланысты қарым-қатынас жүйесі сипатталған типтердің біреуіне де келмеуі мүмкін. Бұл жерде белгілері өзара ұқсас (үрейлі-обсессивті, эйфориялық-анозогнозиялық, сенсетивтік-эрогпатиялық және т.б.) аралас типтер туралы сөз болуы мүмкін.

Психологиялық типтерді анықтау дәрігер үшін науқастың мінез-құлқын дұрыс бағалау және оны емдеу тактикасын анықтау үшін маңызды. Сондықтан дәрігерлер науқас туралы мәліметтерді жинай және бір тақырыпта әңгімелесе білуі керек. Жетекші ми нейрофизиологиясы ғылыми-зерттеу институты сырқатқа қатысты типтерді объективті анықтау үшін өздерінің салаунамаларын (Бехтерев институтының тұлғалық салаунамасы, қысқаша ЛОБИ) ұсынды. Сырқат әсерінен пайда ауруға, емге, дәрігерлер мен медқызметкерлерге, жақындары мен туысқандарға, айнала мен жұмысына (оқуына), жалғыздық пен болашаққа және де (хал-жағдайына, көңіл күйіне, ұйқысы мен тәбетіне) паттерн қатысын диагностикалау. Сауалнаманы берместен бұрын науқаспен сенімді қатынас бекітеді, сауалнаманың мақсатымен, толтыру техникасымен таныстырады. Мысалы, әрбір тақырыпқа 1-ден 3-ке дейін (одан көп емес!) таңдаулар жасауға және таңдаулардың санын дөңгелектеуге болады. Егер еш бір анықтамалардың қатысы жоқ болса, онда О символы қойылады. Түсініктеме зерттеуді жүргізіп отырған дәрігерге қажет. Ол науқастың белгілі тақырыпқа жауап бергісі келмегенде, кестенің бос қалғанынан біледі. Бірақ, нөл саны мен толтырылмаған кестенің саны үштен аспауы керек. Тіркеу парағын толтыруға уақыт шектелмеген. Бірақ басқаларымен кеңесуіне болмайды.

 

2 кесте.

ЛОБИ тестісі

 

Таңдау № Ұсынылған таңдаулар Кодтан шешу балдары
  Хал-жағдайы  
  Ауырғаннан бері менің хал-жағдайым үнемі жаман Т
  Мен өзімді үнемі сергек және күшке толымын деп сезінемін  
  Нашар хал-жағдайымды жеңуге тырысамын Г
  Мен жаман хал-жағдайымды ешкімге көрсетпеуге тырысамын ПП
  Менде үнемі бір жерім ауырады И
  Менің нашар хал-жағдайым бір нәрсеге ренжігенде пайда болады Н
  Менің нашар хал-жағдайым келеңсіздікті күткенде пайда болады. Т
  Мен ауруды және физикалық азап шегуді шыдамдылықпен көтеруге тырысамын
  Менің хал-жағдайым толығымен қанағаттанарлық  
  Мен аурырғаннан бері, менде қозғыштық пен сағыныш сезімі ұстамасымен жүретін нашар хал-жағдайым болады ТН
  Менің хал-жағдайым қоршаған ортаның маған қалай қатысуына өте байланысты
  Ешбір анықтаманың маған қатысы жоқ
  Көңіл -күйі  
  Әдетте, менің көңіл -күйім өте жақсы Ф
  Ауырғанның әсерінен мен жиі шыдамсыз және қозғыш боламын ННТЯ
  Менің көңіл күйімді мүмкін болатын жағымсыз күтулер, жақындарды ойлағанда, болашаққа сенімсіздің бұзады ООС
  Мен аурыдың салдарынан өзімді жабығу мен мұңайуға жол бермеймін Г
  Аурудың салдарынан менде үнемі көңіл күйім жаман ИЯ
  Менің көңіл күйімнің жаман болуы хал-жағдайымның жаман болуына байланысты ТН
  Менде талғаусыз көңіл-күй пайда болды А
  Менде түнерген қозғыштық ұстамасы болып қалғанда, айналамдағыларға әсері тиеді
  Менде жабығу мен мұңайу болады, бірақ кейде ашу мен мейірімсіздік болуы мүмкін
  Сәл жағымсыздықтың өзі маған қатты әсер етеді П
  Аурудың салдарынан менде үнемі үрейленген көңіл күй болады ТТО
  Менің көңіл күйім, менің айналамдағы адамдармен бірдей болады
  Ешбір анықтаманың маған қатысы жоқ
  Ұйқы мен ұйқыдан ояну  
  Оянысымен, мен өзімді тұруға мәжбүр етемін
  Мен үшін таңертең – тәуліктің ең ауыр уақыты
  Егер мені бір нәрсе ренжітсе, мен көпке дейін ұйықтай алмаймын ТНО
  Мен түнде жаман ұйықтаймын және ұйқышылдық сезімі күндіз байқалады А
  Мен аз ұйықтаймын, бірақ сергек тұрамын, түстерді сирек көремін  
  Мен кешкіден гөрі, таңертеңгілік белсенді боламын және жеңіл жұмыс істеймін
  Менде жаман және мазасыз ұйқы және жиі қамыққан түстер болады  
  Ұйқысыздық менде жиі себебсіз пайда болады
  Егер таңертең белгілі бір сағатта тұру керек болса, мен тыныш ұйықтай алмаймын
  Таңертең мен сергек және жігерлі тұрамын  
  Мен оянғанда, бүгін не істеу керек деген оймен тұрамын СС
  Түнгілікте менде қорқыныш ұстамасы болады О
  Таңертеңнен бастап барлығына парақсыздықты сезінемін  
  Мен өз ұйқымды еркін реттей аламын  
  Түнімен жиі менің ауруым туралы ойлар мазалайды О
  Түсімде әр түрлі аурулар көремін  
  Ешбір анықтаманың маған қатысы жоқ
  Тәбет және тамаққа қатысы  
  Бөтен адамдар арасында тамақтануға ұяламын С
  Менің тәбетім жақсы ФП
  Менің тәбетім жаман И
  Мен тойып ішкенді ұнатамын  
  Мен тамақты еркін ішемін және тмаақтан өзімді шектемеймін  
  Менің тәбетімді оп оңай бұзуға болады  
  Мен бүлінген тамақтарды ішуден қорқамын және әр қашанда сапалылығы мен жаңалығын тексеремін И
  Тамақ мен үшін денсаулықты қуаттаушы құрал ретінде қызықтырады Р
  Мен өзім ойлап тапқан диетаны ұстауға тырысамын И
  Тамақ маған ешқандай ғанбеттілік әкелмейді  
  Ешбір анықтаманың маған қатысы жоқ
  Ауруға қатысым  
  Менің ауруым мені қорқытады Т
  Мен аурудан қатты шаршағаным соншалық, тіпті менімен не болатыны маған бәрі бір АА
  Ауру туралы ойламауға тырысамын және мардымсыз өмір сүрем ФФ
  Менің ауруым мені жабырқатады, өйткені адамдар менен қашқақтайтып сияқты С
  Ауруыммен байланысты мүмкін болатын асқынулар туралы шексіз ойлай беремін ОО
  Менің ауруым жазылмайтын және ешқандай жақсылықты күттірмейді деп ойлаймын И
  Менің ауруым дәрігердің немқұрайдылығынан асқынды деп санаймын П
  Менің ауруымның қауіптілігін дәрігерлер асыра сілтейді деп санаймын З
  Ауруымды жеңуге тырысып, бұрынғыдан бетер көп жұмыс істеймін РР
  Менің ауруым дәрігердің анықтауынан гөрі ауырлау екенін сезінемін И
  Мен саумын және ауру мені мазаламайды З
  Менің ауруым басқаларынан гөрі ерекше өтіп жатыр, сондықтан дәрігердің өзгеше қарауын қалайды ЯЯ
  Менің ауруым мені тітіркендіргіш, ашушаң қылады НН
  Мен кімнің кінәсінен ауырғанымды білемін және ешқашанда оны кешірмеймін П
  Мен барлық күшіммен ауруға берілмеуге тырысамын Г
  Ешбір анықтаманың маған қатысы жоқ
  Емге қатысым  
  Әр түрлі емдерден қашқақтаймын – егер ауру туралы аз ойласаң, организмнің өзі жеңіп шығауына үміттенемін
  Алдағы емге байланысты қиындықтар мен қауіп мені үрейлендіреді ––
  Егер осы арудан арылтса, ең қауіпті, қиын емге дайын болар едім
  Мен емнің жетістіктеріне сенбеймін және оны зая деп санаймын
  Мен жаңа емдеу әдістерін іздеп жүрмін, бірақ бірте-бірте олардан да көңілім қалды
  Маған керек емес дәрілер, ем-шаралар тағайындайды және қажетсіз опреацияға көндірмекші  
  әр түрлі жаңа дәрілер, процедуралар және операциялар осымен байланысты асқынулар мен қауіптер туындайтын ойлар туғызады  
  Емнен маған тек жаман болады
  Дәрілер мен процедуралар өзгеше әсер береді және осы әсер дәрігерлерді таңқалдырады  
  Қолданылып жүрген емдеу әдістерінің ішінде, соншалықты зияндылары бар, соларға тыйым салу керек деп санаймын П
  Мені дұрыс емдеп жатқан жоқ деп санаймын П
  Мен ешбір емге мұқтаж емеспін
  Мені шексіз емдеулер шаршатты және оңаша қалдырғанын қалаймын
  Басқа адамдармен ем туралы айтқанда қашқақтаймын Г
  Нәтижесін бермеген ем, мені ызыландырады
  Анықтамалардың бірде біреуі маған қатысты емес (немесе бірде- бір сапамен қоршалмаған) ЗФР
  Дәрігерлер мен мед.қызметкерлеріне қатысым  
  Қайсы бір медицина қызметкерлернің бастысы науқасқа жақсы қарау деп санаймын Г
  Мен елге көп танымал дәрігерде емделгім келеді И
  Дәрігердің кінәсінен сырқаттандым деп санаймын П
  Меніңше дәрігерлер менің ауруым туралы көп біле қоймайды және олар тек емдеген тәрізді сыңай білдіреді
  Кімнің қалай емдеп жатқаны маған бәрі-бір    
  Мен жиі алаңдаймын, өткені менің емделуіме септігін тигізер маңыздысын айтпадым  
  Менде кейде дәрігерлер мен медқызметкерлерді жек көремін
  Емнің нәтижесіне сенімсіз болғандықтан бір дәрігерден екінші дәрігерге көрінемін Я
  Медициналық мамандыққа үлкен құрметпен қараймын Г
  Менің дәрігерлер мен медқызметкерлердің немқұрайдылығы мен ықылассыздығына көзім жетті НП
  Мен кейде дәрігерлер мен медқызметкерлерге шыдамсыздық, мазасыздық танытып, кейін бұл іске өкінемін
  Мен саумын және дәрігердің көмегіне мұқтаж емеспін  
  Дәрігерлер мен медқызметкерлер мен үшін босқа уақыттарын жоғалтып жүр деп санаймын
  Ешбір анықтаманың маған қатысы жоқ
  Туыстарым мен жақындарыма қатысым  
  Мен өзімнің сырқатымды көп ойлағандықтан, жақындарымның жағдайы мені толғандырмайды
  Мен туыстарым мен жақындарыма қаншалықты сырқатты екенімді білдірмеуге тырысамын, олардың көңіліне қаяу түсіргім келмейді СР
  Жақындарым бекерден бекер мені қатты сырқатты деп ойлайды
  Менің сырқатымнің салдарынан менің туыстарымды қиындықтар күтіп тұрғандай ой бойлайды -
  Менің жақындарым сырқатымның соншалықты ауыр екендігін түсінгілері келмейді және менің қасіретіме жандары ашымайды И
  Жақындарым менің сырқатымды ойлағылары келмейді және өздері рақат өмір сүргілері келеді
  Жақындарымның алдында өзімнің сырқатым үшін қатты қысыламын Я
  Сырқатымның салдарынан туыстарым мен жақындарымның жұмыстарына, толқуларына қызығушылық жоғалды  
  Сырқатымның саладрынан жақындарыма масыл болдым  
  Туыстарымның бейқам және салауатты өмірі менде жек көрушілік білдіреді
  Мен өзімді жақындарымның кесірінен ауруға шалдықтым деп санаймын  
  Менің сырқатымның салдарынан өзімнің туыстарыма салмақ түсірмеуге тырысамын ГРР
  Ешбір анықтаманың маған қатысы жоқ
  Жұмысқа (оқуға) қатысым  
  Ауру мені ешқайда (оқуға қабілетсіз) жарамсыз қызметкер етті А
  Ауруымның кесірінен мен жақсы жұмысымнан айырылатын болдым (жақсы оқу орнынан кетуге тура келеді)  
  Менің жұмысым (оқуым) мен үшін бәрі бір болып қалды
  Аурудың салдарынан менің жұмысым (оқуым) керек емес болып қалды
  Әр уақытта да тынышссызбын, ауруымның салдарынан жұмыста бір қателіктер жіберуім мүмкін (оқуға үлгермей қалсам) С
  Менің жұмысым (оқуым) менің денсаулығыма зиян келтірді деп санаймын  
  Жұмыста (оқу орнында) менің денсаулығымды ескермейді тіпті маған мінегіштік танытады  
  Сырқат менің жұмысыма (оқуыма) кесірін тигізеді деп ойламаймын Ф
  Жұмыста (оқу орнында) менің ауруым туралы аз білгенін қалаймын Р
  Ауруға қарамастан жұмысты (оқуды) жалғастыра беру керек деп есептеймін РР
  Сырқат мені жұмыста (оқуда) мазасыз және ұшқалақ қылды  
  Жұмыста (оқуда) өзімнің сырқатым туралы ойламауға тырысамын
  Сырқатыма қарамастан менің жұмыста (оқуда) жетістіктерге жетуіме барлығы таңғалады
  Менің денсаулығым жұмыс істеуге (оқуыма) кедергі жасамайды
  Ешбір анықтаманың маған қатысы жоқ
  Айналаға қатысым  
  Кім менің жанымда, кім мені қоршайды маған енді бәрі бір
  Менің айналамдағылар мені тыныштықта қалдырғанын қалаймын ––
  Мен ауырғанан бері мені барлығы ұмытты
  Айналадағылардың өмірге ризашылдығы менің мазамды тудырады  
  Менің сырқатым туралы айналамдағылардың білмегенін қалаймын  
  Менің денсаулығым менің айналадағылармен араласуыма нұқсан келтірмейді ЗЗ
  Аурыған қалай қиын екенін айналамдағылар өздеріне сезінгенін қалаймын ––
  Менің уаруыма байланысты айналадағылар менен қашқақтайтын сияқты  
  Айналадағылар менің сырқатымды және қиналуымды түсінбейді Я
  Менің сырқатым, оған шыдамдылығым айналадағыларды таңқалдырады
  Айналадағылармен сырқатым туралы әңгіме айтпауға тырысамын
  Менің айналам мені ауруға шалдықтырды және мен мұны кешірмеймін
  Айналадағылардың ішінде көп адамдардың аурудан азап шегіп жүргенін енді көріп жүрмін  
  Адамдармен араласу енді мені тез жалықтыратын болды И
  Менің сырқатым менің достарыммен араласуыма кедергі жасамайды Г
  Ешбір анықтаманың маған қатысы жоқ
  Жалғыздыққа қатысым  
  Мен жалғыздықты қалаймын, өйткені маған жақсы болады АС
  Сырқат мені жалғыздыққа әкелетінін сеземін  
  Жалғыздықта мен қандайда бір қызықты және қажетті жұмысты табуға тырысамын
  Жалғыздық кезінде мені ауру туралы жаман ойлар, асқынулар, алда тұрған қиындықтар мазалай бастайды  
  Жеке қалған кезде мен тыныштанамын: адамдар мені қатты қоздыратын болды НЯ
  Сырқатымнан ұялғандықтан адамдардан алшақтай бастаймын, ал жалғыздықта адамдарды сағынамын -
  Сауруым туралы ойламас үшін жалғыздықтан қашамын -
  Маған бәрі бір болды: адамдар арасында болған, не жалғыз қалған
  Жеке қалу ниетім менің көңіл-күйіме және жағдайларға байланысты ГФ
  Сырқатыма байланысты қорқыныштар жайлаған кезде, жалғыз қалудан қорқамын СЯ
  Анықтамалардың бірде біреуі маған қатысты емес Ф
  Болашаққа қатысым  
  Сырқат менің болашағымды көңілсіз қылады АА
  Менің денсаулығым болашақ үшін жабырқауға еш қандай негіз бермейді ЗФ
  Мен әр қашанда жарқын болашаққа сенемін, тіпті қиын-қыстау жағдайлар болса да
  Менің сырқатым менің болашағыма әсерін тигізбейді деп есептеймін ЗЗ
  Ұқыпты емнен және күн тәртібін ескерсем, болашақта денсаулығым жақсарады деп үміттенемін ГТ
  өзімнің болашағымды түгелдей жұмысымның (оқуымның) жетістіктерімен байланыстырамын  
  Болашақта менімен не болатыны маған бәрі бір А
  Ауруымның салдарынан мен болашағым үшін үнемі үрейленемін ИСЯЯ
  Кімнің салдарынан ауырғаным, келешекте олардың қателіктері мен немқұрайдылығынан екені анықталатынына сенемін П
  Мен өзімнің болашағым туралы ойлағанда мені сағыныш пен басқа адамдарға деген жек көрініштілік бойлайды
  Ауруымның салдарынан мен өзімнің болашағым үшін үрейленемін <TD< TD>  
  Ешбір анықтаманың маған қатысы жоқ

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 588; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.023 сек.