Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мемлекеттік бюджет 1 страница




Тестові завдання

Примітка: в усіх тестових завданнях лише один варіант відповіді є правильним

1. Мирова угода з кредиторами в процедурі провадження справи про банкрутство може бути укладена:

а) на будь-якому етапі

б) до початку ліквідаційної процедури

в) на етапі проведення фінансової санації

г) на етапі, що передує санації

2. У випадку оголошення підприємства банкрутом до вимог, що задовольняються в першу чергу, не належать:

а) вимоги по сплаті державних і місцевих податків і зборів та обов`язкових платежів

б) вимоги, забезпечені заставою;

в) виплата вихідної грошової допомоги звільненим працівникам;

г) відшкодування витрат, пов`язаних з веденням справи про банкрутство

 

3. У випадку оголошення підприємства банкрутом до вимог, що задовольняються в останню чергу, належать:

а) вимоги по сплаті державних і місцевих податків і зборів та обов`язкових платежів

б) вимоги акціонерів;

в) вимоги кредиторів, не забезпечені заставою;

г) вимоги кредиторів, що надійшли після оголошених термінів

4. Автономною вважається санація, яка:

а) здійснюється під керівництвом керівника підприємства

б) здійснюється за рахунок внутрішніх ресурсів підприємства

в) здійснюється за рахунок внутрішніх ресурсів підприємства та мобілізації коштів його власників

г) правильна відповідь відсутня

12.5. Контрольні запитання:

1. За яких умов суд розглядає позов кредиторів щодо порушення справи про банкрутство підприємства-боржника?

2. Які особливості процедури банкрутства при поданні позову до суду самим боржником?

3. Які заходи можуть сприяти відновленню платоспроможності?

4. Якими критеріями оцінюють критичну і надкритичну неплатоспроможність?

5. Яка черговість задоволення претензій кредиторів при ліквідації підприємства встановлена законодавством?

 

СПИСОК ОСНОВНОЇ ЛІТЕРАТУРИ

1. Господарський кодекс України

2. Закон України “Про оподаткування прибутку”

3. Закон України “Про податок на додану вартість”

4. Закон України “Про господарські товариства”

5. Закон України “Про акціонерні товариства”

6. Закон України “Про відновлення платоспроможності боржника або визнання його банкрутом”

7. Закон України “Про банки та банківську діяльність”

8. Національні стандарти (положення) бухгалтерського обліку в Україні

9. Фінанси підприємств. Підручник / Керівник авт. кол. і наук.ред. проф. А.М.Поддєрьогін – К.: КНЕУ.

 

Мақсаты: Мемлекеттік бюджеттүсінігі, қаржы жүйеіндегі мемлекеттік бюджеттің алатын орнын, мақсаты мен міндеттерін, құрамы мен құрылымын анықтау.

 

Проблемалық дәрістің жоспары:

1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі және бюджеттік жүйе.

2. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары және бюджет балансы.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: «мемлекеттік бюджет», «бюджет жүйесі» ұғымы мен мазмұны, құрылымы.

1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі және бюджеттік жүйе.

Мемлекеттің қаржылық қатынасы кәсіпорындарымен, ұйымдарымен, жеке тұлғаларымен, қарым-қатынастарымен жинақталады.

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріспен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғам арасында пайда болған экономикалық қатынастарды білдіреді. Қаржылық қатынастардың жиынтығы мемлекеттік бюджеттің мәнін құрайды.

Мемлекеттік бюджет – жеке бөлініс саласы түрінде әрекет етеді. Өйткені оның дамуы орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді.

Қаржылық қорлардың орталануы қорлардың үздіксіз айналымын қамтамасыз ету үшін қажет. Мемлекеттік бюджеттің пайда болуы – мемлекеттің нақтылы, объективті қажеттіліктеріне тікелей байланысты. Сонымен, мемлекеттік бюджет – ерекше экономикалық нысан. Ол халық шаруашылықтарының жеке салалары арасында пайда болған құнды бөледі және қайта бөледі.

Мемлекеттік бюджет – бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бөлгіштік функция қоғамдық өнімнің құнын өндіріс салаларында ұлттық шаруашылық секторларында, аумақтар, салалар және шаруашылық субъектілер арасында бөледі. Мемлекеттік бюджет арқылы Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің 10%, ЖІӨ-нің 20% бөлінеді.

Бақылау функциясы – бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесім табуын қамтамасыз ету үшін қоғамдық өндірістің дамуына ақша қаражаттарының дұрыс бөлінуін, жұмсалуын анықтау үшін қолданылады.

Сонымен, мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржы жоспары, ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмі, оның орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады.

Шығындар мен салықтар арқылы бюджет – экономика мен инвестицияларды реттеудің, ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.

Мемлекеттік бюджеттің құрылымы – бюджеттік кодексте анықталған. Бюджет жүйесін ұйымдастыру, құру қағидаттары, оның звеноларының өзара байланысы, бюджет құқұқтарының жиынтығы бюджет құрылысын құрайды.

Бюджет жүйесінің құрамы – мемлекеттің ұлттық мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттік федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Федеративтік мемлекетте бюджет жүйесі 3 буыннан тұрады:

1. Мемлекеттік немесе федеративтік бюджет (орталық мемлекеттік бюджет).

2. Федерация мүшелерінің бюджеттері (штаттың, провинцияның, федерация субъектінің бюджеттері).

3. Жергілікті бюджеттер.

Унитарлық бюджет жүйесі – унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде құрылған, яғни екі буынды бюджет жүйесі қолданылады (республикалық және жергілікті бюджеттер).

1991 жылы ҚР-ның бюджет жүйесі өзгерістерге ұшырады. 1991 жылға дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті одақтас республикалардың бюджеттері сияқты КСРО бюджетіне кірген.

КСРО бюджеті – одақтық бюджеттердің жиынтығынан құралған. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін жеке елдің бюджеттік жүйесі құрылды.

2. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары және бюджет балансы.

Бюджет – елдің егемендігінің негізі. ҚР-ның бюджеті – республикалық және жергілікті бюджеттерден құралған. Республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары бюджет Кодексіне сәйкес анықталған.

Бюджет кірістері дегеніміз – салық және салықтық емес түсімдер мен алымдардың бюджетке қайтарылмайтын негізде келіп түсетін капитал мен жасалынатын операциялардан түсетін кірістерін құрайды.

Бюджеттің шығыстары деп – бекітілген бюджет шегінде бюджеттен қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттың жиынтығын айтамыз.

Тиісті жылға арналған Республикалық бюджет заңмен қабылданады, ал жергілікті бюджеттер маслихаттардың шешімдерімен қабылданады.

Тұжырымдар:

Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдреді.

Мемлекеттік бюджет - елдің негізгі қаржы жоспары. Мемлекетік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерпінің бірі.

Негізгі әдебиет:

1. Қ. Қ. Ильясов, С. Құлпыбаев Қаржы. Оқулық Алматы, 2005ж.-552 б.

2. С. Құлпыбаев Қаржы Оқу құралы. Алматы, «Мерей» 2000ж. -154 б.

3. Қаржы. Несие. Банк. Оқулық. Орманбаев А.Ж. Өмiрбаев С.М, Есенгельдин Б.С. Қарағанды 1998ж.

4. Қ. Қ. Ильясов, С. Құлпыбаев Қаржы. Оқулық Алматы, 2007ж.-580 б.

Қосымша әдебиет:

1. Сабанти Б.М. Теория финансов. Учеб.пос. М: 1999г.

2.Финансы предприятий: Учебно-практ. пособ. Орманбаев А.Ж., Омирбаев С.М., Комекбаева Л.С.- Караганда: Болашак-Баспа 1998г.

3. Финансы. Сембиева Л.З.Учеб.-практич. пособ. Астана 2001г.

4.Климович В.П. Финансы, денежное обращение и кредит. М. 2004.

Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Мемлекеттік бюджет дегеніміз не?

2. Мемлекеттік бюджет қызметі қандай?

3. Мемлекеттік бюджеттің құрылымы қандай?

4. Мемлекеттік бюджет кірісінің көздеріне не жатады.

№7 тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Бұл тақырыпты оқуда мемлекеттік бюджеттің экономикалық табиғатын түсіну және мемелекеттік қаржы мен мемелекеттік бюджет арасындағы байланысты ашу керек. Бюджет кірістерінің көздерін сипаттау. Бюджеттік сыныптаманы жазу. Бюджеттің балансы, бюджет тапшылығының себептерін сипаттау және бюджет тапшылығын жабудың амалдарын айқындау. Студентке Қазақстан Республикасы бойынша бюджет процесінің тәртібін сипаттауды ҚР «Бюджет Кодексінен» алу. Студент өздігінен Қазақстан Республикасының Есеп комитетінің республикалық бюджеттің орындалуын бақылаудағы іс-әрекетінің ақпараттық хабарламаларды дайындау. ҚР бюджет Кодексі бойынша жергілікті бюджет кірістері мен шығындарын жіктеу


8-ТАҚЫРЫП.

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР

Мақсаты: Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар түсінігі, экономикалық мәні, Қазақстанда бюджеттен тыс қорларды қолданудың ерекшеліктерін айқындау.

Дәрістің жоспары:

1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні

2. Қазақстанда бюджеттен тыс қорларды қолданудың ерекшеліктері.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: «мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар», мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қажеттілігі.

 

1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні.

Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.

Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.

Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің мақсатты қажеттіліктерін қанағаттандыруды қаржыландыруға бағытталатын қаржы ресурстарын шоғырландыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастар болып табылады.

1991 жылдан бастап бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік – экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функционалдық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры (кейін Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, нарыққа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық – республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың – Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте – мөте тар мақсатты арналымы болды.

Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық – республикалық қоры уақытша қызмет етті – бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі.

Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізу субъектілеріне қайтарылмайтын тәртіппен ақша қаражаттарының бір бөлігін салудың қосымша міндеті жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнімнің (пайданың, табыстың) құны есебінен төгілсе, онда кәсіпорындардың экономикалық мүдделеріне тиіп өтеді – ұдайы өндіріс пен тұтынудағы олардың мүмкіндіктерін шектейді (мысалы, 1995 жылға дейін қызмет еткен Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекені дамыту қорында). Қорларға аударылатын аударымдарды өнімнің өзіндік құнына жатқызған жағдайда құнның бұл бөлігі баға арқылы тұтынушыға аударылады, сөйтіп бұл жүктемені жалпы қоғам шегеді. Сонымен қатар қорларды құру және пайдалану кезінде қайта бөлгіштік процестер пайда болады, бұл процестер шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір бөлігі үщін уақыттың белгілі бір межелдемесінде баламасыз болып табылады, яғни олардың экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіреді. Сол бір мезгілде бүкіл қоғам ауқымында бюджеттен тыс қорлар арқылы әлеуметтік – экономикалық теңгерімділік пен тұрлаулылық қолдап отырылады, өйткені халықтың жеке топтарын әлеуметтік қолдау, бүкіл экономика немесе аймақтың мүдделері үшін белгілі бір мақсатты бағдарламаларды орындау, әлеуметтік – экономикалық дамуды теңестіру жөніндегі жергілікті және жалпымемлекеттік ауқымдағы мәселелерді шешу мүмкін болады. Бұл орайда бюджеттен тыс қорлардың қызметінде топтық және қоғамдық мүдделердің қарама – қайшылығы көрініп, білінеді. Жалпы бюджеттен тыс қорлардың қызмет етуі, сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынастарының бұл нысанының әлеуметтік – экономикалық мәні осында. Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.

Бюджеттен тыс қорлар өзінің функционалды – мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі.

Бюджеттен тыс қорлар мынадай белгілер бойынша сыныпталады: мақсатты белгісі бойынша - әлеуметтік (зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры), экономикалық (жол қоры, жер қойнауын қорғау және минералды – шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты қорғаудың республикалық қоры), ғылыми – зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), көші – қон, құқық қорғауға жәрдемдесу, мәдени арналым және басқалары;

Басқару деңгейі бойынша – мемлекетаралық, мемлекеттік және аймақтық (жергілікті).

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгілікті, соның ішінде халықаралық қорлар ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай – ақ бюджеттен тыс қорлар және мақсатты қаржыландыру қорлары болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін (оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау және минералды – шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл – мезгіл, 1992 - 1996 жылдар бойы, мемлекеттік бюджетке енгізіліп, одан шығарылды. Бұл қаржы жүйесінің қалыптасу процесін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын іздестіруді қамтып көрсетеді.

Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлары (жарғылық капитал, резервтік капитал, амортизациялық, валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін қабылдауға болатын “арнаулы қорлар” термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.

Ұйымдық жағынан қорлар арнаулы аппараттың немесе министрліктің басқаруында болады, мұның өзі қаржы ресурстарының оқшауланған бөлігін басқаруға, олардың ұтымды, мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауға мүмкіндік туғызады. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың басқаруында шоғырландырылған мақсатты қаржыларды басқарып ұйымдастыруға жағдай жасайды: дүниежүзілік практикада қорларды басқару автономды түрде яғни биліктің өкілетті органдарының араласуынсыз түрінде болады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік органдарына мақсатты қаржыландырудың мәселелерін тез шешуге, ахуалдың өзгеруіне дер кезінде құлақ асуға мүмкіндік береді.

Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржы ресурстарының едәуір ауқымы қайта бөлінеді: Қазақстан Республикасында қайта бөлудің ауқымы елдің ішкі өнімінің 10 – 12 % жетті.

Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік – экономикалық мұқтаждарды мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1996 жылдан бастап қаржы саясатының мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру жағынан өзгеруімен байланысты мақсатқа сәйкес емес деп мойындалды: қорлардың қаражаттары республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүниежүзілік практика орталықсыздандырудың және қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына кідіртуге болмайтын бақылауды қамтамасыз ету кезіндегі оларды жедел басқару үшін мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін растайды.

2. Қазақстанда бюджеттен тыс қорларды қолданудың ерекшеліктері.

Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысының ерекшеліктері 1995 – 1998 жылдар ішіндегі Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс институттардың іс - әрекетінің мысалында қарауға болады.

Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары мыналар болды:

Зейнетақы қоры;

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;

Міндетті медициналық сақтандыру қоры;

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры.

Олардың жұмыс істеуі “Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы”, “Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы”, “Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелініп отырды. Оларда міндетті әлеуметтік сақтандырудың қаражаттары жұмыс берушілердің сақтық жарналары және басқа түсімдер есебінен қалыптасады деп белгіленді. Жарналардың мөлшері жыл сайын бекітілетін “Республикалық бюджет туралы” заңда белгіленіп, қорлар арасында бөлініп отырды. Бұл нормалар 1998 жылға дейін тұрақты болды және шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларды қоса заңды тұлғалар үшін еңбекақы қорының 30% құрады, ал шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы қорының бөлігінде құрылды. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ай сайын әрбір қызметтерге бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлеп отырды.

Жарналарды төлеу бойынша мүгедектердің ұйымдарына, еңбекке қабілеттігі шектеулі адамдарға, ардагерлерге, бірқатар ізгілікті, балалар мен басқа ұйымдарға жеңілдіктер белгіленді, олардың жарнасының мөлшері еңбекке ақы төлеу қорының 5% құрды.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың аударым сомасы мынадай нормативтер бойынша бөлінді:

Зейнетақы қорына – 85 % (немесе еңбекақы қорының 25,5 %);

Міндетті медициналық сақтандыру қорына – 10% (еңбекке ақы төлеу қорының 3%);

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына – 5% (еңбекке ақы төлеу қорының 1,5%).

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жұмыс берушілердің еңбекақы қорының 2% мөлшерінде міндетті сақтық аударым жарналары есебінен құрылды. Бюджет мекемелері, ауған – мүгедектер қоғамдары, Қызыл жарты ай мен қызыл крест қоғамы, бірқатар балалардың қайырымдылық ұйымдары үшін жарналардың мөлшері 1% болып белгіленді. Мылқаулар, зағиптар мен мүгедектер қоғамының ұйымдары қорға жарна төлеуден босатылды.

Жоғарыда аталған қорларды қалыптастыруға аударылған қаражаттардың аударымдарын заңды және жеке тұлғалар, ұйымдар мен мекемелер өндіріс немесе айналыс шығындарына қосып, өнім, жұмыстар, қызметтер көрсетудің өзіндік құнына жатқызды.

Әлеуметтік арналымның қорларын қалыптастыруға басқа көздердің қаражаттары бағытталып отырды:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 512; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.048 сек.